Учебная программа по предмету «Русский язык» 2 страница



2) «Біз қонақ күтеміз (дәстүрлі тамақ, қонақ күту, шығарып салу, сыйлық)» – 9/5 сағат (Тілдік бөлім:Біріккен сөз. Қос сөз. Зат есім, не? Зат есімнің көптелуі. Зат есімнің септелуі. Етістік. Етістіктің жіктелуі, көпше түрі.Арнайы сұрақ. Лексика: Тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім:Тыңдалым. Мәтіндегі ұлттық ерекшеліктерді айыру. Диалогтік мәтіндер. Оқылым. Қонақ күту дәстүріне байланысты мәтіндер. Айтылым.. Қонақ күтуде жасалатын іс-әрекеттерді баяндау. Жазылым. Танымдық жазылым (оқушыны қонақ күту туралы өз ойынан қорытынды жасап, жазуға үйрету). Оқыған мәліметтерді жазу. Тілдесім. Бейресми тілдесімді қолдану (оқушыларға ресми емес, күнделікті тұрмыс-тіршілікте кездесетін, қарапайым қарым-қатынастың түрлерін үйрету). Диалог-мәлімет. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақ халқының қонақжайлығы туралы мәтіндер);

3) «Отбасындағы әке мен бала қарым-қатынасы» – 9/5 сағат (Тілдік бөлім:Көркем-әдебиет стилі. Лексика: Тақырыпқа байланысты лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Әке мен бала қарым-қатынасы туралы мәтіндер. Оқылым. Әке мен бала қатынасы туралы мәтіндерді оқу. Айтылым. Өз сезімін, қарым-қатынасын баяндау. Жазылым. Көркемдік жазылым (Абзац, диалог т.б. сақтап көркем жазу). Оқыған мәліметтерді жазу. Тілдесім. Қалыптасқан тілдесім (әр адамның өмірдегі өз орнына сай бір-бірімен тілдесуін, түсінісуін меңгерту). Диалог-мәлімет. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: отбасы, ата-ана арасындағы қарым-қатынас туралы мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер, тиым сөздермен танысу. Мақал туралы ой бөлісу);

24. Әлеуметтік-мәдени ая – 47 /34 сағат:

1) Қазақстанның белгілі ғалымдары– 14/10 сағат (Тілдік бөлім:Құрмалас сөйлем. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім:Тыңдалым. Қазақстанның белгілі ғалымдары, ғылыми жұмыстар, жобалар туралы мәтіндер. Оқылым Қазақстанның белгілі ғалымдары, ғылыми жұмыстар, жобалар туралы мәтіндер. Айтылым. Ғылыми жоба туралы мәтіндер. Жазылым. Жазбаша жұмыстарды орындау. Оқыған мәліметтерді жазу. Ресми тілдесімді үйрету (оқушыларға ресми қарым-қатынастың элементтерін меңгерту).Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақстанның белгілі ғалымдары туралы мәліметпен таныстыру);

2) Қазақстан мемлекеті, оның құрылымы – 10 /8 сағат (Тілдік бөлім:Грамматика: Туынды сын есім. Тұйық етістік. Тәуелдік жалғауы.Ілік, табыс септігі. Өздік есімдік. Етістік. Осы шақ. Жіктелуі. Көсемше. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Қазақстан мемлекеті және оның құрылымы туралы мәтіндерді түсіну. Оқылым. Мәтіннің стилін айыру. Мемлекеттік құрылым туралы мәтіндерді оқу. Айтылым. Мемлекеттік құрылым туралы баяндау. Жазылым. Жазбаша жұмыстарды орындау. Оқыған мәліметтерді жазу. Тілдесім Кәсіби тілдесімді жүзеге асыру(тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету). Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлім: Мемлекеттік құрылым туралы мәтіндерді оқып, пікір алмасу);

