Діріл ауруы: этиология,патогенез,клиника,диагностика



Дірілдің организмге ұзақ уақыт әсер етуі және онымен қоса өндірістік зиянды факторлар (шу,суық тию,мойын мен иық бұлшық еттерінің статикалық ширығуы,ыңғайсыз кейіптер) нерв пен жүрек қан тамырлары жүйелерінің, сонымен бірге тірек-қимыл аппаратының басым зақымдануымен білінетін діріл ауруының дамуына мүмкіндік жасайды. Діріл ауруына станокта істейтін жұмысшылар, қырнап өндеушілер,қалыптаушылар және пневматикалық құрал-саймандармен жұмыс істейтіндер ,бетон араластырушылар,ауыр жүк машиналарын жүргізіушілер , т.б душар болады. Жергілікті және жалпы діріл әсерінен болатын діріл ауруы пайда болып,біртіндеп дамиды.Алғашқы белгілері пайда болғанша жасырын кезең әр түрлі болуы мүмкін-бірнеше айдан бірнеше жылға дейін.Ол вегетативтік нерв жүйесі басым зақымдануымен білінеді.Сонымен қатар аяқ-қол магистралдық қан тамырларының тонусы өзгереді,кардиалгия синдромы,артериялық гипертония және ми қан тамырларының дистониясы байқалады. Патогенезінде діріл ауруының полиморфты клиникалық көріністерінің қалыптасуы мен ары қарай даму үрдісіне шеткі құрылымдардан бастап лимбия-ретикулярлық комплекске дейін вегетативтік нерв жүйесінің барлық деңгейлерінің реттеуші рөлінің бұзылуы маңызды роль атқарады.Ол әр түрлі шеткі, сегменттік және церебралдық вегетативтік бұзылулар араласуымен білінеді.

 

3.1.1. Емдеу . 5-10 күндей тыныштық жағдайда болуы керек. Аурудың пайда болу себептеріне қарсы және патогендік ем ретінде эуфиллин (диафиллин), стугерон (циннаризин), инстетон, қажет жағдайда гипотензивтік жәрілер тағайындалады. Ишемиялық үрдісте кавитон , трентал, ацетилсалицил қышқылы, атеройд, продектин және басқа антиагреганттар мен ангиопретекторларды өолданған жөн. Жүректің соғу ырғағын қалыптастыру үшін кардиотондық дәрілерді(кардиамин , камфора майы, коргликон , новокайнамид, т.б.) пайдаланған дұрыс

Алдын алу. Бұл аурудың алдын алу үшін бас ми ұан тамырларына кері әсерін тигізеті зиянды әдеттерден арылу қажет- темекі шегу, көп мөлшерде алкоголь ішу, көп мөлшерде жануар майын жеу . Және артериялдық қысымды ,қант деңгейін , май алмасуын бақылап отыру керек.

 

3.1.2. Ишемиялық инсультті емдеу . Ишемиялық инсульт миға оттегімен қаныққан қанды жеткізетін артерияның бітелуінде пайда болады. Қан тамырларының бітелуі көбінесе, ишемиялық инсультке апаратын тромбыларға байланысты. Ишемиялық инсультті емдеу үшін дәрілік препараттар және медициналық ем-шаралар қолданылады. Дәрілік препараттар Плазминогенді тіндік белсендіргіш (ПТБ) аталатын дәрілік препарат мидағы артериялардың тромбысын еріте алады. ПТБ көктамыр арқылы енгізіледі. Қажетті әсерді алу үшін бұл дәрілік препарат симптомдар басталған 4 сағат ішінде қолданылуы қажет, Оңтайлысы, симптомдардың басынан неғұрлым тезірек енгізілуі қажет. Егер қандай да бір себептермен дәрігер науқасқа ПТБ тағайындай алмаса, антиагреганттық дәрілік препараттарды қабылдауға болады. Мысалы, инсульт басталғаннан 48 сағат ішінде аспирин берілуі тиіс. Антиагреганттық дәрілік құралдар тромбоциттердің жабысуын және тромбылардың қалыптасуының алдын алады. Сондай-ақ, дәрігер антикоагулянттарды (қанды сұйылтатын препараттар) тағайындайды. Бұл дәрілер жаңа тромбылардың өсуін және қалыптасуының алдын алады. Медициналық ем-шаралар Ұйқы артерияларының аурулары болуында дәрігер каротидтік эндартерэктомияны немесе ұйқы артериясындағы тері арқылы коронарлық араласуды жасайды. Кейде бұл ем-шара ангиопластика аталады. Бұл ем-шаралар бітелген ұйқы безінің саңылауын кеңейтуге бағытталған. Ғалым-медиктер ишемиялық инсультті емдеудің басқа ем-шараларының тиімділігін зерттейді, мысалы, артерия ішілік тромболизис және церебралдық ишемия кезіндегі механикалық эмболэктомия. Артерия ішілік тромболизисте катетер аталатын ұзын икемді түтік шаптың аумағында (жамбастың жоғары тұсында) орналасқан артерияға орнатылады. Осыдан кейін түтік жоғары қарай ұсақ ұйқы артериясына жылжиды. Ол арқылы дәрігер мидағы тромбыны бұзатын дәрілік препараттарды енгізе алады. Церебралдық ишемия кезіндегі механикалық эмболэктомия барысында артериядан тромбылар алып тасталынады. Бұл кезде катетер ұйқы артериясы арқылы мидың зақымдалған бөлігіне өткізіледі. Осыдан кейін тромб артериядан катетер арқылы алынады.

