Зат алмасу мен энергия айналымы 30 страница



құрылысындағы ұқсастықтар

Әрбір жеке түрге тән хромосомалар жиынтығы, саны, мөлшері мен пішінін сипаттайтын: Генетикалық критерий

Бір түр мен екінші түр дараларының бір-бірімен шағылыспайтынын көрсететін критерий: Генетикалық

Түр критерилерінің басты белгісі: Генетикалық

Биохимиялық құрам мен тіршілік үдерістері: Физиологиялық өлшем

Түрдің зат алмасу,көбею, тітіркену қасиеттерін сипаттайтын критерий: Физиологиялық

Физиологиялық критерийдің негізгі ерекшелігі: Ағзалардың тіршілік әрекеттері мен қасиеттері

Хромосомалардың құрылысы, мөлшері, көбею мерзімдері, жыныс мүшелері:Физиологиялық өлшем

Организмнің жыныстық жетілу кезеңі: Физиологиялық

Тірі материяның xимиялық құрамы түрдің мына өлшеміне жатады: Физиологиялық-биоxимиялық

Түрдің таралуы,оның таралу аймағы және дәл сол ағза мүдделігіндегі табиғи жағдайлар жиынтығының қамтылуы түрдің мына өлшеміне жатады:Эволюциялық-географиялық

Табиғатта түрдің тіршілік ету ареалын анықтау критериі: Географиялық экологиялық

Түрдің экологиялық критерий: Түр тіршілік ететін сыртқы орта факторларының жиынтығы

Әр түрдің нақты алып жатқан орнын анықтайтын критерий: Экологиялық

Тіршілік және өмір сүру аумағына қажетті жағдайлар: Экологиялық өлшем

Бозкілем, семізот, алоэ су қорын жинайды: Жапырақта

Эвкалипт, қараған өсімдіктері жапырақтарын сағағының көмегімен қырынан бұрып қояды, себебі: Күн сәулесі қыздырмау үшін

 

Микроэволюция

1938ж. ”Микроэволюция” терминін енгізді: Н.Тимофеев-Ресовский

Түрдің түзілуіне алып келетін эволюциялық әрекеттер жиыны:Микроэволюция

Жаңа турлер немесе түршелердің географиялық немесе экологиялық жағдайда түзілу үдерісі:Микроэволюция

Түрден кіші эволюциялық санат: Түрше

Органикалық дүниенің нақтылы тіршілік ететін генетикалық жағынан бөлінбейтін бірлік өлшемі: Түр

Тірі табиғат өлшемі «түр»-деген ағылшын ботанигі: Джон Рей

Түрге сипаттама берген, терминін енгізген ғалым: Джон Рэй

Реликт дегеніміз: Ертеде кең тараған, белгілі аймақта сақталған түр

Бір аумақта, таралу аймағының белгілі бөлігінде үнемі еркін шағылысатын және дәл сол түрдің өзге топтарынан азда көпті оқшауланған дарақтар: Популяция

Бір кеңістікте тіршілік етіп, бір-бірімен еркін шағылысып ұрпақ беретін, генетикалық жүйе құрап, бір түрге жататын даралар жиынтығы: Популяция

Жекеленген түрді бір популяцияға біріктіретін негізгі фактор: Жекеленген түрдің бір-бірімен еркін шағылысуы

Популяцияға тән сипаттамалар: Еркін өсіп көбеюге қабілетті топ, генетикалық шығу тегі бір даралар тобы, бір түрге жататын даралар тобы

Популяцияға тән белгілер: Бір түр даралар саны, бір түр дараларының тығыздығы, белгілі аумақтағы даралар санының жиілігі

Жеке бір популяцияға біріккен даралардың арасында өзара жүріп жататын ең негізгі факторлары: Еркін будандасуы

Түр дақтарының аудан өлшем бірлігіндегі немесе көлем өлшем бірлігіндегі мөлшері:Популяция тығыздығы

