Зат алмасу мен энергия айналымы 11 страница



Денесі шұбалыңқы, соңғы қуысы бар үш қабаттан тұратын құрт өкілі: Шұбалшаң

Денесі жұмыр, созыңқы, бірнеше шұбалыңқы буылтықтан құралған құрт: Шұбалшаң

Шұбалшаң денесіндегі параподияның қызметі: Еркін қозғалу

Жауынқұрттың денесіндегі қылтанының атқаратын қызметі:Денені орнықты ұстау

Шұбалшаңның сақиналы, бірыңғай салалы бұлшықеттері мен қылтандарының қызметі: Қозғалу

Шұбалшаңның қозғалуы: Сақиналы, бірыңғай салалы бұлшықеттердің жиырылуынан

Шұбалшаңның қозғалысында денесі жіңішкереді: Сақиналы бұлшықеттер жиырылғанда

Шұбалшаңның бірыңғай салалы бұлшықеттерінің көмегімен: Денесін қысқартып ұзартады

Шұбалшаңның тыныс алу мүшесі:Жұқа тері жабыны

Шұбалшаң оттегін мына мүшесі арқылы сіңіреді: Жұқа тері жабыны

Алғашқы рет тұйық қанайналым жүйесі пайда болған ағзалар: Шұбалшаң

Қанайналым жүйесі әр буылтықта жеке болады: Шұбалшаңда

Жауынқұрттың қан айналым жүйесі:Арқа, құрсақ қантамырлары мен «жүрекше»

Шұбалшаңның алдыңғы бөлігіндегі ірілеу сақиналы қантамырлардың атауы: Жүрекше

Шұбалшаңның түсі қызыл болу себебі: Қаны қызыл болғандықтан

Шұбалшаңның негізгі азығы: Өсімдіктердің шіріген қалдықтары

Шұбалшаңның асқорыту жүйесі:Ауыз-жұтқыншақ-өңеш-жемсау-қарын-ішек

Шұбалшанның асы жұмсарады: Жемсауында

Шұбалшаңның асы араласады:Қарында

Шұбалшаңда ас қорытылады: Ішегінде

Шұбалшаңның жүйке жүйесі: Жұтқыншақүсті, жұтқыншақасты түйін және құрсақ тізбекшесінен тұрады

Шұбалшаңның сезім мүшесі: Жарық, иісті, сипап сезу

Шұбалшаңның зәр шығару мүшесі ... түзіледі: Эктодермадан

Шұбалшаңның зәр шығару мүшесі: Жұлдызша тәрізді түтік

Шұбалшаң зәрінің сыртқа шығарылуы: Екі-екіден орналасқан имек түтікшелерден

Шұбалшаңға тән емес белгілер:Паразиттік тіршілік етуі, қармалауыштар

Нағыз топырақ қопсытқыш жәндік: Шұбалшаң

Топырақта өсімдіктер жақсы өсу үшін, топыраққа шұбалшаңды жібереді, себебі:Топырақ

құрылымын жақсартады

Топырақты ауамен,ылғалмен байытатын жәндіктер:Шұбалшаң

Жауынқұрттың қорегі: Шіріген өсімдік қалдықтары

Ұрықтанған жұмыртқалары бар белбеуше «пілде» түзіледі: Шұбалшаң,ақ сұлама

Тек теңіздерде тіршілік ететін құрттар:Көпқылтанды құрттар

Терісімен, желбезекпен тыныс алатын құрттар: Көпқылтандылар

Көпқылтандылардың сезім мүшелері:Сипап сезу, көру, тепе-теңдік

Көпқылтанды құрттардың зәр шығаруы: Ашық жүйе

Теңізде мекендейтін көпқылтанақты буылтық құрт:Құмқазар, нереида

Түсі қошқыл қоңыр, құмнан ін қазып тіршілік ететін көпқылтанды құрт: Құмқазар

Жасыл түсті көпқылтанды құрт: Нереида

Көпқылтанды құрттарға тән емес белгі:Топырақ құнарлығын арттыру

Сүліктің денесінде: Қуыс жоқ, дәнекер ұлпасымен жалғасқан

Сүліктің денесі: Буылтықты, қылтанақсыз

Денесінің алдыңғы және соңғы ұштарында сорғыштары болатын, буылтық құрттардың ең маңызды өкілі: Сүлік

Сүліктің алдыңғы сорғышындағы аузының айналасын қоршап тұрған: Үшкір 3 өсінді

Сүліктің көзі:Он шақты

Сүліктің зәр шығаруы: 17 жұп түтіктен тұрады

Сүліктің бездерінен жұтқыншағына бөлінетін қан сұйылтатын сұйықтық: Гирудин

Сүлікті медицинада қолдану себебі: Көктамыр бітелгенде, миға қан құйылғанда

Жерқұрт немесе шұбалшаңдардың ең ірісі: Австралиялық мегасколдес

Құрттардың ең ұзыны, көпқылтанақты құрт: Линеус лонгиссимус

Халық медицинасында және медицинада миға қан құйылғанда жүрек бұлшықеттері жансызданғанда, емдік мақсатта пайдаланып, адамның қанын сорғызатын буылтық құрттарға жататын түр: Сүлік

