Эпилепсия : емі, профилактикасы.



Эпилепсияны емдеу кешенді (құрама), дербес, үзіліссіз және ұзақ жүргізілуі қажет. Белгілі дәрежеде жалпы және тамақтану режимін сақтау керек. Эпилепсиямен ауырған адам шаршамауы қажет, үйқыға жеткілікті мөлшерде уақыт бөлінуге тиісті, жазда күннің ыстығынан сақтанған жөн. Таңертеңгілік жеңіл жаттығулар жасауға болады. Спирттік ішімдіктерді қолдануға мүлде тыйым салынады. Сұйық тамақты қабылдау шектелуге тиісті. Ащы, тұздалған тағамдарды қабылдауға болмайды.

Монотерапия ретінде қолданылатын дәрі-дәрмектерге назар аударайық.

Фенобарбитал (люминал). Бұл препараттың құрысуға қарсы әсерімен бірге, седативтік және ұйықтататын қасиеті бар. Ұстамалар жиілігіне сөйкес 0,05-0,1 г-нан тәулігіне 1-ден 3 ретке дейін тағайындалады.

Гексамидин 0,125 және 0,25 г-нан тәулігіне 1-3 рет эпилеспиялық ұстамалардың жиі болатын абсанстардан басқа барлық түрінде қолданылады.

Бензонал 0,1-0,3 г-нан тәулігіне 2-3 рет фокальдық және клоникалық ұстамаларда тағайындалады. Сирек болатын ұстамаларда (жылына бірнеше реттен айына 3-4 ретке дейін) бензоналдың тәуліктік мөлшерін (0,1-0,8 г, бір ретте 0,1 -0,2 г) пайдаланып, оларды тоқтатуға болады.

Дифенин 0,05-0,1 г-нан абсанстар мен миоклониялық ұстамалардан басқа ұстамалардың бәрінде тәулігіне 2-3 рет қолданылады.

Триметин 0,1-0,3 г-нан абсанстарда тәулігіне 2-3 рет қолданылады.

Метиндион 10 мг-нан (таблетка түрінде) дүркінді ұстамаларда жиі (айына 4 реттен артық) қолданылады, ал аралас ұстамаларда құрамы күрделі дәрілер (Воробьев пен Серейский қоспалары) тағайындау керек.

Профилактикасы:дұрыс уақытылы дәрі қабылдау, ұйқыны қадағалау.Эпилепсиямен ауырған адам шаршамауы қажет, үйқыға жеткілікті мөлшерде уақыт бөлінуге тиісті, жазда күннің ыстығынан сақтанған жөн. Таңертеңгілік жеңіл жаттығулар жасауға болады. Спирттік ішімдіктерді қолдануға мүлде тыйым салынады. Сұйық тамақты қабылдау шектелуге тиісті. Ащы, тұздалған тағамдарды қабылдауға болмайды.

3.2.11. Эпилептикалық жағдай: емі, профилактикасы.

Эпилепсиялық жағдайды емдеу дереу ауру басталған жерде іске асырыла бастайды. Алғашқы шаралар асфиксияның алдын алуға (тілді ұстау, ауыз қуысына қасық салу), жүрек қызметін реттейтін дәрі-дәрмекгер қолдануға бағытталған, мүмкіндік болған жағдайда 0,5 %-дық 2—4 мл седуксен ерітіндісі 40 %-дық 20 мл глюкоза ерітіндісімен бірге венаға баяу жіберілді.Жедел жәрдем машинасында дем алу мен жүрек қызметін реттейтін шаралар жалғаса береді. Қажет болған жағдайда интубация жасалады және алғашқы инъекция нәтиже бермегенде седуксенді қайта 0олданады. Седуксен немесе реланиум болмағаңда тиопентал натрийдің 1 %-дық 10 мл ерітіндісі немесе гексанал тағайындалады.Реанимация бөлімінде венаға тамшымен диазепам (100 мг - 100 мл глюкозаның 5% ерітіндісіне қосып сағатына 40 мл) жіберіледі, құрыспалы синдромды мүлде тоқтатуға, комалык жағдайдан шығаруға және гомеостазды қалыптастыруға бағытталған шаралар қолданылады.