 

3.1.3 Геморрагиялық инсультті емдеуГеморрагиялық инсульт артерияның жарылуында және миға қан құйылуында пайда болады. Оны емдеудің бірінші қадамы мидағы қан кетуін іздеуге және себебін жоюға бағытталған. Ишемиялық инсульттен айырмашылығы - геморрагиялық инсультті емдеуде антиагреганттар және қанды сұйылтатын препараттар қолданылмайды, себебі, олар қан кетуін күшейтуі мүмкін. Егер сіз антиагреганттар және қанды сұйылтатын препараттар қабылдайтын болсаңыз және осы кезде сізде геморрагиялық инсульт пайда болса, бұл дәрілерді қабылдауды дереу тоқтату қажет. Егер жоғары артериалдық қысым миға қан құйылуының себебі болса, дәрігер оны төмендету үшін дәрі тағайындайды. Бұл қанның әрі қарай кетуінің алдын алады. Хирургиялық емдеу геморрагиялық инсультті емдеуде қажет болуы мүмкін. Операциялардың бірнеше түрі бар - аневризманы клиптеу (қысқыш салу), спиралдық эмболизация және артериялық-веналық мальформацияны (АВМ) қалпына келтіру. Аневризманы клиптеу және спиралдық эмболизация Егер аневризма (артерияның қабырғасындағы шар тәрізді дөңестік) инсульттің себебі болса, дәрігер аневризманы клиптеуді және спиралдық эмболизацияны ұсынуы мүмкін. Аневризманы клиптеу аневризманы мидың қан тамырларынан оқшаулау мақсатында жасалады. Бұл операция аневризма аумағындағы қан кетуін тоқтатуға көмектеседі, сондай-ақ, оның қайта жарылуының алдын алады. Ем-шара кезінде хирург мида тілік жасайды және аневризманың түбінде кішкентай қысқыш орналастырады. Операция жалпы наркозбен жасалады. Операциядан кейін бірнеше күн бойы қарқынды емдеу бөлімшесінде бақылауда болу қажет. Спиралдық эмболизация - аневризманы емдеудің аса күрделі емесе ем-шарасы. Хирург катетер аталатын түтікті шаптың аумағындағы артерияға орналастырады. Әрі қарай түтік жоғарыға аневризма орналасқан жерге жылжиды. Осыдан кейін түтік арқылы аневризмаға кішкентай спираль енгізіледі. Спираль тромбының қалыптасуына ықпал етеді, ол аневризмадағы қан ағымын тежейді және оның қайта жарылуының алдын алады. Артериялық-веналық мальформацияны (АВМ) қалпына келтіру Егер АВМ инсульттің себебі болса, дәрігер оны қалпына келтіруді ұсынуы мүмкін (АВМ – мидағы ақаулы, жарылуы мүмкін артериялар мен веналардың өрімі). АВМ қалпына келтіру мидағы қайта қан кетуінің пайда болуының алдын алуға көмектеседі. АВМ қалпына келтірудің бірнеше әдістемесі бар: 1)АВМ алып тастау операциясы 2)АВМ қан тамырларына қан ағымын тежейтін арнайы заттектерді енгізу 3)Қантамырларын склероздау үшін радиация қолдану

 

3.1.4 Емдеу профилактикалық шаралар ми қан тамырларының созылмалы кемшіліктерінің үдеуі мен ми ұан айналысының күрт бұзылуын болдырмауға бағытталады. Сол себепті диспансерлік бақылау кезінде негізгі қан тамырлар ауруын жою мен сырқаттарды күнделікті өмірге бейімдеу, еңбек пен демалыс режимін қалыптастыру, санаторийлық-курорттық емдеу, т.б. шаралар қолдану керек. Ең алдымен ми қан айналысының созалмалы кемшілігінің пайда болуына әсер ететін жүрек –тамыр патологиясын , көбінесе атеросклерозбен артериялық гипертонияны емдеу керек. Сырқаттарға атеросклерозға қарсы және гипотензивтік дәрілерді, ал кей жағдайларда ми қан ағысын, қанның реологиялық қасиеттерін жақсартатын кардиотониялық препараттар (кавинтон, трентал, контрикал, инстетон,т.б.), сарсып ісінуге қарсы дәрілер(лазикс, гипотиазид,т.б.), тағайындалады. Осы мақсатпен ұзақ уақыт танаканды қолдануға болады. Сырқаттар шамадан тыс эмоциялық , интелектуалдық және физикалық әрекеттерден, қапырық бөлмелерде ұзақ отырудан, гиподинамиядан аулақ болу қажет. Мезгілінде ұйықтап, мүмкіндігінше біркелкі өмір салтын ұстанған жөн. Эндогендік электрофорез жасау үшін сырқаттың венасына 100мл физиологиялық ерітіндіге араласқан 2 мл кавинтонды тамшымен жіберіп, 8-10 минут өткеннен кейін (кавинтонның қандағы концентрациясы өте жоғары болған кезде) электродтарды трансцеребралдық жанастыру арқылы гальванизация жасалады. Электродтар маңдай мен мойын-жаға аймақтарына таңылады. Тоқтың күші3-5 мА , процедура 20-30 минутқа созылады. Бұл әдіс дәрі –дәрмектер (кавинон) қанға барысымен иондалған диссоциацияға ұшырайды. Электр тогын жіберген кезде иондар аталған аймаққа қарай қозға бастайды да , ағзаларда (мида) дәрінің ең жоғарғы концентрациясы пайда болады. Емдеу мерзімі 1 реттен 10 сеанс.

