Учебная программа по предмету «Русский язык» 10 страница



әдебиет теориясы:ирония мен сатира туралы түсінік;

5) Сәкен Сейфуллин.«Ақсақ киік» өлеңі-1 сағат(С.Сейфуллиннің шығармашылығына шолу. Өлеңдерінің реалистік сипаты, демократтық-ағартушылық бағытта және Қазан төңкерісі туралы жазылған шығармалары. Ақынның табиғат лирикасы. Суреткерлік шеберлігі. Сәкен – қазақ мәдениеті мен тарихында қайталанбас өзіндік орны бар азамат, күрескер ақын, тоталитарлық қоғам құрбаны. «Ақсақ киік» өлеңінде табиғатты, оның аңдарын қорғау мәселесінің басты проблема болып көтерілуі);

әдебиет теориясы:аллегория;

6) Мағжан Жұмабаев «Туған жер», «Сен сұлу», «Жұлдызды жүзік, айды алқа қып берейін» өлеңдері-1 сағат (Өмірі мен шығармашылық жолы. Мағжан өлеңдеріндегі халықтық рух, азаматтық әуен, ағартушылық-демократтық сарын. Мағжанның табиғат, махаббат лирикасы. Мағжан лирикасындағы ақындық «мен». Поэзиясындағы бейнелілік, суреттілік. Метафоралық қолданыстар. Ақын поэзиясының романтикалық, реалистік сипаты);

әдебиет теориясы: лирика жанры;

7) Жүсіпбек Аймауытов«Ақбілек» романы-1 сағат (Ж.Аймауытовтың шығармашылығына шолу.Ж.Аймауытов – дарынды жазушы, драматург, ғалым, аудармашы, көсемсөз шебері. «Ақбілек» романы. Романның тақырыбы – ХХ ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік жағдай және өмір шындығы. Адамдар тағдырындағы өзгерістерді берудегі жазушының суреткерлік шеберлігі. Ақбілек образының ұлттық сипаты және психологиялық күйзелісінің шығармада көркем жинақталуы. Романдағы басқа да кейіпкерлер. Жазушының пейзаж бен портрет жасау ерекшелігі)

әдебиет теориясы:мінездеу;

8) Бейімбет Майлин«Шұғаның белгісі» хикаяты-1 сағат (Б.Майлиннің шығармашылығына шолу. Ақын поэзиясының тақырыптары мен көркемдік ерекшеліктері. Б.Майлиннің прозасы. Шығармашылығының басты тақырыбы – қарапайым еңбек адамы, қазақтың қалың бұқарасының қоғамдық-әлеуметтік өмірдегі жаңалықтарға байланысты сана-сезіміндегі өзгерістері. Майлин – әңгіме жанрының шебері. Б.Майлин – драматург. Роман, хикаяттарына жалпы шолу. «Шұғаның белгісі» - проза жанрындағы тұңғыш туындысы. «Шұғаның белгісі» - жастардың теңдік, еркіндікті аңсап, әлеуметтік әділетсіздіктерге қарсы үн көтере бастағанын шынайы бейнелеген шығарма. Хикаяттағы басты мәселе – әйел теңсіздігі, бірін-бірі сүйген жастардың махаббат бостандығы. Хикаятта аяулы Шұға мен кедейден шыққан мақтаулы, оқыған жігіт Әбдірахманның қайғылы тағдырларының суреттелуі);

әдебиет теориясы:көркем шығарма құрылысы (сюжет, композиция);

9) Ілияс Жансүгіров.«Құлагер» поэмасы-1 сағат (І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы. Ілияс лирикасының негізгі тақырыптары. Табиғат лирикасы. Ақын лирикасындағы суреттілік, бейнелілік. «Құлагер» поэмасының тақырыбы. Поэмада қазақ өмірінің тыныс-тіршілігі, әлеуметтік тартыс-күресі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, үстем таптың озбырлығы, заманынан өгейлік көрген ақын қайғысы, ақынның тіл шеберлігі, айшықты сөз өрнегі арқылы биікке көтерілуі. Поэманың сюжеттік желісі мен композициялық құрылымы. Көркемдігі мен тіл айшығы);

әдебиет теориясы:градация туралы түсінік;

пәнаралық байланыс:қазақ тілі, орыс әдебиеті, кино («Ақан сері»);

