М . Портер бойынша стратегия                                                                                11 страница



• қысқарту стратегиясы – кәсіпорын өзінің бинесінің немесе бөлімшелерінің біреуін сатумен немесе жабумен сипатталады.

4. Құрамдастырылған стратегия. Қарастырылған стратегиялық баламалардың кез келген ұштастырылуын ұсынады. Осы стратегияларды бiрнеше салаларда жұмыс iстейтiн iрi кәсiпорындар ұстанады.

7.4 Кәсіпорын стратегияларын анықтау

Стратегияларды таңдау процессi келесiдей негiзгi кезеңдерді қамтиды:

• ағымдағы стратегияны айқындау;

• стратегиялық баламаларды қалыптастыру;

• кәсiпорын стратегияларын таңдау және оны бағалау.

Ағымдағы стратегияны айқындау. Ағымдағы стратегияны айқындаудың әр түрлi сызбалары орын алады. Мүмкін тәсілдердің бірі А. Томпсон және А. Стрикландпен ұсынылған. Авторла ағымдағы стратегияны құратын сыртқы және ішкі факторларды бөлді. Сыртқы факторлар:

• кәсiпорын қызметiнiң мөлшері және өндірілетін өнiмнiң әр түрлi дәрежесі;

• кәсіпорынмен жақында сатып алынған немесе сатылған өз меншiгiнiң жарты бөлiгiнің табиғаты мен жалпы сипаты;

• соңғы мерзімдегі кәсiпорын қызметiнiң құрылымы мен бағыттары;

• соңғы жылдары ұйымның бағдарланған мүмкiндiктері;

• сыртқы қауіп-қатерлерге қатынас.

Iшкi факторлар:

• кәсiпорынның мақсаттары;

• өндірілген өнімдер бойынша капитал салымдарының құрылымы және ресурстарды бөлу критерилері;

• басшының тарапынан қаржы тәуекелдеріне қатынас; 

• НИОКР-дың төңiрегiде күштердi шоғырландыру дәрежесі мен деңгейі;

• жеке функционалдық салалардың стратегиялары (маркетинг, өндiрiс, кадрлар, қаражаттар, ғылыми зерттеулер мен өңдеулер).

Стратегиялық баламаларды қалыптастыру. Мұнда мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегиялар жасалынады. Жоғары деңгейдегі басшылардың еңбегін зерттеумен айналысқан Г.Минцберг стратегияны құруда әрекеттердің үш негізгі бейнесін атады: кәсіпкерлік, бейімделме және жоспарлық. 

    1. Әрекетердің кәсiпкерлiк бейнесі. Осы үлгіге сәйкес балама стратегияларды қалыптастыру процессі көшбасшының, әдетте кәсіпкердің түпкі ой-санасында жүзеге асырылады. Бұл кәсіпкердің осы бизнес түрінің логикасын терең түсінуімен және жағдайды жақсы білгендігімен сипатталады. Бұл кәсіпкер үшін мәселені көре білуге, оның шешу жолдарын табуға және болашаққа ұмтылуға мүмкіндік береді. Негiзгi көңіл кәсіпорынның өсу мүмкіндігіне аударылып, ағымдағы мәселелер екінші жоспарға қалдырылады. Көре білу өнерінің жеке және ресми емес сипаты стратегияның икемді және жемісті болуына септігін тигізеді.

    2. Әрекеттердің балама түрі немесе тәжiрибе арқылы үйрену. Оның мәні - стратегияларды жүзеге асыру барысында пайда болған сыртқы әсерлерден, стратегияларға түзету енгізу қажеттілігі және мүмкіндігімен түсіндіріледі. Ол жаңа мүмкiндiктер iздестiруге қарағанда, көбiнесе қазiргi мәселелердiң жедел шешiмiмен сипатталады. Стратегиялық шешімдер басшы тарапынан минималды араласу және бақылау шарттары негізінде түрлі әріптестер арасында көп жақты диалог шеңберінде қабылданады. Бұл ірі кәсіпорындарға тән құбылыс. 

    3. Әрекеттің жоспарлы бейнесі: Стратегияларды өңдеу толығымен жете түсінікті және бақыланатын ойлау процессі ретінде қарастырады. Бұл жағдайда жаңа мүмкіндіктерді белсенді іздестірумен қатар, мәселелерді жедел шешу әрекеттері іске асырылады. Бұл классикалық үлгі орталықтандырылған штаттың болуын болжайды және кәсіпорынның қоршаған ортада белгілі стратегиялық орынға қол жеткізуіне мақсатталады. Мұндай стратегия жоспарлаушы-мамандармен дайындалады.

    Кәсiпорын стратегияларын таңдау және бағалау. Стратегия таңдауға көптеген факторлар ықпал ететiнiн анықталған. Солардың iшiнен ең маңыздылары:

- кәсіпорын жұмыс істейтін саланың ерекшелігі мен бизнес түрі;

- кәсiпорынның алдына қоятын мақсаттарының сипаты;

- жоғарғы менеджердің шешiм қабылдауда негiзге алатын құндылықтар;

- қабылданған шешiмдер бойынша кәсiпорынның қаржы ресурстары мен мiндеттемелері;

- сыртқы ортадан тәуелдiлiктiң дәрежесi;

- уақыт факторы.

