Зат алмасу мен энергия айналымы 13 страница



Тікентерілілер суды тазартады: Радиоактивті заттардан

Нәлім, көзауық (камбала) секілді ірі балықтардың қорегі: Жыланқұйрық, теңізкірпісі

Тікентерілілер типінің класстары:3

Тікентерілілер типінің класстары: Теңіз жұлдызы, теңіз кірпісі, теңіз қияры (голотурии)

Теңізжұлдыздардың түрлерінің саны: 1500, 8 отряд

Денесі сәулелі симметриялы: Теңіз жұлдызы

Теңізжұлдыздардың денесі: Бес тармақты

Қарынын айналдырып, ауызынан шығарып, қорегін аулайды: Теңіз жұлдызы

Аузында бестісті жақсүйегі бар, денесін әктенген тікенектер қаптап тұрады: Теңізкірпісін

Теңізкірпілерінің түр саны: 800

Теңізқұндыздың (калан) негізгі қорегі: Теңізкірпісі

Су түбінде ұсақ жәндіктер, балдырлармен қоректенетін тікентерілілер класы: Теңізқиярлар

Тікентерілілердің ішінде арнаулы тынысалу мүшесі-суға толы өкпе кездеседі:Теңізқияр

Теңізқиярларының топтастырылған: 5 отряд, 1100 түр

Теңізқиярдың тыныс алудың, бөліп шығару қызметін атқарады: Өкпе

Күбі пішіндес тікентерілілердің түрі: Теңізқияры

Қосжынысты тікентерілілердің ұрықтануы жүретін орын: Суда

Желілілер (хордалылар) типі

Жануарлар дүниесінің тарихи дамуындағы ең жоғарғы тип:Желілілер

Соңғы қуысты, екіжақты симметриялы жануарлар: Желілілер

Желілілерге тән белгілер: Дене қуысы бар, үш қабатты, екі жақты симметриялы жоғарғы сатыдағы жануарлар

Желілілердің ортақ белгісі:Желінің болуы

Барлық желілерде болатын мүше: Ішкі қаңқа

Желінің қызметі: Ішкі қаңқа, тірек

Төменгі сатыдағы жануарларда ішкі қаңқа қызметін атқаратын құрылым: Желі

Хордалылардың тынысалу жүйесі мүшелерінің реті:Танау тесігі-көмекей-кеңірдек-өкпе

Хордалылардың тынысалу жүйесінің негізгі мүшесі: Өкпе

Желілілердің тип тармақтары: Бассүйексіздер, қабықтылар, омыртқалылар

Омыртқасы жоқ желілі жануар: Қандауырша

Төменгі сатыдағы желілі жануар: Қандауырша

Құйрық жүзбеқанатының пішіні медицина құралы-қандауырға ұқсас, бассүйексіздер тип тармағының өкілі:Қандауырша

Желісі, жүйке түтігі және желбезектері өмір бойы сақталатын жануарлар: Қандауырша

Алғашқы рет қандауыршада пайда болған мүше: Желі

Қандауыршада қаңқаның қызметін атқарады:Желісі

Қандауыршаның дене тұрқы: 5-8 см

Қандауыршада жоқ мүше: Бассүйек

Қандауыршаның терісі: Жұқа

Қандауыршаның тері қабаттары: Эпидермис-нағыз тері-сірқабық

Қандауыршаның терісінің сыртқы қабаты:Эпидермис

Қандауыршаның өзіне тән ерекшелік: Терісінің сыртында жұқа сірқабықтың болуы

Қандауыршаның онтогенезінде энтодермадан түзілетіні: Өкпе, желбезек

Қандауырша жұтқыншағының қызметі: Асқорыту, тыныс алу

Қандауыршаның қанайналым жүйесі: Тұйық

Қандауыршаның қаны: Түссіз

Қандауыршада болмайды: Жүрек

Қандауыршада жүректің қызметін атқарады: Құрсақ қолқа қантамырлары

Қандауыршаның зәршығару түтікшелері орналасады: Жұтқыншақтың маңында

Қандауыршаның орталық жүйке жүйесінің қызметін атқарады:Жүйке түтігі

Қандауыршаның жүйке түтігінің орналасуы:Желінің үстіңгі жағында

Қандауыршаның жыныс бездері орналасады: Жұтқыншақ маңында

Қандауыршаның жыныстық жетілуі:2-3 жыл

Қандауыршаның көбеюі мен дамуын зерттеген эмбриолог ғалым:А.О.Ковалевский

Теңіз түбіндегі құм арасынан сүзіп алып, тағам ретінде пайданылады: Қандауыршаларды

Қабықтылар тип тармағының өкілі: Асцидия

Желісі дернәсіл кезінде ғана болатын,қалың тығыз қапталған жануар: Асцидия

Қосжынысты жануар: Асцидия

Шоғырлы асцидиялардың көбею жолы: Жыныссыз, бүршіктеніп

Асцидияның бүйірінде орналасқан қажетсіз заттарды шығаратын мүшесі:Клоакалық сифон

