Тасушы заттардан иіс іздерін алу



Билет№1

1.Сот сараптамасының түсінігі және негізгі сипаттамасы.

Сараптама» деген сөз латынның «expertus» сөзімен байланысты, бұл «тәжірибелі», «хабардар» дегенді білдіреді. Сараптама жөнінде жалпы айтсақ, қандай да бір арнаулы саладағы білімідітартуды қажет ететін сұрақтарды шешу үшін хабардар адамның (сарапшының) жүгізетін зерттеуін айтамыз.

Сот сараптамасы – жеке іс жүргізу әрекеті, оның мәні мән-жайларды шешу үшін маңызы бар жағдаяттарды белгілеу мақсатында арнаулы ғылыми білім-білік негзінде жүргізілетін іс материалдарын зерттеу болып табылады. Дәл осылайша «сот сараптамасы» ұғымы ҚР «Сот сараптамасы туралы» Заңының 1- бабында белгіленген.

Сот сараптамасы қылмыстық сот ісін жүргізудегі арнаулы білімдерді пайдаланудың ең білікті нысаны болып табылады. Ол іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында және оның сот қарауында барлық ғылыми танымның құралдарының арсеналын пайдалануға мүмкіндік бере отырып, сот пен алдын ала тергеу органдарының танымдық мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді.

Сараптаманың негізгі сипаттарын анықтай отырып, сараптама арнаулы ғылыми білімдерді тартуды қажет ететін қылмыстық істі тергеу немесе сот қаулысы барысында туындайтын проблемалық танымдық ситуациясын жеңу нысаны болып табылатындығын білу керек.

Мұндай шешім кезінде сараптаманың сипаттамасы ретінде оны тағайындау мен жүргізудің мақсаты мен шарттарын бөліп алуға болады.

Мақсаты сарапшы қорытындысының жаңа дәлелдерін алу, қылмыстық істің жаңа мән-жайларын анықтау болып табылады.

Шарттарына мыналар жатады:

1) Арнаулы ғылыми білім негізінде зерттеу жүргізу. Сараптамаға қатысты «арнаулы ғылыми білім» терминін пайдалануға баса назар аудару керек;

2) Сараптаманы арнайы іс жүргізудің тұлғасы, қылмыстық процеске қатысушы өзге адамдардан оны айрықшалайтын құқықтары мен міндеттерінің жеке жиынтықтары бар сарапшының жүргізуі;

3) Заңмен реттелген сот сараптамасының іс жүргізу нысаны, оған оны тағайындау, жүргізу, зерттеу нәтижелерін ресімдеу және оларды бағалау, сондай-ақ сараптамаға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері жатады. Сарапшылық зерттеу нәтижелерін белгілеудің іс жүргізу нысаны іс бойынша дәлелдеме болып табылатын сарапшының қорытындысы болады;

4) Зерттеудің белгілі бір теориялық принциптері мен тәжірибесіне сүйенетін бағалау мен фактілерді түсіндіру негізінде тұжырымды зерттеу нітижесіндегі қалыптастыру. Сарапшылық зерттеудің нәтижесі фактілерді анықтау, табу емес, ол оның өмір сүруі туралы тұжырым, ой қорытындысы. Соңғысы сарапшының өзінің арнаулы ғылыми білімдері негізінде жүргізген объектілерде анықталған белгілер мен байланысты жиынтықты бағалау жолымен белгіленеді. Сарапшының тұжырымы фактілерді өзгеше түсіндірудің, дауласудың принципті мүмкіндіктеріне жол бере отырып, сол арқылы пікір ретінде қалыптасады.

Аталған мақсат пен шарттар сараптаманы қылмыстық процестегі арнаулы білімдерді пайдаланудың өзге нысандарынан айырады.

2.Сот сарапшысының іс жүргізу функциялары, құқықтары мен міндеттері

18-бап. Сот сарапшысының құқықтары

1. Сот сарапшысының:
1) сот сараптамасының нысанасына қатысты іс материалдарымен танысуға;
2) қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды өзіне беру туралы өтінішті мәлімдеуге;
3) қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның) рұқсатымен іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге және сот отырыстарына қатысуға және оларға қатысушы адамдарға сот сараптамасының нысанасына қатысты сұрақтар қоюға;
4) өзі қатысқан іс жүргізу әрекетінің хаттамасымен, сондай-ақ тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеттері мен айғақтарының толық және дұрыс көрсетілуіне қатысты оларға енгізілуге жататын ескертулер жасауға;
5) сараптаманы тағайындаған органның келiсiмi бойынша сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, іс үшін маңызы бар, сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда, ұйғарымда қамтылған мәселелердің шегінен тыс мән-жайлар бойынша өз құзыретi шегiнде қорытынды беруге;
6) ана тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақтар беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға, одан бас тартуды мәлімдеуге;
7) сот сараптамасын жүргізу кезінде қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның) және істі жүргізуге қатысатын өзге де адамдардың өзінің құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттеріне шағым жасауға;
8) сот сараптасын жүргізу кезінде келтірілген шығындарға өтем және егер сот сараптамасын жүргізу өзінің лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмысы үшін сыйақы алуға құқығы бар.
Сот сарапшысының заңмен көзделген өзге құқықтары да болады.
2. Сот сарапшысы:
1) қылмыстық процесті жүргізуші органды, сотты, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органды (лауазымды адамды) хабардар етпестен, сот сараптамасын жүргізуге байланысты мәселелер бойынша процеске қатысушылармен келіссөздер жүргізуге;
2) зерттеу үшін материалдарды дербес жинауға;
3) егер сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) оған арнайы рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара жоюға не олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеп соғуы мүмкін зерттеулер жүргізуге;
4) сот сараптамасын тағайындаған органды (адамды) қоспағанда, сот сараптамасының нәтижелері туралы кімге де болсын хабарлауға құқылы емес.

19-бап. Сот сарапшысының міндеттері

Сот сарапшысы:
1) қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге;
2) өзіне ұсынылған объектілерге жан-жақты, толық және объективті зерттеу жүргізуге, өзінің алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген жазбаша қорытынды беруге;
3) заңмен көзделген жағдайларда, қорытынды беруден бас тартуға, қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді жазбаша хабарлама жасауға және оны сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) жіберуге;
4) жүргізілген зерттеуге және берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге;
5) зерттеуге ұсынылған объектілердің сақталуын қамтамасыз етуге;
6) iстiң мән-жайлары туралы мәлiметтердi және сот сараптамасын жүргiзуге байланысты өзiне белгiлi болған өзге де мәлiметтердi, оның ішінде мемлекеттік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге;
7) сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) сот сараптамасын жүргізу кезіндегі шығыстардың сметасын және келтірілген шығыстар туралы есепті табыс етуге міндетті.

3.Одорологиялық сараптаманы тағайындау тәртібі.

Криминалистік одорология қылмыстық процесте идентификациялық мәселелерді шешіп, кейін оларды пайдалану үшін иістік іздерді табу,алу, сақтау және зерттеу бойынша ғылыми жасақталған әдістер мен техникалық құралдардың жүйесін қарастырылады.

Адамнан шығатын иістер әртүрлі болады, ол адамның генетикасымен байланысты. Тек біржұмыртқалы егіздерде ғана генетикалық ұқсастық болады және олардың иістері өте ұқсас болып келеді. Адамның иісі ол адамның тамақтануына да , киген киіміне де байланысты болмайды. Тәжірибелік қызметтерінде криминалисттік одорологияны қолданатын ресейлік және шетелдік криминалисттер мен криминологтардың мәліметіне сүйенсек, жабық, желдетілмейтін бөлмелерде , із тасушыдағы иіс іздері жоғары адсорбциондық көлемде екі жылға дейін сақталуы мүмкін. Осыдан басқа , тиісті әрекеттерді қолданған жағдайда иіс іздерін алып,бекітіп және ұзақ уақытқа олардың қасиетін өзгертіп алмастан сақтап қалуға болады. Нақты иәс пен басқа тұлғалардың иісі ешқашан араласпайды, тиісінше жаңа иіс құрамайды. Иістерді алу, анализ жасау және тіркеу тәсілдеріне байланысты криминалисттік одорологияны кинологиялық одорологияға және құрал-саймандық одорологияға бөлінеді.

Тасушы заттардан иіс іздерін алу

Кинологиялық одорологияда иісті заттардың анализаторы ретінде қызметтік иттердің иіс сезу органдары пайдаланылады. Ал құрал-саймандық одорология анализаторлар ретінде физико-химиялық құралдар қолданылады.

Қызметтік иттер адам иістерін дәл табады, тіпті адам осы бөлмеде осыдан 10-15 минут бұрын болса да. Бөлмеде басқа адамның болуы басқа бір адамныі иісі бойынша табуңа иттерге кедергі болмайды. Адамның иістік заттары бөлмеде 2-3 тәулікке дейін сақталады. Қысқа уақытты желдету, бөлмедегі иістің жоғалуына себеп болып табылмайды. Адам иістерін таңдап алу, ұзақ уақыт ішінде сақтау мен бірнеше қайталап ұсыну үшін қазіргі таңда арнайы жасалған құрал-иісті таңдау құралы пайдаланылады. Бұл құралдың негізінде адсорбциондық қағида жатыр.

Аэрозольді-криогенді концентраттау әдіс зерттелетін үлгінің төмен температуралы конденсациясы мен аэрозольді фильтрациясының үйлесілімділігіне негізделген. Жедел тергеу әрекеттерін жүргізу барысында иістік іздермен жұмыс заңдарда және заңға тәуелді актілерге негізделе отырып жүзеге асырылады, және бұның барысында адамның иістік заттарын іздеу мен алуға тән ерекшеліктер ескеріледі.

Мұндай ерекшеліктерге мыналар жатады:

-Иіс іздерінің сақталуы үшін барынша жағдай жасау;

-Жедел-тергеу тобының қатысушыларының санын шектеу;

-Иіс іздерін тасымалдау мен айналысу ережелерін сақтау,олардың басқа иістендіргіш заттарымен ластануын болдырмау;

-Иіс іздерін іздеу мен алу реттілігін қатаң орындау;

Ұсынылған заттай дәлелдемелерді сипаттап беру

Қылмыс болған жерге барған кезде барлық жағдайда иістерді аламыз деп айта алмаймыз, кейбір қылмыстарда ғана қылмыс орнынан иіс алынады. Ол қылмыс оқиғасы болған жерден иісті алатын кезімізде ең алдымен бөлмеде аадамдар саны барынша аз болуы керек, бұл иістің араласпауына байланысты керек. Иісті қылмыс орнынан алар кезінде негізінен арнайы иістің иісін шығара түсетін арнайы шашатын сұйықтықты шашамыз, содан соғ ол жерге ақ матаны қойып қоямыз сыртынан фольга ораймыз, бұл иістің матаға сіңуі үшін керек. Содан соң жарты сағаттан кейін манағы фольгамызды және матамызды арнайы қыстырғыш құралымен ұстай отырып банкаға саламыз. Ол банканың сыртында қылмыс оқиғасын және қай жерден алынған иіс екендігі жазылады.

Оқиға болған жерден алынған иіске сараптама тағайындау туралы Қаулы

-Объектіден жиналған одорологиялық үлгіде адам иістері бар ма?

-Иіс іздерін қалдырған адамның жынысы қандай?

-Иіс қаза тапқан Дауловқа тиесілі ме?

-Иісі күдікті Раушановаға тиесілі ме?

-Бұл иіс қашан сіңген иіс?

 

Билет№2

1.Сот сараптамасының пәні мен міндеттері.

 Сот сараптамасының пәні мен міндеттері

Әдебиеттерде сот сараптамасының пәнін анықтаудың әр түрлі жолдары бар. Әр авторлар сараптаманың пәнін анықтауға жататын мән-жайлар, сарапшылық міндеттер, сараптама объектілері ретінде анықталады.

Әдебиеттерде нақты сараптама пәні мен тектік (түр) тақырыбы түсінігі ажыратылады.

Сараптаманың тектік (түр) тақырыбы белгілі бір мамандықтағы сарапшының құзыреті, осы тектік сараптаманың мүмкіндіктерін анықтайды. Қылмыстық іс бойынша тағайындалатын нақты сараптаманың тақырыбы сарапшының алдына қойылған сұрақтардың ауқымымен анықталады. Ол сараптаманы тағайындау кезінде қажетті ғылыми құзыреттілікке сәйкес сарапшының таңдауымен себептеледі.

Сарапшылық білім саласының сипаттамасы ретіндегі сот сараптамасы пәнінің ұғымы тиісті сарапшылық міндеттерді анқтау мен жүргізу үшін негіз болып табылады.

Сарапшылық міндет – сарапшының алдына қойылған сұрақтағы тапсырманы сарапшының қабылдауы. Гносеологиялық тұрғыдан қарағанда ол оның түпкі мақсаты (ізделінетін факт) мен оған жетудің шарттарын, яғни сараптаманы тағайындау кезінде сарапшыға ұсынылған алғашқы мәліметтерді сипаттайды.

Сараптаманың міндеттері ұғымы көбіне сарапшыға қойылған сұрақ ұғымына ұқсас. Белгілі мағынада міндет ол белгілі бір үлгідегі сұрақтардың мағынасын ғылыми қорытып түсіндіру деген сөз.

Сараптама міндеті дегеніміз тергеу-сот практикасының қажеттігіне және сот сараптамаларының жетістіктері мен әдістемелеріне сәйкес сот сараптама тақырыбы мазмұнын қорытындылап тарататын нақты деректерді анықтаудың мүмкіндіктері.

А.И. Винберг пен Н.Т. Малаховский ұсынған диагностикалық, жіктеушілік, теңдестірушілік, ситуациялық деңгейлер міндеттерінен бөліп шығаруға әкелетін сарапшылық міндеттерді жіктеудің «деңгейлік»амалы кең түрде танымал болды.

