Тематика курсовых работ предусмотрено 3 страница



ХХ ғасыр аяғында ғаламдық ақпарат қоғамының даму идеяларының жаңа бастамалары басталды. Бұл П.Друкер мен М.Каспальс еңбектерімен байланысты. 1999жылы Америка экономисті Питер Друкер «Посткапиталды қоғам» атты еңбегің шығарды. Автордың басты идеясын дәстүрлі капитализмді өту қажеттілігін революциялық тәсілмен ғана емес, эволюциялық жолмен өтуін ұсынды. Капитализмнін басты ерекшеліктерің өзгеруі көрінді. Басты көрсеткіш – индустриалды шаруашылықтан экономикалық жүйеге көшу.

Ақпаратты технологиялардың дамуы адамзатқа капиталистік қоғамның ақпаратты қоғамға көшуіне мүмкіншіліктер берді.

Мануэль Кастельс замандас беталыстарды анализге ұшыратты, бұл беталысты ол «жүйелік» деп атаған. Оның теориялық анализі әлемдік және халықаралық қаржы нарықтарды зерттеуден құрылған.

Адамзат даму кезеңдерінде ақпарат пен ақпарат алмасу үнемі адамзатпен байланыста болатын. Ресей ғалымы А.И.Ракишевтің ойлауынша ақпаратты қоғамға көшу дегеніміз өндіріс пен қызмет көрсетулерді басты әлеуметтік өызметке айналдыру. А.И.Ракитов ақпаратты қоғамның басты мақсатың қоғамның ақпарат алуға құқықтық және әлеуметтік кепілдік беру.

Ақпаратты қоғамның басты қағидасы – ақпараттың көлемі мен сапасы, ақпаратты құрау тиімді механизмдері, оларды өңдеу, сақтау.Сонымен қатар ақпарат әр адамға қол жетімді болу керек. Адам өмірі мен өндіріске жаңа телекоммуникационды технологияларды еңгізу мен дамыту жаңа өмір сапасын құрайды.

Экономикалық ақпаратты секторы белсенді түрде дамып келе жатыр. Ақпаратты қоғамның басты белгілеріне жататындар:

· ақпаратты кеңестік құрау мен интеграцияларына ақпаратты және экономикалық процесстерін тереңдету;

· елдердің экономикасында жаңа технологиялық құрылыстың құрылуы мен басылуы жағдайға әкеленуі;

· білім деңгейінің көтерілуі,жұмыскер тәжирибесі мен квалификацияның өсуі, өңдірістің барлық салаларында ақпаратты технологиялардың қолданылуы, өндіріс процесстерін автоматизациялау мен роботизацияландыру.

80-90 жылдардың басты ерекшеліктерінің бірі Американдық, Еуропалық, Ресей мамандарының ақпарат алуды кеңейту мен тезделуіне көп назар аударуы. Егер де ХХ ғасыр ортасында ақпараттың көлемі 10 жылда бір рет көбейсе, 80 жылдары 5, ал бүгінгі таңда ол әр жыл сайын көбейеді.

  Ақпаратты революцияның жағымды жақтарымен қатар, адамзат алдында жаңа проблемалар пайда болды. Олар цифрлі ажыратылу, ғаламторлы құқықты реттеу проблемалары, қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемалары мен ақпараттың құпиялығын қамтамасыз ету проблемалары мен т.б.

