Учебная программа по предмету «Русский язык» 7 страница



 әдебиет теориясы:сатира туралы ұғымды кеңейту;

пәнаралық байланыс:тарих, тіл білімі, кино («Жамбылдың жастық шағы», 1996 ж. Сценарий авторы М.Жолдасбеков; режиссері Қ.Қасымбеков);

14) ХІХ ғасырдағы әнші-ақындар шығармашылығы жалпы шолу-4 сағат (ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі әнші-ақындар шоғыры. Жаяу Мұса, Мұхит, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақтар – тума талант, табиғи дарын иелері. Олардың поэзия, музыка саласындағы мол мұрасы. Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Мұхит, Әсет, Үкілі Ыбырай, Естайлардың әрқайсысы әуен-сазын өзі шығарған аса көрнекті сазгер, өзі орындайтын ұлы әнші, өлеңдерін де өзі тудырған тамаша ақындар. Біржан сал:«Ләйлім» «Жанбота», «Көкек», «Жамбас сипар» өлеңдері; Ақан сері:«Сырымбет», «Балқадиша», «Маңмаңгер», «Жайықтың ақ түлкісі», «Ақ көйлек», «Жақсы мен жаман», «Ләйлім шырақ», «Құлагер»; Жаяу Мұса:«Сұрша қыз», «Ақ сиса», «Көгаршын», «Хаулау»; Балуан Шолақ:«Ғалия», «Желп-желп», «Кенже қоңыр», «Дікілдек»; Үкілі Ыбырай:«Гәкку», «Шалқыма», «Қалдырған»; Әсет Найманбаев:«Арғынмын, атым – Әсет арындаған», «Тоты», «Қор болмас зерек адам ақылы бар», «Адамның жасы жөнінде»);

15) қорытынды – 1 сағат.

 

 

3. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны

13. 10-сыныпта «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуға 34 сағат бөлінген, оның ішінде, шығармаларды оқып, талдауға – 30 сағат, шығармашылық жұмыстарға -2 сағат, сыныптан тыс оқуға – 2 сағат.

14. Курстың мазмұны мынадай тақырыптарды қамтиды:

1) ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті, жалпы шолу -1 сағат (ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанның тарихи-әлеуметтік жағдайы. 1905-1907 жылдардағы революция мен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ел өміріне әсері, әдебиет пен мәдениеттің дамуына ықпалы. ХХ ғасыр басындағы әдебиетте жаңа жанрлардың пайда болуы. Қазақ тіліндегі басылымдардың жарық көруі және елдің рухани дамуына әсері. Алғашқы қазақ романының өмірге келуі. Проза жанрының классикалық үлгіде дамуы. Әдеби бағыттардың пайда болуы); әдебиет теориясы:әдеби ағымдар мен бағыттар туралы түсінік; 

2) Ахмет Байтұрсынұлы«Әдебиеттанытқыш» еңбегі-1 сағат (А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына шолу. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әдебиеті, мәдениеті, тарихындағы ірі тұлға, аса көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, ақын, аудармашы. «Әдебиет танытқыш» - қазақ тіліндегі әдебиет теориясы туралы алғашқы еңбек. А.Байтұрсынов қазақ тілінде тұңғыш рет әдебиеттану терминдерін қалыптастырды. «Әдебиет танытқыш» еңбегінде көркем шығарманың сыры мен сипаты, жанрлық ерекшеліктері, композициялық құрылымы жан-жақты қарастырылған. Аталған еңбектің сөз өнерін танып, пайымдауымыздағы рөлі)

әдебиет теориясы:әдеби жанр туралы түсінік;

пәнаралық байланыс:Қазақстан тарихы, қазақ тілі, электрондық оқулық: А.Байтұрсынов (мұражайлық телесабақ, 2009);

3) Міржақып Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы-1 сағат (Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығына шолу. Дарынды ақын әрі жазушы, публицист. Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш романның авторы. «Бақытсыз Жамал» – қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман. Шығарманың жанрлық ерекшелігі. Романда суреттелген әлеуметтік теңсіздік мәселелері және қазақ әйелдерінің тағдыры. Жамал бейнесінің реалистік сипаты, автордың образ сомдау және адам психологиясын суреттеу шеберлігі);

әдебиет теориясы:роман, эпикалық жанр;

4) Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шәкірт ойы», «Бір адамға», өлеңдері−1 сағат (Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен ақындық жолы. ХХ ғасыр басындағы демократтық-ағартушылық әдебиеттің көрнекті өкілі. Ақын лирикасындағы азаматтық сарын және әлеуметтік қайшылықтарды суреттеуі. «Шәкірт ойы», «Бір адамға» өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі. Өлеңдеріндегі оқу-білім тақырыбы);

әдебиет теориясы:ирония мен сатира туралы түсінік;

5) Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік», «Сыр сандық» өлеңдері-1 сағат (Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығына шолу. Өлеңдерінің реалистік сипаты, демократтық-ағартушылық бағытта және Қазан төңкерісі туралы жазылған шығармалары. Ақынның табиғат лирикасы. Суреткерлік шеберлігі. Сәкен – қазақ мәдениеті мен тарихында қайталанбас өзіндік орны бар, азамат, күрескер ақын, тоталитарлық қоғам құрбаны. «Ақсақ киік» өлеңінде табиғатты, оның аңдарын қорғау мәселесінің басты проблема болып көтерілуі);

әдебиет теориясы:аллегория;

6) Мағжан Жұмабаев «Орал тауы», «Мен жастарға сенемін», «Шолпы» өлеңдері -1 сағат (Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық жолы. М. Жұмабаев – әдебиетте қайталанбас өзіндік қолтаңба қалдырған дарынды тұлға. Мағжан өлеңдеріндегі халықтық рух, азаматтық әуен, ағартушылық-демократтық сарын. Мағжанның табиғат, махаббат лирикасы. Мағжан лирикасындағы ақындық «мен». Поэзиясындағы бейнелілік, суреттілік. Метафоралық қолданыстар. Ақын поэзиясының романтикалық, реалистік сипаты);

әдебиет теориясы:лирика жанры;

7) Жүсіпбек Аймауытов«Ақбілек» романы-1 сағат (Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылығына шолу. Жүсіпбек Аймауытов – дарынды жазушы, драматург, ғалым, аудармашы, көсемсөз шебері. «Ақбілек» романы. Романның тақырыбы – ХХ ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік жағдай және өмір шындығы. Адамдар тағдырындағы өзгерістерді берудегі жазушының суреткерлік шеберлігі. Ақбілек образының ұлттық сипаты және психологиялық күйзелісінің шығармада көркем жинақталуы. Романдағы басқа да кейіпкерлер. Жазушының пейзаж бен портрет жасау ерекшелігі);

әдебиет теориясы:мінездеу;

8) Бейімбет Майлин«Шұғаның белгісі» хикаяты-1 сағат (Б.Майлиннің шығармашылығына шолу. Ақын поэзиясының тақырыптары мен көркемдік ерекшеліктері. Б.Майлиннің прозасы. Шығармашылығының басты тақырыбы – қарапайым еңбек адамы, қазақтың қалың бұқарасының қоғамдық-әлеуметтік өмірдегі жаңалықтарға байланысты сана-сезімдегі өзгерістері. Майлин – әңгіме жанрының шебері. Б.Майлин – драматург. Роман, хикаяттарына жалпы шолу. «Шұғаның белгісі» - проза жанрындағы тұңғыш туындысы. «Шұғаның белгісі» - жастардың теңдік, еркіндікті аңсап, әлеуметтік әділетсіздіктерге қарсы үн көтере бастағанын шынайы бейнелеген шығарма. Хикаяттағы басты мәселе - әйел теңсіздігі, бірін-бірі сүйген жастардың махаббат бостандығы. Хикаятта аяулы Шұға сұлу мен кедейден шыққан мақтаулы, оқыған жігіт Әбдірахманның қайғылы тағдырларының суреттелуі);

әдебиет теориясы:көркем шығарма құрылысы (сюжет, композиция);

9) Ілияс Жансүгіров«Құлагер» поэмасы-1 сағат(Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы. Ілияс лирикасының негізгі тақырыптары. Табиғат лирикасы. Ақын лирикасындағы суреттілік, бейнелілік. «Құлагер» поэмасының тақырыбы. Поэмада қазақ өмірінің тыныс-тіршілігі, әлеуметтік тартыс-күресі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, үстем таптың озбырлығы, заманынан өгейлік көрген ақын қайғысы, ақынның тіл шеберлігі, айшықты сөз өрнегі арқылы биікке көтерілуі. Поэманың сюжеттік желісі мен композициялық құрылымы. Көркемдігі мен тіл айшығы);

