Б) менингококкты назофарингит  9 страница



453.Науқас Н., 29 жаста, зоотехник, өзінен әлсіздікті, қалтырауды, тершеңдікті, кешке дене температурасының жоғарлауын байқағаннан кейін өзін 3 апта бойы аурумын деп есептейді. 2 апта өткеннен кейін буындары мен белінде ауырсыну сезімі пайда болады.

    Жағдайы қанағаттанарлық. t˚-38,5˚. Терісі бозғылт, лимфа түйіндері көптеген, ұсақ. Буындары сырттай өзгермеген, бірақ қозғалыс кезінде ауырсынулы. Пульсі 80 рет мин, АҚ 120/80 мм сын.бағ., бауыры мен көкбауыры аздап үлкейген.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зертханалық зерттеулер керек?

a) Бауыр мен көкбауыр УДЗ

b) Нәжісті бактериологиялық себу

c) Жалпы зәр талдауы

d) Қанның биохимиялық талдауы

e) Райт реакциясы

454. науқас әйел В., 50 жаста, ветеринар. Аяқ˗қолдарының ірі буындарындағы ауырсынуларға, әлсіздікке, тершендікке, тітіркенушілікке шағымданып келді. Өз өзін екі жылдын ішінде аурумын деп санайды.

Жағдайы қанағаттанарлықтай. Буындардың сырты өзгермеген, бірақ тізе, тобык, шынтақ, білек буындарында ауырсынуға байланысты қозғалыс шектелген. Науқас эмоциональды тұрақсыз, жылағыш. Мойынның алдынғы және артқы, жұтқыншақ асты, қолтық асты, шап лимфа түйіндері пальцияланады. 

Эпиданемнездің қандай мәліметтері дұрыс диагнозды қоюға көмектеседі?

a) Тұқы тұқымынан балықты жеу;

b) Жеке бас гигиенасын сақтамау;

c) Сиырлардың түсігі кезінде шуды бөлу

d) Жиі салқын тиюлер

e) Созылмалы тонзиллиттің болуы

 

455.Н.Д.Беклемишевтіңжіктелуі бойыншасарыптың кайтүрінежатады: дені сау адамда сарыпқа қойылған реакциялары оң, анамнезінде бұл ауру болмаған?

a) Жедел сарып;

b) Жеделше сарып;

c) Біріншілікті-созылмалы сарып;

d) Біріншілікті-латентті сарып;

e) Резидуальды сарып.

 

456. Н.Д.Беклемишевтің жіктелуі бойынша сарыптің кай түріне жатады: дені сау адамда сарыпқа қойылған реакциялары оң, анамнезінде бұл ауру болған?

 

a) екіншілікті-латентті сарып

b) жедел сарып

c) жеделше сарып

d) біріншілікті-созылмалы сарып

e) біріншілікті-латентті сарып

 

457. Сарып ауруының нәтижесінде пайда болған қозғалыс мүшелердің, жүйке жүйесінің, ішкі мүшелердің тұрақты өзгерістер, бірақ жұқпаны ағзадағы бар екенін дәлелдейтің мәліметтердің жоқтылығы, Н.Д.Беклемишевтің жіктелуі бойынша нені түсінеміз:

a) Жедел сарып;

b) Жеделше сарып;

c) Біріншілікті-созылмалы сарып;

d) Біріншілікті-латентті сарып;

e) Резидуальды сарып.

 

458.Сарыпың созылмалы түрінде аурудың азғана субъективті және объективтікөріністердің болуы және жұмысқа қабілеттілігі сақталуыН.Д.Беклемишев бойынша:

a) Компенсация

b) Субкомпенсация

c) Декомпенсация

d) Жеңіл дәрежелі ауырлықта

e) Орташа дәрежелі ауырлықта

 

459. Науқас, 30 жаста, уйде отыратын әйел, 7 күн бұрын ауырған, Өзбекстаннан келген соң 2-ші күні ауырған.Олжақта піспеген сүт қолданған.Бұлшықеттерінің, тізе және иық буындарының ауыруына шағымданады, дене қызуы көтеріліп, қалтырап терлейді. Температура 39,2С. Жалпы жағдайы қанағаттанарлықтай. Бауыр және көкбауыры ұлғайған. Мүмкін болатын диагнозды атаңыз:

a) иерсиниоз

b) сарып

c) лептоспироз

d) висцеральді лейшманиоз

e) туляремия

 

