М . Портер бойынша стратегия                                                                                7 страница



 

№ 11 дәріс

4.5 Стратегиялық жоспарлау, (қысқа және ұзақ мерзімді)

Стратегиялық жоспар – бұл болашақта ұйымның тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету мақсатымен қажетті ресурстарды алу, анықтау және оларды бөлу үшін айрықшалықты стратегияны таңдау, ұйым миссиясы мен мақсатын тұжырымдау процессі.

 Стратегиялық жоспарлау ұйым мақсаттарын, оның ресурстары мен мүмкіндіктерін ортақ жүйелендіреді.

Жоспарлау – бұл барлық қажетті іс-әрекеттерді алдын-ала көре білу ғана емес, бұл сондай-ақ істің жүру барысында пайда болуы мүмкін кез-келген тосын жағдайларды көре білу, оларды жеңе білу қабілеті. Фирма өз іс-әрекетіндегі тәуекелдерді толығымен жоя алмайды, бірақ оларды тиімді жоспарлау көмегімен басқара алады. Басқару шешімдерін, яғни жоспарлауды дайындау бойынша жұмыстың сапасынан осы шешімдердің өзінің сапасы да тәуелді болады, нәтижесінде барлық басқару іс-әрекеттерінің жетістігі немесе сәтсіздігі алдын-ала анықталады.

Жалпы стратегиялық жоспар –өтпелі кезең аралығында болуы мүмкін түзетулерді есепке ала отырып, ұйым қызметіне бағыт көрсететін бағдарлама.

Стратегиялық жоспарлаудың басты мақсаты – сыртқы ортадағы өзгерістерге тұрақты әсерлесу үшін жеткілікті көлемде жаңа енгізілімдер мен өзгерістерді қамтамасыз ету.

Стратегиялық жоспарлауға келесідей сипаттамалар тән:

- орта және ұзақ мерзімді болашаққа ұмтылу;

- мақсаттың жоспарланған жүйелері үшін анықтаушы, негізгі шешімдерге бағдарлану;

- мақсаттардың ресурстар көлемімен және құрлымымен органикалық байланысы;

- жоспарланған объектілерге оң немесе теріс ықпал ететін көптеген сыртқы факторлардың әсерін есепке алу;

- жоспарланған объектілердің ішкі және сыртқы орта өзгерістерін көре білу және өз қызметін соған икемдеу қабілеті.

Стратегиялық жоспарлау үрдісі 4 кезеңнен өтеді:

1) ұйым миссиясы мен мақсатын дайындау;

2) салыстырмалы қысқа мерзім аралығында нақтылы, егжей-текжейлі мақсаттарды анықтау (2 жыл, 5,10 жыл);

3) оларға жету жолдары мен құралдарын анықтау;

4) жоспарлы көрсеткіштерді нақты орындалғанмен салыстыру жолымен мақсатқа жетуді бақылау.

Стратегиялық жоспарлауды қысқа және ұзақ мерзімді жоспардан ажырата білу керек.

Ұзақ мерзімді жоспарлау 3 немесе 5 жыл аралығын қамтиды. Ол әдетте компанияның жалпы стратегиясын анықтайды. Өйткені нақты өмірде осындай ұзақ мерзім аралығында жағдайларды анық көре білу мүмкін емес. Ұзақ мерзімді жоспар компания басшысымен өңделіп, кәсіпорынның болашаққа жасалған басты стратегиялық мақсаттарын қамтиды.

Ұзақ мерзімді жоспарлаудың негізгі салалары:

- ұйымдық құрылым; 

- өндірістік қуат;

- капитал салымдары;

- қажеттіліктер мен қаржы құралдары;

- зерттеулер мен әзірлемелер және т.б.

Қысқа мерзімді жоспарлау бір жылға, жарты жылға, айға, бірнеше күнге есептелуі мүмкін. 1 жылға жасалынатын қысқа мерзімді жоспар пайданы жоспарлауды, өндіріс көлемін және т.б. қамтиды. Қысқа мерзімді жоспарлау түрлі әріптестер мен жеткізушілердің жоспарларын тығыз байланыстырады. Сол себептен бұл жоспарлар өзара келісуі мүмкін немесе жоспардың кейбір сәттері өндіруші-компания мен оның әріптестері үшін ортақ болуы мүмкін.

