Жас ерекшеліктер физиологиясы нені зерттейді ? 5 страница



Эпифиз – пішіні домалақ. Ортаңғы мидың жоғарғы бөліктерінің арасында орналасқан. Жаңа туған нәрестеде ұзындығы 3мм ені 2,5 мм қалыңдығы 2 мм. 4 жасқа дейін өсіп көлемі артады да одан әрі клеткалары кішірейіп қарапайымдалады. 8 жастан кейін тығыздалып қызметі тоқтайды. Эпифиз безінің гормондары жыныс безінің гормондарын тежейтіндігі анықталған. Эпифизде 3 гормон өндіріледі:

1. Меланин – теріні түссіздендіреді;

2. Контргиопоталамус-гипофиз гормоны гипофиздің қызметін тежейді;

3. Гломерулокортикотропин – бүйрекүсті безінің қызметін тежейді. 

Қалқанша безі. Сыңар мүше, аты 1956 жылдан белгілі. Жаңа туған нәрестенің қалқанша безінің салмағы 1 г., 6 айда 2 г., 1 жаста 3 г., 3-4 ж. 7 г., 5-6 ж, 10 г., 16-20 ж. 25г. болады. Ересек адамдарда 35-37 г.

Бұл бездің қызметі ұрық кезден басталады, 3 гормон түзеді: тироксин, трийодтиронин, кальцитонин.

Қалқанша безінің құрамында йод көп болады, тироксиннің құрамында 65% йод болады. Организмге йод жетіспегенде (гипосекрециясында) эндемиялы зоб ауруы пайда болады.

Кальцитонин қанның құрамындағы кальцийдің мөлшерін азайтады.

Қалқанша безінің гиперсекрециясында Базед ауруы байқалады. Науқастың көзі шарасынан шығады, қалқанша безі өседі, зат алмасу күшейіп, ұйқы бұзылып, тез шаршайды, бала жылауық, ашуланшақ болады. Гипосекрецияда – миксидема, шірішті ісік пайда болады. Науқастың тәбеті болмайды, температурасы төмендеп, салбыр болады, ақылы кем, есте сақтау қабілеті төмен болады. Егер гипосекреция баланың кішкентай кезінде байқалса кретинизмге шалдығады: жыныс мүшелері жетілмейді, ақылы кем болады, дене пропорциясы бұзылады.

Гипосекреция кемшілігі 2 түрлі болады:

1. Туа болған, қалқанша безі болмай, не нашар дамыған болса;

2. Жүре пайда болған. Гипофиз безінің тиреотропин гормонының түзілуі тоқтағандықтан өсе келе пайда болады.

Қалқан серік бездері қалқанша безінің артқы жағында орналасқан түйме тәрізді 4-6 без болады.

Салмағы 0,1-0,3 г, ұзындығы 6-7 мм, ені 3-4 мм. Жасөспірімдерде қалақансерік бездері қызғылттау, кейін сарғыш болады, қартайғанда қоңыр болады. Қалқансерік безінде паратгормон деп аталатын гормон өндіріледі.

Паратгормон кальций мен фосфордың алмасуына әсер етіп, оның қандағы мөлшерін реттейді. Бұл гормон жеткіліксіз болғанда сіңір тартылады. Гиперсекрециясында – фосфаттар несеп арқылы сыртқа шығып, босаған кальций қанда көптеп жиналады да гиперкальцемия (сүйектер деформацияға ұшырайды) байқалады.

Бүйрек үсті бездері – қос мүше. Оң және сол бүйректердің жоғары жағында орналасқан, салмағы 6-12 г. Әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұрады. Қыртысты қабатының салмағы 4,5-10 г., милы қабаты 1,2 –2,4 г.

Егер жануарлардың екі безін сылып алып тастаса жануарлар 1 аптаның ішінде өліп қалады. Милы қабатты қалдырып қыртысты қабатын сылып алып тастаса да жануарлар өліп қалады. Ал милы қабатты алып тастап қыртысты қабатты қалдырса өзгеріссіз ұзақ өмір сүре береді. Себебі милы қабатты құрайтын хромаффин клеткалар кейбір ірі қантамырларының бойында, ганглияларында кездеседі.

Бүйрек үсті безінің қыртыс қабаты 10 астам кортикостеройдтар тобына жататын гормондар түзеді.

Кортикостеройдтар қызметіне қарай 3 топқа бөлінеді:

1) глюкокортикоидтар;

2) минералокортикоидтар;

3) адренокортикоидтар.

