Зат алмасу мен энергия айналымы 1 страница



Жемістер

Барлық гүлді өсімдіктердің жемістері екі топқа бөлінеді: Шырынды, құрғақ

Шырыны мол, жұмсақ шырынды жемістер: Жидек, жидек тәрізді, сүйекті

Шырынды жемістер тобы: Жидек, жидек тәрізді, сүйекті

Сыртқы қабығы жұқа, жұмсақ, ішінде тұқымдары көп шырынды жеміс: Жидек

Жидек жеміс:Қызанақ, қарлыған, алқа,жүзім,қарақат,картоп, баклажан

Көптұқымды жидек жемістер:Қызанақ

Көп ұялы, көп тұқымды шырынды жеміс:Жидек тәрізді жеміс

Жемісінің сыртқы қабатында эфир майы көпжемістер: Жидек тәрізді

Ішкі қабаты етті, қалың, шырынға толы жемістер: Жидек тәрізді

Жидек тәрізді жемісті өсімдік:Апельсин,мандарин,лимон

Ішінде бір ғана тұқымы бар жеміс: Сүйекті

Сүйекті жеміс сипаты: Сырты жұқа, ортасы қалың етті-шырынды, іші қатты сүйектенген

Бір тұқымды жеміс:Шие, алхоры, өрік, шабдалы

Сүйекті шырынды жемісі бар өсімдік:Шие, алхоры, өрік, шабдалы

Сүйекті шырынды жемістердің құрғақ түрі: Грек жаңғағы, бадам, кокос пальмасы

Құрғақ жемістердің түрлері: Бұршаққап, бұршаққын, қауашақ, қанатты, дәнек, тұқымша, жаңғақ, жинақталған

Бір ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын құрғақ жеміс: Бұршаққап

Бұршаққап жемісінің сипаты: Тұқымдары жемісжақтауының жиегіне бекиді, піскенде екі жақ жіктері (тістері) өздігінен қақырап ашылады, тұқымдары сыртқа шашылады

Бұршаққапты жемісті өсімдіктер: Беде, асбұршақ

Қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар құрғақ жеміс: Бұршаққын

Көптұқымды құрғақ жеміс:Бұршаққын

Жемісі бұршаққынды өсімдік:Орамжапырақ, шомыр, шалқан

Бір, үш, бес және көп ұялы, көп тұқымды қақырауыш құрғақ жеміс: Қауашақ

Тұқымдары саңылауынан төгілетін жеміс: Қауашақ

Қауашақ жемісті өсімдіктер:Пияз, қызғалдақ, шегіргүл, сүттіген, меңдуана, темекі

Қауашағының қақпақшасы ашылып қақырайтын өсімдік: Меңдуана

Жіктер шытынап, ұзынынан жарылып қақырайды: Сасық меңдуана, сүттіген, шегіргүл, қызғалдақ

Жеміс серігінің біраз бөлігі жұқарған, қанатқа айналған жеміс: Қанатты

Жел арқылы таралатын құрғақ жеміс: Қанатты

Қанатты жемісі бар өсімдіктер: Үйеңкі, қайың, шаған, шегіршін

Тұқымы жеміс серігімен бірігіп кеткен бір тұқымды жеміс: Дәнек

Дәнек жемістің басқа құрғақ жемістерден айырмашылығы: Жеміс қабығымен тұқым қауызы бірігіп кеткен біртұқымды жеміс

Дәнек жемісті өсімдіктер: Бидай, жүгері, арпа, күріш

Жеміс серігі тұқыммен бірікпеген құрғақ жеміс:Тұқымша

Тұқымша жемісті өсімдіктер: Қалуен, күнбағыс, бақбақ, кекіре, өгейшөп, таусағыз

Жемістің жеміссерігі ағаштанып қатайып кеткен, тұқымымен бірікпеген жеміс: Жаңғақ

Жаңғақ жемісті өсімдік: Емен жаңғағы, жаңғақша

Бір-бірімен бірікпеген күрделі көп аналықтардан түзілген: Жинақталған жеміс

Көп жаңғақшалы жинақталған жеміс:Итмұрын, құлпынай

Көп сүйекті жинақталған жемісі бар өсімдік:Таңқурай, бүлдірген

Біріккен жеміс: Ананас, тұт, інжір

Сәбіз, балдырған, аскөк, жалбыз өсімдіктердің жемістері: Бөлшекті жаңғақша

Сәбіз, балдырған, аскөктердің жемісі: Біріккен көп ұялы

 

Тұқым. Тұқымның өнуі

Жатынның тұқым бүршігінен дамиды: Тұқым

Ұрықтанған тұқымбастамадан дамиды:Тұқым

Әрбір тұқымбүршігінен пайда болады: 1 тұқым

Тұқымның құрамына кіретін заттар:Су, минералды заттар, ақуыз, краxмал, май

Тұқымның құрамындағы органикалық заттар:Май, ақуыз, краxмал

Тұқымның саны байланысты:Тұқымбастама санына

Тұқымбастаманың орналасқан жері:Аналық түйінінде

Тұқымның спорадан айырмашылығы: Көп жасушалы түзіліс

Тұқымның ең негізгі бөлігі: Ұрығы

Тұқымның ұрығы зақымданса өсімдік:Өспейді

Тұқым кіндігі дегеніміз:Тұқымның жеміске бекінген жері

Тұқым ішіне ауа, су енеді: Тұқым кіндігі арқылы

Тұқым (қабығы) қауызының қызметі: Кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден, зақымданудан, шіруден қорғайды