Диагностикалық сарапшылық зерттеудің мақсаты объектілерді танып-білу болып табылады. Олар объектінің табиғатын, оның қасиеттері мен күйін, белгілі бір сипаттан ауытқуын, осы өзгертулердің себептерін және олардың қылмыстық оқиғамен байланысын анықтауға бағытталған.

Жіктеушілік сарапшылық зерттеудің мақсаты объектілердің белгілі бір кластарға, соның ішінде стандартталғандарға қатыстылығын анықтау болып табылады. Осы міндеттердің мысалдары ретінде биологиялық текті объектілердің, лакты-бояу материалдарының, есірткілердің жіктелушілік қатыстылығын анықтауды айтуға болады.

Теңдестірушілік сарапшылық зерттеудің мақсаты жекелей-белгілі объектілердің тепе-теңдігін немесе материалдық белгілену көріністері бойынша олардың шығу көздерін анықтау болып табылады. Теңдестірушілік міндеттерді шешу екі кезеңде жүзеге асырылады: 1-теңдестірілген және теңдестіруші объектілерді жалпы (топтық) белгілердің сәйкес келуін анықтау, 2-дараланатын объектілердің сәйкес келетін жеке белгілерінің жиынтығы бойынша жекелей-белгілі объектілрдің тепе-теңдігін анықтау.

Ситуалогиялық (ситуациялық) зерттеудің мақсаты жеке оқиғаларды анықтау болып табылады, олардың негізінде қылмыстық іс ауқымындағы жалпы оқиға механизміне қайта құру жүргізіледі. Ситуалогиялық міндеттерге, мысалы, нақты жағдайларда мылтықтың өздігінен атылып кету мүмкіндігін анықтау, суық қарумен зақымдар салу шарттарын анықтау жатады.

Бүтіндей, деңгейлік амалды мойындай отырып, көптеген авторлар жіктеу деңгейлері мен негіздері тізбесінің өз нұсқаларын ұсынады. Бұл тәсіл сарапшылық таным деңгейі туралы көзқарас пен сарапшылық технологияға бағдарланған.

Н.Т. Малаховская диагностикалық, жіктеушілік, теңдестірушілік және ситуалогиялық деңгейлер туралы айта отырып, «бұл – сарапшылық зерттеудің негізгі әдістерінің деңгейлері... олардың негізінде жеке әдістер және нақты сараптамаларды зерттеудің әдістемелері әзірленеді, басқаша болса, олар методологиялық деңгейлер болып табылады» деп шынайы көрсеткен.

2. Сот сараптамасының объектілері.

Заң мазмұнынан шықсақ, сараптаманың объектілері қылмыстық іс жүргізу заңымен белгіленген ақпараттың заттандырылған көздері – қылмыстық іс материалдары болып табылады. Әдебиеттеде сот сараптамасының объектілері, көбінде, сарапшылық зерттеуді қажет ететін іс мін-жайының материалдық жеткізгіштері ретінде, я болмаса, арнаулы білімдерді пайдалану арқылы алынатын фактілер мен уақиғалар, фактілік деректердің көздері туралы ақпараттың жеткізгіштері ретінде белгіленеді.

Сарапшылық зерттеуге тек нақты заттар ғана емес, егер олар жөнінде ақпараи заттандырылған көрініс тапса, онда, сонымен бірге әр түрлі процестер (оқиғалар, құбылыстар, әрекеттер) жатқызылуы мүмкін.

Сараптама объектісінің жалпы ұғымымен бірге заттық, нақты және тікелей объектілер ұғымы деп ажыратылады.

Заттық объект – сараптаманың белгілі бір класы, тегі, түр аясында зерттелетін қасиетерінің ортақтылығымен бірлескен ақпараттың материалдық жеткізгіштерінің жиынтығы. Заттық объекті ұғымы сараптамалардың жеке кластарын, тектерін, түрлерін ажыратқан кезде елеулі рөл атқарады.

Сарапшылық объектілерін басқаша пайдалану ҚІЖК-де және ҚР Әділет министрлігінің 1998 жылы 12қаңтардағы №121, ҚР Бас прокуратурасының 1998 жылғы 1жедтоқсандағы №1043, ҚР ҰҚК-нің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы №598, ҚР ІІМ-нің 1998 жылғы 2желтоқсандағы №429, ҚР Мемлекеттік табыс министрлігінің 1998 жылғы 28 желтоқсандағы №111 бекітілген бұйрығымен бекітілген «Соттардың, прокуратура, алды ала тергеу, анықтау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заттай дәлелдемелерді, құжаттарды алудың, есепке алудың, сақтаудың, жіберу мен жоюдың тәртібі туралы» Нұсқаулықта көзделген өаттай дәлелдемелерді алудың, іске қоса тіркеудің, сақтау ме жоюдың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

3.Сарапшылық зерттеуге арналған үлгі.

Сот сараптымы объектілерінің ішінде сарапшылық зерттеу үшін үлгілер үлкен рөл атқарады. Сондықтан да, сарапшылық зерттеу үшін үлгілер алудың іс жүргізу реттемелеуі ҚІЖК-нің жеке тарауында көрсетілген.

Үлгілерге жататындар: 1) заттай дәлелдемелердің көшірмелері; 2) ұқсас заттар (заттай ділелдемелердің орнын ауыстырғаштар), соңғылармен жалпы тектік белнілері болады; 3) салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер. Заң әдебиеттерінде, негізінен, салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер жөнінде айтылады. Бұл дәл осындай объектілердің сарапшылық зерттеулерде көбірек кездесетінімен түсіндіріледі.

ҚІЖК-нің 256-бабы 2-бөлігінде үлгілер ретінде, атап айтқанда:

1) қан, ұрық, шаш, қиып алынған тырнақ, дененің сыртқы бетінің микроскопиялық қорытындылары;

2) сілекей, тер және басқа бөлініп шығатындар;

3) тері бетінің ізі, тістің қалыбы;

4) қолжазба мәтін, бұйымдар, адамның дағдысын бейнелейтін басқа материалдар;

5) дауыс фонограммасы;

6) материалдардың, заттардың, шикізаттың, дайын өнімнің сынамалары;

7) гильзалардың, оқтардың, қару мен тетік іздерінің үлгілері алынады.

Үлгілер бірқатар негіздер бойынша жіктелуі мүмкін.

Мысалы, оқиға сипатына байланысты, оның нәтижесінде үлгілер пайда болуы және заттай дәлел – түрнұсқаның пайда болу механизмін көшіреді, үлгілердің үш түрі болуы мүмкін:

- экспериментті, онда уақиға жасанды түрде жасалады (атылған оқтар, гильзалар);

- еркін үлгілер, тергеліп жатқан уақиғадан тыс байланысты пайда болуы (жазу, дауыс фонограммасы);

- шартты-еркін үлгілер, іс бойынша өндіріске байланысты орындалған, бірқатар арнайы сараптама үшін орындалмаған;

- табиғи үлгілер, физиологиялық өнім ретінде пайда болғандар (қан, шаш үлгілері).

Олар іс жүргізу тәсілі менүлгілерді алу субъектісіне байланысты, сот-тергеу немесе сарапшылық болуы мүмкін.

Үлгілерді алу негізінде нақтылы және заңды үлгілер болып бөлінеді.

Біріншілер жөнінде айтсақ, қылмыстық процесті жүргізуші орган көзі тірі адамның, мәйіттің, жануардың, заттың, нәрсенің, егер олардың кейінде сарапшылық зерттеуі іс үшін мәні болса, қасиеттерін бейнелейтін үлгілерді алуға құқылы.

Үлгілерді алу үшін заңды негіз – ол уәждемеленген қаулы болады, онда, атап айтқанда, мыналар көрсетілуі керек: үлгілерді кім алды; үлгілерді алуы тиісті адам; қандай үлгілер және қашан алу керек; үлгілерді алу үшін кім және қанша көлемде алуы керек; үлгілерді алу үшін кімге және қашан алу керек; үлгілер алынған соң, оларды кімге жіне қашан ұсыну керек.

Қылмыстык процесті жүргізуші органнын үлгілер алуынын тәртібі мынадай:

Қылмыстық процесті жүргізуші орган адамды өзіне шаөыртып немесе ол тұрған жерге келіп, сарапшылык зерттеу үшін үлгілер алу туралы қаулымен қолхат ала отырып таныстырады, оған және аталған тергеу іс-әрекетіне қатысушы өзге адамдарға олардың кұкықтары мен міндеттерін түсіндіреді, қажетті іс- әрекеттерді жеке өзі немесе маманның қатысуымен жүргізеді, үлгілерді алады, оларды буып-түйіп, мөрмен бекітеді.

Тиісті жағдайларда үлгілерді сұрыптап алу, тінту, эксгума­ция жүргізу арқылы немесе оларды жүргізумен бір мезгілде жүзеге асырылады.

Егер үлгілерді алу үшін дәрігерді немесе басқа маманды тартудың кажетгілігі бар болса, онда процесті жүргізуші орган са­рапшылық зерттеу үшін үлгі алынуға тиісті адамды, сондай-ак тиісті тапсырмасы бар қаулыны дәрігерге не басқа маманға жібереді. Қаулыда аталған тергеу іс-әрекеттерінің барлық қаты- сушыларының құқыктары мен міндеттері көрсетілуге тиіс.

Дәрігерге, басқа маманға қарсылық білдіру туралы мәселені тиісті қаулы шығарған, процесті жүргізуші орган шешеді.

Процесті жүргізуші органның тапсырмасы бойынша дәрігер немесе басқа маман қажетті іс-әрекеттер жасайды және сарап­шылық зерттеу үшін үлгілерді алады. Үлгілер буып-түйіледі және олар мөрмен бекітіледі, осыдан кейін дәрігердің немесе басқа маман жазған ресми құжатпен бірге заттай дәлелдемелер ретінде іске қосып тігу үшін жіберіледі.

Қан үлгілерін, адам ағзасынан бөлініп шығатындарды алу туралы заң талаптарын тергеушілер мен сарапшылардың біржақты түсінбеуін атап айткан жөн. ҚІЖК-нің 257-бабы 2-бөлігіне сәйкес сарапшылық зерттеу үшін үлгілер алу сарапшы­лық зерттеудің бір бөлігі болған жағдайларда, оны сарапшы жүргізуі мүмкін, алайда бұл жағдайда эксперименттік үлгілер жөнінде сөз болады. Сондыктан да, кәсіптік дағдыны талап ететін, табиғи үлгілер болып табылатын қан, шаш, адам ағзасынан болініп шығатын үлгілерді қылмыстық істі жүргізуші орган­ның тапсырмасы бойынша мамандар алуы керек.

Егер зерттеу үшін үлгілерді жануарлардан алу қажеттілігі туған кезде, процесті жүргізуші орган дәрігер-ветеринарға не­месе басқа маманға тиісті қаулыны жібереді.

Сарапшы зерттеу процесінде эксперименттік үлгілер жасауы мүмкін, бұл туралы ол қорытындыда хабарлайды. Процесті жүргізуші орган мұндай үлгілерді әзірлеу кезінде қатысуға құкылы, бұл өзі жасайтын хаттамада көрсетіледі.

Зерттеу жүргізгеннен кейін сарапшы үлгілерді буып-түйілген және мөрмен бекітілген күйінде өзінің қорытындысына қоса тігеді. Процесті жүргізуші орган сарапшының ұсынған үлгілерін қарап, содан кейін оларды заттай дәлелдемелер ретінде қылмыс­тық іске қоса тігеді.

Сарапшылық зерттеу үшін үлгілерді алу кезінде жеке адам­ның құқықтарын қорғаудың мәні зор. Осыған орай, сарапшы­лык зерттеу үшін үлгілер алудың әдістері мен ғылыми-техникалық құралдары адамның өмірі мен денсаулығына қауіпсіз болуға тиіс. Жанға қатты батыра жасалатын күрделі медицина­лық рәсімдерді немесе әдістерді қолдануға бұған үлгілер алынуға тиісті адам, ал егер ол адам кәмелетке толмаған болса немесе психикалык ауру болса - оның заңды өкілдерінің қамқоршыларының немесе қорғаншыларының келісімімен ғана жол беріледі.

Үлгілерді алу тергеу іс-әрекеті болғандыктан, тиісті қаулы­ны орындау қатысты адамдар үшін міндетті болып табылады.

Үлгілер алынуы тиіс сезікті мен айыпталушы одан жалтарса, олар күштеп әкелінуі мүмкін, ол кезде үлгілер мәжбүрленіп алынуы мүмкін. Жәбірленуші мен куәдан сарапшылық зерттеу үшін үлгілер алу, мұндай әрекетті жасауды сезікті немесе айып­талушы өзін қылмыс жасады деп әшкерелейтін айғақтарды тексеру үшін табанды түрде талап еткеннен, сондай-ақ жыныстық аурулар мен өзге де жұқпалы ауруларды анықтаудан басқа жағдайларда, мәжбүрлеп алыну мүмкін емес.

Сарапшылық зерттеу үшін үлгілерді алу туралы мәселені аяқтай отырып, дәлелдемелерді бекітудің тиісті құралдары жөнінде айту қажет.

Процесті жүргізуші орган үлгілерді алғаннан кейін, хаттама жасайды, онда үлгілерді алу үшін жасалған барлық әрекет олар­дың жүргізілу ретімен, бұл үшін қолданылған ғылыми-зерттеу және өзге әдістер мен рәсімдер, сондай-ақ үлгілердің өзі сипатталып жазылады. Егер сарапшылық зерттеу үшін үлгілерді процесті жүргізуші органның тапсырмасы бойынша дәрігер немесе басқа маман алса, онда ол бұл туралы ресми құжат жа­сайды, оған аталған іс-әрекетке қатыскан барлық адам қол қояды және ол қылмыстық іске қосып тігу үшін тергеушіге беріледі. Алынған үлгілер буып-түйілген және мөрмен бекітілген күйінде хаттамаға қоса тіркеледі.

Билет№3

1.Сот – сарапшылық зерттеу әдістері мен әдістемелерінің түсінігі, оларды қалыптастыру.

