Німдердің сапасы және кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметіндегі оның ма­ң­ы­зы



9.1. «Сапа» түсінігі және оның қолдану саласына тәуелділігі. Жобаның сапасы. Әзірлеу сапасы

Экономикалық категория ретіндегі сапа – бұл оны жа­сау­шылардың бөліп берген қасиеттер жиынтығымен тұты­ну­дың нақты жағдайларында тұтынушылардың қанағат­та­н­­ушылығын сипаттайтын, қоғамдық бағалау болып табы­ла­­ды.

ИСО 8420 халықаралық стандарты басқадай анық­та­ма береді: «Өнімдер немесе қызметтер қасиеттерінің жиын­тық сапасы мен сипаттамасы, болжанып отырған тұтыну қажеттілігін қанағаттандыру үшін өнімдер мен қызмет­тер­ге қабілеттілік береді».

Сонымен, халықаралық стандарт бойынша сапа төмен де, жоғары да бола алмайды. Егер әңгіме салыстырмалы бағалау туралы болып отырса, шетел әдебиеттерінде сапа синонимі түрінде «салыстырмалы сапа», «сапа өлшемі» сияқты терминдер қолданылатындығын естен шығарму керек. Экономикадағы сапа туралы айтқанда, негізінен сапа деңгейі деп қабылдау керек.

Сапа көптеген жылдар бойы өзгермеуі мүмкін, деген­мен тұтыну жағдайлары өзгеріп кеткен болса (мысалы, тауар 1995 жалдан бастап шығарылады), сатып алушылар үшін ол сапасыз тауарға айналады. Өйткені, нарықта тұ­ты­ну­шылардың талабын одан неғұрлым жақсы қанағат­танды­ра­тын тауарлар пайда болуы мүмкін.

Өндірістік тәжірибеде нормативтік-техникалық құ­жат­та­малар (НТҚ) талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер, сапасыз өнімдер ретінде түсіндіріледі. Мұндай жағдай­лар­да «жоғары сапа» деген түсінік үстемдік құрып, норматив­тік-техникалық құжаттамаларға сай келмейтін өнімдер шығару азая түседі.

Егер кәсіпорындар тұтынушылардың талап-тілектерін тұрақты түрде зерттемейтін болса, онда тұтынушылардың талғамынан шықпайтын сапасыз өнімдер шығаруға тәуекел еткен болып саналады.

Халықаралық тәжірибеде мынадай қағида қалып­тас­қан: егер тұтынушы өнімді сапасыз деп санайтын болса, тіпті контракт талаптарына жауап берсе де, ол өнімдер сапасыз болып саналады. Бұл жәй мәлімдеме емес, ал­дың­ғы қатарлы фирмалардың өз тәжірибелерінде қол­данатын ереже.

Мынадай мысал келтіріп көрелік. Американың химия ком­паниясы «Дэу кэмикл» жасанды кілемдер жасайтын ша­ғын зауытқа осы кілемдерді тоқитын материалдарды жет­кізіп берді. Материал контракт шарттарына сәйкес кел­ді, бірақ тоқылған кілемдер оны ұзақ пайдалану та­лап­та­ры­на жауап бермегендіктен, тұтынушы оны сапасыз деп та­ны­ды. Ал аты мәлім белгілі компания талапты қабыл­да­мау­ға толық заңды негізі бола тұрса да, жеткізілген мате­риал­дың түгелін өзіне қайтарып алып, оның ком­по­зи­ци­я­сын өзгертті, сөйтіп, жаңа жеткізілімдер тұтынушыны то­лық­тай қанағаттандыратын дәрежеге қол жеткізді.

Бұл әрекеттердің түпкі астары мынадай: дау-дамай кезінде бір тұтынушыны жеңе отырып, компания көптеген әлеуетті тұтынушыларынан айырылып қалуы мүмкін бо­ла­тын.

Аталмыш жағдайда «Дэу кэмикл» компаниясының өнімдері тұтынушылардың талаптарына толық сәйкес келмеді немесе басқалай түрде айтсақ бұл өнімдер жобасының сапасы төмен болды.

Жобаның сапасы – жобалық қасиеттер жиынтығының тұтыну жағдайларына сәйкестік дәрежесі. Оның үстіне тұтынушының талабымен емес, тұтыну жағдайларымен байланысты.

Жоғарыда келтірілген мысалда «Дэу кемикл» компа­ни­ясы өз материалының сапасының төмен екендігін мой­ын­дады, оның кінәсі контрактыда қаралған қасиеттердің жиынтығы сатып алушыларды қанағаттандырмағандығы болып табылады. Сол себептен де, кімде-кім бәсекеге төтеп бере білетін өнімдер жасап шығарғысы келсе, оны жасаудың технологияларын зерттеумен ғана шектелмей, ең алдымен оны тұтынудың жағдайларын зерттеп алуы тиіс.