 

Ұлулартипі

Ұлулардың тіршілік етуі: Теңізде, тұщы суларда, құрлықта, ауада

Денесі жұмсақ,үш қабатты, екі жақты симетриялы көпжасушалы омыртқасыз жәндіктер: Ұлулар

Былқылдақденелілер мен буылтық құрттардың дернәсіл сатысындағы ұқсастығы: Денесі буылтықтан тұрады

Былқылдақденелілер типіне жататын жәндіктердің денесі: Буылтықсыз, өте жұмсақ

Ұлулар типінің түрлер саны: 130 мың

Былқылдақденелілердің ішкі мүшесін қорғап тұратын қатпарлы қабат: Шапанша

Ұлулардың тұлғадан ерекше қатпарлы қабат:Мантия (шапанша)

Ұлудың шапаншасының атқаратын қызметі: Тұлғаны қорғау

Былқылдақденелілердің сыртқы қаңқасы:Бақалшақ

Ұлулардың негізгі қозғалу мүшесі: Аяқ

Ұлулардың асқорыту жүйесі: Үккі-тіл-жұтқыншақ-бауыр-қарын-ішек-аналь тесігі

Ұлулардың асқорытуға қатысатын мүшелері: Үккі, тіл, жұтқыншақ, бауыр

Ұлулар типіне тән ерекшелік: Тісшелері бар

Былқылдақденелілердің үккісінің қызметі:Қорегін қырып жейді

Ұлуларда алғаш пайда болған мүше: Бауыр

Ұлудың тынысалу мүшесі: Шапанша қалтасы

Ұлу көмірқышқыл газын мына мүшесі арқылы сыртқа шығарады: Тыныс саңылауынан

Судағы былқылдақденелілердің тынысалу мүшесі: Желбезек тақташалары, сифондар

Ұлудың газалмасу процесі жүретін мүшесі: Қантамырлар

Ұлулардың қантарату жүйесі: Жүрегі 2 немесе 3 қуысты

Жүрегі екі бөлімнен – құлақшадан және қарыншадан тұратын жәндік : Ұлуда

Ашық қанайналым жүйесі тән жәндіктер: Ұлулар, шаяндар

Шапанша қуысына ашылатын бүйрек болады: Ұлуда

Ұлудың зәр шығару мүшесі: Бүйрек

Омыртқасыздарда бүйрек кездесетін ағза: Ұлуда

Айқаспалы жолмен ұрықтанатын ағзалар: Былқылдақденелілер

Қосжынысты ұлу: Тоспа ұлу, жалаңаш шырыш

Былқылдақденелілер типінің класы: Бауыраяқтылар, қосжақтаулылар, басаяқтылар

Бауыраяқтылардың белгілі түрлері: 80 мың

Бауыраяқтылар класының өкілдері: Қошқармүйіз, шалшықұлуы, тоспа, жалаңаш шырыш, жүзім ұлуы

Теңіз бауыраяқты ұлулардың желбезектері: Мантия (шапанша) қуысында

Бауыраяқты ұлулардың қорегі: Өсімдіктекті азықтар

Тоған мен көлдерде кездестіруге болатын ұлу: Түйіртек, жұмырлақ

Бау-бақшаға, жүзімдіктерге, баққа зиян келтіретін:Жалаңаш шырыш, жүзім ұлуы

Қорегін түнгі салқында аулайтын ұлу: Жалаңаш шырыш

Тоспа ұлуының дене бөліктері: Бас, тұлға, аяқ

Тоспа ұлуы бақалшағының бұрала иірленуі: 4-5 бұрама

Тоспа ұлуының үккісі: Тісшелері, етті тілі

Тоспа ұлуы тыныс алады: Тыныс саңылауы

Үлкен тоспа ұлудың жүрегі:Екі бөлік

Үлкен тоспа ұлуының жүйке жүйесі:Бес жұп

Даму барысында уақытша паразиттік тіршілік ететін ұлу: Тоспа ұлуы

Қосжақтаулы ұлулар:Айқұлақ, мидия, устрица, гребешок, кемеқұрт

Қосжақтаулы былқылдақденелілерде болмайды: Бас, тіл, жұтқыншақ

Қосжақтаулы былқылдақденелілердің тыныс алу мүшесі:Желбезек

Басы жойылып кеткендіктен, денесі тұлға мен аяқтан ғана құралған қосжақтаулылар класының өкілі: Айқұлақ

