Тістер эрозиясы (эрозия зубов) 1 страница



У формасын толтыру ережесі.

Стоматологиялық науқастың медициналық картасы - № 43У тіркеу үлгісі (учетная форма) медициналық және заңды құжат. Мұнда науқастың төлқұжатының мәліметтері, аурудың нақтылы диагнозы, жүргізілген емдеу шаралары, оның нәтижесі тіркеледі және бірнеше бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлім – төлқұжаттың бөлімі. Бұл бөлім науқас ең алғаш стоматологиялық емдеу мекемесіне (емханаға немесе клиникаға) келген кезде тіркеу бөлмесінде (бөлімінде) толтырылады.

«Диагноз» графасын науқасты толық сұрап, қарап, тексеріп және қосалқы тексеру әдістерінің нәтижелеріне сүйене отырып дәрігер-стоматолог толтырады.

«Анықталған аурудың дамуы (развитие настоящего заболевания)» графасын аурудың даму тарихын немесе ауру анемнезін жинау негізінде толтырады және қосалқы тексеру әдістерінің қорытындыларын толық тіркейді.

Арнаулы бөлім ауруды емдеу жоспарына арналған және жүргізілуге тиіс кешенді емдеу әдістерінің барлығы (хирургиялық, ортопедиялық әдістерді қоса) көрсетіледі.

Картаның «Күнделік – дневник» бөлімінде жүргізілген емдеу шаралары, олардың нәтижесі қысқаша және анық сипатталады.

Медициналық карта заңды құжат болғандықтан тіркеу бөлімінде 5 жыл сақталады да белгіленген уақыт озған соң мұрағатқа тапсырылады.

 

Тістер үлгісінің (формуласының) ДДҰ (ВОЗ) ұсынған жүйесі

 

118 17 16 15 14 13 12 11      21 22 23 24 25 26 27 28

448 47 46 45 44 43 42 41      31 32 33 34 35 36 37 38

Зигмонди жүйесіне негізделген бұл жүйе екі жақ сүйекті 4 шаршыға бөледі де, тістердің реттілік санының алдына шаршының нөмірін қояды.

 

1 шаршы   2 шаршы

4 шаршы   3 шаршы

Мысалы, 21 саны жоғарғы сол жақ бірінші күрек тісті білдіреді, 48 саны төменгі оң жақ үшінші үлкен азу тісті көрсетеді. Уақытша тістер үшін шаршылардың нөмірін 5, 6, 7, 8 сандарымен белгілейді және тістер реттілігін араб сандарымен көрсетеді.

Тістердің жағдайын анықтау үшін әріптік белгілер қолданылады: тісжегі – С, ұлпа қабынуы – Р, периодонттың қабынуы – Pt, пломбы (бітек) – П, сауытпен жабылған тіс – К, алынбайтын протездің жасанды тісі – И әріптерімен белгіленеді.

Тіс тасы, тістер гипоплазиясы, флюорозы туралы мәліметтер тістер үлгісінің (формуласының) астындағы графаларда көрсетіледі.

21. Терапиялық стоматология бөлмесіндегі қауіпсіздік ережелері.

Электрлік жабдықта қауіпсіздік техникасы оның жер қосылуын талап етеді, оған емдік мекеменің қауіпсіздік техникасы бойынша инженері немесе басқарма жауапты болады. Науқаспен жұмысты бастамас бұрын қондырғыны желіге қосып, оның барлық агрегаттарының жұмыс қабілеттілігін тексеру қажет. Күйген резина немесе пластмассаның, түтіннің иіс пайда болған кезде қондырғыны электр желісінен дереу сөндіру қажет. Жұмысты аяқтаған кезде қондырғының жұмыс істейтін агрегаттарын сөндіру қажет.

Бормашинаны қолданумен жұмысты бастамас бұрын механикалық байланыстардың беріктігін бақылау қажет, соның ішінде ұштықтың ротациялық щетканың, бордың және т.б. бекітілуін: егер щетка ұштықтың басына еркін кірсе немесе жұмыс кезінде шығып кетсе, онда аспирация немесе науқастың щетканы жұтуын алдын-алу үшін жұмысты дереу тоқтатады. Жұмыс барысында қызып кету және термиялық күйікті алдын-алу үшін ұштықтың температурасын қадағалау қажет. Қондырғы немесе ұштықтың жұмысында бөгде дыбыстар, құралдардың айналуы кезінде тоқтап қалуы пайда болған кезде жұмысты тоқтату қажет. Айналуды ашық шнурлардың көмегімен беретін қатты шлангысы бар қондырғыларда жұмыс кезінде шаштың машинаға оралу қаупі пайда болады, сондықтан қызметкер медициналық бас киімде жұмыс істеу қажет.

