Тематика курсовых работ предусмотрено 12 страница



Өндіріс барысында қызметшілердің әлеуметтік психикасына ықпал ететін үрдіс спецификалық заңдылыққа жүгінеді. Басқару әдістерін қолдану топтар мен топтағы жеке адамның қызметіне бағытталғандықтан, әдістерді жобалауда топтағы адам психикасының жұмыс істеу ерекшеліктері есепке алынады. Ұжым мүшелерінің өзара қарым-қатынасы деңгейі есепке алынады. Егер ұжымның өзара қарым-қатынасы үзілген болса, олардың қызмет ету нәтижесі төмендейді.

Басқару әдісін таңдау барысында әр басшы әдістерді қиыстырады, ол әдістер алға қойылған міндеттердің талабына сәйкес келеді. Әдістердің тиімділігін анықтау өте қиын. Дегенмен, ерекше әдістер, оның ішінде экономикалық, қызметкерлерді басқаруда алдыңғы орында. Қызметкерлерді басқару әдістері кешенді түрде жүзеге асырылады.Сондықтан әрі қарай ықпал ету механизмін зерттеу керек, яғни, қолда бар техника мен басқару технологияларын.

Техника- өнер, шеберлік,іскерлік- адам қызметінің жиынтығы, қоғам қажеттілігіне қызмет етуге және өндіріс үрдісін жүзеге асыруға бағытталған. Бұл жерде техника терминінің мазмұны кез келген іс пен өнерде қолданылатын дағды мен тәсілдердің жиынтығы ретінде қабылданады.

Позитивті имиджді қалыптастыру мәселесіне келетін болсақ, бұл жерде техника басқару субъектісінің мақсатқа қол жеткізуде қолданатын біліктілік, дағды, тәсілдің жиынтығы. В.П.Пугачевтің берген анықтамасына сәйкес, техника «әр басқарушы мен қызметкерге міндетті ұйымды басқарудың нормалары, ережелері мен үлгілері». Кейде «басқару техникасы» түсінігінің орнына «басқару принциптері», «менеджмент техникасы», «менеджмент принциптері», «менеджмент концепциялары» деген категориялар қолданылады. Басқару теориясында негізгі басқару техникалары дайындалған. Бұл «рамкалық басқару техникасы», «өкілеттікті табыстау техникасы», «мақсаттарды басқару техникасы», «жүйелі басқару техникасы». Басқару принциптеріне басқару жүйесі элементтері арасындағы қарым-қатынастардың жалпы заңдылықтары жатады.

З.П.Румянцева мен Н.А. Соломатинаның көзқарастарымен келісуіміз керек. Олар «басқару әдісі» міндетті түрде іс-әрекеттің таңдау мүмкіндіктері бар балама кезеңдерден тұруы керек дейді. Дәл осы қасиетімен басқару әдісі басқару принциптерінен ерекшелінеді. Басқару принципі- үнемі және дәйекті түрде қолданылатын әдіс. Яғни, әдіс өз баламасын жоғалтқан сайын әдіс принципке айналады.Басқару принципін таңдамаймыз, оған ереміз.

«Технология» термині «өнер», «шеберлік», «кез келген қызметке әсер ете білу» дегенді білдіреді. Басқару технологиясы-басқару іс-әрекетінің әдістері мен тәсілдері, көздеген мақсатқа тез жеткізеді. Технология-басқару үрдісінің белгілі бір логикасы, орындалатын операциялардың бірізділігі оның элементтері болып саналады: мақсат-мазмұн-іс-әрекет-нәтиже.

Басқару технологиясы- объектіні жаңашаландырудағы іс-әрекеттер мен операциялардың жиынтығы. Барлық технологиялық үрдістердің жиынтығы, оның қатал логикалық бірізділігі қажетті нәтижеге қол жеткізеді.

