Рецепт на настойку пустырника 22 страница



 

 Симпатолитикалық дәрілер

 Симпатикалық заттардың әсері, олардың симпатикалық жүйке ұштарындағы гранулаларда талдамды жиналуымен және олардан адренергиялық медиаторлардан норадреналинді ығыстырып шығаруымен байланысты. Медиатордың аз бөлігі синапстан кейінгі α1 –адренорецепторға жетеді және қысқа мерзімді прессорлық әсер көрсетеді, ал негізгі бөлігі синапстық саңылауда катехол-О-метилтрансфераза ферментінің әсерінен бұзылыстарға ұшырайды. Симпатолитикалық дәрілерге октадин, резерпин және орнид жатады.

Гуанетидин(Guanethidinum), октадин. Гуанетидин синаптикалық фоликулада медиатор санын азайту арқылы, жүйке ұштарында жиналып, жүйке қозуларының берілуін бұзады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Гипертониялық аурулардың барлық даму сатыларын, сонымен қатар ауыр түрлерін емдеу үшін қолданылады. Ең аз мөлшерден бастап 0,01-0,0125 г күніне 1 реттен, содан соң апта сайын көтеріп отыру керек және 0,05-0,075 г-ға дейін жеткізу қажет. Орта мөлшері 0,025-0,05 г. Емдеу уақыты 2-3 айға созылады.

Кері көрсеткіштері.Айқын атеросклероз, жедел ми қан айналымының бұзылысы, миокард инфарктісі, артериялды гипотензия, айқын бүйрек қызметінің бұзылысы, феохромоцитома.

Жанама әсерлері. Бас айналу, лоқсу, шеткі ісіну, ортостатикалық коллапс, ішек жұмысының бұзылуы, брадикардия жатады.

 Шығарылу түрі.Таблеткада 25 мг.

Рецепт үлгісі.     Rp.: Guanethidini 0,025

 D.t.d. N. 100 in tab.

 S. 1-2 таблеткадан күніне 2-3 реттен.

#

Резерпин (Reserpinum) индол туындысы өсімдіктен алынған. Резерпин негізінен симпатолитикалық әсерге ие, симпатикалық жүйке жүйесінің ұштарынан катехоламиндердің тез бөлінуіне әкеледі, ол тез моноаминоксидазамен баяулатылып, қан тамырларына адренергиялық әсерді әлсіретуге әкеледі. Резерпин сонымен қатар орталық жүйке жүйесіне де әсер етеді, ми тіндерінде нейромедиаторлардың азайтады (норадреналин, дофамин, серотонин) және антипсихотикалық ықпалға әкеледі.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Артериалды гипертензияның алғашқы сатыларын емдеу үшін. Басқа антигипертониялық заттармен бірге, сонымен қатар несеп айдағыштармен қосарлап тағайындайды. Жүктіліктің ең соңғы сатыларындағы жеріктікте ұсыну мүмкін және маскүнемдік психоздарын емдеу үшін тағайындауға болады. Бастапқыда аз мөлшерден бастайды 0,00005-0,0001 (0,05-0,1) тәулігіне 2-3 реттен, мөлшерін 1мг–ға дейін көбейте отырып, 10-12 күн шамасында қолданылады.

Кері көрсеткіштері.Ауыр органикалық декомпенсация көрністері бар жүрек-тамыр аурулары және айқын брадикардия, нефросклероз, церебралды атересклероз, асқазанның және 12 елі ішектің ойық жара аурулары.

Жанама әсерлері.Көп мөлшерде қабылдағанда және жоғары сезімталдықта бастың айналуы, айқын ұйқышылдық, терінің қызаруы, қарашықтың тарылуы, брадикардия, жүрек аритмиясы, тері бөртпесі, асқазан маңының және кеуде тұсының ауырсыну сезімі, іштің өтуі, лоқсу, құсу, ентігу, қорқынышты түс көрумен, жыныстық белсенділігінің төмендеуімен байқалады.

Шығарылу түрі. 0,1 және 0,25 мг таблеткасы N.50; 0,1 және 0,25% ампулада - 1 мл ерітінді. Біріктірілген гипертензияға қарсы препараттардың құрамына (Адельфан, Бринердин, Релсижрекс-Г, Трирезид К ж.т.б.) кіреді.

Рецепт үлгісі.   Rp.: Reserpini 0,0001

 D.t.d. N. 50 in tab.

 S. 1-2 таблеткадан күніне 2 реттен.

#

Адельфан (Adelphanum) – гипертензияға қарсы дәрі (құрамы: резерпин+дигидралазин – шеткі вазодилятатор)

Шығарылу түрі.Таблеткада, 1 – 2 таблеткадан, тәулігіне 2 – 3 рет қабылдаған жөн.

