Тістер эрозиясы (эрозия зубов) 2 страница



 

23. Азопирам сынамасының маңызы.

Азопирам сынамасы.

Ерітіндіні дайындау: 100 мл ерітінді әзірлеу үшін 10 гр амидопирин және 0,5 грамм анилиннің тұзды қышқылын өлшеп аламыз. Құрғақ ыдыста араластырып 100 мл-ге дейін 95 % этил спиртін құямыз.

Дайын ерітіндіні аузы тығыз жабылып +4 гр –та тоңазытқышта 2 айға дейін сақтауға болады. Жұмысшы ерітінді дайындау үшін дайын ерітінді мен 3 % сутегі асқын тотығын тең мөлшерде араластырамыз.

Сынама қою үшін құрал-саймандар ға 2-3 тамшы реактив тамызылады не мақта ерітіндіге малынып, онымен сүртіледі. Егер құрал-саймандарда қан қалдығы болса ол 1-1,5 минут уақыттың өзінде сия-көк түске енеді.

24. Фенолфталеин сынамасының маңызы.

Фенолфталейн сынамасы

Құрал-саймандарға 2-3 тамшы 1% фенолфталеиннің спиртті ерітіндісін тамызамыз не мақта тампонды сулап сүртеміз. Аш қызыл түске енсе, онда құрал-саймандарда жуатын ерітінді қалдығы қалған болғаны. Мұнда олар қайта ағын суда шайылады.

 

25. Ауыз қуысының анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері.

Ауыз қуысы, (cavіtas orіs) ас қорыту жүйесінің бастапқы бөлімі болып табылады, ауыз қуысында тамақ майдаланады, сілекей бездерімен араласып, жұтқыншаққа бағытталады. Ауыз қуысы ауыздың кіре берісінен (vestіbulum orіs) және меншікті ауыз қуысынан, (cavіtas orіs proprіa) тұрады.

Ауыз кіре берісі: сыртқы жағынан ерін және ұртпен, ішкі жағынан тістермен шектелетін саңылау тәрізді қуыс.

Ауыздың кіреберісі ауыз саңылауы арқылы сыртқы ортамен байланысады. Ауыз саңылауы (rіma orіs) жоғарғы және төменгі жақтарынан еріндермен (labіum) шектеледі. Еріннің негізін ауыздың дөңгелек бұлшықеті түзеді. Еріннің сыртқы беті терімен қапталады, ішкі жағы шырышты қабықпен қапталады, ал аралық бөлігі түлемейтін эпителийден тұратын терімен қапталады.

Жоғарғы және төменгі еріннің қиылысатын жерін езу деп атайды. Жоғарғы еріннің сыртқы бетінде мұрын-ерін жүлгесі, ал төменгі еріннің сыртқы бетінде иек-ерін жүлгесі орналасады. Ал еріндердің ішкі бетінің орта тұсында жоғарғы және төменгі ерін үзеңгілері болады.

