Ми абцессі, спинальді эпидуральды абсцесс 13 страница



Гипотимия—абыр-жу, үрей, торығу, жабырқау күйі.   1.3.20 Неврологиядағы негізі зерттеу әдістері.   Компьютерлік томография-рентген сәулесіне негізделген ағзаның қабатты(послойный)диагностикалық әдісі. КТ көрсеткіштер: -бас миының жарақатыныңмүмкін болу салдары:бас сүйек ішілік,суборохнайдальды,субдуральды қан құюлар кезінде; -операция эффективтілігін бақылауда; -ісікке күдіктенгенде; -қабынулық прцесстерде; -жедел қан айналым бұзылуларында. Магнитті резонансты томография-ішкі органдар мен тіндерді зерттейтін томографиялық әдіс. Бұл әдіс көмегімен сау және зақымданған тіндерді ажырату мүмкіндігі арта түседі.Мидың әртүрлі жазықтықтағы кесінді көрінісін көруге болады. Көрсеткіштер: -мидың қан тамыр аурулары,қан құюлулар,геморрагиялық,ишемиялық инсульт; -бас ми ісіктері, -бас ауруы; -нерв жүйесінің ісік аурулары; -эпилепсия; -шашыранды склероз; Электроэнцефалография-бас миының биопотенциалдарын тіркейтін әдіс. Қалыпты жағдайда биопотенциалдар симметриялы болып келеді.ЭЭГ ми қыртысының нейрондарының жалпыфунциональды активтілігін сипаттайды.     2.1.1. Ми қан айналымының өтпелі бұзылыстары-кезінде ми зақымдануының белгілері бірнеше минут, сағат өткен соң тегіс жойылады. Пайда болуына кішігірім қанқұйылулар, аздаған жібу ошақтары, гипертониялық криз әсер етеді. Оларға: транзиторлы ишемиялық шабуыл; гипертониялық церебральды криз; жедел гипертониялық энцефалопатия жатады. ТИШ- тұрақсыз жалпы милық және ошақтық белгілермен көрінетін, 24 сағат ішінде өткінші болып өтетін ми қанайналым бұзылысы. Патогенезінде: тамырдың белгілі бір бөлігінде тромб не эмбол қалыптасады, ол мидың дистальды бөліктеріне қанның жүруіне кедергі жасайды. Соның нәтижесінде мида гипоксия болып, қызметін бұзады. Қан тамырларында қан ағымының кемуіне байланысты ошақтық неврологиялық симптодар болады. Ішкі ұйқы артериясы қанмен қамтитын аймақта болатын өткінші ишемиялық ұстама патологиялық ошаққа қарама-қарсы жақтағы қол не аяқтағы тұрақсыз парез бен сезімділіктің бұзылғандығы арқылы білінеді. Өткінші ишемиялық ұстамаларға: синкопалдық жағдай, бас айналу, тепе-теңдің бұзылу, атаксия, нистагм, фотопсия тән. Ауырлық дәрежесі 3ке бөлінеді: 10мин соң қалпына келетін бұзылыстар; 10 мин бастап,кейде бірнеше сағатқа созылатын, бірақ 24 сағ ішінде қалпына келетін орташа бұзылыстар; жеңіл ошақтық бұзылыстар. Диагностика: реоэнцефалография, ультрадыбыстық доплерография, КТ, МРТ. 2.1.2.Ишемиялық инсульт-белгілі бір ми қан тамырларының бассейнінде қанның азаюына байланысты жедел дамитын қан айналысының бұзылысы. Бассейн арқылы қанмен қамтылатын аймақта инфаркт тектес деструктивті ошақ қалыптасады. Этиологиясында: атеросклероз, АГ, бітеліп қалған тромбоангит, ревматизм, түйінді периартерит, қант диабеті, нейросифилис. Патогенезінде: мидағы қан жүрісінің кемуі. Тінде оттегі қажеттілігі мен оны тасымалдауда алшақтық пайда болғандықтан, атеросклероздан өзгерген тамырлар аймағындағы нерв