Сот сараптамасы объектілерін пайдалану ережелері.



Заң мазмұнынан шықсақ, сараптаманың объектілері қылмыстық іс жүргізу заңымен белгіленген ақпараттың заттандырылған көздері – қылмыстық іс материалдары болып табылады. Әдебиеттеде сот сараптамасының объектілері, көбінде, сарапшылық зерттеуді қажет ететін іс мін-жайының материалдық жеткізгіштері ретінде, я болмаса, арнаулы білімдерді пайдалану арқылы алынатын фактілер мен уақиғалар, фактілік деректердің көздері туралы ақпараттың жеткізгіштері ретінде белгіленеді.

Сарапшылық зерттеуге тек нақты заттар ғана емес, егер олар жөнінде ақпараи заттандырылған көрініс тапса, онда, сонымен бірге әр түрлі процестер (оқиғалар, құбылыстар, әрекеттер) жатқызылуы мүмкін.

Сараптама объектісінің жалпы ұғымымен бірге заттық, нақты және тікелей объектілер ұғымы деп ажыратылады.

Заттық объект – сараптаманың белгілі бір класы, тегі, түр аясында зерттелетін қасиетерінің ортақтылығымен бірлескен ақпараттың материалдық жеткізгіштерінің жиынтығы. Заттық объекті ұғымы сараптамалардың жеке кластарын, тектерін, түрлерін ажыратқан кезде елеулі рөл атқарады.

Сарапшылық объектілерін басқаша пайдалану ҚІЖК-де және ҚР Әділет министрлігінің 1998 жылы 12қаңтардағы №121, ҚР Бас прокуратурасының 1998 жылғы 1жедтоқсандағы №1043, ҚР ҰҚК-нің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы №598, ҚР ІІМ-нің 1998 жылғы 2желтоқсандағы №429, ҚР Мемлекеттік табыс министрлігінің 1998 жылғы 28 желтоқсандағы №111 бекітілген бұйрығымен бекітілген «Соттардың, прокуратура, алды ала тергеу, анықтау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заттай дәлелдемелерді, құжаттарды алудың, есепке алудың, сақтаудың, жіберу мен жоюдың тәртібі туралы» Нұсқаулықта көзделген өаттай дәлелдемелерді алудың, іске қоса тіркеудің, сақтау ме жоюдың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Кешендi сараптама.

29-бап. Кешендi сараптама

1. Кешендi сараптама іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін әртүрлі білім саласының негізінде зерттеулер қажет болғанда тағайындалады және оны әртүрлі мамандықтағы сот сарапшылары өз құзыреті шегінде жүргізеді.
2. Сот сараптамасы органына тапсырылған кешендi сараптама жүргізуді ұйымдастыру оның басшысына жүктеледі. Сот сараптамасы органының басшысы сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыға, ұйғарымға сәйкес ұсынылған материалдар бойынша кешендi сараптама жүргізу туралы да дербес шешім қабылдауға және оны жүргізуді ұйымдастыруға құқылы.
3. Кешендi сот сараптамасын жүргізу осы Заңның 28-бабы 4-тармағының талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Кешендi сот сараптамасын жүргізу кезінде сот сарапшыларының әрқайсысы өздерінің арнаулы ғылыми білімі шегінде зерттеу жүргізеді.
Кешендi сот сараптамасының қорытындысында әрбір сот сарапшысының қандай зерттеулерді, қандай көлемде жүргізгені және оның қандай қорытындыға келгені көрсетілуге тиіс. Әрбір сот сарапшысы қорытындының өзі жүргізген зерттеу көрсетілген бөлігіне қол қояды.
4. Әрбір сот сарапшысы жүргізген зерттеулер нәтижелерінің негізінде олар анықталуы үшін сот сараптамасы тағайындалған мән-жайлар туралы жалпы қорытындыны (қорытындыларды) тұжырымдайды. Жалпы қорытындыны (қорытындыларды) алынған нәтижелерді бағалауға құзыретті сот сарапшылары ғана тұжырымдайды және оларға қол қояды. Егер сот сарапшыларының бірі (жекелеген сот сарапшылары) анықтаған фактілер комиссияның немесе оның бір бөлігінің түпкілікті қорытындысына негіз болса, онда бұл туралы қорытындыда көрсетілуге тиіс.
5. Сот сарапшыларының арасында келіспеушіліктер болған жағдайда зерттеулердің нәтижелері осы Заңның 28-бабының 6-тармағына сәйкес ресімделеді.
6. Сот сараптамасының әртүрлі органдарына тапсырылған кешенді сот сараптамаларын жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.