Оның үстіне тұтынушының бүгінгі жағдайын ғана емес, болашақта оның қандай болатындығын да көре білуі қажет.

Жапондықтар: «Өнімдерді жасап-шығарушылар өз­де­рі­нің өнім­де­рінде, тұтынушыға әлі белгілі емес, бірақ олар­ға ке­ле­шек­те пайдалы болатын жаңа қасиеттерді аша білу­лері ти­іс» дейді.

Жаңа өнімдерді әзірлеу кезінде ең жақсы деген әлем­дік үлгілерге бағдарланудың өзі жеткіліксіз болып сана­ла­ды.

Өнімді жасап-шығарушы бүгінгі күннің ең жақсы үлгілеріне бағдарланған жаңа өнімдер шығаруды игеріп үл­гер­генше, одан басқа бір жасаушы одан да сапалы өнім­дер­ді шығарып үлгеруі мүмкін.

Сондықтан бүгінгі тұтынушылар талаптарының ал­дын орап кету арқылы ғана жобаның жоғары сапасын қам­та­масыз етуге болады.

Жасап-шығарудың сапасы – бұл қасиеттердің нақты жиынтығының жоба деңгейіне сәйкестік дәрежесі, яғни өнімдердің нормативтік-техникалық құжаттамаларға сә­й­кес­тігі.

Сонымен, өнімдердің сапасы жоба сапасының мөл­ше­рі мен жасап-шығару сапасы болып саналады.

Сапаның төмендігінен келген шығындарды 100% деп алатын болсақ, онда тұтастай халық шаруашылығы бойын­ша ол былайша көрінеді:

 

Кесте

  Жобаның сапасы Жасап-шығару сапасы
ТМД АҚШ Жапония    

 

Көрініп тұрғандай, негізгі салмақ өнімнің сапасына түседі. Орындаушылар, жұмыскерлер мен ТББ (ОТК) бақылаушылары бірінші кезекте сапа деңгейіне жауап береді. Өнімдерді жасап-шығарудың сапасы тікелей соларға қатысты болады. Өнімдердің сапасын арттырудағы ең бастысы – жобаның сапасын арттыру болып саналады.

Бұл үшін нарықты, оның ішінде тұтыну жағдайларын зерттеуді дұрыс жүргізе білу және идеяларды дер кезінде әрі сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз етуші өнімдер өндіру мен тиеп жеткізу жүйесін құру қажет болады.

 

9.2. Сапаның негізгі көрсеткіштері

 

Белгілі бір жағдайда пайдаланылатын немесе тұты­ны­ла­тын өнімдердің бір және бірнеше қасиеттерінің сандық си­пат­тамасы сапа көрсеткіші деп аталады.

Сапа көрсеткіші сандық тұрғыда сапа құрамына кіре­тін белгілі бір қасиеттердің көрінуі дәрежесін сипаттайды. Оның атауы сипатталатын қасиетті анықтайды.

Мысалы, заттың беріктілігі, ұзақ пайдаланушылығы, жүк көтергіштігі және т.б. Сапа көрсеткіштерін білудің қажеттілігі, ең алдымен сол уақытта қолданылатын стандарттар көрсеткіштерінің барлық қажетті жиынын әрқашанда көрсете бермейтіндігінен туындайды.

Өнімдерді тұтынушылар, қандай да бір көрсеткіш­тер­дің енгізілетіндігі туралы біле отырып, оны жасаушылар­дан өз қажеттіліктерінің жақсы қанағаттандырылуын талап етуге құқылы, ал жасаушылар болса, тұтынушылардың нені талап ететіндіктерін біле отырып, бұл талаптарға күні бұрын әзірленетін болады.

Көрсеткіштер топтарының жекелеген қасиеттерінің толық тізімдемесі ГОСТ. 22851-77-де анықталған. Оған көрсеткіштердің келесі топтары кіреді:

1. Белгінену көрсеткіштері.

2. Сенімділік көрсеткіштері.

3. Шикізаттарды, материалдарды, отынды, қуат көз­де­рін және еңбек ресурстарын үнемді пайдалану көр­сет­кіштері.

4. Қуат көздерінің (энергетикалық) көрсеткіштері «Адам-өнім» жүйесін сипаттайды және адамның гигие­на­лық, физиологиялық, сондай-ақ психологиялық қасиетте­рі­нің кешенін ескереді.

