Монометалды басу формаларын дайындау



Дәріс

Жедел полиграфияда басу формасын

Дайындау технологиялары.

Computer-to-Film технологиясы бойынша офсеттік басу формаларын дайындау.Computer-to-Plate және Computer-to-Press жүйелерінің кеңінен дамып келе жатқанына қарамастан, фототеру автоматтары мен фотоформаларды сапалы түрлі-түсті өнімдерді басып шығаруда көптеп қолданады.

 

Оның себебі:

- фототеру автоматтарының құнының қымбаттығы;

- Computer-to-Plate технологиясы бойынша металл негіздегі басу формаларын дайындайтын формалық материалдардың қымбаттығы;

-толық түсті, түске бөлінген өнімді түзету барысындағы мүмкіншіліктердің көптігі;

- фототеру автоматтарында құрамына күміс кіретін полиэфирлі басу формаларын дайындау мүмкіншілігі.

Computеr-to-Film технологиясы бойынша офсеттік басу формасын дайындау мынандай кезеңдерден тұрады:

 

 

Цифрлық файл

І

Фототеру автоматында фотоформа дайындау

І

Басу формасын дәстүрлі форма жасау жабдықтарында дайындау

І

Металды офсеттік басу формасы.

 

 

Фототеру автоматтары (ФТА)

Фототеру автоматы (imagesetter) растрлайтын процессордан (RIP-Rastes Image Processor) және жазып алатын (recorder) құрылғыдан тұрады.

 

Көптеген фототеру автоматтарында RIP арнайы бағдарламаларымен жабдықталған стандартты компьютерден тұрады.

 

Фототеру автоматтары-(ФТА-деп атаймыз) фототаспада (фотопленкада) растрланған (растр нүктелеріне бөлінген) суреттерді дайындайды.

Фототаспаның (фотопленканың) шетінде басу процесіне қажетті таңбалар, шкала және т.б. мәліметтер көрсетіліп шығады.

 

Фотопленкада жазылып қалған жасырын сурет процессорға беріледі де, осында:

- айқындалып (проявление);

- бекітіліп;

- жуылып;

- кептіріледі.

 

Процессорды фототеру автоматтарына қосуға болады немесе оны бөлек орналастырып, басқа да фототеру автоматтарында экспонерленген фотопленкаларды өңдеуде қолданылады.

Жазып алу құрылғысы үш құрылым бөліктен тұрады.

Олар:

- басқару жүйесі;

- пленканы тасымалдау жүйесі;

- экспонерлеу жүйесі.

 

Экспонерлеу жүйесіне жарық көзі және жарық таңбасын пленка ауданында жүргізетін құрылғы кіреді.

 

Барлық фототеру автоматтарындағы жарық көздерінде лазер қолданылады.

 

Мысалы, газды лазерлер және жартылай өткізгіш лазер диодтары (қызыл түсті немесе инфрақызыл).

 

Әртүрлі лазерлер әртүрлі фотоматериалдарды қажет ететіндіктен фототеру автоматтарында арнайы фототаспалар (фотопленкалар) пайдаланады.

 

Лазер саулесінің көмегімен жарық таңбасын, қажетті бейнесуреттің әрбір нүктесін өңдеу арқылы фотоформа шығарады.

 

Өлшемі А2 форматына дейінгі фототеру автоматтарында жазып алу құрылғыларының екі түрі қолданады.

 

Олар рулонды (капстанды) және ішкі барабанды фототеру автоматтары.

 

 

Пленканың жылжып отыруы арқылы бейнелік – мәтіндік ақпараттарды ұзынынан жазып отыруға мүмкіндік береді.

 

Ал лазер сәулесінің енінен жылжуы, минутына 40000 рет айналып отыратын көпқырлы айнаның көмегімен орындалады.

 

Бұл әдіс – капстанды әдіс деп аталады (2.1.-сурет).

 

Рулонды фототеру автоматтарында бейнелік – мәтіндік ақпараттар рулонды таспада (пленкада) жазылады.

 

 

 

 

2.1-сурет. Рулонды фототеру автоматының схемасы

1-фотопленка; 2-көп қырлы айна; 3-корректорлайтын линза; 4-айналмалы айна; 5-линза; 6-лазер; 7-тартушы білік, 8-бастыру білігі; 9-қабылдау кассетасы.

 

 

Ал ішкі барабанды фототеру автоматтарында фототаспа экспонерлеу кезінде, барабанның ішкі жағында қысу біліктерімен немесе вакууммен бекітіледі. Лазер оптикалық жүйемен бірге, барабанның осінде орналасады.

 

Лазер саулесі, үлкен жылдамдықпен айналып, шағылысатын көпқырлы призмаға түседі. Шағылысқан сәуле, айнала дөңгеленіп барабанның ішкі жағына орналасқан, жылжымай тұрған фототаспаға әр жолды жазады.

 

Оптикалық жүйе, барабан осін айнала жылжып отырады. Әрбір жылжу қадамы, мәтін жолы арасындағы ашық жерлерге тең. (2.2-сурет).