Ұрт (bucсаe) сыртқы жағы терімен және ішкі жағы шырышты қабықпен қапталады. Негізін ұрт бұлшықеттері түзеді. Ұрт бұлшықеті мен терінің арасында майлы дене орналасады. Ұрт бұлшықетін екінші үлкен азу тіс тұсында шықшыт безінің өзегі тесіп өтіп, ауыз кіре берісіне ашылады. Ұрттың терісі жұқа болады, онда тері және май бездері және шаш фолликулалары көптеп орналасады. Ұрттың шырышты қабығы еріннің шырышты қабығының жалғасы болып табылады да, құрылысы оған өте ұқсас болып келеді. Оны гликогенге бай көпқпбатты мүйізгектенбейтін эпителидің қалың пласты жабады. Шырышты қабығының меншікті табақшасы әр түрлі көлемдегі бүртіктерді түзіп, эластикалық талшықтарға бай тығыз дәнекер тіннен тұрады. Ауыз қуысының шырышты қабығының кейбір аймақтарында мүйізгектелетін эпителий 4 қабаттан тұрады: базальды, тікенекті, түйіршікті және мүйізді. Түйіршікті қабат мүйізді қабат пен тікенекті жасушалар қабаты арасында орналасады. Түйіршікті қабат жасушалары тікенекті жасушалардан ірілеу. Түйіршікті қабат жасушаларының құрамында түйіршік екі түрге бөлінеді. Мүйізді қабат ядросы жоқ мүйізгектенетін қабыршақтармен жасуша элементтерінен тұрады. Бұл қабаттың мүйізді қабыршағында тығыз кератин филаминттері мен аморфты заттарды электронды микроскоп анықтайды. Адам ауыз қуысының мүйізгектенбеген эпителиінің синтездеу және көп мөлшерде гликогенді жинау мүмкіншілігі бар. Гликоген көп болған мөлшерде еріннің, ұрттың, жұмсақ таңдайдың, өтпелі қатпардың және тілдің шырышты қабықтардың және тілдің шырышты қабаттарының эпителиінде болады. Керісінше гликоген қатты таңдай мен қызыл иектің эпителиінде қалыпты жағдайда болмайды немесе тек оның іздері ғана анықталады. Эпителиалды қабаттың ең маңызды компоненті болып эпителий мен оның астындағы дәнекер тіннің арасында орналасқан базальды мембрана табылады. Механикалық қызметінен басқа базальды мембрана трофикалық және морфогенетикалық қызмет атқарады. Шырышты қабықты шайнайтын – қатты таңдай мен қызыл иек, жабатын – ұрт, ерін, ауыз қуысының түбі, тілдің артынғы беті, жұмсақ таңдай, арнайы – тілдің арқасы деп бөлінеді. Ауыз қуысының шырышты қабығының меншікті табақшасы, оның үстінде талшықты дәнекер тіннен тұратын эпителий қабаты жатады. Шырышты қабықтың меншікті табақшасының жасушалық элементтеріне фибробласттар, макрофагтар, бұлтты жасушалар, плазматикалық жасушалар, лимфоцидтер, лейкоцидттер жатады. Ауыз қуысы шырышты қабығының иннервациясы.

Шырышты қабықтың құрамында жүйке талшықтары мен жүйке аяқшалары өте көп. Негізінен олар жүйке жүйесінің орталық бөлігінде импульс беретін афферентті сезімтал талшықтардан тұрады. Бұл талшықтар үшкіл жүйкенің, сол сияқы бет, тіл – жұтқыншақ, кезбе жүйкенің құрамында болады. Шырышты қабықтың дәнекер тінді табақшасында жүйке талшықтар өрім түзеді. Осы жерден талшықтардың бір бөлігі эпителий асты өрімін түзеді. Бұл тармақтар еркін немесе қапшықтанған жүйкелердің соңын құрауға қатысады. Ауыз қуысы шырышты қабығының қанмен қамтамасыз етілуі мен лимфа ағысы. Ауыз қуысы шырышты қабығы қан тамырларымен, әсіресе шырыш асыты негізден өтіп шырышты қабығының бетіне паралель жүретін артериямен өте жақсы қамтамасыз етілген. Бұл артериялар шырышыты қабығының бетіне перпендикуляр жүретін тармақтар береді.

Ерін.Еріннің сыртқы бетін жабатын, ерін аймағындағы тері жамылғысы біртіндеп ауыз қуысының шырышты қабығына өтеді. Соған сәйкес ерін үш бөлікке бөлінеді: тері, өтпелі немесе қызыл жиекті және шырышты. Тері бөлігінің теріге сай құрылысы болады, көпқабатты мүйізгектенетін эпителимен жабылған. Мұнда шаш, май және тер бездері кездеседі. Тек адамдарда ғана кездесетін еріннің қызыл жиегі – бұл аймақ. Бұл аймақ шаш пен тер бездері жоғалып, май бездері сақталады. Еріннің негізгі құрылымы 16 жасқа дейін пайда болады. Организм қартайғанда ерін дистрофиялық өзгерістерге ұшырайды. Дәнекер тінді бүртіктер тегістеледі. Еріннің қызыл жиегі мен шырышты қабығында жүйке ұштарының рецепторлары өте көп.

