КККККККККККККККККККККККККККККК 7 страница



Үстіміздегі салықтық кезеңнің 2, 3, 4-тоқсандарындағы аванстық төлемдер = 3/4*өткен салықтық кезең декларациясындағы КТС.

Мысалы, 2014 ж. 2, 3, 4-тоқсанындарындағы аванстық төлемдер = (¾ *2013ж. декларациясындағы КТС)

Өткен салықтық кезең үшін декларация тапсырылғаннан кейінгі салықтық кезеңде төленуге тиісті аванстық төлемдердің есептелген сомасы үстіміздегі салықтық кезеңдегі 2, 3, 4-тоқсандардың әр айларының 25-іне дейін тең үлесте төленеді

Өткен салықтық кезең қортындысы бойынша шығынға ұшыраған немесе салық салынатын табысы жоқ салық төлеуші өткен салықтық кезең үшін КТС декларациясы тапсырылған күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде үстіміздегі салықтық кезеңдегі корпотативті табыс салығының болжанып отырған сомасын негізге ала отырып

30.Салық кезеңі дегеніміз не?

Салық кезеңі деп салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлеріне қатысты белгіленген уақыт кезеңі түсініледі, ол аяқталған соң салық салу объектісі, салық базасы айқындалады, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептеледі.

Салық кезеңі ретінде: есепті жыл, есепті тоқсан, есепті жарты жылдық, есепті ай қарастырылуы мүмкін. Салықтардың жеке түрлеріне тоқталайын:

Корпоративтік табыс салығы, көлік салығы, мүлік салығы, жер салығы, бірыңғай жер салықтары үшiн 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салық кезеңi болып табылады. Егер заңды тұлға күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған болса, құрылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жылдың соңына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салық кезеңi болып табылады.Бұл ретте заңды тұлғаның әділет органында мемлекеттік тiркелген күнi оның құрылған күнi болып есептеледі.Егер заңды тұлға күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн таратылған, қайта ұйымдастырылған болса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн соңғы салық кезеңi болып табылады. Егер күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған заңды тұлға осы жылдың соңына дейiн таратылған, қайта ұйымдастырылған болса, құрылған күнiнен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн салық кезеңi болып табылады.
Егер заңды тұлға күнтізбелік жыл ішінде қызметін шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінде және жалпы белгіленген тәртіппен жүзеге асырған болса, шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінде қызметін жүзеге асырған уақыт кезеңі салық кезеңіне енгізілмейді.

Ал, салық агенттерінің төлем көзінен салық салынатын табыстардан жеке табыс салығын есептеуі үшін күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады.

Қосылған құн салығы, тіркелген салық және экспортқа рента салығы үшін Күнтізбелік тоқсан салық кезеңі болып табылады.

Акцизге қатысты күнтiзбелiк ай салық кезеңi болып табылады.

Үстеме пайда салығы үшін 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күнтізбелік жыл ішінде жасалса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік жылдың соңына дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшін бірінші салық кезеңі болып табылады. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы күнтізбелік жылдың соңына дейін өткен болса, күнтізбелік жыл басталғаннан жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшін соңғы салық кезеңі болып табылады. Егер күнтізбелік жыл басталғаннан кейін күшіне енген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы осы күнтізбелік жылдың соңына дейін өткен болса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшін салық кезеңі болып табылады.

 

31.Салық ставкасына анықтама беріңіз?

Салық ставкасы – салық салыну бірлігіне келетін салықтың көлемі (табыстардың ақша түріндегі бірлігі, тауардың өлшем бірлігі және т.б.).Оның түрлері:

1. Тұрақты ставка - табыстар көлемінің мөлшеріне байланысыты емес, салым бірлігіне абсалюттік сомада белгіленеді.

2. Пайыздық ставканың үш түрі бар:

· Прогрессивті - салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұдайы үдеп, өсіп отырады.

· Регрессивтік ставкалар, керісінше, салық салынатын табыстың төмендеуіне сәйкес, азайып отырады.

· Пропорционалдық ставкалар салық салу объектісінің мөлшеріне байланыссыз, тұрақты бір процентпен тағайындалады.

