Тістер эрозиясы (эрозия зубов) 5 страница



Дентин өзекшелері көбінесе кіреуке-дентин шекарасында бітеді, ал кейбіреулері бұл шекарадан өтіп барып, кіреуке қабаттарында аяқталады және оның ішіндегі Томес талшықтарының ұштары жаншылып кіреуке ұршықтарын (эмалевые веретена) құрады. Дентин өзекшелері мен онда айналымда болатын сұйықтық (дентинная жидкость) тістің қатты тіндерінде органикалық және бейорганикалық заттардың алмасуын қамтамасыз етеді. Мұның дәлелі ретінде тіс тіндеріне әртүрлі ықпалдар әсер еткенде (механикалық, физикалық, химиялық және жастың ұлғаюына байланысты) оның құрамы мен құрылымының өзгеруін келтіруге болады. Кейде дентинде минералданбаған аймақтар кездеседі. Дентиннің негізгі затында минералды заттар  әртүрлі көлемді домалақ пішінді шариктерге ұқсас құрылымдар түзе шөгеді, ал олардың арасындағы кеңістік кешірек жас ұлғая бастағанда минералданады. Егер ол кеңістіктер минералданбай қалса, негізгі заттан тұратын өзіндік түрі бар интерглобулярлық дентин (шариктер аралық) пайда болады. Мұндай аймақтар көбінесе тіс сауытында жабынды дентин мен ұлпа маңындағы дентин аралығында орын алады. Минералданбаған интерглобулярлық  дентин гистологиялық препаратта ұсақ және қою -қараңғы дәнге ұқсаас түйіршіктер түрінде анықталды. Тіс түбіріндегі дентиннің жабынды қабатында цементпен шектелген осындай жіңішке аймақты Томес түйіршікті қабаты (зернистый слой Томса) деп атайды. Дентин өзекшелерінің ішкі беті жұқа қабықпен жабылған (Нейман қабығы), ол біртіндеп дентиннің ұлпа жақ бетін жабатын пленкаға немесе жарғаққа (Келликер-Флейшманн қабығы) ауысады. Нейман қабығы мен Флейшманн жарғағы аморфты эктоплазмалық заттан тұрады. Дентиннің ұлпаға қараған ішкі қабатында шекарасы тегіс емес жіңішке жолаққа ұқсас қызғылт түсті минералданбаған аймақ орын алған. Бұл аймақты дентиногендік белдеу немесе предентин белдеуі деп атайды.

Қазіргі кезде дентиннің нервтенуі туралы әр түрлі көзқарастар бар. Оксман И.М. (1953) ұйғаруынша мякотсыз нерв талшықтары ұлпадан басталып дентинге өзекшелер және негізгі зат арқылы өтеді және әр түрлі ұштармен аяқталады. Гаврилов Е.И. және Яшинаның (1967) зерттеулеріне сүйенсек, ұлпа маңындағы дентиннің ішкі қабатында (предентин белдеуінде) сезімтал нерв ұштары бар және олар эфференттік болуы да мүмкін. Предентин белдеуінде көптеген сезімтал нерв ұштары анықталған. Нерв талшықтары одонтобластар қабатынан предентин қабатына өткенде миэлинді қабығын жоғалтып, сезімтал нерв ұштарын құрды. Көптеген электронды микроскопиялық зереттеулер минералданған дентинде нерв талшықтарын анықтай алмады. Осыған байланысты тістің электрқозғыштығын зерттеген кездегі тіс тіндерінің тісжегі және басқа аурулары кезіндегі дентиннің әр түрлі әсерлерге сезімталдығын түсіндіру тығырыққа тіреледі. Оны түсіндіруге арналған екі теория бар.

Avey және Repp (1959) дентин өзекшелеріндегі одонтобласттар өсінділерінде көп мөлшерде ацетилхолинэстеразаны (нерв импульстерін өткізуде маңызды рөл атқарады) және тіс тіндерін тітіркендірген кезде оның мөлшері жоғарылай түсетінін анықтаған. Осыған байланысты авторлар тітіркеністі қабылдау және өткізу одонтобласттар өсінділері арқылы жүзеге асады және олар нерв талшықтарына тән де қызмет атқарады деген қорытындыға келген.

Branstrom (1966) тітіркендіргіш әсерінен тісте ауыру сезімінің пайда болу механизмінің гидродинамикалық теориясын ұсынған. Автордың ұйғаруынша, дентин өзекшелеріндегі сұйықтық әр түрлі ықпалдар әсерінен орын ауыстырып, ұлпаның рецепторларын тітіркендіреді. Эксперименттік зерттеулер дентиннің бетін құрғатқанда және тіс сауыттарын егеген кезде пайда болатын қызу әсерінен одонтобластар ядроларының әсіндіге қарай өтіп, өзек ішіне орын ауыстыратынын көрсетті. Мұның өзі көптеген тітіркеніс жағдайларында дентинде күрделі физико-химиялық өзгерістер орын алатынының дәлелі болып табылады.

