Сыртқы экономикалық қызмет жағдайында технологияларды берудің коммерциялық формалары



8.1. Интеллектуалдық меншік объектілері.

Технологияны құқықтық қорғау. Технологияларды беру формаларының жіктеуі (классификациясы)

 

Технологияларды сатушы және сатып алушы кәсіп­кер­лер үшін авторлық құқықты қорғау белгілі бір қы­зы­ғу­шы­лық туғызады, өйткені ғылыми еңбектер, әдеби және көркем шығармалар, кестелер, ЭЕМ (ЭВМ) үшін бағдар­ла­ма­лар, деректер базалары оның әсеріне түседі.

Технологиялар нарығы (авторлық құқықпен қорғала­тын объектілер, жаңалықтар енгізу, пайдалы модельдер, өнеркәсіп үлгілері, тауарлық белгілер, сапалық тауарлар, ноу-хау) адамдар үшін аса маңызды болып саналады.

Әлемде жасалатын технологиялардың жиынтық құны қазіргі бүкіл қоғамдық жалпы өнімнің (ҚЖӨ) 60%-на жуық шамасын құрайды, бұл сату көлемінің көбейе түсуіне өзіндік әсерін тигізеді.

Фирмалар салыстырмалы түрде алып қарағанда технологияларды өте қысқа мерзімде сатып ала отырып, әлемдік сапа деңгейіне қол жеткізеді және өндірілетін өнімдердің жоғары бәсеке қабілеттілігі жаңа өткізу нарықтарына шығарып, экспорттың көлемі ұлғая түседі.

Фирмалар сонымен бір мезгілде технологияларды бере отырып, тауарлар экспорты қиындау немесе пайдалы емес елдердің нарығына өтеді, сөйтіп баға мен нарық конъюнктурасына өзінің ықпалын тигізеді, шикізаттармен жабдықтауды ұлғайтады, технологияларды сатып алуға бақылау орнатады.

Шығармашылық еңбектің нәтижесі ретіндегі мұндай тауарлардың сипаты басқа нарықтар арасында маңызды айырмашылықтар туғыза отырып, нарықтың қызметін технологиялармен үстемелейді.

Сауда жасаудың ерекшеліктері ынтымақтастықтың ұзақ­мерзімі мен алуан түрлілігінен, технолоияларды түр­лен­діру арқылы (экспорт және құрал-жабдықтарды жалға беру, ғылыми-технологиялық кооперация, бірлескен ынты­мақ­тастық, диі пайдаланудан, ресімдеудің неғұрлым күр­делі процедураларынан тұрады.

Адамзат ақыл-ойының туындылары интеллектуалдық меншік объектілері болып саналады. Олар авторлық құ­қық­пен қорғалатын төмендегідей шығармаларға бөлінеді:

а) ғылыми еңбектер;

б) әдеби және көркем шығармалар;

в) конструкторлық сызбалар (схемалар);

г) ЭЕМ (ЭВМ) үшін бағдарламалар;

д) деректер базасы;

е) әртістердің орындаушылық қызметі;

ж) фонограмма;

з) радиохабарлары.

Және өнеркәсіптік меншікке жататындар:

а) жаңалық ашу;

б) пайдалы моделдер;

в) өнеркәсіп үлгілері;

г) тауарлық белгілер;

д) қызмет көрсету белгілері;

е) сапалық атаулар;

ж) «ноу-хау» және басқалар (өндірістің коммер­ция­лық құпияларының 1916 ақпараты бар)

Технологияларды берудің тәсілдері:

а) фирмаішілік айырбас (әлемдік сауда технология­ла­ры­ның 2/3-і осы айырбас үлесіне келеді);

б) технологияларды беру туралы фирмааралық келісімдер;

в) машиналарды, құрал-жабдықтарды фирмааралық жеткізілу.

Экономикалық мазмұны бойынша технологияларды берудің мынадай негізгі формалары бар:

8. коммерциялық – шарттар, құрал-жабдықтар мен материалдарды сату, СП және «кілт» арқылы инжиниринг үлгідегі қызметтерді көрсету;

2) коммерциялық емес – баяндамалар, конферен­ция­лар, ғылыми-зерттеулер нәтижелерімен алмасу, жеке бай­ла­ныстар, сынақ мерзімдерден өту, іс сапарлар және т.б.

 

 


Дата добавления: 2015-12-21; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!