Азақстанның сыртқы экономикалық қызметінің стратегиясы мен негізгі бағыттары



Алғы сөз

 

Нарықтық қатынастар жағдайында ресурс­тарды үнем­ді жұмсау, жоғары өнімді техникаларды, технологияларды қолдану, неғұрлым білікті кадрларды пайдалану мәсе­ле­ле­рі шешілуде. ­Өндіріс шығындарын барынша төмендету мен өнім­дерді өткізудің маңызды міндеттері айқындалуда. Кә­сіп­орындар сыртқы нарыққа өз бетімен шығу құқына ие бол­ды.

Осылардың барлығы сыртқы экономикалық қызмет са­ласындағы терең білімді талап етеді. Нарықтық эконо­ми­ка жағдайында кім сауатты іс-қимыл жасап, ішкі, сол сияқ­ты сыртқы нарықта үлкен сұранымға ие өнімдерді өндіруді ұйымдастырып, жоғары білікті жұмыскерлерді барынша жоғары табыспен қамтамасыз ете алады, солар ғана өмір сүре алмақ.

Сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы ал­ды­ға қойылған міндеттерді шешу сыртқы экономикалық қыз­мет негіздерін жақсы игерумен тікелей байланысты.

Кәсіпорындар сыртқы нарыққа өз беттерімен шығу ке­зінде, әлемдік нарықты зерттеу, әріптесті таңдау, тауар­лар­ды өткізудің жаңа формаларын іздеу және сатудан кей­ін­гі қызмет көрсету сияқты экспорттық-импорттық қыз­мет­тер­мен байланысты кең ауқымды көптеген мәселелерді ше­шу­леріне тура келеді.

Сыртқы экономикалық операцияларды жүргізу техникасы мен оны ұйымдастыру мәселелерінің ішінде сыртқы сауда контрактыларын жасау маңызды орын алады, коммерциялық келісімдердің табысты болуы көп жағдайда жасалатын осы контрактыларға байланысты. Халықаралық өнеркәсіп кооперацияларының формаларын зерттеп-үйрену: сыртқы экономикалық қызметтің маңызды формалары ретінде бірлескен кәсіпорындар құрудың аса маңызды мәні бар.

Іскерлік қарым-қатынастар мен іскерлік хаттамалар, білікті кадрлар даярлау мен қайта даярлау – сыртқы экономикалық қызметтің негізін құрайды. Әр елдегі іскер әріптестердің мәдениеті мен ұлттық ерекшеліктерін білу де аса маңызды болып саналады.

Нарықты ұйымдастыратын жоғары білікті мамандар қалыптастыру жағдайында сыртқы экономикалық қызмет үшін кадрлар даярлау және қайта даярлау айрықша маңызға ие болып отыр, оның үстіне бұл процесс жаңадан ғана басталды деуге болады.

Оқу құралы осы мәселелерді де қамтиды.


1. Қазақстанның әлемдік шаруашылық

Процесіне кіруі

азақстанның сыртқы экономикалық қызметінің стратегиясы мен негізгі бағыттары

Сыртқы экономикалық қызметтегі Қазақстанның дер­бес­тігіне және экономикалық тұтқалар мен сыртқы эко­но­микалық байланыстардың барлық субъектілерінің теңдігі негізінде оны мемлекеттік реттеуге негізделетін, респуб­ли­ка­ның сыртқы экономикалық байланыстарының дамуы эко­номиканы тұрақтандырудың, нарықтық қайта құруды жеделдетудің маңызды факторы болып саналады. Соған сай заңдар жасау сыртқы экономикалық байланыстардың табысты дамуына онды әсерін тигізетін болады. Қазіргі күн­ге дейіннің өзінде сыртқы экономикалық қызметтің қағидалары, шет ел инвестициялары, еркін экономикалық аймақтар, республикадағы валюталық реттеу туралы заң­дар қабылданып үлгерді. Таяу уақыттарда сыртқы байла­ныстарды реттеудің басқа мәселелері, кеден және банк ісі, концессиялар және т.б. бойынша заңдар мен нормативтік ак­тілер қабылдау көзделуде. Сыртқы экономикалық қыз­мет­ті бейтараптандыру шаралары қаралуда. Сыртқы эко­но­микалық байланыстар аясындағы республиканың кепілдік беру қабілетін арттыру үшін Республикалық валюта қоры, республикалық алтын және алмас қорлары құрылуда.