Құрылу уақытына байланысты дентинді үш түрге бөледі: біріншілік, екіншілік және үшіншілік (орын басушы дентин). Тістің даму барысында құрылатын дентинді біріншілік (первичный дентин), ал тіс тіндері толық қалыптасқаннан кейін өмір бойы дентиннің ішкі бетінде ұлпаның физиологиялық қызметінің нәтижесінде құрылатын дентинді екіншілік (вторичный дентин) деп атайды. Оның әсерінен жас ұлғайған сайын тіс қуыстары кішірейіп тарыла береді, кейде толығымен бітіп қалуы да мүмкін. Құрылысы жағынан біріншілік және екіншілік дентин бір-біріне ұқсас, тек аралары пренаталдық түзумен бөлінген.

Үшіншілік (третичный) немесе орын басушы (иррегулярный, заместительный дентин) немесе тітіркеніс дентині (дентин раздражения – reiz dentin) аз уақыт ішінде тістің қатты тіндеріндегі патологиялық үрдіске қарсы (тісжегі және тісжегіден басқа аурулар) қорғаныс ретінде немесе тұлғаның жалпы аурулары кезінде ұлпаның көмегімен құрылады. Орын басушы дентинде өзекшелер мен коллаген талшықтары ретсіз орналасады, өзекшелер қысқа және тұйық бітуі мүмкін. Сондықтан ретсіз (иррегулярный) дентин деп аталуының негізі бар.

Цемент (цемент-cementum). Тістің түбірін жабады, қалыңдығы бірдей емес, тіс мойнынан басталып, қалыңдығы 0,25 мм жұқа қабық құрап, түбір ұшына қарай қалыңдай береді. Оның қалың қабаты түбірлер айырықтары аймағында қалыптасқан. Цементтің 68%-ы бейорганикалық, ал 32%-ы органикалық заттан және судан тұрады. Құрылысы мен құрамы жағынан жуан талшықты сүйекке ұқсас, бірақ Гаверс өзекшелері жоқ. Кальций тұздары шөккен цементтің негізгі затында коллаген талшықтары орналасқан. Цементтің жұқа бөлігінде олар жіңішке, түбір бетіне тік немесе радиальды бағытта дұрыс қатар құрып, бір-біріне жақын орналасқан. Сонымен қатар диаметрі 3-6 микрон, көлденең кесіндісі көп бұрышқа ұқсас, шоғыр құратын талшықтар бар. Олар Шарпей талшықтары (Шарпеевские волокна) деген атпен тіс ұяшықтарының (альвеоланың) сүйек тінінің аттас талшықтарымен бірігеді. Цемент екі түрге бөлінеді:

·   клеткасыз немесе біріншілік цемент, түбір бетін тұтас жауып жатады, гомогенді құрылымды;

·   екіншілік немесе клеткалы цемент, түбір ұшын және көптүбірлі тістердің түбірлер айырығын жауып жатады, құрамында көптеген өсінділері бар жұлдызға немесе өрмекшіге (паукқа) ұқсас клеткалар – цементобластар бар.

Екіншілік цементте коллаген талшықтарының радиальды бағыттары өте анық. Цементтің сүйек тінінен өзгешелігі – құрамында қан тамырлары жоқ. Екіншілік цемент клеткалары пластикалық қызмет атқарады. Әртүрлі тітіркендіруші әсерлерден жаңа цемент қабаты құрылып (көбінесе түбір ұшы аймағында), периодонт саңылауы тарылуы мүмкін. Бұл үрдіс «гиперцементоз» немесе цементтің шамадан тыс құрылуы деп аталады

 

30. Тістің қатты тіндерінің ойықтарының этиологиясы.

Тістер эрозиясы (эрозия зубов)

Тістер эрозиясы деп тістердің қатты тіндерінің белгілі бір себепсіз жойылуымен сипатталатын патологиялық үрдісті айтады.