Популяцияның генетикалық құрылымын зерттеген ғалым: В.Иогансен

1903ж. популяция терминін енгізген ғалым: В.Иогансен

Табиғи сұрыпталу әрекетінің нәтижесі: Бейімделушілік

Тіршілік үшін күрес нәтижесі: Табиғи сұрыпталу

Табиғатта эволюциялық процестің басты факторы: Табиғи сұрыпталу

Ағзалардың белгілі бір ортаға өзінің тіршілігін сақтап бейімделуі,ол: Табиғи сұрыпталу

Табиғи сұрыпталудың белгісі: Жаңа түр пайда болады, үздіксіз жүреді, көзге көрінбейді, бейімделгендер тіршілігін жалғастырады

Табиғи сұрыпталудың түрлері: Қозғаушы, тұрақтандырушы, дизруптивті

Қозғаушы сұрыптауды алғаш рет сипаттаған ғалым: Ч.Дарвин

Популяциядағы қалыптасқан белгілердің орташа көрсеткішін сақтап қалуға бағытталған сұрыптау: Тұрақтандырушы

Тұрақтандырушы сұрыптауға мысал: Ақбөкен

Латимерияның осы күнге дейін өзгеріссіз тіршілік етуі: Тұрақтандырушы сұрыптау

Тұрақтандырушы сұрыптауды алғаш рет сипаттаған орыс ғалымы: И.И.Шмальгаузен

Популяциядағы даралар арасында қалыптасқан орта көрсеткіштер бойынша екі не одан да көп ауытқыған белгілердің сақталып қалуы: Дизруптивті сұрыптау

Табиғи сұрыпталудың жекелей түрі: Жыныстық сұрыпталу

Ағзаның қоршаған орта жағдайларына тіршілік ету үшін белгілі қасиеттерінің пайда болуы:Бейімделгіштік

Организмдердің табиғи ортаға бейімделуі: Акклиматизация (жерсіндіру)

Бейімделушіліктің түрі: Бүркеніш рең,ұрпағына қамқорлық, түйсік-сезімдік,физиологиялық

Ашық жерде тіршілік ететін организмдердің жауынан қорғануы үшін қажетті бейімделушілік: Бүркеніш рең

Шөлді мекендейтін кесірткелер, қарақұйрық, арыстандардың сары түстің басым болуы Бүркеніш рең

Бүркеніш реңге мысал: Жұмырқа қабығының секпілді дақтары, су түбіндегі балықтардың құмға ұксауы

Күндіз ұшатын көбелектер қонғанда қанаттарын жаймау себебі: Бүркеніш реңі қанаттарының астынғы жағында

Бүркеніш реннің түрі: Сақтандырушы, қызықтырушы, қауіп төндіруші, еліктеуші

Жыртқыштарды қорқыту үшін жасалған мінез-қылығының үйлесімді әрекеті: Сақтандырушы рең

Сақтандырушы реңге мысал: Аралар мен улы жыландардың реңі, қоңыздардың өлген кейіп танытуы, ханқыз мен өлексе қоңыз

Жауынан қорғану үшін айбар шегіп құтылу тәсілі: Қауіп төндіруші рең

Қорғаныш реңге жатады: Усыз жәндіктердің улы жәндіктерге ұқсауы

Жануарлардың дене пішіні мен түсі қоршаған ортаның заттарымен сәйкес келетін бейімделушілік: Қорғаныш (мимикрия),жасырынғыш

Жануарларда айқын байқалатын тұқымқуалаушылық арқылы берілетін мінез-құлық әрекеттерінің күрделі жиынтығы: Түйсік-сезімдік бейімделу

Ұрпағына қамқорлық жасауы жақсы жетілген балықтар: Аз ұрпақтарымен ерекшеленетіндер

