Остеохондроз : этиология,патогенез,клиника,диагностика



Остеохондроз латынның «остеон» - сүйек, «хондрос» - шеміршек деген мағынаны беретін сөздерінен құралған, демек ол омыртқааралық шеміршек шеңберлерінің (диск) сүйектік ұлпаға айналуы. Омыртқа дискілерінің қоректенуі төмендеп, қан айналымы өзгеріп, олардың созылғыштығы әлсіреп сызаттар түседі, кейінірек сүйектік ұлпаға айналады. Яғни омыртқа аралық шеміршектің, буындардың, сіңір мен сүйектің өзгеруінен пайда болған ауру- остеохондроз деп аталады.

Қауіп қатерлі факторлар:

Омыртқа аномалиясы;

- Люмбализация немесе сакрализация;

- Омыртқааралық буындар қуыстарының асимметриялы орналасуы;

- Омыртқалық каналдың туа біткен тарлығы;

- Спондилогенді соматикалық жəне бұлшықеттік ауыру;

- Физикалық зорығу;

- Жарақат;

- Вибрация, мысалы, транспорт жүргізу кезінде;

- Психоэмоционалдық факторлар;

- Аз қозғалысты өмір салты;

- Темекі тарту;

- Семіздік

Остеохондроздың клиникалық көрінісі
Ол омыртқаның зақымданған деңгейімен анықталады. Омыртқа остеохондрозының негізгі түріне мойын және бел- сегізкөз бөлігінің зақымдануы болып табылады. Мойын омыртқасының остеохондрозы-ағзаның анатомо-физиологиялық ерекшелігіне байланысты клиникалық көріністері және полиморфизммен айқындалады. . Клиникасы көптеген: цервикалгия, кардиалгия, жұлындық, түбіршекті, омыртқа артериялары, алдыңғы сатылы бұлшықеттер, иық-жауырын периартрит, эпикондилит, білек сүйегінің стилоиды және т.б. әртүрлі комбинациялық синдромдарды құрайды. Жас келе түбіршекті синдром жиілейді.

Диагностика критерилері:

1. Ауыру.

2. Тартылудың оң симптомдары.

3. Қозғалыстық жəне сезімталдылық бұзылулары.

4. Мануальді тестілеу .

5. екі проекциядағы рентгенография .

6. КТ жəне /немесе МРТ

7. Спинография

3.3.5 Вегетативті-тамырлық дистония: этиология,патогенез,клиника,диагностика

Вегетативтік дистония вегетативтік нерв жүйесінің сегмент үсті бөлімінің дисфункциясы әсерінен пайда болады.Оған аралық ми мен үлкен жпрты шарлардың ішкі-алдыңғы бөліктеріне кірігетін ,мишық қақпағының үстіне орналасқан құрылымдардың туа біткен, оның ішінде тұқым қуалайтын ерекшеліктері,бала кезінен бергі инфекциялық,уыттану,жарақаттану,т.б үрдістердің зардаптары себеп болады. Вегетативтік дистония пубертаттық пен климактериялық кезеңдерге тән эндокриндік дисбаланстың,сонымен қатар шамадан тыс дене және психоэмоционалдық зорланулардың көрінісі болуы мүмкін. Вегетативтік дистония клиникасы вегетативтік криздерді ,қорқыныш пен дкпрессияға әкеліп соғатын эмоциональды астениялық жағдайларды, барлық деңгейлердің зақымдану симптомдарын қамтиды.Вегетативті –қан тамырлық ұстамалар әр түрлі ағзалар мен тканьдердегі симпатикалық пен парасимпатикалық әсерлер айқындығының арақатынасы реттелуінің шұғыл бұзылуымен сипатталады.Сипаты жағынан олар симпатикалы-адреналдық, парасимпатикалық және аралас болуы мүмкін.
3.3.6 Жедел миелит: этиология,патогенез,клиника,диагностика

Миелит- инфекция немесе уланудан пайда болатын,жұлынның ақ және сұр заттарын қамтитын шұғыл қабыну үрдісі.Инфекциялық миелит біріншілік және екіншілік болып ажыратылады.Біріншілік миелит нейротроптық вирустар арқылы, ал екіншілік вирустық немесе бактериялық ,жалпы инфекциялық аурулар кезінде, шешекке қарсы егілгеннен кейін, организмде іріңдік ошақ болғанда, т.б жағдайларда пайда болады. Инфекция жұлынға қан арқылы тарайды.      

