Сауда жасау проблемалары



Соңғы жылдары республиканың сыртқы саудасында түбегейлі өзгерістер болды.

Бұл өзгерістердің басты ерекшелігі – қазіргі уақытта мыңдаған ұйымдар, фирмалар, кәсіпорындар айналысатын сыртқы экономикалық қызметтің жеке-дараиемдену­шілік­тен айырылуынан (демонополиялануынан) көрінеді.

Өзгерістердің жағымсыз жақтары да болмай қалған жоқ. Бұрынғы өзара экономикалық көмек кеңесі мемлекет­те­рімен сауда жасау көлемі күрт қысқарды. Қазақстандық тауар өндірушілер осы кезге дейін дамыған нарықтық экономикалы елдердің нарығында берік позицияға ие бола алмай отыр. Осы нарықтарда өзін бекіте түсу үшін тауарлар неғұрлым арзан бағалармен (демпинг) сатылып, демпинге қарсы заңдар әрекет етуі тиіс.

Әлемдік баға динамикасы республиканың сыртқы экономикалық байланысында (СЭБ) Қазақстанның және Ре­сейдің сыртқа шығаратын (экспорт) негізгі тауарларына жағымсыз әсерін тигізді. Баға төмен түсіп кетті, ал импорт тауарлардың бағасы өсе түсуде. Қазақстанның экспортқа шығаратын тауарларының құрылымында бұрынғыша ши­кі­зат пен материалдар басым болып қалып отыр.

Кәсіпорындар мен олардың қызметін одан әрі қарай дамыту бүгінгі күндегі республика сыртқы экономикалық қызметінің басты субъектісіне айналды, оның негізгі бағы­ты – Қазақстанның барлық аумақтарындағы кәсіпорындар мен ұйымдарды сыртқы экономикалық байланыстарға қатыстыру, соған тарту болып саналады.

Дегенмен кәсіпорындарға мемлекет тарапынан экс­порт­тық және импорттық тауар құрылымдарын прогрестік өзгертуге, шетел елдерде жаңа және болашағы зор на­рық­тар іздестіруде, әлемдік нарықтағы Қазақстан экспортына қатысты тең құқылықтан айыру шектеулерін алып тастауда көмек, қолдау, ынталандыру қажет.

Әрине, сыртқы экономикалық байланыстарды та­риф­тік реттеу қызметі мемлекеттің өзінде қалады. Бұл жердегі басты бағыттар:

а) экспорт бойынша – сыртқа шығарылатын тау­ар­ларға салынатын алымдар ставкаларына түзетулер жасау;

б) импорт бойынша – оның ынталандырушы және про­тек­ционист қызметтерін ынталандыру үшін импорт та­ри­фінің ставкасын саралау (дифференциациялау) жөнін­де­гі жұмыстарды жалғастыру.

Қазақстандық әріптестің шет елмен сауда жасауды кезінде экспорт-импорт операцияларын сақтандыру, шетел инвесторына кепілдіктер беру, біздің экспорттау­шы­ла­ры­мыз үшін несиелер беру, инфрақұрылымдарды дамыту, сырт­қы экономикалық қызметті ақпараттық қамтамасыз ету айрықша маңызға ие болып саналады.

Шетелдегі әріптестермен сауда жасаудың табысты болуы үшін келесі проблемаларды шешу қажет:

1. Экспорттық прогрестің құрылымын қалып­тас­ты­ру: өзіне қаржыланыруды, несие беруді, сақтан­ды­руды енгізетін мемлекеттік қолдау жүйесін құру.

2. Мемлекеттің ақпараттық және қаржылық қол­дауы жағдайында шетел нарықтарына Қазақ­стан­ның тауарлары мен қызметтерін жеткізу.

3. Импорт тарифін жетілдіру.

4. Бағалардың негізділігі мен валюталық қаржы­лар­ды пайдаланудың бағыттарына тұрақты ба­қы­лау­ды жүзеге асыру.

5. Шетелдермен, олардың сауда-экономикалық ұйымдары және одақтарымен қатынастарда қо­лай­лы сауда тәртібіне қол жеткізуге ұмтылу.

6. Қазақстанмен сауда жасауда тең құқылықты шек­теу­шілікті алып тастау. Қазақстанның кредитор­лар­мен және борышкерлермен валюта-қаржылық проблемаларды реттеуі.

7. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыс­тарға қатынасушыларының қызметін үйлестіру және реттеу, олардың тараптарынан мемлекеттік мүдделердің сақталуына бақылау жасау.

8. Шетел инвестицияларын тарту және шетелдік әріптес-инвесторлар жұмысының табысты болуы үшін жағдайлар жасау.


2. Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру


Дата добавления: 2015-12-21; просмотров: 26; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!