Үрмебұршақта ұрыққа қорек болатын заттар жиналады: Жарнақта

Тұқымында екі тұқымжарнағы болатын гүлді өсімдіктер:Қос жарнақты

Қосжарнақты өсімдік:Күнбағыс, қияр, қауын, қарбыз, асқабақ, емен, үрмебұршақ

Қосжарнақты өсімдіктердің тұқымында қор заттарының жинақталатын орны: Ұрығында

Қосжарнақты тұқымдағы тұқымжарнағының қызметі: Қоректендіру

Ұрықтың құрылысы:Алғашқы тамырша, сабақша, бүршікше

Даражарнақты өсімдіктер:Баршынгүл, қияқөлең, бамбук, қызғалдақ, бидай

Даражарнақты тұқымның құрылысы: Қауыз, жарнақ, эндосперм, ұрық

Эндоспермді жемісқабы бар, тұқымқауызымен біріккен: Дара жарнақты тұқым

Даражарнақты тұқымда қорек жиналады: Эндосперм

Дәнекте қоректік заттар қоры жиналады:Эндоспермде

Тұқымның қоректік заттар жинайтын жасушалары: Эндосперм

Ұрықтанған орталық жасушадан пайда болады:Эндосперм

Дәнектің едәуір үлкен бөлігі: Эндосперм

Ұрықтағы май қоры жұмсалады: Өнуге

Ұрықтан өскіннің дамуы:Тұқымның өнуі

Өнген тұқымның: Қауызы жарылады

Тұқымның өнуіне қажет жағдай:Жылу, су, ауа

Өнген тұқым тыныс алады:Судағы еріген ауамен

Тұқымның өнуіне,шыдамдылығын сақтауына, бөртуіне қажет: Су

Өне бастаған тұқымның тыныс алуын күшейтеді: Ауа

Тұқым бөртіп өнгенде өсімдіктер дамып, өсу кезінде: Тынысалу жылдамдайды

Тұқым құрғақ болғанда өсімдіктің тыныс алуы: Баяу

Қосжарнақты тұқымда ұрық тамыршасынан алдымен дамитыны: Негізгі тамыр

Даражарнақты өскінде ұрық тамыршасынан алдымен өседі: Қосалқы тамыр

Топырақ бетіне шыққан сабағы мен жапырағы бар жас өсімдік:Өскін

Жел арқылы таралатын тұқымдарының құрылысының ерекшелігі:Майда, жеңіл, құрғақ

Түкті,қанатты, морт сынғыш тұқымдар мен жемістердің таралу жолы: Жел

Тұқымы мен жемісі жел арқылы таралатын өсімдіктер:Емен, қайың, қарабидай, жөке, үйеңкі, бақбақ, шаған, қарағаш, тал, терек, мақта, қарағай, орхидея

Су арқылы таралатын тұқымдардың құрылысының ерекшелігі: Сыртында су жұқпайтын түктер, су өткізбейтін тоз қабықтары бар, өсінділер ауаға толы, батпайды

Тұқымы мен жемісі су арқылы таралатын өсімдіктер: Қамыс, жалбыз, қияқ, тұңғиық, бөденешөп, қоға, түкті күреңот

Жануарлар, бунақденелілер арқылы таралатын тұқымдардың құрылысының ерекшелігі: Тұқымсыртында тікенектер, ілмешек, желімтек түктер болады, тұқымы майлы

Ашық реңді, шырынды жемістердің таралуы: Жануарлармен

Тұқым мен жемісі жануарлар арқылы таралатын:Долана, шоңайна, итошаған, кәріқыз, иттікен, айдаршөп, бүлдірген, таңқурай

Тұқымы мен жемісі құстар арқылы таралатын өсімдік:Шие, шетен

Өздігінен таралатын тұқымдардың құрылысы:Жемістері қақырағыш, ширатылғыш

Тұқымы өздігінен шашылып таралатын өсімдіктер:Қараған, шегіргүл, бөрібұршақ, шытырлақ, ат талшын, жауқазын

