Учебная программа по предмету «Русский язык» 6 страница



3. Қазақ тілді емесмектептердегі оқушыларды қазақ халқының төл туындыларымен таныстыра отырып, олардың бойында мемлекеттік тілді құрметтеу мен отансүйгіштік сезімін қалыптастыру міндеті туындап отыр. Бағдарлама қазақ тілінде еркін, жетік сөйлей алатын мәдениетті тұлғаның қалыптасуы мен дамуына сай қажетті туындылардан құрылған.

4. Бағдарлама қазақ тілді емес мектептерге арналғандықтан, бұл сыныптарда белгілі бір кезең әдебиетінің көрнекті өкілдері шолу түрінде қарастырылып, олардың әдебиет тарихында алатын орны, шығармаларының идеялық-көркемдік жетістіктері нақты атап көрсетіледі. Бір және одан көп сағат бөлінген авторлар шығармашылығын оқыту олардың қысқаша өмірбаяндарына, елеулі туындыларына жалпы сипаттамадан және ең бастысы туындысына талдау жасаудан тұрады.

5. Пәнді оқыту мақсаты – тәуелсіз еліміздің азаматы ретінде халықтың мәдениеті мен әдебиетін, өнерін танып білуге, сондай-ақ ұлттық құндылықтарымызды құрметтей білетін тұлға қалыптастыру. Оқушылардың туындыны өз бетінше оқып, түсініп, әңгімелеу дағдылырының негіздерін меңгеруін қамтамасыз ету, адамгершілікке, отансүйгіштікке баули отырып, қазақ халқының рухани әлемімен, мінез-құлқымен, қоғамдық өмірімен таныстыру, көркем шығармалар негізінде кеңейтілген тілдік ортаны қазақ тілінде еркін сөйлеуге оқушыларды жаттықтыру үшін ұтымды пайдалану.

6. Пәнді оқыту міндеттері:

1) белгілі бір кезеңдегі, ХІХ және ХХ ғасырдағы, әдебиет үлгілерімен таныстыру;

2) сол кезеңнің көрнекті ақын-жазушылары туралы мәлімет беру;

3) қазақ тілінде өз ойларын ауызша, жазбаша баяндауды меңгерту;

4) қазақ әдебиеті пәні негізінде оқушыларды қазақ халқының тіліне, мәдениетіне, тарихына, салт-дәстүріне деген құрмет сезімін қалыптастыру;

5) оқушының бойында рухани-адамгершілік мәндегі құндылықтарды қалыптастыру, отансүйгіштік, төзімділік сезімдерін дамыту;

6) оқыған шығармаларына қатысты өзіндік ой-пікірлерін ашық айта білуге дағдыландыру;

7) қазақ әдебиеті шығармаларын оқыту арқылы мектеп қабырғасында қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту.

8. Оқыту үдерісінде «Қазақ әдебиеті» пәні төмендегі оқу пәндерімен тығыз байланыста оқытылады:

1) «Қазақ тілі»: филологиялық ғылым салаларын байланыстыра оқыту үздіксіз, жүйелі жүргізіледі, бұл арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту жүзеге асырылады;

2) «Орыс әдебиеті»:қазақ және орыс әдебиеттерін өзара байланыстыра оқыту әдеби көркем шығармалардың идеялық мәнін терең ұғуға, өзіндік ерекшеліктерін салыстыру арқылы ұлттық маңызын түсінуге мүмкіндік жасайды; 

3) «Қазақстан тарихы»:әдебиет пен тарихты байланыстыру оқушылардың тарихи шындықты көркем шығармада бейнелеу ерекшеліктерін түсіну дағдыларын қалыптастырады және оқушылар нақты мәліметтерді талдай алуға, өзіндік баға беруге үйренеді;

4) «География»:көркем шығармада бейнеленген, суреттелген немесе оқиғалар өрбіген жердің географиялық ерекшеліктерін автор көзімен көруге, оны өзіндік байқауларымен, білімдерімен салыстыруға үйренеді; 

5) «Музыка»:әдеби шығарма мен музыканының ішкі иірімдерін салыстыра алуға дағдыланады,әннің идеялық-көркемдік және эстетикалық маңызын, ұлттық ән-әуендегі мазмұны мен талғамын түсінуге мүмкіндік береді;

