Зат алмасу мен энергия айналымы 20 страница



Бұлшықеттердің қажу себебі: Бұлшықеттердің ұзақ дамылсыз жиырылуы

Дене еңбегі кезіндегі тынығу: Қажуды тежейді

Бұлшықет жұмысы оң әсерін тигізеді: Түгел ағзаға

 

Ағзаның ішкі ортасы

Адам ағзасының ішкі ортасы:Қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы

Жасушаны қоректік заттармен қамтамасыз етеді: Қан, лимфа

Қанның қызметі:Тасымалдау, қорғаныштық, гуморальдық, жылуреттеу

Қанның қызметі: Дене температурасының тұрақтылығын сақтау, қоректік заттарды асқорыту мүшесінен ұлпаларға жеткізу, ағзаны зиянды микробтардан қорғау

Адам ағзасындағы қан мөлшері:4,5-5л

Қанның сарғыштау түсті қоймалжын сұйықтығы:Плазма

Қан жасушаларын бөліп алғанда қалатындар: Плазма

Қан плазмасының құрамында сутегі иондарының концентрациясының қалыпты болып тұруына қатысады: Қан плазмасындағы ақуыз бен минералды тұздар

Қан плазмасының құрамы Су 90-92%, нәруыз 7-8%, глюкоза 0,12%, май 0,7-0,8%, тұз 0,9%

Қан плазмасының нәруызы:Альбумин, глобулин, фибриноген

Фибриноген нәруызы болмайтын сұйықтық: Сарысу

Қан ұйығының сығындысы: Сарысу

Сүйек қызыл кемігінде түзіледі:Қан жасушалары

Қан жасушалары:Лейкоцит, эритроцит, тромбоцит

Ядросы жоқ, қызыл түсті қанның жасушалары:Эритроциттер

Эритроциттердің құрылыс ерекшелігі: Қызыл түсті,табақша тәрізді, ортасы қысыңқы

Эритроцит жасушаларының пішіні: Домалақ, оралма қысыңқы табақша, тиын

Эритроциттердің негізгі қызметі:Оттек, көмірқышқыл газын тасымалдау

1 мм3 қанда эритроциттер саны:4,5-5 млн жуық

Эритроциттер жасалады: Жілік майы мен кемікте

Эритроциттердің бірігуі: Агглютинация

Эритроциттегі ерекше ақуыз: Гемоглобин

Қанға қызыл түс беретінпигменті:Гемоглобин

Адамның 100 мл қанында болатын гемоглобин мөлшері: 15-16г

Гемоглобин құрамына кіретін химиялық элемент: Темір

Тасымалдау қызметін атқаратын нәруыз:Гемоглобин

Гемоглобиннің негізгі ролі: Оттегі тасымалдау

Қандағы оттек эритроциттерге барып гемоглобинмен байланысып түзеді:Оксигемоглобин

Көмірқышқыл газымен қосылған гемоглобин:Карбоксигемоглобин

Эритроциттердің тіршілік ету ұзақтығы: 120 тәулік

Қан аздық себебі: Эритроцит, гемоглобин жетіспеуінен

Қанның құрамының өзгеруі мен азаюынан туатын ауру: Анемия

Ірі ядросы бар, ақ түйіршікті қан жасушалары:Лейкоциттер

Лейкоциттер:Қанның түссіз ядролы, белсенді (амеба сияқты) қозғалатын жасушалары

Адамның 1 мм3 қанында болатын әр түрлі топқа жататын лейкоциттер саны: 6-8 мың

Лейкоциттер түзіледі:Сүйек кемігінде, көкбауырда, айырша безде, лимфа түйіндерінде

Ағзаны микробтардың енуінен,жұқпалы аурудан сақтайды:Лейкоцит

Ағзаның қорғану реакциясы:Фагоцитоз

Фагоцитоз дегеніміз: Лейкоциттердің микроорганизмдерді сіңіріп қорытуы

Фагоцитозға өте қабілетті жасушалар Лейкоциттер

Тікен кіргенде ірің түзілі … белгісі: Лейкоциттердің фагоцитозға қабілеттілігінің