 

 

3.1.5. Емдеу әдістері . Зтиопатогенді, когнетивті қызметті жақсартатын препараттар, симптоматикалық терапия, профилактика. Бірінші кезекте АК ретке келтіру керек , себебі АҚ көтерілуі осы ауруға себеп болады. Қант диабетімен ауыратын науқастарда мизиноприл тағайындайды. Ми қан айналым жүйесінің қайталамалы бұзылыстары және жүрек қан тамырлық асқынулар дамуының алдын алу мақсатында антитромболитикалық препараттар тағайындайды: ацетисолицил қышқылы 50-325 мг күніне 1 рет немесе клопидогрель 75 мг күніне 1 рет .Когнитивті бұзылыстарды реттеу үшін мына топ препараттарын ұсынады: танакан, мемоплант, антихолинэстеразалық ; амиридин, нейротропты препараттар- церобролизин, ноотроптар- пирацетам, нейропептидтер- солкосерил, ме мбраностабилизациялаушы препараттар- мемантин, антиоксиданттар- витамин С, Е, каротиноид, вазоактивті перпараттар – ницерголин ,винпоцетин, инстетон және т.б.; комбинирленген- фезам.Ми қан айналысымен нейронды зат алмасуды  жақсартатын препараттар ды ерте сатысында тағайындаса жақсы әсер етеді.Когнитивті функциялар төмендемес үшін препараттарды ұзақ уақыт пайдалануға блмайды. Олар Бензодиазепин, антиконвульсанттар, нейролептик, холинолитиктер. Алдын алу.Тамырлық деменцияның дамуының алдын алуға болады егер даму қаупін анықтап түзетулер енгізсе. Қауіп факторларға: АГ, гиперлипидемия , қант диабеті, жүрек аурулары жатады. Бұл профилактикалық шаралар барлық мамандықтағы дәрігерлермен жүргізілуі тиіс.

 

3.1.6. Емдеу. Ем аурудың пайда болуы мен әрі қарай дамуына себеп болатын жағдайларға қарсы бағытталуға тиісті. Мысалы, ауру инфекция әсерінен болғанда антибиотиктер, сульфаниламидтер және басқа да қабынуға қарсы емдік шаралар қолданылады, ал уыттанудан болатын полиневропатияларды емдеу үшін оны тудыратын заттармен байланысты жою (дәрі-дәрмектер, химиялық қосындылар, ауыр металдар, т.б.) керек. Полиневропатияньщ аса ауыр түрлерінде өмір сүруге қажетті емдік шаралар мен дезинтоксикациялайтын препараттар пайдаланылады. Алкогольдік полиневропатиямен ауыратындарға тиаминның жоғарғы дозасы (3—5 мл В( витаминнің 5 % ерітіндісі) және поливитаминдер ұсынылады. Полиневропатиялардьщ барлық түрлерінде, олардың пайда болуына әсер ететін факторларға қарамастан, "В" тобыңдағы витаминдер, аскорбин қышқылы тағайындалады. Аса айқын білінетін ауырсынуларда новокаин электрофорезі, ҮЖЖ, индуктотермия, ультрадыбыс қолданылады. Бірінші күннен бастап дибазол беріледі, ал антихолинэстераздық препараттар (прозерик, галантамин, т.б.) тек неврологиялық симптомдардың үдеуі тоқтаған кезде тағайындалады. 4 бөлімді ванналар да пайдалы. Резидуалдық кезеңде родондық, күкірт-сутегілік ванналар, біртіндеп жоғарылатылатын мөлшерде пирогенал, прозерин, жылулық ем шаралары (лай немесе озекерит аппликациясы, нафталанмен фонофорез) тиімді. Алдын алуБірінші кезекте себебін жоюға бағытталады: Алкогольді пайдаланбау, Токсикалық заттармен жұмыс жасағанда қорғаныс құралдарын қолдану , қандағы глюкоза деңгейін бақылауда ұстау, тағайындалған дәрілік заттарды ғана пайдалану.

 

3.1.7 Емдеу.Орталық шынтақ және кәрі жілік нервтерінің невропатиясы. Симтоматикалық ем (қарсы көрсетпелі дәрілер аналгетиктер, витаминдер) Физиоем. Медикаментозды блокада. Негізгі тағайындалатын дәрілік препатарртар: Трамадол- 50-100мг әсері аз болса 4-6 сағ. Қайтадан тағайындайды. Кетопрофен – 100 мг күніне 1-2 рет Диакарб – 250-500мг күніне 1 рет 3 күн. Прозерин – 10-15 мг 2-3 рет күніне.