 

Бринердин (Brinerdinum) – гипертензияға қарсы дәрі (құрамы: резерпин+дигидроэргокристин + клопамид).

Шығарылу түрі.Таблеткада, дражеде N.20, 1 дражеден (таблеткадан) тәулігіне 2-3 рет қабылдау.

 

Релсижрекс-Г (Relsidrex-G) – гипертензияға қарсы дәрі (құрамы: резерпин+гидрохлортиазид (гипотиазид) + дигидралазин).

Шығарылу түрі.Таблеткада, 1 – 2 таблеткадан тәулігіне 1-2 реттен қабылдау.

 

Трирезид К (Triresid K) – гипертензияға қарсы дәрі (құрамы: резерпин+гидрохлортиазид + дигидралазин + калия хлорид).

Шығарылу түрі.Таблеткада N.40, 1 – 2 таблеткадан тәулігіне 1-2 реттен қабылдау.

 

Бретилия тонзилат(Bretylini tonsilas), орнид. Препарат айқын аритмияға қарсы және симпатолитикалық белсенділікке ие. Симпатолитикалық әсер ету механизмі пресинаптикалық жүйке ұштарынан норадреналиннің бөлінуін тежейді және нейромедиаторлардың адренорецепторларға әсерінің азаюына байланысты, бірақ адренорецепорларға тікелей әсер ететін қабілеті жоқ.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Қарыншалық тахиаритмия, гипертониялық аурудың жеңіл дәрежесінде. Көк тамырға немесе бұлшықетке дене салмағына есептеумен 5мг/кг 5% ерітіндіні 0,5-1мл тәулігіне 2-3 реттен енгізеді. Алдын алу шаралары үшін 0,5-1 мл 5% ерітіндіні күніне 2-3 реттен енгізеді.

Кері көрсеткіштері.Ми қан айналымының жедел бұзылыстарында, артериалды гипотензияда, айқын бүйрек жетіспеушілігі, феохромоцитома.

Жанама әсерлері.Ортостатикалық гипотензия болуы мүмкін, брадикардия, стенокардия ұстамаларын туғызуы, бас ауыру, жалпы әлсіздік, мұрынның шырышты қабатының ісінуі, лоқсу, құсу, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі.Егуге арналған 5%-1мл ампуладағы ерітінді түрінде.

7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).

- семинар;

- аз топтармен жұмыс;

- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

7.6 Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1. Фармакология с общей рецептурой: учебник.Харкевич Д.А. – М., Гэотар – Медиа, 2010. – 350с.

2. Лекарственные средства.Машковский.-М.,2010.

Қосымша әдебиеттер:

1. Клиническая фармакология:учебник + CD.- 2-е изд., перераб. И доп. – М., 2009.-272с.

2. Фармакология с рецептурой. Гаевый М.Д., Петрова В.И. – Ростов-на-Дону, «Март»,2009.

3. Фармакология: конспект лекций Малевская В.Н. – Ростов-на-Дону, «Феникс», 2008.

4. Фармакология с общей рецептурой.-3-е изд., испр.Майский В.В., Аляутдин Р.Н. – М.,2010.-240с.

5. Практикум по фармакологии: учебное пособие для мед.училищ и колледжей. Созонова И.В.-Ростов-на-Дону,2005.

6. Фармакология:учебное пособие для мед.училищ и колледжей.Федюкевич Н.И.-Ростов на Дону.2004.

7.7 Бақылау (сұрақтар, тестілер. тапсырмалыр, т.б.)

1. Адреноблокаторлык дәрілер (фентоламин, празозин, пропранолол, метопролол)

2. Альфа-адреноблокаторлардың фармакодинамикасы.

3. Селективті жэне селективті емес альфа - адреноблокаторлар. Колданылуы. Туындайтын асқынулар.

4. Бета - адреноблокаторлардың негізгі қасиеттері және қолданылуы.

5. Таңдамалы әсердегі (атенолол) жэне ішкі симпатомиметикалықбелсенділіктегі (окспренолол) бета-адре- ноблокаторлар.

6. Бета - адреноблокаторлардың жағымсыз әсерлері.

7. Симпатомимети- калык дәрілер.

8. Октадин және резерпшшің шектелуі, әсер ету механизмі және негізгі эсерлері, олардың салыстырмалы сипаттамасы. Қолданылуы. Жағымсыз эсері.

