Справочник врача общей практики. /Под ред. Палеева Н.Р. Издательство - ЭКСМО – Пресс, 1999.



Nbsp; ФАКУЛЬТЕТ: Стоматология  КАФЕДРА: Тағамтану   СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСКАУ   ТАҚЫРЫБЫ: Бет-жақсүйек жарақаттануы кезінде тамақтандырудың ерекшеліктері. Стоматологиялық патологиясы бар стационарлық науқастарға берілетін емдәм түрлері және сипаттамасы. Жақсүйек жарақатында №1-ші немесе түтікпен берілетін емдәм. Жақсүйек жарақатында берілетін № 2-ші емдәм. Ортақ емдәм.    

Курс: 3

 

                     

 

 Құрастырушы: асс. Бердигалиев А.Б.

 

Алматы 2007 жыл

 

1. ТАҚЫРЫБЫ: Бет-жақсүйек жарақаттануы кезінде тамақтандырудың ерекшеліктері. Стоматологиялық патологиясы бар стационарлық науқастарға берілетін емдәм түрлері және сипаттамасы. Жақсүйек жарақатында №1-ші немесе түтікпен берілетін емдәм. Жақсүйек жарақатында берілетін № 2-ші емдәм. Ортақ емдәм.

 

2. ОҚУ САҒАТЫ: 2 сағат

 

3. ТАҚЫРЫПТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ: Бет-жақсүйек аймағыныңәр-түрлі жарақаттанулары тағами заттектердің организмге табиғи жолымен түсуін бұзады, сондықтан катаболикалық өзгерістердің алдын алу үшін арнайы емдәм ұйымдастыру қажет. Әрбір тіс дәрігері мамандығына және істейтін жұмысының түріне байланыссыз, бет-жақсүйек аймағының жарақатану кезінде тиімді тамақтануды дұрыс ұйымдастыра білуі керек. Тиімді тағамтану жарақаттулар кезінде әр-түрлі асқынулардың алдын алуға және регенерация процесінің күшеюіне қолайлы жағдай жасайды.

4. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Бет-жақсүйек аймағының жарақаттануы кезінде патогенетикалық емдәм құрастыру әдістері бойынша студенттердің білімін нығайту. Бет-жақсүйек аймағының жарақаттануы бар науқастарға арналған емдәмдердің сипатаммасын талқылау. Ауруханадағы стоматологиялық патологиясы бар науқастардың емдәмін құрастыруға студенттерді үйрету.

Студент білуі тиіс:

- Бет-жақсүйек аймағының жарақаттануы кезінде емдік рациондарды құрастырудың негізгі принциптерін.

- Бет-жақсүйек аймағының жарақаттануы бар науқастардың тамақтануын коррекциялауды және рациондарды құрастыру принциптерін.

Студент игеруі тиіс:

1. Бет-жақсүйек аймағының жарақаттануы бар науқастардың тағами статусын анықтауын.

2. Шайнау қызметі бұзылыстары бар науқастарға емдік рациондарды құрастыруды.

3. Тістің, альвеолярлы өсіндінің, жақсүйектің және беттің жұмсақ тіндерінің жарақаттануы кезінде науқастарға емдәмдік ұсыныстар беруді.

 

 

5. САБАҚҚА ДАЙЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР:

А) Негізгі білім бойынша:

1. Бет-жақсүйек аймағының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.

2. Бет-жақсүйек аймағындағы жарақаттану кезіндегі емдәммен емдеудің жалпы ережелері.

3. Бет-жақсүйек хирургиясының клиникасында операциядан кейінгі кезеңде науқастардың зат алмасу бұзылыстарының ерекшелерін.

Б) Сабақ тақырыбы бойынша:

1. Әр-түрлі бет-жақсүйек жарақаттануы кезіндегі тамақтану. Бет-жақсүйек аймағының жарақаттануы орналасуына, сипаттамасына, зақымдалу механизіміне байланысты жіктелуін. Зақымдалыну дәрежесіне байланысты емдәммен емдеудің ерекшеліктері.

2. Бет-жақсүйек аймағының сүйектері және жұмсақ тіндерді жарақаттану түріне қарай, патогенетикалық емдәммен емдеуді жүргізуі.

3. Стоматологиялық патологиясы бар ауруханадағы жатқан науқастардың емдәмдерінің түрлерін және сипаттамасын.  

4. Шайнау қызметі бұзылған науқастардға бірінші екі күн ішінде, үшінші - төртінші және қалған күндері химиялық, механикалық және термиялық аялау принциптерінің мағынасы.

5. Тағайындалатын тағамдар мен азық-түліктер.

6. Бет-жақсүйек аймағының одонтогенді іріңді-қабыну ауруларында тағаммен емдеу (жіті және созылмалы периоститте, одонтогенді жақсүйек остеомиелитінде, бет пен мойынның абсцестері мен флегмоналарында).

7. Бет-жақсүйек аймағындағы жарақаттануларында емдәммен емдеу негіздері (тістердің, альвеолярлық өсінлердің сынуында, жақтың және беттің жұмсақ тіндері зақымданғанда).

 

6. АҚПАРАТТЫҚ – ДИДАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

Бөлек берілген.

7. САБАҚТЫҢ МАЗМҰНЫ:

· Өз бетінше жұмыс (сабақ тақырыбы бойынша теориялық және тәжірибелік есептерді шешу, келесі сабаққа әдістемелік нұсқауларды оқу)

· Оқытушымен жұмыс (жеке және топпен жұмыс істеу, студенттердің өз бетінше жұмыстарын талқылау)

· Негізгі және қорытынды білімнің деңгейінің бағалау (сабақ тақырыбы бойынша ситуациялық есептерді шешу, тесттерге жауап беру).

8.   Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Кабаков Б.Д., Руденко А.Т. Питание больных с травмой лица и челюстей и уход за ними. – Медицина. 1977.

2. Лечебное питание (Учебно-методическое пособие). /Под ред. Шарманова Т.Ш. 1999.

3. Руководство по диетологии. / Под ред. Барановского А.Ю. - Санкт-Петербург, 2001.

4. Губергриц А.Я., Линевский Ю. В. Лечебное питание. - Киев: Высшая школа. 1989.

5. Покровский А.А., Самсонов М.А. Справочник по диетологии. - М.: Медицина. 1982.

6. Смолянский Б.Л. Справочник по лечебному питанию для диетсестер и поваров. - Л.: Медицина. 1984.

7. Химический состав пищевых продуктов./Под ред. Скурихина И.Н., Волгарева М.Н. - М.: Агропром.издат.2-е издание. Книга 1. 1987. Книга 2. 1987.

8. Немедикаментозное лечение в клинике внутренних болезней. /Под  ред. Серебриной Л А и др. Киев: Здоровья, 1995.

Справочник врача общей практики. /Под ред. Палеева Н.Р. Издательство - ЭКСМО – Пресс, 1999.


Дата добавления: 2019-02-13; просмотров: 244; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!