Қабыну үрдісі көбінесе жұлынның ортаңғы немесе төмеңгі кеуде бөлігін ,сирегірек бел-құйымшақ және мойын бөліктерін,сондай-ақ эпидуралдық кеңістіктің қабығы мен клеткасын, нерв түбіршіктерін, кейде шеткі нервтердіде қамтиды. Клиникасы продромалдық кезеңде аяқ-қолға таралатын арөа ауырсынуы,субфебрильдік температура байқалады.1-2 күн өткенде немесе апта бойы жоғары температура жағдайында әлсіздік үдеп, салдану пайда болады,Бабинский симптомы байқалып, құрсақ рефлекстерінің жойылуы мүмкін. Жұлын көлденеңнен жартылай зақымданса, Броун-Секар синдромы байқалады.Клиникалық бұзылулар өкшеде,құйымшақта және үлкен мықын қасаға томпағы маңында ойық жаралар түрінде көрінеді. Егер қабыну ошақтары жұлынның жоғарғы мойын бөлігінде орналасса,сіреспелі тетраплегияпайда болады.Диагностикасында жұлын –ми сұйығын,ЭТЖ, КТ,МРТ .

Туберкулезді менингит: этиология,патогенез,клиника,диагностика

Туберкулезді менингит — туберкулез микобактерияларын жұқтыру нәтижесінде бас миының жұмсақ қабатының арнайы қабынуы.

Туберкулезді менингиттің өту кезендері

Төртінші апта – продромальды жасырын кезең. Бесінші апта – серозды менингит; Алтыншы апта – базилярлы форма; Жетінші апта – менингоэнцефалит; Сегізінші апта – цереброспинальды лептопахоменингит.

Патогенезі:

Мидың жұмсақ қабатына ТМБ гематогенді жол арқылы түседі. Сонымен қатар ми қабатының зақымдалуы 2 кезеңнен өтеді:1. ТМБ гематоэнцефалды барьерден өтіп, мидың жұмсақ қабығының қан тамырлар өрімін зақымдайды.Тамырлар қабырғасының некрозы дамиды,өткізгіштігі жоғарлайды 2.Қан тамырлар өрімі арқылы ТМБ ликворға түседі. Миыдың негізінің жұмсақ қабатының спецификалық қабынуын шақырады.

Жасырын кезең біртіндеп басталады. Тұрақсыз субфебрильді температура, жиі бас ауру, құсу байқалады. Улану белгілері біртіндеп күшейеді. Баланың тәбеті едәуір төмендейді. Паталогиялық ұйқышылдық симптомы пайда болады. Ол күндіз бала ұйқышыл, ойнаудан, сабақтан бас тартады. Түнімен мазасызданып жылайды. Ай сонында дене температурасы жоғарылайды, басы ауырып, құсуы жиілейді. Баланың дене қызуы 39-40 С, толқын тәрізді. Бала басын шалқайтып, басын жан-жаққа шайқап жылайды. Құсуы жиі фонтан тәрізді, тамақпен байланыссыз. Менингиалды симптомдар – оң. Денесінде Туссо дақтары пайда болады. Есінің бұзылуы одан әрі өршейді. Бірінші симптом – ступор. Науқас есінде, бірақ берген жауапты кешіктіріп, жәй береді.Осыларға қосымша бас-ми нервтерінің зақымдануы болады. Ең жиі VII, бет нерві, VI жұп нерві зақымдалады. Екіншілік кезеңі – сопор. Бала есінде бірақ дұрыс жауабын бере алмайды. Ауры есінен танып құрысу-тырысулар байқалады. Науқастың көру есту қабылеті нашарлай бастайды.

Диагностикалық критерилер

Продрома. Интоксикация синдромы. Жамбас қуысы мүшелерінің функционалды бұзылыстары (іш қату, зәрдің тоқтауы). Ладья тәрізді іш. Бас — ми симптоматикасы. Жұлын сұйықтығының спецификалық өзгерістері. Сәйкес клиникалық динамика.


Дата добавления: 2018-04-15; просмотров: 1163; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!