КККККККККККККККККККККККККККККК 4 страница



2.Бағалы қағазды сатудан жабылмаған зиян оларды сату кезінде пайда болады. Сол пайда болған кезде бух.есепте есептеу әдісі бойынша көрініс табады. Ал салық есебінде зиянды құн өсімі есебінен жабады. Егер ол жабылмаса, оның жабу мерзімін 10жылға дейін созады;

3.Салық бойынша шығындар (КТС, Табыс салығын қоспағанда) бух.есепте есептеу тәсілі бойынша көрініс табады, ал салық есебінде тек төленген салық қана алынады;

4.Несие бойынша сыйақы бух.есепте есептеу тәсілі бойынша көрініс табады, шығынға 12 айдың сыйақысы толық кезең шығындарына жатқызылады; ал салық есебінде төленген сома көлемінде ғана шегерімге жатқызылады.

15.Оң бағамдық айырма бойынша табыс қалай танылады?

Ұлттық валютаның шетелдік валютаға шаққандағы бағамының өзгеруі кезіндегі айырмадан пайда болатын coмa бағамдық айырма деп аталады. Валютаны сатқан ж/е сатып алған кезде Ұлттық банк-ң бағамы мен биржалық бағамның арасында айырма пайда болады. Бұл айырма бағамдық қайшылық болып саналып, кезеңнің шығысы немесе кірісі ретінде танылады. Бағамдық айырма бойынша табыс деп тек қана оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуі мойындалады және тиісінше теріс бағамдық айырманың оң бағамдық айырмадан асып кетуі ғана шегерімге жатады.

Бухгалтерлік есепте оң бағамдық айырмадан алынған сома 6250 «Бағам айырмасынан түскен кірістер» шотының кредитінде көрсетіледі. Оң бағамдық айырма көрсетілетін қызметтің импортталуы кезінде осы қызметтің нақты тұтынған кезіндегісімен және соған аударылған ақша қаражатының күні арасында,экспортталған операциялардың кезінде ;экспортталатын тауарды кедендік рәсімдеу күніндегі теңгенің нақты эквиваленттік құны мен және соған аударылған ақша қаражатының күнінде, дебиторлық және кредиторлык қарыздардың пайда болуы мен олардың өтелу күнінің арасында, т.б. пайда болады.

Оң бағамдық айырмаға мысал: Импорттық операцияларда кәсіпорын есеп құжатын(счет-фактура, инвойс) жазған күніндегі доллар бағамы 122,7 болғанда 2000долларға материал сатып алды. Матер.үшін төлем төленгенде шетел валютасы-ң бағамы 121,6-ге түсті. Келесі жазбалар беріледі:

1)Материалдар кіріске алынды:

Дт 1310 Кт 3310      245400 (122,7*2000долл=245400)

2)Жабдықтаушыға төлем төленді:

Дт 3310 Кт1030       243200(121,6*2000долл=243200)

3)Оң бағам айырмасы есептелгенде:

Дт 3310 Кт 6250       2200 (245400-243200=2200)

4)Бағам айырмасынан түскен кіріс ағымдағы банктік шотқа кірістелді

Дт 1030 Кт 6250       2200

Оң бағамдық айырма бухгалтерлік есепте теріс бағамдық айырмамен қоса екінші формада, яғни Жиынтық табыс туралы есептілікте бөлек көрсетіледі және екі шотта жүргізіледі ; ал салық есебінде бірімен-бірі қатар көрсетіледі, яғни теріс және оң бағамдық айырма өзара салыстырылып,  қайсысы көп сол түседі.

16.Мойындалған айыппұл мен өсімпұл бойынша табыс қай кезде пайда болады?

Қарызгердің өткен кезеңдерде еш себепсіз бюджетке төлеп, кейіннен қайтарып алған айыппұлдарын қоспағанда, ол өзінің айыппұлын немесе өсімпұлын , сондай-ақ санкцияның өзге де түрлерін мойындайтын болса немесе өтейтін болса салық төлеушінің Жылдық жиынтық табысына жатқызылады. Сонымен қатар, ол «Мойындалған айыппұл мен өсімпұл бойынша табыс» деп көрсетіледі. Салық төлеушінің мойындаған немесе өтеген айыппұл, өсімпұл, тұрақсыздық айыбы сомасы есепке алынып, «Салық төлеушінің мойындаған немесе өтеген айыппұл, өсімпұл, санкцияның өзге де түрлерінің салықтық есебі ведомосіне» жазылып отыруы керек. Бухгалтерлік есепте айыппұл, өсімпұл , тұрақсыздық айыбының сомалары түрлі синтетикалық шоттарда көрініс табуы мүмкін, ал ол мәліметтерді қалыптастыруда қиындық тудыртады. Сол себепті аталған Ведомостті жүргізіп отыру жазбаларды құжатпен негіздеп отыруға мүмкіндік береді.