Микробтарды ерітетін обыр жасушалар: Фагоциттер

Лейкоциттердің қызметін толық зерттеген ғалым: И.И.Мечников

Фагоцитозды құбылысын ашқан: И.И.Мечников

Бөгде бөлшектерді сіңіріп қорыту процесін ашқан ғалым: Мечников

Ағзаның иммунитет жүйесін құрайтын қан компоненті:Лейкоцит

Лейкоциттерінің тез көбейіп, қан ағынын толтырып жіберуден пайда болатын ауру: Аққан ауруы (лейкемия)

Эритроциттер мен лейкоциттер бұзылады:Бауыр, көкбауыр

Лейкоциттердің құрылыс ерекшелігіне сәйкес екі тобы: Түйіршікті, түйіршіксіз

Түйіршіксіз лейкоциттердің түрлері: Лимфоциттер, моноциттер

Қан пластинкасы:Тромбоцит

Адамның 1мм3 қанындағы тромбоциттердің мөлшері: 250-400 мың

Тромбоциттердің негізгі қызметі:Қанның ұйуы және қан кетуді тоқтату

Қанның ұюына қажетті заттар:Тромбопластин, фибрин талшықтары, «К» витамині, оттек, кальций иондары

Қанның ұюы неге байланысты:Фибриногеннің ерімейтін фибринге айналуына

Фибриногеннен фибрин түзілуі үшін қатысатын: Тромбоцит және кальций тұзы

Қанның ұюына қатысатын нәруыз: Фибриноген

Қанның ұюы кезінде түзілетін ерімейтін талшықты нәруыз: Фибрин

Фибрин түзілу үшін қатысатын ақуыз:Протромбин

Бауырда түзілетін қан сарысуының нәруызы: Протромбин

Протромбин түзіледі: Қанұйық түзілуден

Жарақаттанған жерге фибрин жіпшелерінің тығыз талшықты тор түзуі: Тромб

Жарақаттанған жерден аққан қан ұйыды: 4-5 мин

Туылғаннан қан ұйымайтын, сирек кездесетін, тұқым қуалайтын ауру: Гемофилия

Қаны ұйымайтын адамның қанындағы болмайтын нәруыз:Глобулин

Организмде жасушааралық кеңістікті толтырып тұратын қан сарысуынан түзілетін түссіз, мөлдір сұйықтық: Ұлпа сұйықтығы

Ұлпа сұйықтығынан түзілетін ағзаның ішкі ортасы:Лимфа

Лимфа:Лимфа тамырлары мен түйіндерінде болатын сұйықтық

Құрамы қанға ұқсас түссіз сұйықтық: Лимфа

Лимфада болатын лейкоциттер түрі:Лимфоциттер

Лимфа түйіндерінде ұлпа сұйықтығы: Зарарсыздандырылады,сүзіледі

Лимфаның қызметі:Ұлпа сұйықтығын қанайналым жүйесіне қайтарады, микробтар мен бөгде заттарды сүзіп қалады, ашішек бүрлеріндегі майларды сіңіреді

Қан құрамындағы эритроциттерді тұңғыш рет байқаған ғалым: Левенгук

Лейкоцитарлы формула: Адам қанындағы лейкоциттер типтерінің арасындағы сандық қатынас

 