Глюкокортикоидтардың ықпалынан барлық ұлпалардың, белоктың ыдырауы күшейеді, бауырдың мочевина бөлу қызметі артады. Осы әсерлерге байланысты бала организмінің салмағы азайып, өсуі нашарлайды.

Канадалық ғалым Г.Селье алғаш бүйрек үсті бездерінің гормондары организмге қаурт жағдайда өте қажет екенін көрсетті. Ол адамның қатты күйзеліс кезіндегі тітіркендіргіштерді стрессор деп атады (ағыл. стресс – қатты күйзелу, абыржу). Бүйрек үсті безінің қыртыс қабатының гормоны азайса, стресс жағдайында организм өліп кетуі мүмкін.

Глюкокортиоидтардың қабынуға аллергияға қарсы тұру қабілетін арттыруға маңызы ерекше.

Минералокортикоидтар – тер, сілекей бездерінде су мен тұздардың алмасуын реттейді.

Адренокортикоидтар жасөспірімдерде қосымша жыныс белгілерінің қалыптасуына көмектеседі. Бірақ жыныс бездерінің гормондарына қарағанда әлсіздеу.

Бүйрек үсті безінің милы қабаты екі гормон бөледі: адреналин және норадреналин.

Адреналин жүректің жұмысын күшейтіп соғу ырғағын тездетеді, қозғалысын жақсартады, қантамырларын тарылтып, қысымды өсіреді. Дененің әр жеріндегі қантамырларының адреналинге сезімталдығы әртүрлі. Адреналин ішек еттерінің тонусын төмендетіп, қозғалысын басады, бронх еттерін босатады, көздің қарашығын кеңейтеді, жүкті әйелдердің жатыр еттерін жиырады, тері түктерінің қапшықтарының етін жиырады (сондықтан күшті эмоция кезінде адамның шашы “тік” тұрады). Көмірсутегінің, майдың алмасуына әсер етеді. Қаурт жағдайда бұлшық еттердің жұмысын күшейтіп, рецепторлардың сезімталдығын (көру, есту) күшейтеді. Сыртқы ортаның өзгерген жағдайларына бағытталған. Сондықтан бүйрек үсті бездерінің майлы және қыртысты қабаттарының гормондарын бейімдеуші гормондар дейді.

Бүйрек үсті бездерінің жас ерекшеліктері. Ұрық кезінде бұл бездерде аздап гормондар түзіле бастайды.

Бүйрек үсті безінің салмағы, қызметі және қызмет белсенділігі тұрақсыз. Сонымен қатар бұл бездердің қызметі сыртқы ортаның әсеріне, баланың жейтін тамағына байланысты.

Жаңа туған нәрестенің қыртысты қабаты милы қабатынан көбірек болады.

1 жастағы баланың безінің қыртысты қабаты милы қабатынан 2 есе қалың.

10 жаста милы қабаттың ұлпасы тез өсе бастайды. Қыртысты қабатының өсуі 11-12 жасқа дейін, милы қабатының өсуі 6-20 жасқа дейін созылады.

Милы қабаттың гормондары жетіспегенде, көбінесе 10 жасқа дейінгі балалардың миындағы жүйке клеткаларында қанттың жетіспеуінен талмауы ауруы байқалады. Сабақты көп оқығанда, ойнап жүгіргенде бала есінен танып қалады. Мұндай жағдайда жиі-жиі тәтті тағамдар, суға еріткен бал, қант беру керек. 10 жастан кейін өзінен өзі қойып кетеді.

Қыртысты қабаттың гипосекрециясында Аддисон ауруы дамиды. Ересек адамдарда көбірек, балаларда сирек кездеседі. Ауру баланың денесінде қоңыр дақтар пайда болады, тез шаршайды, қимылдары азаяды, жүдейді, қаны қоюланады. Көмірсутегінің алмасуы бұзылады.

Кей балаларда туа пайда болған қыртыс қабатының гипертрофиясы байқалады. Аурулардың белгілері 2-3 жаста байқалады. Балалардың өсу қарқыны баяулайды, 2-3 жастан ауру қыздардың қолтығында, шабында түктер өседі, бірақ емшектері өспейді, етеккірі келмейді.

Милы қабатының гипертрофиясы ісікке байланысты байқалады. Балалар тершең, көзі бақырайған, беті шырайсыз келеді, қан қысымы жоғарылайды. Ісікті алып тастағаннан кейін бала жазылып кетеді.