Осы шаралардың барлығы, Республикада дамыған өнер­кәсіптің, ғылыми-техникалық әлеуеттің көп салалы ауыл шаруашылығының болуымен қатар сыртқы эконо­ми­ка­лық байланыстардың белсенділігін арттыру, шет ел инвестицияларын тарту үшін алғы шарттар жасайды.

Қазіргі уақыттың өзінде сыртқы нарыққа Қазақстан­нан алуан түрлі тауарлардың 20-дан астам атауы шыға­ры­ла­ды.

Жоғары сапалы Қазақстанның түсті металдары әлем­дік нарықта үлкен сұранымға ие. Өскемен қорғасын-мы­рыш комбинатының сапалы қорғасыны мен мырышы, Бал­қаш тау-кен металлургия комбинатының катодты мысы түс­ті металдардың Лондон биржасында сауда эталонының са­пасы түрінде тіркелген. Республикада өндірілетін ферро­құй­ымдар, қара металдар прокаты, минералды тыңайт­қыш­тар әлемдік нарықта үлкен сұраныммен пайдаланылады.

Республика көмірсутегі шикізаттарының (Теңіз, Қа­ра­шығанақ және басқа кен орындары) аса бай қорына ие. Осы жерлерді игеру үшін шет ел фирмаларымен ынты­мақ­тас­тық орнату, сыртқы экономикалық байланыс­тар сала­сындағы болашағы зор бағыттардың бірі болып саналады.

Экспорттағы машина жасау саласы – энергетикалық машина жасау, электротехникалық өнеркәсіп, ауыл шаруа­шы­лық машиналарын жасау өнімдері, метал кесу станок­та­ры, жұқа қабырғалы құбырлардың суық прокаты үшін стан­­дарт түрінде таныстырылған.

Үлесіне 22%-дан аса көлемі келетін агроөнеркәсіп ке­ше­нінің өнімдері республиканың экспортқа шығаратын тау­­арларының маңызды тобын құрайды. Мақта талшығы, жүн, астық, тері шикізаттары, ет консервілері агро­өнер­кәсіп кешеннің негізгі құрамалары болып саналады. Ірі кө­лем­дегі инвестицияларды талап етпейтін және қысқа мер­зім аралығында қайтарым беруі мүмкін экспорт сала­сын­дағы мрамордан, граниттен, ұлутастарынан, гипс тастан және т.б. жасалған құрылыс материалдарының мүмкін­дік­те­рі зор.

Туризм аясындағы халықаралық ынтымақтастықтың болашағы зор болып саналады. Республикада құрылған спорт және туризм Министрлігі осы міндеттерді шешуге ықпал етері сөзсіз. Солардың ішінде әсіресе аңшылық турлары, туристік және альпинистік маршруттар (дәстүрлі емес ат, түйемен жүру бағыттарын қоса отырып), тау-шаңғы базаларындағы демалыс, этнографиялық, мәдени объектілерді аралау – туризм саласының тез қайтарым беретін нысандары деп санауға болады.