әдебиет теориясы:градация туралы түсінік;

пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті, Қазақстан тарихы, қазақ тілі, музыка, «Ақан сері» фильмі;

10) Жамбыл Жабаев«Ленинградтық өренім», «Алатауды айналсам» өлеңдері-1 сағат (Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына шолу. Ж.Жабаев – шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. «Ленинградтық өренім» – халық басына күн туған Ұлы Отан соғысы жылдарында қарт ақын жауынгерлерді жігерлендіретін жалынды өлеңімен Ұлы Жеңіске үлес қосуы арқылы туындаған өлеңі. Өлеңдегі халықтар достығы мен ерлікті жырлануы)

әдебиет теориясы: айтыс өнері туралы түсіні, портрет;

11) Сәбит Мұқанов «Балуан Шолақ» повесі-1 сағат (Сәбит Мұқановтың шығармашылық жолы. Әдебиеттің барлық жанрында сүбелі туындылар берген ірі суреткер. «Балуан Шолақ» повесінің тақырыбы. Нұрмағанбеттің Шолақ атануы. Балуанның бойындағы күш-қайраттың бала кезден-ақ байқала бастауы. Балуан Шолақтың күш сынасқан палуандары. Шығарманың сюжеттік желісі мен композициялық құрылымы. Шығарманың объективті идеясы);

 әдебиет теориясы:ақындық тұлға немесе лирикалық қаһарман туралы;

12) Мұхтар Әуезов«Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді-1 сағат (Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына шолу. Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі. Проза және драматургия жанрларын өркендетуге қосқан үлесі. «Абай жолы» роман-эпопеясы – әлемдік әдебиеттің алтын қорына енген шығарма. Эпопеяның тарихилық, этнографиялық сипаты. Романдағы Абайдың азаматтық, ақындық бейнесі. «Абай жолы» роман-эпопеясы – әлемдік әдебиеттің алтын қорына енген шығарма екендігі. Эпопеяның тарихилық, этнографиялық сипаты. Романдағы Абайдың азаматтық, ақындық бейнесі);

әдебиет теориясы:образ туралы түсінік;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, география, электрондық оқулық (Бөрілі мұражайы);

13) Ғабит Мүсірепов «Қазақ солдаты» романынан үзінді-1 сағат (Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы. «Қазақ солдаты» - Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ жауынгерінің ерлігін көркем бейнелеген патриоттық шығарма. Қаламгердің соғыс тақырыбын меңгеру жолындағы ізденістері. Жазушының роман кейіпкері Қайроштың балалық шағынан қанды соғысқа қатысқанына дейінгі өмірін шебер суреттеуі. Шығарманың сюжеттік желісі мен композициялық құрылымы. Жазушының адам портретін жасау шеберлігі, тіл көркемдігі, стилі. Шығарманың өн бойындағы халқымыздың адамгершілік, азаматтық, батырлық, ерлік болмысының жарқын көріністері.

әдебиет теориясы:баллада туралы, баяндау, суреттеу, диалог туралы түсінік.

пәнаралық байланыс:тарих, қазақ тілі, орыс әдебиеті, электрондық оқулық (Ғ.Мүсірепов мұражайы);

14) Ғабиден Мұстафин«Шығанақ» повесі -1 сағат (Ғ. Мұстафиннің жазушылық қызметі туралы. Тарихи тақырыптағы және өндіріс тақырыбындағы шығармаларын шолу. Шығармасындағы еңбек адамының образы. Шығанақ бейнесі. Жазушының стилі, сөз қолдану ерекшелігі);

әдебиет теориясы:стиль туралы ұғым;

15) Қасым Аманжолов «Дүниеге жар», «Туған жер» өлеңдері-1 сағат (Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы. Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңдегі шығармашылық ізденістері. Ұлы Отан соғысы кезінде туған шығармалары. Соғыстан кейінгі жылдары жазылған өлеңдері. Лирикасы. Поэмалары. Ақын поэзиясындағы романтизм мен реализм. Поэзиясындағы достық пен махаббат, елдік пен ерлік мәселелерінің көркем жинақталуы. «Дүниеге жар», «Туған жер» өлеңдері тақырыптарының алуан түрлілігі. Ақын өз өлеңдеріңде ақынның қоғамдағы орны мен парызы, поэзияның құдыретті күші, ерлік пен елдік туралы сөз қозғауы);