 Таңдай, (palatum) қатты және жұмсақ таңдайдан тұрады. Қатты таңдай (palatum durum) жоғарғы жақ сүйегінің таңдай өсіндісі мен таңдай сүйегінің горизонталды табақшасынан түзіледі. Қатты таңдайдың шырышты қабатында ортаңғы сызық бойымен орналасқан таңдай жігі болады. Жіктен жан-жаққа қарай бағытталған 1-6 көлденең қатпарлар және жіктің алдыңғы жағында күректіс тесігі болады. Қатты таңдайдың шырышты қабаты көп қабатты жалпақ түлемейтін эпителимен қапталған, сүйек қабына тығыз жанасып жатады және онда майда шырышты таңдай бездері орналасады. Қатты таңдайдың шырышты қабығының біраз бөлігі таңдай сүйегінің сүйек қабымен тығыз біріккен, сондықтан қозғалмайды. Шырыш асты негіз болмайды. Қатты таңдай 4 аймаққа бөлінген: майлы, безді, тігіс және шеткі аймақтар. Қатты таңдайдың алдыңғы бөлігінде топтасқан майлы тіндер, ал артқы бөлігінде топтасқан майлы тіндер, ал артқы бөлігінде – көптеген ұсақ шырыш бездері орналасады. Таңдай тігісінің алдыңғы аяқталуында ортаңғы күрек тістерге жақын күрек тістік бүртік жақсы байқалады. Ол тамырлар мен жүйкелер өтетін таңдайдың сүйекті негізінде орналасқан күрек тістік тігіске сәйкес келеді. Жұмсақ таңдай, (palatum molle) негізін бұлшық еттер түзеді. Жұмсақ таңдайдың артқы бөлігі таңдай пердесін (velum palatіnum) және таңдай тілшігі (uvula palatіna) түзеді. Таңдай пердесі екі доға түрінде жұтқыншақпен және тілмен байланысады, олар таңдай-тіл (arcus palatoglossus) және таңдай-жұтқыншақ доғалары (arcus palatopha-ryngeus) деп аталады. Екі доғаның ортасында таңдай шұңқыры болады, ал шұңқырда таңдай бадамша безі (tonsіlla palatіna) орналасады. Жұмсақ таңдайдың негізін көлденең жолақты қаңқа бұлшық еттері түзеді. Таңдай бұлшық еттеріне жатады:

- таңдай пердесін керетін бұлшық ет (m. tensor velі palatіnі) Бұлшық ет жиырылғанда таңдай пердесін кереді және есту түтігінің қуысын кеңейтеді.

- таңдай пердесін көтеруші бұлшық ет (m. levator velі palatіnі) жұп, вертикалды бағытта орналасады. Жиырылғанда жұмсақ таңдайды көтереді.

- таңдай-тіл бұлшық еті (m.palatoglossus) және таңдай жұтқыншақ бұлшық еттері (m.palatopharyngeus) Бұлшық еттер жиырылғанда жұмсақ таңдайды түсіреді, осының нәтижесінде аран тесігі тарылады.

- тілшік бұлшық еті (m.uvulae) тақ бұлшық ет, таңдай тілшігінің негізін түзеді.

Тіл, (lіnguа) грекше – glossa. Көлденең жолақты қаңқа бұлшық етінен тұратын мүше. Ауыз қуысында тағамды сілекеймен араластырады, сөйлеу қызметін атқарады және дәм сезу, жылу сезу қызметін атқарады. Тілдің алдыңғы сүйірленген бөлігін тіл ұшы (apex lіnguae) артқы кеңейген, жалпақ бөлігін тіл түбірі, (radіx lіnguae) деп атайды. Тіл ұшы мен түбірінің арасында денесі (corpus lіnguae) орналасады. Денесінің жоғарғы бөлігі немесе тіл арқасы еркін орналасады да, ал төменгі бөлігінің тек алдыңғы жағы ғана бос болады.

Тілдің шырышты қабаты көп қабатты жалпақ түлемейтін эпителиймен жабылған. Тіл арқасының шырышты қабатында әртүлі көлемді тіл бүртіктері орналасады. Тіл бүртіктерінде қан тамырлары мен дәм сезу және жалпы сезу қызметтерін атқаратын жүйке ұштары орналасады. Олардың 4 түрі бар: 1) жіпше тәрізді бүртіктер, (papіllae fіlіformes)

2) саңырауқұлақ тәрізді бүртіктер, (papіllae fungіformes)

3) жапырақша тәрізді бүртіктер, (papіllae folіatae) 4) науашық тәрізді бүртіктер, (papіllae vallatae). Бұлардың ішінде көп кездесетіні жіпше тәрізді бүртіктер болып табылады. Олар тілдің бүкіл бетін алып жатады және бұл бүртіктерде жалпы сезімталдықтың рецептор-лары орналасады. Саңырауқұлақ тәрізді бүртіктер тілдің ұшында және жиектерінде орналасады және дәм сезу рецепторларына ие. Науашық тәрізді бүртіктер 7-12-дей болып, тілдің денесі мен түбірінің шекарасында бұрыш жасай орналасады. Бұрыштың ұшында соқыр тесік орналасады. Тілдің жиегінде жапырақша тәрізді бүртіктер орналасады. Жапырақша және науашық тәрізді бүртіктерде дәм сезу рецепторлары орналасады. Тіл түбірінің шырышты қабатында бүртіктер болмайды, бірақ топталған лимфа фолликулалары тіл бадамшасын (tonsіlla lіngualіs) құрайды.

