Computer-to-Plate технологиясы бойынша



Офсеттік басу формаларын дайындау

 

Computer-to-Plate – технологиясы бойынша басу формаларын арнайы шығару құрылғыларының көмегімен дайындайды.

 

Мысалы лазерлі принтер немесе жазып алушы лазерлі құрылғы. Осы жабдықтарды «Computer-to-Plate» жүйесі немесе «плейтсеттер» деп атайды.

 

Лазерлі принтерлер негізінде құрылған жүйелер бұл технологиясының ең қарапайым түріне жатады. Мұнда бір бояулы, растр линиатурасы 40-48 мин/см болатын өнімдерді дайындайды.

 

Лазерлі принтерлердегі электрофотографиялық процестің нүктелендіру қабілетінің мүмкіншіліктеріне байланысты болады.

Бұл технологиядағы формалық материалға жарыққа төзімсіз гидрофильді полиэфир пленкасы жатады.

 

Басу элементтерінің ролін электрофотографиялық тонерден тұратын мәтін-суреттер орындайды.

Линиатурасы 60-70 мин/см, түрлі-түсті өнімдерге арналған басу формасының күміс галогенидінде, фотополимерлі және жылу сезгіш формалық материалдарында лазермен жазу арқылы дайындайды.

 

Бұл технологияға Computer-to-Plate жүйелеріне жазып алатын лазерлі құрылғы және процессор кіреді. Формалық материалда лазермен жазылған мәтін-бейне-суреттері процессорда өңделеді. Формалық материалдың түріне қарай әртүрлі химиялық заттармен өңдеу, сумен жуу және жылумен өңдеу жүргізіледі.

 

Computer-to-Plate жүйесі автоматтандырылған немесе жартылай автоматтандырылған болуы мүмкін.

Жартылай автоматтандырылған процессорларда форманы жүктеу немесе қабылдап алу қолмен  орындалады.

 

Computer-to-Plate технологиясы бірнеше кезеңдерден тұрады (2.3 –сурет). Computer-to-Plate жүйесі RIP-ке қосылады.

 

Осылайша болашақ басу формасының сапасы жайында мәлімет алуға болады. Мұнда алдымен кітап беттерінің дұрыс орналасқанын тексеру үшін корректуралық оттискіні алады. Ал, егер түрлі-түсті бейненін сапасын бақылау қажет болса, цифрлық түсті тексеру таңбасы алынады.

 

Қазіргі кезде Computer-to-Plate жүйесі (плейтсеттерлер) жабдықтың, пластинаның қымбаттығына байланысты негізінен А2-А1 форматы көп таралымды өнімдер шығарылуда пайдаланады.

 

Сондықтан да, бұл жүйелерді жедел полиграфияда сирек қолданады. Ал, кіші форматты басу машиналарындағы автоматтандыру деңгейі жоғары болған жағдайда, цифрлы түрде ағынды жүйені кұруға мүмкіндік тудырса, басу формаларын цифрлы әдіспен дайындауға болады.

Оның үстіне қазіргі кездегі түрлі-түсті өнімдерді жедел басып шығаруға тапсырыстар жиі түсіп жатқанда, плейтсеттерлердің жүктемесі артып, оларды қолданудың экономикалық ұтымдылығын арттырады.

 

Болашақта плейтсеттермен автоматтандырылған A3 форматты басу машиналарының бір ағымда жұмыс істеуі қалыпты іс болатын сияқты.

 

 

 

2.3 –сурет. Computer-to-Plate әдісі бойынша басу формасын дайындау жұмыс ағынының технологиялық схемасы

Полиэфирлі басу формаларын лазерлі принтерде дайындау

 

Электрофотографиялық басу құрылғысы болып табылатын лазерлі принтерлерде де басу формасын дайындап шығаруға болады№

 

Лазерлі принтерлердің негізгі міндеті – компьютерде басылған ақпаратты қағазға басып шығару. Үстіңгі беті арнайы дайындалған пленкаларда да, лазерлі принтер арқылы сапалы өнім алуға болады. «Agfa», «Xante» және т.б. фирмалар, лазерлі принтерлерде және формалық аппараттарда форма дайындауға арналған арнайы пленкадан тұратын формалық материалдар шығарады.

