Кәсіпорындардың шетелдік әріптестермен валюта-қаржылық қатынастары



 

7.1. Контрактылардың валюта-қаржылық жағдайлары

1. Валюталық жағдай – валюта бағасы, төлем валю­та­сы, валюта бағамын төлем валютасына қайта есептеу, қо­сым­ша ескертпелер, валюталық шығындар тәуекелінен қор­ғайтын тараптар.

2. Қаржылық жағдай – есеп айырысу жағдайы, тө­лем­ді негізсіз кешіктіруге қарсы қолданылатын шаралар.

Валюталар бағасы мен контрактыдағы шет елдік әріптестермен есеп айырысу, саудадағы әріптесінің қай елден екендігіне қатысты ажыратылады.

Есеп айырысулары еркін айырбас ақшада (ЕАА) жүр­гі­зі­летін елдермен Қазақстанда төлемдер жасау және тау­ар­лар айналымы туралы халықаралық келісімдер. Сауда опе­рациялары бойынша төлемдердің кез келген валю­та­лар­да жүзеге асырылатындығын қарайды.

Экспорттаушы валюта бағасы мен төлем валю­тасы­ның ЕАА-ның бірі ретінде анықталуына мүдделілік таны­та­ды. Бұл – валюталық шығындардан қорғайды.

Дамушы елдердің импорты негізіндегі тауарлардың бағасы шетелдік фирмалармен жасалған контрактыларда тауармен жабдықтаушы елдің ұлттық валютасымен белгі­ле­неді.

Валюталық қайта есептеу

Егер валюта бағасы мен төлем валютасы сәйкес келмесе, валюта бағасын төлем валютасына қайта есептеу көрсетіледі.

Тараптарды валюта тәуекелінен қорғаушы қосымша ескертпелер (тәуекелді сақтандыру әдістері):

а) неғұрлым тұрақты валютамен бағаларды бекіту (фиксация);

б) мультивалюталық қосымша ескертпелер – баға­лар­ға ішінара түзетулер енгізу. Бұл – баға өзгеріссіз қалатын кез­де­гі валюталардың бағамы.

В) индекстік қосымша ескертпе: шығындарды бол­дыр­мауға кепілдік түрінде тауар бағасын анықтау сипаты пайдаланылуы мүмкін (көтерме баға индексін түзету);

г) сырғымалы бағалар туралы қосымша түсінік;

д) компенсациялық келісім, яғни теңдей құнымен бір-біріне тауарлар жеткізу;

е) өтініш берушінің тілегі бойынша банкімен фор­вард­тық келісім жасау. Банк төлем мерзіміне биржадан ва­лю­таларды сатып алады.

 

Қаржылық жағдай

 

Есеп айырысу жағдайлары:

а) егер сатып алушының төлеуге шамасы келмейтін болса, несиемен есеп айырысу

б) Қол ақшаға сатып алу. Төлемеушілік жағдайларына қарсы шаралар – үкіметтің келісімдері, банкінің кепілдігі, ірі кәсіпорындардың, фирмалардың кепілдіктері.

Есеп айырысу формалары:

а) Құжатталған аккредитив (жүйеге келтірілген ереже мен салттар-дәстүрлер) – бұл банктің аккредитив қойып, үшінші жақпен (бенефидиарға) есеп айырысуды жүргізуге өзіне міндеттеме алатын шарты.

Б) Есеп айырысудың инкассалық формасы – экспорт­таушының өзінің банкісімен келісімге келуі оның негізі болып саналатын, импорттаушының елінде орналасқан банкпен шарттағы немесе импорттаушыларға түсірілген тауардың құнын төлеген жағдайында тауар бөлу құ­жат­тамаларын импорттаушыға берудегі оның мін­дет­теме­ле­рін қарайтын есеп айырысу формасы.

Банктің аударымдары – бұл банктен екіншісіне бан­кі­лік чектер арқылы кепілдік берушінің көме­гі­мен жүзеге асы­рылады.

Сыртқы саудадағы чектер. Банктің ордерлік чектері клиенттің қалауы бойынша аударым орнына жүреді[JM1]. Одан басқа клиенттік чек бар, ол бойынша чек алушы аудару көмегімен төлемді тікелей өзінің әріптесіне аудара алады. Жол немесе туристік чектер чектің басқа түрлері болып саналады.

Еурочек – коммерциялық емес халықаралық айна­лым­­­дағы чектің айрықша түрі болып саналады. Бұл – ше­тел­­дерде пайдаланылатын ұлттық чектер.

Вексель – соло-вексель – бір ғана тұлғаның көрсе­тіл­ген соманы екінші тұлғаға төлеуге борыштық міндет­те­ме­сі.

Тратта (аударма вексель) – бір тұлғаның көрсетілген мерзімде үшінші тұлғаға белгілі ақша сомасын төлеуге жолдаған күмән тудырмайтын ұсынысы.

Вексель халықаралық тәжірибеде пайдаланылатын есеп айырысудың (несие берудің) маңызды құралдарының бірі болып саналады.

