Кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметін ақпараттық қамтамасыз ету



 

5.1. Ақпараттарды сақтау орны мен сақтау көздері. Нарық конъюнктурасын талдаудың жаңа бағыттары

Нарықтар, бағалар, клиенттер, тауарлар туралы қа­жет­­ті ақпараттар іздеу, сыртқы сауда операцияларының ма­ңыз­ды кезеңі болып саналады. Ақпараттар көптеген жи­нақ­тал­ған білімдер мен түсініктерді білдіреді. Өйткені, кәсіп­орын­дардың сыртқы нарыққа шығуы барған сайын көбейе түсуде, сол себептен де оларды шетелдік кәсіпорындар, на­рық­тар мен бағалар туралы ақпараттар көбірек қызық­ты­ра­ды, сондай-ақ сапа стандарттары, ғылыми-техникалық же­тіс­тіктер де олардың ынталарын туғызбай қоймайды.

Дегенмен ақпарат көздерін пайдаланбас бұрын, олар­ды қайдан іздеп табуға болатындығынан білу керек. Прак­ти­калық қажеттіліктермен байланысты нарық конъюнк­ту­ра­сын талдаудың жаңа бағыты – оған қандайда бір ұйымның шығуын жоспарлайтын нарықтың формалық құрылымын талдау пайда болады.

Мамандар өндіріс пен капиталды шоғырландырудың дә­режесі мен ерекшелігін, мемлекетті монополияландыру деңгейін, ондағы фирма аралық байланыстарды, өндіріс қу­ат­тарының толық қосылу дәрежесін, фирмалық бағаларды анықтайды, нарықтағы бәсекеге баға береді. Қоры­тын­ды­сын­да – бірлескен кәсіпорындар мен бірлескен қоғамдар құ­ры­лады.

Ақпарат – бұл ресурстар, ал оның қайнар көзі – сақтау орыны мен сақтау нысандары болып саналады.

Ақпараттарды сақтау орындары: мемлекеттік орган­дар, сауда палаталары, ғылыми-зерттеу институттары, оқу орындары, кітапханалар, бюролар, ассоциациялар, банктер, биржалар, несие-бюролар, кеңестер беретін және ақпа­рат­тық фирмалар мен агенттіктер, фирмалардың диплома­тиялық және сауда өкілдіктері, жәрмеңке, көрмелер.

Сақтау мен тарату көздері болып саналатындар: бас­па­сөз, баяндамалар, ақпараттық хат-хабар алысу, кітаптар, ра­дио, теледидар, фирмалардың ақпараттық есептері, көр­не­кі жарнамалар.

 

5.2. Қазақстандағы және шетелдегі коммерциялық ақпарат көздері

Қазақстан Республикасында қажетті ақпараттарды ке­ле­сі ұйымдар бере алады:

1. ҚР сауда-өнеркәсіп палатасы (СӨП) – респуб­ли­ка­да­ғы сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына кө­мек көрсететін жетекші қоғамдық ұйым. Оның мүшелері – сыртқы экономикалық байланыстарға қатысушы көптеген ұйымдар мен кәсіпорындар, ал корреспондент-мүшелері – шетелдік ұйымдар болып саналады.

2. Валюталық операциялар, бәрінен бұрын, картоте­ка­ларында оңдаған мың шетелдік ұйымдар, фирмалар мен банктер бар Ұлттық банкке лицензия алған банктер.

3. Ақы төлеген жағдайда анықтамалар, сондай-ақ фирмалық (сапалы) анықтамалар мен жылдық есептерді беретін ақылы негіздегі кітапханалар.

4. Қазақстан Республикасы сауда-өнеркәсіп па­ла­та­сы жанындағы ақпараттар алмасудың ұлттық автомат­тан­ды­рылған банкі, Қазақстан Республикасының сыртқы эко­номикалық байланыстар министрлігінің сыртқы сауда бір­лес­тігі, министрліктер, ведомстволар.

5. Қызмет салаларына кеңестер беру, маркетинг, әріп­тес­тер іздеу кіретін кейбір бірлескен кәсіпорындар.

6. Кооперативтер, ұйымдар, одақтар, ассоциациялар шет­елдік әріптестерді іздеуге көмектеседі немесе халық­ара­лық бизнеске жәрдемдесу үшін шетелдік фирмалардың мекен-жайлары мен телефон нөмірлерін береді.

7. Қоғамдық ұйымдар, халықаралық бірлестіктер.

Шетелден қажетті ақпараттар беретін көздер:

1. Несие-бюролар. Бұл – бір күн ішінде фирма ту­ра­лы шағын анықтама немесе толық есеп дайындап бе­ре­тін, тәжірибелі кеңес берушілер (консультанттар). Олар­дың агенттерінен түсетін конфеденциалды ақпарат­тар­ды береді.

Аса ірі несие-бюролар: АҚШ-та – «Дан энд Брэст­рит», Австрияда – «Кредитшутцфербанд», Ұлыбританияда - «Дейтастрим» (іскерлік ақпараттар), Италияда – «Кос­мос», Францияда – «Дафса».