5. Эстетикалық көрсеткіштер ақпараттың мәнерлі­лігін, фирмалардың рационалдылығын, композициялардың тұтастығын, өнімдерді өндірудегі жетілдірушілікті және оның тауарлық түрінің тұрақтылығын сипаттайды.

6. Көлікпен алып жүрушілік көрсеткіштері көлікке орналастыруға икемділігін сипаттайды (тасымалдауға да­яр­лықтың көп жұмысты қажет етушілігі, жүктерді артудың ұзақтығы).

7. Стандарттау және жүйеге келтіру (унифика­ция­лау) көрсеткіштері өнімдердің жүйеге келтірілген және бі­ре­гей (түп нұсқадағы) құрамды бөліктермен толығу­шы­лы­ғын сипаттайды.

8. Патенттік-құқықтық көрсеткіштер оның бәсеке­ге төтеп беру қабілетін анықтау кезінде маңызды фактор бо­лып саналатын өнімдерді патенттік қорғау мен өнім­дер­дің патенттік таза болуын сипаттайды.

9. Экологиялық көрсеткіштер қоршаған ортаға зи­ян­ды әсерлердің деңгейін сипаттайды.

10. Қауіпсіздік көрсеткіштері (адамдардың, қызмет көрсетуші қызметкерлердің көрсеткіштері).

11. Интегралды көрсеткіш – жинақтаушы көрсет­кіш (өнімдерді пайдаланудың тиімділігі). Әлеуметтік (эсте­ти­калық, экологиялық) және экономикалық тиімділік.

 

9.3. Сертификациялау жүйесі және оның халықаралық саудадағы маңызы

Қазіргі уақыттағы өнімдердің тез өзгеретіндігі сонша­лық, тұтынушылар өнімдердің сапасын бағалап үлгермей де қалады. Сондықтан жобаның сапасы мен жасалған өнім­нің сапасын бағалауда сәйкестік сертификациясы атау­ын пайдаланудың қажеттілігі пайда болды.

Сертификация – бұл өнімдерді жасаушыларға да, са­тып алушыларға да тәуелді емес, ең жетілдірілген тех­ни­ка­лар мен әдістерді қолдану арқылы жоғары білікті маман­дар­дың жүргізетін бағалауы. Сертификациялау кезінде ең жақсы әлемдік үлгілермен ешқандай да салыстырулар жүргізілмейді. Нақты қасиеттер қалыптық (нормативтік) қасиеттермен ғана салыстырылады.

Әртүрлі комбинациялардан тұратын сертификация­лау­дың келесідей бірнеше жүйесі бар:

1. Өнімдерді сынақтан өткізу.

2. Технологиялық процестердің тұрақтылығын баға­л­ау.

3. Жасап шығарушылардағы сапаны басқару жүй­есі­нің халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкестігін бағалау.

Сертификациялаумен сертификациялық органдар деп аталатын арнайы ұйымдар айналысады.

Сертификация ерікті және міндетті болады. Сертифи­кациясы бар болған жағдайда өнімдер неғұрлым жоғары бағамен сатылуы мүмкін. Кейбір уақыттарда 20-100%-ға дейін. Сатып алушылар әлемдік тәжірибеде шетелдік жабдықтаушылардан сертификацияны жиі түрде талап етеді. Егер сатып алушы таныған сертификациялық орган жақсы қорытынды берсе, онда бұл сыртқы сауда контрак­ты­сын жасауға пайдалы маңызды дәлелге айналуы мүмкін. Халықаралық саудада сатушыда сәйкестік сертифика­ты­ның болуы айрықша маңызға ие болатындығының себебі, міне, осында.

Өнімдерді жасаушы ерікті сертификациялау туралы қандай да бір сертификациялық органға жүгіну кезінде, ол органды, өзінің өнімдерін жеткізгісі келетін ел жақсы тани ма, жоқ па соған сенімді болуы тиіс. Әйтпесе, сертификат алу үшін уақыт пен ақшаны босқа жоғалтуы мүмкін, сондай-ақ ондай жағдайда ешқандай қайтарым алу да мүмкін емес.

Мысалы, біз АҚШ-қа трубалар жеткіземіз деп шеш­тік, ал оған сертификатты берген неміс сертификациялық органы, мұндай жағдайда трубаларды алуға тілек білдіріп отырған американ компаниясы бұл сертификатты жоғары сапа куәлігі деп санамайтын болады.

Сонымен, сертификация – бұл, біріншіден, жаңа сатып алушыларды іздеп-табуға апаратын, екіншіден, өнімдерді неғұрлым жоғары бағамен сатуға мүмкіндік беретін жол болып саналады.

 


10. Бірлескен кәсіпорындар құру

10.1. Бірлескен кәсіпорындар құрудың


Дата добавления: 2015-12-21; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!