Клинкер пайда болу процесін реттеп жеделдету 16 страница



Сондықтан, майда ұсақтауға шарлы немесе желілі диірмендер мен майдалағыш денелерсіз диірмендерді (өз - өзінен ұнтақталу) қолданатын сызбалар өркендеді. Қысқа, шарлы үлкен диаметрлі диірмендерді (Д =6 м) ұсақтағыш ретінде пайдаланғанда, қысқа шарлы диірмен құбыр тәріздес диірмен сызбасында бірінші диірменді іріктегішке (классификатор) қосу бірінші диірменнен кейін майда бөлшектер аз болғандықтан тиімсіз, ал іріктегішті орнату қондырғыны күрделендіреді және қымбаттатады.

 

5.22-сурет. Диірменге материалдың артылуын бақылайтын құрал: а) Құрылым сызбасы: 1- диірменнің сақинасы; 2- датчиктің басы; 3- ұстағыш; 4-штанга; 5- құбыр; 6- тіреулер; УКЗМ – күшейткіш өзгерткіш блок; ВП – қосымша сайман; б) Материал артылмаған және артылған диірменнің сипаттамасы: 1 – бос диірмен; 2- материал артылған диірмен

 

 

Ұсақтағыш диірмендерді диаметрі 100...60 мм аралығында болатын шарлармен толтырылады φ=0,2 мәні төмен болғанда (95 ...100 мм шарлардың үлесі 75...80 % құрайды). Екінші диірмен (Д=5 м және L=13...15 м) диаметрі 30...40 мм шарлармен толтырылады және іріктегішпен бір циклда жұмыс істейді. Екі диірменнен құралған қондырғының өндірімділігі клинкерді ұнтақтағанда 250 т/сағ жетеді. Екі диірменнен құралған іріктегіш орнатылмаған сызбанұсқалар да қолданған.

Екінші сатыда «Minipebs» («Смит» фирмасы) майда шарлармен жұмыс істейтін диірменін пайдалану өте қызығарлық жаңалық болып табылады. Қондырғы әрқайсысын салмағы 1 г шарға тиелген, ірі ұнтақтау диірмені мен (Д = 4,2 м және L = 13 м) майда ұнтақтау (Д = 3,5 м және L = 12,5 м) диірменінен тұрады. Бұл үшін диірмен арнайы жүк түсіретін жабдықпен жабдықталған, жүк түсіретін тордың орнына ортасында саңлауы бар тұтас плита орнатылған. Плита мен цапфаның ортасында оған түскен цильпепсті қайтаруға және цементті цапфаға беруге арналған жабдықпен жабдықталған камера болады. Екінші диірменге майдалылығы 250...300 м2/кг өнім және ұнтақтауды жылдамдатқыш беріледі, бұл кезде диірмен ішіне су бүркумен салқындатылады, денелерге жабысуын болдырмайды. Қондырғы жоғары ұнтақты цемент алуға арналған. Диірмен ашық циклды жұмыс істегенімен оның құны аз болғанда өнімділігі сағатына 120 т /сағ болады, тұйық циклдағы қондырғыға қарағанда энергия шығыны 10 % дейін төмендейді.

Тұйық циклдағы сызбалардың дамуының ең қажетті жағдайы – тікелей жазықтықта тасымалдау механизмдерінің сенімді болуы (айналымдағы ауырлық күшінің 150...300 % екенін ескере отырып) және үлкен қуатты ауамен іріктегіштерді жасап шығару. Цементті мұздату үшін арнайы мұздатқыштар орнатылады. Кей кезде осы мақсатпен ауамен іріктегіштің сыртқы конусын сумен салқындатады, бұл цементтің температурасын 25 0С дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Ұнтақтау техникасының дамуы іріктегіштерді жетілдіруді талап етеді. Бұл екі түрге бөлінеді: А) Бөлудің және шөгудің біріктірілген жүйесі. Ә) Дайын өнімді циклондарда шөктірудің бөлінген жүйесімен және желдеткішпен. Біріктірілген процестер іріктегіштерді пайдаланғанға өте ыңғайлы. Диірменге екі іріктегішті орнатқанда сызба өте күрделеніп, оның құны қымбаттайды, тасымалдауға энергия шығыны артады. Сондықтан қуатты іріктегіштер қолданылады. Айналымдағы циклонды іріктегіштерді ойлап шығару бұрынғыға қарағанда 2...2,5 есе көп ауырлықпен жұмыс істейтін сәтті инженерлік шешім болып табылады.