Сот-сарапшылық зерттеу әдістерін қолданудың нәтижелері барлық процеске қатысушылар үшін анық және көрнекі болуы тиіс.

Сараптаманы тағайындау процесінде сараптамалардың әр түрлі кластарын, тектері мен түрлерінің әдістерін әзірлеу деңгейлерін ескерген манызды, ол үшін сарапшылық зерттеу мүм- кіндіктері жөнінде алдын ала кеңестер өткізген орынды.

Сот-сарапшылық зерттеу әдістерін ғылыми-практикалық қызмет ретінде жіктеу әр түрлі — ортақтық дәрежесі мен олар­дың дәреже сатысы, әдістер алынған ғылым салалары, алынатын ақпарат сипаты, зерттеу объектісіне әсер ету дәрежесі негіздері бойынша жүзеге асырылады.

Ортақтық дәрежесі мен олардың дәреже сатысы бойынша әдістер былайша бөлінеді:

Жалпылама әдіс (диалектикалық және формалды логи­ка);

Жалпы әдістер:бақылау, салыстыру, сипаттау, өлшеу, эксперимент, модельдеу және басқалары.

Жеке ғылыми әдістер. Т.В. Аверьянов дәл атап көрсеткендей, негізінде өзінің мазмұны бойынша бұл санат ғылыми зерттеудің арнаулы әдістері санатына ұксас. Жеке ғылыми әдістерді қолданудың аясы бір текті (түрі) немесе пайдаланылатын сипаты бойынша бір-біріне жақын бірнеше білімдердің сараптамасы болып табылады. Мұндайға фотографиялық физикалық, химиялық, математикалық және сол сияқты әдістер жатады. Жіктеудің бұл деңгейі, көбінде, әдістер алынған ғылымдар саласы бойынша жіктеумен сәйкес келеді.

Арнайы әдістер. Бұл әдістер нақты, жекелеген объектіні зерттеу үшін әзірленеді. Мысал ретінде адсорбциондык- люминесцентті, диффузиялық-көшірме әдістерді келтіруге бо­лады.

2.Сот-сараптама қызметiнiң принциптері.

5-бап. Сот-сараптама қызметiнiң принциптері

Сот-сараптама қызметi:
1) заңдылық;
2) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау;
3) сот сарапшысының тәуелсіздігі;
4) сот-сараптамалық зерттеулердi жүргiзу кезінде ғылыми-техникалық құралдар мен әдiстердi пайдалануға жол беру;
5) сот-сараптамалық зерттеулердiң жан-жақтылығы, толықтығы және объективтілігі;
6) сот сарапшысының кәсіптік әдебін сақтау принциптеріне негізделеді.

6-бап. Сот-сараптама қызметiн жүзеге асыру кезіндегі заңдылық

Сот-сараптама қызметi Қазақстан Республикасы Конституциясының және осы қызметтің құқықтық негізін құрайтын өзге де нормативтiк құқықтық актiлердің талаптары дәл орындалған жағдайда жүзеге асырылады.

7-бап. Сот-сараптама қызметiн жүзеге асыру кезінде адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау

1. Сот-сараптама қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына сәйкес адамның және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері, заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделері сақталған жағдайда жүзеге асырылады.
2. Адамның құқықтары мен бостандықтарын уақытша шектеуді талап ететін сот-сараптамалық зерттеулер тек қана заңда белгіленген негіздерде және тәртіппен жүргізіледі.
3. Сот сараптамасы органының немесе сот сарапшысының әрекеттері (әрекетсіздігі) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін не заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеуге әкеп соқты деп санаған адам көрсетілген әрекеттерге (әрекетсіздікке) заңда белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.

8-бап. Сот сарапшысының тәуелсiздiгi

1. Сот сарапшысы сот сараптамасын жүргізу кезінде іс жүргізу тұрғысынан дербес, сот сараптамасын тағайындаған органнан (адамнан), сот сараптамасы органының басшысынан және басқа да адамдардан тәуелсіз болады.
2. Сот сарапшысы жүргiзiлген зерттеулердiң нәтижелерiн негiзге ала отырып, қорытынды бередi. Бұл ретте ол Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалып, жол берiлетiн зерттеу құралдары мен әдiстерiн таңдауда дербес болады.
3. Сот сарапшысына құқыққа сыйымсыз ықпал етуге және оның заңды қызметіне кедергі келтіруге жол берілмейді және заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

9-бап. Сот-сараптамалық зерттеулерді жүргізу құралдары мен әдiстерін пайдалануға жол беру

Сот-сараптамалық зерттеулерді жүргізу кезінде ғылыми-техникалық құралдар мен әдістерді қолдануға, егер олар:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделсе немесе олардың нормалары мен қағидаттарына қайшы келмесе;
2) ғылыми жағынан дәлелді болса;
3) іс бойынша іс жүргізудің тиімділігін қамтамасыз ететін болса;
4) қауіпсіз болса жол беріледі.

10-бап. Сот-сараптамалық зерттеулердің жан-жақтылығы толықтығы және объективтiлiгi

1. Сот сарапшысы сот-сараптамасын жүргізу кезінде өзінің арнаулы ғылыми біліміне негізделген, объектілерді жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін барлық шараларды қолдануға міндетті.
2. Сот сарапшысының қорытындысы жалпы жұрт қабылдаған ғылыми және практикалық деректер негізінде жасалған қорытындылардың негізділігі мен дәйектілігін тексеруге мүмкіндік беретін ережелерге негізделуге тиіс.

11-бап. Сот сарапшысының кәсiптік әдебін сақтау

Сот-сараптамалық зерттеулерді жүргізу кезінде сот сарапшысының кәсіптік әдебінің нормалары сақталуға тиіс.

3.Нашақорлық заттарды сот-сараптамалық зерттеу.

Есірткі затты зерттеу мен суреттеу, пайда болу табиғатын анықтау.

Есірткі заттардың таралуын алдын алуда, ерекше рөлді наркотизммен құқықтық және ғылыми күресу орын алады.

Сот –наркологиялық сараптама-қылмыстық, азаматтық істер материалдарын, наркология саласындағы арнайы білім негізінде жүргізілетін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді оны шешу үшін мағызы бар жағдайларды белгілеу мақсатында зерттеу.

Сот-наркологиялық сараптаманың негізгі міндеттері:

-Азаматтық істер бойынша-азаматтық, қылмыстық іс бойынша-қылмыстық, әкімшілік іс бойынша- әкімшілік іс үшін маңызы бар объектілерді зерттеу.

Тергеушіде белгілі бір сұрақтар туындаса,ол сұрақтарды тергеуші сараптаманы жүргізген сарапшыдан сұрай алады. Сарапшыға сұрақ қою кезінде белгілі бір талаптар сақталуы керек және сараптама пәнінің шеңберінен тыс шықпауы керек.

Есірткі заттарды сақтау өз кезегінде өзіне тән мәселелері мен ерекшеліктері бар. Белгілі бір тұлғаның иелігінде болған заттай дәлелдемелерге қатысты арнайы жетекшілік ету тізбесі құрастырылып отырады. Тізбедегі әр тұлға өз иелігінде болған есірткі заттар үшін жауапкершілікте болады. Сол кезде келесі қағидалар ұстануы тиіс:

-Заттай дәлелдемелерге рұқсаты бар тұлғаларды минимумға дейін қысқарту;

-Дәлелдемеге рұқсаты бар адамның есімі дәлелдеме сақталған бумадағы биркаларда көрсетілуі тиіс.

-Дәлелдемелерді қолға алған тұлға бұл туралы қолхат жазады.

Барлық заттай дәлелдемелер маркеленеді. Есірткі заттар табылған жағдайда олар контейнерлерге жабылттырады.

Табылған есірткінің салмағы хаттамада көрсетілуі тиіс.

Табылған есірткі заттардың заттай дәлелдемелердің физикалық қасиеттеріне негізделіп жүзеге асырылып отырады:

-Өз құрамында ылғалы бар заттар:мысалы өсімдіктер. Олар сол табылған күні сараптамаға жіберілуі керек.

-Сұйық күйінде алынған заттай дәлелдемелер әйнекті ыдысқа орналастырылуы қажет.

-Танымайтын заттарды алу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, арнайы гермитизациялауға болатын бумаға салу керек.

Заттай дәлелдемелердің, яғни есірткі заттардың сапасы түсті фотосуреттерін жасау керек.

Заттай дәлелдемелерді суретке түсіру.

Конопля- біржылдық Конопля тұқымына кіретін өсімдік.

Есірткі түрлері:

Токсикомания

Марихуана

Героин

Кокаин

Экстази

Токсикомания– бұл клей, лактар және басқа да тұрмыстық химиялық препараттары секілді денсаулыққа улы, зиян, уытты заттар мен кейбір медикаменттерді мөлшерден тыс пайдалану. Оларды пайдаланған кезде бастапқыда әлсіз масаңсу (эйфория) туындайды, содан соң есінің шатасуы, бейімделудің жоғалуы, құсу пайда болады. Кейбір заттар сандырақ, алдамшы қабылдау, иллюзия, өзінің мүмкіндіктерінің шексіздік сезімін, ойлау қабілетінің бұзылуын, өзін-өзі бақылаудың жоғалуын шақыруы мүмкін. Дозаларының жоғарылауы тырыспалар мен өлімге әкеліп соқтырады. Еріткіш топтары заттарын қабылдауды доғару, көбінесе депрессия мен ашуланшақтықты шақырады. Уақыт өте келе оларда жұмыс істеу қабілеті төмендеп, есте сақтауы бәсеңдейді, содан соң себепсіз қорқыныштар, күдіктілік, ұйқының бұзылуы туындайды. Нашақорлардың тері жабындылары өзгеріске ұшырайды: сұр, боз, әжімді бола бастайды, тістері бұзылады, асқазан-ішек жолдары, жүрек қан-тамыр жүйесі, бауыр өзгерістерге ұшырайды, бала туу функциясы бұзылады, ұрпақтары зардап шегеді.

Марихуана– кептірілген, ұсақ туралған жапырақтың, тұқымдар мен жасыл, қоңыр немесе сұр түсті сора гүлдерінің қосындысы. Марихуана – көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда көп таралған заңсыз есірткі.

Марихуананың ықпалындағы адамның басы айналады, жүрісі бұзылады, үнемі күле береді және есте сақтау қабілеті төмендейді.

Марихуананы шегуді кейбіреулер денсаулыққа зиян емес деп санайды. Алайда, ол денсаулыққа үлкен зиян келтіреді.

           Героин - ең алдымен опий пайда болды, содан кейін одан морфин алынды, одан героин шығарылды. Героин өзінің есірткілік белсенділігімен морфийннен әлдеқайда асып түседі. Ол қыздырғаннан кейін тамырға егіледі, шегіледі, онымен демалады. 2008 жылдың 8 айы ішінде Астана қаласында героиннің дозасын асырып қолданғаннан 19 жастан 30 жасқа дейін 48 адам көз жұмған.

Нашақорлардың түн ұйқылары бұзылады, артериалдық қан қысымы төмендейді, ине салу нәтижесінен тамырлары тесіледі, бауыры мен бүйректері ауырады, организмі дене және психологиялық жағынан әлсірейді, гепатит пен СПИД-ке шалдығады, ақырында өлімге әкеп соғады.

Кокаин – коки өсімдігінен шығарылған, негізінен ақ ұнтақ тәріздес есірткі. Кокаин ұнтағын ұсақтап мұрын арқылы тартады немесе тамырға енгізу үшін езеді.

Кокаинді тек бай адамдар қолдана алады, себебі оны сатып алу үшін аптасына мың доллардан астам ақша жұмсалады. Оған тез үйреніп кетуге болады. Кокаинді қолданушылар паранойд болып келеді, олар миына қан құйылуынан, жүректің қысылуынан кенеттен өліп кетеді.

Алғашқы дозадан алған жақсы әсерлерді сезіну үшін кокаинді жиі және көптеп қолдану керек болады. Есірткіні алғашқыда эйфорияны сезіну үшін енгізсе, кейін тек өзін жақсы сезініп, күйзелу немесе шаршаған жағдайын кетіру үшін қолданады. Қолданудың ақыры – сандырақтауға, дем алуының бұзылуына, есінен тануына, ақырында өлімге әкеліп соғады

Экстази– 1987 ж. Испанияда болған бір дискотекада «экстази» таблеткасын (метилендиоксиметиламфетамин) музыкамен біріктіруден болған эффект «ашылды». Экстази қолданғаннан кейін жеңілдік сезіледі, күш-қуаты күшейеді, көңіл көтеріп, бірнеше сағат қатарымен шаршамай билеуге болады. «Экстази» 2 сағаттан 8 сағатқа дейін әрекет етеді. Алайда «Экстазиден» қайтыс болғандардың саны көп. Ол ең қауіпті есірткі құралдарының қатарына саналып, БҰҰ-ның барлық елдерінде тыйым салынған. Осы есірткіні қолданған кезде адамның ми клеткалары, бауыры, бүйрегі бұзылады, жүйкесі бұзылады, тамырлары қысылады, ақырында өлімге әкеліп соғады.

Есірткіні қолданатындардың әлеуметтік сипаты да өзгерді, бүгінгі күнге олардың қатарын орташа және тіпті жақсы қамтамасыздандырылған отбасылардың балалары толтырып отыр.

Осы орайда аса қажетті шара бұл заңнаманы күшейту. Халықаралық тәжірибе бүгінгі күні есірткімен күресуде қылмыстық шараларды қатаң қолдануды талап етеді.Ұлыбритания,Бельгия, Грекия, Ирландия, Канада, Франция және басқа да елдер осы қылмыстар үшін өмір бойы бас бостандығынан айыруды белгіледі. Есірткіні сатқаны үшін өлім жазасына кесу Иран, Қытай, Сингапур, АҚШ және Тайланд заңнамаларында көрсетілген.

Президент өзінің «Қазақстан -2030: Барлық Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы, қауіпсіздігі және хал-ахуалының жақсаруы» атты халыққа жолдаған жолдауында: «Есірткіні жеткізгені және таратқаны үшін қатаң жазалау қажет.......