Иммундық жүйе. Қан құю

Ағзаның қорғану, ауру қабылдамау қабілеті: Иммунитет

Жұқпалы ауру мен бөгде денеге қарсы тұру:Иммунитет

Ауру туғызатын вирустардың шамадан тыс көбейіп кетуін тежейді: Иммунитет

Орталық иммундық жүйе мүшелері: Кемік майы, айырша без

Шеткі иммундық жүйе мүшелері: Бадамша без, соқырішек, көкбауыр, лимфа түйіндері

Иммундық лимфа жүйесіне жататын тоқішек мүшесі: Соқырішек

Жұтқыншақтың сілемейлі қабығында 6 бадамша без шоғыры: Лимфа сақинасы

Адам ағзасындағы лимфа түйіндерінің шоғырының саны: 460-қа жуық

Ағзаның өз тұтастығын және биологиялық даралығын қорғайтын жасуша: Иммундық жасуша

Адам және жануарлар ағзасында түзілетін қорғаныш нәруыздар:Антиденелер

Қан плазмасындағы ағзаны әр түрлі микробтардан қорғайтын нәруыз: Антидене

Ағзаға енген бөгде заттарға қарсы түзілетін ерекше нәруызды зат: Антидене

Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұру реакциялары:Антидененің түзілуі

Антидене түзілетін орын: Лимфа, көкбауыр

Антиденелер синтезделеді: Лимфоциттерде

Адам ағзасында ең негізгі қорғаушы жасушалар:Лимфоциттер

Т-лимфоциттер кемік майында түзіліп, жетіледі: Айырша безде

В-лимфоциттер түзіліп, жетіледі: Жілік майы, лимфа ұлпалары

Иммунитет теориясын жасаған ғалым: И.И.Мечников

Ағзаның өзінде түзілген иммунитет:Табиғи туа біткен

Тұқым қуалайтын иммунитет:Табиғи туа біткен

Ағзада жұқпалы аурулардан кейін түзілетін иммунитет:Жүре пайда болатын

Егу арқылы қалыптасқан иммунитет:Жасанды

Шешекке қарсы егуді алғаш рет қолданған ағылшын дәрігері: Э.Дженнер

Лимфоциттерде түзілетін ерекше нәруыздардың әсерінен пайда болады: Ұлпалық иммунитет

Қан беретін адам: Донор

Қан қабылдайтын адам: Рецепиент

Әмбебап донор адамның қанының тобы:І

Қаны І-ші топқа жататын адамға қай топтағы қанды құяды: Тек І-ші топтағы

IІ-ші қан тобына құюға болатын қан топтары:І мен ІІ

ІІ-ші топқа жататын адамның қанын құяды: ІV пен ІІ

Резус-фактор дегеніміз: Эритроциттерде кездесетін ерекше ақуыз

Адам қай жұқпалы аурумен ауырғанда иммунитеттен айырылады: ИТИС (СПИД)

Дифтерия ауруына қарсы егілетіні: Емдік сарысу

Жұқпалы аурудың алдын алу шарасы:Қайнамаған су ішпеу,тамақтанар алдында қол жу, ағзаны шынықтыру, тағамдарды бүлінеден сақтау

Жаттығудың әсері пайдалы: Бүкіл организмге

Ағзаның ауруға төзімділігін нашарлатады: Аз қимылдау

Тіршіліктегі аз қозғалу:Жүрек бұлшықеті нашар жетіледі,сүйектің дұрыс орналасуы ауытқиды

 

Жүрек – қан тамырлар жүйесі. Лимфа жүйесі

Қан айналым мүшесін құрайтындар:Жүрек, қантамырлар

Қанның үлкен және кіші шеңберінде айналу уақыты:23-27 секунд

Кеуде қуысының сол жағында орналасқан бұлшықетті мүше:Жүрек

Жүрек бұлшықеті жасушаларының пішіні: Көлденең жолақты

Жүректің жиырылатын жасушаларында көп болатын органоидтар: Митохондриялар

Жүрек бұлшықетінің қаңқа бұлшықетінен айырмашылығы:Талшықтары тор тәрізді жалғасады, өздігінен еріксіз жиырылады

Жүрек: Қолқа арқылы 2 бөлікке бөлінген, қабырғасы 3 қабаттан тұрады, салмағы 250-300гр