 

3.1.9. Емдеу. Үштікневралгияныемдеуауырсынуинтенсивтілігінбасуғабағытталады. Емдеуүшіннегізгіпрепараттқакарбамазепинжатады, оныңқабылдаумөлшеріәрнауқасқажекетағайындалады. Науқас ұстаманың жоғалғанына дейін жарты жылға дейін препаратты қабылдайды. Қабылдау барысында дәрінің дозасын біртіндеп түсіреді.Физиотерапевтік әдісте науқастың ауырсынуын жеңілдетеді. Оның ішінде гидрокортизонмен ультрофонофорез, динамикалық токтар, новокаинмен немесе амидопиринмен гальванизация. Үштік нерв невралгиясының емі мен профилактикасында витаминдік терапия үлкен орын алады. Әсіресе В тобының витаминдері. Жедел сатысында витаминдерді және аскорбин қышқылын иньекция түрінде енгізеді. Көп жағдайда медикаментозды емнің 30% нәтижесіз болады, осы жағдайда хирургиялық ем жүргізіледі.

 

3.1.10. Емдеу шаралары . Аурудың шұғыл кезеңінде кенеттен ауырсыну пайда болса, барлық емдік шаралар ауырсыну синдромының қарқынын азайтуға немесе оны жоюға бағытталады. Зақымданған омыртқа бөлігнің қозғалысын шектеп, мүлде тыныштық қалпын сақтау керек. Кейін 3—4 күн өткенде мөлшерлі түрде қимылын белсендіруге болады. Бірақ бұл қимылдар ауырсынуды ушықтырмай, дәрігердің бақылауымен жүргізілуге тиіс,Вертеброгендік цервикалгиямен ауырғандарға омыртқаны бекіту мақсатында тері немесе гипстік жаға (Шанц жағасы) ұсынылады. Шұғыл ауырсыну синдромы басшысымен, науқастарға жалпақ тері белдік (штангистер белдігі) немесе одан да қолайлы арнайы корсетті пайдаланған жөн.

Аналгетикалық әсерлі препараттардың арасында ең кең қолданылатындары — салицилаттер (аспирин), пиразолон туындылары (анти-пирин, анальгин, бутадион), қабынуға қарсы стероидсыз препараттар (индометацин, вольтарен, бруфен), сонымен қатар пенталган, парацетамол, реопирин, баралгин.Аурудың шұғыл кезеңінде тұрақты аса қарқынды ауырсыну синдромы болған жағдайда құрамьша аналгезиялық препаратгар, ганглио-блокаторлар, стероидтық гормондар, транквилизаторлар кіретін қоспаларды венаға тамшылатып жіберген жөн. Олар: 1) Антонов-Недзведь қоспасы (4 мл анальгиннің 50 % ерітіндісі, 1000 мкг В)2 витамині, 2 мл но-шпа);2) 1 мл анальгиннің 50 % ерітіндісі, 40 % мл новокаинның 0,25 % ерітіндісі, 150 мл хлорлы натрийдің изотониялық ерітіндісі;3) 10 мл эуфилиннің 2,4 % ерітіндісі, 2 мл лазикс, 2 мл гидро-кортизон, хлорлы натрийдің изотониялық ерітіндісі;4) 200-250 мл новокаиннің 0,25 % ерітіңцісі, 25-30 мг аминазин немесе седуксен, немесе сибазон, 2—4 мл лазикс;5) 10 мл эуфиллинің 2,4 % ерітіндісі, 10 мл баралгин, 10 мл натрий оксибугираты, 2 мл гидрокортизон, 50 мл хлорлы натрийдің изотониялық ерітіндісі.Осы қоспалардың әсерін ұзарту мақсатында жоғарыда аталған аналгезиялық препаратгарды ішке қабылдаған жөн.Аналгетиктердің әсері төмендеген жағдайда ауырсынуды психикалық-эмоционалдық реттеуге ықпалын тигізетін лимбия-ретикулярлық және қыртыстық құрылымдарға бағытталатын психотроптық препараттар тағайындау тиімді. Осы мақсатпен 25 г-нан тәулігіне 2—3 рет имипрамин, 0,5 мг-нан 1 мг-ға дейін тәулігіне 2—3 рет галаперидол тағайындалады. Аса қатты ауырсынуларда морфий мен промедолдың ерітінділері қолданылады.Осы кезенде көбінесе новокаиндық блокада (тежеу, бөгет) жасау қажеттігі пайда болады. Паравертебралдық (омыртқа жанына), бұлшық етке (көбінесе алмұрт тәрізді бұлшық етке) эпидуралдық және преганглионарлық блокадалар пайдалы. Аса қарқынды ауырсынатын нүктелерге 10—40 мл новокаинның 0,25 % ерітіндісі жіберіледі. Блокадалар әдетте 2-ден 5—7-ге дейін жасалады. Аса қатты ширығып ауырсынатын бұлшық еттерге де новокаиндық блокадалар қолдануға болады. Новокаиндық блокадалар жасағанда кейде оған анальгин, вольтарен, АТФ, гидрокортизон, В12 витаминін қосуға болады.

3.1.11. Емдеу. Шашыранды склерозды емдеу кезінде ауыр дене қимылдарьш қажет ететін жұмыстар істемеу, жеткілікті демалыс пен ұйқы, мезгілінде дұрыс тамақтану оңтайлы нәтижелерге жетуге ықпалын тигізеді.

Шашыранды склероздың инфекциялы-аллергиялық аурулар тобына жататындығын еске ала отырып, аурулар гормондық препараттарды

(0,3-0,4 мг преднизолон, 0,15—0,2 мг триамцинолон, 0,03—0,04 мг

дексаметазон) дозаларын біртіндеп төмендете отырьш, бір дүркін қолданған жөн, шұғыл жағдайларда біркеше дүркін инфекцияға қарсы терапияны (уротропин, антибиотиктер) жүргізу керек.