 

 

 

2.2 - сурет. Фототеру автоматының ішкі барабанының сұлбасы.

1- лазер; 2 - пентапризма; 3 - фотопленка.

 

 

Фототеру автоматтарының негізгі технологиялық сипаттамасына

- пішінінің (форматының);

- өлшемі нүктелерге бөлу қасиеті (разрешение);

- қайталану және жазу жылдамдығы жатады.

 

Форматтар

 

Фототеру автоматтарының форматы басу машинасының пішініне сәйкес немесе сәл үлкендеу болғаны дұрыс.

Егер пішіндері сәйкес келмесе, фотоформаларды қолмен монтаж жасауға тура келеді. Фототеру автоматтарының тиімділігін арттыру үшін, оны жұмыспен қамтамасыз етіп отыру керек.

Бұл жағынан алғанда, кіші форматты шығару құрылғылары тиімдірек. Себебі, бұлардың құны төмендеу және жедел полиграфияда көбіне кіші пішімді тапсырыстар көп болғандықтан, оларды жұмыспен қамтамасыз ету жеңілдеу болады.

 

Барабанды фототеру автоматтарында өлшемінің ең үлкен форматы көрсетіледі, себебі мұнда формат барабанның жұмыс ауданына тәуелді. Мысалы: 355x490; 358x500; 505x535мм және т.б. болады.

 

Ал капстанды типті фототеру автоматтарында рулонды таспа қолданады. Мұндағы жазу ұзындығы RІP мүмкіншіліктеріне қарай шектеледі. Сондықтан, мұнда таспаның ең үлкен ені мм-де көрсетіледі. Мысалы, «Agfa AccuSet Plus» -таспаның ені 35мм-ге дейін.

Нүктелендіру (разрешение) – R

Фототеру автоматтарындағы нүктелендіру дегеніміз – лазер сәулесінін белгілі бір ұзындықтағы нүктелердің саны арқылы жазуы. R-бірлігі бір дюймдегі (dpi – dot pеr insh) немесе бір сантиметрдегі нүктелер саны деп есептеледі.

 

Нүктелендіру лазер таңбасының өлшеміне байланысты болады. Фототеру автоматтарында бірнеше нүктелендіру өлшемі бар.

Мысалы: 1270, 1693, 2540 және 3387 dpi. Олардың әрқайсысының нүктелерінің өз өлшемі бар.

 

Неғұрлым, нүктелендіру өлшемі аз болса, соғұрлым, бейнені фототаспаға жазу жылдамдығы жоғары.

Фототеру автоматтарының сипаттамаларында нүктелеу диапазонын немесе ең үлкен нүктелендіру қасиетін және сәуле таңбасының өлшемін жазып көрсетеді.

 

Нүктелеу қасиетімен растрлардың линиатурасының L байланысы зор. Линиатураны мына формуламен есептеп шығаруға болады: L=R/16; егер R дюймдегі нүктелерінің санымен көрсетіледі, ал L линиатура дюймдағы сызықшалар арқылы көрсетіледі (Lpi).

 

Фототеру автоматтарында линиатураның ең үлкен саны көрсетіледі.

 

Қайталану

 

Қайталану дегеніміз – полимерлік басу қалыпының бетін немесе түске бөлінген фотоформаларды қайта шығарған кезде нүктелердің ең максималды жылжуы.

Жылжу растр ұяшығы өлшемінің 1/4бөлігінен асып кетпеуі керек, себебі, артық жылжып кеткен жағдайда түстің берілу сапасы төмендейді және бейнесуреттердегі элементтердің геометриялық өлшемі өзгеріп кетеді.

 

Қайталану көбінесе рулонды фототеру автоматтарында болып қалады, мұнда жылжу өлшемі 25-40 мкм-ге дейін болады.

 

Жазу жылдамдығы

 

Жазу жылдамдығы бір минуттағы сантиметрмен немесе көбіне бірліктегі 2400 немесе 2540 dpi нүктелендіретін, берілген ең үлкен форматтағы таспаларды бір сағаттағы саны.

Егер жылдамдық 1 минуттағы нүктелер санымен көрсетілсе, нүктелендіру өлшемін көрсетпесе де болады. Бұл жағдайда, өлшем бірлігіне бір минуттағы 1000 нүкте қабылданады.

Фотоформаларды шығару үшін, фотошығару құрылғыларына арналған арнайы фотоматериалдарды қолданады. Мысалы: «Agfa», «Fuji Film», «Konika» фирмалары әр түрлі маркадағы фототаспаларды шығарады. Фототаспаларды фототеру автоматтарындағы жарық (лазер) көзінің түріне қарай таңдап алынады.

 

 

Монометалды басу формаларын дайындау

Фототеру автоматтарында дайындалған фотоформалардың түске бөліну сапасын (цветопроба) тексереді.

Ал, егер, қолданатын фототеру автоматтарының форматы, басу машинасының пішінінен (форматынан) кіші болса, фотоформалардағы мәтін-бейнелерді формалық пластинаға көшіру үшін алдымен қолдан монтаж жасайды.

