Жас ерекшеліктер физиологиясы нені зерттейді ? 4 страница



Люкс – жарық сәулелері 1 м қашықтықтан 1 м2 тегістікке тік түскенде пайда болатын жарықталуының дүниежүзілік өлшемі. 30 люкстен астам жарықты сауытша клеткалар сезеді. Сауытшалардағы иодопсин сәулелердің әсерінен иодинен мен опсинге ыдырайды. Фотохимиялық реакцияның негізінде пайда болған қозу таяқша және сауытша клеткаларымен байланысқан көру нервінің орталыққа тебетін афференттік ұштары арқылы ортаңғы мидағы көру төмпешіктеріне жетіп, одан әрі ми сыңарларының қыртыстарының шүйде тұсында орналасқан көру орталығына барады. Онда талқыланып, жинақталып, заттың бейнесі туралы сезім туады. Фотохимиялық реакцияның пайда болуына байланысты көздің қозғыштығы төмендейді. Мұны жарыққа бейімделу немесе жарық адаптациясы дейді.

Көздің заттың түсіне бейімделу қабілетінің де маңызы бар. Заттың түсі, бояуы туралы сезім көру талдағышына ұзындығы әртүрлі жарық толқындары әсер еткенде туады. Көздің жарық толқындарын қабылдау қабілеті 390-760 нм шамасында. Олардың әр толқыны ұзындығына байланысты бір түсті сезім тудырады. Мысалы, көк түсті сезім 450-480 нм, күлгін түсті 390-450 нм, қызыл түсті 620-760 нм.

Түсті жарықты қабылдау ілімінің негізін алғаш рет М.В.Ломоносов 1756 ж. қалаған.

Кейбір адамдар заттың түсін мүлде анықтай алмайды. Мұндай кемшілікті осы аурумен ауырған ағылшын ғалымы химик Дальтонның атымен дальтонизм деп атайды.

Көру талдағышының жас ерекшелігі.

Жаңа туған нәрестенің көз алмасының салмағы 2-4 г. Ересек адамның көз алмасының салмағы 6-8 г.

Көз жасының безі жаңа туған нәрестеде толық жетілген, бірақ оған келетін жүйке талшығы әлі жетілмегендіктен алғашқы 3-5 айға дейін жылағанда көз жасы шықпайды. Нәрестенің көзінің қозғалысы екі көзінде бірдей емес. Көзін жыпылықтату қабілеті өте нашар.

Жаңа туған нәрестенің қарашығы өте жіңішке.

Баланың көзінің қозғалысы тек 1 айға толғанда ғана дұрыс бағыттала бастайды. Затқа көзін тігіп қарау қабілеті алғашқы 3-5 айға дейін қалыптасады. Бұл мезгілде затқа қарау ұзақтығы 1-1,5 минөт, 3 айда 7-10 мин, тек 3-7 жастың арасында толық жетіледі.

Сәбидің сауытша клеткалары жетілмеген. Сондықтан бала 1 жасқа дейін заттың түсін анық көре алмайды. Түсті ажырату балаларда 3 жаста басталады.

Көру гигиенасы.

Көру гигиенасының талаптары:

-кітапты оқығанда, жазғанда баланың көзі мен қағаз аралығы 35-40 см болу керек;

-жарық мөлшері 150-300 люкс болуы тиіс және жарық сол жақтан түсу қажет;

-үстелде, партада бала дұрыс отыру керек;

-жүріп келе жатқан көлікте кітап оқуға болмайды;

- теледидар көргенде 2,5-3 м қашықтықта отырған дұрыс;

-баланың жасына лайық кітап оқу ұзақтығын сақтау жөн:

6-7 жаста – 10 мин,

7-10 жаста – 15 мин,

10-12 жаста – 20 мин,

12-15 жаста – 25 мин,

15-18 жаста 30 мин.

-көздің тазалығын сақтау керек.

 

Дыбыс талдағышы

Есту анализаторы - үш бөлімнен (сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан) тұрады.

Сыртқы құлаққа– эластикалық шеміршектен тұратын құлақ қалқаны мен сыртқы дыбыс жолы жатады. Сыртқы дыбыс жолының ұзындығы 2,5 см-ге жуық. Ол самай сүйегінің пирамида бөлігінде орналасады. Сыртқы дыбыс жолының ішкі жағында түрі өзгерген тер бездерінен сарғыш түсті құлық бөлінеді. Олар дабыл жарғағын сыртқы ортаның түрлі қолайсыз жағдайларынан қорғап тұрады.

