Негізгі көрсеткіштері



Коммерциялық қызметтің табысты болуы көп жағ­дай­­да контрагентті таңдау мен оның сенімділігіне қатысты. Шетел фирмаларының есеп-қисаптарын зерттеп-үйрену: а) олардың даму үрдістерін анықтауға. Б) экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерін бағалауға, в) сондай-ақ шыға­рылатын өнімдердің ғылыми-техникалық деңгейін және г) бәсекеге төтеп бере білуін бағалауға мүмкіндік береді.

Одан басқа, шет ел фирмалары қызметінің көрсет­кіш­те­­рін тал­дау, Қазақстандық әріптестермен іскерлік қаты­нас­­тар ор­на­туға олардың қызығушылықтарын анықтауға, төлемқабілеттілігі мен несие қабілеттілігін бағалауға мүм­кін­дік береді.

Неғұрлым толық ақпараттарды акционерлік қоғам­дар­­дан алуға болады, өйткені олар жыл сайын өздерінің қыз­­мет­тері туралы жылдық есептерді жариялап отырады. Мы­са­лы, ГФР-де жылдық есептің нәтижелері келтірілетін фир­малардың жарнамалық кітапшалары шығарылады. «Дайм­лер-Бенц» концерні – Аргентинада, Бельгияда, АҚШ­-та,­ Италияда, Швецияда 100-ден астам фирмалар мен дел­дал­дық кеңселерді құрайтын әлемнің 140 елін білдіреді. Гер­ма­ни­я­ның 79 қалаларында еншілес фирмалар бар, Еуро­па­дағы он­дай еншілес фирмалар – 161 қалаларда орналас­қан.

Қаржылық есеп – бұл тәжірибе жүзіндегі басты және бірден-бір көз болып саналады, сол бойынша фирмалар қызметінің нәтижелері туралы, жылдық есептің маңызды және міндетті бөлімі туралы пікір білдіруге болады.

Фирмалар қызметінің нәтижелерін сипаттаушы көр­сет­кіштер саны өте көп. Мысалы, фирмалардың эконо­ми­ка­лық әлеу­етінің көрсеткіштері: активтер, жасалған сау­да­лар, пай­да­лар, негізгі капитал, айналым капиталы, капитал жұмсау, меншікті және қарыз капитал, капиталданған пай­да, өнді­ріс­тік қуаттар, жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны.

Фирмалар қызметінің тиімділік көрсеткіштері – бұл абсолютті және салыстырмалы деректер. Олардың ішіндегі негізгісі пайда – фирмалар қызметінің негізгі мақсаты мен негізгі өлшемі. Егер рентабельділік 8% болса, онда 1$ 8 цент пайда береді.

Бәсекеге төтеп бере білу көрсеткіштері:

а) фирмалар – бұл талап етілетін көлемде, қажетті мерзімде және өзіне пайдалы жағдайларда тұтынушы­лар­дың талаптарын қанағаттандырушы тауарларды ұсына алу мүмкіндігі;

б) тауар – бұл тұтыну құны көлеміндегі пайдалылық.

Фирмалардың қаржылық жағдайларының көрсеткіш­те­р­і:

а) төлем қабілеттілік – қаржылық тәуелсіздік дәрежесі;

б) несие қабілеттілік – клиенттерге несие беру мүмкін­ді­гі.


4. Шетелдік фирмалар қызметінің маңызды көрсеткіштері

 

4.1. Шетелдік фирмалардың жедел және қаржылық есеп берулерінің негізгі түрлері

Шетелдік фирмалардың жедел және қаржылық есеп бе­рулерінің негізгі түрлерін зерттеп-үйрену олардың даму үрдістерін анықтауға, қаржылық және экономикалық мүм­кін­діктерін бағалауға, сондай-ақ шығарылатын өнім­дер­дің ғылыми-техникалық деңгейі мен бәсекеге төтеп бе­ре бі­лу­ші­лігін анықтауға мүмкіндік береді.

Шетелдік фирмалар қызметінің көрсеткіштерін тал­дау Қазақстандық әріптестермен іскерлік қатынастар ор­натудағы олардың қызығушылықтарын анықтау, ал олар­дың төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін бағалауға мүмкіндік береді.

Фирмалардың жылдық есебі келесі көрсеткіштерден тұ­­ра­ды:

- негізгі тауарлардың топтары бойынша өнімдерді өндіру және өткізу;

- капитал жұмсаудың көлемі мен негізгі бағыттары;

- ғылыми-зерттеу қызметі;

- ұйымдық құрылымдағы өзгерістер;

- басшылық құрам;

- негізгі еншілес компаниялар;

- қызметтің қаржылық нәтижелері. Қаржылық есеп бе­ру жылдық есептің маңызды және міндетті бөлі­гі болып саналатындығын және заңмен реттеле­тін­ді­гін, қалған бө­лім­дері жылдық есеп беруде еркін фор­мада көрсетілуі мүм­кін екендігін атап өту көз­де­леді.

Бұл мәселелер шет елдік фирмалар басшылығының құзырында.

Қаржылық есептер жылына екі рет жасалады, ақша қаражаттары мен сату көлемі бойынша есептер күн сайын, ал ағымдағы басқару бойынша есептер ай сайын және тоқсан сайын беріледі.

Баланс және пайдалар мен зияндар есептері қаржы­лық есеп берулердің негізгі құжаттары болып саналады. Ба­ланс та маңызды құжат болып санала отырып, бухгал­тер­лік мәліметтер негізінде жасалады және актив пен пас­сив­ке бөлінген.

Активке айналым және айналмайтын активтер сияқты негізгі көрсеткіштер, ал пассивке – қарыздық (заемдық) капитал мен меншікті капитал кіреді.