тіні ишемияланады. Клиникасы: түнде және шұғыл басталады. Бас ауру, бас айналу, аз уақыт есте сақтау қабілеті бұзылады, аяө-өолда парестезия, әлсіздік, құлақ шулау, көз қарауыту. Бірнеше сағат не тәуліктен соң аурудың бір жақ қол-аяғы салданады, сөзі бұзылады, бұлшық ет пен сіңір рефлекстері төмендейді. Тексеру: неврологиялық, бас миының прецеребральді артерияларын дуплексті және триплексті ультрадыбысты сканирлеу, ангиография, ЭКГ, ЭхоКГ, ликворды зерттеу, көз түбін тексеру, қан мен несеп анализдері. 2.1.3.Геморрагиялық инсульт-ми мен оның қарыншаларына немесе қабықасты кеңістігіне кенеттен қан құйылудың салдарынан болады. Себептері: артериялық гипертония, атеросклеробен қабаттасуы, геморрагиялық диатездер, аневризмалар, инфекциялық-аллергиялық васкулиттер. Патогенезі 2 жағдайға байланысты: 1- тамырлардың қоректенуін бұзатын ангиоспазм, 2- ми тамырларының иннервациясы бұзылуы мен қан қысымын кенеттен көтерілуіне байланысты оттегіні тасымалдау жеткіліксіз болғандықтан дистрофиялық өзгерістердің пайда болуы. Осының салдарынан қан қысымы күрт көтеріледі де, миға қанның ақырын сіңуі не тамыр жарылуына байланысты құйылуы байқалады. Клиникасында: күндіз басталады, есінен танып қалады, кома жағдайына түседі, беті қызарған, қан қысымы көтерілген, тамыр соғысы слбыр, тынысы тарылған, көз қарашығы кеңуі, нистагм, салданған жақта бұлшық ет тонусы мен сіңір рефлксі төмен, аяқ ұшында патологиялық рефлекстер, құсу, эпилептикалық талма, менингеалдық симптомдар. Тексеру: неврологиялық, бас миының прецеребральді артерияларын дуплексті және триплексті ультрадыбысты сканирлеу, ангиография, ЭКГ, ЭхоКГ, ликворды зерттеу, көз түбін тексеру, қан мен несеп анализдері. 2.1.4.Мидың созылмалы ишемиясы-дисциркуляторлы энцефалопатия қан айналысының үдемелі бұзылуы ретінде қарастырылады. Ол ми тінінде ұсақ ошақты некроздар туғызатын қан айналысының үдемелі жеткіліксіздігімен білінеді. Этиологиясы: артериялықгипертония, қант диабеті, атеросклероз, қан аурулары, темекі, ішімдік. Патогенезі: ангиоспазм, бас пен мидың магистральдық қан тамырларының бітеліп қалуы, қайталана беретін микротромбоздар мен тромбоэмболиялар, қан құйылған ұсақ ошақтар, бас сүйек қуысы мен омыртқа өзегінен вена қан ағысының қиындауы жатады. Қан айналысы жеткіліксіздігі және оған байланысты үдемелі гипоксия уақыт өте глиялық элементтердің қосымша реакциясы және ұсақ кисталар мен глиялық тыртықтардың қалыптасуы, нерв клеткаларының ишемиялық атрофиясы пайда болады. Клиникасында: 1-кезеңде: бас ауру, бас айналу, есте сақтау қабілеті бұзылу, тепе-теңдік бұзылу, бет пен сіңір рефлекстерінің ассиметриясы. 2-кезең: тез шаршап қалу, есте сақтауы төмендей береді, ашуланшақ, интелекттік өзгерістер. 3-кезең: жоғарыда айтылғандар үдейді, алжасу айқын білінеді, бульбарлық синдромдар. Диагностика: көз түбін тексеру, электро және реэнцефалограмма , ЭКГ, доплерография, КТ, МРТ. 2.1.5.