Ортаңғы құлақ – дабыл қуысынан, есту сүйекшелерінен (балғашық, төс, үзеңгі) және есту түтікшесінен (евстахиев түтігі) тұрады. Ортаңғы құлақтың артқы жағында 2 тесік (кіреберіс және ұлулы дене) бар. Бұл тесіктер ортаңғы құлақ пен ішкі құлақты бір-бірімен байланыстырып тұрады. Ортаңғы құлақтағы үш сүйек (төс, балғашық, үзеңгі) бір-бірімен буын арқылы байланысқан және олар дабыл жарғағын ішкі құлақпен байланыстырып тұрады. Ортаңғы құлақтағы дыбыс түтігінің ұзындығы 3,5 см және ол жұтқыншақпен байланысып жатады. Сондықтан да, ортаңғы құлақ қуысында үнемі атмосфералық ауа болады.

Ішкі құлақтың немесе шытырманның (лабиринт) құрылысы күрделі болып келеді. Оның ішкі жағында орналасқан жарғақты түтікшелердің ішінде эндолимфа сұйықтығы болады, оны кейде жарғақты шытырман деп те атайды. Оның сыртын сүйекті шытырман қоршап тұрады. Жарғақты шытырман мен сүйекті шытырманның арасын перилимфа сұйықтығы толтырып жатады.

Сүйекті шытырман үш бөліктен (кіреберіс, ұлулы дене және үш жарты иірім өзекшелер) тұрады.

Кіреберіс бөлік екі тесік арқылы ортаңғы құлақтағы дабыл қуысымен байланысып тұрады. Ондағы жоғарғы сопақша тесікті үзеңгі сүйегі жауып тұрады. Ал, төменгі дөңгелек тесікті жұқа жарғақ керіп тұрады. Ішкі құлақтағы үш жарты иірім өзекшелер де кіреберіс бөлікке келіп ашылады. Ішкі құлақтағы сүйекті ұлулы дененің пішіні конус тәрізді. Ондағы орамды өзекше 2,5 иірім жасап орналасқан. Кіреберіс пен үш жарты иірім өзекшелерді қосып вестибулярлық аппарат деп те атайды. Вестибулярлық аппарат пен ұлулы дене бір-бірімен өте тығыз байланысты. Бұлармен мидан тарайтын VIII жұп есту жүйкесі байланысады. Есту анализаторының орталығы ми қыртысының самай бөлігінде орналасқан.

Дыбыс талдағышының жас ерекшелігі. Жаңа туған сәбидің сыртқы құлақ түтігі тар, оның терісінде түктер көп болады. 1 жасқа дейін құлақ түтігі өсіп, ұзарып кеңейеді. Сәбидің ортаңғы құлағы сұйыққа толы болады да, біртіндеп барып ауаға толады. 1 жастағы балада Евстахи түтігі қысқа, кең, түзу болады.

Жаңа туған сәбидің дыбыс нерві әлі миелинденіп болмаған, төрт төмпешіктің және басқа аймақтарының нейрондары дифференцияланбаған. 1 жаста дыбыс жүйкесі жылдам дамып жетіледі де, 4-6 жаста ересек кісінің дыбыс жүйкесімен бірдей болады.

Баланың дыбыс есту қабілеті алғашқы жылдың ішінде тез жетіліп, қарапайым дыбыстарды есту қабілеті болады. Тіпті 1 жастан аса музыкалық қарапайым әуенді аздап ажырата алады. Дегенмен ми қыртысындағы дыбыс орталығы алғашқы жылы нашар жетіледі.

Есту гигиенасы. Айқай-шу есту талдағышына 2 түрлі әсер етеді: құлақтың дыбыс өткізушісі мүшелерінің қызметін бұзады және орталық жүйке жүйесіндегі есту орталықтарының қызметін нашарлатады. 90 децибел шамасындағы қатты айқай есту қабілетіне ғана әсер етіп қоймай, асқорыту, қан-тамырлар жүйелерінің қызметін бұзады. 4-5 жыл бойы 120 децибел шуда еңбек еткен адамның жүйке жүйесінде кемшіліктер пайда болады: ұйқысы бұзылады, басы ауырады, зат алмасуы әлсірейді.