  «Цифрлі теңсіздік» пен «цифрлі ажыратылу» терминдері (ағылшын тілінде igital divide) ақпаратты технологияларды қолдануға шек қою үшін АҚШ-та пайда болған. Бұл шектеулер кедей мемлекеттер мен нашар дамыған елдер үшінт қойылған. Қоғам ақпаратты шектеусіз және шектнулі түрде алатындарға бөліне бастады. Қоғамда жаңа компьютерлік салауаттылықтың түрі пайда болды: компьютермен жұмыс істей алмайтындарға жұмыс табу қиынға түсті. Жаңа ақпаратты-коммуникационды технологиялар жер бетінде адамзат өмірін өзгертті: адам «онлайн» режимінде ақпарат іздеуге, дистанционды білім алуға мүмкіншілігін алды. Бұл проблеманың шешілуі тек мемлекеттердің ақпараттық саясатынан ғана емес,халықаралық іскерліктен пен байланысуынан тәуелді болады.Адамзат компьютерлік революциясының жағымсыз аспектілеріме де әр күн сайын тап болады. Ақпарат алудың шектеусіздігі адам санасына кері әсерін тигізді, себебі порнография,зорлық зомбылық, адамзат жеккөрушілік идеялары, азартттық ойындар – 18 жасқа толмаған азаматтарға да қолжетімді болды. Егер де бұндай ақпарат тек адам қарым қатынасының маргиналды облысында ғана болса,ғаламтор желісінің дамуы себебінен ол заңды түрде бекітілген болатын. Бүгінгі таңда ғаламтор желісінде көптеген порнографиялық фото суреттер, видео бейнелері мен мәтіндері бар ресурстар өмір сүріп жүр. Сонымен қатар Интернет желісінде қылмыстық, террористік ұйымдарға, фашизм идеясын тарату, нәсілдік, діни, этникалық ерекшелік туралы  ақпаратты тарату мүмкіншілігі бар.

Өзін реттеуге талап ететін мемлекеттік емес және қоғамның қарамағынсыз жетекші қоғамдық өмірдің сфералары:

· жеке мағлұматтар мен жеке өмірді қорғау;

· электронды коммерция мен басқа бәсекелерді реттеу және қорғау;

· интеллектуалды жеке меншікті қорғау;

· қылмыстық ақпараттармен күрес пен ғаламтор ішінде қылмыстық іс әрекеттердің алдын алу;

· электронды хаттарды құқықты реттеу.

Ғаламтор ішіндегі пайда болатын құбылыстар үнемі заңдамен бақыланады. Бірақ ғаламтор ішінде заң қолданылуы үшін қазіргі таңда техникалық мүмкіншілік аз. Ғаламтор Ғаламдық проблемаларының бірі ғаламтор желісінің жұмысын қадағалап, қатаң заң қолдана алмауы. Адамзат дамуының келесі сатысына өтуінің басты екі факторы- ақпараттың адам өміріндегі алып жатқан рөлінің өсуі мен өсіп келе жатқан ақпараттың өндіріске,басқаруға түскен әсер етуі.

 

Бақылау сұрақтары:

1. психоанализ психологияның ғылыми зерттеу тәсілі туралы түсінік;

2. рухани өмірдің түрлі аймақтарындағы зерттеулердің қосалқы тәсілін қарастыру;

3. психоанализ қателік әрекеттерді сонымен қатар түс көру мен ауру белгілерін ұғындыру өнерін қарастыру;

4. психоанализ жүйке жүйесі ауыратындарды емдеу әдісіне ттолық мәлімет беру.

 

Әдебиет:

1. Бураканова Г., Изтелеуова Л. Имиджелогия: Учебн. Пособие.- Астана: Изд. КазУЭФМТ, 2011.-145 с.

2. Шепель В.М. Имиджелогия Как нравиться людям. - М.: Народное образование, 2002 - 478 б

№ 3 Дәріс. БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ ИМИДЖІН МОДЕЛЬДЕУ

Мақсаты: Имидж туралы жалпы түсінік беру

Жоспар:

1. Оң  имидж.

2. Сыртқы бейне. Ұйым бейнесі.

3. Іскерлі байланыстар. Мәнерлер байсалдылығы.

4. Мінез қүлық стратегисы.

* Түйін сөздер: Маманның имиджі, имидж жүйесінің элементтері, оң имиджды, өзіндік таным, сана, Этикет.

