Учебная программа по предмету «Русский язык» 4 страница



5) оқушылардың тұлғалық жетістіктерін ескеру ұстанымы түрлі деңгейдегі күрделі тапсырмаларды шешуге, өздік жұмыстарды орындауға, оқыту мотивінің тұлғалық-мәнділігін қалыптастыруға, оқытудың ұтымды технологиясы мен оқу материалдарын таңдауға және бейімдеуге, білім деңгейлері әртүрлі оқушылардың жоспарланған нәтижелерге жетуіне мүмкіндік береді;

6) шығармашылық ұстанымы оқушылардың түрлі шынайы жағдаяттарда жаңа типтегі міндеттерді өздігінен шешу қабілетін, құзіреттілікке бағытталған тапсырмаларды орындау білігін қалыптастыруға мүмкіндік тудырады.

14. Пәнаралық байланыс өзге тілді мектеп оқушысының қазақ тіліндегі сөздік қорын молайтуға, дүниетанымын кеңейтуге, қазақ тілін қолдану мүмкіндіктерін арттыруға жол ашады. Жалпы білім беретін өзге тілде оқытатын мектептердің негізгі орта деңгейінде «Қазақ тілі» пәнін төмендегі пәндермен байланыстыра меңгерту көзделеді.

1) «Қазақ әдебиетімен»:

қазақ тілін жүйелі әрі сапалы меңгертуде оқу материалдары қазақ әдебиеті шығармаларынан алынатындықтан, олардың арасындағы байланыс үздіксіз жүргізіліп отырады;

 олар оқушыны ойлауға, сөйлеуге үйретумен қатар эстетикалық талғамдарын да арттыруға, көркем сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, тіл байлығын молайтады;

2) «Орыс тілімен»:

қазақ тілінің құрылымдық жүйесін танытуда екі тілді салыстыру әдісі, бір жағынан, оқушының дүниетанымын кеңейтсе, екінші жағынан, тілді сапалы меңгертуге, саналы түсіндіруге әсер етеді;

орыс тілі мен қазақ тілінің арасындағы байланыс сөз әдебіне қатысты ерекшеліктерді ұғындыруда да маңызды болып саналады;

3) «Қазақстан тарихымен»:

тіл мен тарихтың байланысы термин сөздерді, басқа тілден енген сөздерді дұрыс меңгертуде ерекше рөл атқарады;

сөздердің этимологиясын түсіндіруде де тарихи фактілерге сүйену оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастыруға мүмкіндік береді;

4) «Информатика» пәнімен:

оқушыларға ұсынылатын өздік және шығармашылық тапсырмаларды сапалы орындауға ақпараттық технологияларды қолданудың ықпалы зор;

интернет көздерінен материалдар тауып, оларға талдау жасау, ой қорыту, алынған материалдарды өз жұмыстарында орынды қолдануға үйрететін жұмыстар оқушылардың ақпарттық мәдениетін дамытуға жол ашады;

5) Жаратылыстану циклі пәндерімен:

қазақ тілінің жаратылыстану пәндерімен сабақтастықта меңгертілуі оқушылардың сөздік қорларын молайтуға және түрлі тілдік жағдаяттарда қазақ тілін орынды қолдану дағдыларын жетілдіруге септігін тигізеді;

қазақ тіліндегі терминдерді сауатты қолдануға мүмкіндік туғызады.

 15. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында ұсынылған Типтік оқу жоспарына сәйкес (10-11-қосымшалар) жаратылыстану-математикалық бағыттың 10-11-сыныптарында «Қазақ тілі» пәні аптасына 2 сағаттан оқытылады.

1) оқу жылындағы барлық сағат саны:

10-сынып – аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат;

11-сынып – аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағатты құрайды.

16. Оқу пәнінің базалық білім мазмұны:

1) оқыту қазақ тілде емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің базалық білім мазмұнын анықтауға түрлі тілдік қарым-қатынастың ауқымында пайда болатын жағдаяттар, жағдаятқа қатысушылар, заттар, оқиғалар, іс-әрекеттер, мәтіндер негіз болады.