Есту кемшіліктерінің адын алу үшін дыбыс гигиенасының талаптарын орындау қажет. Әсіресе мктепте гигиеналық талаптарды сақтаудың маңызы зор. Мектептегі шуды азайту үшін оның ауласының көше жағын қорғаныс аймағына айналдырып, оған ағаштар мен бұталар отырғызады.

Есту қабілеті төмен оқушыларды алдыңғы қатардағы партаға отырғызған жөн. Мектеп үйінің шулы бөлмелерін (спорт залы, шеберханалар) негізгі оқу бөлмелерінен бөлек алыс орналастырылады. Балалар жұмыс істеп жатқан шеберханаларда, шулы жерлерде әр 30-50 минөт сайын 10-15 минөтке созылатын үзіліс жасау керек.

6-7 жаста мектепке барар алдында емханаларда баланың есту қабілетін тексереді, балалар бақшасына баратын балаларды мектеп алдындағы тексеру кезінде балалар бақшасының комиссиясы тексереді.

Қатты дауысты музыканы тыңдау мөлшері 7-10 жаста 30 мин, 11-16 жаста 1-1,5 сағ, 17-20 жаста 1,5-2 сағ.

 

Дәм сезу, иіс сезу және тері анализаторлары.

Олардың жас ерекшеліктері

Дәм және иіс сезу анализаторлары тағамдық заттар мен қоршаған ортаның химиялық құрамын сезетіндіктен оларды кейде хемосенсорлы жүйелер деп те атайды.

Дәм сезу анализаторының рецепторлық бөлімі ауыз қуы-сындағы мүшелердің дәм сезу клеткаларымен тығыз байланысты. Ондай клеткалар негізінен тілде орналасқан саңырауқұлақ, жапырақ және науа тәрізді дәм сезу бүртіктерімен байланысады. Жекеленген дәм сезу бүртіктері жұмсақ таңдайда, кейбір бадамша бездерде, жұтқыншақ пен көмекей қақпағының сілемейлі қабықтарында да орналасқан.

Тәтті заттың әсері тілдің ұшындағы және жан-жағындағы бүршіктері арқылы сезеді. Ащы – тілдің түбіндегі бүршіктерімен, қышқыл – тілдің шетімен және көмеймен сезіледі.

Иіс сезу анализаторларының рецепторлық клеткалары мұрын қуысының жоғары бөлігіндегі сілемейлі қабығында орналасқан. Одан иіс сезу жүйкесі арқылы ми қыртысының маңдай бөлігімен байланысады.

Тері анализаторы дегеніміз температураны , ауырсынуды және тактильді (жанасқанды сезетін) сезімдерді қабылдайтын рецепторлар жиынтығы.

Температура рецепторлары екеку, олар суықты және жылуды қабылдайды. Суықты қабылдайтын рецептор терінің жоғары бетіне жақын орналасқан, олардың саны көбірек.

 

6-тақырып. Ішкі секреция бездері мен гормондар. Жасқа сай ерекшеліктері.

Организмдегі бездер екі топқа бөлінеді: экзогендік (сыртқы секрециялық) және эндокриндік (ішкі серкециялық) бездер деп.

Экзогендік (лат. секреция – сөл, грек.экзо - сыртқа) бездердің өзегі болады, өнімдері қуыс мүшелерге (ауыз қуысына сілекей бездер) құйылады немсе дененің сыртына шығады (тері арқылы).

Эндокриндік бездердің өзегі болмайды, өнімдері тікелей қанға құйылады да бүкіл денеге тарап мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секреция бездердің өнімдерін гормон (грек.гормо – іске қосамын, қозғаймын) деп атайды. Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің өсуін, дамуын, организмнің физиологиялық қызметтерін үйлестіруге, энергия және зат алмасуын, мүшелердің қызметін реттейді. Қазіргі кезде 40-тан астам гормондар бары белгілі.

Ішкі секрециялық бездерге: гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан серік бездері, айрлы (тимус) без, бүйрекүсті бездері, қарын асты безінің (ұйқы безі) Лангерганс аралшықтары, жыныс бездері жатады. Ұйқы безі мен жыныс бездері аралас бездерге жатады, себебі сыртқы және ішкі секрециялық бездердің де қызметін атқарады.   