Айыппұлды шегерімге жатқызу немесе жатқызбаудың екі түрлі жағдайы бар: біріншісінде, өзге кәсіпорынға төлену туралы шешімді сот таныса, ол сома шегерімге жатады; екіншісінде бюджетке төленген айыппұл сомасы шегерімге жатқызылмайды.

Айыппұл, өсімпұл және тұрақсыздық айыбы 100-Декларацияның 100.00.010 жолында жазылады. Мысалы, 2013жылы сот органдары ЖШС «Достық» ұйымының тауар жеткізу шарты бойынша миндеттемелерін уақытында орындамауына байланысты тұрақсыздық айыбы сомасын төлеу туралы шешім қабылдады-256000тг. Салық Кодексінің 100-бабына сай 100.00.010 жолы арқылы шегерімге жатқызылады. 

Мысалы, 2013жылы мүлік салығы бойынша салық сомасын азайтқаны үшін 30АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл 1731*30=51930тг көлемінде төледі, сондай-ақ осы салық түрінен 155000 көлемінде өсімпұл төледі.Салық Кодексі 115-бабы 5-тармағы бойынша, салық түрлері бойынша төленген айыппұл, өсімпұл сомалары шегерімге жатқызылмайды.

Ұйым құрал-жабдықты жеткізу бойынша жабдықтаушыға уақытылы төлемақы төлемегені үшін 50000тг өсімпұл төледі. Салық Кодексінің 118бабына сай 100.00.010 жолында көрсетіледі.

17.Салықтық есеп бойынша шегерімдер дегеніміз не?

Корпоративтік табыс салығы бойынша салық салынатын табыс= жылдық жиынтық табыс-шегерімдер. Осы жерде «шегерімдер» ұғымына тоқталайық.

Шегерімдер деп салық заңнамасына сәйкес шегерімге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты салық төлеушінің шығыстарын айтады. Шегерімдерді салық төлеуші өзінің табыс алуға бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргізеді. Бұл шығыстар болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар нақты жүргізілген ХҚЕС және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептеме туралы ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес анықталатын болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерілуге жатады.
Болашақтағы кезеңдердің шығыстары олар катысты болатын салық кезеңінде шегерімге жатады.

Табиғи монополия субъектілері шеккен ысыраптар ҚР-ң заңнамасында белгіленген нормалар шегінде шегерімге жатқызылады. Егер шығыстар-ң бір және сол түрі шығ-ң бірнеше баптарында көзделсе, онда көрсетілген шығыстар салық салынатын табыстың есебін жасаған кезде бір ақ рет шегерімге жатқызылады.

Салықтық шегерім түрлері:

· өткізілген тауар;

· көрсетілген қызмет;

· істелінген жұмыстар бойынша шығындар, оның ішінде:

1)ТМҚ бойынша;

2)тіркелген активтер бойынша;

3)еңбекақы төлеу бойынша;

4)төленген күмәнді міндеттемелер бойынша;

5)күмәнді талаптар бойынша;

6)іс-сапар шығындары б/ша;

7)сыйақы б/ша;

8)теріс бағамдық айырма б/ша;

9)әлеуметтік төлемге жұмсалған шығыстар б/ша;

10)сақтандыру сыйақылары б/ша;

11)тіркелген активтерді жөндеуге жұмсалған шығындар б/ша;

12)бюджеттен төленген салық б/ша;

13)өкілдік шығындар б/ша;

14)салық төлемдерінің түрі б/ша;

15)басқа да шығ.бойынша.

Бюджетке төленетін салықтар бойынша шегерімдерге келесі салықтар жатады:

· жер;

· мүлік;

· көлік;басқа да төлемнің барлығы;

· әлеум.салық

Шегерімдерден кейінгі алынған салық салынатын табыс түзетуге - есепті сапық кезеңіндегі табыстың немесе шегерімнің мөлшерін бұрын танылған табыстың немесе шегерімнің сомасы шегінде ұлғайтуға немесе азайтуға жатады.

 

18.Шегерімдер түрлерін атаңыз?