Есірткі – ерекше және өлімге әкеліп соғатын сфера және бұл жерде гуманизм принциптерін қаншалықты қолдану толғандырады. Бір жағынан – оны жеткізіп, таратушы адамның өмірі, ал басқасында - оның «көмегімен» қиылған есірткіні пайдаланушының өмірі тұр.

Жаңа заңға сәйкес келесі қылмыстық санкциялар қолданылуы мүмкін:

аса ірі көлемде есірткі контрабандасы үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; лауазымды тұлғаның қызметтік жағдайын пайдаланып, есірткіні сатқаны үшін - 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға; оқу орындарында және кәмелетке толмағандардың есірткіні сатқаны үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; ұйымдасқан қылмыстық топпен есірткіні сатқаны үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; кәмелетке толмағандарды, екі немесе одан да көп адамдарды, сондай-ақ күш көрсетумен есірткіні пайдалануға тартқаны үшін - 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға; есірткіні пайдалануға тартып, соның негізінде адам өліміне әкеліп соққаны үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; есірткіні пайдалану үшін притондар ұйымдастырғаны үшін – 3 жылдан 7 жылға дейін, ал қызметтік жағдайын пайдаланғаны немесе ұйымдасқан топпен ұйымдастырғаны үшін 7 жылдан 12 жылға дейін. Сонымен қатар, есірткі қылмысы тікелей заңсыз табыс табумен байланысты болғандықтан, осындай қылмыстың әрбір құрамы үшін мүліктерін міндетті түрде тәркілеу енгізілген.

Бүгінгі күні біздің елімізде осы есірткі мәселесі жайлы толғанбайтын адам қалмаған болар. Әсіресе, қазіргі кезде жастар мен жеткіншектер арасындағы есірткі мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр, бұл нәубеттің әрбір үйге, әрбір сыныпқа, әрбір отбасына енуі мүмкін – шұғыл қимылдау қажет. Статистикалық есептерде – бұл көрсеткіштер, ал адами тұрғыда – бұл тірі жандардың өмірі. Солардың әр қайсысына барлығымыз бірлесіп, педагогтар, дәрігерлер, ата-аналар және жеткіншектердің өздері де қолғабыс беруі керек.

Конопляның пайдалы және зиянды жағы.

Конопляның аналық түрінің жоғарғы жағын медицинада емдік шөп ретінде пайдаланылады. Барлық мемлекеттерің медицина саласында конопля қолданылмайды, конопляны қолданатын мемлекеттер саны шектеулі.Тек США Колумбия, Колифорния ,Вашингтон, Нью-Джерси, Колорада мемлекеттерінде рұқсат етілген.Бұл шөп ылғалдандыратын, тыныш-тандыратын, ұйықтататын, ауруын білдіртпейтін қасиеттерге ие. II Дүнежүзілік соғыс кезінде әрбір солдатқа 50-70 г берген, сол арқылы кейбір солдаттар өзінің ауруын сезінбей,керек жеріне дейін барған.

Ұзақ уақыт бойы пайдалану тәуелділікке әкеледі. Бас ауруына, көздің бұлдырлауына әкеп соғады. Дәрігерлердің айтуы бойынша, есірткіні пайдаланған адамдардың басы айналады, құсады, талып қалады, көп мөлшерде тер бөлінеді, бала туу қабілеттілігі төмендейді, нерв жүйесіне әсер етеді, еске сақтау қабілетінің төмендеуі байқалады. Есірткіні сақтау, ұстау, сату, пайдалану жауаптылыққа әкеп соғады.

Сараптамаға жіберілген зат есірткі ме немесе психотроптық зат па?

Есірткі болса қай түріне жатады?

Сараптамаға жіберілген шөптің құрамында қандай есірткілік компонеттер бар?

Шөп қандай жолмен дайындалған?Шөп есірткі болса оның салмағы қанша?

 

Билет№4

1.Сот-сараптама қызметiнiң мазмұны мен мiндеті

3-бап. Сот-сараптама қызметiнiң мазмұны

Сот-сараптама қызметiнiң мазмұны:
1) қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот сараптамасын жүргізуді;
2) сот сараптамасы саласындағы ғылыми зерттеулерді;
3) сот сараптамасын ғылыми-әдiстемелiк және ақпараттық қамтамасыз етудi;
4) сот сарапшыларын iрiктеуді, кәсiптік даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды қамтиды.

4-бап. Сот-сараптама қызметiнiң мiндеті

Сот-сараптама қызметінің міндеті қылмыстық, азаматтық істер бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді арнаулы ғылыми білімді қолдану нәтижелерімен қамтамасыз ету болып табылады.

2.Комиссиялық сот сараптамасын жүргiзу.

28-бап. Комиссиялық сот сараптамасын жүргiзу

1. Комиссиялық сараптама күрделі сот-сараптамалық зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны бір мамандықтағы кемінде екі сарапшы жүргізеді.
2. Адамның ақыл-есінің дұрыстығы туралы мәселе бойынша сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін кемінде үш сот сарапшысы тағайындалады.
3. Комиссиялық сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) қаулысы, ұйғарымы сот сараптамасы органының басшысы үшін міндетті. Сот сараптамасы органының басшысы сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыға, ұйғарымға сәйкес ұсынылған материалдар бойынша комиссиялық сараптама жүргізу туралы да дербес шешім қабылдауға және оны жүргізуді ұйымдастыруға құқылы.
4. Сот сараптамасы органының басшысы не комиссиялық сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) комиссияның құрамына кіретін сот сарапшыларының қызметін үйлестіру үшін жетекші сарапшыны тағайындайды.
Жетекші сарапшы сот-сараптамалық зерттеулердің жалпы жоспарын әзірлеуді жүзеге асырады, сот сараптамасын жүргізудің жалпы мерзімі шегінде жекелеген зерттеулер жүргізу мерзімдерін айқындайды және олардың сақталуын бақылайды, сот сараптамасын тағайындаған органмен (адаммен) байланысты жүзеге асырады, сот сарапшыларының кеңесіне басшылық жасайды.
5. Комиссиялық сот сараптамасын жүргiзу кезінде сот сарапшыларының әрқайсысы толық көлемде тәуелсіз және дербес зерттеу жүргізеді.
6. Сараптама комиссиясының мүшелері алынған нәтижелерді бірлесіп талдайды және ортақ пікірге келе отырып, қорытындыға не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламаға қол қояды. Сарапшылар арасында келіспеушіліктер болған жағдайда олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігі жеке қорытынды береді не пікірі комиссияның қалған мүшелерінің қорытындыларымен сәйкес келмеген сарапшы оны қорытындыда жеке тұжырымдайды.

3.Сот-сараптама қызметiн жүзеге асыру кезінде адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау.

7-бап. Сот-сараптама қызметiн жүзеге асыру кезінде адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау

1. Сот-сараптама қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына сәйкес адамның және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері, заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделері сақталған жағдайда жүзеге асырылады.
2. Адамның құқықтары мен бостандықтарын уақытша шектеуді талап ететін сот-сараптамалық зерттеулер тек қана заңда белгіленген негіздерде және тәртіппен жүргізіледі.
3. Сот сараптамасы органының немесе сот сарапшысының әрекеттері (әрекетсіздігі) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін не заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеуге әкеп соқты деп санаған адам көрсетілген әрекеттерге (әрекетсіздікке) заңда белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.

Билет№5

1.Сарапшылық зерттеуге арналған үлгі.

Сот сараптымы объектілерінің ішінде сарапшылық зерттеу үшін үлгілер үлкен рөл атқарады. Сондықтан да, сарапшылық зерттеу үшін үлгілер алудың іс жүргізу реттемелеуі ҚІЖК-нің жеке тарауында көрсетілген.

Үлгілерге жататындар: 1) заттай дәлелдемелердің көшірмелері; 2) ұқсас заттар (заттай ділелдемелердің орнын ауыстырғаштар), соңғылармен жалпы тектік белнілері болады; 3) салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер. Заң әдебиеттерінде, негізінен, салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер жөнінде айтылады. Бұл дәл осындай объектілердің сарапшылық зерттеулерде көбірек кездесетінімен түсіндіріледі.

ҚІЖК-нің 256-бабы 2-бөлігінде үлгілер ретінде, атап айтқанда:

8) қан, ұрық, шаш, қиып алынған тырнақ, дененің сыртқы бетінің микроскопиялық қорытындылары;

9) сілекей, тер және басқа бөлініп шығатындар;

10) тері бетінің ізі, тістің қалыбы;

11) қолжазба мәтін, бұйымдар, адамның дағдысын бейнелейтін басқа материалдар;

12) дауыс фонограммасы;

13) материалдардың, заттардың, шикізаттың, дайын өнімнің сынамалары;

14) гильзалардың, оқтардың, қару мен тетік іздерінің үлгілері алынады.

Үлгілер бірқатар негіздер бойынша жіктелуі мүмкін.

Мысалы, оқиға сипатына байланысты, оның нәтижесінде үлгілер пайда болуы және заттай дәлел – түрнұсқаның пайда болу механизмін көшіреді, үлгілердің үш түрі болуы мүмкін:

- экспериментті, онда уақиға жасанды түрде жасалады (атылған оқтар, гильзалар);

- еркін үлгілер, тергеліп жатқан уақиғадан тыс байланысты пайда болуы (жазу, дауыс фонограммасы);

- шартты-еркін үлгілер, іс бойынша өндіріске байланысты орындалған, бірқатар арнайы сараптама үшін орындалмаған;

- табиғи үлгілер, физиологиялық өнім ретінде пайда болғандар (қан, шаш үлгілері).

Олар іс жүргізу тәсілі менүлгілерді алу субъектісіне байланысты, сот-тергеу немесе сарапшылық болуы мүмкін.

Үлгілерді алу негізінде нақтылы және заңды үлгілер болып бөлінеді.

Біріншілер жөнінде айтсақ, қылмыстық процесті жүргізуші орган көзі тірі адамның, мәйіттің, жануардың, заттың, нәрсенің, егер олардың кейінде сарапшылық зерттеуі іс үшін мәні болса, қасиеттерін бейнелейтін үлгілерді алуға құқылы.

Үлгілерді алу үшін заңды негіз – ол уәждемеленген қаулы болады, онда, атап айтқанда, мыналар көрсетілуі керек: үлгілерді кім алды; үлгілерді алуы тиісті адам; қандай үлгілер және қашан алу керек; үлгілерді алу үшін кім және қанша көлемде алуы керек; үлгілерді алу үшін кімге және қашан алу керек; үлгілер алынған соң, оларды кімге жіне қашан ұсыну керек.

Қылмыстык процесті жүргізуші органнын үлгілер алуынын тәртібі мынадай:

Қылмыстық процесті жүргізуші орган адамды өзіне шаөыртып немесе ол тұрған жерге келіп, сарапшылык зерттеу үшін үлгілер алу туралы қаулымен қолхат ала отырып таныстырады, оған және аталған тергеу іс-әрекетіне қатысушы өзге адамдарға олардың кұкықтары мен міндеттерін түсіндіреді, қажетті іс- әрекеттерді жеке өзі немесе маманның қатысуымен жүргізеді, үлгілерді алады, оларды буып-түйіп, мөрмен бекітеді.

Тиісті жағдайларда үлгілерді сұрыптап алу, тінту, эксгума­ция жүргізу арқылы немесе оларды жүргізумен бір мезгілде жүзеге асырылады.

Егер үлгілерді алу үшін дәрігерді немесе басқа маманды тартудың кажетгілігі бар болса, онда процесті жүргізуші орган са­рапшылық зерттеу үшін үлгі алынуға тиісті адамды, сондай-ак тиісті тапсырмасы бар қаулыны дәрігерге не басқа маманға жібереді. Қаулыда аталған тергеу іс-әрекеттерінің барлық қаты- сушыларының құқыктары мен міндеттері көрсетілуге тиіс.

Дәрігерге, басқа маманға қарсылық білдіру туралы мәселені тиісті қаулы шығарған, процесті жүргізуші орган шешеді.

Процесті жүргізуші органның тапсырмасы бойынша дәрігер немесе басқа маман қажетті іс-әрекеттер жасайды және сарап­шылық зерттеу үшін үлгілерді алады. Үлгілер буып-түйіледі және олар мөрмен бекітіледі, осыдан кейін дәрігердің немесе басқа маман жазған ресми құжатпен бірге заттай дәлелдемелер ретінде іске қосып тігу үшін жіберіледі.

Қан үлгілерін, адам ағзасынан бөлініп шығатындарды алу туралы заң талаптарын тергеушілер мен сарапшылардың біржақты түсінбеуін атап айткан жөн. ҚІЖК-нің 257-бабы 2-бөлігіне сәйкес сарапшылық зерттеу үшін үлгілер алу сарапшы­лық зерттеудің бір бөлігі болған жағдайларда, оны сарапшы жүргізуі мүмкін, алайда бұл жағдайда эксперименттік үлгілер жөнінде сөз болады. Сондыктан да, кәсіптік дағдыны талап ететін, табиғи үлгілер болып табылатын қан, шаш, адам ағзасынан болініп шығатын үлгілерді қылмыстық істі жүргізуші орган­ның тапсырмасы бойынша мамандар алуы керек.

Егер зерттеу үшін үлгілерді жануарлардан алу қажеттілігі туған кезде, процесті жүргізуші орган дәрігер-ветеринарға не­месе басқа маманға тиісті қаулыны жібереді.

Сарапшы зерттеу процесінде эксперименттік үлгілер жасауы мүмкін, бұл туралы ол қорытындыда хабарлайды. Процесті жүргізуші орган мұндай үлгілерді әзірлеу кезінде қатысуға құкылы, бұл өзі жасайтын хаттамада көрсетіледі.