Тілдің төменгі бетінде ортаңғы сызық бойымен тіл жүгеншесі орналасады.

Тіл бұлшық еттері көлденең жолақты ет талшықтарынан түзіледі. Тіл бұлшық еттері бойлық фиброзды перде арқылы екі симметриялық бөліктерге бөлінеді. Олар үш перпендикулярлы жазықтықтарда орналасқан меншікті бұлшық еттерден және бас қаңқасы сүйектерінен басталатын қаңқа бұлшық еттеріне бөлінеді.

Қаңқалық бұлшық еттері:

- иек-тіл бұлшық еті (m.genіoglossus) төменгі жақтың иек қылқанынан басталып, артқа бағытталып, тілде бітеді.

Қызметі: тілді алға және төмен қарай тартады.

- біз-тіл бұлшық еті (m. styloglossus) біз тәрізді өсіндіден алға, төмен және медиалды бағытталып, тілдің бүйір жақтарында бітеді.

Қызметі: тілді артқы және жоғары қарай тартады, бір жақты жиырылғанда тілді өз жағына тартады.

- тіл асты-тіл бұлшық еті, (m. hyoglossus) тіласты сүйегінің үлкен мүйізі мен денесінен басталып, жоғары және алға қарай бағытталып, тілдің бүйір бөліктерінде бітеді.

Қызметі: тілді артқа және төмен қарай тартады.

Тілдің меншікті бұлшық еті:

- көлденең бұлшық еті (m. transversus) тіл пердесінің жиектерінде орналасқан ет талшықтарынан құралады.

Қызметі: тілдің көлденең пішінін қысқартып, арқасын көтереді.

- тілдің вертикалды бұлшық еті (m.vertіcalіs) тілдің төменгі бетінен басталып, арқасына дейін жетеді.

Қызметі: тілді жуандатады.

Тіл бұлшық еттерінің ет талшықтары бір-бірімен айқаса орналасып, мүшенің қозғалысын кеңінен жүзеге асырады.

Құлақ маңы немесе шықшыт безі (glandula parotіdea) салмағы 20-30 г жуық болатын күрделі алвеолярлы без. Сілекей бездерінің ішіндегі ең ірісі. Ол құлақ қалқанының алдыңғы төменгі жағында төменгі жақ сүйегі тармағының сыртқы бетінде, шайнау бұлшық етінің артқы жиегінде орналасады. Сыртынан шандырмен және терімен қапталады. Шықшыт безінің шығарушы өзегі бездің алдыңғы жиегінен шығып, алға қарай бет доғасынан 1-2 см төмен жүре отырып, ұрт бұлшық етін тесіп өтіп, ауыз кіреберісінде жоғарғы екінші үлкен азу тіс деңгейінде ашылады.

Жақасты безі (glandula submandіbularіs) серозды-шырышты секрет бөлетін күрделі алвеолярлы түтікті без. Ол төменгі жақ сүйегінің астыңғы жағында, тіл асты-тіл және біз-тіл бұлшық еттеріне жанасып орналасады. Без сыртынан мойын шандырының беткей табақшасымен және терімен жабылады. Жақасты безінің өзегі алға қарай тіл асты сілекей безінің медиалды жағымен жанаса отырып, тіл асты бүртігіне ашылады.

Тіл асты безі, (glandula sublіngualіs) алвеолярлы-түтікті без. Аралас типті секрет бөледі. Ауыз қуысы шырышты қабатының астында орналасады. Бездің үлкен өзегі жақ асты безінің өзегімен қосылып тіл асты бүртігіне ашылады. Бездің кейбір майда өзектері тілдің шырышты қабатының бетіне өздігімен ашылады.

26. Стоматологиядағы науқасты тексерудің негізгі әдістері.

Науқастарға дұрыс ем – шаралар тағайындау үшін, алдымен оны тексеріп, дұрыс нақтама қою керек.

Стоматологиялық науқастарды тексерудің 2 әдісі бар:

- Тексерудің негізгі әдісі


Дата добавления: 2019-11-25; просмотров: 220; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!