Фармакологиялық алдын-алу препараттарын және биоактивті заттарды қолданған кезде науқасты уланудан сақтау қажет, ол үшін препараттардың бөлек, науқасқа қол жетпейтін жерде сақталуын қадағалау, препараттардың және олардың байланысының мөлшерін дәл таңдау қажет. Жергілікті алдын-алу процедураларын орындаған кезде науқасты қалдыруға болмайды: науқастар аппликация үшін немесе шаю үшін ауыз қуысына енгізілген препараттарды жұтпауын қадағалау қажет.

Инфекция ауа-тамшылы, қатынасты, оральды-фекальды және парентеральды жолдармен берілуі мүмкін екені белгілі. Стоматологияда инфекцияның бір адамнан басқа адамға барлық берілу жолдары мүмкін: жұқтырылған құралдар арқылы, ауамен, жеке қатынас кезінде, қан арқылы, жұқтырылған тағам және су арқылы. Инфицирленудің алдын-алуы үшін инфекцияның барлық аталған таралу жолдарын бақылауда ұстау қажет. Алдын-алу қабылдауында инфекция көзі науқас та, персонал да болуы мүмкін екенін есте сақтау қажет. Ең қолайсыз таблицада (табл. 3.2) аталған патогенді микрофлорамен инфицирлену факті болып табылады.

Санитарлы тәртіп дезинфекция мен залалсыздандырудың физикалық және химиялық әдістері мен заттарын қолданумен ұйымдастырушы шаралардың көмегімен персоналдың, науқастың, қоршаған ортаның инфекцияға қарсы қорғанышын жорамалдайды.

Бет пен қолдың терісі, ауыз қуысының кілегей қабығы, аыз сұйықтығы және науқастың тіс жұғындылары, жөтелу және түшкіру кезінде шығарылатын мұрынжұтқыншақты секреттің аэрозолі патогенді инфекцияның потенциальды резервуарлары болып табылады. Өзін қорғай отыра, медициналық қызметкерлер жарамен және тінмен, қанмен, секреторлы және экскреторлы бөліністермен немесе осы биологиялық субстраттармен ластанған заттармен тікелей қатынастан құтылуға мүмкіндік беретін қорғанудың жеке заттарын қолданылуы қажет. Манипуляцияларды орындау кезінде медициналық қызметкерде халат, бас киім болуы қажет. Бетті және көздің, мұрынның және ауыздың кілегейін қорғанышы үшін қорғаныш көзілдіріктер және маскалар (төрт қабатты дәкелі маска жаңаға әрбір 3 сағат сайын ауыстырылады немесе таза жуылған және үтіктелген; бір реттік маска алты сағат мерзімінде қолданылады) немесе бүкіл бетті жауып тұратын пластикалық экрандар қолданылады. Қолдың терісі қолғаппен қорғалады, киюден бұрын бар микрожарақаттарды пластырьмен жабу қажет және

АИВ-инфекциясы таралуының өсуіне байланысты терінің, кілегей қабықтың кез келген зақымдалуы, олардың медициналық көмек көрсету кезінде науқастың биологиялық заттарымен ластануы құрамында АИВ немесе инфекциялық аурудың басқа агенті бар материалмен мүмкін болатын қатынас ретінде қарастыру қажет. Сондықтан зақымдалған тері немесе кілегей қабықтың науқастың биологиялық сұйықтықтарымен қатынасының әрбір жағдайында бірқатар сақтық шараларын қолдану қажет.

Мұрынның кілегей қабығына қан немесе сілекей түскен кезде 20-30% альбуцид ерітіндісін (сульфацил-натрий) тамызу; көзге биоматериалдар түскен кезде - көзді сумен жуып (таза қолмен), 20-30% альбуцид ерітіндісін тамызу.

Ауыз қуысы кілегей қабығына биологиялық сұйықтық түскен кезде - ауызды 70% спиртпен шаю.

Дәрігер қолының зақымдалмаған терісіне (қолғап) биологиялық сұйықтық түскен кезде:

теріні дезинфектанттардың бірімен өңдеу қажет (70% спирт, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісі, 3% хлорамин ерітіндісі);

қолды ағын судың астында сабынмен жуу қажет;

теріні қайта 70% спиртпен өңдеу қажет.