 

7.1 Тақырып №12. Дофаминорецепторларга (дофаминергиялык дәрілер) әсер ететін дәрілер. Пуринергиялык синапстардыц козуына әсер ететін дэрілер

7.2 Мақсаты:Дофаминорецепторларға (дофаминергиялык дәрілер) және пуринергиялык синапстардың козуына әсер ететін дэрілер

7.3.Оқытудың міндеті

Дофаминорецепторларға (дофаминергиялык дәрілер) және пуринергиялык синапстардың козуына әсер ететін дэрілер туралы толық мағлұмат беру. Препараттарға рецепт жазуды үйрету.

7.4.Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Дофаминорецепторларга (дофаминергиялык дәрілер) әсер ететін дәрілер (дофамин)

2. Дофаминдік рецепторлар, орналасуы, олардың түрлері.

3. Дофаминдік рецептор- лар қозуының негізгі әсерлері.

4. Дофаминнің әсер ету жэне колдану ерекшеліктері. Жағымсыз эсерлері.

5. Тікелей емес дофаминомиметиктер - мидантан, купренил.

6. Серотониндік рецепторлар, ораласуы, олардың түрлері.

7. Серотониндік рецептор- лар қозуының негізгі әсерлері.

8. Серотониннің эсер ету және колдану ерекшеліктері. Жағымсыз әсерлері.

9. Апоморфин («Құстыратын жэне қүсуға қарсы дэрілер» тақырыпшасына қараңыз), бромокриптин.

10. Дофаминдік рецепторларды тежейтін дэрілер («Психозға карсы қолданылатын дәрілер» тақырыпшасын караңыз).

11. Пуринергиялык синапстардыц козуына әсер ететін дэрілер (фосфоден, рибоксин)

12. Пуриндік рецепторлар, орналасуы, олардың түрлері.

13. Пуриндік рецепторлардың қозуымен байланысты негізгі эсерлер.

14. Аденозиндік рецепторларға әсер ететін дэрілер. Жіктелуі. Негізгі әсерлері. Аденозиномиметиктердің колданылуы.

15. Аденозиндік рецепторлардың блокаторлары - ксантин туындылары («Психостимуляторлык дәрілер» және «Бронхолитикалық дәрілер» тақырыпшасын қараңыз).

7.5 Оқыту мен сабақ беру әдістері (аз топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және басқалар.).

- семинар;

- аз топтармен жұмыс;

- жұмыстың орындалуы;

- анализ нәтижелерінің есептелінулері.

Ақпараттық-дидактикалық блок.

Жалпы медиаторлық әсері дәрілер (дофаминді, серотонинді және пкринергиялық рецепторлар)

Дофаминергиялық дәрілер

ОЖЖ –дегі көптеген үдерістер дофаминергиялық жүйе қызметімен байланысты болады және олардың негізгі медиаторы дофамин болып келеді. Соңғы кездері дофаминдік рецепторлардың түрлі типтері теңдестірілген (D1-, D2-рецепторлары мен т.б.). Оларда дофаминдік рецепторлардың 5 тип түрлері бар: D1 - рецепторлар тобы (D1, D5 топшалары) және D2 –рецепторларының топтары (D2, D3, D4 топшалары). Аденилатциклаза белсенділігі мен циклдік АМФ түзілуі D1- рецепторлары арқылы жанамалы түрде өтеді, оның ынталандырушы әсері, бастаманы жасаушысы дофамин болып саналады. D2-рецепторлары үшін агонист болып дофамин табылады, сондай-ақ бромокриптин де талдамды агонист ретінде пайдаланылады.

Қазіргі уақытта барлық дофаминергиялық заттар агонисттер мен антагонисттерге бөлінеді. Дофаминдік рецепторлардың агонисттерін тура және тура емес деп бөледі.

Тура типтегі агонисттер дофаминдік рецепторлар: аминотетралин мен апоморфинмен бірлесе байланыс жасаумен қатар, α-адренорецепторларын ынталандырады, себебі дофаминнің өзі α – және β-адренорецепторларына қатысты белсенділігімен танылады.

Тура емес типтегі агонисттер гранулярлық және бейгранулярлық пулдардан (амфетамин, эфедрин т.б.) дофамин мен норадреналин босап шығуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар дофаминнің (бензотропин т.б.) кері қармалып ұсталуын тежейді. Дофаминді рецепторлардың антагонисттерінің бірқатар қосылыстары нейролептиктер түрінде берілген, оған антипсихотикалық заттар: хлорпромазин, клозапин, галоперидол, сульпирид т.б. жатқызуға болады. Кейбір антагонисттер α-адренергиялық, холинергиялық, серотонинергиялық және гистаминдік рецепторларды да тежейді.

Орталық жүйке жүйесімен қатар дофамин рецепторлары бүйрек тамырларында, шеткері жүйке ұштарында (норадренергиялық) болатындығы анықталған. Бүйрек тамырларының дофаминдік рецепторлары жанама түрде вазодилятация тудырады.