17. «Қазақ тілі» пәнінің мазмұндық желісі үш аяға бөлініп ұсынылды:

4) әлеуметтік-тұрмыстық ая;

5) әлеуметтік-мәдени ая;

6) оқу-еңбек аясы.

18. Әрбір аяда қамтылған тақырыптар бірізділікті сақтай отырып, бірте-бірте күрделенеді. Қазақ тілінің функционалдық-грамматикалық минимумдары осы лексикалық тақырыптарды меңгерудің нәтиже көрсеткіші ретінде ұсынылады.

19. 10-сынып: 

4) әлеуметтік-тұрмыстық ая:

жаратылыстану ғылымының салалары;

«Менің әкем инженер» (отбасындағы әке мен бала қарым-қатынасы, қонақ күту);

қаржыны дұрыс жоспарлау;

5) әлеуметтік-мәдени ая:

 техника ғылымы саласындағы белгілі тұлғалар;

 Қазақстан мемлекеті, оның құрылымы;

 табиғат-жаратылыстану құбылыстарына қатысты адам есімдері;

 технология жаңалықтары;

6) оқу-еңбек аясы:

«Мен мамандық таңдаймын»,

«Мен болашақта қандай жұмыс істеймін?»;

«Алаш ғалымдарының еңбектерімен танысайық: Ш.Уәлиханов, Ж.Күдерин, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Тынышбаев».

20. 11-сынып:

1) әлеуметтік-тұрмыстық ая:

«Саяхатқа шығайық», «Әуежайда», «Теміржол бекетінде», «Қонақ үйде»,

«Қазақстанның жер аймағын аралаймыз»;

2) әлеуметтік-мәдени ая

 «Ғарыш айлағында», «Қазақ ғарышкерлері: Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев»;

 «Егер мен Қазақстан Парламентіне депутат болсам»;

 «Сән үлгілері»;

3) оқу-еңбек аясы:

«Әлемдегі өнертапқыштар(қалта телефоны, компьютер: пайдасы мен зияны, т.б.)»,

«Ғылым әлемінде», «Тәуелсіз Қазақстан ғалымдары»;

«Мен өз елімде жан-жақты білім ала аламын».

 

 

2. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық мазмұны

21. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 18 сағат:

1) жаратылыстану ғылымының салалары - 5 сағат (Тілдік бөлім: Ғылыми стиль. Терминдер. Лексика. Тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Тақырыпқа қатысты мәтіндерді түсіну. Оқылым. Тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу. Айтылым. Тақырып туралы баяндау. Жазылым. Жаратылыстану ғылымының салалары туралы мәтіндер. Тілдесім Кәсіби тілдесімді жүзеге асыру (тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету). Диалог-сұрақ. Диалог-жауап. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Жаратылыстану ғылымы туралы мәтіндер);

 2) «Менің әкем инженер» (отбасындағы әке мен бала қарым-қатынасы, қонақ күту) – 8 сағат. (Тілдік бөлім:Біріккен сөз. Қос сөз. Зат есім, не? Зат есімнің көптелуі. Зат есімнің септелуі. Етістік. Етістіктің жіктелуі, көпше түрі. Арнайы сұрақ. Лексика: Тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім:Тыңдалым. Мәтіндегі ұлттық ерекшеліктерді айыру. Диалогтік мәтіндер. Оқылым. Қонақ күту дәстүрі, үлкен мен кіші сыйластығы, әке мен бала қарым-қатынасы туралы мәтіндер. Айтылым. Өз сезімін, қарым-қатынасын баяндау. Қонақ күтуде жасалатын іс-әрекеттерді, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты баяндау. Жазылым. Танымдық жазылым (оқушыны қонақ күту туралы өз ойынан қорытынды жасап, жазуға үйрету). Оқыған мәліметтерді жазу. Тілдесім. Бейресми тілдесімді қолдану (оқушыларға ресми емес, күнделікті тұрмыс-тіршілікте кездесетін, қарапайым қарым-қатынастың түрлерін үйрету). Диалог-мәлімет. Өз отбасыларындағы сыйластық туралы сұхбаттасу, пікірлесу. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақ халқының қонақжайлығы, үлкен мен кіші арасындағы сыйластық туралы мәтіндер);