Айқұлақта болмайтын мүшелер: Бас, тіл, жұтқыншақ

Көзі болмайтын ұлулар:Айқұлақ

Айқұлақ бақалшағы: Екі жақтаудан тұрады

Айқұлақтың аузы: Аяғының қасында

Сифоны бар жәндіктер:Айқұлақ

Айқұлақтың сифондарының орналасқан жері: Жақтауларының артқы бөлігінде

Денесі арқылы суды өлі қосындылардан суды тазартатын ұлу:Айқұлақ

Айқұлақтың зәр шығару мүшесі: Бүйрек

Айқұлақ көбеюі: Даражынысты

Дернәсілі паразиттік тіршілік ететін ұлу:Айқұлақ

Айқұлақтың дернәсілі паразиттік жолмен тіршілік етеді:Балық денесінде

Тағам ретінде пайдаланатын қосжақтаулы ұлу:Мидия, устрица, гребешок

Былқылдақденелілердің ең жоғарғы құрылымды жәндіктер: Басаяқты ұлулар

Басаяқтылардың қазіргі кездегі түр саны: 800 жуық

Басаяқтылардың денесі құралады: Бас, тұлға

Бақалшағы жойылып кеткен ұлу:Басаяқтылардың

Басында қармалауыштары бар былқылдақденелілер: Басаяқтылар

Басаяқты бақалшақсыз ұлулардың сорғышы бар қармалауыштары: Аяқтарының бөлігі

Басаяқты ұлулар:Кальмар, каракатица, сегізаяқ

Басаяқты ұлулардың қанының түсі: Көгілдір

Басаяқтылардың қанының көгілдір болуының себебі эритроциттерінде болады: Мыс

Реактивті қозғалатын жәндік:Кальмар, каракатица, сегізаяқ

Бақалшақсыз, басаяқты жыртқыш былқылдақденелілер: Кальмар

Су тереңінде сағатына 50 шақырым жүзіп, қорегін аулайтын: Кальмар

Шеміршекті бассүйегінде миы бар ұлу: Кальмар

Тағам ретінде пайданылатын былқылдақденелілер:Каракатица, сегізаяқ

Су түбінде тіршілік етіп, құмда жасырынып жатқан асшаянды аулайтын басаяқты:Каракатица

Каракатицаның қорегі: Асшаян

Сиқырлап ұйықтатуға болатын ұлу: Сегізаяқ

Сорғышты ұлулар:Сегізаяқ

Жақаяқтары бар ұлу:Сегізаяқ

1817ж. «Ұлулар анатомиясы» атты еңбегін жариялаған: Ж.Кьюве

Глохидий дегеніміз: Қосжақтаулы ұлулардың дернәсілі

Буынаяқтылар типі

Шаянтәріздестерге жатады: Циклоп, дафния, асшаян, өзен шаяны

Буынаяқтылардың денесі: Аяқтары бунақты, денесі бунақталған

Буынаяқтылардың сыртқы жабыны: Хитин

Жасуныққа ұқсас ағзалық зат: Хитин

Хитинді жамылғы: Жәндік денесінің жұмсақ бөлігін қорғайды, қаңқа тәрізді сауытты жабын

Буынаяқтылардың аяғы: 3-тен 5-ке дейін

Буынаяқтылардың тынысалу мүшесі: Өкпе, желбезек

Буынаяқтылардың жүйке жүйесі: Жүйке, құрсақ жүйке тізбегі және жұтқыншақ жүйке сақинасынан тұрады

Қуыршақ сатысынан өтпей, шала түрленіп дамитын буынаяқтылардың дернәсілі: Нимфа

Буынаяқтылар типіне жататын класс:Бунақденелілер, өрмекшітәріздестер, шаянтәріздес

 

Шаянтәріздестер класы

Шаянтәрізділердің дене бөліктері:Баскөкірек, құрсақ

Шаянтәрізділердің қозғалуы: Ет тері қапшығы арқылы су түбіне көмілу

Шаянтәрізділердің тыныс алу мүшесі:Желбезек

Шаянтәрізділердің қанайналым жүйесі: Ашық

Шаянтәрізділердің есту және тепе-теңдік мүшесі: Екі қысқа мұртша

Шаянтәрізділердің зәр шығару мүшесі:Жасыл түсті жұп без

Шаянтектестердің жасыл бездерінің түтікшелері ашылады:Мұртшаларының түбінен

Шаянтәрізділерге тән көбею жүйесі: Жынысты

Шаянтәрізділердің көбеюі: Даражынысты

Шаянтәрізділердің маңызына жатпайтыны: Судың температурасын реттеу

Шаянтәрізділердің кездеспейтін жерлері: Жануарларда паразиттік тіршілік етуі

Орташа және ірі денелі шаянтәріздестер: Таңқышаян, омар, асшаян, өзеншаян

Ұсақ шаян тәріздестер:Дафния Циклоп

Ұсақ шаянтәрізділердің су қоймаларындағы атқаратын қызметі: Балық шабақтарына қорек болады

Кейбір құрттардың дамуына аралық ие болатын ұсақ шаянтәріздес: Циклоп

Шаянның хитинді жабыны: Қаптайтын сауыт, ішкі мүшелерді қорғайды

Шаянның бунақталған жүретін аяқтары: 4 жұп

Жүретің аяқтарының бірінші жұбы жемін ұстайтын қысқышқа айналған ағза: Шаян


Дата добавления: 2021-06-02; просмотров: 176; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!