 

Сонан соң, монометалды офсеттік басу формасын дайындайтын дәстүрлі технологияны қолданады.

 

Ол үшін алдымен фотоформадағы мәтін-бейнелер алдын-ала жарық сезгіш қабат жағылған офсеттік формалық пластинаға бекітіледі де әрі қарай көшіру рамасында экспонерлеу арқылы басу формасына көшіріледі. Экспонерленген басу формасы арнайы процессорда айқындалып, жуылып, дайындалады.

 

Позитивті көшірілетін формалық пластиналар кеңінен тараған.

Позитивті фотоформалардан көшірілетін пластиналар. «Agfa», «Ideal», «Prima», «Lastra», «Зарайский офсет» және т.б. фирмалар шығарады.

 

Монометалды офсеттік формалық пластиналардың негізі алюминийден және оның үстіне жағылған жарық сезгіш (көшіру) қабатынан тұрады.

 

Алдын-ала жарық сезгіш қабаты жағылған офсеттік монометалды пластиналардағы көшіру қабаты, жарық сезгіш диазоқосындыларының негізінде дайындалады.

 

Көшіру қабатының үстіңгі беті гидрофобты болады, сондықтан осы қабатта басу бояуын жақсы қабылдап алатын басу элементтері қалыптасады.

 

Алюминийден тұратын басу формасының негізінің қалыңдығы 0,15 тен 0,5 мм-ге дейін болады.

 

Бұл алюминийге көшіру қабаты жағылар алдында арнайы электрохимиялық өңдеу жүргізіледі.

 

 

Осындай процестерден кейін алюминийдің үстіңгі беті кедір-бұдырланады да, берік оксид қабаты бекітіледі.

 

Алюминий негізінің кедір-бұдырлары көшіру қабатымен жабысу (адгезия-сцепление) беріктігін арттырады да, басу формасын дайындау барысында, ашық жол элементтерінің қызметін атқарады.

 

Кедір-бұдыр, гидрофильді қабат ылғалдау ерітіндісінің қажетті көлемін ұстап тұра алады. Ал оксид қабатының беріктігі ашық жол элементтерінің таралымға төзімділігін арттырады.

 

Жылумен өңделмеген күйінде, бұл формалардың таралымға төзімділігі 50 мыңнан 150 мыңға дейін жетеді.

 

Офсеттік басу формасын дайындаудың бірінші кезеңіне – экспонерлеу жатады.

Бұл операция көшіру рамасында орындалады. (Көшіру рамасының әр түрлі маркалары бар. Кез-келген шетел немесе Ресейде шығатын «ФК-66», «ФК-116» станоктары да қолданылады.).

Жарық сезгіш қабаты бар формалық пластинаға тұтас фотоформаларды немесе монтаждалған фотоформаларды бекітеді де пластинаға ұзындығы 350-ден 450 мм. толқынды ультрофиолет жарығы беріледі.

 

Позитивті көшіруде УФ-жарығы ашық жол элементтері орналасқан жерлерге әсер етеді.

УФ-жарығының әсерінен қабаттың жарық сезгіш компоненттері (диазоқосындылары) ыдырайды да, көшіру қабатының шамалы сілті ерітіндісінде еріп кететін қабілеті пайда болады.

Формалық пластинадан толығымен жуылып кетуі үшін, ашық жолдардағы көшіру қабаты қажетті көлемде жарық энергиясын алуы керек.

 

Экспонерленген (УФ жарық әсерін алған) формалық пластиналарды кіші өндірістерде көбіне қолмен өңдейді. Арнайы ыдыста, айқындағыш ерітіндінің көмегімен, таза губкамен, пластинадағы ашық жол элементтеріндегі көшіру қабаты толығымен кеткенше жуады. Айқындау процесіне 30 секундтан – 2 минутқа дейін уақыт кетеді (пластинаның форматы мен айқындағыштың құрам ерекшеліктеріне қарай).

Айқындалған пластинаны сумен жуып тастайды да, кептіріп, сапасын тексереді. Егер қажет болған жағдайда, түзететін арнайы карандаштың көмегімен немесе пастамен, артық таңбаларды монтаж жасағанда қолданылатын, жабыстырғыш ленталардан қалған таңбалардан тазалайды.

 

Соңғы кезең, қорғау қабатын жағу (гуммирующий раствор).

 

Қазір өндірістерде формалар арнайы автоматтандырылған айқындау құрылғылары арқылы өңделеді. (Процессоры для обработки офсетных пластин).

 

Бұл процессорларда айқындау, (айқындағыш ерітіндіге батыру немесе арнайы саңылаулар арқылы шашыратып жағу және чехол кигізілген біліктермен пластинаны тазалау), жуу (арнайы қысу біліктерінің көмегімен, пластинадағы айқындағыш ерітіндінің қалдықтарынан тазалау) және жылы ауаның көмегімен құрғатып, кептіру.

 

Процессорда пластинаның үстіңгі бетіне қорғау қабатын жағу операциясы да орындалуы мүмкін.

 

 


Дата добавления: 2018-02-15; просмотров: 495; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!