3) «Сенің есімің қандай мағына білдіреді?» – 9/6 сағат (Тілдік бөлім: Қос сөз. Біріккен сөз. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Баланың дүниеге келуіне байланысты қазақтың салт-дәстүрлері туралы мәтін. Мәтіндегі ұлттық ерекшеліктерді айыру. Оқылым. Мәтіннің ұлттық-мәдени мазмұнын танымдық тұрғыдан түсініп оқу. Айтылым. Диалог-талап. Шілдеханада орындалатын белгілі бір әрекетті не істі жасауды бір-бірінен өтіну. Баланың дүниеге келіне байланысты қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері туралы баяндау. Жазылым. Жазбаша жұмыстарды орындау. Оқыған мәліметтерді жазу. Тілдесім. Қалыптасқан тілдесім (әр адамның өмірдегі өз орнына сай бір-бірімен тілдесуін, түсінісуін меңгерту). Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:Отбасылық дәстүрлер);

4) «Мен оқитын газет-журналдар (балалар газеті мен журналы)» – 14 /10 сағат (Тілдік бөлім:Есімшенің септелуі. Ашық рай. Бірыңғай мүшелер.Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Балаларға арналған басылымдар туралы мәтін. Оқылым. Балалар басылымдары туралы мәтіндерді оқу. Айтылым. Газет/журналдардың пайдасын бағалау тұрғысынан баяндау. Жазылым. Осы тақырыпқа қатысты жазбаша жұмыстар. Кәсіби тілдесімді жүзеге асыру (тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету). Диалог. Диалог-мәлімет – белгілі бір газет, журнал туралы мәлімет беру.Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Алғашқы қазақ газеттері туралы пікір алмасу);

25. Оқу-еңбек аясы – 28 /18 сағат:

1) «Мен мамандық таңдаймын» – 14 /9 сағат (Тілдік бөлім: Кейінді ықпал. Қос сөз. Туынды зат есім. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Мамандыққа қатысты мәтіндер. Оқылым. Мамандыққа қатысты мәтіндерді оқу. Айтылым. Өзі таңдаған мамандықты сипаттай отырып, болашақта соған қатысты істейтін істері туралы баяндау. Жазылым. Өзі таңдаған мамандық туралы әңгіме жазу. Кәсіби-тақырыптық тілдесім – мамандық туралы тақырыптар төңірегінде пікір алмасуды жүзеге асыру, кәсіби сөздер құрамын кеңінен қамтитын тілдік қатынасты кәсіби түрде іске асыру. Диалог-реплика – тілдік қатынаста ойын қысқа сөздер мен сөз тіркестері арқылы тез жеткізу. Диалог-сұрақ. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлім: Қазақ суретшілері туралы мәтіндер. Көптілді білетін жастар туралы мәлімет);

15) «Мен болашақта қандай жұмыс істеймін?» – 14/9 сағат (Тілдік бөлім: Қос сөз. Ресми стиль. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Тақырыпқа қатысты мәтіндер. Оқылым. Тақырыпқа қатысты мәтінді оқу.. Айтылым.. Болашақта істейтін жұмысын сипаттай отырып баяндау. Жазылым. Жазбаша жұмыстарды орындау. Кәсіби тілдесімді жүзеге асыру (тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету). Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлім:Белгілі мамандар туралы мәлімет).

 

 

3. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық мазмұны

 

26. Әлеуметтік-тұрмыстық ая - 32 / 22 сағат:

1) «Саяхатқа шығайық», «Әуежайда», «Теміржол бекетінде» – 12/10 сағат (Тілдік бөлім: Біріккен сөздердің емлесі. Құрмалас сөйлем. Себеп-салдар мәнді құрмалас сөйлемдер. Өзгелік етіс. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Ұшақтың ішіндегі қауіпсіздік ережелері туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: әуежай, теміржол бекеттеріндегі анықтамалық ақпараттар. Диалогтік мәтіндер. Айтылым.. Әуежай мен теміржол бекетінің қызметі туралы мәліметтерді айту.. Жазылым. Әуежай мен теміржол бекетіне байланысты тірек сөздер бойынша мәтін. Кеден мағлұмдамасын толтыру. Тілдесім. Әуежай мен теміржол бекеті туралы пікірлесім. Бекет қызметкерлерінен (анықтама бюросы, касса, жүк қоймасы) өзіне қажетті мәліметтерді сұрап білу. Диалог: Сұрақ-жауап, Сұрақ-ақпарат, себеп-салдар диалогтары. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:Сапарға шығу, жол туралы мақал-мәтелдер, тыйым сөздер);