Профилактикасы:Эпилепсиялық жағдайдан шыққаннан кейін тамақтану мәселесін реттеу қажет. Сүт, жеміс-жидектер қолайлы, көмірсутегілер, тұздар, сүйық, ащы тағамдар шектеледі.Құрысуға қарсы дәрі-дәрмектердің мөлшері ұстамалар тоқтағаннан кейін 6 ай өткенде ғана біршама азайтылып, соңғы ұстамадан 5 жыл . өткенде электроэнцефалограммада эпилепсияға бейімділік байқалмаған жағдайда толық тоқтатылады.

Невроздар: емі, профилактикасы.

Невроздармен науқастанғандарды емдеуде ұтымды медикаментоздық терапия да тиімді, бірақ оның патогенездік және симпатикалық мәні бар.Невроздық бұзылулардың патогенездік механизмдеріне сәйкес орынды іріктеліп алынған дәрілер сырқаттардың психогендік факторларға реакция күшін төмендетіп, олардың әсерінен пайда болатын көңіл-күй күйзелістері мен вегетативтік көріністер қарқынын азайтады.Ауруларда невроздың ауыр көріністерін болдырмауға бағытталатын транквилизаторлар қолданылады. Оларды тағайындағанда невроздардың клиникалық көріністерінің ерекшеліктерін ескеру керек. Мысалы, эленниум (либриум), седуксен, тазепам үрейге едәуір қарсы, тыныштандыратын әсер етеді, бұлшық еттің ширығуын төмендетеді. Эунокгин (радедорм) ұйықтатын қасиетке ие. Күндіз қолданылатын транквилизаторлар ретінде рудотель қолданылады. Ол ең алдымен науқастарды тыныштандырады, ұйқышылдық пен бұлшық еттер босауын болдырмайды. Тыныштандыратын нәтиже мепротанда да бар. Сонымен, транквилизаторлар тыныштандыратын және ұйықтататын әсерімен қатар, ауруларды әр түрлі психотерапиялық тәсілдердің ықпалына икемдеуге көмектеседі.Триоксазин ангионевроздарды, элениум вегетативтік дистонияны, оның ішінде вегетативтік ұстамаларды, феназепам фобиялар мен невроздық депрессияларды емдегенде, эуноктин ұйқы бұзылғанда тиімді екендігі белгілі. Аталмыш препаратгардьщ бәрі де, невроздармен қоса, соматогендік немесе эндокриндік өзгерістер мен экзогендік факторлар әсерінен болатын невроз төрізді синдромдарды емдегенде де тиімді.

Эмоционалдық пен вегетативтік сфераға нейролептиктер қарқынды әсерін тигізеді. Бірақ невроздарды емдеу үшін олар сирек қолданылады.

Антидепрессантар (мелипрамин, амитриптилин, азафен, пиразидол, т.б.) невроздық депрессияны, ал психостимуляторлар (ацефен, сидно-карб, сиднофен, т.б.) айқын білінетін астенияны емдегенде қолайлы.

Невроздармен зардаптанғандарды емдеу үшін қосымша патогенездік әсері бар ем шаралары ретінде физио- және бальнеотерапия, инере-флексотерапия қолданылады. Әсіресе гидроемшаралардың (жалпы жылы ванналар) тыныштандыратын әсері бар, ал айналмалы немесе шашыранды душ қуаттандырады.

Профилактикасы:Невроздардың негізгі себептерін (психогендік факторлар, әлеуметгік келеңсіздіктер) еске ала отырып, олардың одан әрі әсерін бақылау және оны болдырмау жайларын қарастыру керек. Бірақ жағымсыз көңіл-күй тудыратын факторларды толық аластау мүмкін емес.Невроздардың алдын алуда бала кезінен дұрыс жүргізілген тәрбие маңызды роль атқарады. Баланы ерте жастан тілегі мен нақты мүмкіндіктерін үйлестіруге әдеттендіру керек.