Егер биологиялық сұйықтықпен қатынас тері жамылғысының тұтастығының бұзылуымен болса (шаншу, кесу), онда зақымданған адам:

жұмысшы бетін ішке қаратып қолғапты шешу қажет;

жарадан қанды

зақымдалған орынды дезинфектанттардың бірімен өңдеу қажет (70% спирт, кесілген кезде 5% йод тұнбасы, шаншу кезінде 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісі); қолды ағын судың астында сабынмен жуу қажет;

теріні қайта 70% спиртпен өңдеу қажет

жараны лейкопластырмен қорғап, қолға арналғанды кию, жұмысты жалғастыру қажеттілігі кезінде жаңа қолғап кию қажет.

Егер науқастың биоматериалы персоналдың киіміне түссе, онда оны дезинфектанттардың біріне (матаны ірітетін 6% сутегі асқын тотығы ерітіндісі мен бейтарап кальций гидрохлоридінен басқа). Ластану орнының астындағы қолдың және дененің басқа бөліктерінің терісі 70% спиртпен өңделеді, сумен жуылады, содан кейін қайтадан спиртпен өңделеді.

Қызметкердің ауыз қуысы кілегей қабығына немесе ауқымды жаралы беткейге көп мөлшерде қанның немесе биологиялық материалдардың түсуімен байланысты апаттық жағдайлар апатты тіркеу журналына тіркелуі қажет. Көрсетіледі:

Зақымданған адамның аты-жөні, апат күні және уақыты, апат кезінде орындалған жұмыс түрі, апаттың сипатын баяндау, мүмкін жұғу көзін бейнелеу және оны АИВ-ке тексеру. Осы және басқа да мәліметтер негізінде медициналық қызметкерде АИВ анықталған жағдайда, жұғу кәсіби болып табылады ма сол шешіледі. Болған апат және жүргізілген шаралар туралы мекеменің бастығына хабарланады. Медициналық қызметкердің АИВ-инфекцияға тексеру нәтижелері қатаң болып табылады. Бірінші тексеру апаттан кейін бірден жүргізіледі. Оң нәтиже қызметкердің бұрын инфицирленгенін дәлелдейді және жұғу апаттың нәтижесінде емес, яғни кәсіби емес болып табылады. Теріс нәтиже кезінде қайта тексеру 6 айдан кейін жүргізіледі.

Науқасты қызметкер жағынан инфирцирленуінен қорғау мекеменің барлық медициналық қызметкерлерінің денсаулық жағдайын тұрақты бақылаумен қамтамасыз етіледі. Дәрігерлер және орташа медициналық қызметкер жұмысқа алынғанда медициналық кітапша алады, онда келесі ақпарат үнемі көрсетіледі: дифтерияға қарсы егулер болуы; вирусты гепатитке қарсы егулер болуы; жыл сайынғы флюорографиялық тексеру нәтижелері; HBS-қа қанның тексеру нәтижелері (жарты жыл сайын өткізіледі). Инфекция таралуын алдын-алу үшін дәрігер сау емес кезінде аурулық қағаз алуы қажет. Даладан, үйден және басқа мекемелерден инфекцияның тасымалдануын алдын-алу үшін медициналық қызметкер ластануына байланысты ауыстыратын екінші аяқ-киімді және арнайы киімді (халаттар, костюмдер) қолдануы қажет.

Науқас дәрігердің терілік микрофлорасынан, оның ауыз- және мұрын-жұтқыншақты секреттерінен қолғаппен, маскамен, қорғаныш экранмен қорғанады, қызметкер олармен жабдықталуы қажет.

22. Терапиялық стоматология бөлмесіндегі залалсыздандыру және зарарсыздандыру.

Зарарсыздандыру (дезинфекция) – қоршаған ортадағы жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жою.

Залалсыздандыру (стерилизация) – медициналық құрал–жабдықтардағы микроорганизмдер және оның спораларын, токсиндерін түбегейлі жою.

Қолданылып болған құрал - саймандар алдын-ала зарарсыздандырылып, залалсыздандырудан алдыңғы өңдеуден өткізіліп, соңынан залалсыздандырылады.

Зарарсыздандырудың бірнеше тәсілдері бар:

- механикалық – бөлмені желдету, ылғалды жинастыру, қолды тазалау және т.б. - физикалық – ультракүлгін сәулесімен, күн сәулесімен, кептіру, өртеу, қайнату, су буының қысымымен әсер ету;

- химиялық – химиялық агентер (дезинфектанттар) жәрдемінде. Оларға төмендегілер жатады: лизоформин, хлорамин, лизетол, бромосепт, гигосепт, пресепт, дезапрев, перформ және т.б.