Көлік саласында өзінің географиялық жағдайы бой­ын­ша республика әлемнің негізгі экономикалық аудан­дары арасында неғұрлым ұрымтал транзиттік мүмкіндікке ие болып отыр, осы арқылы делдалдық қызметтен ма­ңызды көлемде валюталық түсімдер ала алады. Алашакол (ҚХР) – Достық (Қазақстан) темір жолы бойынша тран­зит­тік көлік жүйесін дамытудың таяу болашақтағы мүмкін­діктері үлкен, сол сияқты Түркия – Иран – Түрк­мен­стан - Өзбекстан – Қазақстан – Қытай Транс­азия­лық ма­гист­ралын құрудың да туризм саласын да­мытудағы өзін­дік ерек­шелік­тері мен артықшылықтары бар.

Сыртқы экономикалық қызметтің инфрақұрылымы бел­сенді түрде қалыптасуда. Республикада Сыртқы эконо­ми­ка­лық байланыстар Министрлігі, Сыртқыэкономбанк құ­рылды. Қазіргі уақытта оңдаған сыртқы экономикалық ассоциациялар мен бірлестіктер іс-қимыл жасауда, сыртқы экономикалық байланыс жасауға қатынасушылардың саны өсе түсуде. Өнімдерді экспортқа шығаруға және рес­пуб­ли­ка­ға қажетті тауарлар мен технологияларды сырттан әкелу­ге, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындар құруға көмектесу мақсатында басқа да ұйымдық шаралар қабылдануда.

Республика қаржы Министрлігі Қазақстан аумағында жүзден аса бірлескен кәсіпорындарды тіркеген, Қазақстан заңдары республикада 100% шет ел капиталы негізінде кә­сіп­орындар құруға мүмкіндік береді. Бірлескен кәсіп­орын­­дар белгілі бір жеңілдіктерді пайдаланады.

Макроэкономикалық тұрақтылық қазіргі жағдайда мемлекетті табысты дамытудың негізі болып саналады, атап айтқанда олар:

а) инфляциясыз ақша-несие жүйесі;

б) бюджет тапшылығына қатаң бақылау;

в) қалыпты баға белгілеу;

г) сыртқы сауданың ашықтығы – экспортты тұрақ­тан­ды­ру, импортты ең аз деңгейге дейін шектеу;

д) бірегей импорт тарифі;

е) ұлттық валютаның оңтайлы бағамы;

ж) сыртқы инвестициялардың қолайлы жағдайы.

Мемлекеттің экономикаға араласуының дәрежесі мен деңгейі маңызды фактор болып саналады. Дәл осы фактор дамушы елдердің сәтсіздікке ұшырауларының басты се­беп­тері болды. Ішкі экономикада, сол сияқты сыртқы бай­ла­ныстар саласында үкіметпен, мемлекеттік кәсіпорын­дар­мен және жеке сектормен арадағы қызмет шектеулерін дәл айқындаудың аса маңызды екендігін естен шығармау керек. Сондай-ақ, реттеудің экономикалық әдістеріне көшу де маңызды болып саналады.

Республиканың сыртқы экономикалық қызметін кү­шей­ту шеңберіндегі басты құрамалары:

1. Кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай туғызу және ха­­лық­тың жинақтарын тарту, өйткені барлық дамушы ел­дер­­дегі ұлттық капитал шет елден келетін инвестицияларға қа­­рағанда, инвестицияларды 12-18 есе көп қамтамасыз ете­ді.

2. СЭБ (ВЭС) аясындағы заңдар кешенін әзірлеу және енгізу, олардың орындалуы мен тұрақтылық кепілдігін қамтамасыз ету.

3. Халықаралық құқық пен маркетинг, статистика са­ла­сындағы кадрларды, салық инспекторларын, банк қыз­мет­керлерін, қаржыгерлерді, бухгалтерлерді, нарыққа қа­жет­ті сыртқы сауда маманларын даярлау.

4. Қай елдің экономикасы біздің экономиканы өзара то­лықтырушы болып саналады, сол елдердің эконо­ми­ка­лық блоктары мен республикалық салалар үшін басым бо­лып саналатын сыртқы экономикалық саясатты белсенді түр­де жүргізу.