Тимус (айырлы без) – 2 бөліктен тұрады (оң және сол), бір-бірімен дәнекер ұлпа арқылы байланысқан. Кеуде қуысында төс сүйегінің астында орналасқан. Жаңа туған балада салмағы 23 г, 15 жаста – 37 г. одан әрі солып азаяды: 45 жаста 35-16 г, 50-55 жаста 12-13 г, қартайғанда 6 г.

Милы және қыртысты қабаты болады. Тимус 2 қызмет атқарады: тимоидин гормонын өндіреді және организмнің иммунитетіне маңызы күшті Т-лимфоциттер дамып жетіледі.

Тимус безінің гормоны денедегі кальций тұздарын сүйектің құрамында сақтап, баланың бойының өсуін реттейді және ерте жыныстық жетілуді тежейді.

 Бездің гипертрофиясы кезінде тимус – лимфатикалық статус деп аталатын ауру пайда болады. Ондай балалардың тимусы мен лимфа ұлпалары ұлғайып, жүрегі жетілмеген, беті ісік, терісі жұқа, шашы өте жұмсақ болады, тыныс алуы нашар, кейде дем ала алмай шетінеп кетуі де мүмкін. Бұл туралы 1830 ж. Корр жазған. Жалпы алғанда тимустың аурулары аз кездеседеі. Бұл бездің ауруларының негізгі белгілері: семіздік, әлсіздік, без ұлпасының ұлғаюы, сүйектің жұқаруы.

Ұйқы (қарын асты) безі – қарынның астыңғы жағында орналасқан, аралас безге жатады. Сыртқы секрециялы без ретінде асқорыту мүшесіне сөл бөледі, ішкі секрециялы без ретінде ұйқы безінің Лангерганс аралшықтары гомондар бөледі. Лангерганс аралшықтарында альфа, бета, гамма, дельта клеткалары бар. Альфа клеткаларында гликоген, бета клеткаларында инсулин гормоны бөлінеді.

Инсулин аса маңызды гормондардың бірі. Көмірсутегінің, майлардың алмасуына қатысады.

Глюкагон гормонын гипергликемиялық фактор деп те атайды. Қандағы қанттың мөлшерін көбейту үшін бауырдағы гликолизге қатысады. Сөйтіп организмді қажетті қантпен қамтамасыз етеді.

Инсулин мен глюкагон бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Ас ішкеннен кейін организмдегі әсіресе қандағы қанттың мөлшері көбейеді. Бұл кезде инсулин артық қантты гликогенге айналдырады, ал ас арасында қандағы қанттың мөлшері азайғанда бауырдағы гликогенді глюкагон гормоны ыдыратып глюкозаға айналдырады. Пайда болған глюкоза ет пен нерв клеткаларының қызметіне қажетті энергия қоры ретінде пайдаланылады.

Ұрық пен жаңа туған баланың ұйқы безіндегі гормон өндіруші клеткалар жақсы дамыған. Жаңа туған нәрестенің ұйқы безінің әрбір грамынан 10Е (халықаралық өлшем бірлік), ересек адамнан 2Е инсулин бөліп алуға болады. 1 жастағы нәрестенің безінде 36 Е, 20 жаста 180Е инсулин бөлінеді.

Инсулин гормонының мөлшері азайса қант диабеті аруына шалдығады. Ондай аурудың шөлі қанбайды, несепте қант пайда болады. Науқастың қанындағы қант мөлшері 200-500 мг% дейін көбейеді. Несеп арқылы тәулігіне 10-150 г глюкоза денеден шайылады. Май алмасуы бұзылады, қанның құрамында холестериндер, кетондар көбейеді. Науқастардың көбінде дем шығарғанда ацетон исі сезіледі. Ең алғаш баладағы қант диабеті ауруының пайда болғанын 1696 ж. Мортон жариялаған. Ал ол ауру аралшықтардың қызметіне байланысты пайда болғанын 1877 ж. Лангерганс тапқан.

Балаларда ауру тез асқынады, ал ересектерде біртіндеп дамиды.

Глюкагон гармонының жетіспеуіне байланысты 10 жасқа дейінгі балаларда талма ауруы болады. 10 жастан кейін өзінен өзі ауру жоғалады, себебі глюкагонның орнын бүйрекүсті безінің милы қабатындағы адреналин гормоны басады.

Жыныс бездері және жыныстық жетілу. Жыныс бездері аралас бездерге жатады. Сыртқы секрециялық без ретінде жұмыртқа клетка мен сперматазойд бөлінеді де, ішкі секрециялық без ретінде гормондар бөледі.

