Несие беру формалары



 

1. ­Өнеркәсіптік клиринг – уақытша бос ақша қа­ра­жат­тарын әріптестердің кооперациялар бой­ынша ала ала­тын несиелері.

2. Банкілік несие беру. Банкі берілген несиені қайта қаржыландыру үшін қаржылар береді.

3. Факторинг. Экспорттаушы жеткізушінің несиесі үшін туындайтын талап факторды сатып алушыға талабын береді, ал фактор өзіне ол бойынша төлем тапсырмасын алады.

4. Сыртқы саудадағы фортерлеу (фортирование) қажетті қамтамасыз ету жағдайында арнайы несие институттарымен (фортерлер) тауарды жеткізуге бай­ла­нысты туындайтын векселдерді немесе басқа талаптарды сатып алуды білдіреді.

Форфетер тәжірибе жүзінде тәуекелдің барлық түрін өзіне алады. Форфетирлеуге барлық елдердің импорт­тау­шы­ларға талабы қабылданбайды. Импорттаушының несие қабілеттілігіне қатысты сатып алу талаптарының мерзімі 2-5 жылмен, ал жекелеген жағдайларда 7 жылға дейінгі мер­зіммен шектеледі. Форфетирлеуге қойылатын талап­тардың ең аз мөлшері қолданылады. Мысалы, 100 мыңнан 5 млн.-ға дейін швейцар франкі.

5. Экспорттық несиелерді сақтандыру. Өткізу на­ры­ғы үшін күресте экспорт талап етілген сомадағы экспорт­тық несиелерді (5-тен 95%-ға дейін) сақтандыру көмегі ар­қы­лы ынталандырылады.

6. Сатып алушының несиесі – ірі келісімдер жасаған жағ­дайда банк нақты сатып алу – сату шарты шеңберінде жет­кізу төлемдерін қайтару үшін сатып алушыға несие береді. 5% - аванс түрінде және 10% тауарларды жеткізіп берген кезде, банк несиесінің қалған 85%-ы экспорт­тау­шы­ға 15% төлегендігі туралы растағаннан кейін барып бері­леді.

7. Сыртқы саудаға несие берудің айрықша формасы акцептік гамбургтық несие – импорттаушы банктің немесе үшінші банкітің кепілдігі бар болған жағдайда, экспорт­тау­шы­ға қандай да бір банктің беретін құжатты (докумен­тар­ный) акцепті несиесі болып саналады.

Сыртқы саудада сатушы жиі түрде сатып алушының акцептіне қанағаттанбайды және көп жағдайларда, экс­порт­таушының еліндегі немесе халықаралық қаржы ор­та­лы­ғындағы белгілі банкті талап етеді. Мысалы, Нью-Йорк­та­ғы немесе Лондондағы.

7. Іскерлік әлемінде машиналар, жабдықтар және басқа тауарлар импорты бойынша әртүрлі сыртқы­эконо­ми­ка­лық операцияларды қаржыландырудың жаңа қызығу­шы­лық туғызатын түрі қолданылады, ал дайын өнімдер экс­пор­ты бойынша қаржыландырудың ондай жаңа түрі лизинг болып табылады.

Лизингті пайдаланудың артықшылығы: ол халық­ара­лық нарықтың қатаң талаптарына жауап береді, алғашқы бетте шетел валютасы түрінде ірі соманың бөлінуін талап етпейді. Бірінші кезеңде барлық шығындарды лизингтік компаниялар жабады.

 

 


Дата добавления: 2015-12-21; просмотров: 21; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!