5. Республиканың экономикалық қызметіне шет ел банктерінің ене алу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

6. Экономиканың басым салаларында шет елдің иелік етуі тәртіптерін және икемді валюта тәртіптерін енгізу.

Сыртқы экономикалық байланыстардың (СЭБ) қа­зір­гі жағдайын және республика мүддесін ескере отырып, сырт­қы экономикалық байланыстар келесі бағыттар бой­ын­ша дамитын болады:

1. «ТМД» Ресеймен, Украинамен, Беларусиямен, Өз­бек­станмен және т.б. экономикалық одақты сақтау және ны­ғайту:

а) кәсіпорындар арасындағы тығыз байланыс,

б) әлемдік нарықтағы бағаны түсірмеу үшін шикізат саласындағы іс-қимылды үйлестіру,

в) республиканың транзиттік жүктерін Еуропаға, Таяу шығысқа жеткізуді қамтамасыз ету,

г) ғылыми-техникалық орталықтарды (ҒТО) бірлесіп пайдалану, конверсиялар өткізу,

д) сауда өкілдіктерін және бұрынғы КСРО-ның шетелдік паспорттарын пайдалану.

2. Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдеріне шығу­мен Пекин-Сеул-Токио АТР-і. Бұл аймақ Қазақстандағы бір­сыпыра жобаларды іске асыру үшін несиелер мен жұ­мыс күштерін тартудың озық технологияларының көздері болып саналады.

3. Азиялық. Түркия - өткізу нарығы. Араб шығыс ел­де­рімен ынтымақтастық және экономикаға инвести­ция­лар тар­ту үшін Азия несиелері.

4. Еуропалық. Бәрінен көбірек түрде ТМД-ға тарты­луға дайын, Германияның басым түрде назар аудару­шы­лы­ғы. Германияның экономикалық үлгісі Қазақстан үшін қызы­ғу­шы­лық туғызады. Инфрақұрылымдарды дамыту және кадр­ларды оқыту мақсатында техникалық көмек пен несиелер алу үшін Еуропалық экономикалық одақпен (ЕЭО) ынты­мақтастық. Бірсыпыра салаларда Шығыс Еу­ро­па елдерімен тығыз өзара байланысты іс-қимыл жасайды.

5. Ақша айналымының реттегіші ретінде Ұлттық Банк­тің рөлін нығайту арқылы, банк жүйесін рефор­малау­ды аяқтау және нарықтық үлгідегі нағыз коммерциялық банк­тер құру. Экспортқа несие беру үшін мемлекеттік са­рап­тау – импорттық банкін, шикізаттарды экспорттаудан жә­не қайта бөлуден түскен кірістерді шоғырландыру үшін да­му банкін құру және сыртқы сауда келісімдері мен им­порт­тық несиелерді сақтандыру, шет елдердегі қаржы на­рықтарында Қазақстан өкілдерінің қызметін ұйымдас­ты­ру.

3. Қарапайым бақылаушы бола отырып, сыртқы эко­но­микалық байланыстар (СЭБ) саласында мемлекеттік банк­терді ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру.

4. Шет ел инвестициялары бойынша комиссия және агенттік құру, біздің нарыққа кіретін шет ел фирмалараның несие қабілетін анықтау бойынша жұмыстарды қалыпқа келтіру.

5. Бәсекелестіктің адал еместігі туралы, жер қойнау­ла­ры туралы заңдар қабылдау.

6. Патенттік-лицензиялық жұмыстардағы өзіндік жүй­е­ні қалпына келтіріп, Қазақстан ұйымдарының, сол сияқты шет елдік фирмалардың, жеке және заңды тұлғалардың ин­теллек­туалдық меншіктерін қорғау үшін халықаралық келісімдерге қосылу.

7. Сыртқы экономикалық байланыстардың (СЭБ) бар­лық негізгі бағыттары бойынша кадрларды оқытудың мем­ле­кеттік бағдарламасын қабылдау.


Дата добавления: 2015-12-21; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!