Шегерімдер деп салық заңнамасына сәйкес шегерімге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты салық төлеушінің шығыстарын айтады. Шегерімдерді салық төлеуші өзінің табыс алуға бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргізеді. Бұл шығыстар болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар нақты жүргізілген ХҚЕС және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептеме туралы ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес анықталатын болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерілуге жатады.
Болашақтағы кезеңдердің шығыстары олар катысты болатын салық кезеңінде шегерімге жатады.

Салықтық шегерім түрлері:

· өткізілген тауар;

· көрсетілген қызмет;

· істелінген жұмыстар бойынша шығындар, оның ішінде:

1)ТМҚ бойынша;

2)тіркелген активтер бойынша;

3)еңбекақы төлеу бойынша;

4)төленген күмәнді міндеттемелер бойынша;

5)күмәнді талаптар бойынша;

6)іс-сапар шығындары б/ша;

7)сыйақы б/ша;

8)теріс бағамдық айырма б/ша;

9)әлеуметтік төлемге жұмсалған шығыстар б/ша;

10)сақтандыру сыйақылары б/ша;

11)тіркелген активтерді жөндеуге жұмсалған шығындар б/ша;

12)бюджеттен төленген салық б/ша;

13)өкілдік шығындар б/ша;

14)салық төлемдерінің түрі б/ша;

15)басқа да шығ.бойынша.

Бюджетке төленетін салықтар бойынша шегерімдерге келесі салықтар жатады:

· жер;

· мүлік;

· көлік;басқа да төлемнің барлығы;

· әлеум.салық

Табиғи монополия субъектілері шеккен ысыраптар ҚР-ң заңнамасында белгіленген нормалар шегінде шегерімге жатқызылады. Егер шығыстар-ң бір және сол түрі шығ-ң бірнеше баптарында көзделсе, онда көрсетілген шығыстар салық салынатын табыстың есебін жасаған кезде бір ақ рет шегерімге жатқызылады.

Шегерімдерден кейінгі алынған салық салынатын табыс түзетуге - есепті сапық кезеңіндегі табыстың немесе шегерімнің мөлшерін бұрын танылған табыстың немесе шегерімнің сомасы шегінде ұлғайтуға немесе азайтуға жатады.

 

 

19.Өткізілген тауарлар (істелінген жұмыстар, көрсетілген қызметтер) бойынша шегерімдерге не жатқызылады?

Салық төлеушінің табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары салық салынатын табысты айқындау кезінде шегерімге жатады. Шегерімдерді салық төлеуші өзінің табыс алуға бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргізеді. Бұл шығыстар, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және ҚР-ң бух. есеп және қаржылық есептілік туралы заңнама-ң талаптарына сәйкес айқындалатын болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерімге жатады. Болашақтағы кезеңдердің шығыстары олар қатысты болатын салық кезеңінде шегерімге жатады. Шегерімдерді салық төлеуші өзінің табыс алуға бағытталған қызметіне байл. шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргізеді. Бұл шығыстар болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар нақты жүргізілген халық аралық каржылық есептеменің стандарттарына және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептеме туралы ҚР заңнама-ң талаптарына сәйкес анықталатын болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерілуге жатады. Егер шығыстар бірнеше шығын баптарында көрсетілсе, салық салынатын табысты есептегенде бұл шығындар бір рет қана шегерімге апарылады. Сонымен қатар шегерімге ұйымның айыппұлдары мен өсімпұлдары жатады. Алайда бюджетке төленетін айыппұлдар мен өсімпұлдар шегерімге жатқызылмайды.Оған өткізілген тауар, қызмет, жұмыс бойынша шығындар және басқа да шығындар, оның ішінде:Тауарлы-материалдық қорлар бойынша;Тіркелген активтер;Еңбекке ақы төлеу;Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша; Сыйақы бойынша, т.б. жатады. Соның ішінде өткізілген тауарлар б/ша шегерімдерге келсек. Бұл бөлім шығыстары жалпы шегерім-ң 60-90% құрайды. Шығындарды анықтау үшін Қорлар 1300 бөлімше шот-ы (1310, 1330, 1340), 7000-шоты (7010, 7110, 7210, 7300, 7400) деректері б/ша іріктеу жүргізу арқ. Анық-ды. Тауар-ды өндіруге кеткен шығ-ға төленген уақытына қарамастан, сол уақытқа қатысты, сол есептік кезең-гі шығ-р қосылады. Болашақ кезең шығындары 1620 шотында есептеледі. Салық төлеуші-ң шығыстары Қорлар б/ша 2 ХҚЕС және ҚР-ң бух. Есеп және қаржылық есептілік туралы Заңы арқылы танылады. Өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар б/ша шығыстар 100.08.нысаны салық есептілігін толтыру арқ айқындалады. Онда мыналар көрсетіледі: 1) жолдың реттік номері; 2) салық төлеуші-ң тіркеу номері; 3) ҚҚС төлеуші болып табылмайтын салық төлеуші контрагент-ң бизнес сәйкестендіру номері; 4) резидент емес контрагенттің резиденттік ел-ң коды; 5) резидент емес контрагенттің резиденттік ел—гі салықтық тіркеу номері; 6) шығыс түр-ң коды келесі қызметтер б/ша бөлінеді:

1) Қаржы қызметтері;

2)  Жарнамалық қызметтер;

3)  Консультациялық қызметтер;

4)  Маркетингтік қызметтер;

5) Дизайнерлік қызметтер;

6)  Инжинирингтік қызметтер;

7) Өзгелер.

20.Еңбек ақы шығындары бойынша шегерімге қандай шығындар апарылады?

Салық төлеушінің табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары салық салынатын табысты айқындау кезінде шегерімге жатады. Шегерімдерді салық төлеуші өзінің табыс алуға бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргізеді. Бұл шығыстар, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және ҚР-ң бух. есеп және қаржылық есептілік туралы заңнама-ң талаптарына сәйкес айқындалатын болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерімге жатады. Болашақтағы кезеңдердің шығыстары олар қатысты болатын салық кезеңінде шегерімге жатады. Шегерім-ді салық төлеуші өзінің табыс алуға бағытталған қызметіне байл. шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргізеді. Бұл шығыстар болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар нақты жүргізілген халық аралық каржылық есептеменің стандарттарына және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептеме туралы ҚР заңнама-ң талаптарына сәйкес анықталатын болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерілуге жатады. Егер шығыстар бірнеше шығын баптарында көрсетілсе, салық салынатын табысты есептегенде бұл шығындар бір рет қана шегерімге апарылады. Сонымен қатар шегерімге ұйымның айыппұлдары мен өсімпұлдары жатады. Алайда бюджетке төленетін айыппұлдар мен өсімпұлдар шегерімге жатқызылмайды.Еңбекақы б/ша шегерімдерге келсек.Қызметкер жұмыс берушіден ақшалай немесе заттай нысанда алған кез келген табыстар, оның ішінде материалдық пайда түрінде алынған табыстары қызметкерлердің салық салуға жататын табыстары болып табылады. Қызметкер-ң салық салуға жататын, ол заттай нысанда алған табысына: 1)Жұмыс берушіден өтеусіз негізде алынған мүліктің құны. Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстарды орындаумен, қызметтер көрсетумен байл. шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады; 2) Қызметкер 3-ші тұлғалардан алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын жұмыс берушінің төлеуі кіреді.Қызметкердің салық салуға жататын, материалдық пайда түрінде алған табысына кіреді: 1)Қызметкерге өткізілген тауарлардың, көрсетілген қызметтердің құны мен осы көрсетілген қызметтерді сатып алу бағасы н/е олардың өз. құны арасындағы теріс айырма;2)Жұмыс берушінің шешімі б/ша қызметкердің оның алдындағы қарызының немесе міндеттемесінің сомасын шығару;3)Жұмыс берушінің өз қызметкер-ң сақтандыру шарттары б/ша сақтандыру сыйақыларын төлеуге жұмсаған шығыстары;4)Қызметкердің жұмыс берушінің қызметіне байл. емес шығындарын өтеуге жұмыс берушінің жұмсаған шығыстары.Шегерімге, оның ішінде жұмыс берушінің қызметкерді ҚР-ң заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің өндірістік қызметіне байл. мамандық б/ша оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберілген шығыстары түріндегі қызметкердің табысы жатады.Салық төлеушінің зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт б/ша ерікті кәсіптік зейнетақы жарна-ң есебінен төлеген ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары ҚР-ң зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген шекте шегерімге жатады.Қызметкердің есепке жазылған табыстары және жеке тұлғаларға өзге төлемдер б/ша шығыстарын шегеру декларация-ң 100.00 нысанының 100.00.047 жолында көрсетіліп, Салық кодексінің 110-бабына сәйкес шегерімге жатқызылады.


Дата добавления: 2018-10-26; просмотров: 287; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!