  Маманның имиджін қалыптастыруда таңдалған кәсіптік әрекет маңызды рөл атқарады.Тұлғаға қарап мекемеге жалпы баға беріледі.Сондықтан оң имиджды қалыптастыру мәселесі жас мамандар үшін өзекті болып табылады. Адамның сыртқы келбеті тартымды,бірақ имидждың шешуші құралы емес. «Имидж» деген термин (ағылшын тілінен аударғанда келбет, сурет, айнадағы көрініс) адамның бейнесі. Сол бейне арқылы «көрмеге» тұлғаның ең маңызды қасиеттері қойылады. Имидж мақсатты түрде қалыптасқан бет, құбылыс, зат. Белгілі бір құнды сипаттама және біреуге жарнама, таңымал ету үшін эмоционалды-психологиялық әрекет .В.М.Шепель былай жазады: «Осылардың ішінде ең басыңқы деп ізеттілік, білімділік және кәсіптік деп санау керек». Осы үшем арқылы белгілі бір тұлғаның имиджі сенімді түрде қалыптасқан. Бұл үшем көп адамның санасына сіңген. Имидждың өзінше бір «құрылыс материалы». Бөлек адамға проекцияланады. Адамға таңдалған имидж жараса кетсе, біздің санамызда психикалық түрде имидж мақұлданады.                                                                                      Ф.А.Кузинның пікірінше, имидж жүйесінің элементтері болып «сыртқы тартымдылық, киім киісі ,адаммен араласу мәнері, мимика, ауызша және жазбаша өнерін меңгеру, іскерлік этикеттің ережесі мен шарттылығын ұстану, өзін-өзі ұстану стратегиясы, қызметтік субординациясын ұстану, қылықтық техниканы тиімді пайдалану, өзі туралы жақсы пікір қалыптастыру, сұрақ қою және оларға жауап беру». Бобби Джи өз «Фирма имиджі»кітабында былай деп сендіреді: Үміткерді таңдауда өмір сұру имиджі қызметтік жоғарлауына өз септігін тигізеді. «Имидж» деген терминнің мағынасын ашқанда, сәтті бизнестің іргетасын құру жолында: әлемге көзқарас, ұзақ мерзімді мақсаттар, принципттер және стандарттар элементтерін қолдану қажет. Оның айтуынша, әлемге деген көзқарас шешім қабылдауда негіз болып табылу керек ал имидж және репутация бизнесте немесе қоғамдық өмірде жеңіс немесе жеңілістің негізгі себептері болып табылады. Кәсіптік талаптар әрекет түріне қарай еңбек заты,мақсаттарына,құралдар және еңбек шартына қарай бөлінеді. Бұл ерекшеліктер адамның кәсіби имиджіне өз талаптарын мойындатады. Мұндай имидждің қалыптасу негізінде адамның кәсіби-тұлғалық қасиеттері әсер ететіні айдан анық.       Олар тұлғаның кәсіби деңгейде дамуға, өзіндік дамуға,қажетті дағдыларды әлуметтендіру процесінде қалыптасады. Болашақ маманның кәсіби тұрғыда даму үстінде тұлғаның құрылымдық өзгерістер болмай қалмайды. Мүдделер шеңбері мен қажеттіліктер жүйесі кеңейеді. Менеджер үшін басқару мақсаттарына жету уәжі өзекті болады. Уақыт өте өзін іске асыру,өзін дамыту қажеттілігі өседі, ол біліктілік пен құзыреттіліктің,іскерлік пен дағдылықтың,кәсіби міндеттердің жаңа алгоритмдерін шешуге,әрекетінің кәсіби қалыптасуы мен жоғарлауына әкеп соғады. Маман әректі ерекшелігінанықтайтын өз кәсіби қасиеттерін іске асырады,оның күрделі ондірістік жағдаяттарға психологиялық дайындығы жоғарлайды, кәсәптіліктің инварианттылығы дамиды. Қазіргі заманның болашақ маманының кез-келген салада биіктен көрінуі оң имиджін қалыптасуы мен пайдаланудың арқасында жетіледі. «Оң» деген термин ол: қазіргі заманғы маманның қабылдаған бейнесі, қоғамдық пікір бойынша әлеуметтік-жағымды қабілеттенген, керісінше,теріс имидж әлеуметтік-теріс сипаттамаларды көрсетеді.