10) Жамбыл Жабаев«Ленинградтық өренім» өлеңі-1 сағат(Ж. Жабаевтың шығармашылығына шолу.Ж.Жабаев – шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы.«Ленинградтық өренім» – халық басына күн туған Ұлы Отан соғысы жылдарында қарт ақын жауынгерлерді жігерлендіретін жалынды өлеңімен Ұлы Жеңіске үлес қосуы арқылы туындаған өлеңі. Өлеңдегі халықтар достығы мен ерліктің жырлануы);

әдебиет теориясы: айтыс өнері туралы түсінік, портрет;

10) Сәбит Мұқанов«Балуан Шолақ» повесі-1 сағат (С.Мұқановтың шығармашылық жолы. Әдебиеттің барлық жанрында сүбелі туындылар берген ірі суреткер. «Балуан Шолақ» повесінің тақырыбы. Нұрмағанбеттің Шолақ атануы. Балуанның бойындағы күш-қайраттың бала кезден-ақ байқала бастауы. Балуан Шолақтың күш сынасқан палуандары. Шығарманың сюжеттік желісі мен композициялық құрылымы. Шығарманың объективті идеясы);

әдебиет теориясы:ақындық тұлға немесе лирикалық қаһарман туралы.

11) Мұхтар Әуезов.«Абай жолы» роман-эпопеясы-1 сағат (М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына шолу. Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі. Проза және драматургия жанрларын өркендетуге қосқан үлесі. «Абай жолы» роман-эпопеясы - әлемдік әдебиеттің алтын қорына енген шығарма. Эпопеяның тарихилық, этнографиялық сипаты. Романдағы Абайдың азаматтық, ақындық бейнесі);

әдебиет теориясы:образ туралы түсінік.

13) Ғабит Мүсірепов«Қазақ солдаты» романы-1 сағат (Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы. «Қазақ солдаты» - Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ жауынгерінің ерлігін көркем бейнелеген патриоттық шығарма. Қаламгердің соғыс тақырыбын меңгеру жолындағы ізденістері. Жазушының роман кейіпкері Қайроштың балалық шағынан қанды соғысқа қатысқанына дейінгі өмірін шебер суреттеуі. Шығарманың сюжеттік желісі мен композициялық құрылымы. Жазушының адам портретін жасау шеберлігі, тіл көркемдігі, стилі. Шығарманың өн бойындағы халқымыздың адамгершілік, азаматтық, батырлық, ерлік болмысының жарқын көріністері. Әдебиет теориясы:баллада туралы. Баяндау, суреттеу, диалог туралы түсінік); пәнаралық байланыс:тарих, қазақ тілі, орыс әдебиеті, электрондық оқулық (Ғ.Мүсірепов мұражайы);

14) Ғабиден Мұстафин«Шығанақ» повесі -1 сағат (Ғ. Мұстафиннің жазушылық қызметі туралы. Тарихи тақырыптағы және өндіріс тақырыбындағы шығармаларын шолу. Шығармасындағы еңбек адамының образы. Шығанақ бейнесі. Жазушының стилі, сөз қолдану ерекшелігі);

әдебиет теориясы: стиль туралы ұғым;

15) Қасым Аманжолов«Дүниеге жар» өлеңі-1 сағат(Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы.Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңдегі шығармашылық ізденістері. Ұлы Отан соғысы кезінде туған шығармалары. Соғыстан кейінгі жылдары жазылған өлеңдері. Лирикасы. Поэмалары. Ақын поэзиясындағы романтизм мен реализм. Поэзиясындағы достық пен махаббат, елдік пен ерлік мәселелерінің көркем жинақталуы. «Дүниеге жар» өлеңі тақырыптарының алуан түрлілігі. Ақын өз өлеңдерінде ақынның қоғамдағы орны мен парызы, поэзияның құдіретті күші, ерлік пен елдік туралы сөз қозғауы);

әдебиет теориясы:поэма туралы ұғымды тереңдету;

16) Әбділда Тәжібаев«Монологтар» поэмасы-1 сағат(Ә.Тәжібаевтың шығармашылық жолы. Жазушының поэзия, драматургия және әдебиеттану саласында қатар еңбек етуі. Лирикасы, поэмалары. Толғауларындағы замана жайлы ірі ойлары. Шығармаларының тақырыптық ерекшеліктері. «Монологтар» поэмасының көркемдік ерекшелігі);