Ұрпағына қамқорлық жасайтын балық:Тікенекті кекіре

Теңіз жайын балығының шабақтары қауіп төнгенде тығылады: Аналық балық аузына

Макроэволюция

Ірі жүйелік топтардың (тип, класс, отряд) қалыптасу процесі:Макроэволюция

Түрден жоғары ірі жүйелік топтардың түзілу эволюциясы: Макроэволюция

Өліп біткен ағзалардың қалдықтарына негізделген: Палеонтологиялық дәлел

Эволюцияның Ковалевский жылқыларының даму реті қолданылатын дәлелдеме түрі: Палеонтологиялық

Тұяқты жануарлардың тариxын зерттеген ғалым:В.О.Ковалевский

Эволюцияның салыстырма-анатомиялық дәлелдемелері: Аналогтық, гомологтық мүшелер

Құрылысы мен шығу тегі бірдей, ал атқаратын қызметтері әр түрлі мүшелер: Гомологтық

Құрылысы мен шығу тегі әр түрлі, ұқсас қызмет атқаратын мүшелер: Аналогтық

Шығу тегі ортақ қалпында қалады: Сәйкес мүшелер

Гомологиялық мүшелерге жатады: Жарғанақтың қанаты мен тышқанның қалдық аяғы

Жапырақ гомологиялары: Итмұрын тікенегі, Сарыағаш тікенегі, Асбұршақ мұртшасы

Өсімдіктердегі сабақтың гомологиялық мүшесі: Картоптың түйнегі

Аналогиялық мүшелерге мысал: Құс қанаты мен көбелектің қанаты

Ағзалардың төменгі сатыдан жоғарғы сатыға дейін көтеріліп,құрылыстарының

күрделенуі:Биологиялық прогресс

Дарақтар санының, жүйеленген саналуандықтың артуы: Алға басу

Биологиялық эволюцияның негізгі бағыттары: Ароморфоз, дегенерация, идиоадаптация

Морфологиялық-физиологиялық алға басу үдерісі: Ароморфоз

Ағзаның құрылысы күрделенетін эволюциялық бағыт: Ароморфоз (арогенез)

Эволюциялық өзгерістердің құрылым деңгейлерінің күрделендіретін бейімділік: Ароморфоз

Организмдердің жалпы құрылым деңгейі күрделеніп, жоғары сатыға көтерілуі: Ароморфоз

Мүшелер құрылысы едәуір күрделеніп, тіршілік үдерісі күшейе түсетін бағыт: Ароморфоз

Ароморфозға нәтижесі мен мысалдары: Төрт қуысты жүректің пайда болуы, спорадан тұқымды көбеюге көшу, жүзбеқанаттың аяққа айналуы

Ароморфоз нәтижесі: Қанайналым шеңберлерінің қалыптасуы, жынысты көбеюдің

Жабықтұқымдылардың пайда болуына себепші ароморфоз: Тұқым, тозаң түтігінің түзілуі

Ағзалардың нақты орта жағдайына аз-аздап,жеке бейімделуі макроэволюцияның мына бағытына жатады:Идиоадаптация

Организмдердің жеке бейімделушілігін арттырады, бірақ органикалық құрылым деңгейінде ешқандай өзгеріс болмай сол қалпында сақталады: Идиоадаптация

Идиоадаптацияға мысал: Бүркеніш рең, өсімдіктердің тікенектері,безді түктері, камбала, скат балықтарының пішінінің жалпақтануы, құстар тұмсығының түрлі пішінділігі

Терең су түбінде мекендейтін скаттардың жалпақ және электрлі мүшелердің болу себебі: Су түбінде қысым жоғары және қараңғы

Морфологиялық-физиологиялық кері кету макроэволюцияның мына бағытына жатады: Дегенерация

Организмдердің кейбір мүшелерінің жойылып, биологиялық маңызын жоғалтуы: Дегенерация

Даралардың құрылым деңгейін төмендетіп, биологиялық регреске әкелетін: Дегенерация

