Тематика курсовых работ предусмотрено 1 страница



Кесте 1. «Джогари терезесi»

  Мен өзім жайлы жақсы  білетінім Өзім жайлы білмейтінім
Мен жайлы өзге адамдардың білуі Арена Соқыр дақ
Мен жайлы өзге    адамдардың білмеуі Жасырын аймақ Белгісіз

 

Арена - мен өзiм жайлы бiлетiнiм және мен туралы қоршаған ортадағы адамдардың бiлуi.

Соқыр дақ - мен жайлы басқа адамдардың бiлуi, бiрақ мен өзiм бiлмеуiм.

Жасырын аймақ - мен өзiм жайлы бiлуiм, бiрақ өзге адамдар мұны байқамайды.

Белгiсiз - мен өзiм жайлы және өзге адамдарда мен туралы бiлмеуi.

Сонымен, өзiн-өзi тану пәнiнiң қорытындысы Арена терезесiн жоғары деңгейге көтеру, кеңейту, ал соқыр дақ аймағын тарылту, жасырын аймағын нақтылау, яғни ненi өзге адамдардан жасыру, ненi ашық көрсету мен мақсатқа жету үшiн ненi қолданған пайдалы және оны жетiлдiру. Осындай модельдi қолданса тұлға өзiндік бақылау жасай отыра, өзге адамдардың тұлға жайлы не ойлайтынын бiле алады.

 

 

Өзiндiк сана – «Мен» образын тану субьектiсi ретiнде «Мен» iс-әрекетi (Мен-концепциясы). «Мен» образы, «Мен» субьективтi ретiнде құрылымындағы реттеушi қызмет. Өзiндiк сана құрылымының төмендегi кестеден көруге болады

1. Эмоционалды құндылық қатынасы

2. Өзiн-өзi тану

3. Өзiн-өзi реттеу

4. Өзiн-өзi бақылау

5. Өзiн-өзi бағалау

«Мен» субьект ретiнде әртүрлi белсендi iс-ірекеттердiң әсерiнен өзiн-өзi тану қызметiн атқарады, оның өзi эмоционалды құндылық қатынасымен тығыз бiрге жүредi.

Өзiн-өзi тану процесi

 
Бағалау

 


1. Өзiн-өзi танудың түсiну және түсiне алмау деңгейi. Адам қарапайым өмiр сүредi, оқиды, еңбектенедi, қарым-қатынасқа түседi, өз-өзiмен сөйлеседi. Өмiр барысында көптеген дәйектер жиналып (өзге адамдар жайлы, өзі жайлы), бір мезетте санада бекітіліп, түсініп немесе түсіне алмауы, яғни өзіне деген қатынасына бақылау жасай алмауы қабілетінің төмендегі байқалады.

2. Мақсаттылық. Жеке адам өз алдына қандайда бір мақсат қояды және бағыттылығын, қабілеттілігін, тұлға қасиеттерін қолдана отырып, сол мақсатқа жетуге тырысады. Осы жағдайда әрекет арқылы өзін-өзі бағалауы, талдауы, өзін-өзі тануы жүзеге асады. Тұлға неғұрлым іс-әрекетте өзін-өзі тануын жүзеге асырған сайын, соғұрлым терең өзі жайлы біле түседі. Бұл жерде керi модел де кездеседi, егер эмоционалды күй жоғары деңгейде болса, өзiн-өзi тануы объективтi болмайды, әртүрлi комплекстер пайда болады.

3. Өзiн-өзi бағалаудың қанығуы әртүрлi өмiрлiк жолдарында кездеседi. Тұлға тек жағдайды, өзге адамдарды бiлiп қана қоймай, өз мүмкiндiгiн, қасиетiн, өзiнде бiлген жөн.

4. Өзiн-өзi бағалаудың аяқталмауы - бұнда ересек адамдардың өмiрi бай және шынайы тұлға. Өзiңдi толық тану мүмкiн емес, тiптi әлеуметтiк ортада орны зор, қабiлеттi деп санайтын адамның өзi де жоғары деңгейде өзiн-өзi тани алмайды.