Зерттеу жүргізгеннен кейін сарапшы үлгілерді буып-түйілген және мөрмен бекітілген күйінде өзінің қорытындысына қоса тігеді. Процесті жүргізуші орган сарапшының ұсынған үлгілерін қарап, содан кейін оларды заттай дәлелдемелер ретінде қылмыс­тық іске қоса тігеді.

Сарапшылық зерттеу үшін үлгілерді алу кезінде жеке адам­ның құқықтарын қорғаудың мәні зор. Осыған орай, сарапшы­лык зерттеу үшін үлгілер алудың әдістері мен ғылыми-техникалық құралдары адамның өмірі мен денсаулығына қауіпсіз болуға тиіс. Жанға қатты батыра жасалатын күрделі медицина­лық рәсімдерді немесе әдістерді қолдануға бұған үлгілер алынуға тиісті адам, ал егер ол адам кәмелетке толмаған болса немесе психикалык ауру болса - оның заңды өкілдерінің қамқоршыларының немесе қорғаншыларының келісімімен ғана жол беріледі.

Үлгілерді алу тергеу іс-әрекеті болғандыктан, тиісті қаулы­ны орындау қатысты адамдар үшін міндетті болып табылады.

Үлгілер алынуы тиіс сезікті мен айыпталушы одан жалтарса, олар күштеп әкелінуі мүмкін, ол кезде үлгілер мәжбүрленіп алынуы мүмкін. Жәбірленуші мен куәдан сарапшылық зерттеу үшін үлгілер алу, мұндай әрекетті жасауды сезікті немесе айып­талушы өзін қылмыс жасады деп әшкерелейтін айғақтарды тексеру үшін табанды түрде талап еткеннен, сондай-ақ жыныстық аурулар мен өзге де жұқпалы ауруларды анықтаудан басқа жағдайларда, мәжбүрлеп алыну мүмкін емес.

Сарапшылық зерттеу үшін үлгілерді алу туралы мәселені аяқтай отырып, дәлелдемелерді бекітудің тиісті құралдары жөнінде айту қажет.

Процесті жүргізуші орган үлгілерді алғаннан кейін, хаттама жасайды, онда үлгілерді алу үшін жасалған барлық әрекет олар­дың жүргізілу ретімен, бұл үшін қолданылған ғылыми-зерттеу және өзге әдістер мен рәсімдер, сондай-ақ үлгілердің өзі сипатталып жазылады. Егер сарапшылық зерттеу үшін үлгілерді процесті жүргізуші органның тапсырмасы бойынша дәрігер немесе басқа маман алса, онда ол бұл туралы ресми құжат жа­сайды, оған аталған іс-әрекетке қатыскан барлық адам қол қояды және ол қылмыстық іске қосып тігу үшін тергеушіге беріледі. Алынған үлгілер буып-түйілген және мөрмен бекітілген күйінде хаттамаға қоса тіркеледі.

2.Сот сараптамасын жүргізу мерзiмдерi.

25-бап. Сот сараптамасын жүргізу мерзiмдерi

1. Сот сараптамасын жүргiзу мерзiмi сот сараптамасы органы, сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын не сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылмайтын, сот сарапшысы ретiнде тартылған жеке тұлға сот сараптамасын және оның объектiлерiн тағайындау туралы қаулыны, ұйғарымды iс жүргiзуге қабылдаған күннен бастап есептеледі.
2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көздеген ерекше жағдайлардан басқа, сот сараптамасын жүргізу мерзімі отыз тәуліктен аспауға тиіс.
Сот сараптамасын жүргiзу мерзiмiн ұзартуды сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сараптамасы органы басшысының не сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылмайтын сот сарапшысының (сот сарапшыларының) дәлелдi өтiнiшхаты бойынша жүзеге асырады.
Ерiктi түрде сот сараптамасына тартылатын адамдардың және сот сараптамасын жүргiзу үшiн медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастырылған адамдардың онда болу мерзiмiн ұзарту тәртібі осы Заңның 37-бабының 2 және 3-тармақтарында белгiленген.
3. Сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындаудың жалпы критерийлерін, олардың күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот сараптамасын жүргізу мерзімін ұзарту тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.
4. Сот сараптамасын жүргізу барысында зерттеу жүргізбей қорытынды беру мүмкін болмайтын қосымша материалдарды ұсыну қажеттілігі туындаған жағдайда, сот сараптамасы органының басшысы не сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылмайтын сот сарапшысы сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) атына дәлелдi өтiнiшхат жібереді.
Көрсетілген жағдайда сот сараптамасын жүргізуді сот сараптамасы органының басшысы не сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылмайтын сот сарапшысы тоқтата тұру үшiн негiз болған мән-жайлар жойылғанға дейiн, бiрақ он тәулiктен асырмай тоқтата тұрады.
Егер сот сараптамасын жүргізуді тоқтата тұру үшін негіз болған мән-жайлар көрсетілген мерзім ішінде жойылмаса, сот сараптамасын тағайындау туралы қаулы, ұйғарым және оны жүргізу үшін ұсынылған материалдар орындалмастан, сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) атына жіберіледі.
5. Сот сарапшысының қорытындысы не қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы хабарлама ол жасалғаннан кейiн үш тәулiк iшiнде сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) жiберiледi.

3.Құжаттарды техникалық-криминалистік зерттеу.

Құжаттың анықтамасы бойынша, беткі жағында уақытпен кеңістікте берілуі үшін арналған ақпараты бар, ақпараттарды материалдық тасымалдауыш(қағаз, кино және фотопленка, магниттік лента, перфокарта және т.б.) болып табылады.

Технико-криминалистикалық зерттеу құжаттың құйылған, сызылған мәтіндерді, өртенген құжаттардың бастапқы күйінің өзгеруінің белгілерін, қол қоюдың, мөрдің және штамптың жалғандығын анықтау мақсатында жүргізіледі.

Құжат-заттық дәлелдемені қарау, бекіту, зерттеуде және оны тергеу әрекеттерінің іс жүргізілуінде тергеушімен, анықтаушымен, маманмен қолданылған кезде, жалпыға ортық кейбір ережелер сақталуы тиіс.

Тергеушіден алынатын құжаттар, яғни заттай дәлелдемелердің бұзылып, зақымдануынан немесе қандай да бір өзгеріске ұшырауынан сақтауға барлық шараларды қолдануын талап етеді. Мұндай құжаттарды іске тігуге болмайды, олар бүктеме сызығы бойынша бүктеліп, жеке конвертте сақталады. Ескірген және жыртылған құжаттарды қағаз беттерінің астыңғы жағына жабыстыруға, қыстырғышпен қысып қоюға, карындаш, қаламсап немесе үшкір затпен оларға белгі салуға болмайды. Көне және жанған құжаттарды мүмкіндігінше екі әйнектің арасына салып сақтау қажет.

Құжаттарды сараптамаға жібергенде оларды таза қағаздың арасына қойып тығыз конвертке салу ұсынылады.

Құжаттарды қарауды екі кезеңге бөлуге болады: біріншісінде-қайшылықтардың болуы мүмкіндігін анықтау мақсатында құжаттардың мазмұны зерттеледі, ал екінші кезеңде-оның қандай да бір өзгеріске ұшырағандығы анықталады.

Құжаттың мазмұнындағы қайшылықтар, оның жекелеген реквизиттерін салыстыру жолымен анықталыды. Атап айтқанда: бланктерін, мөр және мөртаңбаларын, құжатты беру және бланкті дайындау мерзімдерін. Құжаттағы қайшылықатар, дұрыс дайындалған құжат үлгісімен салыстыру арқылы ғана анықталады. Егер құжат бірнеше данадан жасалған болса, олардығ барлығын салыстыру қажет.

Құжаттар шашыраңқы жарық, сондай-ақ тік және қиғаш түсетін бағыттағы жарық арқылы зерттеледі.

Баспа мәтіндерін, мөр және мөртаңбаларын қарау кезінде сызғыш, циркуль өлшеуіштерін пайдалану тиімді. Олар әріптердің өлшемдері мен олардың арасындағы арақашықтықтың айырмашылығын анықтауға мүмкіндік береді.

Қылмыскерлер әртүрлі әдіс-тәсілдермен жалған құжаттар жасаулары мүмкін. Жалған жасаудың техникалық әдістері негізінен екі топқа бөлінеді: Толық және жартылай. Жартылай жалған жасау қылмыскердің қолындағы түпнұсқа құжатқа өзгерістер енгізуден тұрады. Жартылай жалған жасаудың әдістеріне: 1)Тазарту 2) Уландыру 3)Қосып жазу 4)Құжаттың бөліктерін ауыстыру 5)Жалған қол қоюларды, мөрлер мен штамптарды жасау.

Тазарту дегеніміз-мәтінді өшіргішпен немесе өткір заттармен, лезвия, пышақпен қыру арқылы механикалық өшіру.

Қышып өшіру нәтижесінде қағаздың беткі қабатының құрылымы өзгереді, бұзылады және қағаз бетінде тікірейген талшықтар пайда болады. Ола қиғаш түсірілетін жарықтықта зерттеу кезінде мұқият бақылау жүргізу арқылы көзге көрінеді. Қағаз бетіндегі мәтінді қырып өшіру нәтижесінде қағаз жұқарады.

Химиялық уландыру-бұл бастапқы жазбаларды химиялық жолдармен өшіру, яғни штрихты түссіздендіру арқылы жою.

Химиялық реактивтер қолдану арқылы өңдеу фактісі қағаздың механикалық қасиетінің өзгеру белгілері бойынша анықталады. Химиялық заттармен өңделген қағаз жұқарып, жыртылғыш кедір-бұдып болып келеді. Қағаздың беткі қабатында майда жарықшалар пайда болуы мүмкін. Қағаз бетінің отпикалық қасиеті: түсі, түрі, люминесценция сипаты өзгереді.

Қосып жазу-құжаттың мәтінінде жаңа жазбаларды немесе жекеленген белгілерді, кейде жекеленген штрихтарды енгізу арқылы мәтіннің бастапқы мазмұны мен мағынасын өзгерту әдісі. Қосып жазу көбінесі құжаттың мәтіні жоқ бос жерлерде жазу материалдарының түсіне ұқсастырылып арнайы іріктеп алынып орындалады.

Қосып жазуды анықтаудың екі түрлі белгілері бар: жазудың белгілері және материал штрихтарының физика-химиялық қасиеттерінің белгілері.

Сарапшының шешуіне төмендегідей сұрақтар қоюға:

1.Оқырман билеті түпнұсқа болып табылады ма?

2.Оқырман билетіне өзгеріс енгізілген бе енгізілсе қандай жолмен енгізілген?

3.Оқарман билетінде не бірінші жазылған-қолмен жазылған жазу ма немесе билеттегі текст па?

4.Құжатта чернила жазуымен жазылған жазулар бар ма?

5.Құжат қалай дайындалған?

6.Құжат қайтадан печатталып шығырылуға ұшыраған ба?

7.Қайтадан шығарылған болса құжатта қандай жазулар алынып тасталған?

8.Кейбір әріптер, сандар қосымша енгізілген бе?

Билет№6

1.Сот – сарапшылық технология түсінігі. Компьютерлік технология құралдарын сот – сарапшылық зерттеулерде пайдалану.

Сараптамалардың жаңа түрлерінің пайда болуы кезіндегі дифференциация туындауының мысалы сот компьютерлік-техникалық сараптаманың (Қазақстан Республикасында қабылданған жіктеушілікке сәйкес оған компьютерлік технология құралдарының сот сараптамасы жатады) дамуы болып табылады. Қазіргі уақытта осы аталған сараптама шеңберінде мынадай түрлерге бөлу ұсынылады:

Аппараттық-компьютерлік сараптама, онын тақырыбы компьютерлік жүйенің техникалық құралдарын зерттеу кезінде анықталатын нақты деректер болып табылады.

Бағдарламалық-компьютерлік сараптама, онын тақыры­бы зерттеуге ұсынылған компьютерлік жүйенің программалық жасауын құру мен пайдаланудың зандылықтары болып табы­лады.

СКТЭ-нің негізгі түрі ретіндегі ақпараттық-компьютерлік сараптама, оның тақырыбына «компьютерлік жүйедегі ақпараттық процестерді ұйымдастыру үшін пайдаланушы дайындаған немесе бағдарламамен туындаған ақпаратты іздеу, табу, талдау жэне бағалау» барысында нақты деректерді анықтау кіреді.

Компьютерлік-желілік сараптама, оның тақырыбы іс бо­йынша шындықты анықтау үшін тергеушінің (соттың) тапсыр­масы бойынша желілік және телекоммуникациялық технологияларды пайдалануға байланысты фактілер мен жағдаяттарды зерттеуді қамтиды.

Телематикалық сараптама, «оның тақырыбы қылмыстық не азаматтық іс бойынша қандай да бір факт немесе оқиға ту­ралы ақпараттың материалдық жеткізгіштері ретіндегі телеком­муникация мен жылжымалы байланыс кұралдарын зерттеу кезінде арнаулы танымдар қолдану негізінде анықталатын нақ­ты деректер болып табылады».

           Осы кезеңде сот сараптамаларының орнығу және даму процестері кейбір ерекшеліктерге ие болады. Мысалы, сот сарапшылық салаларын білуде артықшылық рөлді объект емес (ақпараттың материалдық жеткізгішін айтамыз), іс бойынша дәлелдеуге жататын қандай да бір мән-жайлардың сарапшылық таным деңгейіндегі бейнесі болып табылатын, соңында талданатын оқиға механизмінің элементтерімен анықталатын зерттеу тақырыбы атқарады. Аталған үрдіс сот сараптамаларының жаңа тектері көп жағдайларда интегративтік міндеттер базасында туындайтындығы, оларды шешу негізгі міндеттерге қатысы бойынша аралык міндеттер денгейінде сараптаманың бірнеше түрлерінің (тектерінің) теориялык және әдістемелік ережелерін қолданумен қамтамасыз етіледі.   