2. Елдердің, қалалардың, әкімшілік аумақтардың - сауда-өнеркәсіп палаталары. Палаталар – бұл фирмалар мен коммерсанттардың бірлестіктері. Басылымдар шығару, ақпараттық-коммерциялық қызмет.

3. Банктер – клиенттер ғана туралы емес, сонымен бірге банктермен байланысты нарықтар туралы іскерлік ақпараттардың аса үлкен қоймасы.

4. Ақпараттық қызмет көрсету, кеңестер беру, бро­кер­лік қызметтер көрсетуге маманданушы жеке фирмалар. Мы­салы, Швейцарияда заңды мекен-жайы бар халық­ара­лық аудиторлық фирманың көптеген елдерде, оның ішінде Ресейде филиалдары бар.

5. Қайыра құрылған кәсіпорындар тіркелетін, мем­ле­кет­тік мекеме (сауда соттарында, нотариустерде және т.б.). бұл мемлекеттік мекемелер олардың реестрлері мен тіркеу кітаптарын іздеуге бере алады.

6. Кәсіпкерлердің одақтары.

7. Өндіріс пен экспорттың дамуына көмек көрсететін ұйымдар.

8. Қор биржалары. Биржа мүшелері мен биржа ко­ми­тет­тері фирмалардың қаржылық байланыстары және олар­дың қаржылық жағдайлары мен репутациялары туралы ақпараттарға ие.

5.3. Шет елдік фирмалар туралы тұрақты жарияланымдар

Жалпы жүйелі түрдегі көптеген параметрлер бой­ын­ша ақпараттарды анықтамалықтардан алуға болады және оларды келесі түрде топтастыруға болады:

1. Бәрінен бұрын олар, фирмалық анықтамалықтар бо­лып саналады, олар жыл сайын басып шығарылады. Сон­дай-ақ бір елдің – ұлттық фирмалары туралы, сол сияқты әртүрлі елдердің – халықаралық анықтамалықтары да бар. Олар 90-нан аса елдерде басылады, жалпы саны 1,5 мыңға жуық. Солардың ішіндегі аса маңызды анықта­ма­лық­тар, бұл американың және ағылшынның анықтама­лық­тары.

Фирмалық (сапалық) анықтамалықтар неге арнал­ға­ны­на қатысты бірнеше топтарға бөлінеді:

а) мекен-жайлық – (әлемнің 200-ден аса елдеріндегі 1,3 млн. фирмалар).

Б) тауарлы-фирмалық (АҚШ, Францияның 150 мың фирмасы, Италияның 80 мың фирмасы туралы ақпараттар).

В) жалпыфирмалық – АҚШ-та – 45 мың фирмалар, Гер­мания, Ұлыбритания – 202 мың., Жапонияда – 8,5 мың фир­ма.

Г) салалық (түсті, қара металлургия, тау-кен өндіру).

Д) акционерлік компаниялар бойынша – 100 ел, 55 мың фирмалар.

Е) қаржылық байланыстар бойынша – АҚШ.

Ж) директорлық – АҚШ.

А) биографиялық.

И) тақырыптық.

К) халықаралық мекен-жай анықтамалықтары Герма­ни­яда басылады, олар Батыс Еуропаның 19 елінің фир­ма­ла­ры.

Елдердің ірі компанияларының мәліметтері ақпарат­тар­дың маңызды көздері болып саналады:

Австрия, Германия – газеттерде;

АҚШ; Канада, Франция, Италия – журналдар;

Индия, Ұлыбритания, Швеция – жекелеген басы­лым­дар.

«Форчун» америка журналы - әлемнің аса ірі 500 өнеркәсіп компанияларының, аса ірі 100 коммерциялық банктердің және 50 қаржылық және сақтандыру, жинақ, көлік компанияларының, бөлшек сауда фирмаларының мәліметтерін жыл сайынғы тамыз нөмірінде жариялайды.

Ұлыбританияда кесте формасындағы кітаптар шыға­рылады, онда аса ірі 1000 компаниялардың, 50 жапондық, 30 канадалық, 20 австралиялық, 20 оңтүстік-африкалық және 20 ирландық жетекші компаниялардың мәліметтері бар. Топтама мәліметтердің соңында Ұлыбританияда іс-қимыл жасайтын шет ел банктерінің тізімдері беріледі.

Каталогтар – шығарылатын басылымдардың техни­ка­лық сипаттамалары – басып шығарылатын өнімдердің же­ке­леген түрлері бойынша ақпараттардың маңызды көздері болып саналады.

БҰҰ-ы арнайы органдарының экономика және жеке­леген салалар бойынша статистикалық жарияланымдары өнеркәсіптің жекелеген салаларындағы фирмалар мен басқа салалар бойынша ортақ ақпараттардың аса маңызды көздерінің бірі болып саналады.

Шет елдік фирмалар туралы ақпараттарды әлемнің бар­лық елдерінде аса үлкен таралыммен басып шығары­ла­тын жалпы экономикалық және жалпы салалық газеттер мен журналдардан алуға болады.


Дата добавления: 2015-12-21; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!