Жалпы денсаулықты нығайтатын емдік шаралар (витаминдер, дуплекс), аз мөлшерде — 100,0—150,0 мл қан құю жақсы нәтиже береді. Ескі патологиялық ошақтарды таратуға ықпал жасайтын дәрі-дәрмектерді (бийохинол, йодтық препаратгар, лидаза) қолданған да пайдалы.

Реактивтікке әсер ету мен қайта қалпына келтіру үрдістерін қарқындату мақсатында пирогеналды 25 МПД-дан біртіндеп 300 МПД-ге дейін көбейтіп, бұлшық етке жіберуді (бір дүркінде 10-15 рет) ұсынуға болады. Осы мақсатпен пропермилді де пайдалануға болады.

Бұлшық еттердің сіреспелік құбылыстарын азайту үшін бір дүркін қылқан ваннасын, сонымен бірге циклодол (0,002 мг), мидокалм (0,05 мг) тағайындауға болады, Дезоксирибонуклеазаны да қолдануға болады. Ол ДНК-лы вирустардың өсіп-өнуін тежейді. Аурудың алғашқы кезеңінде интерферонның оңтайлы әсер ететіні жөнінде мәліметтер бар. Оның вирустарға қарсы-кең көлемде ықпалы болатындығы белгілі.

3.1.12. Емдеу. Осы уақытқа дейін бүйірлік амиотрофиялық склерозды емдейтін тиімді әдіс жоқ. Емдік дәрі-дәрмекгер қатарында витаминдер, биостимуляторлар және қуаттандыратын препараттар бар.

В тобындағы витаминдер кеңінен қодданылады. В1 витамині (тиамин хлоридтің 5 % ерітіндісі немесе тиамин бромидтің 6 % ерітіндісі) 2—4 мл-ден бұлшық етке әр дүркінде 30 рет жіберіледі. В6 витамині

(пиридоксиннің 5 % ерітіндісі 5 мл-ден) бір дүркінде 30 рет жіберіледі. В(2витамині 1000 мкг-нан күнара бір дүркінде 10—15 рет бұлшық етке жіберіледі.

Е витаминін (<і-токоферол) тәулігіне 15 000 мг-ға дейін панкреатинмен бірге қайталама дүркіндер түрінде қолданған тиімді.

Анаболдық ықпалы бар препараттар арасынан нероболды 1,5-2 ай бойы 1-2 таблеткадан (5—10 мг) күніне 2 рет (1—2 дүркін) қабылдап, ретоболилды 50 мг-нан аптасына 1 рет 1,5—2 ай бойы бұлшық етке жіберу керек.

Аурудың полиомиелиттік түрінде анаболиялық гормондарды нерв-бұлшық етөткізгіштігін реттеуге арналған антихолинэстераздық препараттармен (прозерин 0,015 г-нан күніне 3 рет немесе оксазил 5—10 мг-нан тәулігіне 2—3 рет) біріктіріп, қайталама курстар жүргізу ұсынылады.

Осы ауруда жиі кездесетін құрыспаларды азайту үшін диазепамды 2—10 мг-нан тәулігіне 3 рет немесе фенитоинді тәулік сайын 300 мг пайдаланады, Сонымен қатар жылу ем шаралары мен уқалау да оңдайлы нәтиже береді.

Белсенді түрде жүйелі емдік шаралар қолдану науқастың өмірін біршама ұзартуы мүмкін.

3.1.13.Емдеу шаралары.Аурудың шұғыл кезеңінде сырқаттарға улану белгілері жойылғанша төсек тартып жату қажет.

Ұсынылатын дәрі-дәрмектер: 3 күн қатарынан 6,0 мл-ден кене энцефалитіне қарсы гамма-глобулин немесе 2 күн қатарынан 1,5 мл-ден қызылшаға қарсы гамма-глобулин, тәулігіне 6 рет 4 күн бойы 30,0 мг-нан рибонуклеаза бұлшық етке жіберіледі.

Вирустық энцефалитгердің ауыр түрлерінде экзогендік интерферон қолданылады. Ол - вирусты клеткаға жібермейтін ақ зат. Сонымен қатар организмдегі табиғи интерферонның өндірілуіне түрткі болатын заттарды (продигиозан) да пайдалануға болады.

Қосымша инфекциялардың алдын алу үшін кең спектрлі антибиотиктер, уротропин және десенсибилизациялайтын препараттар (димедрол) тағайындалады.

Құрыспа ұстамалар пайда болғанда бұлшық етке люминал немесе бензонал, сонымен қоса құймалы (литикалық) қоспа (2,5 %-дық 1 мл аминазин, 2,5 %-дық 1 мл димедрол, 1%-дық 2 мл новокаин), булбарлық өзгерістер болған жағдайда тыныс алу орталығын қоздыратындәрілер (лобелин, цититон, т.б.), дегидратациялау мақсатымен бұлшық етке 25 %-дық 10,0 мл күкірт қышқылды магнезий, венаға 10 %-. дық 10 мл хлорлы натрий, т.б. қолданылады. Барлық жағдайларда вита-минотерапия (В;—ВІ2, поливитаминдер) жағымды нәтиже береді. Аурудың қалыптастыру кезеңінде прозерин, стрихнин, емдік гимнастика, қол-аяқты уқалау, жұлыннын, зақымданған тұсы мен қол-аяққа парафин мен емдік балшық, күкірт-сутегілікжәне қылқанды ванналар (былау) ұсынылады. Родондық, күкірт-сутегілік және емдік балшық қолданылатын курорттарда емделген аса тиімді. Контрактуралы солғын парездер болса, ортопедиялық емдеу шараларын пайдалануға болады.