әдебиет теориясы:образды жинақтау және даралау тәсілдері;

17) Ілияс Есенберлин «Қаһар» романы-1 сағат (І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығына жалпы шолу. Жазушы шығармашылығындағы тарихи тағылым. Тарихи роман жазуға барудағы мақсаты. Тоталитарлық кезеңдегі қазақ тарихы мәселесі. «Қаһар» романының тақырыбы мен оқиғалар сабақтастығы. Қаламгердің ұлт санасын оятудағы ізденістері. Кенесары бейнесі. Шығарманың көркемдігіне қатысты ойлар. Романдағы өмірдің өзекті мәселелері, тақырыптық ерекшеліктері және ізденіс арналары. Әдебиет теориясы:тарихи роман);

пәнаралық байланыс:тарих, «Көшпенділер» фильмі;

18) Сырбай Мәуленов «Сырласу сағасында», «Сәкен» өлеңдері-1 сағат(Сырбай Мәуленовтің өмірі мен шығармашылық жолы.С.Мәуленов қазақ поэзиясына өзінің сыршыл да әуенді лирикасымен келген жыр алыбы. Табиғат лирикасы. Ақын өлеңдеріндегі соғыс суреттері. Сырбай өлеңдеріндегі сыршыл сезім. Сырбай өлеңдеріндегі ұйқас, ырғақ, тіл көркемдігі.С.Мәуленов өлеңдері тақырыптарының жан-жақтылығы мен сан қырлылығы: Отан, өмір тұрмысы, туған жер табиғаты);

 Әдебиет теориясы: силлабикалық өлең;

19) Жұбан Молдағалиев«Мен - қазақпын» поэмасы-1 сағат (Ж.Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығына шолу. «Мен – қазақпын» поэмасының жанры, ондағы публицистикалық сарын, эпикалық кеңдік, елжандылық, асқақтық рух. Поэманың негізгі тақырыбы. Ақынның өз елі алдында халқын, ұлтын таныта білуі. Тіл көркемдігі, сюжеттік даму сипаты, ұйқас үйлесімі, екпін мен ырғақ ерекшелігі. Поэманың идеялық мұраты); әдебиет теориясы:екпін;

20) Тахауи Ахтанов «Шырағың сөнбесін» романы-1 сағат(Т.Ахтановтың өмірі мен шығармашылығы туралы.«Шырағың сөнбесін» романының тақырыбы, идеясы. Романдағы өмір сүйгіштік рух. Нәзира бейнесі. Шығарманың реалистік сипаты. Жазушының тілі);

әдебиет теориясы:тақырып пен идея;

21) Әбдіжәміл Нұрпейісов«Қан мен тер» трилогиясына шолу -1 сағат(Ә.Нұрпейісовтің өмірі мен шығармашылығына шолу. Ә.Нұрпейісов – төл әдебиетіміздің дамуына, қалыптасуына үлкен үлес қосқан қазақ жазушысы. «Қан мен тер» трилогиясы – жазушының күрделі туындысы. Трилогиясының көтерген тақырыбы – ХХ ғасыр басындағы Арал балықшыларының өмірі, қазақ даласындағы қоғамдық-саяси өзгерістер. Шығарманың жанрлық сипаты. Шығармадағы Еламан, Ақбала, Тәңірберген, Судыр Ахмет образдары – типтік бейне. Романдағы тартыс. Жазушының мінез сомдау шеберлігі. Әдебиет теориясы:сарказм, ирония);

пәнаралық байланыс:география, экология, кино («Қан мен тер»);

22) Мұқағали Мақатаев«Үш бақытым» өлеңі, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы-1 сағат (М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылық қызметі. Қазақ поэзиясына қосқан үлесі. Лирикасы мен поэмалары. Мұқағали өлеңдерінің өзге ақындар шығармаларынан өзгешелігі. Поэзиясының негізгі тақырыбы. Поэмаларының тақырыптары. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының сюжеті, композициялық құрылымы. Ұйқас, ырғақ ерекшелігі. Табиғат лирикасы. Тілінің көркемдігі, оралымдығы, тілге жеңілдігі, ойға тереңдігі, айшықты суреттілігі); әдебиет теориясы:троптың түрлерін дамыту, электрондық оқулық («Бір өлеңі бір елдің мұрасындай» телесабақ);