3) «Қаржыны дұрыс жоспарлау» – 5 сағат. (Тілдік бөлім: Ауызекі сөйлеу стилі. Лексика. Тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Тақырыпқа қатысты мәтіндерді түсіну. Оқылым. Тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу. Айтылым. Тақырып туралы баяндау. Жазылым. Үй төлемінің түбіртегін толтыру. Тілдесім. Кәсіби тілдесімді жүзеге асыру(тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету). Диалог-сұрақ. Диалог-жауап. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Отбасы, ата-ана арасындағы қарым-қатынас туралы мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер, тыйым сөздермен танысу. Мақал туралы ой бөлісу).

22. Әлеуметтік-мәдени ая – 24 сағат:

1) «Техника ғылымы саласындағы белгілі тұлғалар» – 6 сағат(Тілдік бөлім:Құрмалас сөйлем. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім:Тыңдалым. Қазақстанның техника саласындағы белгілі ғалымдары, ғылыми жұмыстар, жобалар туралы мәтіндер. Оқылым Қазақстанның белгілі ғалымдары, ғылыми жұмыстар, жобалар туралы мәтіндер. Айтылым. Ғылыми жоба туралы мәтіндер. Жазылым. Жазбаша жұмыстарды орындау. Оқыған мәліметтерді жазу. Ресми тілдесімді үйрету (оқушыларға ресми қарым-қатынастың элементтерін меңгерту). Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:Қазақстанның белгілі ғалымдары туралы мәліметпен таныстыру);

2) «Қазақстан мемлекеті, оның құрылымы» – 6 сағат (Тілдік бөлім: Грамматика: Туынды сын есім. Тұйық етістік. Тәуелдік жалғауы. Ілік, табыс септігі. Өздік есімдік. Етістік. Осы шақ. Жіктелуі. Көсемше. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Қазақстан мемлекеті және оның құрылымы туралы мәтіндерді түсіну. Оқылым. Мәтіннің стилін айыру. Мемлекеттік құрылым туралы мәтіндерді оқу. Айтылым. Мемлекеттік құрылым туралы баяндау. Жазылым. Жазбаша жұмыстарды орындау. Оқыған мәліметтерді жазу. Тілдесім Кәсіби тілдесімді жүзеге асыру(тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету). Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлім: Мемлекеттік құрылым туралы мәтіндерді оқып, пікір алмасу);

3) «Табиғат-жаратылыстану құбылыстарына қатысты адам есімдері» – 6 сағат (Тілдік бөлім: Қос сөз. Біріккен сөз. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Баланың дүниеге келуіне байланысты қазақтың салт-дәстүрлері туралы мәтін. Мәтіндегі ұлттық ерекшеліктерді айыру. Оқылым. Мәтіннің ұлттық-мәдени мазмұнын танымдық тұрғыдан түсініп оқу. Айтылым. Диалог-талап. Шілдеханада орындалатын белгілі бір әрекетті не істі жасауды бір-бірінен өтіну. Баланың дүниеге келіне байланысты қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері туралы баяндау. Жазылым. Жазбаша жұмыстарды орындау. Оқыған мәліметтерді жазу. Тілдесім. Қалыптасқан тілдесім (әр адамның өмірдегі өз орнына сай бір-бірімен тілдесуін, түсінісуін меңгерту). Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Отбасылық дәстүрлер);

4) «Технология жаңалықтары» – 6 сағат (Тілдік бөлім:Есімшенің септелуі. Ашық рай. Бірыңғай мүшелер.Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Балаларға арналған, көпшілік, ғылыми басылымдардағы техника жаңалықтары туралы мәтіндер. Оқылым. Басылымдарыдағы техника ғылымы, жаңалықтары туралы мәтіндерді оқу. Айтылым. Газет/журналдардың пайдасын бағалау тұрғысынан баяндау. Жазылым. Осы тақырыпқа қатысты жазбаша жұмыстар. Кәсіби тілдесімді жүзеге асыру (тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету). Диалог. Диалог-мәлімет – белгілі бір газет, журнал туралы мәлімет беру.Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:Алғашқы қазақ газеттері туралы пікір алмасу).