Ол,мысалы, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қалыптасуы мүмкін,фирма немесе жетекшінің шынайы қасиеттеріне тәуелсіз, және мұндай теріс қабылдауды аттау өте қиын болары сөзсіз.                                                                                                             Теріс имидж адекватты, дұрыс емес, тұлғаның сыртқы және ішкі келбетінің қоғамдық пікірдежалған айнасы болуына септігін тигізеді. Теріс имидж тұлғаның бар қасиеттерін қабылдамауы тиіс. Тарихи дәуірге , немесе қоғамда үстем құлықтық және эстетикалық түсінігінде нақты тұлғаның сол бір қасиеттері әр баға беру жүйесіне тәуелді екені түсінікті. Бейтарап имидж-ол тұлғаның сыртқы және ішкі қабілеттерінің айқынсыздығы,және қоғамдық пікірдің жоқтығы. Шынайыда,бейтарап имидж болмайды,өйткені имидж тұлғаның сапалы сипаттамаларын ұсынады және де қарама-қайшы категориялар арқылы бағаланады: «оң-теріс», «жағымды-жағымсыз», «жақсы-жаман». Іскерлік оң имидж болашақ маман және оның кәсіби біліктілігі туралы алғашқы әсерін қалыптастырады. Мұндай имидж оның фирмалық белгісі,сыртқы маңдайшасы.Жас маманның имиджі тартымды болса,ұйымның кәсіби абыройы және мекеменің атағы жоғарлайды. Қазіргі заманғы маманның оң имиджді иелену қажеттілігі айдан анық. Оның үстіне,әлемдік өркениетті кәсіпкерлік тәжірибесі оң имиджсіз кәсіпкерліктің әр саласын табысты түрде жүргізу және іскерлер арасында лайықты абыройға ие болуға мүмкін еместігін дәлелдеді. Оң имидж кез-келген маман мәдениетінің ірі бөлігі ретінде есептелуі тиіс,оны иемдену-тұлғалық және кәсіптік маңызды сипаттама. Имидждың шығу тарихына назар аударсақ,«имидж» түсінігі тұңғыш рет шетелдік зерттемелерде пайда болған. П.Берд имиджды басқа адамдардың адамды қабылдау деп анықтайды. Жеке адам тұлғасының жалпы көрініс көпшілік көзінде оның сөйлеу мәнері,көзқарасы,киім-киісі,іс-әрекеті:қабілеттілігі,құлықтық қасиеттері,жүріс-тұрысы жобаланады.                                                                   Имидж тұлғаның қабілеттерін айқындаған соң,ол да сондыктан көпқырынды,сондай -ақ әртүрлі жағдайда адам көпшілік көзінде әр түрде көрінеді. Қандай да бір имиджды әлемге ұсынбас бұрын,маманның өз ішкі көрінісі ,әлеуметтік нормаларға тығыз жүктелуі соған сай керек.   Шетелдік тәжірибеде фирма немесе іскер адамның міндеттілігіне күмән болмайды. Былай деп қарау іскер адамдардың менталитетіне «мөр басылғандай» анық. Имидж іскерлік қатынастардың мәдениет бөлігі ретінде алға шығады. Имидж-адамдардың арасындағы қатынастарды құруға көмек ретінде өзінше адами құрал-сайманы. Іскер адамның имиджі иесі мен оның клиенттеріне тиімді әсер ететін күшті психологиялық құрал. Басқару және бизнеспен айналысатын адамдар басқаларға тиімді әсер ету тәсілдерін іздеумен бас қатыруда. Соның бірі имидж.                                             