Асцидияның жүрегі: Қысқа түтікше тәрізді

Шалажелілілер типіне жататын жануарлар тобы: Ішектыныстылар класы

Ішектыныстылардың дене құрылысы: Еттұмсықты бас, жаға, тұлға

Баланоглосты желілі жануарлар қатарына қосқан орыс зоологы: А.О.Ковалевский

Ішектыныстылардың дернәсілі - торнарияны ашқан ғалым: И.Мюллер

Торнария баланоглосстың дернәсілі екенін дәлелдеген ғалым: И.И.Мечников

Дөңгелек ауыздылардың өкілі: Миксина, минога

Омыртқалы жақсүйексіздер: Миксина, минога

Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген жақсүйексіз омыртқалы жануар: Каспий миногасы

Омыртқалы жануарларға ортақ тән белгі: Ішкі қаңқа

Омыртқалылардың сезім мүшелері: Дәм, иіс сезу, көру, есту, сипап сезу

Омыртқалы жануарлардың зәр шығару мүшесі: Бүйрек

Құрлықтағы омыртқалылардың тыныс алу мүшесі: Өкпе

Іштей ұрықтанатын қағанақты омыртқалы жануарлар: Жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер

Салқынқанды жануар: Балықтар, қосмекенділер, дөңгелекауыздылар

Жылықанды жануарлар: Құстар, сүтқоректілер

Балықтар класы

Балықтың мекен ортасы: Су

Балықтарға тән белгі:Омыртқалы жануар

Балықтың түрлерінің саны: 20 мыңдай

Балықтың денесінің бөлімдері: Бас, тұлға, құйрық

Балықтың қозғалу мүшесі: Жүзбеқанаттары

Балықтың денесін қалыпты ұстауын қамтамасыз ететін жүзбеқанат:Арқа, аналь

Балықтың денесін берік ұстауға көмектесетін жүзбеқанат: Құйрықасты

Балықтың құйрық жүзбеқанаттары: Бағыт береді

Балықтың бас сүйектері: Ми сауыты, жақтары, желбезек доғасы, желбезек қақпақшасы

Балықтың тынысалу мүшесі: Желбезек

Балықтың қаны оттегімен қанығып, артерия қанына айналады: Желбезекте

Балықтың желбезегіндегі сүзгіш аппараттың түзетіні: Желбезек талшықтары

Балықтың желбезегіндегі газ алмасу қызметін атқарады: Желбезек қақпақшасы

Балық желбезегі доғаларының саны: 3-4 жұп

Балықтың қанайналым жүйесі: Тұйық, 1 шеңбер, жүрегі 2 қуысты

Балықтың жүрегінің құрылысы: 1 жүрекше, 1 қарынша

Балықтың жүрегі орналасады: Дененің құрсақ жағында

Балықтың дене температурасы байланысты: Қоршаған ортаның температурасына

Балықтың қанын қорытылған астың қалдығынан тазартатын мүше: Бүйрек

Балықтың зәр шығару мүшелері: Бүйрек, қуық, несепағар

Балықтың зәр шығару мүшесі: Бүйрек

Балықтың тік ішегінің кеңейген бөлігі: Клоака

Балықтың жүйке жүйесі: Екі бөлімді

Балықтың ми бөліктері: Алдыңғы, ортаңғы, аралық, сопақша, мишық

Балықтың қимыл-қозғалысын және тепе-теңдігін реттейді: Мишық

Балықтың омыртқа жотасының өзегінде орналасады: Жұлын

Балықтың есту мүшесі орналасқан: Бассүйектің ішінде, сырттай байқалмайды

Балықтың ауыз айналасындағы мұртшасы:Сипап сезу мүшесі

Балықтың арнайы сезім мүшесі:Бүйір сызығы

Балықтың бүйір сызығы:Су ағысының күшін, бағытын, тербелісін, кедергілерді сезеді

Балықтың жасын ажыратады: Қабыршақ сызықтарына қарап

Балықтың көбеюінің атауы: Уылдырықтама

Балықтардың көбею кезіндегі күрделі инстинкті мінез-қылығы: Уылдырықтау

Балықтан бөлінетін қою ақ сұйықтық:Шоғал - аталық бездің ұрығы

Балықтың даму сатысы: Уылдырық-ұрық-дернәсіл-шабақ-ересек балық

Балықтың дернәсілі:Шабақ

Балықтың уылдырықтан шығып, өздігінен жемін тауып жеуі:Туа пайда болған

Сүйекті және шеміршекті балықтарға тән ортақ белгілер: Денесі бас, тұлға, құйрық бөлімдерінен тұрады, желбезегі арқылы тыныс алады, миы 5 бөліктен тұрады

 