Олардың жоғары өнімділігі мен механикалық сенімділігі сөзсіз. Мұндай іріктегіштер майда бөлшектерді шөктіру камерадан бөлек шығарылған циклондар мен желдеткіштерде жүргізіледі. Бөлу және шөктіру сызбанұсқасы біріктірілген циклондарда едәуір жетілдірілген.

Материалды ұнтақтағанда көп мөлшерде жылу бөлініп шығады, бұл кезде диірмен мен цементтің қыздырылмағаны жөн. Диірменнің жылу режимі аспирациямен және диірменге майда шашыратылған майда суды үрлеумен реттеледі. Берген суды буландыруға жылудың едәуір бөлігі жұмсалады, осының салдарынан цементтің шамадан тыс қыздырылуына жол берілмейді. Майда шашыратылған судың берілуі тек диірмендегі температураны төмендетіп қана қоймайды, сонымен бірге ұнтақтаудың жағдайын жақсартады, пайда болған су буы мен ауаның қоспасы диірменнен аспирация желісі арқылы шығарылады. Диірменнің өлшеміне және оны жұмыс режиміне байланысты үрленген судың мөлшері шығарылатын цементтің 0,5...1,5 % құрайды. Майдалатылған материалдың салмағының 2...3 % шамасында су тозаңдатылатын болса онда аспирациялы ауаның көлемін 25...30 % азайтуға болады. Форсунка майда ұнтақтау камерасында орнатылады (материалдың жылжуына қарсы) және диірменге материал берілетін жабдықпен бірге біріктірілген. Берілетін судың мөлшері аспирациялық ауаның ылғалдылығына байланысты өзгертіледі.

Клинкерді майдалап ұнтақтағанда белгілі бір материалдың майдаланғаннан кейін жұмсалған энергиямен жаңа ауаның өсімі арасындағы пропорционалдылық майда бөлшектердің жентектелуі салдарынан бұзылады. Бөлшектердің жентектелуінің (агрегация) бір себебі олардың электрленуі. Майда бөлшектердің жентектелуін диірмендегі ауаның электрөткізгіштігін ұлғайту арқылы азайтуға болады. Бұл үшін диірменге су үрлеу арқылы электролиттер мен органикалық қышқылдар енгізіледі.

 

5.10 Ұнтақтау процесін ББЗ (ПАВ) қоспаларымен жеделдету

 

Ұнтақтауды жеделдетуде беттік белсенді заттар (ББЗ, ПАВ) едәуір қызмет атқарады, оларды пайдалану ұнтақтау процесінде пайда болған майда бөлшектердің жентектелуін, адсорбция нәтижесінде беріктіктің төмендеуін және майда бөлшектердің майдалағыш денелерге жабысуын болдырмайды. Одан бөлек, диірменге  ББЗ енгізу материалдың диірмен бойымен жылжығанда қозғалғыштығын (аққыштығын) арттырады.

Бұл жағдайда цементтің қасиеттері де жақсарады: ауамен тасымалдануы ұлғаяды (пневмотасымалдағыш, пневможүк түсіргіш), нығыздалуы азаяды, сақтау кезінде әрекеттескіштігінің төмендеуіне жол берілмейді. Бірақ бұл кезде ұнтақтағанда және тасымалдағанда шаңның пайда болуы артады және цементті ыдыстарға тиегенде қиындықтар туады (тиейтін машиналардың жұмыс жылдамдығы төмендейді). Сонымен, пропиленгликоль цементтің жылжығыштығын, сонымен бірге шаң пайда болуын арттырады. Осының нәтижесінде ББЗ көбінесе ұнтақтауды жоғарғы, күшті әсерін қамтамасыз етуге қажетті мөлшерден аз концентрацияда пайдаланады. ББЗ қолдану көбінесе диірменнің өнімділігін 15...20 % көбейтуге, ұнтақтаудың майдалығын арттыруға, энергия шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