Имидж деген беделді және жоғары әлеуметтік деңгейге ие болған адам деп түсіну керек. Егер де менеджер адамдармен байсалды басқарушы ретінде қабылданса,ол туралы «имиджі» бар деп айтады. Әлеуметтік сұрақ-жауаптарда мұндай адам жоғары рейтингке ие болады. Қазіргі заманғы түсінікте «имидж» термині «харизма» терминіне жақын, ежелгі гректер «дарындылық», «парасаттылық», «қасиеттілік» деп белгілеген. Осы қасиеттерге ие болған адамдар көпшілікке ерекше күшпен әсер ете алған. Харизмаға толы мамандар әлбетте көшбасшының қызметін атқарады.И.Д.Ладанов осындай көшбасшыларға тән ерекшеліктерін жүйелейді. Олардың басқа адамдардан айырмашылығы: әсерлі келбеті,тартымдылығы,көз қызарлықтай сымбат,өзін керемет ұстауы,тәуелсіз мінез-құлқы. Өмір соқпақтарында бұл адамдар өздеріне ғана сенеді. Олардың сөйлеу мәнері,ымдауы мен дене қозғалысы жақсы дамыған. Олар үнемі жинақы,өзінің маңыздылығын толық сезінеді,тәкәппарлықты көрсетпейді. Олар сынау мен мақтауды өте байсалды түрде қабылдайды. Олар өздеріне айтылған ғайбат сөздерді төзіп тыңдайды,көпшілікке жылы сөз үшін алғыс білдіреді,бірақ келесіде олай жасамау керектігін сыпайы түрде білдіреді. Жоғары деңгейдегі мамандардың іс-әрекетін бақылаған И.Д.Ладанов мынандай болжамға келді:олар табиғи немесе әдейі жиылған /қалыптасқан/ суггестияға ие. Суггестия-басқа адамдарға әсер ете алу психологиялық қасиет. Ол білімсіз немесе арнайы тәсіл арқылы көрінеді. Оң имиджды қалыптасу негізінде бейне жатыр. Бейне-адам санасында пайда болатын ойдағы көрініс.                                                                                                 Оңтайлы имиджді қалыптастыру негізінде бейне жатады. Бейне бұл адамның санасында пайда болатын ойдағы көрніс. Белгілі бір обьектілер, заттар және құбылыстардың, ішкі және сыртқы сипаттамалары бейнеден көрніс табады. Әрі қарай өзіндік ішкі бейнеленген «Мен» адам құлығының реттеушісі ретінде рөл атқарады. Оң имидж субъектінің ең әдем, әлеуметтік – қолайлы, идеалды қабілеттерінің иесі екені айналадағыларды сендіру. Егерде айнала сол субъектінің орнында болса, оларда сондай қабілеттерге ие болар еді. Оң имидж тұлғаның қасиеттерімен қатар, арнайы таңдалған қасиеттерімен де көрсетіледі. Ол – ол сыртықы келбет, психологиялық қасиеттері, әлеуметтік қылық, мәнерлер, киім кию стилі, сөз мәдениеті, көпшілік мамандықтарға «имиджлеу» - қолайлы әсер қалдыруы керек. Болашақ маманның оң имиджын ойлап тауып, ұстаным қалыптастыру үшін мода нормалары ұсталып, бірақ сонымен қатар белгілі бір консерватизм, байсалдылық керек. Болашақ маманның оң имиджын қалыптыстырау дегеніз – озінің кім екенін анықтау және өз-өзін көрсету. Оң имиджды қалыптастыру негізінде жеке адамының мынадай қасиеттері: коммуникабелдігі немесе адамдармен тез жақындасуы және эмпатия – басқа адамның уаймына берілуін құрайды. Басқаларды тыңдап, түсініп, өз мүддесі үшін шешендік қасиет те болу керек. Маманның оң имиджды қалыптастыру үшін өзі түсінетін рухани байлығы, оның іщкі сезімі, өзіндік потенциалы, іскерлер этикетінің білуі және ұстануы, ішкі және сыртқы логикасы, сұрақ-жауап қою техникасын меңгеру, әртүрлі психологиялық түрдегі адамдар және әртүрлі әлеуметтік топтардың арасында қажет тактикасын таңдау.


Дата добавления: 2022-01-22; просмотров: 20; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!