Кәсіпорын үшін қысқа мерзімді қаржы жоспары ерекше мәнге ие. Ол ағымдық қаржы жағдайын бақылап, талдауға мүмкіндік береді.

Қысқа мерзімді жоспарды жасау және іске асыру кезеңдері:

1. Жағдайлар мен мәселелерді талдау;

2. Іс-әрекеттің болашақ шарттарын болжау;

3. Міндеттер орнату;

4. Оңтайлы вариантты таңдау;

5. Жоспар құру;

6. Жоспарға түзету енгізу;

7. Жоспардың орындалуы;

8. Жоспардың орындалуын бақылау.

4.6 Ұйымдастырылған орта

Ұйымдастырылған орта – ол ұйымның қызметіне әсер ететін екі құраманың (сыртқы және ішкі орта) жиынтығы.

 Сыртқы орта, немесе макроорта - кәсіпорын, саладан тыс орналасқан орта.

Жұмыс ортасы – бұлсыртқы ортаның фирмамен тікелеу байланысу ортасы. Ол фирма тікелей қатынасқа түсетін немесе фирмаға тікелей ықпал ететін нарық қатысушыларын қамтиды. Олар:

Жеткізушілер: Фирмаға қажектті экономикалық ресурстарды (шикізат, қаржы капитал, өндіріс капитал), еңбек ресурстарын, ақпараттар жеткізушілер;

Клиенттер – фирманың өндіретін тауарларын тұтынушылар;

Делдалдар – қаржы, сауда, маркетинг, мемлекеттік экономикалық құрылымдар (мысал, салық инспекциясы);

Бәсекелес фирмалар;

Сұхбаттасатын дәрісханалар – фирманың қолайлы және қолайсыз бейнесін жасауға әсер ететін бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылар қоғамы және т.б.

Ұйымдастырушылық ортадан тыс фирмаға төнетін қауіп пен мүмкіндіктерден тұратын 7 фактор бар:

а) Экономикалық. Экономикалық қоршаған ортада кейбір факторлар үнемі бағаланып отыру керек, өйткені жалпы экономикалық жағдай ұйым мақсатына әсер етеді. Оған инфляция, халықааралық төлем балансы, жұмысбастылық деңгейі және т.б. жатады. Бұл факторлардың әрқайсысы фирмаға қауіп немесе жаңа мүмкіндіктер туғызуы мүмкін.

ә) Саяси. Саяси тұрақтылық фирманың гүлденуіне алып келсе, ал саяси тұрақсыздық фирманың шаруашылығына зиян келтіреді. Керісінше, тұрақсыздық басқа фирмалар қызметтері үшін жаңа мүмкіндіктер туғызуы мүмкін, мысалға жасырын бизнес саласына.

б)Нарықтық. Нарықтық орта ұйым үшін әрқашанда қауіп төндіреді. Ұйым жетістіктері мен сәтсіздіктеріне әсер ететін нарықтық ортаның факторалары: халықтың табысын бөлу; саладағы бәсекенің деңгейі; өзгеріске ұшырайтын демографиялық жағдайлар; нарыққа еркін ену.

в)Технологиялық. Технологиялық талдау өндіріс технологиясындағы өзгерістерді есепке алу қажет. Кез-келген ұйым басшысы соның бәрін бақылап отыру қажет.

в) Бәсекелестік факторы. Кез келген ұйым өз бәсекелестерінің қадамын, іс-әрекеттерін зерттеп отыру қажет. Яғни бәсекелестердің ағымдық стратегиясын бағалау, болашақ мақсаттарын талдау, олардың күшті және әлсіз жақтарын терең меңгеру және т.б.

г) Әлеуметтік тәртіптер. Бұл факторлар қоғамның өзгермелі қатынастарын, адамгершілігін және болжалдарын қамтиды (кәсіпкерлік ролі, қоғамдағы әйелдер мен ұлттық азшылық, тұтынушылар мүддесін қорғау әрекеттері, бизнеске деген қоғамның қатынасы)

д) Халықааралық. Халықааралық нарықта жұмыс жасайтын ұйым басшысы үнемі сол жердегі өзгерістерді бақылап және бағалап отыру қажет.