           Айтылғанның мысалы, адам психикасы мен психофизиологиялық процестері күйінің сот сараптама тектерінің шегінде өзіндік дербес деңгейінде мына түрлерін: сот психологиялық-криминалистік; сот инжинерлік-психофизиологиялық; сот психологиялық-филологиялық сараптамаларды қалыптастыру мен бөлу болып табылады.

Сарапшыдан жауап алу.

ҚРҚПК 285-бап. Сарапшыдан және маманнан жауап алу

1. Сарапшыдан немесе маманнан жауап алу:
1) сарапшының немесе маманның қорытындысына байланысты іс үшін елеулі мәні бар, қосымша зерттеуді қажет етпейтін мәселелерді анықтау;
2) сарапшы, маман қолданған әдістерді және пайдаланылған терминдерді нақтылау;
3) қорытындының құрамдас бөлігі болып табылмайтын, бірақ сарапшының немесе маманның сотқа дейінгі процеске қатысуына байланысты басқа да фактілер мен мән-жайлар туралы ақпарат алу;
4) сарапшының немесе маманның біліктілігін анықтау мақсатында жүргізіледі.
2. Сарапшы мен маманнан жауап алу осы Кодекстің 210-бабының қағидалары бойынша жүргізіледі.
3. Сарапшыдан, маманнан олар қорытынды бергенге дейін жауап алуға тыйым салынады.
4. Сарапшыдан тірі адамдарға қатысты сот-психиатриялық, сондай-ақ сот-медициналық сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған, өзінің қорытындысына қатысы жоқ мән-жайлардың себептері бойынша жауап алынбайды.

286-бап. Күдіктіге, айыпталушыға, жәбірленушіге сарапшының
қорытындысын көрсету

1. Сарапшының қорытындысы немесе оның қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабары, сондай-ақсарапшыдан жауап алу хаттамасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғанға дейін күдіктіге, айыпталушыға, жәбірленушіге не осы Кодекстің 274-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген өзге адамдарға ұсынылады, олар өз ескертулерін ұсынуға, сарапшының түйіндері бойынша қарсылықтарын мәлімдеуге, сарапшыданжауап алу, қосымша немесе қайталама сараптама, сондай-ақ жаңа сараптамалар тағайындау туралы өтінішхаттарын мәлімдеуге құқылы.

360-бап. Сарапшыға оның құқықтары мен мiндеттерiн
түсiндiру

Төрағалық етушi сарапшыға оның осы Кодекстiң 79-бабында көзделген құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi және оған көрінеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертедi, бұл туралы сарапшыданқолхат алынады, ол басты сот талқылауының хаттамасына қоса тiгiледi.

11. Iс бойынша сотқа дейiнгі iс жүргiзу барысында қорытынды берген сарапшы сотқа шақырылған жағдайда, сот қорытындыны жария еткен соң, егер ол тараптардың қарсылығын туғызбаса, сараптама тағайындамауға және сарапшыданжауап алумен шектелуге құқылы.

374-бап. Сарапшыдан жауап алу

1. Сарапшыдан жауап алу осы Кодекстің 285-бабы төртінші бөлігінің талаптары ескеріле отырып, қорытынды жария етiлгеннен кейiн ғана оны түсiндiру, нақтылау немесе толықтыру үшiн жүргiзiлуi мүмкiн.
2. Сарапшыдан бiрiншi болып өтiнiшхаты бойынша сараптама тағайындалған тарап жауап алады.
3. Егер сараптама тараптар арасындағы келiсiм бойынша немесе қылмыстық процесті жүргізетін органның бастамасы бойынша жүргiзiлсе, сарапшыдан бiрiншi болып айыптаушы тарап, содан соң қорғаушы тарап жауап алады.
4. Сот жауап алудың кез келген сәтiнде сарапшыға сұрақтар қоюға құқылы.

3.Жазу үлгісін зерттеу сараптамасын тағайындау.

Қолжазуды зерттеу идентификациялық және идентификациялық емес жоспардағы мақсаттарды шешеді. Идентификациялық мәселелер қатарына қолтаңбаның немесе қолтаңбаның орындаушысын анықтау сұрақтары жатады. Идентификациялық емес зерттеулер- бұл жазушының жыныстық тиістілігі туралы, оның жасы, физикалық және басқа да ерекшеліктері,қолтаңбаның жасалу жағдайлары туралы сұрақтарды қарастырады. Автортанушылық зерттеулермен құжаттың авторы кім екендігі анықталады.

Қолжазба-бұл әрбір жазуды орындаушыға тән, оның жазба-қозғалмалы дағдыларына негізделген қолжазбаны бекітетін қозғалыстар жүйесі және оның көмегімен шартты графикалық белгілер жүзеге асырылады.

Қолжазу негізінен екі қасиетімен сипатталады-бір уақытта және бір бірінен тәуелсіз қалыптасатын жеке даралығымен және салыстырмалы тұрақтылығымен.

Хатты жазушы қалыптасып қалған жүйені, яғни бұрын өзі қалай жазса сол жүйесін бұзбастан, белгілі бір күш жұмсамастан , өзінің жазуының бұрынғы формасына назар салмай, назарының бәрін жазып жатырған сөйлемінің мағынасына аударады және өзгертілуі қиын болатын белгілердің тұрақтылығы пайда болады. Хат дағдыларының автоматтандырылуы , оның жоғары жүйке қызметі мен санасының арасындағы байланысы қолжазу мен жалпы хаттың жеке даралығы мен тұрақтылығының негізінде жатыр.

Соттық жазуды тану-бұл оның мәнін анықтайтын, заңдылықтарды тану негізінде идентификациялық және идентификациялық емес мәселелерді шешу үшін қолжазудың қалыптасуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын, хат жазу процесін зерттейтін криминалистика ғылымының бір саласы.

Қолмен жазылған жазуды зерттеу үшін, олар арқылы ақпараттар алу үшін қолжазбаның өзіне тән белгілері болады. Олар жазба сөз белгілері, қозғалыс және қолжазбаның кеңістікте орнығуы(типографиялық).

Жазба сөз. Бұл графикалық және тілдік белгілер жүйесімен жанамаланған адам қызметі. Мәтінде бейнеленетін жазба сөз белгілері автордың әлеуметтік-биологиялық және психологиялық қырларының бейнесі туралы, қолжазбаны орындау барысында оған әсер еткен сыртқы және ішкі факторлар туралы маңызды мәліметтерді қамтиды. Жеке жеке тұрған бірнеше сөз, сөз тіркестері , сөйлемдер жазба сөз белгілерін құрайтын объектілер ретінде қарастырыла алмайды. Бұл үшін 1-2 бетке жазылған және өзара мазмұнды байланысқан мәтін қажет.

Жазба сөз белгілерін шартты түрде 3 дербес топқа бөліп қарастыруға болады: 1) жазушының сауаттылық деңгейі; 2) сөздік қоры; 3) орындау тәсілі;

Сауаттылық деңгейі бойынша. Бұл жерде жазушының сөздерді қате немесе қате жазбауы, бөлек жазылатын сөздерді бірге жазуы, яғни сол жазушының грамматикалық қателіктерге жол беруі немесе жол бермеуіне байланысты болады. Бір сөзді жиі қолдануы жазушының сөздік қорының аз екендігін көрсетеді.

Орындау стилі адамның өз ойын баяндау мәнерін , жай, қысқа айтылған немесе аса мәнерлеп жазылған, күрделі болуы мүмкін сөйлемдерін құрау әдетін сипаттайды.

Хаттың типологиялық белгілері немесе қозғалыстың кеңістіктегі бағдарлану белгілері. Бұл мәтінді орналастырудың тұрақты дағдылары. Типографияны зерттеу барысында абзацтарға, жолдарға, қызыл жолдарға, бағыты бойынша жолшалардың құрылысына, олардың арасындағы өлшемдерге, сөздер арасындағы арақашықтықтардың үлкендігіне назар аударылады.

ҚОЛЖАЗУ. Оның белгілерін екіге бөлеміз

Жалпы белгілеріне:

Жасақталу деңгейі, құрылыстың күрделілігі, қозғалыстың жалпы бағыттылығы, әріптердің көлемі, олардың екпіні, қисаюы, байланыстылығы және орындалу жылдамдығы жатады.

Жекебелгілер. Нақты әріптерді немесе оның бір элементтерін орындау барысында қалыптасатын қозғалыстардың сипаттамасы. Жеке белгілер әртүрлі тұлғалардың ұқсас орындауларында кездеседі

Құрылысының күрделілігіне байланысты:

Жай. Жазу барысында олардың жазу үлгілерінің нормаларына сәйкес келуі. Ол түсінікті, анық болады.

Жеңілдетілген. Жазу белгілері мен элементтері жазу үлгілерімен салыстырғанда әлдеқайда жеңілдетілген болады.

Күрделенген. Жазу қозғалысының көбеюімен, күрделенуімен сипатталады.

Әріптер биіктігіне қарай:

Ірі көлем

4 мм жоғары

Орташа көлем

4 мм дейін

Ұсақ көлем

2 мм дейін

Сарапшының шешуіне төмендегідей сұрақтар қоюға:

1.Зерттеліп жатырған құжат расында да өмірбаян ба?

2.Өмірбаян түпнұсқа болып табылады ма?

3.Мәтін қандай жағдайда орындалған?

4.Шынымен де өмірбаянның иесі мәтіннің авторы болып табылады ма?

5.Жазуды мәтінді қандай күйде жазған?

6.Мәтінде өзгертулер болды ма, болса қандай?

Билет№7

1.Сот сарапшысына қойылатын кәсіптік және біліктілік талаптары.

12-бап. Сот сарапшысына қойылатын кәсіптік және біліктілік талаптары

1. Сот сарапшысының арнаулы ғылыми бiлiмi болуға тиiс.
2. Сот сараптамасын жүргiзу:
1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлерiне;
2) сот-сараптама қызметiн лицензия негiзiнде жүзеге асыратын жеке тұлғаларға;
3) осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда бiржолғы тәртiппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкiн.
3. Бiржолғы тәртiппен сараптама жүргiзу:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген сот сараптамалары түрлерінің тізбесінде көзделмеген сот сараптамасы тағайындалған;
2) қылмыстық, азаматтық процеске қатысушының, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның), әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргізуге қатысушының сот сараптамасы органдарының қызметкерi болып табылмайтын не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот-сараптама қызметiн лицензия негiзiнде жүзеге асыратын адамды сарапшы ретiнде тарту туралы дәлелдi өтiнiшхаты қанағаттандырылған;
3) сот сараптамасы органдарының қызметкерлерi болып табылатын, сондай-ақ сот-сараптама қызметiн лицензия негiзiнде жүзеге асыратын тиiстi мамандықтағы барлық сот сарапшыларының бас тартуы қанағаттандырылған не сот сараптамасы органы тұтастай сот сараптамасын жүргiзуден дәлелдi түрде шеттетiлген;
4) осы Заңның 49-бабына сәйкес шет мемлекеттiң сот сарапшысы тартылған жағдайларда тапсырылуы мүмкiн.
4. Осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында және 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында аталған адамдардың жоғары білімі болуға тиіс.
5. Осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдардың сот сараптамасының белгiлi бiр түрiн жүргiзу құқығына бiлiктiлiк куәлiгiмен расталатын сот сарапшысы бiлiктiлiгiнің болуы, оларды Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң комиссиялары аттестаттаған болуы және олардың Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлуі тиiс.
6. Осы баптың 1, 4 және 5-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес келетiн Қазақстан Республикасының азаматы сот сараптамасы органдарында сот сарапшысы лауазымына орналаса алады.
7. Сот сараптамасы органдарына алғаш рет жұмысқа кiретiн адамдар бiлiктiлiк емтиханын тапсырумен аяқталатын арнайы кәсiптiк даярлықтан өтедi. Арнайы кәсiптiк даярлық қағидаларын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлейдi.
8. Сот тәртiбiмен әрекет қабiлетi шектеулi немесе әрекетке қабiлетсiз деп танылған не өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам сот сарапшысы бола алмайды.
Тиiстi заңдық факт болған күннен бастап үш жыл бойына:
1) соттылығы заңда белгiленген тәртiппен өтелген немесе алынған;
2) қасақана қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
3) мемлекеттiк қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан, сот сараптамасы органдарынан терiс себептермен шығарылған;
4) сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензиядан айырылған;
5) сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензиясының қолданысы осы Заңның 16-бабының 3-тармағында көзделген негiздер бойынша тоқтатылған адам сот сарапшысы бола алмайды.

2.Сараптама тағайындаудың негіздері.