6) «Бейнелеу өнері»:әдебиет сабақтарында бейнелеу өнерінің туындыларын пайдалану оқушылардың кейіпкер бейнесі мен оқиғаларды, жалпы суреттелген мәселелерді көзбен көре, терең сезінулеріне мүмкіндіктер жасайды;

9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі:

1) 10-сыныптааптасына 1 сағаттан, барлығы – 34 сағат;

2) 11-сыныпта аптасына 1 сағаттан, барлығы – 34 сағатты құрайды;

10. Пәнді оқытудың вариативті бөлігі қосымша оқу бағдарламасы арқылы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде жүзеге асады.

2. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны

11. 10-сыныпта «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуға 34 сағат бөлінген, оның ішінде, шығармаларды оқып, талдауға – 30 сағат, шығармашылық жұмыстарға -2 сағат, сыныптан тыс оқуға – 2 сағат.

12. Курстың мазмұны мынадай тақырыптарды қамтиды:

1) XIX ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет, жалпы шолу −1 сағат (XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ елінің тарихи-әлеуметтік жағдайы. Кенесары Қасымов, Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс туралы. Қазақ еліндегі тарихи-әлеуметтік жағдайлардың қоғамдық санаға ықпалы. Қазақ даласындағы өмір құбылыстарын өлең, жыр, толғауларына арқау еткен қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері Байтоқ, Жанұзақ, Шернияз, Алмажан туралы. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті тарихында әртүрлі ағымдардың пайда болуы. «Зар заман» ақындарының шығармаларына ортақ сарын);

әдебиет теориясы:романтизм;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, орыс әдебиеті;

2) Дулат Бабатайұлы«Аягөз» өлеңі мен «Еспембет» дастаны-2 сағат(Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет.Дулат – ХІХ ғасырдың орта кезіндегі қазақ поэзиясын мазмұн, тақырып, түр жағынан байыта түскен, көркемдік тәсіл тұрғысынан жаңа сатыға көтерген ірі ақын.Дулат өлеңдеріндегі адам образдары, табиғат бейнесі. «Аягөз» өлеңінің тақырыбы мен көркемдік ерекшелігі, тіл оралымы.«Еспембет» дастанының сюжеттік маңызы. Дастандағы Еспембет образын сомдаудағы ақындық тәсілдер (жанама мінездеу, суреттеу). Еспембет дастанындағы соғыстың жалпы панорамасы, сол сияқты жеке көріністерді, жекпе-жек ұрыстарды сипаттаудағы ақындық шеберлік. Дастандағы Ақбөрте тұлпардың образы. Дулат жырларының көркемдік ерекшеліктері);

әдебиет теориясы:мінездеу, суреттеу;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;

өзіндік ізденіс жұмыстары: «Бес ғасыр жырлайды» кітабы;

3) Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн», «Қызғыш құс» өлеңдері-2 сағат (Ақынның өмір сүрген дәуірі. Халықтың арман-тілегі. Махамбет жырларындағы Исатай мен ақынның өз бейнесі. Поэзиясындағы реалистік, романтикалық сипат. Көркемдік ерекшелігі мен жанры. Ақын шығармаларының қазақ әдебиеті тарихындағы орны. Махамбеттің «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн», «Қызғыш құс», өлеңдері – ұрпақтан-ұрпаққа ұлттық сана-сезім мен отаншылдықты жалғастыратын, елдік пен ерлік дәстүрін ұқтыратын шығармалар. Өлеңдерінде өзінің ақындық, батырлық болмысы, жан дүниесі, мақсат-мұратының жан-жақты көрінуі. Өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері мен тіл айшықтары);

әдебиет теориясы:ассонанс, символ, аллитерация, параллелизм, метафора, риторикалық сұрақ.