23. Оқу-еңбек аясы – 26 сағат:

 1) «Мен мамандық таңдаймын» – 8 сағат (Тілдік бөлім:Кейінді ықпал. Қос сөз. Туынды зат есім. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Мамандыққа қатысты мәтіндер. Оқылым. Мамандыққа қатысты мәтіндерді оқу. Айтылым. Өзі таңдаған мамандықты сипаттай отырып, болашақта соған қатысты істейтін істері туралы баяндау. Жазылым. Өзі таңдаған мамандық туралы әңгіме жазу. Кәсіби-тақырыптық тілдесім – мамандық туралы тақырыптар төңірегінде пікір алмасуды жүзеге асыру, кәсіби сөздер құрамын кеңінен қамтитын тілдік қатынасты кәсіби түрде іске асыру. Диалог-реплика – тілдік қатынаста ойын қысқа сөздер мен сөз тіркестері арқылы тез жеткізу. Диалог-сұрақ. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлім:Қазақ суретшілері туралы мәтіндер. Көптілді білетін жастар туралы мәлімет);

2) «Мен болашақта қандай жұмыс істеймін?» – 8 сағат (Тілдік бөлім:Қос сөз. Ресми стиль.Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Тақырыпқа қатысты мәтіндер. Оқылым. Тақырыпқа қатысты мәтінді оқу. Айтылым. Болашақта істейтін жұмысын сипаттай отырып баяндау. Жазылым. Жазбаша жұмыстарды орындау. Кәсіби тілдесімді жүзеге асыру (тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету);Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлім: Белгілі мамандар туралы мәлімет);

3) «Алаш ғалымдарының еңбектерімен танысайық: Ш.Уәлиханов, Ж.Күдерин, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Тынышбаев» – 10 сағат (Тілдік бөлім:Жаратылыстану ғылымына тән терминдер.Ғылыми стиль.Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Тақырыпқа қатысты мәтіндер. Оқылым. Тақырыпқа қатысты мәтінді оқу. Айтылым. Алаш ғалымдары, олардың еңбек еткен салалары туралы баяндау. Жазылым. Жазбаша жұмыстарды орындау. Кәсіби тілдесімді жүзеге асыру (тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету). Алаш ғалымдары туралы пікірлесу, сұхбат құру. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлім:Алаш қайраткерлері туралы мәлімет).

 

 

3. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық мазмұны

24. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 18 сағат:

1) «Саяхатқа шығайық», « Әуежайда», «Теміржол бекетінде», «Қонақ үйде» – 10 сағат (Тілдік бөлім: Біріккен сөздердің емлесі. Құрмалас сөйлем. Себеп-салдар мәнді құрмалас сөйлемдер. Өзгелік етіс. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Ұшақтың ішіндегі қауіпсіздік ережелері туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: әуежай, теміржол бекеттеріндегі анықтамалық ақпараттар. Диалогтік мәтіндер. Айтылым. Әуежай мен теміржол бекетінің, қонақ үй қызметі туралы мәліметтерді айту. Жазылым. Әуежай мен теміржол бекетіне, қонақ үйге байланысты тірек сөздер бойынша мәтін. Кеден мағлұмдамасын толтыру. @-mail –мен тапсырыс беру, ақша жіберу, есептесу, жаздыру.Тілдесім. Әуежай мен теміржол бекеті, қонақ үй туралы пікірлесім. Бекет қызметкерлерінен (анықтама бюросы, касса, жүк қоймасы) өзіне қажетті мәліметтерді сұрап білу. Қонақ үй қызметкерлерінен (қонақ үй әкімшілігі, анықтама бюросы, касса) өзіне қажетті мәліметтерді сұрап білу. Диалог: Сұрақ-жауап, Сұрақ-ақпарат, себеп-салдар диалогтары. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Сапарға шығу, жол туралы мақал-мәтелдер, тыйым сөздер);


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 341; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!