 Біраз болжамдарға сүйенсек, тістер эрозиясы да, сынаға ұқсас ақау сияқты мәсуектің    (зубная щетка) механикалық әсерінен пайда болады. Кейбір зерттеушілер цитрусты жемістер мен олардың шырынын тағамдық зат ретінде аса жиі пайдаланудан дамиды деп тұжырымдайды. Максимовский Ю.М. (1981) тістер эрозиясы эндокриндік ауытқулармен, оның ішінде қалқанша бездің қызметінің тым жоғарылауымен байланысты деп түсіндіреді. Дені сау адамдарға қарағанда тиреотоксикозбен ауыратын науқастарда тістер эрозиясы екі есе жиі анықталған, ал аурудың ұзақтығы бір жылдай уақытқа созылғанда, тістер эрозиясы бар науқастардың саны 20% артқан.

Федоров Ю.А. және б.,(1990) қалқанша бездің ұлғайып, қызметі                                   бұзылған науқастардың 40-50%-да тістер эрозиясын байқаған. Тістер эрозиясы жоғарғы күрек тістер мен сүйір тістердің ерін жақ беттерінде, екі жақ кіші азу тістердің ұрт жақ беттерінде пайда болады. Төменгі күрек және азу тістерде ешуақытта байқалмайды. Жарақат орта жастағы адамдарда кездеседі және емдеу шараларын жүргізбесе 10-15 жылға созылады.

Тістер эрозиясының себебі әлі толық анықталмаған деп қорытуға болады. Дегенмен Максимовский Ю.М. (1981) байқауынша, қалқанша бездің қызметінің жоғарылаған кезінде сілекей бөлінуінің күшеюі және оның тұтқырлығының төмендеуі сілекейдің қайта минералдандыру қасиетін төмендетеді және осының нәтижесінде беріктігі өзгере бастаған тістердің қатты тіндерінің әртүрлі механикалық ықпалдардың әсерлерінен  жойылуына мүмкіндік туындайды.

31. Ұлпаның қабынуы туралы түсінік.

Түрлі тітіркендіргіштердің әсерінен ұлпаның жауап беру реакциясын –ұлпа қабынуы немесе пульпит деп аталады.Ұлпаның қабынуының дамуында әсер етуші тітіркендіргіштің күші,уақыты және ұлпаның қорғаныс реакциясы маңызды орын алады.

Этиологиясы:

1)Микроағзалардың және олардың токсиндерінің тіс жегі қуысындағы дентин каналдары арқылы,қабырға тесіктері арқылы,парадонт қалтасы арқылы,қан немесе лимфа тамырлары арқылы түбір ұшынан инфекцияның енуі әсерінен пульпит дамуы мүмкін.

2)механикалық жарақаттар әсерінен.Олар жедел және созылмалы зақымдар болып бөлінеді.

Жедел зақымданулар бір мезгілде алынған жарақаттар әсерінен,тіс сауытының сынуынан ұлпаның ашылуы ісерінен,соққы кезінде ұлпадағы лимфа және қан таамырлардың ,нерв шоғырларының үзілуінен болады.

Созылмалы механикалық зақымдарға-ауыз қуысында әртүрлі заттары тістеуден,протез немесе пломба дұрыс салынбағанда ,биік болып тіске күш түсірген кезде болады.

3)Термиялық зақымдану-тісті препаратттау кезінде бормен тоқтамай жұмыс істеу кезінде,ұлпаның тітіркенуі әсерінен болуы мүмкін

4)Химиялық зақымдану –тіс жегі қуы11111сын спиртпен ,эфирмен өңдеуде ,тұрақты пломбаны оқшауламай салған кезде болуы мүмкін.Сонымен қатар ағзаның иммунды жүйесінің жұмысы төмендеген кезде.

Ұлпа қабынуының жіктелуі:

Жедел ұлпа қабынуы

-жедел ошақты ұлпа қабынуы

-жедел жайылған ұлпа қабынуы

Созылмалы ұлпа қабынуы

-созылмалы талшықты (фиброзды)ұлпа қабынуы

-созылмалы шіріген ұлпа қабынуы(гангренозды)

-созылмалы ағза көлемінің ұлғаюынан болған ұлпа қабынуы (гипертрофиялық)

Созылмалы ұлпа қабынуының асқынуы

Сонымен қатар ретроградтты және конкреметозды ұлпа қабынуы бар.

Ретроградты ұлпа қабынуы –ұлпаға инфекция тіс ұшындағы тесік арқылы артериялық қан тмырлары арқылы яғни гематогенді жолмен енеді.

Конкрементозды ұлпа қабынуы-тіс қуысындағы петрификат пен дентиклі әсерінен пайда болады.

