Учебная программа по предмету «Русский язык» 1 страница



МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

НАЦИОНАЛЬНАЯ АКАДЕМИЯ ОБРАЗОВАНИЯ ИМ.Ы.АЛТЫНСАРИНА

 

 

УЧЕБНЫЕ ПРОГРАММЫ

По предметам образовательной области «Язык и литература»

Уровня общего среднего образования

(10-11 классы общественно-гуманитарного и естественно-математического направлений)

 

 

Астана 2013

Утвержден приказом Министра образования и науки Республики Казахстан №115 от 3 апреля 2013 года

 

Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан №8424 от 10 апреля 2013 года

 

 

     Учебные программыпо предметам образовательной области «Язык и литература» для 10–11 классов общественно-гуманитарного и естественно-математического направлений общеобразовательной школы. – Астана, 2013. – 190 стр.

 

 

©Национальная академия

 образования им.Ы.Алтынсарина, 2013

 

Учебная прграмма по предмету «Қазақ тілі»

(общественно-гуманитарное направление)

1. Түсінік хат

 

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Оқыту қазақ тілде емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәні – орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес «Тіл және әдебиет» білім беру саласына енгізілген және мектептің жалпы орта білім беру деңгейінде міндетті түрде оқытылатын пән.

3. «Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы қазақ тілінің Мемлекеттік тіл мәртебесімен дәйектеледі. Қазақ тілін оқыту барысында өзге тілде білім алатын жоғары буын оқушыларын қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетін мәдениаралық қатысым құралы ретінде меңгерту көзделеді.

4. Оқыту қазақ тілде емес мектептердің бастауыш білім деңгейінде қарапайым деңгей 1-3-сыныптарды қамтыса, негізгі және орта деңгейлер 4-сыныптан бастап оқытылады да, 9-сыныппен аяқталады. Ортадан жоғары деңгей 10-11-сыныптарды қамтиды.

5. 10-11-сыныптарға арналған «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы –қазақ тілде емес мектептерде қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгеруді қамтамасыз ететін; қазақша сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім) ортадан жоғары деңгейде іс жүзіне асыратын; оқушының түсінікті сөйлеу дағдысы мен сауатты жазу дағдысын қалыптастыратын білім мазмұнын, көлемін, мөлшерін, оқу жүктемесін қамтитын; білім, білік, дағды деңгейлеріне байланысты тақырыптық аяларды, дидактикалық ұстанымдарды; оқушылардың білімі мен білігіне қойылатын талаптарды анықтайтын нормативтік құжат.

6. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Білім беру туралы» Заңдары мен «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында белгіленген міндеттер еліміздің білім беру жүйесінде көптілді меңгерген дара тұлға қалыптастыру мақсатын жүзеге асырудың ұтымды жолдарын анықтауды талап етеді.

7. Әлемдік білім кеңістігінде орныққан «Шетел тілдерін деңгейлеп меңгертудің еуропалық жүйесінде» белгіленген тілді игерудің деңгейлері мен олардың сипаттарының негізінде Қазақстан Республикасындағы оқыту қазақ тілді емес жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарында қазақ тілін үйретудің деңгейлері айқындалды. Оқушының білім, білік, дағдылары орта мектеп жүйесінде тілді деңгейлік меңгерту ерекшеліктеріне сәйкестендіріліп, жіктелді.

8. 10-11-сыныптардағыОртадан жоғары деңгей-В 1  екі игерімді қамтиды:

тереңдетіле қалыптасқан орташа игерім В 1.1 – 10-сынып;

тереңдетіле қалыптасқан толық игерім В 1.2 В 1.2 – 11-сынып.

9. Қазақстан Республикасы халқының контингенті мен қазақ тілді емес жалпы білім беретін мектептерінде тілдерді оқыту мен үйретудің өзіндік ерекшелігі ескерілді және тілдерді деңгейлік меңгерудің еуропалық жүйесі негізге алынды:

 1) еуропалық жүйеге сәйкестендірілген тілдік деңгейлер жалпы білім беретін орта мектептің 1-11 сыныптары бойынша сараланды;

 2) негізгі және орта деңгейлердің тіл игеру игерімдері айқындалды;

 3) негізгі және орта деңгейлердегі базалық білім мазмұны тілдік деңгейлер бойынша түзілді;

 4) оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар негізгі және орта деңгейлердің ерекшеліктерін ескере отырып, сөйлесім әрекетінің бес түрі бойынша сараланды;

 5) әр сыныптағы бағдарлама материалдары тілдік бөлім, қатысымдық-сөйлесімдік бөлім және мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі бойынша нақтыланып ұсынылды.

10. Қазақ тілін үйренуге негіз болатын бөлімдер арқылы оқушылардың жобаланған оқу нәтижелеріне жетуі қарастырылады.

11. Оқу пәнінің мақсаты – ортадан жоғары деңгей бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде әдеби тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға қазақша тілдік қатынас нормаларын игерту.