Заемдық капитал әртүрлі займдар (қарыздар) мен не­сие­лерден қысқа мерзімдік төленбеген қарыздар (қайтару мерзімі қаржылық жыл ішінде) мен ұзақ мерзімдік (қай­тару мерзімі бір жылдан асатын) төленбеген қарыздарды кіргізеді.

Меншікті капитал фирмалардың иелігіне түскен ак­­цио­нерлердің салымдарын, қосымша капитал мен капитал­дан­ған пайдаларды көрсетеді. Капиталданған (қорланған) пайда ұдайы өндірісті ұлғайтуға жұмсалады. Акционер­лер­дің салымдары, яғни акционерлік капитал ең алғашқы беттегі компанияларды құру кезеңіндегі оның қызметін қаржыландырудың бірден бір көзі болып қызмет етеді. Келе-келе тапқан пайдалар қаржы алудың негізгі көздеріне айналады.

Егер шетелдік фирмалардың пассив балансы капитал­дың түсу көздерін, төленбеген қарыздардың сипатын көр­сет­се, онда фирмалардың актив балансы өндіріс про­це­сін­дегі олардың функционалдық рөлімен байланысты актив­тер­ді орналастыру мен оның құрылымын көрсетеді.

Айналым жасамайтын активтер негізгі капиталға сал­ған са­лым­дарды және басқа фирмалардың бағалы қағаз­да­рын көр­сетеді.

Айналым активтеріне немесе айналым капиталына фир­ма­лардың қолында бар қаржылар, материалдық қорлар, еңбек заттары кіреді. Олардың құны жыл ішінде тұрақты түр­де дайын өнімдерге өтеді.

Айналым капиталының негізгі баптары:

1. Қол ақшалардың болуы.

2. Тез өтетін бағалы қағаздар.

3. Материалдық-өндірістік қорлар.

4. Дебиторлық қарыздар.

5. Аванспен төленген, жұмсалған шығындар. Шет­ел­дік фирмалар кірістер мен пайдаларды көрсету үшін, ай­на­лым капиталын ең төмен мөлшерге дейін қысқартуға ұм­тылады. Айналым қаржыларын қысқарта отырып, фирмаға жалпы пайдасын өсіруде түзетуге болмайтын зиян кел­ті­ру­ге болатындығы басты мәселе болып саналады. Негізінен, айналым капиталдарын тиімсіз басқару кезінде бос ақша қаржыларына жоспарланбаған қажеттіліктен, рен­та­бель­діліктің төмендігінен, сатудың шамадан тыс ке­ңе­юінен, бақылаудың әлсіздігінен, несиенің тым жомарт жағ­дай­ы­нан қолдағы қаржылардың жетіспеушілігі туын­дай­ды.

Салық органдары мен өздерінің акционерлері үшін жы­лына бір рет жасалатын және фирмалар мен акционер­лік қоғамдардың балансымен бірге жарияланатын пайдалар мен заңдардың есептері баланспен қатар қаржылық есеп берудің маңызды және міндетті формасы болып саналады.

Пайдалар мен зияндар есебі фирмалардың есепті мер­зімдегі өткізілген өнімдері мен көрсетілген қызметтерінің құнын, өндіріс шығындарын көрсетеді. Егер шығындар жалпы табыстан асып кететін болса, мұндай жағдайда фирма зиян шегеді.

Шетелдік тәжірибеде пайдалар мен зияндар есебінің: бірсатылы және көпсатылы екі формасы бөліп көрсетіледі. Солардың негізінде белгілі бір кезең аралығындағы фирмалардың сауда қызметі нәтижелерінің ақшалай құны анықталады.

Пайдалар мен зияндар есебінің бірсатылы формасы жағ­­дайында барлық түсімдер мен кірістер келтіріледі, ал олар­дың жалпы сомасынан өндіріс шығындары мен зала­л­да­­ры алынып тасталады, айырмасы фирманың таза пайда­сын құрайды.

Пайдалар мен зияндар есебінің көпсатылы формасы жағдайында түсімдер мен кірістердің әрбір санатынан (ка­тегориясынан) шығындар алынып тасталады және қызмет нәтижелерінің аралық қорытындылары шығарылады. Бар­лық шегеріп тасталғандардың арасындағы айырма таза пайда сомасын немесе зияндарды береді.

Ең соңында, қаржылардың түсуі мен жұмсалуының есебі фирма балансына маңызды толықтырулар болып саналады. Онда қаржыландырудың әртүрлі көздерінен: таза пайдадан, амортизациялық төлемдерден, активтерді өткізуден, субсидиялар мен дотациялардан, ұзақ мерзімдік қарыздардың көбеюінен, акциялар эмиссиясынан түскен қаржылар көрсетіледі.

Фирмалардың қаржыларын пайдалану – дивиденд­тер­ді төлеу, ұйымдастыруға жұмсалатын шығындар, капитал жұмсау, басқа айналымдық емес активтерді жұмсау, ұзақ мер­зімдік қарыздарды қайтару, тез өтетін бағалы қа­ғаз­дар­ды алу, банктегі шоттардың көбеюі сияқты бағыттар бой­ын­ша жүзеге асырылады.

Шетелдік фирмалардың жылдық есептерінде қаржы­лық көрсеткіштерден басқа, негізгі көрсеткіштер ретінде сондай-ақ, бірнеше жыл ішіндегі фирмалар қызметінің көлемдік және сандық көрсеткіштері (сату көлемі, кіріс келтірушілік көрсеткіштері, пайда келтірушілік және т.б.) келтіріледі.

 


Дата добавления: 2015-12-21; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!