23) Қадір Мырза Әли мен Тұманбай Молдағалиев«Домбыра» өлеңі, «Студент дәптері» жинағы-1 сағат (Ақындар шығармашылықтарына шолу. Олардың қазақ поэзиясындағы философиялық лириканың аса ірі өкілдері екендігі. Қ.Мырзалиев – қазақ поэзиясындағы фәлсафалық лириканың аса ірі өкілі. Ақын өлеңдеріндегі адам өмірі, әлем тағдыры, табиғат тіршілігі, келешек ұрпақ қамы мәселелерінің өзара үйлесімі. Поэзиясының көркемдік ерекшелігі. Ақынның тапқыр ой, тың теңеу, соны сурет салуға шеберлігі. Өлеңдерінің тәрбиелік мәні. «Домбыра» өлеңінің идеялық мұраты мен көркемдік ерекшеліктері. Тіл оралымы мен айшықты суреттелуі. Қадыр поэзиясының ұлттық сипаты. Т.Молдағалиев - махаббат, жастық, көктем жыршысы. Т. Молдағалиев – қазақ поэзиясындағы сыршыл лиризмді дамытушы. «Студент дәптері» - алғашқы өлеңдер жинағы. Лирикалық шығармаларындағы нәзік сезім, асқақ арман, кіршіксіз сезім мен ынтық жүрек жылуы);

әдебиет теориясы: теңеу, риторикалық сұраулы сөйлем ұғымын тереңдету;

24) Қабдеш Жұмаділов «Соңғы көш» дилогиясына шолу1 сағат (Қ.Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылық жолына шолу.«Соңғы көш» дилогиясы. Шығармада көтерілген негізгі мәселелер, бодан ел тағдырының көркем жинақталуы. Романдағы Қанағат би және Естай образдары. Шығарманың жанрлық сипаты. Жазушының тіл көркемдігі);

әдебиет теориясы:пейзаж бен портрет;

25) Олжас Сүлейменов«Қасқырдың бөлтіріктері» өлеңі-1 сағат (Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығына шолу. О.Сүлейменов – XX ғасырдың аса көрнекті ақындарының бірі. Ақын өз шығармаларын орыс тілінде жазуы. Ақын өлеңдеріндегі ұлттық рух, қазаққа тән дүниетаным көріністері); пәнаралық байланыс:қазақ, орыс тілдері;

26) Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат» -1сағат (О. Бөкеевтің өмірі мен қызметі туралы мәлімет. Қаламгердің алғашқы әңгімелері мен повестері. «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесіндегі реалистік сипат. Әңгімедегі образдар жүйесі. Сюжеті мен композициясы. Шығарманың тіл көркемдігіне қатысты ой-пікірлер. Жазушы шығармаларындағы адам мен табиғат тұтастығы);

пәнаралық байланыс:Қазақстан тарихы (екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақ халқының тылдағы ерліктері);

27) Мұхтар Шаханов«Танакөз» поэмасы-1 сағат (Мұхтар Шахановтың шығармашылығына шолу. «Танакөз» поэмасындағы биік адамгершілік, мораль мәселесі. Поэмадағы шынайы достық, адал махаббат пен қайырымдылықтың суреттелуі. Танакөз бейнесі. Сюжеті мен композициялық құрылымы);

әдебиет теориясы: метонимиялық қолданыстар;

28) Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті -2 сағат (Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде еліміздің экономикасымен қатар ұлттық идеологиясы да тұрақтап, қалыптасуы. Ақын-жазушыларымыз өз шығармаларында тәуелсіздік жеңістерін, сондай-ақ егемендікті нығайту үшін күресіп жүрген адамдар тағдырын суреттеп, бейнелеуі. Қазіргі жас ақын-жазушылардың әр бағытта ой толғап, әр алуан тақырыптарға қалам тартуы. Мысалы, таза ұлттық дәстүрді жырлау, батыс үлгісіне еліктеушілер);

әдебиет теориясы: әдеби ағымдар;

29) қорытынды – 1 сағат.

 

5. 10-11-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

18. 10-сыныптың соңында оқушылар пәндік нәтижелер бойынша:

1) әдеби шығармаларды ұлттық құндылық ретінде ұғынып, ХІХ ғасыр және қазіргі заман әдебиеті үлгілерін;

2) ақын-жазушылардың шығармашылық өмірбаяны мен шығармашылығын;


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 351; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!