Билет№10

1.Сот сарапшысының түсінігі. Қазақстан Республикасында сот сараптамасын жүргізу тапсырылуы мүмкін адамдар.

3-бап. Сот-сараптама қызметiнiң мазмұны

Сот-сараптама қызметiнiң мазмұны:
1) қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот сараптамасын жүргізуді;
2) сот сараптамасы саласындағы ғылыми зерттеулерді;
3) сот сараптамасын ғылыми-әдiстемелiк және ақпараттық қамтамасыз етудi;
4) сот сарапшыларын iрiктеуді, кәсiптік даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды қамтиды.

273-бап. Сот сараптамасын жүргiзу тапсырылуы мүмкiн
адамдар

1. Сот сараптамасын жүргізу:
1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне;
2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарға;
3) заңда көзделген тәртіппен және шарттарда біржолғы тәртіппен өзге адамдарға тапсырылуы мүмкін.
2. Сараптама жүргiзу процеске қатысушылар ұсынған адамдардың бiреуiне тапсырылуы мүмкiн.
3. Қылмыстық процесті жүргізетін органның, тергеу судьясының сараптама жүргiзу тапсырылған адамды шақыру туралы талабы көрсетілген адам жұмыс iстейтiн ұйымның басшысы үшiн мiндеттi.

2.Сот-баллистикалық сараптамасын тағайындау тәртібі.

Жауабы: 8-3

3.Сот сараптамасын жүргізу кезінде процеске қатысушылардың қатысуы.

278-бап. Процеске қатысушылардың сот сараптамасын жүргізу кезінде қатысуы

1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган сараптама жүргізу кезінде қатысуға, сарапшының жүргізіп жатқан әрекеттеріне қатысты түсіндірмесін алуға құқылы. Сараптама жүргізу кезінде қылмыстық процесті жүргізетін органның қатысу фактісі сарапшының қорытындысында көрсетіледі.
2. Өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері өкілдік ететін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын процеске қатысушылар сараптама жүргізу кезінде қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатымен қатыса алады. Бұл жағдайда қылмыстық процесті жүргізетін органның қатысуы міндетті.
3. Қылмыстық сот ісін жүргізетін орган тиісті өтінішхатты қанағаттандырған кезде оны мәлімдеген адамға сараптаманың жүргізілетін орны мен уақыты хабарланады. Хабарланған адамның келмеуі сараптаманы жүргізуге кедергі келтірмейді.
4. Сот сараптамасын жүргізу кезінде қатысып отырған процеске қатысушылар зерттеулер барысына араласуға құқылы емес, бірақ олар сот сараптамасының нысанасына қатысты түсініктемелер бере алады.
5. Егер сот сараптамасын жүргізу кезінде қатысып отырған процеске қатысушы сот сарапшысының қызметіне кедергі келтірсе, соңғысы зерттеуді тоқтата тұруға және қылмыстық процесті жүргізетін органның не сараптама тағайындаған адамның алдында көрсетілген процеске қатысушыға сот сараптамасын жүргізу кезінде қатысуға берілген рұқсаттың күшін жою туралы өтінішхат беруге құқылы.
6. Сот сарапшысы қорытынды жасаған кезде, сондай-ақ, егер сот сараптамасын сот сарапшылары комиссиясы жүргізсе, сот сарапшыларының кеңесу және түйіндерді тұжырымдау сатысында процеске қатысушылардың қатысуына жол берілмейді.
7. Сот психиатриялық және сот психологиялық-психиатриялық сараптаманың жүргізілуі құпиялық жағдайында жүзеге асырылады.
8. Адамға қатысты оны жалаңаштаумен ұштасатын сот-сараптамалық зерттеулер жүргізу кезінде тек сол жыныстағы адамдар ғана қатыса алады. Осы шектеу көрсетілген зерттеулерді жүргізуге қатысатын дәрігерлерге және басқа да медицина қызметкерлеріне қолданылмайды.

Билет№11


Дата добавления: 2018-05-12; просмотров: 513; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!