2) «Қонақ үйде» – 10 /6 сағат (Тілдік бөлім: Салт және сабақты етістіктер. Модаль сөздер. Мекен үстеу. Туынды сөздердің жазылуы. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Қонақ үйдегі қызмет түрлері туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: қонақ үй туралы жарнамалық, анықтамалық ақпараттар. Диалогтік мәтіндер. Айтылым. Өзінің сапары туралы. Әуежай мен теміржол бекетінің қызметі туралы мәліметтер. Жазылым. Қонақ үй түрлері мен қызметіне байланысты тірек сөздерге бойынша мәтін. @-mail –мен тапсырыс беру, ақша жіберу, есептесу, жаздыру. Тілдесім. Қонақ үй туралы пікірлесім. Қонақ үй қызметкерлерінен (қонақ үй әкімшілігі, анықтама бюросы, касса) өзіне қажетті мәліметтерді сұрап білу. Диалог: Сұрақ-жауап, Сұрақ-ақпарат, себеп-салдар диалогтары. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:Сыныптағы оқушылардың өздері тоқтаған қонақ үй туралы сөйлесімі);

3) «Сен қайда тұрғанды ұнатасың? (қалада ма, ауылда ма? )» – 10/6 сағат (Тілдік бөлім:Етістіктің келер шағы. Мақсат үстеу. Ілік септіктегі сөздердің жазылуы.Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Қонақ үйдегі қызмет түрлері туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: Ауыл/қала өміріне байланысты ақпараттық мәтін. Диалогтік мәтіндер. Мәдени орындардың ақпараттық-жарнамалық (буклет, блокнот, айлық репертуар қағазы,т.б.) мәтіндері. Айтылым. Монолог-суреттеу (қала мен даланың табиғатын сипаттап, оның ерекшеліктерін баяндау). Өзінің сапары туралы. Әуежай мен теміржол бекетінің қызметі туралы мәліметтерді айту. Жазылым. Қаладағы мәдени орындар туралы мәтін. Ауыл/қала өмірі бойынша сұхбат жазу. Тілдесім. Ауыл/қала өмірі туралы пікірлесім. Мәдени мекеме қызметкерлерінен өзіне қажетті мәліметтерді сұрап білу. Мәдениет аралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақ ауылының тіршілігі, шаруашылығы туралы пікірлесу);

27. Әлеуметтік-мәдени ая – 30 /20 сағат:

1) «Жастар киімі», «Мектеп формасы», «Сән» – 12 /8 сағат (Тілдік бөлім: Сапалық және қатыстық сын есімдер. Есімше. Біріккен сөздердің емлесі. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Жастар киімі, мектеп формасы және сән туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: Жастар киімі, мектеп формасы және сәнге байланысты ақпараттық мәтін. Диалогтік мәтіндер. Сән орталықтарының ақпараттық-жарнамалық (буклет, киім үлгісі жинақтары, жарнама қағазы,т.б.) мәтіндері. Айтылым. Монолог: Жастар киімі, мектеп формасы және сән туралы мәліметтер. Диалог: Диалог-сұхбат. Сұрақ-ақпарат, пікірталас - диалогтары. Жазылым. Жастар киімі, мектеп формасы және сән туралы мәтін. Киіну әдебі туралы сұхбат жазу. Тілдесім. Жастар киімі, мектеп формасы және сән туралы пікірлесім. Ателье, киім дүкені қызметкерлерімен сұхбат. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі.Жастар киіміндегі ұлттық нақыштар туралы сұхбат. Киімге қатысты мақал-мәтелдер);

2) «Егер мен Қазақстан Парламентіне депутат болсам» – 10 /6 сағат. (Тілдік бөлім:Жалпы және жалқы есімдер. Қаратпа сөздер. Тіркесті сөздердің емлесі.Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Сайлау, депутатқа үміткер туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: Электронды дауыс беру туралы ақпараттық мәтін. Депутатқа үміткер. Қазақстан Парламенті туралы ақпарат-мәтіндер. Айтылым. Қазақстан Парламенті туралы мәліметтер. Жазылым. Қазақстан Парламенті туралы мәтін. Тілдесім. Қазақстан Парламентіне сайлау жүйесі туралы пікірлесім. Депутатпен сұхбат. Тілдесім. Диалог-сұхбат. Сұрақ-ақпарат, пікірталас - диалогтары.Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақтың үш биі: Төле, Қазыбек, Әйтеке);