ҚР аумағында салық кодексіне сәйкес пайыздық пропорционалды ставка кеңінен қолданылады. Мысалы, ҚҚС, КТС, т.б. есептеуде.

ҚР-да қолданылатын 2014 жыл үшін салық ставкаларынан мысал келтірейік:

Салық түрі

ставкасы

 
 

КТС

   
1

Төлес көзіне байланысты емес КТС

20%
2

Заңды тұлғаларға КТС – яғни ауыл шаруашылығы өнімдерін қолданып өнім өндіретін өндірушілер 

10%
3

резиденттердің төлем көзінен ұсталатын КТС

15%
4

Резидент емес заңды тұлғалардың табысынан ұсталатын КТС, салық кодексінің 192 бабы бойынша анықталады

От 5% до 20%
   

Жеке табыс салығы

1

ЖТС

10%
2

ҚР аумағында дивидент түрінде алынған табыстарға ЖТС

5%
   

Қосылған құн салығы

1

ҚҚС

12%

Әлеуметтік салық

1 Тұрақты мекеме құрып қызмет ететін Резидент және резид емес заңды тұлғалар үшін

11%

2 Жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар

2 МРП - ИП,

1 МРП – әрбір жұмысшы үшін

3 Арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер

20% от

1 МРП*

         

Ауыл шаруашылығы өнімін, орман шаруашылығы өнімін, акваөсіру өнімін өндіруші заңды тұлғалардың салық салынатын табысы, егер мұндай табыс ауыл шаруашылығы өнімін, орман шаруашылығы өнімін, акваөсіру өнімін өндіру, сондай-ақ өзі өндірген аталған өнімді қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алынса, 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынуға жатады.

32.Тіркелген активтерке не жатқызылады?

Тіркелген активтер – салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ҚР-ның бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп туралы заңына және бухгалтерлік есептің стандарттарына сәйкес есептелетін және жиынтық табыстарына сәйкес есептелетін және жиынтық табыс алу үшін пайдаланылатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтер, жылжымайтын мүлікке инвестииялар және биологиялық активтер.

Салық кодексіне сәйкес тіркелген активтерге мыналар жатқызылады:

· Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есепке алуында ескерiлген және табыс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған негiзгi құралдар, жылжымайтын мүлiкке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер;

·  концессия шартының шеңберiнде концедент концессионердің иеленуіне және пайдалануына берген, қызмет мерзiмi бiр жылдан асатын активтер;

·  әлеуметтік сала объектілері болып табылатын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;

·  табыс алуға бағытталған қызметте бір жылдан астам уақыт бойы пайдалануға арналған, сенімгерлікпен басқаруды құру туралы өзге акт бойынша сенімгерлікпен басқаруға алған, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер.

Тіркелеген активтердің құны іс жүзіндегі салық кодексімен белгіленген жағдай мен тәртіпте өтелімді аударуды есептеу арқылы шегерімге жатады. ТА бойынща өтелім аударымын есептеу өтелімдік бөлімшелер мен топтар бойынша жүргізіледі.

ТА бойынша өтелім аударымын анықтау үшін есеп беру кезеңі

салықтық жыл болып табылады.

Мыналар тіркелген активтерге жатпайды:
1) жер қойнауын пайдаланушы өндіру басталған кезге дейін пайдалануға енгізетін негізгі құралдар және материалдық емес активтер;
2)жер;
3) мұражай құндылықтары;
4) сәулет және өнер ескерткіштері;
5) ортақ пайдаланымдағы құрылыстар

6) аяқталмаған күрделі құрылыс;
7) фильмқорына жататын объектілер;
8) Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары;

 9) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес бұрын құны толығымен шегерімдерге жатқызылған негізгі құралдар;
10) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес пайдалы қызмет мерзімі белгісіз деп танылған және салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілетін, пайдалы қызмет мерзімі белгісіз материалдық емес активтер;
11) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес жылдық жиынтық табыстан қосымша шегерімдер құқығы беріле отырып, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген активтер;

33.Тіркелген актив ұғымына анықтама беріңіз?