3.1.14 Емдеу. Белдеуленген герпеске негізінен симптоматикалық ем қолданылады. Аналгетиктер, ацетилсалицил қышқылы, финлепсин, антигитсаминдық препараттар мен ісінуге қарсы қодданылатын препараттар, ал қажет болған жағдайда нейролептиктер және барбитураттармен қоса наркотиктар тағайыңдалады. Эрозияланған бөліктерді инфекциядан қорғау үшін антибиотиктер араласқан май қолданылады. Асқынған жағдайларда кортикостероидтар тағайындалады.

1-2 апта бойы ДНКаза мен РНКазаны 20—25 мг-нан әр 4 сағатта бұлшық етке жіберу арқылы едәуір табыстарға жетуге болады. Өйткеніолар арнайы вирустық ДНК-ның синтезін тежейді, Осы мақсатпен интерферон мен интерфероногенді де пайдалануға болады. Сонымен қатар интерферон қосылған майлар, ацикловир, флореналь, виразоль қолданылады. Көздің мөлдір қабықшасы зақымданғанда, флореналданған дәрілік қабық (пленкалар) тиімді.

Белдеулентен герпестің қайталанатын түрлерін емдеу үшін жоғарыда аталған препараттармен қатар, иммуностимуляторларды (левамизол, т.б.) пайдалану керек.

Тұрақты постгерпесгік невралгияны емдеу кезінде рентгенотерапия қолдануға болады.

3.1.15.Вирустық менингиттерді емдеу.Антибиотиктер вирусқа әсер етпейді, сондықтан оларды вирустық серозды менингиттерді (энтеровирустық, паротиттық, т.б.) емдеуде қолданбаған жөн. Дегенмен науқастарда тұмау немесе басқа да вирустық инфекциялар болса, оған бактериялық инфекцияның созылмалы ошақтары немесе қауіпті соматикалық ауру және оның асқынулары (пневмония, бронхит) қосылса, әсіресе өте әлсірегендер мен қарттарға, антибиотиктер аурудың алғашқы кезеңдерінен бастап тағайындалады. Антибиотиктерді тұмауға қарсы жене басқа да дәрі-дәрмектермен (мысалы, витаминдер) қатар пайдаланған жен.

Этиотроптық ем ретіңце донорлық плацентік гамма-глобулин мен табиғи плазма тағайындалады. Гамма-глобулинді күніне 1 рет 3 күн бойы 4—6 мөлшерлі дозада бұлшық етке жібереді, ал өте ауыр жағдайда аталған доза әр 6 сағатта жіберіледі. Табиғи плазма (50—100 мл) венаға тамшылап құйылады, оны алғашқы 2—3 күнде қайталап тағайындауға болады.

Вирустық нейроинфекцияның арнаулы емдік шаралары инфекциялық агентке тікелей әсер ететін, вирустың нуклеин қышқылдарын ыдырататын ферменттерді (рибонуклеаза — РНК-аза, дезоксири-бонуклеаза — ДНК-аза) тағайындау арқылы жүзеге асады. Олар организм клеткаларындағы нуклеин қышқылдарын ыдыратпайды, нерв жүйесіне уытты әсерін тигізбейді, гематоэнцефалиялық тосқауылдан оңай өтеді.

ДНК-аза нерв жүйесінің аденовирустық, герпестік зақымдануы кезінде тағайындалады. РНК-лы вирустар қоздыратын нейроинфекцияларды (тұмау, парагрипп, эпидемиялық паротит, энтеровирустар, арбавирустар, т.б.) емдеу үшін РНК-азаны пайдалану керек.

Бұлшық етке тәулігіне 2-ден 4-6 ретке дейін 10—14 күн бойы 25-50 мг мөлшерінде РНК-аза мен ДНК-аза (тері ішіне жіберу сынағынан өткеннен кейін) жіберіледі. Сонымен қатар аллергияға қарсы дәрі-дәрмектер (диазолин, супрастин, димедрол, т.б.) тағайындалады.

Вирусқа қарсы дәрілерден интерферонды пайдалануға болады, Ол — вирусты клеткаға өткізбейтін және организмдегі табиғи интерферонның өндірілуін (продигиозан) күшейтетін белокты зат,

Интерферонның антигендік қасиеті төмен, оның антитоксикалық (улаңуға қарсы) әсері болғандықтан, вирустық инфекциялық себептерді тежейді. Адамның лейкоциттік интерфероны тәулігіне 1—2 рет 7—10 күн бойы венаға жіберіледі (флакондағы ұнтақ 2 мл стирильді дистиляцияланған суға ерітіледі).