Тіс ұлпасының бір немесе бірнеше болуы мүмкін минералды тұздар ошақты немесе жайылмалы түзіліп,жүйке жүйесін тітірендіріп,қан тамырларын басып,микроциркуляцияны бұзады.Дентикл-созылмалы жарақат әсерінен тіс сауыты мен сауыт ұлпасында кездесетін көлемі мен түрі әртүрлі болатын дентин тәрізді зат.Бос жататын ,қабырға бойы интерстицалды түрлері кездеседі.Клиникасы тез әрекет жасаған кезде ауырсыну сезімінің болуы.

32. Кіші және үлкен азу тістердің анатомиясы.

Кіші азу тістер тұрақты тістемде кездесетін тістер.Олар сүт азу тістердің орнына жарып шығып,сүйір тістер мен азу тістерді байланыстырып тұрады және тағамды бөлшектеп,майдалау қызметін атқарады.

 Жоғарғы жақтың бірінші кіші азу тісі(dens premolaris primus superior)-пішіні бойынша ұрттық-таңдайлық бағытта созылған үшбұрышқа сәйкес.Шайнау бетінде екі төмпешігі бар:ұрттық,таңдайлық.Ұрттық көлемі бойынша үленірек.Төмпешіктер арасында ұзына бойлы фиссура ,шеттерінде көлденең жүлгелер орналасқан.Сауыттың вестибуляолы(ұрттық)беті вертикалды жұмырлармен екіге бөлінген ;кіші алдынғы және үлкен-артқы.Қатынастық беттері тікбұрышты пішінді,бұрыштыр түзбей,дөңнстенген тіл бетіне өтеді.тісте екі түбір болады:ұрттық таңдайлық.

Екінші кіші азу тіс(dens premolaris secundus superior)-көлемі бойынша кішірек,пішіні бірінші азу тіске ұқсас.Шайнау беттерінде ұрттық және таңдайлық бұдырлары бірдей көлемді.Түбірі біреу болады конус тәрізді ,бүйір беттерінде терең емес жүлгелері бар .Ұшы жағында түбірдің аздап екі еселенуі кездеседі.

Төменгі жақтың кіші азу тістері.

Төменгі жақтың бірінші кіші азу тісі(dens premolaris primus inferior)-сауыты дөңгелек пішінді ,түбірге қатынасынды тілге қарай аздап иілген.Ұрттық және тілдік бұдырлары бар ,ұрттық бұдырлар үлкенірек.Бұдырлар жұмырларымен байланысқан,бүйірлерінде сәл көлемді бұдырлар бар.Шайнау беттерінің шетерінде қатынастық беттерді бөліп тұратын бүйір кіреукелік біліктер бар.Қатынастық беттері дөңестелген.Түбірі сопақш пішінді алдыңғы және артқы беттерінде айқын емес жүлгелері бар.

Төменгі жақтың екінші кіші азу тісі(dens premolaris secundus inferior)-көлемі жағынан біріншіге қарағанда үлкенірек. Шайнау беті дөңгелек пішінді екі төмпешігі бар :ұрттық және тілдік биіктігі бойынша жақсы орналасқан.Төмпешіктер бойлық жүлгемен бөлінген.Сирек ,тілдік төмпешікті екіге бөліп,бойлық жүлгелерден көлденең жүлгелер алшақтайды,осыған байланысты тісті үшбұдырлыға айналдырады.Сауыттың қатынастық беті дөңестелген және кедергісіз тілдік бетке өтеді.Тістің түбірі конус тәрізді .Түьір белгісі жақсы бейнеленген . Бұрыш белгісі және сауыттың қисықтану белгісі айқындалмаған.

Азу тістер.Жоғарғы жақ сүйегінің бірінші үлкен азу тісі(dens molaris primus superior)-сауыттың шайнау беті ромб тәрізді ,төрт төмпешікті-екі ұрттық,екі таңдайлық.Ұрттық төмпешіктер үшкірлеу,таңдайлық –домалақ пішінді.Алдыңғы таңдайлық төмпешікте қосымша төмпешік бар.Көлемі бойынша алдыңғы төмпешіктер артқыдан үлкенірек болып келеді.Алдыңғы ұрттық төмпешік айқын бейнеленген.Шайнау бетінде екі жүлгесі бар:алдыңғы және артқы.

Ұрттық беті дөңестенген .Таңдай ьеті көлемі жағынан ұрттық бетке қарағанда кіші ,бірақ дөңес болып келеді.Тісте үш түбір бар:екі ұрттық және бір таңдайлық.Таңдайлық түбір конус пішіндес ,ұрттық түбірге қарағанда үлкенірек.Алдыңғы ұрттық түбір артқы ұртқы түбірден үлкенірек,жіне артқа қарай майысқан.Артқы ұрттық түбір көлемі кіші жіне тік болып келеді.


Дата добавления: 2019-11-25; просмотров: 222; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!