460.Науқас 32 жаста, еткомбинатындағы жұмыскер, белінің ұзақ уақыт ауыруына және температурасының көтерілуіне шағымданды. Өзін бір жылдан бері аурумын деп санайды. Бірінші рет дәрігерге қаралғанда тұмау диагнозы қойылған. Объективті қарағанда – құйымшақ жүйкесі бойынша айқын ауру сезімі байқалады. Бел-құйымшақ тері асты клетчаткасында пальпациялағанда ауыратын шығыңқы келген тығыз түйін байқалады. Лассега симптомы оң. Бауыр және көк бауыр ұлғайған. Мүмкін болатын диагнозды атаңыз:

a) Созылмалы сарып

b) Бел-құйымшақ омыртқасының остеохондрозы

c) Лайм ауруының созылмалы түрі

d) Лептоспироз

e) Склеродермия

 

461.Науқаста соңғы бір жарым жыл бойы дене температурасының жоғарылауы, гепатоспленомегалия, лимфа түйіндерінің ұлғайюы, лейкопения, анемия бейімділік, тірек-қимыл аппаратының, урогенитальды жүйесініңөзгеруімен, жүйке-жүйесінің жұқарғанымен үйлесіп келеді. 

Мумкін болатын диагнозды атаңыз:

a) ревматизм

b) созылмалы сапып

c) иерсиниоз

d) ревматоидты артрит

e) созылмалы сепсис

 

462. Науқас А., 24 жаста, әлсіздікке, жоғары температураға, жұтынғанда тамағының ауыруына, жақасты және мойын лимфатүйіндерінің ұлғаюына шағымданып келді.

Қарағанда: температура 38,5ºС. Араны айқын қызарған, бадамша бездері 2-дәрежеге дейін гипертрофияланған, лакуналарында шпателмен оңай алынатын ақ жабынды бар. Жақасты және мойын лимфатүйіндері 2,0см дейін ұлғайған, пальпациялағанда ауру сезімі бар. Іші жұмсақ, бауыры және көк бауыры қабырға доғасынан 2,0см ұлғайған, ауру сезімсіз.

Диагнозды анықтау үшін қандай зертханалық әдіс тағайындау қажет?

a) Жалпы қан талдауы

b) Жалпы зәр талдауы

c) Нәжіс микроскопиясы.

d) Қанның биохимиялық талдауы

e) Бауырды УДЗ.

 

463. Науқас К., 30 жаста, және температурасының 38,7Сº көтерілуіне әлсіздікке, тершеңдікке, денесінің ауырсынуына, көкірегінде, ішінде, арқасында, қолдарында бөртпелерге шағымданып жұқпалы аурулар бөлімшесіне шағымданып келді. Қарағанда: тері жабындысында аз мөлшерде ақ-қызыл түсті, қышымайтын папулезді бөртпелер, склералары сарғайған, алдыңғы және артқы мойын лимфатүйіндері 1,5-2,0 см. ұлғайған, пальпациялағанда ауру сезімі бар. Бауыр және көкбауыр ұлғаймаған. Кан анализінде – билирубин 26,5 ммоль/л, тура билирубин есебінен; лейкоцитоз 10х109/л, 16% атипті мононуклеарлар, Пауль-Буннель реакциясы 1:80.

Мүмкін болатын диагнозды анықтаңыз.

a) Жәншау;

b) Аллергиялық бөртпелер;

c) Вирусты гепатит;

d) Жұқпалы  мононуклеоз;

e) Иерсиниоз.

 

464.Науқас 19 жаста аурудың 4-күні жұтынған кезде күшейетін тамағының ауырғанына шағымданып түсті. Температурасы 39ºС. Лакунарлы тонзиллит, фарингит, гепатоспленомегалия, шырыш қабаты және склералары сарғайған. Лейкоциттер саны – 12.300 қанның 1 мкл.

 Мүмкін болатын диагнозды анықтаңыз:

a) Жедел вирусты гепатит;

b) иерсиниоз, жайылған түрі;

c) лакунарлы баспа;

d) созылмалы тонзиллит, декомпенсация;

e) жұқпалы мононуклеоз.

 

465. НауқасН,дене температурасының, денесіне бөртпелердің шығуына және тамағының ауыруынашағымданып келді. 5 күн бұрын ауырған. Объективті: жағдайы ауыр. Денесінде көп мөлшерде розеолезді бөртпе, араны қызарған және ақ жабынмен жабылған. Алдыңғы, артқы мойын және шап лимфатүйіндері пальпацияланады, ауру сезіммен. Бауыр қабырға доғасынан 1 см шығыңқы, көкбауырдың төменгі бөлімі пальпацияланады. Мүмкін болатын диагнозды анықтаңыз?

a) Жедел вирусты гепатит;

b) иерсиниоз, жайылған түрі;

c) лакунарлы баспа;

d) созылмалы тонзиллит, декомпенсация;

e) жұқпалы мононуклеоз.