Сонымен, өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі бағалаудан басталады. Өзін-өзі бағалаудың негізін жеке адамның өзі қабылдаған құндылықтар жүйесі, тұлғаның жеке маңыздылықтар жүйесі құрайды. Өзін-өзі бағалау адамның өзін басқа адамдармен салыстыру арқылы қалыптасады, және осындай салыстыру табиғи түрде жүргізіледі де өте қызықты болды. Тұтас педагогикалық процесстегі қатынастар жүйесіне енгеннен бастап бала өзін басқа балалармен салыстырып, зерттеп, мынандай сұрақтарға: «-Неге мен осындаймын?», «Басқалар мені қалай қабылдайды?», «Өмірде мен қандай жетістіктерге жете аламын?»-деген сұрактарға жауап іздеп, өзінің барлық мүмкіндіктерін көрсетуге тырысады. Өзін-өзі нақты бағалау, өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаттарын дұрыс құрастыруға мүмкіндік береді. Өзін-өзі бағалау жоғарлатылған, нақты, төмендетілген болуы мүмкін. Тұрақты және жаңа ақпараттар әсеріне, жинақтаған тәжірибесіне, қоршаған адамдардың пікірлеріне байланысты өзгеріп отыратын бейімделгіш өзін-өзі бағалау түрі адамның дамуы мен тиімді еңбек етуі үшін ең қолайлы бағалау болып саналады.

   Имиджді құру және қалыптастыру алгоритмі.

Имиджді қалыптастыру алгоритмі – ұйымның немесе көшбасшының имиджін қалыптастырудағы іс-әрекеттерді орындауда қалыптасқан реті. Типтік имиджді қалыптастыру алгоритмі келесі тәртіптерден тұрады:

1. Қоғам ішіндегі объект туралы қалыптасқан образды табу, ал бұл кімнің имиджін қалыптастыру керек екен объект.

2. Талапкер қоғам күтетін белгілі мінезді, жоғары бағалы белгілерге ие

болу керек.

3. Қоғам күтетін, ерекше имиджді құрастыру керек.

4. Имидждің, іс- әрекеттердің жоспарын қалыптастыру стратегиясын құрастыру (түзету).

5. Имиджді қалыптастыру үрдісін қосу, бұл – құрастырылған имидждің мінездемесін нақтылыққа айналдыру жолы, осы имиджді қалыптастыру стратегиялық және жедел жоспарын жүзеге асыру жолымен жасалады.

6.Имиджді қалыптастыру үрдісін бақылау (стратегиялық және тактикалық жоспарларды іске асыру арқылы). Имиджді қалыптастыру объектінің аралық деңгейлерін өлшеу және оларды ең ерекше имидж үлгісімен салыстыру.

7. Ең ерекше үлгіге түзетулер (қажет болса) жасау (оны ең тиімді үлгіге айналдыру), сонымен бірге оны іске асыру стратегиясы мен тактикасы.

8. Қалыптасқан имидждің мониторингі, оны сақтау мен жаңарту қызметі (қажет болса).

Саяси объектілердің оң бейнелерін (имидждерін) құру ең маңызды тұжырымдалатын ПР-технологиялардың бірі болып табылады. Мұндай объектілерге жеке тұлғалар да, бірлескен құрылымадар да (партиялар, қозғалыстар), тіпті жалпы мемлекет немесе мемлекет аралық ұйымдар да бола алады.

Имиджді құру – бұл қоғамды қызықтыратын және нақты бір саяси міндетті (сайлауда жеңуді, билік беделің арттыруды және т.б.) шешуге мүмкіндік беретін субъектінің қандай да бір қасиеті мен сапасын саналы түрде құру. Бұл мағынада имидж саясат саласының маңызды құрылымдық компонентін білдіреді, оның көмегімен билеуші субъектілер халықпен байланыс жасайды, халықпен қайтымды байланысты ұстауды қамтамасыз етеді, қоғамдық ой-санаға мақсатты әсер етуге мүмкіндік жасайды. Имидж – бұл саяси субъектілердің саяси капиталының маңызды формасы және бір мезгілде оны көбейтудің миханизмі.

Басшының имиджін құру да маңызды болып отыр, мұнда билеушілік режимі мен стиліне деген қоғамның талаптары шоғырланып, анықталады. Имиджде көрсетілген қасиеттер бойынша адамдар саяси жағдайларды ескере отырып, «өз» саясаткерін таниды, өзінің қажеттеліктерін айқындайды. Мұндай жағдайда имидж көрсеткіш болып табылады, оның көмегімен арнайы білімі немесе ерекше біліктілігі жоқ халық қандай да бір саясатты, не нақты бір тұлғаны саналы түрде тандайды.