 

Бақылау сұрақтары

1. Миссия жасау тәсілдері

2. Миссияның мәні

3. Бизнес мақсатын белгілеу

4. Мақсаттар иерархиясын тұрғызу

5. Нақты мақсаттарды (міндет) анықтау

6. Мақсат сапасының критериі

 

 5 -тақырып . Сыртқы ортаны талдау

5.1 Кәсіпорынның сыртқы ортасын талдау мақсаты мен сипаты             

РЕ ST – талдау                                                                                     

5.3 Саладағы бәсеке мен жалпы жағдайды талдау                        

5.4 Бәсеке деңгейін бағалау                                                                  

№ 12 дәріс

5.1 Кәсіпорынның сыртқы ортасын талдау мақсаты мен сипаты             

Сыртқы ортаны талдау фирманың осы ортада кезіктіретін қауіп қатерлері мен мүмкіндіктер тізімін жасауға мүмкіндік береді. Басшы табысты жоспарлау үшiн тек сыртқы мәселелер туралы ғана емес, сондай-ақ ұйымның iшкi потенциалдық мүмкiндiктері мен кемшiлiктерi туралы толық мәлімет алуы керек.

Ұйымның сыртқы ортасын талдау - стратегиялық жоспарды дайындаушылардың фирма үшiн мүмкiндiктертерге жол ашатын немесе қауіп төндіретін сыртқы орта факторларды зерттеу процессі.
Сыртқы орта 3 параметрлер бойынша бағаланады:

- ұйымның қызметiне әсер ететін өзгерістер;

- ұйымның қызметтерi үшiн қауіп төндіретін факторлар;

- қойылған мақсаттар жету үшiн мүмкiндiк туғызатын факторлар.

Сыртқы ортаны талдау фирмаға қатысы бар сыртқы факторларды бақылауға және келесілерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:

- қауіп-қатер төнуі мүмкін болған жағдайда алдыңғы ескерту жүйелерін дайындау;

- мүмкіндіктерді болжау;

- күтпеген жағдайларға жоспар дайындау;

- стратегия әзірлеу.

Бұл үшін қазір ұйымның қайда орналасқанын, болашақта қайда орналасатынын, осы үшін не істеу керектігін анықтап алу қажет. Осыдан кейін кәсіпорын басшысы стратегиялық жоспарлау кезеңдерін бастайды. Ол келесілерді қамтиды:

- ағымдық стратегияның түрлі аспектілеріне әсер ететін өзгерістерді бағалау;

- ұйымның ағымдық стратегиялары үшін қауіп төндіретін факторларды анықтау;

- бәсекелестер қызметін талдау;

- жоспарға түзету енгізу жолымен жалпы ұйымдық мақсатқа қол жеткізуге көп мүмкіндіктер ұсынатын факторларды анықтау.

Сыртқы ортаны талдаудың мәні:

- макроортадағы өзгерiстi жақсы түсiнуге мүмкiндiк бередi;

- қазiргi жағдайды теңбе-тең бағалауға мүмкiндiк бередi;

- халықаралық ұйымдардың рөлiн жақсырақ түсiнуге мүмкiндiк туғызады;

- ресурстарды бөлумен байланысты шешімдер қабылдау кезінде сапасын, деңгейін көтеруге көмектеседi;

- тәуекелмен басқаруды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi;

- стратегиялық өзгерістердің алғашқы белгілеріне назар аударуға көмектеседі;

- ұйымның мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді дер кезінде болжап, соған қажетті шаралар қолдануға мүмкіндік береді.

Сыртқы ортаны талдау мақсаттары. Сыртқы ортаны талдаудың негiзгi бағыты - кәсiпорын үшiн болашақта пайда болуы мүмкін қауіп-қатерлер мен мүмкіндіктерді анықтау және айқындау. Бұл кәсіпорынның жалпы саясаты мен стратегиясын дұрыс анықтау үшін қажет. 

Сыртқы талдау SWOT-талдаудың бір бөлшегi болып саналады. SWOT - бұл төрт ағылшын сөздерiнiң аббревиатурасы:

S – Strengths (күштi жақтар), W - Weaknesses (әлсіз жақтар),                         О – Opportunities (мүмкіндіктер), Т – Treaths (қауіп-қатерлер).

Мүмкіндіктер сөзінің астарындакәсіпорынның пайдасы мен сату көлемін ұлғайта алатын сыртқы ортаның оңтайлы тенденциялары мен құбылыстары түсіндіріледі. Мысалы, кәсіпорын мен халықтың табысының өсуін, бәсекелестердің әлсіз позицияларын және т.б. кәсіпорын мүмкіндіктері қатарына жатқызуға болады. 