Гормон - өте белсенді химиялық зат. Гормондардың қасиеттері:

- олар өте белсенді, өте аз мөлшерде де әсер ете алады (микрограмм, нанограмм);

- әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспесе екінші бездің гормоны оның қызметін атқара алмайды;

- ұлпаларға, мүшелерге қашықтан тұрып әсер етеді.

Гормондар химиялық құрамына қарай: белок, полипептид, липидтер және стереойдтарға жатады.

Әрбір ішкі секрециялық без тек нақты гормон өндіреді. Гормондардың өндірілуі нашарлағанда гипосекреция (грек.гипо- аз, төмен) және күшейгенде гиперсекреция (гипер – артық, жоғары) байқалады. Ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуы организмнің тіршілігіне әсер етіп, қауіп төндіреді.

Гипофиз. Бас сүйегінің “түрік ері” деп аталатын сүйегінде орналасқан. Жаңа туған сәбидің гипофизінің салмағы 10-15 мг, 10 жасқа дейін 30 мг-ға дейін өседі, жасөспірімдерде ересектердікіндей 50-65 мг болады.

Гипофиз үш бөліктен тұрады: алдыңғы, ортаңғы және артқы. Алдыңғы және ортаңғы бөлігін аденогипофиз, артқы бөлігін нейрогипофиз деп атйды. Алдыңғы бөлігі 75%, ортаңғы – 1-2%, артқы – 18-23% құрайды.

Гипофиздің гормондары

Аденогипофиз

Нейрогипофиз
Алдыңғы бөлігі Ортаңғы бөлігі Артқы бөлігі
1. Соматотропин немесе өсу гормоны (СТГ); 2. Тиреотропин (ТТГ); 3. Адренокортикотропин (АКТГ) 4. Гонадотропиндер (лютейіндеуші, лютеотроптық, фоликулстимулдеуші горомондар) 1. Меланотропин (МТГ) 1. Вазопрессин; 2. Окситоцин

 

С оматотропин немесе өсу гормоны (СТГ) – белоктың алмасуын, ұлпалардың өсуін реттейді, май мен көмірсудің алмасуына әсер етеді. Жаңа туған сәбиде өсу горомонының мөлшері өте көп (60 ммкг/мл), 3 айда 16 ммкг/мл, ересек балаларда 10,8 ммкг/мл, ал ержеткенде 0,55 ммкг/мл болады.

1945 ж. бұл гормонды Еванс пен Ли Симпсон тек малдың безінен тапқан, ал 1948 ж. жануарлардың, 1956-1968 жылдары адамның безінен тапқан.

СТГ гиперсекрециясында баланың бойы ұзарып (2 м-ден асып кетеді) алыптық, ал гипосекрециясында баланың бойы қысқа ергежейлік байқалады.

Жыныстық жетілуден кейін СТГ көбейіп кетсе акромегалия байқалады, яғни адамның бет, қол-аяқ, жақ сүйектері күшті өсіп ұзарады.

Тиреотропин (ТТГ) қалқанша безінің қызметіне әсер етеді: йодтың без клеткасында жиналуына, тотығуына әсер етіп қалқанша безінің гормондарының қызметін реттейді.

Адренокортикотропин (АКТГ) бүйрекүсті бездерінің қыртыс қабатының горомондары глюкокортикойдтар мен адренокортикойдтардың өнуіне әсер етеді және көмірсутегінің алмасуына әсер етеді.

Гонадотропиндер (лютейіндеуші, лютеотроптық, фоликулстимулдеуші горомондар) жыныстық жетілу кезінде маңызы арта бастайды. Ерлер сперматогенезін күшейтеді, әйелдер етеккірін мезгілінде келтіреді, емізетін әйелдің сүтінің келуін реттейді.

Меланотропин (МТГ) адам терісінің түсін реттейді. Мөлшері көбейіп кетсе дене терісі сүттей ақ, ал азайып кетсе қоңыр дақ пайда болады.

Окситоцин жатырдың жиырылуын қамтамасыз етеді, әйел босанып жатқанда баланың сыртқа шығуына көмектеседі.

Вазопрессинді антидиурездік гормон деп те атайды. Ол бүйрек каналшаларында судың қанға қайта сіңуіне әсер етеді. Гиперсекрециясында – қантсыз диабет ауруы пайда болады (тәулігіне бірнеше литр несеп бөлінеді).


Дата добавления: 2022-01-22; просмотров: 30; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!