Шеміршекті балықтар класы

Шеміршекті балықтардың ерекшелігі: Қаңқасы шеміршекті

Шеміршекті балықтардың сыртқы тері қабаты: Эпидермис - көп қабатты эпителий

Шеміршекті балықтардың терісі қапталған: Плакоидты қабыршақ

Шеміршекті балықтардың желбезек саңылауының саны: 5-7 жұп

Шеміршекті балықтарда басқаларға қарағанда жоқ мүше: Торсылдақ

Шеміршекті балықтардың көбеюі: Дара жынысты, іштей ұрықтанады

Шеміршекті балықтардың класс тармақтары: Тақтажелбезектілер, тұтасбастылар

Тақтажелбезектілерге жатады: Акулалар мен скаттар

Басқа балықтармен салыстырғанда акула мен скатта жоқ мүше: Желбезек қақпағы

Шеміршекті балық: Аратұмсық, балғабас,жұпбалықтар (скат), тұтасбастылар

Акуланың нағыз тері қабаты түзіледі: Дәнекер ұлпасынан

Акуланың тік ішегінін кеңейген бөлігі: Клоака

Акуланың үнемі қозғалыста болу себебі:Торсылдағы жоқ

Акуланың миынан денесіне таралады:10 жұп жүйкелер

Акула көзінің қасаң қабығы: Жазық, көзбұршағы шар пішінді

Акуланың өте жақсы дамыған сезім мүшесі:Иіс сезу

Акула қанның иісін сезетін арақашықтық: 0,5 км

Акуланың дене қуысында орналасқан таспа тәрізді созылыңқы мүше:Жұп бүйрек

Адам үшін ең қауіпті акула: Сұр акула

Акулалардың кеңінен таралған түрі: Жолақ акула

Скаттардың желбезек саңылаулары орналасқан: Құрсақ жағында

Скаттардың ең ірі түрі: Манта

Теңіз түбінде жәндіктермен қоректенетін, кәсіптік маңызы жоқ балықтар: Тұтасбастылар

Тұтасбастылардың дене пішіні ұқсас: Ұзынша ұршыққа

Ең ірі теңіз балығы: Китпошымды акула

Теңіз етқоректі балықтарының ең үлкені: Ақ акула, каркарадон

 

Сүйекті балықтар класы

Ең жас балықтар тобы: Сүйекті

Сүйекті балықтар:Жалпақ ірі қабыршақты, торсылдағы болады, қаңқасы сүйекті

Сүйекті балықтар түрлерінің саны: 20000

Сүйекті балықтардың тепе-теңдігін сақтайтын мүше: Торсылдақ

Сүйекті балықтардың тірілей шабақтайтын түрі: Шортан

Сүйекті балықтардың асқорыту жүйесінде жоқ мүше: Клоака

Сүйекті балықтың желбезек доғасының саны: 3-4 жұп

Ең алғаш сүйекті балықтарда пайда болды:Қуық

Торсылдақ ... пайда болады: Ішектен

Торсылдақтың қызметі: Дене салмағын өзгертеді, судың түрлі қабаттарына өтуіне жағдай жасайды, жүзгіштігін реттеу

Торсылдақтың қызметі:Тыныс алуға қатысады, дыбыс шығарады, дыбыс толқының күшейтетін резонатор

Торсылдағы болатын балықтар:Сазан, алабұға

Қосжынысты балық: Теңіз алабұғасы

Өрістегіш балықтарға жататын:Бекіре, албырт, шортан

Сүйекті балықтардың класс тармақтары: Сәулеқанатты, қалаққанатты

Қалаққанатты балықтарға жатады: Қостынысты, саусаққанатты

Бекіренің жеке түрлерін ажырату белгілері:Шытыралардың санына қарап

Бекіретәріздестер отрядына жатады: Бекіре, қортпа, шоқыр, пілмай

Дәмді еті, қара уылдырығы қымбат бағаланатын балық:Бекіре

Майшабақтектестер отряды: Сардинка, қылқа, түлкібалық

Албыртектестердің басқа балықтардан айырмашылығы: Құйрық бөліміне жақын орналасқан майлы жүзбеқанаттар

Албырттектестер:Кета, нерка, құнысбалық, таймен, сылан, ақбалық, бахтах, жеңсік

Тіршілігінде бір-ақ рет уылдырықтайтын балық: Кета

«Патша балығы» деп аталатын:Бахтах

Алабұғаның жүрегінің қаны: Венозды

Алабұғаның көктамыр қаны ағатын қантамыры: Құрсақ қолқасы

Бауырынан алынатын майы мешел ауруына ем ретінде пайданылады: Сетінектер

Арқа жағы қарақошқыл, ал құрсақ жағы ақшыл балықтар: Көзауықтар (камбала) отряды

Тұлғасы жалпақ, екі көзі денесінің арқа жағында орналасқан: Камбала


Дата добавления: 2021-06-02; просмотров: 107; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!