Тамырлық деменция- орталық жүйке жүйесінің бұзылысы, кемақылдылықпен және бас миының тамырлық бұзылыстарымен жүреді. Негізгі себебі: ми артерияларын тромбпен не ауа эмболиямен біеліп қалу нәтижесінде инсульттің пайда болуынан нерв клеткаларында жедел қан айналымның бұзылысы. Осыдан соң тамыр жарылып, қан миға құйылып, нерв клеткалары өледі. Бұл көбіне инсультті бастан өткергендерде даму қаупі жоғары және де ұзақ уақыт бойы созылмалы ми ишемиясымен ауыратындарда кездеседі. Тағы бір себебі-бас миында қанайналым әлсіздігі, яғни үнемі жүрек жеткіліксіздігімен бірге жүретін соның нәтижесінде қан айналымдағы қан көлемі мен артериялық қысым төмендейді. Содан бас миының шеткері артерияларында қанайналым әлсіздігі ұзақ уақыт бойы сақталып, кей бөлімдері қажетті оттегіне ала алмағандықтан нерв клеткалары көптеп өледі. Клиникасында: естің, ойлау, сөйлеудің бұзылысы, айналасындағы адамдарға қатынасы өзгереді, өзін-өзі күте алмайды бір адамның күтімін қажет етеді, гемипарез, патологиялық рефлекстер, қозғалысының және жүрісінің өзгерісімен көрінеді. Диагностикасында: неврологиялық тексеру, қан анализі, КТ, МРТ. 2.1.6.Полиневропатиялар-баяу салданулар немесе парездер мен сезімділік, вегетативтік және трофикалық бұзылыстардың аяқ-қолдың төменгі бөлшектерінде басым байқалумен сипатталатын шеткі нервтердің көптеп зақымдануы. Этиологиясында: инфекциялар, уыттанулар, бауыр мен бүйректің созылмалы аурулары, коллагеноздар, генетикалық ферменттік ақаулар, зат алмасу бұзылыстары нәтижесінде пайда болады. Клиникасында: дене қызуы 38-40-қа көтеріледі, денесі, аяқ-қолда ауырсыну, бас ауру, асқазан ішек жолы бұзылыстары. Аурудың 3-күні қол-аяқта парестезиялар, сіңірлік және периосталдық рефлекстер төмендейді, беткей, терең бұзылыстар. Қол-аяқ ұшындағы бұлшық еттердің семуі, вегетативтік-трофикалық бұзылыстар және сезімділік бұзылыстары тән. Диагностикасында: неврологиялық тексеру: бұлшық еттің күшін, қозғалысты, сезімталдықты, нервтерді; электронейромиография, рентгенография, КТ. 2.1.7.Шынтақ нервінің компрессиялы-ишемиялық невропатиясы(кубитальды туннельдік синдром, кешеуілдеген ульнарлық-кубиталдық жарақаттық салдану) — нервтің шынтақ өсіндісі мен тоқпан жіліктің ішкі айдаршығы арасын керіп тұратын жуанданған (буылтықтанған) үш бұрышты жалғама астындағы шынтақ өзегінде қысылуы. Велосипед тебетіңдерде, машинисткаларда және телефонисткаларда шынтақ буынын жиі бүгіп-жазудан пайда болады. Оның дамуында шынтақ жарақаттары мен тоқпан жіліктің ішкі айдаршығының сынуы маңызды ролъ атқарады. Сынғаннан кейін көп уақыт өткенде тоқпан жіліктің төменгі белігі деформациялануына байланысты нерв кешеуілдеп зақымданады. Айыршық үсті - шынтақ өзегінде (науасында) шынтақ нервінің тітіркенуі мен қысылуы білек пен қол ұшы ішкі жағында және IV, V саусақтарда ауырсыну мен парестезиялар арқылы білінеді. Олар шынтақ буынын бүгіп, созғанда өрши түсіп, суық ауаға шыққанда күшейеді. Сүйекаралық және құрт тәрізді бұлшық еттер, гипотенар және бас бармақты қозғайтын бұлшық ет семіп қалады. Шынтақ нервінің төменгі бөлігінің