Технология қызметті алгоритмдендіреді, ол басқару міндеттері шешуге бірнеше рет қолданылуы мүмкін. Субъектінің қажетті бағыттағы жұмысын жүзеге асыруды реттейді;объектінің реакциясын стандарттармен, ережелермен, нормалармен, шарттармен, бұйрықтармен бақылап отырады; басқару үрдісі алгоритмін қамтамасыз етеді. Сөйтіп, технология тәртіпті ережелерді, нормалар мен тыйымдарды, операциялардың бірізділігін, жүзеге асырудың кезеңдерін жоспарлайды. Бүгінгі қоғамда басқару технологиялары мемлекеттік жүйелеудегі көп адамдардың әлеуметтік-экономикалық проблемаларының шешілуін қамтамасыз етеді.

Қазіргі білімнің деңгейі мен техниканың дамуы әлеуметтік қарым-қатынастың кез келген түрін техникалық деңгейін өзгерте алады.

Әлеуметтік технологиялар өндірісте қолданылатын техникадан өзгешеленеді. Егер өндірістік технология қатал нақты бір терімді және бір элемент екінші элементті ауыстыра алатынын, сонымен қатар нәтиженің өзгеруі мен өндіріс үрдісінің тоқталуын көрсетсе, әлеуметтік технологияда бастапқы және соңғы нәтиже адам болып қалады. Бұл үрдістерді адам бойындағы қасиеттер біріктіреді:вариабельдік, жартылай функционалдық, объектінің белсенділігі. Әлеуметтік технологияны қолданудың үлгісі- қызметкерлерді кәсіби оқыту болып саналады.

Әлеуметтік технология өндірістік технологияны қолданғанда майысқақ (жұмсақ) болып келеді. Тіпті техникалық үрдістің бәрін орындағанның өзінде, нәтижеге кепілдік бермейді. Басқару субъектісіне күштері мен бағыттары әр түрлі, тіпті қарама қарсы көптеген ішкі факторлар мен әсерлер ықпал етеді. Сондықтан әсер етудің тиімділігін алдын ала болжауға болмайды. Сол себепті басқару технологиясында объект реакциясын есепке алу және субъектінің іс-әрекетін түзету ретінде түсінілетін «кері байланыс» принципі ерекше рөл атқарады.

Өндірісте басшы өндірістік тапсырмаларды орындауда қиындық туатын қызметкерлерді анықтайды. Осыны анықтап алып, оларды қажетті деңгейге дейін «көтеру» үшін әкімшілік жүйесімен ықпал етеді. Қызметкер үшін бұл «технологияның» оқыту үрдісі элементтерін қайталау мүмкіндігі пайда болады. Егер біраз уақыттан кейін қызметкер өзінің кәсіби дағдыларын қөрсете білген болса, басшы үшін бұл қосымша оқыту үрдісінің жетістігі екендігі дәлелденеді.

Егер ондай белгі болмаса- қызметкерді ауыстыру қажет.

Басқару технологиялары жүйелік және құрылымдық сипаттарымен ерекшеленеді, сондықтан олар кейбір басқару әдістерін түзете алады. Басқару технологиясының басқа ерекшелігі- ұйымдастыру жұмыстарының жоғарылығы. Басқару технологиясы әлеуметтік қатынас пен өндірістік алгоритм және менеджмент әдістерін қолдану арқылы қол жеткізетін байланыстың жаңа күйіне бағытталған. Басқару технологиясы элементтеріне жеке операциялар жатады. Операцияларды алдын ала дайындалған бағдарлама бойынша жасалған формалдық және шығармашылық деп екіге бөлуге болады. Компьютер техникасын енгізу басқарудың барлық үрдісін элементарлық операциялар жиынтығы арқылы суреттеуге мүмкіндік береді, талдаудың сандық әдісі мен басқару шешімінің мүмкіндіктерін болжай алады.

Формалдық операциялар ішінде құжатталған операцияларды, яғни ресми құжаттарды көрсетілген және құжатталмаған, ресми түрде қабылданбаған деп қарастыруға болады .

Басқару қызметкерлердің әрекетімен жүзеге асырылатындықтан және үрдіс дамудың табиғат және әлеуметтік заңдылықтарымен тығыз байланысты болғандықтан, басқару қызметі технологиясының да операцияларының логикалық тізбегі болады. Оның жалпы сипаттамасын И.Н.Герчикова берген. Басқару технологиясының негізі 3 элементтен тұрады: мақсат таңдау, фирманы дамыту стратегиялары, басқару шешімін қабылдау мен жүзеге асыру, басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету. Біздің ойымызша, бұл кестені бастапқы және соңғы операциялар жүйесімен фирманың экономикалық жағдайы мониторингімен, жоспардағы қорытынды нәтижемен толықтырып отыру керек.