12. Оқу пәнінің міндеттері:

1) жоғары сынып оқушыларының білімін тілдік, лингвомәдениеттанымдық, этномәдени және әлеуметтік тұрғыдан кеңейтіп, қазақ тілін игертудің коммуникативтік бағытын жүзеге асыру;

2) оқушының өз ойын, пікірін, көзқарасын еркін, дұрыс, нақты (ауызша және жазбаша) жеткізе білу дағдыларын жетілдіру;

3) оқушылардың қазақ тіліндегі функционалдық сауаттылығын дамыту;

4) мәдени-әлеуметтік, қоғамдық-саяси тақырыптардағы оқу материалдарымен жұмыс аясында оқушылардың қатысымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру.

13. Тілді меңгеру деңгейлерін игерімдерге жіктеу білім беруді дара тұлғаға бағдарлау ұстанымына сай іске асырылады. Бір деңгейдің алғашқы сатысында білім мазмұнын игере алмаған оқушы бейімдеу, дамыту, психологиялық үйлесімділік ұстанымдары негізінде келесі сатыда тиісті мазмұнды меңгеруге мүмкіндік алады.

14. Қазақ тілде емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің білім мазмұнын іріктеудеқатысымдық-әрекетшілдік, қатысымдық-функционалдық, ункционалдық сауаттылықты қалыптастыру, ұлттық ерекшеліктерді ескеру, оқу материалдары мазмұнының аутенттілігі, шындық өмірге сәйкестігі; оқушының тілді білу деңгейіне сай келуі; білім мазмұнының жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқыту ұстанымдары басшылыққа алынды:

1) үздіксіздік ұстанымы оқытудың барлық сатыларының арасындағы жалғастықты әдіснама, мазмұн, әдістеме және технология сабақтастығы тұрғысынан оқытуды қамтамасыз етеді;

2) оқытудың әрекетшілдік негіздегі ұстанымы оқушыларды оқу-танымдық әрекетке белсенді қатыстыру арқылы жаңа білімдерді ашуын, өзін өзі бағалау мен өз әрекетін өзі бақылай алу дағдыларының қалыптасуын қамтамасыз етеді.

3) пәнаралық байланыс ұстанымы мәтіннен ақпаратты тауып алу тәсілі,

мәтінді мағыналық бөліктерге бөлу, негізгі және қосалқы ойды ажырата алу және т.б. (әдебиетпен байланыс); өзектілік тәсілі, салыстыру, жүйелілік, қарсы қою, себеп-салдарлық байланысты анықтау және т.б. (ана тілімен байланыс) жұмыстар арқылы жүзеге асырылады;

4) түсіністік ұстанымы қазақ тілін оқыту барысында жоғары сынып оқушыларының психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, психологиялық үйлесімді жағдай тудыруға мүмкіндік жасайды. Оқушылардың қарым-қатынас жасауына және олардың өз жетістігін сезінуіне мүмкіндік беретін тілектестік ниетті ұстану оқу үдерісі тиімділігінің маңызды шарты болып табылады.

5) оқушылардың тұлғалық жетістіктерін ескеру ұстанымы түрлі деңгейдегі күрделі тапсырмаларды шешуге, өздік жұмыстарды орындауға, оқыту мотивінің тұлғалық-мәнділігін қалыптастыруға, оқытудың ұтымды технологиясы мен оқу материалдарын таңдауға және бейімдеуге, білім деңгейлері әртүрлі оқушылардың жоспарланған нәтижелерге жетуіне мүмкіндік береді.

6) шығармашылық ұстанымы оқушылардың түрлі шынайы жағдаяттарда жаңа типтегі міндеттерді өздігінен шешу қабілетін, құзіреттілікке бағытталған тапсырмаларды орындау білігін қалыптастыруға мүмкіндік тудырады.

15. Пәнаралық байланыс өзге тілді мектеп оқушысының қазақ тіліндегі сөздік қорын молайтуға, дүниетанымын кеңейтуге, қазақ тілін қолдану мүмкіндіктерін арттыруға жол ашады. Жалпы білім беретін өзге тілде оқытатын мектептердің негізгі сатысында «Қазақ тілі» пәнін төмендегідей пәндермен байланыстыра меңгерту көзделеді.

1) «Қазақ әдебиетімен»:

қазақ тілін жүйелі әрі сапалы меңгертуде оқу материалдары қазақ әдебиеті шығармаларынан алынатындықтан, олардың арасындағы байланыс үздіксіз жүргізіліп отырады;

олар оқушыны ойлауға, сөйлеуге үйретумен қатар эстетикалық талғамдарын да арттыруға, көркем сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, тіл байлығын молайтады;

2) «Орыс тілімен»:

қазақ тілінің құрылымдық жүйесін танытуда екі тілді салыстыру әдісі, бір жағынан, оқушының дүниетанымын кеңейтсе, екінші жағынан, тілді сапалы меңгертуге, саналы түсіндіруге әсер етеді;

орыс тілі мен қазақ тілінің арасындағы байланыс сөз әдебіне қатысты ерекшеліктерді ұғындыруда да маңызды болып саналады;

3) «Қазақстан тарихымен»:

тіл мен тарихтың байланысы термин сөздерді, басқа тілден енген сөздерді дұрыс меңгертуде ерекше рөл атқарады;

сөздердің этимологиясын түсіндіруде де тарихи фактілерге сүйену оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастыруға мүмкіндік береді;

4) «Информатика» пәнімен:

оқушыларға ұсынылатын өздік және шығармашылық тапсырмаларды сапалы орындауға ақпараттық технологияларды қолданудың ықпалы зор;

интернет көздерінен материалдар тауып, оларға талдау жасау, ой қорыту, алынған материалдарды өз жұмыстарында орынды қолдануға үйрететін жұмыстар оқушылардың ақпарттық мәдениетін дамытуға жол ашады;

5) жаратылыстану циклі пәндерімен:

қазақ тілінің жаратылыстану пәндерімен сабақтастықта меңгертілуі оқушылардың сөздік қорларын молайтуға және түрлі тілдік жағдаяттарда қазақ тілін орынды қолдану дағдыларын жетілдіруге септігін тигізеді;

 қазақ тіліндегі терминдерді сауатты қолдануға мүмкіндік туғызады.

16. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында ұсынылған Типтік оқу жоспарына сәйкес (9-қосымша) қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы «Қазақ тілі» пәні аптасына 10-11-сыныптарда 3 сағаттан оқытылады. Оқу жылындағы барлық сағат саны:

1) 10-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат;

2) 11-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағатты құрайды.

17. Оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытында (11-қосымша) «Қазақ тілі» пәні аптасына 2 сағаттан оқытылады. Оқу жылындағы барлық сағат саны:

1) 10-сынып – аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат;

2) 11-сынып – аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат.

17. Оқу бағдарламасының білім мазмұнында сағаттар мөлшері оқыту тіліне байланысты келесідей үлгіде көрсетілген. Мысалы: І. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 27/16 сағат. 1. Отбасы бюджетін жоспарлау - 9/6 сағат. Мұндағы алдыңғы сан орыс тілді мектептерге, ал соңғы сан өзбек, ұйғыр, тәжік тілді мектептерге арналып көрсетілген.

18. Оқу пәнінің базалық білім мазмұны:

1) оқыту қазақ тілде емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің базалық білім мазмұнын анықтауға түрлі тілдік қарым-қатынастың ауқымында пайда болатын жағдаяттар, жағдаятқа қатысушылар, заттар, оқиғалар, іс-әрекеттер, мәтіндер негіз болады.

19. «Қазақ тілі» пәнінің мазмұндық желісі үш аяға бөлініп ұсынылды:

1) әлеуметтік-тұрмыстық ая;

2) әлеуметтік-мәдени ая;

3) оқу-еңбек аясы.

20. Әрбір аяда қамтылған тақырыптар бірізділікті сақтай отырып, бірте-бірте күрделенеді. Қазақ тілінің функционалдық-грамматикалық минимумдары осы лексикалық тақырыптарды меңгерудің нәтиже көрсеткіші ретінде ұсынылады.

21. 10-сынып: 

1) әлеуметтік-тұрмыстық ая:

 отбасыбюджетін жоспарлау;

«Біз қонақ күтеміз (дәстүрлі тамақ, қонақ күту, шығарып салу, сыйлық) »;

отбасындағы әке мен бала қарым-қатынасы;

2) әлеуметтік-мәдени ая:

 «Қазақстанның белгілі ғалымдары»

«Қазақстан мемлекеті, оның құрылымы»

«Сенің есімің қандай мағына білдіреді?» 

«Мен оқитын газет-журналдар (балалар газеті мен журналы)»;

3) оқу-еңбек аясы:

«Мен мамандық таңдаймын»,

«Мен болашақта қандай жұмыс істеймін?»;

22. 11-сынып:

1) әлеуметтік-тұрмыстық ая:

 «Сапарға шығайық», «Әуежайда», «Теміржол бекетінде», «Қонақ үйде»;

2) әлеуметтік-мәдени ая

     «Жастар киімі», «Мектеп формасы», «Сән»;

«Егер мен Қазақстан Парламентіне депутат болсам»;

«Театрға саяхат»;

3) оқу-еңбек аясы:

«Пошта қызметін қолданамыз»;

«Қалта телефоны»;

«Компьютер: пайдасы мен зияны»;

«Мен өз елімде жан-жақты білім ала аламын».

 

 

2. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық мазмұны

23. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 27 /16 сағат:

1) «Отбасы бюджетін жоспарлау» - 9/6 сағат (Тілдік бөлім:Ауызекі сөйлеу стилі.Лексика. Тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер.Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Тақырыпқа қатысты мәтіндерді түсіну. Оқылым. Тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу. Айтылым. Тақырып туралы баяндау. Жазылым. Үй төлемінің түбіртегін толтыру. Тілдесім. Кәсіби тілдесімді жүзеге асыру (тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету). Диалог-сұрақ. Диалог-жауап.Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:Отбасы туралы мақал-мәтел, нақыл сөздер);


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 289; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!