Стратегиялық баламаларды талдаудың қорытынды кезеңі - стратегиядағы тәуекелдің тиімділігін бағалау. Бағалау үш бағыттар бойынша орындалады:

• стратегияны таңдау негiзіндегі алғышарттар шынайы ма?

• стратегияның күйреуі кәсiпорындар үшiн қандай келеңсiз салдарға алып келеді?

• стратегиян iске асырудағы күйреуден гөрі жоғалту тәуекелінің мүмкін болатын оң нәтижесі өзін ақтайды ма?

№ 18 дәріс

М . Портер бойынша стратегия

М.Портердiң пiкiрiнше, бәсекелестiк артықшылық генетикалық стратегияны (тума) қолданудың нәтижесi болып табылады. Фирмаға бәсекелестiк позициясын күшейтуге мүмкiндiк беретiн стратегиялардың ерекшеленген варианттары:

1. Кең сараланған стратегия - ұйым өнiмiнің бәсекелестердің ұқсас өнiмiнен асып түсетiні жөнінде сатып алушыға сенім сезімін ұялату (бұл жағдай, оның жоғары баға ұсынуыны көмектеседі). Бұл тауарға басқа компанияның тауарларынан бөліп тұратын ерекше сипат берумен сипатталады;

2. Ұтымды шығындар стратегиясы – өндірісте төмен шығынға қол жеткізу арқылы ұйым төмен бағамен жоғары пайда ала алады. Бұл фирмаға аз шығындар мен кең саралауды ұштастыру есебінен, өз сатып алушыларына қол жетімді құндылықты ұсынуға мүмкіндік береді;

3. Өнімнің саралануына және аз шығындарға негіделген орталықтандырылған стратегия – шығындар бойынша көшбасшы стратегиясы мен сараланған стратегияны нарықтың тар профилдi сегменттерінде қолдану (тек қана бiр сегментте болуы мүмкiн);

4. Шығындар бойынша жетекші стратегия – тауарлар мен қызметтер өндiрiсінің шығындарын толық төмендету. 

Ұйым стратегияның қай түрі және қандай ауқымда (тар немесе кең) қолдану керектігін нақты түсіну қажет. 

Шығындар бойынша жетекші стратегиясының басты мақсаты - өз саласында ең аз шығындалатын өндіріс болып, осы арқылы бәсекелестік күресте жеңіске жету.

Стратегияның артықшылықтары:

- ұйымның шығыны бәсекелестерден төмен болғандықтан, өз өнімдеріне орташа нарық бағаларын белгілеп, аса жоғары пайда таба алуы мүмкін; 

- ұйым төмен бағаны белгілей отырып, сату көлемін де, нарықтық үлесін де ұлғайтуы мүмкін;

- сала нарығына түскiсi келген компаниялар үшiн стратегия қосымша тосқауыл болуы мүмкін.

Саралау стратегиясының мақсаты - осы ұйымның өнiмі бәсекелестердің өнiмімен салыстырғанда тамаша екенін клиенттерге сенімді түрде жеткізу.

Осы ұйымдардың артықшылықтары:

- өнiмге ең жоғары бағалар қойылады;

- өніге сұраныс баға бойынша аз икемді болады, бәсекелестердің өнімдерінің сұранысына қарағанда;

- ұйым қосымша пайда алуы мүмкін;

- жаңа компаниялардың сала нарығына кіруі үшiн қосымша тосқауылдар қойылуы мүмкін.

Шоғырландыру стратегиясының мақсаты – өз күштерін бiр нарық сегментiне шоғырландыру. Бұл жағдайда фирма не шығындарды (шығындарда шоғырландыру), не нарық сегментін (дифференциацияда шоғырландыру) немесе екеуін де шектеуі мүмкін. Мысалы, сирек және тапшы автокөлiк өндiрiстері. Фирма мұндай автокөлiктерді аз өндіреді (шығындар қысқартылады) және оларды нарықтың шектеулі сегментінде сатады. Бірақ экономикалық тұрғыдан бұл өзін-өзі ақтайды, себебі өнім өте беделді, сұранысқа ие және өте қымбат бағаланады (сатып алушылар үшін). Осылайша бәсекелік артықшылыққа қол жеткізеді, өйткені фирмалардың басым көпшілігі арзан автокөліктер өндіріп, соны жаппай сатуға кіріседі. [14]

Бақылау сұрақтары

1. Стратегияны тұжырымдауда әрекеттің кәсіпкерлік бейнесі

2. Стратегияны тұжырымдауда әрекеттің баламалы бейнесі

3. Стратегияны тұжырымдауда әрекеттің жоспарлы бейнесі

4. Іскерлік, функционалдық және корпоративтік стратегия

5. Кәсіпорын стратегиясын анықтау

8 тақырып. Стратегия түрлері мен сыныптамасы

Стратегияларды сыныптау

8.2 Өндірістік стратегиялар                                                                   


Дата добавления: 2022-01-22; просмотров: 19; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!