Зарарсыздандыру үшін қолданылатын дезинфектантар.

Хлорамин – ол ақ түстегі ұнтақ болып, құрамында 28,6 % белсенді хлор болып, дайындалғаннан 2 аптаға дейін қолданса болады. Ол басқаларға қарағанда арзан болғандықтан көп жерлерде қоланады. Хлораминнің 0,5%; 1%; 2%; 3%; 5% ерітінділері қолданылады.

1литр 0,5 % ерітіндісін дайындау үшін 5 гр хлорамин + 995 мл суда ерітіледі.

Сонымен қатар өте көптеген зауытта дайындалатын дезинфектантарда қолданылып жүр. Мәселен лизоформиннің 0,25%, 0,5%, 0,75%, 1,0%, 2,0% ерітінділері

8 литр 0,25% лизоформин ерітіндісіне 20 мл лизоформин + 7980 мл су керек

1. Құрал-саймандарды залалсыздандырудан алдыңғы өндеу және залалсыздандыру.

Қолданғын құрал – саймандар - әрбір науқастан соң зарарсыздандырылып, залалсыздандырудан алдынғы өндеуден өткізіліп, кейіннен залалсыздандырылады. Бұл іс шаралар кешені құрал-саймандарда ақуыз, май, механикалық ластану мен дәрі-дәрмек қалдықтарынан тазарту үшін жасалады.

Соңғы кездерде зарарсыздандыру мен залалсыздандырудан алдынғы өндеуден өткізу бір уақытта өткізуге болатын дезинфектантардан қолданылады.

І кезең.

Құрал-саймандарды, көзге көрінетін қан, дәрі, пломбалық материалдан тазалау үшін дезинфектант құйылған ыдыста механикалық жолмен жуып-тазалап аламыз.

Механикалық өндеуден өткізілген құрал-саймандарды дезинфектант салынған 2 ыдысқа 1 сағатка салып жібітіп қоямыз. Құрал-саймандар 2- ыдыстан алынып, ағын суда шайылып алынады.

ІІ кезең.

Алдын жуу ерітіндісін дайындап аламыз. Жуатын ерітіндінің құрамы: 1 литр жуатын ерітінді дайындау үшін 5 грамм жуатын ұнтақ + 20 мл. 33% пергидроль + 975 мл су құямыз. Құрал саймандар 50-60 градусқа дейін ысытылған ерітіндіге 15 минутқа салып жібітіледі. Шүберекпен әр бір құралды ысқалап жуамыз.

ІІІ кезең.

Кейін 3-6 минут ағын суда шайылады.

IV кезең.

Бүркелген қаңға азопирам сынамасы қойылады. Егер нәтиже оң болса құрал-саймандар қайта ІІ кезенге қайтарылап жалғастырылады.

Егер нәтиже теріс болса , онда жуатын ерітінді қалдығын анықтау үшін фенолфталеин сынамасы қойылады. Егер нәтиже оң болса қайтадан ағын суда шайылады.

V кезең.

Теріс нәтиже болғанда олар дистилденген суда 10 минут қайнатылады.

VI кезең.

Құрал-саймандар құрғақтық шкафында кептіріліп, жиылып, залалсыздандыруға жіберіледі.

Медициналық құрал-саймандарды залалсыздандыру (стерилизация)

Залалсыздандырудын бірнеше түрлері бар.

1.Физикалық әдістермен залалсыздандыру:

а) қыздырылған ауа арқылы залалсыздандыру. Ол құрғактық шкафында 180 градус С да 60 минут, ал 160 градус С да -150 минут ұстаймыз.

б) бумен залалсыздандыру. Ол автоклавтарда 132 градус С да 2 атм. қысымда 20 минут, 120 градус С да 1,5 атм. қысымен 45 минут жасалады.

Қыздырылған шарлар ортасында залалсыздандыру - эндодонтиялық құрал-саймандарды гласпереленді залалсыздандыру шкафында жасалады.

Қайнату қазіргі кезде кем қолданылады. Құрал-саймандар тез істен шығады. Ол стерилизаторда дистилденген суға толығымен батырылып 45 мин. қайнату арқылы орындалады.


Дата добавления: 2019-11-25; просмотров: 266; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!