Тұмау пен қызылшаға қарсы қолданылатын гамма-глобулинді шұғыл нейроинфекциялардың алғашқы күндерінде немесе олардың созылмалы түрлерінің асқынуы кезінде тағайындаған жөн. Себебі вирусқа қарсы антиденелер көбіне экстрацеллюларлық (клетка сыртындағы) вирустарды олардың өсіп-өнетін жерінде бейтараптандырады. Бұлшық етке 3 күн бойы тәулігіне 2-3 рет 20-40 мл гамма-глобулин жіберіледі.

Вирустық менингитке уытты синдром қабаттасқан жагдайда дезинтоксикациялық шаралар (венаға 200—400 мл гемодез, глюкозаның, натрийлі хлоридтің изотониялык ерітіндісі, Рингер-Локк ерітіндісін құю) қолдану керек.

Бас сүйек қуысы гипертензиясы мен ми күптенуімен күресу үшін қайталап (күніне немесе күнара) жеңілдетілген люмбалдық пункциялар жасау керек. Ол лимфоцитарлық хориоменингитпен энтеровирустық серозды менингит кезінде аса қажет.

Дегидротациялайтьш (сұйықсыздандыратын) дәрілер есебінде венаға 10-20 минут бойы 1—2 г/кг дене салмағына сәйкес 10-20 % маннит ерітіндісі жіберіледі. Осы мақсатпен мочевинаның 30 % ерітіндісі мен манниттің 10 % ерітіндісін (1,5 гмочевина 1 кгдене салмағына сәйкес) венаға кіргізер алдында дайындап, тағайындауға болады. Салуреттік препаратгардан тиімдісі — фуросемид (1 %-дық 2 мл ерітіндісі бұлшық етке немесе венаға жіберіледі, қажет болса оны тәулігіне 2—3 рет қолдануға болады). 1,0—1,5 г/кг дене салмағына сәйкес сорбиттің 50 % ерітіндісін де қолдануға болады.

Қан тамырлар өткізгіштігін, күптену мен гипоксияны азайтатын және қабынуға қарсы, десенсибилизациялайтын әрі аллергаяға қарсы

әсері бар глюкокортикаоидттардың сероздық менингиттерді емдеуде тиімділігі жоғары. Жекелеген жағдайда қажеттігіне қарай венаға 4—7 күн бойы преднизолон (тәулігіне 0,03—0,12 г және одан да көбірек) гидрокортизон (тәулігіне 0,15—0,2 г ), дексаметазон (0,01—0,012 г) жіберіледі. Ауыр патологиялық үрдіске ми мен шеткі нервтер душар болған жағдайларда гормондық дәрі-дәрмектердің мөлшері біртіндеп азайтылады. Емнің осы түрін 3—4 апта бойы қолдануға болады. Вирустық менингоэнцефалитпен ауырғандарда бас сүйек қуысы қысымының көтерілуі мен ми күптенуі үдей беретін болса, венаға 0,01— 0,03 г мөлшерінде преднизолон жіберуге болады.

Мидың күптеніп ауытқуымен күресу мақсатында гапотермия қолданылады. Ол үшін мұз көпіршігін мойын, шап және бас қан тамырлары аймағына басады. Бас сүйек-ми гипотермиясы шапшып суырылатын "Холод-2" аппараты көмегімен жүзеге асырылады. Жалпы милық бұзылымдар бәсеңдесімен фуросемид (0,01—0,04 г), диакарб (күніне 1 рет 0,25 г), тағы басқа да дегидратациялайтын немесе осмо-терапевтік дәрі-дәрмектер тағайындауға болады.

Әдетте дене қызуы көтерілуіне орай эпилептикалық талмалар пайда болса, құрысып-сіресуге қарсы дәрі-дәрмектер қолданылады. Эпидемиялық паротит вирусынан пайда болатын сероздық менингитпен ауырғандарда орхит дами бастаса, 10—12 бойы преднизолон тағайындайды. Оның мөлшері 4-5 күн өткенде біртіндеп төмендетіледі.Тұмауға байланысты геморрагиялық энцефалитпен ауыратындарға гемостаттық дәрі-дәрмектер (құрамында кальций бар препараттар, рутин, викасол) қолданылады. Тұмауға байланысты асқынулардың алдын алу үшін және емдік мақсатпен аурудың алғашқы күндерінде ремантадин мен гамма-глобулинды 3 күн бойы тағайындайды: бірінші күні — 0,3 г (0,05 г-нан 6 таблетка), екінші жөне үшінші күндері — 0,25 г-нан.

 

3.1.17Емі. Міндетті түрде ауруханаға жатқызылады.тәртіп және диета (клиникалық формаға байланысты) -этиотропты ем,-патогенетикалық, дезинтоксикациялық,дегидратациялық (менингит және менингоэнцефалитте), гормонотерапия (көрсеткіш бойынша),-симптоматикалық ем,-оксигенотерапия.Этиотропты ем (негізгі) барлықнауқастарғаміндеттітүрдежүргізіледі. Таңдаулыпрепараттары: Пенициллин (300-500 мг ЕД(кг/тәул) 4-8 күнішінде. Ампициллин (200/300 мг/кг тәуг) Левомицетин (50-100 мг/кг тәул)Роцефин (50 мг/кг тәулігінебірақ 4 таблеткаданкөпемес 10 күнішінде) жәнебасқаантибиотиктермонотерапиятүрінде.Профилактикасы 1)Науқастарды уақытында анықтау және изоляциялау, ошақта басқа да эпидемияға қарсы шаралар өткізу 2)Вакцинациялау (эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша).