 

Бұл материалдардың үстіңгі беті арнайы дайындалған полиэфирлі (лавсан) таспалардан тұрады. Сондықтан, полиэфирлі немесе полиэстерлі пленка деп аталады.

 

Формалық материал көп қабаттан тұрады.

Жұмыс қабатының түрі күңгірттелген (матовый) және гидрофильді қасиеті бар, тонерлі мәтін-бейнелерді жақсы ұстап тұрады.

 

Лазерлі принтерден шығатын полиэфирлі формадағы басу элементтерінің пайда болуын түсіну үшін, лазерлі принтерден мәтін-бейненің қалыптасып шығу принципін қарастырайық.

 

Лазерлі принтердегі жарық сезгіш элементке, жерлендірілген, зарядталған металл фоторецептор жатады.

Фоторецептордың үстіңгі қабатының жартылай өткізгіш қасиеті бар.

Ол қараңғыда зарядты ұстап тұрады, ал жарықтың әсерінен зарядталады.

 

Мәтін бейнелерді шығару процесі мынандай кезеңдерден түрады.:

- фоторецепторды зарядтау;

- жасырын электростатикалық мәтін-бейне суреттерін лазер сәулесінің көмегімен фоторецептордың үстіңде алу;

- зарядталған тонер ұнтағы арқылы мәтін-бейнені айқындау.

- кері жағынан зарядталған қағазға немесе басқа да басылатын материалдарға тонерленген мәтін-бейнені көшіру;

- көшірілген тонерлі мәтін бейнедегі тонерді қысқа ғана уақытта қыздыру арқылы балқытып, бекіту;

- келесі көшірмені алу үшін фоторецепторды тазалау.

 

Осылайша, лазерлі принтерден полиэфирлі пленка материалынан алынған формадағы басу элементтері балқытылған тонерден тұрады.

Бұл форманың тиражға төзімділігін, қосымша (термообработка) жылумен өңдеу арқылы арттырады.

 

Форма жасау процесіне кәдімгі ақ-қара түсті, А3+ форматындағы, нүктелендіру қабілеті 600 dpi-ден кем емес, жылумен өндейтін арнайы құрылғысы бар лазерлі принтерлерді қолдануға болады.

 

Кейбір фирмалар осындай басу формаларын дайындап шығаруға арналған арнайы формалық аппараттар шығарады.

Олар қажет болған жағдайда таралымға төзімділігін арттыратын және градияциялық ақауларды түзетуге арналған құрылғылармен жабдықталған.

 

Электрофотографиялық әдістің мүмкіншіліктерінің шектелуі мынандай себептерге байланысты:

- штрихті бейнелер 600-1200 dpi, ал растрлы бейнелердің линиатурасы 75-100 lpi (36-40 мин/см) болуы;

- пленка-қатты және жылтыр, сырғанақ болғандықтан, сапалы толық түсті (полноцвет) бейне суреттердегі төрт түстің бір-бірінің үстіне дәл түсуі мүмкін емес. Сондықтан, бұл формаларды бір түсті немесе көп түсті (многоцвет) өнімдерді басуда ғана қолданған тиімді;.

- тонерлі бейне ұнтақ бояулардан тұратын болғандықтан жақсы градация шықпайды. Жіңішке сызықшалармен әріптердің ұсақ, жіңішке элементтерінің сапасы нашар шығады.

 

Полиэфирлі формаларды дәстүрлі офсеттік басу машиналарында да бояулар мен ылғалдаушы ерітінділерімен бірге қолдана береді.

 

Бірақ, форманы жууға арналған керосин және ацетон негізіндегі ерітінділер жарамайтындықтан, тек қана су негізіндегі жуу ерітінділерін қолданады.

 

 

Негізгі: 1 [12-26], 6[33-56], 4[18-42].

Қосымша: 4[38-46], 9[№6,2006].

 

 

Бақылау сұрақтары:

1. Фототеру автоматы қандай құрылғылардан тұрады?

2.  Фототеру автоматында қандай лазерлер қолданылады?

3. Фототеру автоматында қандай түрлері бар?

4. Нүктелендіру дегеніміз не?

5. Монометалды басу формаларын дайындау кезеңдері?

6. Полиэфирлі формалық материалдардың құрылымын сипаттап бер.

 


Дата добавления: 2018-02-15; просмотров: 577; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!