компрессиялы-ишемиялық невропатиясы(білезіктің ульнарлық туннельдік синдромы, Гюйон синдромы) - нервтің бұршақ тәрізді сүйек, ілмек тәрізді сүйектің ілмегі және алақандағы карпорадиалдық жалғама арқылы құрастырылған Гюйон арнасында қысылуы. Бұл синдромның қалыптасуына бұрауыштарды, қысқаштарды, тістеуіктерді пайдалану, қайталана беретін батыра қысу, таяқ пен балдақты пайдалану, V метакарпаралдық сүйектің сынуы, бұршақ тәрізді сүйек пен сүйектер арасы өзегіндегі тканьдердің теактивті-қабынып ісінуі, ревматоидтық артриттер немесеқол ұшындағы шынтақты бүгуші бұлшық еттің сүйекке бекитін түсында бұршақ тәрізді падагралық түйіншектер пайда болуы әсер етеді. Кәрі жілік нервінің компрессиялы-ишиемиялық нейропатиясыиықтың ортаңғы үштен бірі деңгейінде осы нервтің қысылуынан жиі байқалады. Әдетте ол түнде жайсыз төсекте ұйықтағанда ұзақ уақыт қысылудан пайда болады. Нерв қолтық асты шұңқыры аймағында өте сирек зақымданады ("балдақ қолданудан салдану"). Шиыршықты өзек аймағында қысылуына байланысты кәрі жілік нервінің зақымдану симптомдары кейбір спортшыларда (теннисші, т.б.) немесе кәсіби кол жұмысына қатысты адамдарда пайда болады. Зақымдандыратын қимылдарға білек жазылуыньщ қол ұшының пронациясы мен алақанға қарай бүгілуіне қабаттасуы жатады. Олар супинатор синдромының пайда болуына әсер етеді. Супинатор синдромы шынтақтың сырты мен білектің арт жағындағы ауырсыну арқылы сипатталады. Диагностикасында: неврологиялық тексеру, электронейромиография, ренгенография, КТ. 2.1.8.Бет нервісінің невропатиясы- беттің бір жағындағы бірнеше немесе барлық мимикалық бұлшық еттердің қимыл қызметінің бұзылысы орын алғанда бет нервісінің салдануы (параличі) болады. Себебі: инфекциялар, уыттанулар, жарақат, суықтау, қан тамырлық процестер. Патогенезі: тоңазу бет нервін қанмен қамтамасыз ететін қан тамырларының ұзақ ширығуынан шартты патогендік немесе тыныштық жағдайындағы инфекцияның белсенділігін арттырады. Нерв жарғақ қуысына өте жақын орналасқандықтан осы маңайда болатын әр түрлі қабыну үрдісі бет нервін оңай зақымдандырады. Клиникасы: мимика бұлшық еттерінің салдануы немесе әлсіреуі, беті ассиметрияланған, ауыз бен мұрын сау жаққа қисайып, ауыз бұрышы төмен түседі, ауырған жақтағы мұрын-ерін-маңдай әжімдері жазылып, көз саңылауы кеңейеді, көзін жұмуға тырысқанда көз алмасы жоғары әрі сыртқа бұрылады- Белл симптомы. Диагностикасында электромиография, КТ, МРТ, жалпы қан анализі. 2.1.9.Үшкіл нерв невралгиясы- ең жиі кездесетін неврлгияның бірі. Үш тармағы болады: бір тармақ көзге, үстіңгі қабаққа, маңдай терісіне сезімталдық береді; екінші тармақ қабақ, жақ, мұрын танауларының, жоғарғы еріннің, жоғары қызыл иектің сезімталдығын қамтамасыз етеді; үшінші тармақ төменгі жақ, астыңғы ерін, қызыл иек, кей шайнау бұлшықеттерінің сезімталдығын қамтамасыз етеді. Этиологиясы: инфекциялар, бет айналасындағы созылмалы қабыну үрдістеріне байланысты. Сүйек өзектерінің туа біткен тарлығы мен интоксикацияның да маңызы бар. Кей