Вексель кез келген валюта түрінде жазылып берілуі мүмкін. Солай десекте, ереже бойынша, ол есеп айырысу жүргізілетін сол елдің валютасымен беріледі. Сондай-ақ вексель басқа елдің валютасымен де берілуі мүмкін.

 

7.2. Кәсіпорынның валюталық шоты

 

Қазақстан аумағындағы, онда тіркелген кез келген заңды тұлғаның валюталық қаржылары, кез келген банкте ашылуы мүмкін валюталық шоттарда сақталады.

Шет елдердегі шоттар бойынша операциялар жасау үшін нақты валюталық операцияларды жүргізудің сипаттарын ескере отырып берілетін Қазақстан Респуб­ликасы Ұлттық Банкісінің рұқсаты қажет.

Валюталық шоттар ашу үшін кәсіпорын банкке мынадай құжаттарды тапсыруы тиіс:

а) соған сәйкес шот ашу жөніндегі өтініші;

б) оның мекен-жайы;

в) екі қолмен және клиенттің мөрімен бекітілген телефондардың, телекстің, телефакстың нөмірлері. Кәсіпорын валюталық шотты ашқаннан кейін, төлемдерді шетел валютасы түрінде жүзеге асыра отырып, шарттармен жұмыс жасай бастайды. Банк клиенттің валюталық қаржыларын сақтау кезінде, тоқсанына бір рет пайыздар (проценттер) есептейді және оны төлейді.

Банктік қызмет көрсету туралы банкімен шарт жасалады, мұнда есеп айырысудың екі түрі болуы мүмкін:

а) транзиттік валюталық шот, б) ағымдағы валюталық шот.

Қаржылар алғашқы бетте 50% көлемінде транзиттік валюталық шотқа, одан кейін 14 күн өткеннен соң ағымдағы валюталық шотқа түседі. Шетел валютасындағы қаржылардың бір бөлігі (30%-ға дейін) Қазақстан Респуб­ликасы Ұлттық Банкінің валюталық резервіне сатылады, ал қалған тағы бір бөлігі (20%-ға дейін) транзиттік шот пен валютаның түсу сәтіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша ішкі нарықта сатылады.

 

7.3. Валютамен халықаралық сауда жасау

Бұл – ұлттық немесе басқа еркін айналымдағы ва­лю­та­ларға шетел валюталарын сатып алу және сату. Ва­лю­та­мен сауда жасау банктерде және валюталық биржаларда жү­зеге асырылады.

Әлемдік сауда тәжірибесінде валюталық операциялар қолма-қол («спот», яғни валюта бағамы бойынша келісім жасалып, оның бекітілген күнінің екінші жұмыс күнінде банк контрагенттері оны жеткізе отырып валюталарды сатып алу – сатуы) және шұғыл мерзімге бөлінеді.

Шетел валютасымен жасалатын келісім Еуропада таңертеңгі сағат 9-дан басталады, тактиканы әр күн сайын, келісім жасалатын сәттен бір сағат бұрын шетел валютасы бөлімінің жетекшісі анықтайды.

Валюта бағамы бойынша келісім жасалып, оны бекіткеннен кейінгі белгілі мерзім аралығында келісілген шетел валютасы сомасын жеткізу туралы тараптардың келіскен мәмілесі – шұғыл валюталық келісімдер болып саналады.

Валюталық келісімдердің: форвардтық, фъючерлік, оп­циондық (валюталарды жеткізудің бекітілмеген күнімен) түрлері мен «Своп» үлгісіндегі операциялар (қолма қол жә­не шұғыл операциялардың үйлесімі) ара жігі ажыраты­ла­ды.

 

7.4. Сыртқы саудаға несие беру және олардың формалары

Соңғы онжылдықтағы сыртқы сауда тәжірибесінде несиелер берудің рөлі арта түсуде. Несие алуда несие беру туралы шарт (ссуда, несие алу туралы шарт, несие шарты) маңызды рөл атқарады.

Несие алу үшін банктің кепілдік беруі ресімделуі тиіс. Сыртқы саудада:

а) жеткізу кепілдігі;

б) шарттық міндеттемелерді орындау кепілдігі қол­да­ны­лады.

Халықаралық келісімдерде сауда өткізу жолымен бе­рі­летін конкурстық кепілдік үлкен рөл атқарады. Компа­ни­я­­ларға міндеттемелерді орындамағаны үшін салынатын ай­ып­пұлдың мөлшері әлемдік тәжірибеде тапсырыс со­ма­сы­ның 2-10%-ын құрайды.

Жеткізу кепілдігі конкурстық тәжірибеге қарағанда неғұрлым ауқымды, мүлдем жеткізбей қою немесе құрал-жабдықтарды толықтай жеткізбеу импорттаушыны аса үлкен көлемдегі шығындарға батыруы мүмкін. Мұндай жағдайлардағы кепілдік сомасы тауарлар құнының 5-25%-ын құрайды.

 


Дата добавления: 2015-12-21; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!