Тематика курсовых работ предусмотрено 15 страница



Өңір имиджі мына құрамдас бөліктерден құралады: біріншіден, өңір мәртебесі. Бұл елдің өзге аймақтарының құрылымы мен иерархиясындағы орны: даму деңгейі, мемлекеттің экономикалық, саяси, мәдени өміріндегі рөлі. Өңір мәртебесі ақпараттық, қаржылық, кадрлық ресурстармен қатар, өзге өңірлер мен елдер арасындағы сыртқы байланыстармен айқындалады; екіншіден, өңір келбеті. Бұл аймақтың сыртқы көрінісі арқылы анықталады (архитектура, табиғи ерекшеліктер, өңірдің орналасуы, көше тазалығы және т.б.). Сонымен бірге, өңірдің фольклоры, стереотиптері мен мифтері, аймақтың рәміз белгілері де имиджді айқындайды.

Өңір имиджіне экономикалық факторлармен қатар, жарнама мен PR-ға тікелей қатысы бар гуманитарлық факторлар ықпал етеді. Бұл өңірдің ресми нышандары (елтаңба, ту және әнұран);архитектура–мемориалды нышандар; ұрандар; өңір марапаттары; көрме қызметі; өңірлік сипаттағы фестивальдар, конкурстар мен мерекелер; өңір туралы интернет сайттары, жарнамалық және қоғамдық-саяси журналдар, анықтамалық және т.б.; өңірде дүниеге келген танымал жұлдыздар туралы және аймақта қызмет атқарып жүрген азаматтар туралы ақпарат беру.

Жалпы өңір бейнесінің қабылдануын түсіну үшін, ең алдымен билік пен азаматтар арасындағы қарым-қатынастарды айқындау қажет. Биліктегі азаматтардың тұлғалық имиджінің бағалануы олардың халықпен жақындығымен өзара байланысты. Бұқаралық сананың биліктің тиімді қызметін бағалауы – имидждің сипаттамалық белгісінің бір бөлігі болып табылады. Билік бейнесі мен сыбайлас жемқорлық мәселесі де мемлекеттің ғана емес, өңір имиджінің құрамдас бір бөлігі. Сыбайлас жемқорлық - барлық адами және қоғам құндылықтарының даму процесіне кедергі жасайтын дерт екендігі белгілі. Бүгінгі күні қоғамымызда кездесетін теріс жағдаймен тек құқық қорғау орындары ғана емес, ел болып күресу қажеттілігі туындады. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Соның арқасында, сыбайлас жемқорлық қылмыстары, оның ішінде парақорлық кеміп отыр. Мұның бәрі полицияның барынша ашық болуына бағытталған шаралардың қабылдауы, азаматтық институттармен өзара іс-қимыл жасауы қол жеткізген жетістік деп есептейміз.

Елімізде «Сыр – Алаштың анасы», «Сыр елі – жыр елі», «Ырысты, күрішті – Қызылорда», «Сырда тұнық Сырдария» секілді түсініктер Сыр өңірінің ерекшеліктерін танытатыны анық. Сол себепті Сыр елінің негізгі брендтері деп нені атай аламыз және аймақ имиджін танытушылар деген сұрақтың туындайтындығы да сөзсіз. Біздің пікірімізше, Қызылорда дегенде қазақстандықтар үшін ең басты есіне түсетіні – күріш. Оның сапалық белгісін тек Қазақстан Республикасында ғана емес, жақын және алыс шет ел мемлекеттерінде мойындалған. Бұрындары бүкіл Кеңестер мемлекетін таң қалдырған Сырдың қара, сары қауындары мен балығы. Қыпшақ, Әбілқайыр хандығы, Ақ орданың астанасы болған Сығанақ қаласы. Ғылыми-техникалық прогрестің белгісі - алғашқы жер серігінің ұшуы, адамзат тарихында тұңғыш рет адамның ғарышқа аттануы, ғарыш саяхатшысының тұңғыш сапары өткен Байқоңыр ғарыш айлағын атап кете аламыз. Күллі түркі халықтарының ортақ қасиетті зиярат орындарының бірі саналатын Қорқыт ата ескерткішінің де орны ерекше. Сыр елінің әлемге танымал жыраулық өнерін де айта аламыз. Сонымен қатар, тарихи ескерткіш саналатын Айтбай мешіті, Орыс түземдіктер мектебі, темір жол вокзалы ғимараттары.

Бұл республикалық маңызы бар имиджімізді қалыптастыратын брендтер екендігінде күмән жоқ. Алдағы уақытта Сыр елінің имиджін қалыптастыру үшін аталмыш брендтерді алға жылжытумен қатар, өзге де өзіндік белгілерімізді дамыту баршамыздың міндетіміз. Позитивті территориялық имидж тек экономикалық жағымен қоса, стратегиялық көзқарас бойынша да маңызды. Сондықтан өңір билігі өздері басқаратын аймақтың имиджі мен мәртебесін қалыптастыру технологияларын дайындап, игерулері қажет.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Тиімділіктің өзіндік бағасынатүсініктеме беру

2. Жоғары өзіндік тиімділіктің кезеңдері

3. Мінез-құлықтың қалыптасуындағы өзіндік тиімділіктердің тетіктерін қарастыру;

4. Өңір бейнесі – имидж, стереотип, миф секілді көптеген ұғымдарды біріктіретін кең түсінік әдісіне толық мәлімет беру.

 

Әдебиет:

1. Г.Почепцов. Имиджелогия. - 5-е изд. - Рефл-бук.Ваклер- 2006 -516 6.

2. Бураканова Г., Изтелеуова Л. Имиджелогия: Учебн. Пособие.- Астана: Изд. КазУЭФМТ, 2011.-145 с.

3. Базарова Б. Имидж түсінігі, құрылымы және оның түрлері//ҚазҰУ Хабаршысы, Философия, мәдениеттану және саясаттану сериясы, 2010.- №2.- 67-71 б.

 

 

Тематика курсовых работ предусмотрено


Дата добавления: 2022-01-22; просмотров: 18; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!