272-бап. Сараптама тағайындау тәртібі

1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган, тергеу судьясы сараптама тағайындау қажет деп тауып, бұл туралы қаулы шығарады, онда: сараптаманы тағайындаған органның атауы, сараптаманы тағайындау уақыты, орны; сараптаманың түрі; сараптаманы тағайындау үшін негіздер; сараптамаға жіберілетін объектілер және олардың шығу тегі туралы ақпарат, сондай-ақ зерттеу барысында көрсетілген объектілерді ықтимал толық немесе ішінара жоюға, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге рұқсат; сот сараптамасы органының атауы және (немесе) сот сараптамасын жүргізу тапсырылған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.
2. Қылмыстық процесті жүргізетін органның, тергеу судьясының сараптама тағайындау туралы қаулысы ол жіберілген және бұл өздерінің өз құзыретіне кіретін органдардың немесе адамдардың орындауы үшін міндетті.
3. Осы Кодекстің 271-бабы бірінші бөлігінің 2), 3) және 5) тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жәбірленушіге, куәға қатысты сот сараптамасы олардың келісуімен немесе олардың заңды өкілдерінің келісуімен жүргізіледі, көрсетілген адамдар келісімді жазбаша түрде береді.
4. Сараптаманы тағайындаған адам сот сараптамасының тағайындалғаны туралы қаулымен күдіктіні, айыпталушыны, оның қорғаушысын, жәбірленушіні, оның өкілін, сондай-ақ сараптамаға ұшырайтын куәны, оның заңды өкілін таныстырады және оларға осы Кодекстің 274-бабында көзделген құқықтарын түсіндіреді. Бұл туралы сараптама тағайындаған адам және қаулымен таныстырылған адамдар қол қоятын хаттама жасалады.
5. Сараптама өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері өкілдік ететін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын процеске қатысушылардың бастамасы бойынша тағайындалуы мүмкін. Өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері өкілдік ететін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын процеске қатысушылар қылмыстық процесті жүргізетін органға өздерінің пікірі бойынша сарапшының қорытындысы берілуге тиіс мәселелерді жазбаша түрде ұсынады, зерттеу объектілерін көрсетеді, сондай-ақ сарапшы ретінде шақырылуы мүмкін адамды атайды. Шешу үшін ұсынылған мәселелер қылмыстық іске немесе сот сараптамасының нысанасына жатпайтын жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізетін органның сараптама тағайындаудан бас тартуға құқығы жоқ. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам өтінішхат келіп түскен кезден бастап үш тәулік ішінде өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы уәжді қаулы шығарады.
6. Тергеу судьясы осы Кодекстің 55-бабы екінші бөлігінің 7) тармағында көзделген тәртіппен сараптама тағайындау туралы мәселені шешкен кезде қорғаушы тарапқа сарапшының алдына қойылуы қажет сұрақтарды жазбаша нысанда беруін ұсынады және олар бойынша процеске қатысушылардың пікірін тыңдайды.
Тараптар қай объектілердің сарапшылық зерттеуге жататынын, сондай-ақ сараптама жүргізуді кімге тапсыруға болатынын көрсетуге және сарапшыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге құқылы.
Тергеу судьясы сараптама тағайындаған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам өзінің іс жүргізуінде жатқан қажетті нәрселерді, материалдарды сарапшының билігіне береді.
7. Қылмыстық процестегі сараптама осы Кодекстің 122-бабы үшінші бөлігінің 3) тармағында көзделген тәртіппен сарапшылық қорытынды беру туралы адвокаттың сұрау салуы негізінде қылмыстық процесті жүргізетін органнан зерттеу объектісін талап етіп алдыру қажет болмаған жағдайларда жүргізіледі.
8. Қорғаушының немесе жәбірленуші өкілінің осы баптың жетінші бөлігінде көзделген тәртіппен сарапшылық қорытынды беру туралы сұрау салуды жібергені туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бір мезгілде хабардар етіледі, ол қажет болған кезде сарапшыға қосымша мәселелерді жолдайды. Қорғаушының немесе жәбірленуші өкілінің сұрау салуы негізінде берілген сарапшының қорытындысы екі данада жасалып, оның біреуі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға жолданады.
9. Өзінің бастамасы бойынша сараптама тағайындалған процеске қатысушы сарапшылық зерттеу объектілері ретінде нәрселерді, құжаттарды ұсынуы мүмкін. Қылмыстық процесті жүргізетін орган оларды осындай нәрселер, құжаттар қатарынан уәжді қаулымен алып тастауға құқылы.
10. Қылмыстық процесті жүргізетін орган ұсынылған сұрақтарды қарап, олардың қылмыстық іске немесе сот сараптамасының нысанасына қатысы жоқтарын алып тастайды, сарапшыға қарсылық білдіру негіздерінің бар-жоғын анықтайды, содан кейін осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарды сақтай отырып, сараптама тағайындау туралы қаулы шығарады.
11. Сараптаманы жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу, сондай-ақ сарапшының еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 21-тарауының қағидалары бойынша жүргізіледі. Қорғаушының немесе жәбірленуші өкілінің сұрау салуы бойынша сараптама жүргізілген жағдайларда, шығыстарды өтеу өзінің мүддесі үшін сараптама жүргізілген адамға жүктеледі.
12. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізетін орган, егер сараптама жүргізілгенде күдіктінің, жәбірленушінің, айыпталушының, куәнің қатысуы қажет деп танылса, оларды сарапшыға жеткізуді қамтамасыз етеді. Осы Кодекстің 55-бабы бірінші бөлігінің 9) тармағында көзделген жағдайларда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам сот алдында күзетпен ұсталмайтын адамды сот-психиатриялық және (немесе) сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру туралы өтінішхат енгізеді.

3.Сот сарапшысының тәуелсiздiгi.

8-бап. Сот сарапшысының тәуелсiздiгi

1. Сот сарапшысы сот сараптамасын жүргізу кезінде іс жүргізу тұрғысынан дербес, сот сараптамасын тағайындаған органнан (адамнан), сот сараптамасы органының басшысынан және басқа да адамдардан тәуелсіз болады.
2. Сот сарапшысы жүргiзiлген зерттеулердiң нәтижелерiн негiзге ала отырып, қорытынды бередi. Бұл ретте ол Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалып, жол берiлетiн зерттеу құралдары мен әдiстерiн таңдауда дербес болады.
3. Сот сарапшысына құқыққа сыйымсыз ықпал етуге және оның заңды қызметіне кедергі келтіруге жол берілмейді және заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

Билет№8

1.Сот сараптамасын жүргізу кезінде адамның медициналық ұйымда болу мерзімдері.

37-бап. Сот сараптамасын жүргізу кезінде адамның
медициналық ұйымда болу мерзімдері

1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ерекше жағдайларды қоспағанда, адам сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргiзу үшiн медициналық ұйымда отыз тәулiкке дейiнгi қажетті мерзiмге орналастырылуы мүмкiн.
2. Ерікті түрде сот сараптамасына тартылған адам үшін көрсетілген мерзімді ұзартуды оның келісімімен, сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сараптамасы органы басшысының не сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылмайтын сот сарапшысының (сот сарапшыларының) дәлелдi өтiнiшхаты бойынша жүзеге асырады.
3. Сот сараптамасын жүргiзу үшiн медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастырылған адамдардың онда болу мерзiмiн ұзарту Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Сот сараптамасын жүргiзу үшiн медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастырылған адамның онда болу мерзiмiнiң, сондай-ақ осы мерзiмдi ұзарту тәртiбiнiң бұзылуына аталған адам, оның қорғаушысы, заңды өкiлi немесе iске қатысуға жiберiлген өзге де өкiлдер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен шағым жасауы мүмкiн.

 

2.Сот сарапшысының құқықтары мен міндеттері.

18-бап. Сот сарапшысының құқықтары

1. Сот сарапшысының:
1) сот сараптамасының нысанасына қатысты іс материалдарымен танысуға;
2) қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды өзіне беру туралы өтінішті мәлімдеуге;
3) қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның) рұқсатымен іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге және сот отырыстарына қатысуға және оларға қатысушы адамдарға сот сараптамасының нысанасына қатысты сұрақтар қоюға;
4) өзі қатысқан іс жүргізу әрекетінің хаттамасымен, сондай-ақ тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеттері мен айғақтарының толық және дұрыс көрсетілуіне қатысты оларға енгізілуге жататын ескертулер жасауға;
5) сараптаманы тағайындаған органның келiсiмi бойынша сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, іс үшін маңызы бар, сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда, ұйғарымда қамтылған мәселелердің шегінен тыс мән-жайлар бойынша өз құзыретi шегiнде қорытынды беруге;
6) ана тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақтар беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға, одан бас тартуды мәлімдеуге;
7) сот сараптамасын жүргізу кезінде қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның) және істі жүргізуге қатысатын өзге де адамдардың өзінің құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттеріне шағым жасауға;
8) сот сараптасын жүргізу кезінде келтірілген шығындарға өтем және егер сот сараптамасын жүргізу өзінің лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмысы үшін сыйақы алуға құқығы бар.
Сот сарапшысының заңмен көзделген өзге құқықтары да болады.
2. Сот сарапшысы:
1) қылмыстық процесті жүргізуші органды, сотты, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органды (лауазымды адамды) хабардар етпестен, сот сараптамасын жүргізуге байланысты мәселелер бойынша процеске қатысушылармен келіссөздер жүргізуге;
2) зерттеу үшін материалдарды дербес жинауға;
3) егер сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) оған арнайы рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара жоюға не олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеп соғуы мүмкін зерттеулер жүргізуге;
4) сот сараптамасын тағайындаған органды (адамды) қоспағанда, сот сараптамасының нәтижелері туралы кімге де болсын хабарлауға құқылы емес.

19-бап. Сот сарапшысының міндеттері

Сот сарапшысы:
1) қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге;
2) өзіне ұсынылған объектілерге жан-жақты, толық және объективті зерттеу жүргізуге, өзінің алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген жазбаша қорытынды беруге;
3) заңмен көзделген жағдайларда, қорытынды беруден бас тартуға, қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді жазбаша хабарлама жасауға және оны сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) жіберуге;
4) жүргізілген зерттеуге және берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге;
5) зерттеуге ұсынылған объектілердің сақталуын қамтамасыз етуге;
6) iстiң мән-жайлары туралы мәлiметтердi және сот сараптамасын жүргiзуге байланысты өзiне белгiлi болған өзге де мәлiметтердi, оның ішінде мемлекеттік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге;
7) сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) сот сараптамасын жүргізу кезіндегі шығыстардың сметасын және келтірілген шығыстар туралы есепті табыс етуге міндетті.

3.Атылатын қару-жарақтардың түрлері.

Сот баллистикалық сараптамасының пәні болып, келесілерді анықтауға байланысты жағдайлар болып табылады:

-заттарды атыс қаруына, оқ дәріге жатқызу фактісі;

-нақты бір атыс қаруының атуға жарамды екендігін анықтау;

-қаруды жасау тәсілдері немесе оның жағдайының өзгерту фактісі;

-қарудың маркасы, түрі, моделі;

-қарудың жеке сәйкестігі;

-оқ дәрінің сәйкестігі;

-қарудың бөлшектерінің нақты бір қаруға тиесілілігі;

-атыс қаруын және оқ дәріні қолдана отырып жасалған істер бойынша қылмыстық жағдайлардың механизмінің элементтері;

Сот баллистикалық зерттеу объектісі болып негізінен ату және атылу мүмкіндігімен байланысты заттай дәлелдемелер табылады. Зерттеу объектілері келесідей топтарға бөлінеді:

Атыс қарулары

Оқ дәрі жабдықтары(патрондар), шикі заттар,материалдары,қару жарақ пен оқ дәріні дайындау кезінде қолданылған құралдар

Ату құралдарын қолдану іздері

           Оқиға болған жерден табылған қару-жарақты қарау кезінде міндетті түрде төмендегідей тәртіп талаптары сақталуы тиіс:

-қаруда қалған іздер: қол іздері, қан тамшылары мен басқа да дененің ұсақ бөлшектері( тері, мый және т.б.) өшіп қалмас үшін оқпанның ауызғы бөлігінен (оқ шығатын) ұстауға болмайды, сонымен қатар, өзінің қол іздерінің қару бетіне түсіп қалмауы үшін қаруды кедір-бұдыр жерінен немесе шетінен, болмаса қолға қолғап киіп ұстау қажет;

-қарудың оқпанын өзіне немесе басқа да адамдарға қаратыпұстауға болмайды, оны жоғары қаратып ұстау қажет.

-қару оқпанына қандай да бір заттарды кіргізуге, тығуға, салуға болмайды, бірақ оқпанның ішіндегі күйе, порох және т.б. бөлшектерді жоғалтып алмас үшін оқпан ұңғысына абайлап қалпақ кигізу керек;

-міндетті түрде қарудан оқты алып тастау қажет.

-қару оқпанын ешқандай затқа тығуға болмайды;

-шаппалы күршікке, атқыш ілмекке тиісуге болмайды;

-қаруды құлатуға болмайды;

Қару табылған кезде түйінді және детальды фототүсірілім ережелері сақтала отырып масштабты сызғышты қолдану арқылы фотосуретке түсіріледі. Фотосуретке қарудың табылған жері, қару түрімен қатар, оның бөлшектері, яғни оқпан, серіппе ,бекітпе және т.б. жағдайлары көрсетіле отырып түсірілуі қажет. Қару соққысының немесе оның құлау іздерін анықтау үшін қоршаған ортадағы барлық объектілер-еденнің, құмның беткі қабаттары қаралады. Содан кейін екі бағыттағы жылжымайтын объектіге және мәйіттің қолына дейінгі арақашықтық анықталады.

Қаруды қарау үшін оны таза қағаз үстіне қойып тексеру керек. Хаттамада басқа да объектілерінің табылған жері туралы мәліметтер жазылады. Тергеуге қажетті объектілер арнайы пакеттерге салынады және түйіледі. Қарудан магазині шығаралады және патрон салғыштан патрондар алынады. Хаттамада магазин ішінде қалған патрондар саны және олардың маркелік т.б. белгілері жазылады. Хаттамада патрондардың орналасу жүйесі , маркелік белгілері және жеке құрылымдық ерекшеліктері анықталады және жазылады.

Қарудың атылу мерзімін анықтау үшін ол қаруды сүртуге және тазалауға болмайды. Сол және басқа да сұрақтарды шешу үшін қару оқпандары жабыстырғыш ленталар арқылы бекітілген қағаз қалпақтарымен жабылуы керек. Қарудың мерзімін анықтау үшін ол қару жедел түрде сараптамаға жіберілуі тиіс, себебі ол сұраққа жауапты алғашқы 5 тәулікте ғана анықтау мүмкін болады.

Оқиға болған жерден атыс қаруы табылған жағдайда хаттамаға келесідей мәліметтер міндетті түрде көрсетіліп жазылуы тиіс:

 -қару табылған жер, оның жағдайы, оқпан ұңғысының қай тұсқа қарай орналасқандығын;

-завоттық немесе қолдан жасалынғандығын анықтау;

-моделі, колибрі мен нөмері;

-металының және сыртқы қабатының түсі, жағдайы, тұтқасында және оқпанында зақымдану іздері бар ма, жоқ па екендігі;

-механизм жағдайы;

-магазиндегі, патрон салғышта патронның бар немесе жоғы;

-оқпан ойығының бағыты мен саны;

-оқпан ұңғысының жай-күйі;

-оқпан ұңғысынан күйік иісі сезіледі ме немесе басқа да бөгде зат іздерінің болуы;

Атыс қаруын төмендегідей жіктеуге болады:

Автомааттандыру деңгейі бойынша:автоматтандырылған, өзі оқталған, автоматтандырылмаған.