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка (Құрманғазы. «Кішкентай»). Электрондық оқулық (Махамбет туралы телесабақ) ;

4) Шортанбай Қанайұлы.«Зар заман» толғауы1 сағат (Түркістан қаласы маңында дүниеге келген суырыпсалма ақынның шығармаларында ХІХ ғасырдың орта тұсындағы патша үкіметінің қазақ даласын отарлау саясатынан туындаған әлеуметтік өмірдің шынайы суреттелуі. «Зар заман» толғауында шарасыздық күйге түсу, келер күннен жамандық күту, болашақтан үміт үзу идеясының басымдығы);

әдебиет теориясы: эпитет, теңеу, метафора, синекдоха;

5) Сүйінбай Аронұлы «Бөрілі менің байрағым», «Бала Жамбылға батасы» өлеңдері-2 сағат (Сүйінбай Аронұлы – қазақтың ХІХ ғасырдағы көрнекті ақындарының бірі, ақындық айтыстың ірі өкілі. Сүйінбай – қазақ поэзиясын мазмұны, түрі, тақырыбы жағынан байытуда өзіндік орны бар ақын. Ол – халық мұңын мұңдап, үстем тап өкілдерінің әділетсіздігін бетіне басып әшкерелеп отырған батыл да әділ сыншы. «Бөрілі менің байрағым» - елдік пен ерлік, елдік рух тақырыбына арналған, ерліктің әнұраны іспеттес өлеңі. «Бала Жамбылға батасы» өленінің көркемдік ерекшелігі мен идеясы);

 әдебиет теориясы:теңеу,әсірелеу;

6) Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Қашаған Күржіманұлы, Алмажан Азаматқызы, Мұрат Мөңкеұлы −1 сағат (ХІХ ғасыр поэзиясы – өз дәуірінің шындық жайларын жинақтап қамтыған көркемдік шежіре. Осы кезеңде өмір сүрген ақындар шығармаларында замана шындығының көрінісі, елдік, ізгілік, адамгершілік тақырыптары, сарындастық пен талант ерекшеліктері. Ақындар шығармаларынан көрінетін терең ойшылдық пен өткір сықақшылдық. Ең бастысы, қоғамдағы әділдікті, халықтың бақытты болашақ өмірін аңсауы); Әдебиет теориясы:троп түрлері;

7) Шоқан Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі», «Қазақ халық поэзиясының түрлері» зерттеу еңбектері-2 сағат (Шоқанның өмірі мен шығармашылығы. Шоқан – қазақ халқының тұңғыш талантты ғалымы, әдебиет зерттеушісі. Шоқан – қазақ, қырғыз ауыз әдебиетін жинап зерттеуші, талантты ғалым, публицист, саяхатшы-географ. «Ыстықкөл күнделігі» - қырғыз елін жете зерттеуге қатысуынан, Ыстықкөл аймағының картасын түсіруге тиіс болған экспедициясының барысынан туындаған еңбегі);

пәнаралық байланыс:Қазақстан тарихы, география, орыс әдебиеті, театр (С.Мұқанов «Шоқан Уәлиханов» пьесасы) ;

8) Ыбырай Алтынсарин«Өнер, білім бар жұрттар», «Әке мен бала», «Талаптың пайдасы» әңгімелері-2 сағат (Ы.Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі. Оның жазушылық өмірінің ағартушылық идеясына өзектестігі, демократиялық-ағартушылық көзқарасының қалыптасуы. «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңінде оқудың, ғылым-білімнің пайдасының баяндалуы. Ыбырай – қазақ балалар жазба әдебиетін дамытушы және қазақ әңгіме жанрының негізін қалаушы. «Әке мен бала» әңгімесінің тәрбиелік және тәлімдік мәні. Мазмұнының өнегелік жағына ерекше мән берілуі. Әңгімелерінің көркемдік ерекшелігі);

 әдебиет теориясы:әңгіме туралы түсінікті дамыту;

9) Абай Құнанбайұлы«Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әр неге», «Білімдіден шыққан сөз», «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?» өлеңдері, «Қараңғы түнде тау қалғып», «Теректің сыйы», «Татьянаның хаты», «Онегиннің хаты» аудармалары -6 сағат (Абайдың өмірі мен шығармашылық жолы. Ұлы ақын өлеңдерінің құдіреті туралы, Абайдың қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтары. Ақынның тіл байлығы. «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әр неге», «Білімдіден шыққан сөз», «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?» - жас ұрпаққа деген аталық мейірден, үміт пен сенімнен туған өсиет өлеңдері. Өлеңдерінің негізгі идеясы - ғылымды меңгеруді, адам бойында қайырымдылық пен адалдық, қайрат пен ақылдың болуын насихаттау және жат қылықтардан бойын аулақ ұстау. Абай шығармашылығындағы аударманың орны. Абай өзі өте жоғары бағалап, сүйіп оқыған Пушкин, Лермонтов, Крылов туындыларын қазақша сөйлетуі);