Стратегияны жүзеге асыру операциясы даму бағыты мен фирманың өндірістік-қызметтік жұмысын жүзеге асыруды таңдайды. Стратегияны дайындауда мақсатқа жету ресурстары мен мүмкіндіктерін бағалау жүзеге асырылады; фирманың өсу және нығаю позициясын қамтамасыз ететін ішкі факторларды талдау; пайда болған жағдайлар мен өзгерген шарттарға икемделуге бағытталған сыртқы факторларды талдау; фирманың альтернативті қызметі мүмкіндігін бағалау.

Өткізілген талдау нәтижесінде фирманың даму концепциясын жоспарлау стратегиясы қалыптасады. Басқару шешімі- басшының басқару қызметінің нақты нәтижесі. Шешім қабылдау басқарудың негізі болып саналады. Шешім қабылдау мен тағайындау формалдық түрде суреттелмейді, бұл басшының шығармашылық үрдімі, теориялық суреттеуге дайындық кезеңі, ал шешім қабылдау мезгілі дайындық операцияларының сапа нәтижесіне ауысуы болып табылады, мәселенің мәнін интуиция арқылы сезіну және оны шешу.

Басқару шешімінің операциялары төрт кезеңнен тұрады: дайындық, қабылдау, шешімді жүзеге асыру мен бақылау.

Дайындық кезеңі барысында жағдайдың микро- және макро деңгейіндегі саяси, экономикалық және қаржылық талдау жүргізіледі. Талдаудың метадеңгейі үлкен компанияларда қолданылады, олардың қызметінің федералдық мәні бар және олар өнімнің, энергия қуатының, үкіметтің саяси тұрақтылығына белгілі саясаткерлердің, кәсіподақ ұйымдары, ірі несие мекемелерімен қарым-қатынасына байланысты. Бұл кезеңде шешімді талап ететін мәселелер қалыптасып, пайда болады.

 Екінші кезеңде альтернативті нұсқаларды бағалау мен дайындаудан тұрады. Жүзеге асыру кезеңі барысында оны орындаушыға жеткізу шаралары қабылданады, орындау барысы бақылауға алынады, қажетті түзетулер енгізіліп, алынған нәтижені бағалау жүзеге асырылады. Әр басқару шешімінің өз нәтижесі болады, сондықтан басқару қызметінің мақсаты-нақты бір шарттар барысында жоғары нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін формаларды, әдістерді, қаржы мен құралдарды табу. Қабылданған шешімдер атқарушы органдарға келіп түседі және жүзеге асу барысында бақылауға алынады.

Басқару технологиясы: шешім қабылдау ережелері мен жалпы басқару; жоспарлау, бір деңгейдегі басшылармен қосылып шешім қабылдаудан; қиын мәселелерді шешуге арналған топтардың жұмыс атқаруынан; қарым-қатынастың материалдық түрінен; жүйелік материалды-техникалық және ақпараттық қамтамасыздандырудан тұрады.

Бүгінгі күні басқару шешімдерін қабылдауда жинақтаудан тұратын ақпаратпен қамтамасыз ету, ақпаратты сақтау негізгі сала болып саналады. Басқарудың жоғары деңгейіне берілетін фирманың шығармашылығы туралы ақпарат, фирманың бөлімшелері арасындағы ақпарат алмасу бүгінгі күні компьютерлік техника мен басқа да байланыс түрлері арқылы жүзеге асырылады. Ақпараттың ішкі жүйесі технологиялық үрдістердің мәселелерін шешіп, басқару технологиясының элементі болып табылады. Жылдам шешімді талап ететін жоспарлы көрсеткіштердің пайда болуы туралы ақпарат ерекше орынға ие.