 

466. Науқас ауруының 7-күні жұтынғанда күшейетін тамағының ауыруына, басының ауыруына, айқын әлсіздікке, жүрек айнуға, буындарының ауыруына, зәрінің түсінің қоюлануына шағымданып түсті. Қарағанда: тері жабындысы, склералары сарғайған, мойын және жақасты лимфа түйіндері пальпацияланады, аранында – некротикалық баспаның белгілері байқалады, гепатоспленомегалия, температура 38,5° С.

Мүмкін болатын диагноз?

a) жұқпалымононуклеоз;

b) лептоспироз;

c) вирусты гепатит;

d) гепатодуоденальді аймақтың ісігі;

e) жедел холецистит.

 

467.Науқас С., дене температурасының жоғарылауымен, жұтынғанда тамағының және басы бұрылғандаауыруына шағымданып, жағдайы ауыр болып түсті. Екі апта бойы ауырады. Терапевт баспа деп диагноз қойған. Ауруының 11-күні денесінде қышийтын бөртпе пайда болды. Объективті: температурасы 39,5° С, денесінде папулезді бөртпе. Араны айқын қызарған. Бадамша бездері ұлғайған, сұр түстес жабындымен. Айқын алдыңғы-артқы мойын лимфадениті. Гепатоспленомегалия.

Қандай ауру туралы ойлауға болады?

a) баспа;

b) жұқпалы мононуклеоз;

c) қызылша;

d) иерсиниоз;

e) лептоспироз.

 

468 26 жасар науқастаемханада қарау кезінде анықталғаны: көрінетін шырышты қабатының әлсіз сарғайған, температурасы көтерілген, барлық лимфа түйіндері ұлғайған, әсіресе артқы мойын, гепатоспленомегалия, лакунарлы баспа.

Диагнозын анықтау үшін қандай талдау тағайындау қажет:

a) қанды ГГТП, сілтілі фосфатаза;

b) қанды Пауль-Буннель реакциясына ;

c) қанды вирусты гепатит маркерларына;

d) қанды, нәжісті, зәрді, иерсинияларға тағайындау;

e) қандыПГАР.

 

469. Науқас З., дене температурасының 39 ºС, жалпы әлсіздікке, тамағының ауыруына, тәбетінің төмендеуіне, жүрек айнуына шағымданып келді. Қызуы 1 апта бойы көтерілген. Пальпациялағанда бауыры ұлғайған. Жалпы қан талдаунда: лейкоцитоз, нейтропения, лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. Мүмкін болатын диагноз?

a) Орама ұшық

b) Желшешек

c) Жай ұшық

d) Цитомегаловирусты жұқпа

e) Жұқпалы  мононуклеоз

 

470. 21 жастағы науқас жедел ауырған: температурасы 38,8 ºС; тамағы ауырады. Қарағанда араны қызарған, бадамша бездері ұлғайған,шпательмен алынатын сұр түстес жабындымен жабылған.Барлық лимфатүйіндері ұлғайған, әсіресе мойын 3-4 см дейін. Бауыр, көкбауыр ұлғайған. Денесінде майда бөртпелер бар. Қан талдаунда: лейкоцитоз, лимфомоноцитоз, ЭТЖ 38 мм/ч, тромбоциттер 220х109/л. Диагнозы қандай болуы мүмкін:

a) Жалғантуберкулез

b) Жұқпалы мононуклеоз

c) Аденовирусты жұқпа

d) Жедел лимфоцитоз

e) Жедел лимфолейкоз

 

471. Науқас М., 18 жаста, ауруының 9-күні қалтырау, температурасының жоғарылауына, әлсіздікке, жұтынғанда тамағының ауыруына, мұрнымен тыныс алуының қиындауына шағымданып келді. Жедел ауырған: температурасы 38 ºС көтерілген, мойыны ауырған, буындары ауырған. Өзі антибиотик қабылдаған. Ауруының 9-күні жағдайы нашарлаған, дәрігер шақырған. Дәрігер «күл ауруы» диагнозымен жұқпалы аурулар ауруханасына жіберген. Бөлімшеде қарағанда: ауыз арқылы дем алады, терісі бозғылт. Артқы және алдыңғы мойын (2,5 см) лимфа түйіндері ұлғайған, әсіресе оң жақтағы. Мойын ісігі жоқ. Ауыз˗жұтқыншақ шырышты қабаты айқын қызарған. Лакуналарда іріңді жабынды бар. Пульс – 110 мин, АҚ – 120/80 мм сын.бағ. Бауыр және көкбауыр ұлғайған.