Ересек адамның жүрегінің салмағы:250-300 гр

Жүрек қабы: Перикард

Жүрек қабырғасының қабаттары:Эпикард, миокард, эндокард

Жүректің өте жұқа сыртқы қабаты:Эпикард

Жүректің ортаңғы қабаты:Миокард

Жүректің ішкі қабаты: Эндокард

Миокард: Көлденең жолақты жүрек бұлшықеті

Жүректің ішкі қуыстары мен қақпақшаларын астарлап жабады: Эндокард

Жүрек бұлшықетінің ерекшелігі:Автоматизмі

Жүрек автоматиясы:Жүректің өздігінен жиырылу қабілеті

Жүректегі қанды тек бір бағытқа қарай өткізетін бөлігі: Жақтаулы қақпашалар

Жүректің оң жақ бөлігіндегі қақпақша:3 жақтаулы

Қос жақтаулы қақпақшалар орналасады: Сол жақ қарынша мен сол жақ жүрекше арасында

Адамның жүрегінің бөлігі:4

Адам жүрегінің қуыстары: 2 жүрекше, 2 қарынша

Жүрек жұмысын күшейтеді: Кальций

Жүрек жұмысын баяулатады:Калий

Ересек адамда жүректің минутына соғуы:70-75 рет

Жүрекшенің бір жиырылуынан екінші жиырылуына дейінгі кезең: Жүрек циклі

Жүрек циклінің кезеңдері: Жиырылу, босансу, үзіліс

Жүрек жұмысының кезеңдері:Жүрекшелердің жиырылуы (0,1),қарыншалардың жиырылуы (0,3), жүрек қуысының босаңсуы

Жүректің босаңсу уақыты: 0,4 сек.

Жүректің кіші қанайналым шеңбері басталатын бөлігі:Оң жақ қарынша

Үлкен қанайналым шеңбері дегеніміз: Сол жақ қарыншадан шығып, бүкіл мүшелерге таралып, оң жақ құлақшаға келу жолы

Үлкен қанайналым шеңбері басталатын жүрек бөлігі: Сол жақ қарынша

Адамның үлкен қанайналым шеңбері аяқталады: Оң жақ жүрекше (құлақша)

Жүрек бұлшықетінің жұмысын, бүкіл әрекетін көрсететін қисық сызық: Электрокардиограмма

Адам ағзасындағы қантамырлардың түрлері:Артерия, вена, капилляр

Жүректен барлық мүшелер мен ұлпаларға бағытталып ағатын қантамырлар:Артерия

Тығыз әрі серпінді болып қабырғасы біріңғай салалы бұлшықеттен тұратын қан тамырының

атауы: Салатамыр

Артерияның (салатамыр)ерекшелігі:Қысымы жоғары, оттегіге қаныққан

Артерияның сыртқы қабаты тұрады:Дәнекер ұлпасынан

Артерияның ортаңғы қабаты тұрады:Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасынан

Артерияның ішкі қабаты тұрады: Жалпақ эпителий ұлпасынан

Артерия қабырғасының ырғақты тербелісі:Тамырдың соғуы

Ең ірі артерия қантамыры Қолқа (аорта)

Жоғарғы қысымды қан жүретін тамыр:Қолқа

Оң жақ қарыншадан шығатын қантамыр: Өкпе салатамыры

Венозды қаны бар артерия: Өкпелік

Өкпеден шығатын тамыр: Көктамыр

Мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне қаныққан қанды

жүрекке тасымалдайтын қантамыр: Вена

Мүшелер мен ұлпалардан жүрекке ағатын қан тамыры:Вена(көктамыр)

Бас, мойын, қолдан қанды жүрекке таситын қантамыр: Күретамыр

Қанды сол жақ қарыншаға әкелетін қантамыр: Өкпе венасы


Дата добавления: 2021-06-02; просмотров: 88; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!