жағдайларда атеросклероз немесе гипертониялық ауру зардабынан нервтің жұлындық ядросында қан ағысы бұзылуы аталмыш невралгияға себеп болады. Тағы бір себебі-одонтогендік инфекция. Ми қан тамырларының аневризмасы нервтің сезгіш түбіршегін қысуынан үшкіл нервтің бірінші және екінші тармақтары тарайтын тұстарында ауырсыну пароксизмі пайда болады. Үшкіл нерв невралгиясының пайда болуына нерв шығатын сүйек саңылауларының тарлығы да өзіндік ықпалын тигізеді. Оған невралгия көбінесе оң жақта болатындығынан, себебі сүйек саңылаулары мұнда сол жағына қарағанда тарырақ. Нерв тармақтары өтетін сүйек саңылауларындағы периостит не сүйектің қатты жарақаттануына байланысты тығызданған тыртықтармен олардың қысылуы әсерінен пайда болуы мүмкін. Клиникасында: таралатын аймақтарда шұғыл пайда болатын дуылдатып күйдірген тәрізді ауырсыну, ұстама 5-10 секундтан бірнеше минутқа созылады, ауыру беттің төменгі бөлігінде және жақ аумағында орналасады, кейде мұрын мен көз үсті айналасында болады, вегетативтік бұзылыстар. Тітіркенуден де ұстама пайда болады. Тағам қабылдау, әңгімелесу, сақал алу-осының бәрі ұстамаға әкеліп соғады. МРТ, УДЗ, ЭКГ, лабораторлы зерттеулер. 2.1.10.Люмбоишалгия және цервикобрахиалгия-бұлшық ет-тонустық немесе вегетативті-қан тамырлық не нейродисторфиялық бұзылыстармен көрінеді. Пайда болуы нерв түбіршіктерінің әртүрлі тітіркендіргіштің әсерінен: қабыну, травма, бұлшық ет нервісінің басылуы, сүйек структурасының деформациясы, жарықтар әсерінен болады. Бұл нервтің тітіркенуіне әкеледі де, ауырсынуды туғызады. Ауырсынудың кенеттен пайда болуы, физикалық күш түскенде, ұзақ уақыт қолайсыз қалыпта болса, оқыс қимылдаудан болады, бел мен аяқта ыстық не суық сезімнің болуы, түсінің қуқыл тартып өзгеруі, бел аймағында қозғалыстың шектелуі, қалпын қзгерткенде ауырсынудың күшеюі. Ауырсыну белге, аяқтың артқы бетіне тізеге дейін таралады. Бел және жамбас аймағын рентгенологиялық зерттеу, спондилография, бел мен сегізкөз омыртқасының КТ не МРТ түсіру. Цервикобрахиалгия-бұлшық ет-тонустық немесе вегетативті-тамырлық не нейродистрофиялық бұзылымдардың белгі беруі. Ауырсыну мойын бөлігінде және екі қолға да берілуі мүмкін. Аурудың даму барысында мойын омыртқа бөлігінде омыртқаарлық дисктің ядросы серпімділігін жоғалтады да біртіндеп бөлек фрагменттерге ыдырайды. Ядросының фрагменті физикалық күш түскенде сезімтал рцепторлары бар фиброзды сақинаға қысым түсіреді. Омыртқааралық дисктің элементтері ішінара жұлынмилық каналға өтеді де, жұлын миға және жұлын мидан шығатын яғни жоғары иық аймағы мен қолға баратын нерв түбіршіктеріне қысым түсіреді. Симптомдары: қадалған тәрізді, пульсті, шаншып, тартып ауырсыну, басын жан-жаққа бұра алмау, басын алға ие алмау, басын жанына бұрғанда параллельді түрде қолда болатын ауырсыну мен әлсіздік. Диагностикасында невропатологтың консультациясы, МРТ, КТ, рентгенография.

Дата добавления: 2018-04-15; просмотров: 485; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!