Имиджге әрқашан белгілі бір жасандылық, сендіретін күш, мінез-құлықтың беріктілігі (инерттілік), олардың айқындығы мен ақиқаттығы, қарапайымдылығы және тіпті кейбір икемділік тән (Д. Бурстин). Алайда, таратылған БАҚ және қоғамдық сананың дағдылы бағдары болған имидж қасиеттері саясатқа мінез-құлық пен қызметтің барынша қатаң шекарасын белгілейді. Соның салдарынан бұл бекіп қалған бейнені негізінен тек қана түзетуге болады, ал оны өзгерту қиынға соғады.

Имидж әсерінің басымды салдарын сөз ете отырып, саясаткерлер әдетте оның құрылуын маман-психологтерге, кеңесшілерге, кәсіби сарапшыларға ұсынады. Олар адамға бастапқыдан тән нірсені мүлдем өзгерте алмайды, бірақ тек олар ғана сол бейнеге халық қабылдайтын және оң бағасын беретін қасиет бере алады. Имидждің стихиялы қалыптасуы үлкен тәуекелділікке апарады, себебі саяси басшы халықпен қатынас жасайтын телеарна мен баспасөз олардың атағы мен беделін түсіре алатын қасиеттерді көрсете алады. Бекер емес, Н.Макиавелли де патша үшін «халық алдында сөзіне берік, қайырымды, шын ниетті» болып көріну өте маңызды, яғни халық оны қалай көргісі келсе, сондай болуы қажет. Мұндай жағдайда оның қасиеттері мен сипаттамаларының көпшілік (топтық) сана-сезім қажеттілігі мен құндылығына сәйкес болуы имидж сәттілігінің басты критерий болып табылады. Олай болса имиджді көпшілік қажеттіліктің өзіндік жеңілдігі, саяси өмірдің жеке формасы ретінде түсіндіруге болады. Сәтті жасалған имидждің арқасында кейбір саясаткерлер, мысалы, Дж.Вашингтон, тірі кезінде ұлт символы бола алады.

Имиджді құру технологиясының негізінде саясаткер өміріндегі саяси оқиға немесе әрекет жатыр, олар қоғамда оң көзқарас тудырудың алғышарты бола алады, мысалы, басшының халық алдындағы абыройлы әрекеттері, өмірбаянының жағымды қасиеттері, қоғам пікірінде оң бағаға ие болған сөздері және т.б.

Имиджді құру әдетте саяси белсендінің тандап алынған типі негізінде жүзеге асады: «сыбайлас жемқорлықпен күресуші», «шындық үшін күресуші», «саяси қысым құрбандары», «отан қорғаушысы», интеллигент-интеллектуал» жіне т.б. Сонымен қоса бұл тип басшының өзінің психологиялық типіне, оның кәсіби қасиеттеріне, саяси сахнада көрінген қасиеттеріне сәйкес болуы тиіс, сондай-ақ әрине басшы өзара қатынас жасайтын және қолдау көрсететініне үміттенетін топтың да типіне сай болуы керек. Мұндай имиджді құрудың мақсатында осы тип көрінісін беретін универсалды сыртқы стандарттары қолданылады: күш-жігер профилі – «отан қорғаушысы үшін», көзілдірік – «интеллигент» үшін және т.б.

Нақты саяси белсенді имиджінің көп түрлілігін ескере отырып, қолданылатын технологиялар негізінен оның маңызды параметрлеріне, оның ішінде: қарым-қатынас стиліне (қарапайым, достық, ресми емес); қалыпты емес жағдайда өзін-өзі ұстауына; дағдарысқа деген әрекетнеі; ым-ишарат, артикуляцияға қатысты. Осыған орай имиджді құрудың белгілі бір бағыттары мен тәсілдері бекітілген: бодибилдинг (ым-ишарат жасау техникасы, бұлшықет әрекеттері), фейсбилдинг (артикуляцияны, сыртқы келбетін түзеу тәсілі) және т.б.