Қауіп-қатерлер – қарсы іс-әрекеттер қолдана алмаған жағдайда кәсіпорынның бәсекелесу деңгейін әлсірететін теріс тенденциялар мен құбылыстар. Қауіп-қатерлер қатарына халықтың сатып алу қабілетінің төмендеуін, қолайсыз демографиялық өзгерістерді, мемлекеттік реттеудің нашарлауын жатқызуға болады.

Сыртқы талдау кәсіпорынның сыртқы ортасында болып жатқан өзгерістермен байланысты нақты мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді анықтауға бағытталған.

Сыртқы орта факторлары. Кәсіпорынның сыртқы ортасы ұйым басшысы тарапынан үздіксіз бақылауына бағынбайтын және де оның стратегиясына әсер ете алатын белсенді әрекет етуші субъектілер мен күштердің жиынтығын сипаттайды. 

Кәсіпорын шеңберінде болып жатқан процесстерге әсер ету деңгейі бойынша сыртқы факторлардың екi топтары бөліп қаралады:

• макросаланы ұсынатын алшақ әсерлер;

• жақын ортаның үздіксіз әсерлері немесе салалық факторлар.

    Кәсіпорынның барлық сыртқы орта факторларының жиынтығы 8-суретте көрсетілген.

Микроортаның (жақын орта) кәсіпорын қызметінің негізіне тікелей ықпал ететін және оның нәтижесінен тәуелді барлық мүдделі топтарды қамтитыны 8-суретте көрсетілген. Олар: жеткізушілер, бәсекелестер, тұтынушылар, кредито­рлар, сауда және басқа да ұйымдар.

 

 

 


 8 – сурет. Кәсіпорынның сыртқы орта факторлары

РЕ ST – талдау

РЕSТ - талдау кәсiпорынның ағымдағы және болашақ қызметiнiң нәтижелерiне макроорта факторларының әсерін анықтау мен бағалаудан тұрады.

Кәсiпорынның стратегиясы үшiн аса маңызды факторлардың төрт топтарын бөледі:

• саяси-құқықтық;

• экономикалық;

• әлеуметтiк-мәдени;

• технологиялық

Берілген факторларды талдау РЕSТ - талдау атын иеленді (3-кесте).

 

3-кесте. Макроорта факторларын РЕSТ- талдау

Саясат Р Экономика Е

1. Үкiмет тұрақтылығы
2. Заңның өзгерiсi
3.Мемлекеттік меншік үлесін қоса алғанда, салаларға  мемлекеттің ықпалы
4. Саладағы бәсекелестi мемлекеттiк ретте
5. Салық саясаты

1.Экономикалық ахуалдың жалпы сипаттамасы (өсу, тұрақтану, құлдырау)
2. Ұлттық валюта курсы және қайта қаржыландыру мөлшері
3.Инфляция деңгейi
4.Жұмыссыздық деңгейi
5.Энергия ресурстар бағалары

Социум S Технология Т

1. Демографиялық өзгерiстер
2. Табыстар құрылымының өзгерiсi
3. Еңбекке және демалысқа қатынас
4. Халықтың әлеуметтiк мобилдiлiгі
5. Тұтынушылардың белсендiлiгi

1.Мемлекеттiк техникалық саясат
2. Ғылыми зерттеу, конструкциялық-тәжiрибелiктер және технологиялық жұмыстар (НИОКР) төңiрегiдегi мағыналы тенденциялар
3. Жаңа өнiмдер (жаңару және жаңа технологияларды игеру жылдамдығы)
4.Жаңа патенттер

 

 

 

РЕSТ - төрт ағылшын сөздерiнiң аббревиатурас: Р – Political-legal – саяси-құқықтық, Е – Economic - экономикалық, S – Sociocultural - әлеуметтiк мәдени, Т – Technological forces - технологиялық факторлар.

РЕSТ-талдаудың мақсаты – төрт торапты бағыттар бойынша макроортадағы өзгерістерді зерттеу (мониторинг).

Сыртқы ортаның саяси факторлары қоғамның дамуына қатысты мемлекеттік билік органдарының ниеттері және қолданатын құралдары жөнінде нақты көріністі қалыптастыру үшін меңгеріледі.


Дата добавления: 2022-01-22; просмотров: 23; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!