Кооперациялық келісімдер, франшиза және инжинирингтік қызмет көрсетулер



Лицензиялық негіздегі кооперациялық келісімдер лицензияларды дәстүрлі сатып алу-сатумен салыстырғанда ынтымақтастықтың неғұрлым жоғары формасы болып саналады.

Аталмыш келісім маманданулар негізіндегі тарап­тар­дың бірлескен өндірістік қызметін болжайды. Салыстыр­ма­лы түрде қаржыны аз жұмсау, лицензияны сатып алу ке­зін­дегіге қарағанда ғылыми-техника жетістіктерін неғұрлым қысқа мерзімде енгізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы өтеусіз түрде басқа жетістіктермен және ноу-хаумен алмаса алады.

Кооперациялық келісімдердің басым көпшілігі бірлес­кен әзірлемелерді және әріптестердің бірінің ғылы­ми-тех­ни­калық жетістіктерін игеруді өнеркәспке дейін жет­кі­зу­ді қа­райды.

Франшиза термині соңғы отыз жылдың көлемінде кең тарау алды, француздың «franchise» сөзінен шыққан, же­ңіл­ді артықшылық беру деген ұғымдарды білдіреді. Не­гі­зі­нен, бір ірі компания («франчайзер») басқа ұйымдарға («франчайзерлер») өзінің кең түрде белгілі сапалық (фир­малық) атауын (егер сол франчайзер, сол үшін техникалық, коммерциялық және басқа кеңестер мен көмектер ала отырып, осы атаумен әлгі компанияның өнімдерін өткізетін болса) пайдалануға рұқсат беруін білдіреді.

1988 жылы шыққан «Экономист» журналының дерек­те­рі бойынша, жаңа тауар белгілерімен нарыққа шығарған кәсіпкерлердің барлық тауарларының 90%-ға жуығы сәт­сіз­дікке ұшыраған. Осыған орай фирмалар жаңа тауарларға белгі қоюға және жарнамалауға тырысады. Мұндай белгілер салыстырмалы түрде алғанда онша көп емес, сондықтан қайыра құрылатын фирмалар өз тауарларына белгі соғу үшін кең мәлім болған белгілерді пайдалану құқын алуға ұмтылады.

Негізінен франшиздің үш түрі бөліп көрсетіледі:

1. Өндірістік. Coca Cola және Pepsi спирттік ішімдік емес сусындар үшін қоспалар (концентраттар) сатады.

2. Сауда франшизы – бұл белгілі фирмалардан аталмыш фирмалардың тауар белгісімен солардың тауарларын сатуға құқығын сатып алу. Мәселен, АҚШ-та машиналар мен бензинді сату кезінде (қазіргі уақытта автопокрышкаларды сатып алу кезінде ғана).

3. Лицензиялық франшиза танымал болып саналады. Ол, өзінің тауарлық белгісін алға жылжытуға мүдделі франчайзердің, франчайзерлерге дүкендер, дүңгіршектер, мейрамханалар, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын ашуға, балмұздақтар сатуға, автомобильдерді жалға беру құқымен лицензиялар беретінін білдіреді. Мысалы, «Макдональдо» фирмасы, «Бонд шоп» косметикалық фирмасы (Ұлыбритания, Байрон, 1976ж.). 1989 жылы оның айналымы 46,2 млн. фунт стерлингті құрады, әлемнің 23 елінде олардың 250-ден аса дүкендері болды.

АҚШ-тың федералдық сауда палатасының өлшемдері бойынша франшиздерді алушылар франчайзерге опера­ция­лар басталғаннан кейінгі алты айдың ішінде ең аз дегенде 500 АҚШ долларын аударулары тиіс.

«Инжиниринг» түріндегі қызмет көрсетулер дамыған елдерде 60-шы жылдары пайда болды және бүгінгі уақытта күнделікті дамуға ие болып отыр. Оның дамуының негізгі себептері – кәсіпорынның негізгі қорларына капитал жинақтаудың өсуі болып саналады.

Инжинирингтік қызметтер әртүрлі кәсіпорындардың негізгі қорларына капитал жинаудың тиімділігін арттыру үшін инженерлік-кеңес беруші фирмалардың еңбегін пайда­лануды болжайды. Кеңес беруші (консультант) тапсырыс бе­рушінің әкімшілігінен тәуелсіз, ол фирмадағы хал-ахуал­ды бағалауға, ол туралы тапсырыс берушіге хабарлай оты­рып, кемшіліктер мен олқылықтарды жақсы көре бі­лу­ге бей­ім. Дамыған капиталистік елдердегі көрсетілетін қыз­мет­тердің тегі бойынша, инжинирингтік қызмет көрсе­тетін фирмалардың төрт тобы ажыратылады:

1. Инженерлік-кеңес беруші (консультативтік).

2. Инженерлік-құрылыс.

3. Ұйымдастыру және басқару мәселелері бойынша кеңес беруші (консультативтік).

4. Инженерлік-зерттеушілік. Әдебиетте капитал жұм­сау­­дың мөлшерімен, қызмет көрсетудің көлемімен және жо­баны стандарттаудың дәрежесімен анықталатын ұсы­ныс­тары инжи­ни­ринг құнын анықтаудың кейбір келтірі­ле­ді.

Тапсырыс берушіге құрылыс объектісі бойынша қыз­мет­тің толық кешенін көрсету кезіндегі инжиниринг қыз­мет­тің жай уақыттағы бағасы жобаның жалпы құнынан 5-10%-ға дейін ауытқиды.

Бірегей жобалар жағдайында оның құны 25%-ға дейін көбейеді, ал бұрынғы стандартты жобалардың қайталануы кезінде тіпті 1-3%-ға дейін төмендейді.

АҚШ-та құны 100 млн. долларға дейін баратын объектілер үшін сыйақының орташа мөлшері 4,5%-дан 100 млн. доллардан асатын объектілерде 12%-ға дейін барады. Сыйақылардың мөлшері объектілердің күрделілігіне қатысты, құрылыстағы капитал жұмсау көлемінің өсуімен байланысты сый ақылардың пайыздық (проценттік) ставка­сы да төмен түсе береді.

 


Дата добавления: 2015-12-21; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!