ББЗ ретінде клинкерді ұнтақтағанда: а)аминдар негізіндегі - триэтаноламин, ацетилденген этаноламинацетат; кей кездерде бұл заттар лигносульфон қышқылының ерігіш кальцийлі тұзымен белгілі қатынаста араластырылады; ә) гликольдар негізінде этиленгликоль, пропиленгликоль, полигликольдар препараттарын қолданады. ББЗ қажетті концентрациясы цементтің салмағынан аминдер үшін 0,01...0,04 % және гликольдар үшін 0,03...0,1 % болады.

ББЗ диірменге майда тікелей шашыратылған түрде енгізеді. Бірқатар мамандар жентектелу мен жабысуды болдырмау мақсатымен ББЗ майда ұнтақтау камерасына берілуін орынды деп санайды. Бірақ бірінші камераға берілгенде ББЗ клинкердің беріктігін төмендеткіш ретінде жұмыс істейді. ББЗ клинкерге себу жолымен (дозатордың) өлшегіштің тұсынан енгізу және цемент диірменнің бірінші камерасына ББЗ үрлеу бірдей нәтиже берді. Шетелдерде ББЗ концентрацияланған ерітінділер түрінде шығарады, олар кейін зауытта сумен араластырылады.

ББЗ қолдану артылған майдалағыш шарлардың тиімді құрамына әсерін тигізеді. ББЗ енгізгенде материалдың жылжығыштығы арту нәтижесінде шарлар шамасы мен материалдың қатынасының тиімділігін сақтау үшін майдалағыш денелердің өлшемін немесе қалқандардың тиімді ауданын азайтады. Тұйық циклдағы қондырғыларда ББЗ пайдаланғанда іріктегіштерді арнайы ыңғайластыру қажет, себебі ББЗ енгізу іріктеудің тиімділігін арттырады, бұл айналымдағы жүктің мөлшеріне әсер етеді, ол

төмендеуі мүмкін. Клинкерді ұнтақтағанда ББЗ енгізу, цементтің қасиеттеріне де әсер етеді. Мысалы үшін, цементтің түйіршікті құрамы аз аралықта болуы мүмкін (ірі кластағы 60 мкм асатын бөлшектердің құрамы азаяды).

НИИцемент мекемесінде жасалған, қазіргі кезде цемент зауыттарында қолданылып жүрген тиімді жеделдеткіш ұнтақтағыш ЛСТМ-1 (модификацияланған техникалық лигносульфонаттар). Оларды лигносульфонаттарды триэтаноламинмен модификациялап өзгерту арқылы алады.

Киев политехникалық және Қазақ химия–технологиялық институтында ұнтақтауды жеделдеткіш ретінде натрий адипинаттары мен капролактам өндірісінің сілтілі ағындылары зерттелген және өндірісте пайдалануға ұсынылған. Оларды 0,02...0,05 % мөлшерінде қосқанда Шымкенттің цемент зауытында диірмендердің өндірімділігі 12...16 % ұлғайып, электр энергиясының үлестік шығыны азайды. Бұл қоспа пайдаланылып жүрген триэтаноламиннен едәуір арзан. Сонғы жылдары триэтаноламин прекурсорлар қатарына жатады деп оны цемент зауыттарында бұрынғыдай емес, пайдалануын қиындатып жіберді.

Қызыл-Орда целлюлоза-картон комбинатының қалдығы - техникалық магний лигносульфонаттары СТ ж МС кафедрасында зерттеліп пластифицирлейтін және ұнтақтау процесін жеделдеткіш қоспа ретінде Семей цемент зауытында енгізілген. Ұсынылған қоспа диірмендердің өнімділігін 14 % ұлғайтып, электр энергиясының үлестік шығынын 14,4 % азайтты, жылына 200 мыңнан астам тонна пластифицирленген цемент өндіріліп экономикалық эффект жылына 200000 рубль құрады (1977-1985 ж.).

 


Дата добавления: 2019-02-22; просмотров: 322; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!