Жаңа ғылыми білімдері бар ғылыми-техникалық, жаңа ізденістер, бәсекелес фирмалардың жаңа техникалық нәтижелері туралы ақпарат шешуші рөл атқарады. Бұл жоғары бәселестікті қамтамасыз ететін білім мен техникалық шешімдердің үнемі толтырылып отыратын қоры болып саналады.

Басқару технологиясы адам ресурсында жоспарлау мен бақылауды қамтамасыз етеді. Сонымен қоса, мақсатты басқару- нәтиже жайында сөйлесу элементтері бар мотивация әдісі, орындаушы жұмысының тиімділігі жайында ақпарат алу, жеке дайындық пен кеңес, ықпал ету әдісі, қызметкерлерді бағалау мен іріктеу әдісі, жауапкершілік пен билікті табыстау әдісі.

Басшы имиджінің позитивтілігін қалыптастыруда келесі дағды мен біліктілік кешендері қажет: үлкен аудитория алдында сөйлей білу, еңбек тәртібі мен моралін әкімшілік тұрғыдан қолдай білу, топтық жұмыс, шығармашылық жұмыстар техникасы, дұрыс демалу. Бұл дағдылар нұсқаулықтарды механикалық тұрғыдан орындауда қол жеткізілмейді. Ол басқару технологиясында шығармашылықты қажет етеді.

Басқару әдісіндегі шығармашылық тәсіл дегеніміз не? Басқаруды шығармашылық деп қашан айтады? Алғашқыда шығармашылық тәсілдің негізгі шартын айтып кету керек: арнайы басқару білімі мен дағдыларының болуы. Сонымен қатар, басқару үрдісі барысында тек қана креативті қызмет емес, сонымен қатар аналитикалық қызметтің де болуы шарт. Сонымен, шығармашылық тәсіл логика мен аналитикадан тұруы қажет.

Басқаруда шығармашылық тәсіл үш фактордан тұрады:

- шығармашылық позиция- жеке тұлғаның қоршаған ортаға ашық, өз бетінше қарайтын әдісі. Ынтаға деген оң, конструктивті көзқарас. Конструктивті еңбектестік және басқаға қолдау көрсету- рухани ресурстардың тиімділігін арттырудағы шешуші фактор;

- шығармашылық әлпет- күнделікті жұмыста жеке тұлға өз көзқарасын, ішкі сезімін жүзеге асырады;

- шығармашылық өндіріс- басқару субъектісі белгілі факторлардың бірігуін жүзеге асырады, шындықты оңтайлы етіп, жаңа әлеуметтік шындықты ашады.

    Басқару технологиясы нәтиже бойынша жоспарлауды, басшы қызметін бақылау мен жүзеге асыруды білдіреді. Оның негізгі кезеңдеріне мәселені анықтау, мәлімет жинақтау, альтернативті шешімдер бойынша ұсыныс қабылдау, қол астындағы қызметкерлері мен әріптестеріне осы шешімнің дұрыстығын дәлелдеу, жүзеге асыру іс-шаралары мен бақылау жатады.

    Басқару технологиясының өзіне тән ерекше қасиеті- басқару субъектісінен кәсібіи шеберлікті, шығармашылық тұлға ретінде дамуын, жоғары деңгейдегі ойлау қабілетінің болуын, өзін-өзі ұйымдастыра білуін, тәртіпті, қарым-қатынас дағдыларының болуын, дипломатиялық іс-әрекетті талап етеді. Өндірістік міндеттерде қолданылатын басқару технологиясының қиындығы- бір жағынан, нақты мақсаттың өзара нашар байланысты болуы, шыңайы ықпалдың нақты болмауы, екінші жағынан, шынайы жағдайлардың қозғалмалы болуы мен басқару объектісінің болжай алмайтын реакциясы.

      Бүгінгі күні әдістемелік тұрғыдан басқару технологиялары дайындалған, ол объектінің ішкі кедергілерінен арылуына, шығармашылық пен өз ойын білдірудегі барьерлерден арылуға бағытталған.

      Басқару шешімін жүзеге асыру тек технологияны позитивті ориентирлермен біріктіргенде ғана мүмкін болады. Позитивті ориентирлер мен басқару технологияларын біріктіру төмендегі суретте көрсетілген.

                                 


Дата добавления: 2022-01-22; просмотров: 15; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!