Заряд саны бойынша:бір зарядтық, көп зарядтық.

Ұңғысының орналасуы бойынша: горизонталды және вертикалды орналасқан.

Ұңғы саны бойынша:бір, екі, көп ұңғылы.

Ұңғы колибрі бойынша:кіші колибрі-6,5 мм дейін, орта колибрлі-9 мм дейін, ірі колибрлі-9 мм жоғары.

Ату саны бойынша:дара, сериялық, үзбей.

Жасалу тәсілі бойынша: зауыттық, қолөнер, қолдан жасалған.

Мақсаты бойынша: жауынгерлік, аңшылық, спорттық, қылмыстық.

Қарулар мен оқ дәрілерді сараптамаға жіберу үшін тергеуші сараптама тағайындау туралы қаулыны ҚРПК нің 271, 272 баптарында баяндалған ережелер бойынша толтыру қажет.

Қаулыда мына мәліметтер жазылуы қажет:

-істің жағдайын сипаттап жазу;

-күдіктінің аты, фамилиясы, әкесінің аты;

-жіберіліп отырған қарудың системасы мен нөмері;

-жіберілген заттай дәлелдемелердің тізімі;

-сарапшы шешуге тиіс мәселелер;

Сараптама тағайындау туралы қаулымен бірге оқиға болған жерді көру хаттамасының көшіресі мен орынның жоспар схемасын жіберу ұсынылады.

 

Билет№9

1.Іс жүргізу негіздері бойынша сот сараптамаларын жіктеу.

Іс жүргізу негіздері бойынша сот сараптамаларын жіктеу.

Қылмыстық іс жүргізу заңы (ҚІЖК-нің 249, 250, 255-баптары) және Қазақстан Республикасының «Сот сараптамасы тура­лы» Заңы (Заңның 8-бабы) сараптамаларды жіктеуді мына іс жүргізу істері бойынша қарастырады:

 қатысатын сарапшылардың саны бойынша (жекелік және комиссиялық);

 пайдаланатын арнаулы білімдердің сипаты бойынша (біртекті және кешенді);

жүргізілетін зерттеулердің көлемі бойынша (негізгі және қосымша);

жүргізудің жалғастығы бойынша (бастапқы және кайталама).

Жеке сараптаманы сарапшы жеке өзі жүргізеді (КІЖК-нің 249-бабы 1-6.). Комиссиялық сараптаманың мынадай айрықша белгілері бар:

оны бір мамандықтағы екіден кем емес сарапшылары жүргізеді (мамандандыру).

оны жүргізу күрделі зерттеулер қажеттілігі жағдайында бо­лады (пайдаланылатын әдістеменің аса қиындығы, іс үшін са­раптама нәтижелерінің аса мәнділігі) (ҚІЖК-нің 249-бабы 2-6.);

сараптаманы жүргізу әрбір сарапшының толық көлемде зерттеу жүргізуді және тұжырымдарды шығару мен қорытынды беру кезінде шешімді алқалы қабылдауды қарастырады.

           Заң қайталама сараптамаларды, сондай-ақ адамның есі дұрыстығы туралы сұрақ бойынша сот-психиатриялық сараптама­ларды жүргізудің міндетті комиссиялық тәртібін көздейді (ҚІЖК-нін 249-бабы 3-б.).

           Біртекті сараптама оны жүргізу процесінде арнаулы білімдерді пайдаланудың біртектілігімен сипатталады.

           Кешенді сараптаманың ерекшелігі іс үшін мәні бар бір мән-жайды анықтау үшін, арнаулы ғылыми білімдердің әр түрлі салалары негізінде зерттеу үшін, демек, әр түрлі мамандықтағы сарапшыларды тарту қажеттілігі болып табылады (ҚІЖК-нің249-бабы 1-6.).

Кешенді сараптамаға тән белгілер:

өндіріске әр түрлі мамандықтағы бірнеше сарапшының қатысуы;

сарапшының жеке өзінің, сонымен бірге басқа сарапшы­лардың жүргізген зерттеулері негізінде қорытынды беру.

           Кешенді сараптама, көбінде, сарапшылардың алдына қойылған негізгі міндеттерді шешу үшін қажетті аралық міндеттерді шешу кезінде, сараптамалардың бірнеше кластарының (тектерінің, түрлерінің) теориялық және әдістемелік ережелерін қолданумен қамтамасыз етілетін жаңа міндеттерді шешу үшін жүргізіледі.

           Бірінші кезеңде талданатын оқиға механизмінің элементтерін анықтауға бағытталған күрделі интеграциялық міндеттер кешенді сараптамаларды жүргізу арқылы іске асырылады, содан соң, технологияны өңдеу және тиісті сот-сарапшылық саланы қалыптастырғаннан кейін, сот-сарапшылық білімнің бір аумағында жинақталатын сараптамалар қатарына көшеді.

           Осы айтылғанның көрінісі объектілердің бірыңғай шығу көзі мен өзара түйіспелі әрекет ету фактісін анықтау бойынша міндеттер базасында қалыптастырылған материалдар, заттар мен бұйымдардың криминалистік сараптамасының пайда болуы мен дамуы болып табылады. Дәл осылайша көлік құралдарының соқтығысу кезінде түйіспелі ситуацияның жалпы механизмін анықтау бойынша интеграциялық міндеттер де сот көлік-трасологиялық сараптаманы құрудың алғышарты болды.

Кешенді сараптамалар біртекті разрядқа өтпей, ұзақ мерзім тұрақты сипатта болуы мүмкін. Оларға, негізінде, сараптамалардың әр түрлі кластары қарастыратын арнаулы ғылыми білімді пайдалануды талап ететін ведомствоаралық сараптамалар жа­тады. Оның мысалы, ЖКО сәтінде көлік құралының рөлінде отырған адамды анықтау бойынша кешенді медициналық-криминалистік сараптамалар болып табылады.

Кешенді сараптаманы іс бойынша сараптамалардың кешені мен кешенді зерттеуден айырып білу керек. Сараптамалар кешені дегеніміз, бір, сонымен бірге әр түрлі объектілерді зерттеуді көздейтін бір іс бойынша жүргізілетін сараптамалар­дың қатарын түсінеміз. Мысалы, кісі өлтіру істері бойынша, негізінде, сот-медициналық, трасологиялық, материалтану, молекулярлық-генетикалық сараптамалар тағайындалады.

Кешенді зерттеу дегеніміз, біртекті комиссиялық немесе жеке сараптамалар шеңберінде бір объектіні зерттеу үшін әдістер кешенін пайдалану болып табылады. Мысалы, металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдар металлографиялық, рентгенографиялық және спектрлік әдістерді пайдалануды көздейді.

Қосымша сараптама тек негізгі сараптама жүргізілгеннен кейін тағайындалады. Қосымша сараптаманы жүргізудің негіздемесі сарапшы қорытындысының жеткілікті түрде айқын немесе толық болмағаны, сондай-ак осының алдындағы зерттеумен байланысты қосымша мәселелер туындауы болып табы­лады (ҚІЖК-нің 255-бабы 1-6.). Қосымша сараптама тек екінші емес, сонымен бірге үшінші және солайша ретпен кете беруі мүмкін.

Сарапшы қорытындысының анық еместігі онын тұжырымдарының дәл еместігінен көрінеді және ол қорытындыны түсіндіру арқылы жойылады.

Сарапшының қорытындысын түсіндіруі оның көрсетулері арқылы:

сарапшының таңдаған әдістемесінің;

оның қолданған ғылыми-техникалық кұралдарының;

анықталған белгілерінің;

сарапшының бағалау критерийлері және олардың жиынтығының;

жеке терминдер мен тұжырымдарының мағынасы мен мәні ашылады.

Егер сарапшы алдына қойылған сұрақтардың кейбіреуін шешусіз қалдырып, олардың көлемін азайтып, барлық объектілерді зерттемеген кезде қорытынды толық емес болып есептеледі. Тапсырма көлемін азайтумен көрінген осы аталған толық еместік сарапшы тұжырымына өздігінен сенімсіздік келтірмейді.

Қорытындының қосымшасы дегеніміз қорытындыда жоқ, бірақ жүргізілген зерттеулерден шығатын тұжырымдар мен олардың негіздемелері.

Қосымша сараптаманы тағайындау әрдайым бұрын жүргізілген зерттеуге қатысты сұрақтардың тууымен байланысты бола бермейді. Оның негізі тергеу қажеттілігінің кеңеюінен, оның ауқымына жаңа объектілерді енгізумен болған қосымша сұрақтардың қойылуы болып табылады.

Әдебиеттерде мұндай зерттеулердің табиғаты жөніндегі сұрақ біржақты шешілмейді. Бір авторлар (Ю. К. Орлов, А. Р. Шля­хов) мұндай жағдайларда қосымша сараптама жүргізу кажет десе, екіншілері (И.В. Виноградов, Г.И. Комаров, Н.А. Селива­нов) жаңа, жеке өзіндік қажет деп есептейді.

Біздің ойымызша, проблеманы дұрыс шешуді Ю.К. Орлов ұсынған секілді. Ол қосымша сараптаманың мақсатынан шығу керек, ал оның соңы үнемділік (мұндай жағдайларда сарапшы объектіге қайталама зерттеу жүргізбей-ак, бастапқы қорытындыға сілтеме жасайды) болып табылады деп әділ есептейді. Сондықтан да, егер жаңа сұрақтарды шешу кезінде белгілі бір шамада алдындағы зерттеулердің нәтижелері пайдаланылуы мүмкін болса, онда сараптама қосымша болып табылады.

Қайталама сараптама сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізді болмағанда не оның дұрыстығы күмәнді болған не сараптаманы тағайындау мен жүргізудің іс жүргізу нормалары елеулі түрде бұзылған жағдайларда дәл осы объектілерді зерттеу және дәл осы мәселелерді шешу үшін тағайындалады (КДЖК-нің 255-бабы З-б.).

Қайталама сараптама тағайындалған кезде сарапшының ал­дына бұрын қолданылған зерттеу әдістерінің ғылыми негізділігі туралы сұрақ қойылуы мүмкін.

Сарапшы қорытындысының дұрыстығы іс бойынша жиналған өзге дәлелдемелерді онымен салыстыру кезіңде бағаланады.

Сарапшы қорытындысының негізділігін бағалау оны оқып зерттеу мен бағалау кезінде жүргізіледі. Процесті жүргізуші орган мына мән-жайларға: сұрақтардың сарапшының ғылыми кұзыретіне кіруіне; оның зерттеу міндеттерін дұрыс түсінуіне; зерттеудің толықтығы мен жан-жақтылығына; зерттеу нәтижелерінің жасалған тұжырымға сәйкестілігіне назар аударады. Осы аталған шарттардың кез келгенін бұзу қорытындыны негізсіз деп тануға негіз болып табылады. Осы аталған себептер бойын­ша қорытындының негізсіздігін процестің кез келген құқықтық өкілеті бар қатысушысы мәлімдей алады.

Сарапшының қорытындысымен келіспеу себептері көбінде:

құзыреттілігі мен объективтілігі күмән тудыратын сарап­шының жеке басы туралы деректер;

алғашқы мәліметтердің күмәнділігі;

қорытынды мен іс бойынша өзге дәлелдемелер арасындағы қарама-қайшылықтардың болуы;

жүргізілген зерттеу сапасының тиісінше болмауы болып табылады.

Қайталама сараптама тағайындаудың бір даулы негіздерінің бірі оны жүргізу кезінде болған іс жүргізудің елеулі бұзушылықтарын анықтау болып табылады. Бұл негіздеме заңмен көзделген, алайда мұндай жағдайда іс жүргізу бұзушылықтарына дифференциалды түрде келу кажет. Егер олар жойылмайтын болса (мысалы, сараптамаға бұрмаланған жалған заттай дәлел­демелер болған), онда сарапшының қорытындысы дәлелдеме­лер қатарынан шығарылады және еленіп бағаланбайды. Мұндай жағдайда жаңа тағайындалатын сараптама бастапқы сараптама болады.

Сот сараптамаларының орнығуы мен дамуының заңдылықтары жалпы теория аумағындағы, сондай-ақ жалпы ғылыми заңдар ерекшелігінің көрінуіне сәйкес өтетін білімнің сот-сарап­шылық салаларындағы ғылыми білімнің даму процестеріне негізделеді.

Сарапшылық практиканың негізі болып табылатын ғылыми білімнің дамуы үшін сарапшылық білімнің дифференциациясы мен интеграциясы және ғылыми танымдағы субъектілік-объектілік қатынастары заңының үлкен мәні бар.

Дифференциация мен интеграция факторларының әрекетін сот сараптамасы саласындағы білім дамуының талдау және синтетикалық үрдістері анықтайды. Олардың әрекеттерінің бағыттары «зат - объект - әдіс» танымдық жүйенің барлық элементтері болып табылады. Дифференциация факторы тереңдеу үрдісін, объектілер туралы білімдерді нақтылауды, олардың байланысы мен қарым-қатынастарын көрсетеді.

Сот сараптамасындағы білім дифференциациясының база­лық нысаны объектілер түрлерімен сәйкес олардың шоғырлануы, объектілердің жақтары мен қасиеттеріне сәйкес зерттеу бағыттарының бөлшектенуі болып табылады. Дифференциа­ция соңынан объект бойынша зерттеу тақырыбының бөлінуі, оның нақтылануы, сарапшылық зерттеу аясына таным құралдарын тарту болады. Дифференциация процестері білімдердің қорытындылауы, кешенділігі, нығыздалуы талаптарын көрсететін интегративтік процестермен жалғасады.


Дата добавления: 2018-05-12; просмотров: 902; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!