+50С температурада тұқымның тыныс алуы:Тоқтайды

+10С өнетін:Жүгері, күнбағыс

+15С өнеді:Қауын, күріш, қияр, асқабақ, мақта, темекі

+1-5С өнеді:Бидай, қарабидай, арпа, сұлы, зығыр, беде, жоңышқа, асбұршақ

Егер тұқым тіршілігін жойса: Топырағы тығыз, ауа, су, қоректік зат жетіспегені

Өсімдіктер тыныс алуына қажет газ: Оттегі

Өсімдіктерде органикалық заттардың тотығуы дегеніміз: Тыныс алу

Өсімдіктерде тыныс алуға жұмсалатын негізгі заттар: Органикалық заттар

Тыныс алу кезінде өсімдікте болатын өзгерістерді белгілеңіз:Салмағы кемиді

Бір тұқымбастамасы бар жатын: Шиеде

Көп тұқымбастамасы бар жатын: Мақтада

Вирустар

1892ж. темекі теңбілін зерттеп, вирусты ашты:Д.И.Ивановский

1899ж. алғаш рет «вирус» терминін ғылымға енгізген:М.Бейерник

Вирустар өз алдына жеке патшалық болып саналу себебі:Жасушасы жоқ

Анциттерге жатады:Вирустар

Жасуша ішінде өмір сүретін паразит:Вирус

Тірі ағза жасушасынан тысқары өмір сүре алмайтын:Вирус

Тек тірі жасушада өсіп өнуге,көбеюге бейімделген жасушасыз тіршілік иесі:Вирустар

Жасушадан тысқары жерде зат алмасу жүрмейді:Вирустар

Вирустың көбеюі: Тек қожайын жасушасының ішінде

Жоғарғы температурада және қысымда:Вирустар қырылады

Латынша «у» деген: Вирус

Вирустың құрылысы:Нуклеин қышқылы, нәруызды қабығы

Вирустың сыртын қаптайды:Нәруыз қабаты (капсид)

Вирустың пішіні:Шар, сопақ, таяқша, цилиндр,жіп тәрізді, итшабақ тәрізді

Вирустың өлшемі: 0,0000002 см

Бактерияларды зақымдайтын вирус:Бактериофаг

Бактериофагтың құрылысы: Нәруызды қабықша

1915ж. бактериофагты ең алғаш сипаттаған ағылшын вирусологі мен бактериологі: Ф.Туорт

1898ж. топалаңды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофагтарды ең алғаш рет анықтаған орыс микробиологі: Н.Ф.Гамалея

1917ж. іш сүзегі бактериясын ерітіп жіберетін бактериофагті байқаған канадалық бактериолог: Ф.Эррель

Бактерия жасушасында тіршілік етіп, ерітпей, тек көбейгенде зақымдайтын фагтарды тасымалдаушы бактериялар: Лизогенді

Вирустың жануарларда кездесетін түрі: 500

Өсімдікте тіршілік ететін вирустың саны: 400

Темекі теңбілі вирусының жапырақ жасушасының зақымдайтын бөлігі:Хлоропластарын

Темекі теңбілі вирусымен зақымданған жапырақтың сарғаю уақыты:9-11 күннен кейін

Темекі жапырағында вирус бөлшектері алты қырлы кристалл пішінді шоғыр түзетіндігін дәлелдеген ғалым: У.Стэнли

Вирус тудыратын ауру түрлері: Шешек, тұмау, ұшық, қызылша, ИТИС, аусыл, құтыру, полиомиелит, сары ауру, балалардың сал ауруы

Балалар арасында кең таралған вирустық ауру: Полиомиелит,қызылша

Полиомиелит ауруында вирустардың зақымдайтыны: Жұлынның қозғаушы нейрондарын

Нағыз қоздырғышы 1933 жылы табылды: Тұмаудың

 

Прокариоттар(Бытыранықтар)

Жасушасында толық қалыптасқан ядросы болмайтын ағзалар: Прокариоттар

Прокариотты ағзалар: Бактерия, цианобактериялар

Бактерия мөлшері, пішінін сипаттап, Лондондағы король қоғамына хат жіберді:А.Левенгук

Ең алғаш ұсақ ағзаларды сипаттап жазған: Антони Ван Левенгук

Микроорганизмдердің өздігінен пайда болмайтындығын дәлелдеген:Луи Пастер

1807-1880ж. ауру тудыратын ұсақ ағзалар бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеген: Л.Пастер

Ұсақ ағзаларды зерттеген ғалымдар: А.Левенгук, Луи Пастер

Микробиологияның дамуына жол ашқан: Л.Пастер

Микробиология ғылымында күкіртті бактерияны зерттеген: С.Н.Виноградский

Тек қана микроскоп арқылы көрінеді:Бактерия

Бактерияларды зерттейтін ғылым:Микробиология

Бактерия грекше:«Бактерион» - таяқша

Бактерияның құрылысы:Қабықша, цитоплазма, ядро заты, сақина тәрізді ДНҚ

Бактерия органоиды: Рибосома, вакуоль, мезосома

Бактерияларға талшық қажет: Қозғалуға

Бактерияларда болмайды:Ядро

Бактериялардың пішіндері:Таяқша, оралма, шар, үтір

Таяқша тәрізді бактериялар:Бациллалар

Үтір тәрізді бактериялар: Вибрион

Қолайсыз тіршілік жағдайында бактерия түзеді: Спора

Бактериялардың спорасының атқаратын қызметі: Қорғаныштық

Бактерияның споралары топырақта сақталады: 20-30 жыл

Спораның өніп тіршілікке бейімделіп бактерияға айналуы: Барлық қажетті қолайлы жағдайлар жеткілікті болғанда


Дата добавления: 2021-06-02; просмотров: 65; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!