Аталық жыныс бездері ұмада орналасқан, андрогендер тобына жататын (тестостерон, андростерон) гормондар бөледі. Аталық бездің гормондары ер адамның қосымша жыныс белгілерінің пайда болуына, ер балалардың сыртқы жыныс мүшелерінің өсіп жетілуіне, сақал-мұрттың, денедегі түктің, дыбыстың өзгеруіне әсер етеді. Зат алмасуына қатысып, белоктың синтезделуін реттейді.

Жыныс бездерінің гормонактивті ісіктері балаларда аз кездеседі. Көбінесе 6 жастағы ер балаларда кездеседі, аталық безі үлкейеді, бала тез өсе батайды, баланың бойында ересек адамның дене сипаты қалыптасады. Операция жасап, сылып алып тастағаннан кейін жазылады.

Гипофункция кезінде жасөспірімдер мен ересек ерлерде әтектік байқалады. Ондай жастар жыныстық жетілмейді, даусы жіңішке болады, сыртқы жыныс мүшесі өспейді, әйел пішінді болады.

Мектеп жасына дейінгі балаларда бұл ауруды анықтау қиын. Тек 10-12 жаста жыныстық жетілу кешіккенде ғана білінеді.

Әйелдердің жыныс безі жатырдың оң және сол жағында орналасқан, эстроген және прогестерон гормондарын бөледі.

Эстрогендер қынаптың эпителиін қатайтып, жатырдың бұлшықеттеріне әсер етеді, әйел жыныс мүшелерін өсіріп, қосымша жыныс белгілерін тудырады, қыздардың бойын өсіреді, зат алмасуына әсер етеді.

Прогестерон сары дененің гормоны. Ол жатырдың эндометриясына әсер етеді. Прогестерон жұмыртқа клетканың ұрық жолынан өтуіне және оның сыртқы қабығының пайда болуына әсер етеді. Жатырда прогестеронның секреторлық без клеткаларына әсер етіп, ұрықты қоректендіруге дайындайды, жатырдың жиырылуына кедергі жасайды.

 

Жыныстық жетілу

Эмбрионның үшінші аптасында жыныстық жетілу басталады. 4-5 айдағы ұрықта жыныстық белгілер айқындалады. Бұл кезден бастап 1 жасқа дейін аталық без біркелкі дамиды. 1 жастан жыныстық жетілуге дейін баяу дамиды. Аналық жыныс безі 7-9 айында және 1 жасқа дейін күшті болады. Сосын 7-9 жасқа дейін күрт төмендейді.

Жыныстық жетілу ер балаларда 10-11 жаста, қыз балаларда 9-10 жаста басталады. Осы уақыттан бастап ер балалардың жыныс мүшесі өсе бастайды. Жыныс бездері жетіледі. 12 жастан аса көмекейі өсіп, дауысы өзгереді. 13-14 жаста ер адамға лайық қаңқа ерекшеліктері пайда болады. 15 жастан бастап қолтығында түктер өседі, сақал-мұрт шыға бастайды, сперматогенез басталады, ұйықтап жатқанда шәуһет бөліне бастайды.

18 жаста жігіттің жыныстық жетілуі аяқталады.

Қыз балаларда 8 жастан-ақ әйел пішіндес қаңқа ерекшеліктері пайда болады, жамбас сүйектері өседі. 10 жасқа жақындағанда емшегі өсе бастайды. 13-15 жаста бойы жылдам өсіп, қолтығына түктер шығады, етеккірі келеді. 16-18 жаста қыздар толық жыныстық жетіледі.

Жыныстық жетілу мерзімі тұқым қуалау қасиеттеріне, жейтін тамағына, тұрмыс жағдайына, тәрбиесіне, тұратын жерінің ауарайына, сыртқы орта жағдайларына байланысты.

 

 

7-тақырып. Тірек-қимыл жүйесі, оның жас ерекшеліктері

Тірек қимыл жүйесіне адамның қаңқасы мен бұлшықттері жатады.

Адамның қаңқасы 200-ден астам сүйектен тұрады. Олар бір-бірімен буын арқылы жалғасып қозғалмалы келеді. Қаңқаға бұлшқеттер бекітілген. Әрбір сүйекке екі немесе одан да көп бұлшықеттер ұштасады.

Бұлшықеттердің негізгі қызметі - сүйектерді қозғау.

Сүйектің құрылысы. Сүйек остеон деп аталатын пластинкадан тұрады. Сүйектің сыртында сүйек қабы бар. Тек қана буындарда сүйек қабының орнына шеміршек болады. Остеондардың орналасуына қарай 2 түрлі заттардан тұрады: тығыз және кемік заттардан.


Дата добавления: 2022-01-22; просмотров: 34; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!