3) «Театрға саяхат» – 8 /6 сағат(Тілдік бөлім:Туынды сын есімдер. Термин сөздердің орфоэпиясы.Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Театрдағы қойылымдар туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: Қазақ театрлары туралы ақпараттық мәтін. Диалогтік мәтіндер. Қазақ актерлары туралы сұхбат-мәтіндер. Айтылым. Қазақстан Парламенті туралы мәліметтер. Жазылым. Театрда көргендері мен қойылым бойынша мәтін.Тілдесім. Қазақтың театр ордалары туралы пікірлесім. Театр туралы сұхбат. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі. Алғашқы қазақ театрлары мен актерлары туралы мағлұматтар);

28. Оқу-еңбек аясы – 40 /26 сағат:

1) «Пошта қызметін қолданамыз» – 10/6 сағат (Тілдік бөлім:Салалас құрмалас сөйлем. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Пошта қызметі туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: Пошта қызметі туралы ақпараттық мәтін. Диалогтік мәтіндер. Пошта қызметі туралы сұхбат-мәтіндер. Айтылым. Пошта қызметі туралы мәліметтер. Жазылым. Пошта қызметі бойынша мәтін. Тілдесім. Пошта қызметі туралы пікірлесім. Пошта қызметі туралы сұхбат. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі.Ұлттық маркалар);

2) «Қалта телефоны» – 8 /6 сағат  (Тілдік бөлім:Қазақ тіліндегі калька сөздер. Неологизмдердің емлесі.Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Қалта телефоны туралы ақпарат-жарнамалар. Оқылым. Оқу мәтіндері: Қалта телефоны туралы ақпараттық мәтін. Диалогтік мәтіндер. Қалта телефоны туралы сұхбат-мәтіндер. Айтылым. Қалта телефоны туралы мәліметтер. Жазылым. Қалта телефонымен сөйлесу әдебі туралы мәтін. Тілдесім. Қалта телефоны қызметі туралы пікірлесім-сұхбат. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі Телефонмен сөйлесу әдебі);

 3) «Компьютер: пайдасы мен зияны» – 10/6 сағат (Тілдік бөлім: Сабақтас құрмалас сөйлем. Ақпараттық технология терминдерінің емлесі. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Қазіргі заманғы компьютерлердің мүмкіндіктері туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: компьютерлердің жетілдірілген мүмкіндіктері, компьютердің пайдасы мен зияны жайлы баяндау, хабарлау, жарнама сипатындағы мәтіндер. Компьютердің пайдасы мен зияны туралы диалогтік мәтіндер. Айтылым. Компьютердің пайдасы мен зияны туралы мәліметтер айту. Жазылым. Компьютердің пайдасы мен зиянына байланысты мәтін. Тілдесім. Компьютердің пайдасы мен зияны туралы пікірлесім. Дүкен қызметкерлерінен компьютер түрлері туралы қажетті мәліметтер алу. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Компьютердегі мәліметтердің қазақша жазылуы);

4) «Мен өз елімде жан-жақты білім ала аламын» – 12/8 сағат (Тілдік бөлім:Публицистикалық стиль. Қысқарған сөздердің емлесі мен орфоэпиясыЛексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлімі: Тыңдалым. Мұғалімнің, сыныптастарының, өзге де тілдесетін адамдардың сөздеріндегі және үнтаспадан тыңдаған өз еліндегі оқу жүйесі туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндердегі өз еліндегі оқу жүйесі туралы жарнамалық, анықтамалық ақпараттар. Айтылым. Өз еліндегі оқу жүйесі туралы мәліметтерді айту. Жазылым. Өз еліндегі оқу жүйесіне байланысты білетінін мәтін түрінде жазу. Сұрақтарға жауап жазу. Тілдесім. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Өз еліндегі оқу жүйесі туралы пікірлесім. Білім саласы қызметкерлерінен өзіне қажетті мәліметтерді сұрап білу. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі Еліміздің оқу жүйесі туралы пікір алмасу).


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 320; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!