Мүмкін болатын диагноз?

a) Орама ұшық

b) Желшешек

c) Жай ұшық

d) Цитомегаловирты жұқпа

e) жұқпалы мононуклеоз

 

472.Науқас Л., 20 жаста, емхана дәрігеріне ауруының 9-күні қалтырау, температурасының жоғарылауына, әлсіздікке, жұтынғанда тамағының ауыруына, мұрнымен тыныс алуының қиындауына шағымданып келді. Жедел ауырған температурасының жоғарылауымен басталған 38 ºС, кейін басын қозғалтқанда мойны ауырған. 2 күннен соң мойын лимфа түйіндерінің ұлғайып, ауырғанын байқаған. Қарағанда: терісі бозғылт. Тыныс алуы 20 мин. Мойын конфигурациясы артқы алдыңғы мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюына (2,5 см) байланысты өзгерген. Мойын ісігі жоқ. Лимфа түйіндер ауру сезіммен, эластикалық, жылжымалы. Ауыз˗жұтқыншақ шырышты қабаты айқын қызарған. Бадамша без 2-дәрежелі ұлғайған. Шырышты қабат ісігі жоқ. Лакуналарда іріңді жабынды бар. Таңдай пердесі жылжымалы. Пульс – 110 мин, АҚ – 120/80 мм сын.бағ. Іші жұмсақ, аздап ауру сезімі бар. Бауыр және көкбауыр ұлғайған.

Мүмкін болатын диагноз?

a) Орама ұшық

b) Желшешек

c) Жай ұшық

d) Цитомегаловирусты жұқпа

e) Жұқпалы мононуклеоз

 

473.Қандай ауруға келесі клиника тән: жедел басталған, бас ауыру, жұтынғанда тамағының ауыруы, қызба 38-40˚С, полилимфаденопатия, ауыз˗жұтқыншақ шырышты қабаты айқын қызарған, бадамша бездері ˗ шпательмен алынатын  сұр түстес жабындымен жабылған, спленомегалия:

a) Аранның күл ауруы

b) Жұқпалы  мононуклеоз

c) Коккты этиологиялы лакунарлы баспа

d) Симановский баспасы

e) Туляремияның баспалы-бубонды түрі

 

474.Науқас Н., 17 жаста, жедел ауырған, басы ауырған, әлсіздік, t – 38°С, тамағы ауырған. Ауруының 3-күні дәрігерге қаралған. «ЖРА» диагнозы қойылған, тағайындалған емнен жағдайы жақсармаған. Жоғарыда айтылған симптомдар сақталған. Жақасты лимфа түйіндер аймағында ісіну пайда болды. Аурудың 6-күні жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды. Объективті тексергенде: t – 38,5°С. Терісінің аздап бозаруы, жақасты және артқы мойын лимфа түйіндері ұлғайған, пальпацияланады, тығыз консистенциялы, бір бірімен жабыспаған. Тері түсі өзгермеген. Араны қызарған. Бадамша бездері ұлғайған, оң жағында жабындымен жабылған.Іші жұмсақ ауру сезімсіз. Бауыры +1,5 см., көк бауыры қабырға доғасынан +2,0см шығыңқы.

    Эпиданамнез: жұқпалы аурулармен контактта болмаған. Кейінгі жарты жылда инъекция қабылдамаған. Оқитын тобында  2 апта бұрын осындай жағдай байқалған.  Зертханалық зерттегенде: L – 12·109/л, э – 0%, т/ө– 3%, с – 37%, м – 40%, атипті мононуклеарлар – 20%, ЭТЖ – 5 м/ч.

Мүмкін болатын диагноз?

a) Аранның күл ауруы

b) Жұқпалы мононуклеоз

c) Коккты этиологиялы лакунарлы баспа

d) Симановский баспасы

e) Туляремияның баспалы-бубонды түрі

 

475. Айқын анемиясы және аллергиялық көріністері бар науқастың нәжісінде кішкентай 1см дейін жылжымалы қызыл түстес құрт анықталды.

Сіздің диагнозыңыз қандай?

a) Аскаридоз

b) Анкилостомоз

c) Дракункулез

d) Лоаоз

e) Трихинеллез

 

476. Дәрігерге кейде ішінің өтуіне, арықтауға, ішінің ауыруына шағымданып науқас келді. Өткенде аяғының қышынуы мазалаған. Кейін жөтел мен қызу пайда болған. 1 ай бұрын жұмыстарымен Қытайда болған.

Мүмкін болатын диагноз?

a) Стронгилоидоз

b) Трихоцефалез

c) Анкилостомоз

d) Аскаридоз

e) Дифиллоботриоз

 

477. Көміршілер арасында гельминтозды ауру жайылды. Қандай алдын алу шараларды қолдану керек?

a) Арнайы киім және аяқ киім кию.

b) Балықты термиялық өңдеуден өткізу

c) Көміршілерді вакцинациялау


Дата добавления: 2018-05-13; просмотров: 739; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!