3.2.13. Бас сақинасы (мигрень): емі, проилактикасы:

Бассақинасын емдеу бас ауыру ұстамаларын басу мен алдын алуга бағытталған. Патогенездік дәрі-дәрмектердің бірден-бірі ретінде, ауырсыну импульстерін тоқтатып, простогландиндер пайда болуын тежейтін, сонымен қатар серотонин мен гистаминге және кининге қарсы әсері бар ацетилсалицил қышқылын қолданған жөн. Ацетилсалицил қышқылы мен оның туындыларының микроциркуляцияны реттейтін актиагреганттық әсері дс маңызды роль атқарады.

Жеңіл білінетін ұстамалар кезінде ацетилсалицил қышқылы көпіршікті ерітінді (еритін аспирин) түрінде ұстама басталғаннан 10-15 минуттан ксшіктірмей тағайындалады. Ұстама құсумен қосарланған жағдайда білте (свеча) (20 мг метаклопрамид) қолданған тиімдірек. Ауырырақ байқалатын ұстамаларда тәулігіне 1000 мг~нан немесе аспирин фортені (500 мг ацетилсалицил қышқылы және 0;5 г кофеин) қолданған жөн.

Седальгинді (оның құрамында 0,2 г ацетилсалицил қышқылы, 0,05 г кофеин, 0,01 г кофеин фосфаты және 0,025 г фенобарбитал бар). пенталгинді, спазмовералгинді және солпадеинді (әр табдеткасында 500 мг парацетамол, 8 мг кофеин фосфаты, 50 мг кофеин бар) қолдану аркылы тиімді нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Бас сақинасы ұстамасының алғашқы сағаттарында қан тамырларын ширықтыратын спорыпья (қара күйе) препараттарын тағайындаған тиімды. Осы мақсатта эрготамин гидротартратының 1% ерітіндісін 15— 20 тамшыдан немесе 1 -2 мг таблеткалы түрін, ригетаминді (құрамында 0,001 г эрготамин гидротартраты бар) 1 таблеткадан тіл астына, 1-2 сагаттан ксйін қайтадан, бірақ тәулігіне 3 таблеткадан аз тағайындалады,

Соңғы жылдары серотонин қатарындағы препараттардың (сулеатриптан-имигран, золмитриптан, авитриптан, ризотриптан, нейротриптан, елетриптан) тиімділігі дәлелденді. Сулеатриптанды әдетте 100 немесе 50 мг-нан (тәулігіне 3 таблеткадан асырмай) ішкізеді немесе 6 мг-нан тері астына жібереді. Препаратты балалар мен 60 жастан асқандарға, жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия, гипертониямен ауыратындарға қолдануға болмайды.

Золмитриптан немесе зомиг (2,5 мг, 5 мг) бас сақинасы ұстамасы кезінде кеңейген қан тамырларын тарылтып, үшкіл нерв афференттері деңгейінде ауырсыну импульсациясын тежейді, ми бағаны нейронаралықтарына орталықтан ықпал жасайды.

Ауыр ұстамаларды тыю үшін (бас сақинасы жағдайы) седативтік және дегидратациялайтын дәрі-дәрмектермен бірге антидепрессанттар тағайындайды. Әдетте препараттар қоспасы пайдаланылады. 2-ден 4 мг-ге дейін седуксеннің 0,5 % ерітіндісін 20мл глюкозаның 40 % ерітіндісіне қосып, венаға баяу жібереді және ішуге 0,025 г мелинпрамин немесе оның 1,25% ерітіндісі (2 мл), сонымен бірге 2 мл лазикстің 1 % ерітіндісі бұлшық етке жіберіледі.