әдебиет теориясы:поэма туралы ұғымды тереңдету;

16) Әбділда Тәжібаев«Сыр жыры» топтамасы -1 сағат (Ә.Тәжібаевтың шығармашылық жолы. Жазушының поэзия, драматургия және әдебиеттану ғылымы саласында қатар еңбек етуі. Лирикасы, поэмалары. Толғауларындағы заман жайлы ірі ойлары. Шығармаларының тақырыптық ерекшеліктері. «Сыр жыры» циклдік өлеңдерінің тақырыбы, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік, сағыныштың көркем жинақталуы. Туған жер табиғатының реалистік бейнесі. Лирикадағы жеңіл юмор);

әдебиет теориясы:образды жинақтау және даралау тәсілдері;

17) Ілияс Есенберлин«Қаһар» романы-1 сағат (Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығына жалпы шолу. Жазушы шығармашылығындағы тарихи тағылым. Тарихи роман жазуға барудағы мақсаты. Тоталитарлық кезеңдегі қазақ тарихы мәселесі. «Қаһар» романының тақырыбы мен оқиғалар сабақтастығы. Қаламгердің ұлт санасын оятудағы ізденістері. Кенесары бейнесі. Шығарманың көркемдігіне қатысты ойлар. Романдағы өмірдің өзекті мәселелері, тақырыптық ерекшеліктері және ізденіс арналары);

әдебиет теориясы:тарихи роман; 

18) Сырбай Мәуленов «Сырласу сағасында», «Құлын», «Сәкен» өлеңдері-1 сағат (Сырбай Мәуленовтің өмірі мен шығармашылық жолы. С. Мәуленов қазақ поэзиясына өзінің сыршыл да әуенді лирикасымен келген жыр алыбы. С.Мәуленов - лирик ақын. Табиғат лирикасы. Ақын өлеңдеріндегі соғыс суреттері. Сырбай өлеңдеріндегі сыршыл сезім. Сырбай өлеңдеріндегі ұйқас, ырғақ, тіл көркемдігі. С. Мәуленов өлеңдері тақырыптарының жан-жақтылығы мен сан қырлылығы: Отан, өмір тұрмысы, туған елдің табиғаты);

әдебиет теориясы: силлабикалық өлең; 

19) Жұбан Молдағалиев«Мен - қазақпын» поэмалары-1 сағат(Жұбан Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығына шолу.«Мен - қазақпын» поэмасының жанры, ондағы публицистикалық сарын, эпикалық кеңдік, елжандылық, асқақтық рух. Поэманың негізгі тақырыбы. Ақынның елі алдындағы бірінші – халқын, ұлтын таныта білуі. Тіл көркемдігі, сюжеттік даму сипаты, ұйқас үйлесімі, екпін мен ырғақ ерекшелігі. Поэманың идеялық мұраты);

әдебиет теориясы:екпін;

20) Тахауи Ахтанов«Шырағың сөнбесін» романы-1 сағат (Тахауи Ахтановтың өмірі мен шығармашылығы туралы. «Шырағың сөнбесін» романының тақырыбы, идеясы. Романдағы өмір сүйгіштік рух. Нәзира бейнесі. Шығарманың реалистік сипаты. Жазушының тілі);

әдебиет теориясы:тақырып пен идея;

21) Әбдіжәміл Нұрпейісов«Қан мен тер» трилогиясына шолу-1 сағат (Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірі мен шығармашылығына шолу. Ә.Нұрпейісов – төл әдебиетіміздің дамуына, қалыптасуына үлкен үлес қосқан қазақ жазушысы. «Қан мен тер» трилогиясы - жазушының күрделі туындысы. Трилогиясының көтерген тақырыбы – ХХ ғасыр басындағы Арал балықшыларының өмірі, қазақ даласындағы қоғамдық-саяси өзгерістер. Шығарманың жанрлық сипаты. Шығармадағы Еламан, Ақбала, Тәңірберген, Судыр Ахмет образдары - типтік бейне. Романдағы тартыс. Жазушының мінез сомдау шеберлігі);


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 345; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!