Имидж құру үрдісі әр түрлі ақпараттық технологияларды қолдануда ескереді, олар: саяси (электоралды) нарықты және оның сегментациясын (дауыс берушілердің белгілі бір топтарының қажеттілігі, құндылығы және басқа да сипаттамаларының ерекшеліктерін көрсету мен суреттеуді) танып-білуге; берілген имидж параметрлерін өндіруге; имиджді түзеуге және көтеруге; имиджді нарықта (жарнама жолымен) ұсыну және сату; бәсекелестерді «шығару» (бәсекелестер әрекетін бақылау және сәйкесінше әрекет қолдану; антижарнама және контржарнама әркеттерді (бәсекелестерге қатысты) іске асыруға бағытталған. Имиджді құру және оны сақтап қалу тұрақты үрдіс ретінде көрінеді, оның уақыты басшының саяси нарығында болу уақытымен тең.

Мұндай кезде жағдайлардың өзгеруіне (аясаткердің сайлаудан сайлау органында жұмысқа ауысуы кезіндегі жағдайға) байланысты белгілі бір тактикалық амалдар ғана ауыса алады. Имидждің түрлі шегін үгіттейтін ұандай да бір амалдарды жиі көрсету және қайталау кезінде саясаткер бейнесінің есте сақталуы артады, оның бейнесі халықты осы саясаткерге қатысты белгілі бір қолдау көрсету мен ынтымақтастыққа бағыттай отырып, қоғамның ой-санасында қалыптасып бекітіледі.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Имидж туралы түсінік. «Имидж» ұғымының анықтамасы.

2. Имидж қалыптастырудағы шетелдің тәжірибесі

3. Іскерлік жағымды, келеңсіз, бейтарап имидж.

4. Имидждің құрылымды құрамы. Имидж саяси құбылыс ретінде.

 

Әдебиет:

  1. Г.Почепцов. Имиджелогия. - 5-е изд. - Рефл-бук.Ваклер- 2006 -516 6.
  2. Бураканова Г., Изтелеуова Л. Имиджелогия: Учебн. Пособие.- Астана: Изд. КазУЭФМТ, 2011.-145 с.

3. Базарова Б. Имидж түсінігі, құрылымы және оның түрлері//ҚазҰУ Хабаршысы, Философия, мәдениеттану және саясаттану сериясы, 2010.- №2.- 67-71 б.

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

№2 Дәріс.  Ақпаратты социум имиджінің әлеуметтік-психологиялық факторлары.

Дәріс мақсаты: Ақпаратты социум имиджінің әлеуметтік-психологиялық     факторларын анықтау.

Дәріс жоспары:

  1. Жеке мағлұматтар мен жеке өмірді қорғау. Электронды коммерция мен басқа бәсекелерді реттеу және қорғау.
  2. Интеллектуалды жеке меншікті қорғау.
  3. Қылмыстық ақпараттармен күрес пен ғаламтор ішінде қылмыстық іс әрекеттердің алдын алу. Электронды хаттарды құқықты реттеу.

* Түйін сөздер: Жеке адам, тұлға, сенім, дүниетаным, қызығу, талғам, интеллектуалды жеке меншік.

                                        

  Адамзатқа қарым-қатынастың бір түрден басқа түрге ауысуына мындаған жылдар қажет болды. Қарым-қатынастың алғашқы түрі - ауызша сөйлеу: адамдар ақпаратты бір-біріне ауызша жеткізуді үйренді. Мыңдаған жылдар бойы адамзат жазуды менгерген. Жазу эволюциясы сына жазудан иероглиф жазуы бойынша өткен болатын. Қарым-қатынастың жазбаша түрі б.з.б ХVIII ғасырда пайда болды. ХV ғасырда И.Гуттенберг алғаш баспа құралын ойлап тапты. Осы құрал сол кездегі ақпараттық революцияға әкелді. Алайда Ежелгі Қытайда бұдан бұрын б.з.б V ғасырда жібек маталардың үстіне иероглиф басуға арналған металл иероглифтері қолданылған болатын. Хаттардың көбеюі мен ақпарат жеткізудің жылдамдығы әлеуметтік күйзелістерге әкелген. Себебі хат жеткізудің жылдамдығы адамдарға тікелей тәуелді болатын.


Дата добавления: 2022-01-22; просмотров: 20; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!