 

 

3.1.20. Емдеу шараларын, полиомиелиттің шұғыл кезеңінде организмнің өзіндік ерекшеліктері мен нерв-бұлшық ет жағдайларын ескере отырьш, комплексті түрде қолдану қажет, Барлық науқастарға орташа 2-3 жұма бойы төсекте жату режимі тағайындалады. Алғашқы күндерден бастап дұрыс ортопедиялық режимді сақтаған жөн. Сырқат ағаш тақтайда тығыз матрацқа жатқызылады, Аяқ-қолдың дұрыс қалыпқа келуі құм толтырылған қапшықтарды пайдалану, бинттеу (таңғыштау) және лангет салу арқылы іске асады. Бұл кезеңде 1 кг дене салмалмағына 0,5-1,0 мл-ден бұлшық етке 2-3 рет гамма-глобулин жіберген дұрыс, Мүмкіндік болса, қанға полиомиелитпен ауырғандардың 50 мл сарысуы жіберіледі.

Дем алу бұзылымдарын емдеу үшін тыныс жолдары тазартылады, оттегі қоспасымен, қажет болса, жасанды дем алдыру (ЖДА) қолданылады. Басы ауырып, құсатын болса, аналгетиктермен бірге дегидратациялық ем (диакарб, сирек — лазикс) тағайындалады.

Айқын білінетін менингорадикулярляқ синдромды емдеу кезінде витамиңцер (Вр Вб, В12) және екінші апта аяқталғанда жылту шаралары (парафин, ыстыққа қымтану), жоғары жиіліктегі ультрадыбыс (ЖЖУ), диатермия, новокаинмен ионофорез жасау тағайындалады. Анти-биотиктер тек бактериялык, асқынулар болғанда қолданылады.

Салдану кезеңі аяқталысымен және қозғалыс функцияларының қалпына келу белгілері пайда болса, 3-4 аптаға созылатын антихолин-эстераздық препараттар курстары — прозерин (балалардың әр жасына 0,001 г-нан бұлшық етке күніне 2 рет), дибазол (әр жасына 0,001-нан бұлшық етке күніне 2 рет), галантамин (2 жасқа дейінгі балаларға 0,25 % ерітінді, 3—5 аралығындағыларға 0Д—0,2 мл, 7-9 жастағыларға 0,3—0,8 мл тері астына немесе бұлшық етке) тағайындалады.

Қалыпқа келу кезеңінде, әсіресе аса айқын білінетін ауырсыну синдромы сақталған жағдайда, кортикостероидтармен (преднизолон — алғашқы дозасы әр 1 кг салмағына 1,0 г, ұзақтығы — 3—4 апта) емдеу курсы жүргізіледі.

Ауруға бірінші жыл бойы 40 күндей анаболиттік стероидтермен 2-3 қысқа дүркіндік ем (20—25 күн шамасында) жүргізуге болады. 2 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне 1,0—1,5 мг-нан, 2—5 жас аралығындағыларға — 2 мг-нан, 6—10 жастағыларға — 5 мг-нан, одан үлкендеріне — 10 мг-нан метандростенолон және нерабол тағайындалады.

Салдану үрдісі тұрақтағанда және қалыпқа келу белгілері пайда бола бастаған кезде емдік гимнастика мен массаж (уқалау) қолданылады. Емдік гимнастиканы бұлшық еттердің функционалдық жағдайын ескере отырып, күніне 2—3 рет өткізген жөн. Мұндайда бұлшық еттердің шаршауы мен қандай да болмасын ауырсыну сезімін болдырмауға. тырысу керек.

Қалыпқа келу кезеңіңде жүйелі түрде, қажет болса, қайталама курс ретінде жұлынның зақымдаған сегменттері тұсына парафин; ЖЖУ, диатермия қолданған жөн.

Аурудың басталуынан. 3—6 ай еткенде санаторлық-курорттық ем (емдік балшық, теңізге шомылу, ванналар) ұсынылады.

Резидуалдық кезеңде тұрақты парездер, салдану жөне сүйек деформациялары болса, қимыл-қозғалыс бұзылымдарьшың икемділігін жеңілдететін ортопедиялық шаралар мен протездеуге сенім артылады. Кей жағдайда хирургиялық әдіс те (бұлшық еттерді тігу, контрактураны жою, т.б.) қолданылады.

Профилактикасы. Шұғыл полиомиелитпен ауырғандарды 3 апта бойы оқшау ұстау керек. Полиомиелиттің алдын алуда 2, 2,5 және 5 айлық нәрестелерге сұйық үш валентті вакцинация (I, IIжене IIIтиптегі) қолдану, соңынан Імен 2 жас аралығында қайталама вакцинация жасау аса маңызды роль атқарады. Тиісті контингенттерді толығымен егу оларда иммунитет қалыптасуын қамтамасыз етеді.

 

3.2.1. Ми іріңдігі, артқы эпидуралды іріңдік.емі, профилактикасы.

Бактерияға қарсы ем,

Іріңдікті жару: ине арқылы пункциялау және іріңді ерітінділер арқылы тазалау,

Треанация әдісі арқылы бас сүйегін ашып іріңдікті капсуласымен бірге алып тастау.

Профилактикасы: Құнарлы тамақтану,витаминдер қабылдау,дәрігерге көріну

 


Дата добавления: 2018-04-15; просмотров: 935; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!