Тіркелген активтер – салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ҚР-ның бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп туралы заңына және бухгалтерлік есептің стандарттарына сәйкес есептелетін және жиынтық табыстарына сәйкес есептелетін және жиынтық табыс алу үшін пайдаланылатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтер, жылжымайтын мүлікке инвестииялар және биологиялық активтер.

Тіркелген активтер түскен кезде, оның ішінде қаржы лизингі бойынша және ТМҚ құрамынан аудару жолымен түскен кезде топтардың құндық балансын көрсетілген активтердің бастапқы құнына ұлғайтады.

Тіркелген активтерді сатып алуға, өндіруге, салуға монтаждауға және орнатуға арналған шығындар, ХҚЕС және ҚР БЕ пен ҚЕ туралы заңнамасының талаптарына сәйкес оның құнын арттыратын басқа да шығындар бастапқы құнын ұлғайтады.

Толық амортизация және құнсыздану нәтижесін сондай-ақ сатуға арналған активтер құрамына ауыстыру қоспаған жағдайда тіркелген активтердің бухгалтерлік есепте тануын тоқтату, осындай активтердің шығып қалуы болып табылады

Салық кодексіне сәйкес тіркелген активтерге мыналар жатқызылады:

· Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есепке алуында ескерiлген және табыс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған негiзгi құралдар, жылжымайтын мүлiкке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер;

·  концессия шартының шеңберiнде концедент концессионердің иеленуіне және пайдалануына берген, қызмет мерзiмi бiр жылдан асатын активтер;

·  әлеуметтік сала объектілері болып табылатын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;

·  табыс алуға бағытталған қызметте бір жылдан астам уақыт бойы пайдалануға арналған, сенімгерлікпен басқаруды құру туралы өзге акт бойынша сенімгерлікпен басқаруға алған, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер.

Тіркелеген активтердің құны іс жүзіндегі салық кодексімен белгіленген жағдай мен тәртіпте өтелімді аударуды есептеу арқылы шегерімге жатады. ТА бойынща өтелім аударымын есептеу өтелімдік бөлімшелер мен топтар бойынша жүргізіледі.

ТА бойынша өтелім аударымын анықтау үшін есеп беру кезеңі

салықтық жыл болып табылады.

34.Әлеуметтік төлемдербойынша шегерім дегеніміз не?

Әлеуметтік салаға жіберілген шығындар б\ша шегерім/ салық төлеушінің мынадай шығыс түрлері ретінде анықталады:

1. Салық салынатын табыстың 3 %-нан аспайтын жалпы сомасы мөлшерінде: нақты шеккен мынадай қызмет түрлерінің шығыстары:

· Медициналық қызмет

· Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық ж\е кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары ж\е жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы қызметі

· Ғылым, дене тәрбиесі ж\е спорт, мәдениет саласындағы, тарихи-мәдени мұраларды, мұрағат құндылық\ын сақтау жөнінде қызмет көрсету саласындағы қызметі

· Қызметкер\дің олардың отбасы мүшелерінің, өзара байланысты тұлғалар қызметкерлерінің ж\е отбасы мүшелерінің демалысын ұйымдастыру, сондай-ақ тұрғын-үй қорының объетілерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын әлеуметтік сала объекті/ін пайдалану кезінде алынуға жататын табыстардың іс жүзінде келтірілген шығыстардан асып кетуі

· Коммер емес ұйымдарға ж\е қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға өтеусіз негізде берілген мүлік құны

· Өтеусіз орындалған жұмыс\дың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстарды орындаумен, қызметтер көрсетумен б\ты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады

· Көмекті алатын адам тарапынан өтініш жазу негізінде салық төлеушінің шешімі болған кездегі демеушілік ж\е қайырымдылық көмекті

2. Мүгедектердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстардың 2 еселенген мөлшерін ж\е мүгедектердің жалақысының ж\е басқа да төлемдердің есептелген әлеуметтік салық сомасының 50% көлемінде


Дата добавления: 2018-10-26; просмотров: 302; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!