Профилактикасы:Сабыр сақтау, тыныштандыратын,ұйықтататын дәрі-дәрмек қабылдау, ештеңе уайымдамау

3.2.14. Бастың тартылып ауырсынуы: емі, профилактикасы.

Патогенездік дәрі-дәрмектердің бірден-бірі ретінде, ауырсыну импульстерін тоқтатып, простогландиндер пайда болуын тежейтін, сонымен қатар серотонин мен гистаминге және кининге қарсы әсері бар ацетилсалицил қышқылын қолданған жөн. Ацетилсалицил қышқылы мен оның туындыларының микроциркуляцияны реттейтін актиагреганттық әсері дс маңызды роль атқарады.

Жеңіл білінетін ұстамалар кезінде ацетилсалицил қышқылы көпіршікті ерітінді (еритін аспирин) түрінде ұстама басталғаннан 10-15 минуттан ксшіктірмей тағайындалады. Ұстама құсумен қосарланған жағдайда білте (свеча) (20 мг метаклопрамид) қолданған тиімдірек. Ауырырақ байқалатын ұстамаларда тәулігіне 1000 мг~нан немесе аспирин фортені (500 мг ацетилсалицил қышқылы және 0;5 г кофеин) қолданған жөн.

Седальгинді (оның құрамында 0,2 г ацетилсалицил қышқылы, 0,05 г кофеин, 0,01 г кофеин фосфаты және 0,025 г фенобарбитал бар). пенталгинді, спазмовералгинді және солпадеинді (әр табдеткасында 500 мг парацетамол, 8 мг кофеин фосфаты, 50 мг кофеин бар) қолдану аркылы тиімді нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Бас сақинасы ұстамасының алғашқы сағаттарында қан тамырларын ширықтыратын спорыпья (қара күйе) препараттарын тағайындаған тиімды. Осы мақсатта эрготамин гидротартратының 1% ерітіндісін 15— 20 тамшыдан немесе 1 -2 мг таблеткалы түрін, ригетаминді (құрамында 0,001 г эрготамин гидротартраты бар) 1 таблеткадан тіл астына, 1-2 сагаттан ксйін қайтадан, бірақ тәулігіне 3 таблеткадан аз тағайындалады,

Соңғы жылдары серотонин қатарындағы препараттардың (сулеатриптан-имигран, золмитриптан, авитриптан, ризотриптан, нейротриптан, елетриптан) тиімділігі дәлелденді. Сулеатриптанды әдетте 100 немесе 50 мг-нан (тәулігіне 3 таблеткадан асырмай) ішкізеді немесе 6 мг-нан тері астына жібереді. Препаратты балалар мен 60 жастан асқандарға, жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия, гипертониямен ауыратындарға қолдануға болмайды.

Золмитриптан немесе зомиг (2,5 мг, 5 мг) бас сақинасы ұстамасы кезінде кеңейген қан тамырларын тарылтып, үшкіл нерв афференттері деңгейінде ауырсыну импульсациясын тежейді, ми бағаны нейронаралықтарына орталықтан ықпал жасайды.

Ауыр ұстамаларды тыю үшін (бас сақинасы жағдайы) седативтік және дегидратациялайтын дәрі-дәрмектермен бірге антидепрессанттар тағайындайды. Әдетте препараттар қоспасы пайдаланылады. 2-ден 4 мг-ге дейін седуксеннің 0,5 % ерітіндісін 20мл глюкозаның 40 % ерітіндісіне қосып, венаға баяу жібереді және ішуге 0,025 г мелинпрамин немесе оның 1,25% ерітіндісі (2 мл), сонымен бірге 2 мл лазикстің 1 % ерітіндісі бұлшық етке жіберіледі.

Профилактикасы:Сабыр сақтау, тыныштандыратын,ұйықтататын дәрі-дәрмек қабылдау, ештеңе уайымдамау


Дата добавления: 2018-04-15; просмотров: 1138; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!