 әдебиет теориясы:лирика ұғымын кеңейту;

пәнаралық байланыс:музыка, «Абай» операсынан фрагменттер, бейнелеу өнері (Ә.Қастеев «Жас Абай»), электрондық оқулық («Дара Абай – Дана Абай» телесабақ) ;

10) Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны-1 сағат(Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылық жолы. Түрік, араб, парсы, орыс тілдерін жетік меңгеруі, дүниежүзі мәдениетімен таныс болуы. Шәкәрімнің өнер- білім, адамгершілік, болашақ, махаббат туралы лирикалық өлеңдері.«Еңлік-Кебек» дастаны – эпикалық жанрда жазылған көлемді шығармасының бірі. Дастанда ақынның демократиялық-гуманистік көзқарасының көрінуі, кейіпкерлер бейнесін даралап берудегі шеберлігі поэма оқиғасының терең драматизмге құрылуы. Ел ішіндегі оқиға желісінің поэмаға басты арқау болуы. Дастандағы батыр Кебек пен сұлу қыз Еңліктің бейнелері);

әдебиет теориясы:дастан туралы ұғым;

пәнаралық байланыс: театр («Еңлік-Кебек» пьесасы, кино («Шәкәрімнің соңғы күзі)» ;

11) Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы«Сарыарқаның кімдікі екендігі» шығармасы −2 сағат (Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы – ақын, ақылгөй, данышпан, философ. Шығармаларында орын алған білім, жер мәселесі, сөз бостандығы және халық бостандығы мәселелері. Өлеңдерінің басты тақырыбы мен идеясы жастарды оқуға, білім алуға, өнерге ұмтылу мен оқып жетілу, мәдениетті күшті ел болуға үндеу болып табылады. Мәшһүр Жүсіптің халық ауыз әдебиетінің көптеген үлгілерін – дастандар мен хикаяларды, тарихи жырларды «Ер Көкше», «Сайын батыр», т.б. жинап, Бұқар жырау, Шортанбай, Шөже, т.б. ақын-жыраулардың әдеби мұрасын хатқа түсіріп қалдыруы);

әдебиет теориясы:дастан туралы ұғымды дамыту,риторикалық сұрау;

12) Мағауия Құнанбаев «Медғат – Қасым» поэмалары-1 сағат(Өмірі мен шығармашылығы. Әкесі Абайдың әсерімен орыстың классикалық әдебиетін оқып, үлгі алуы. Абайдың берген материалдары және кеңесі бойынша «Еңілік – Кебек», «Медғат – Қасым» поэмаларын жазуы.Мағауия – қазақ әдебиетіне романтикалық поэманың үлгісін енгізуші. «Медғат – Қасым» - қазақ жазба әдебиетіндегі өзге халық өмірінен жазылған көркемдігі жоғары, алғашқы романтикалық поэма. Поэманың композициясы, бейне жасау тәсілдері, тілдік кестесі);

 әдебиет теориясы:романтизм;

13) Жамбыл Жабаев «Шағым» өлеңі, «Жамбыл мен Құлмамбет айтысы»-2 сағат (Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы туралы. Өлеңдерінің көркемдік сипаты. Сыншылдық-сатиралық сарын. «Шағым» – Жамбылдың ақындық жолындағы кедергілерді жеңуге деген қайсарлығын және ақындық айтқыштығын танытатын алғашқы өлеңдерінің бірі. Жамбылдың Құлмамбетпен айтысы. Іле бойындағы үлкен бір жәрмеңкеде ақындардың кездесіп, бір-бірімен айтысуы. Ақындардың өз кезінің әлеуметтік өткір мәселелерін көтерумен, халықтық, гуманистік сипатымен, образды өлең өрнегімен, идеялық-мазмұндық жаңалықтарымен ерекшеленуі. Басқа айтыстардан айырмашылығы);


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 326; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!