Тірі ағзалардың қарапайымдалуына әкеліп соқтыратын эволюциялық өзгеріс: Жалпы дегенерация

Дегенерация нәтижесінде: Құрттардың сезім мүшелері жойылуы

Дегенерацияға жатады: Паразит құрт құрылысының қарапайымдануы

Дарақтар саны мен олардың жүйеленген топтары санының кері кетуімен аймақтың тарылуы: Биологиялық регресс

Дарақтар саны мен олардың жүйеленген топтар санының кемуі: Кері кету

Биологиялық регрестің белгісі: Түрлердің азаюы, таралу аймағы кішірейеді

Биологиялық регресске ұшырағандар: Асқорыту мүшелері жойылған организмдер

Біркелкі тіршілік етуге көшкен кезде құрылымның қарапайымдана түсуі: Паразиттік құрттарда

Дивергенция: Туыс формалардағы белгілердің ажырауы

Ағзалардың бірдей тіршілік ортасына бірдей тіршілік жағдайларына көшкен кездегі ұқсас белгілердің дамуы:Конвергенция

Организмдердің туыстық жағынан алыс болғанымен мекен (тіршілік) ортасы бірдей, сыртқы пішіні бір-біріне ұқсас болуы: Конвергенция

Параллелизм: Туыстық жағынан өте жақын организмдердің ұқсас белгілерінің бір-біріне тәуелсіз дамуы

Жер тарихы

Жер бетінде тіршілік ең алғаш пайда болды: Сулы ортада

Жер бетінде жойылып біткен жануар: Дронт, лабрадор, гагасы, күдір, каролин тотысы

Тариxи уақыттарда өліп біткендер (адамның кінәсімен):Көк түсті құс

Жер тарихының геоглогиялық мерзімінің ең ірі бөлгі:Заман

Органикалық дүниенің даму кезеңдері: Архей, протерозой, палеозой, мезозой, кайнозой

Тіршіліктің және тірі ағзалардың негізгі қасиеттері қалыптасатын заман: Арxей

Жер тарихының ежелгі заманы: Архей

Архей заманының ұзақтығы: 900-1000 млн. жылдан көп

Алғашқы прокариоттарпайда болған: Архей

Кезеңдерге бөлінбейтін заман: Архей

Архей заманының ірі ароморфозы: Фотосинтез

Архейден кейінгі заман:Протерозой

Ең ұзақ мерзімге созылған заман: Протерозой

Протерозой заманының ұзақтығы: 2 млрд. жылға жуық

Жәндіктердің алуан түрлілігі орасан көбейді:Протерозой

Көпжасушалы эукариоттар пайда болған заман: Протерозой

Эукариотты автотрофтар пайда болған заман: Протерозой

Көпжасушалы балдырлар өсті:Протерозой

Алғашқы омыртқасыздар пайда болған заман: Протерозой

Теңіз ішекқуыстылары, буылтық құрттар, ұлулардыңбасым көпшілігі дамыған кезең:Протерозой

Жануарларда мүшелер жүйесі пайда болды: Протерозой

Протерозой заманының алғашқы кезеңі:«Цианобактериялар заманы»

 

Палеозой

Ежелгі өмір заманы: Палеозой

Палеозой заманының ұзындығы: 340 млн. жыл

Палеозой заманы кезеңдері:Кембрий, ордовик, силур, девон, карбон (таскөмір), пермь

Өсімдіктердің құрлыққа бейімделе бастау дәуірі: Палеозой

Алғашқы қылқанжапырақтылар пайда болды:Палеозойда

Папоротник тәрізділердің жер бетінде кеңінен таралған дәуірі: Палеозой

Алғашқы жалаңаш тұқымдылардың шыққан тегі: Тұқымды папоротниктер

Палеозой заманының ерекшелігі: Балықтар өмір сүрді

Жануарлардың құрлыққа шығу дәуірі: Палеозой


Дата добавления: 2021-06-02; просмотров: 94; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!