Мұнымен қатар телімді дофаминергиялық нейрондар анықталған, олардың ынталынуы оң инотроптық әсер туғызады, сондай-ақ, олар бүйрек, тәждік, мидың тағы басқа тамырлардың кеңейуін тудырады.

D1-рецепторлар тобы (аденилатциклазаны белсендіріп, цАМФ мөлшерін жоғарылатады) негізінен постсинаптикалық тежелуді тудырады (басым түрде ОЖЖ).

D2-рецепторлар тобы (аденилатциклазаны күйзелтеді) пре- және постсинаптикалық тежелуді тудырады. Пресинаптикалық дофаминдік D2 – рецепторларының қозуы ОЖЖ мен шеткері жүйке жүйесінде медиаторлар бөлінуін күйзелтеді.

Дофаминергиялық заттар екі топқа бөлінеді:

1) дофаминмиметикалық немесе оларды агонисттер деп те атайды. Оларға жататыны тура дофаминомиметиктер (дофамин, апоморфин, бромокриптин) және тура емес дофаминомиметиктер (амантадин, селегилин). 

2) дофаминді тежегіштер немесе антагонисттер (хлорпромазин, сульприд, метоклопрамид пен домперидон).  

Сурет 6.1.1. Дофаминмиметикалық дәрілердің әсер ету механизм

Допамин(Dopaminum) дофамин мен адренергиялық рецепторларды белсендіретін және едренергиялық заттар үшін тән бір қатар фармакологиялық сипатқа ие (тікелей емес адренергиялық әсері бар) кардиотоникалық зат. Дофаминнің әсерінен шеткері тамырлардың қарсы әрекеті жоғарылайды, систолалық артериалды қысым жоғарылайды; жүрек жиырылулары күшейеді, жүректің лақтырысы артады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Түрлі этиологиядағы шоктар: кардиогенді, жарақатты, септикалық, операциядан кейінгі, гиповолемиялық ж.т.б., сонымен, әртүрлі патологияларда дамитын жедел жүрек-тамыр және бүйрек жеткіліксіздіктерінде гемодинамиканы жақсарту үшін, артериалдық гипотензия, интоксикациялар кезінде. Көк тамыр ішіне тамшылатып 0,5% ерітінді енгізіледі (араластыру үшін 5% глюкоза ерітіндісінің 125 мл немесе натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін пайдаланады) енгізу жылдамдығы минутына 2-10 тамшыдан, енгізуді гемодинамика мен ЭКГ бақылауында өткізеді.

Кері көрсеткіштері. Тахиаритмия мен феохромоцитомада, тиреотоксикоздарда, шеткері тамырлардың бітелу ауруларында, аталық безінің гипертрофиясы, бронх демікпесі мен жүктілік.

Жанама әсерлері.Лоқсу, құсу, шеткері тамырға тән вазоконструкция, артериалдық қысым төмендеуі немесе жоғарылауы, тахикардия, бас ауыруы, кеуде маңының ауырсынулары т.б. 

Шығарылу түрі. 0,5 және 1% концентратты инфузиондық ерітіндідегі 5 мл ампулада; 2% ерітіндіні 10 мл мөлшерінде және 4% ерітіндіні 5 мл егуге арналған ампулаларда.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Dopamini 0,5% -2 ml

                    D.t.d. N. 10 in amp.

                   S. Араластыру үшін. Тамшылап енгізу үшін (минутына 2-10 тамшыдан).

                                                                #

Апоморфин (Apomorphinum) морфиннен алынған жартылай жасанды алкалоид, әлсіз ауыруды басатын белсенділікке ие, әрі тыныс алу орталығын күйзеліске ұшыратады, алайда оның сопақша мидың хеморецепторлық босату аймағына айқын ынталандырғыш әсері бар, осыған орай күшті құстыру әсерін білдіреді. Қазіргі уақытта апоморфин дофаминдік рецепторлардың телімді агонисті екені анықталды. Апоморфиннің дофаминдік рецепторларға әсері оның құстыру әсеріне де байланысты.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Асқазанда улы заттар мен сапасыз тағам өнімдерінің болуы кезде құстыратын зат ретінде, маскүнемдікте – кешенді терапия ретінде алкоголге деген құстыру шартты-рефлекторлық реакциясын тудыру үшін қолданады. Ересектерге тері астына 2-5 мг, балаларға 1-3 мг, маскүнемдік кезінде алкоголь қабылдаудан 3-4 минут бұрын 2-3 мг мөлшерінде күніне 1-2 рет береді.


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 681; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!