Сауда проблемалары. Қазақстан мен шет елдік әріптестер келісімдерінің басты бағыттары



 

Республикада нарықтық экономика әлі де қалыпты қыз­­метін жүргізе алмауда. Оған келесі себептерді жат­қы­зу­ға болады:

- өндіріс көлемінің маңызды түрде төмендеуі,

- бағаның өсуі,

- кәсіпорындар арасындағы байланыстардың әл­сі­реуі,

- бюджет тапшылығы, оның өсуімен байла­ныс­ты сыртқы қарыздар,

- шет ел валютасындағы қаржылардың жетіс­пеу­шілігі сыртқы экономикалық байланыс­тар­ды (СЭБ) әлсіретеді.

Шет елдік әріптестер Қазақстанмен және ТМД елде­рі­мен сауда жасауды жоғары тәуекелдерге бару деп са­най­ды.

Қазіргі уақыттағы Қазақстанмен шет елдік әріптес­тер­дің келісімдерді іске асыруының үш басты бағытын бө­ліп көрсету көзделеді:

1. Экспорттық-импорттық қатынастар (тауарлар­мен операциялар жасау, оның ішінде үшінші елдерге тауарлар жеткізу)

2. Өндіріс, қаржы, экономикалық қызметтер көр­се­ту, жабдықтау, сыртқы сауда, ішкі әртүрлі сауда­лар және т.б. салаларды қамтушы бірлескен кәсіпкерлік.

3. Газ, мұнай, көмір, орман, түсті металдар және т.б. байлық көздерін игеру.

Осы бағыттар бойынша келісімдер жобасын әзірлеу, ал­дыға қойылған мақсаттар мен мүдделерді (қысқа­мер­зімдік, ортамерзімдік және ұзақмерзімдік) ескере отырып жүзеге асырылады.

Қысқамерзімдік мүдделер – тәуекелді және толық шы­найы; бұл – қарапайым түрдегі экспорт-импорт опе­ра­ци­ялары. Осыған орай шет елдік әріптес тауарларын Қа­зақ­станға экспорттай отырып, Қазақстандық әріптесінің тө­лем қаражаттарының сенімділігін міндетті түрде ес­ке­ре­тін болады. Қазақстаннан сол сияқты тауарларды им­порт­тай отырып, тауарларды жеткізудің контрактылық міндет­те­мелер шегінде халықаралық қалыптармен (нормалармен) сәйкес келушілігін қатаң бақылайды.

Орта мерзімдік мүдделер – олар, 2002 жылы іске асы­ры­луы мүмкін мүдделерге қатысты.

Ұзақ мерзімдік мүдделер – негізінен, табиғи байлық­тар мен ресурстарды игеру бойынша, 2002 жылдан әрі қа­рай жүзеге асырылатын жобалар. Оған жұмсалатын капи­тал­дың көлемі аса ауқымды.

Келісімдерді жүзеге асыруды тежейтін негізгі проб­ле­ма­лар:

1. Сыртқы саудадағы мамандандырылған органдар рөлі­нің төмендеуі және білікті сарапшылардың жетіс­пеу­ші­лі­гі. Республика өміріндегі экономи­ка­лық және саяси өзгерістер, көптеген сарапшылар­дың зейнеткерлікке шығып, олардың орнын тәжірибесі жеткіліксіз басқа сарапшылардың алмастыруы.

2. Банк – қаржы жүйесіндегі тұрақтылықтың жет­кі­лік­сіз­ді­гі. Соңғы жылдары іске асырылып жатқан шарала­рдың ішінен Қазақстанның жетекші эконо­ми­калық ау­дан­дарына экспорттық-импорттық опе­ра­цияларды, оның ішінде сыртқы экономи­ка­лық қызметті (СЭБ) ын­та­ландыру мақсатында кә­сіп­орындарға несиелер беруді жүзеге асырушы ай­мақтық банктердің құрылуын атап өту көзделеді.

3. Төлемдерді, шет ел капиталын инвестициялауды кешік­ті­­ру.

Шет елдік әріптестерді ТМД елдерінің, оның ішінде Қа­зақ­станның борыштық міндеттемелері проблемалары мазасыздандырады.

Бұрынғы Одақтың ТМД елдеріне борыштары:

а) әріптес-елдердің үкімет ұйымдарын қаржыландыру нәтижесінде туындаған борыштар;

б) банк несиелерін қайтармау нәтижесінде туындаған борыштар;

в) жекелеген сауда компанияларына борыштар;

г) қысқа мерзімдік төлемдерді уақытында қайтармау.

2. Бірлескен кәсіпорындар қызметінің күрделілігі (қиындығы). Бұл жерде, әрине, прогрестік өзге­ріс­тер бар. Мысалы, Қазақстан шет елдік әріптес­тер­дің 100 пайыздық инвестициялар құқын таныды.

Қазақстан Республикасының аумағында шет ел инвестициялары қатысатын 1000-нан аса кәсіпорындар тіркелген. Шет ел инвестицияларын халықаралық-құқық­тық қорғау – жұмыстың негізгі бағыттары болып саналады.

Шет ел инвесторы салықтық жеңілдіктердің берілуіне мүдделі, сондықтан да олар жәй уақыттарда біздің нарықта жұмыс істеуді қаламайды. Олар сондай-ақ, республикадағы саяси және әлеуметтік жағдайдың тұрақты, шет ел инвестициялары бойынша заңдардың айқын, салымдар жа­сау­дың қарапайым процедураларының болуын қажет етеді.

Ал біздегі жер, құрылыс (ғимаратқа) құқығына ие болу, әртүрлі құқықтық актілерді ресімдеу процедуралары әлі сол бұрынғысынша қиын күйінде қалуда.

Инвестициялауға рұқсат алудың неғұрлым қарапайым тәртібі шет ел инвестицияларының елімізге ағылып келуін жеделдетеді.

 


Дата добавления: 2015-12-21; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!