Металл иондары кофактор рет i нде 9 страница



61.Жануарлар биотехнологиясы пәні, міндеттері, әдістері және бағыттарын сипаттаңыз.

Жануарлар биотехнологиясына әртүрлі жануарлармен (ауыл-шаруашылығының малдары, үй құстары, балықтар, жәндіктер, үй жануарлары және зертханалық жануарлармен) істелінетін жұмыстар және геномика, гендік инженерия, клондау сияқты зерттеу тәсілдері жатады.

Жануарлар биотехнологиясының негізгі мақсаты – мал шаруашылығының түсімін арттыру және адам өміріне қажетті дәрі-дәрмектер алу. Биотехнологиялық зерттеулер мал шаруашылығында: 1) биотехнология көмегімен жануарлардың денсаулығын жақсарту; 2) жануарларда жүргізілетін биотехнологиялық зерттеулер көмегімен адамдарды емдеуде және жаңа жетістіктерге жету; 3) биотехнология көмегімен мал шаруашылығының өнімдерінің сапасын арттыру; 4) биотехнология жетістіктерімен қоршаған ортаны қорғау және биологиялық әртүрлілікті сақтау сияқты бағыттарда қолдынылады.

Жануарлар биотехнологиясының нысанасы болып табылады: Жануарлар мүшелері мен ұлпалары, соматикалық клеткалары; Адам және жануар жыныс клеткалары мен эмбриондары. Жануарлардың биотехнологиялық қоры ретінде: Эмбриондар, клеткалар, ұлпалар, Бүтін организм және мүшелері пайдаланылады. Жануарлардың гаметасының биологиялық банкі гонадада орналасқан. Жануарлар биотехнологиясының көмегімен жасанды ұрықтандыру негізінде бір бас малдан көп ұрпақ алу мүмкіндігі, Асылтұқымды малдармен тез ауыстыру мүмкіндігі, Жаңа тұқымдар алу жұмыстарын тездету мүмкіндігі жүзеге асады.

Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын негізгі биотехнологиялық эдістерге келесілер жатады: гендік инженерия;

- жасушалық инженерия; хромосомдық инженерия;

- ақуыздық инженерия; инженерлік этимология.

Мал шаруашылығында биотехнологиялық әдістердің қолданылуына сүт қоректілерінің төменде келтірілген биологиялық ерекшеліктері мүмкіндік береді:

1. Жануарлар гаметасының биологиялық банкі. Малдар гаметасының биологиялық банкі гонадаларында жинақталған.

2. Эмбриондардың имплантацияга дейінгі дамуы. Үрықтанғаннан кейін эмбрион зиготадан гаструла кезеңіне (стадия) дейін сүт қоректілердің жыныс мүшесінде (жатыр түтікшесінде) біршама уақыт бос (еркін) күйде болады.. Имплантацияға дейін эмбрион пеллюцид аймағы (zone pellucid) деп аталатын биологиялық түрғыдан мықты, қабықты болып табылатын аналық жұмыртқасында дами береді.

3. Жалгыз төлді малдарда бір аналық жүмыртқасынан дамитын егіздердің туылуы. Бір аналық жұмыртқасынан дамыған егіздер (үшем немесе одан да көптері сирек кездеседі) - имплантацияға дейінгі жыныс мүшесінде бос күйде болған кезіндегі пеллюцид аймағының{zone pellucid) бүзылуы себебінен, эмбрионның бөлінуі жүзеге асып, ажыраган бөліктер жеке-жеке дамуы нәтижесінде пайда болады.

4. Мал шаруашылыгында асыл тұқымды топ (ядро) құру мен жетілдіру. Мал шаруашылыгында асыл тұқымды мал тобы мен түқымы жақсартылуы қажет топтарға бөлінетіні белгілі. Асыл тұқымды малға жату үшін ол малдардың дені сау, көбею қабілетгіліктері мен өнімділіктері жақсы, құнды генотипті және үрпақ сапасы бойынша бағаланған болуы шарт. Биотехнологиялық мақсатта пайдалану үшін генетикалық мүмкіндіктердің анықталуы - биотехнологияпыц қор (ресурс) деп аталады.

Қолданылуына байланысты биотехнологиялық қорды шартты түрде үш класқа бөлуге болады:

1. Молекулалық қор - гендердің қүрылымы мен қасиеттері арқылы көрінеді.

2. Физиологиялық қор - гаметалар банкі, имплантация алдындағы эмбриондар дамуы (тотипотенттілік) арқылы байқалады.

3. Селекциялық қор - асыл тұқымды мал шаруашылығындағы аса қүнды мал тобын (ядро) қүру мен жаңа мал түқымдарын шығаруға байланысты.Жануарлардың биотехнологиялық қорларын танып, оларды іске асыру мақсатында мал шаруашылығында:

- жасушалық биотехнология. Әдістері: мал шаруашылығындағы эмриоөсінділер зерттеулері және мал шаруашылығындағы жасушалық технологиялар.

- молекулалық биотехнология. Әдістері: гендік инженерия, генетикалық трансформация.

- көбею биотехнологиясы қолданылады. Әдістері: суперовуляция, қолдан ұрықтандыру, эмбрион тасымалдау.

62.Ауыл шаруашылық малдарының гормональдық реттелуіне тоқталыңыз.

Мал тұқымы ауыл шаруашылығындағы өндіріс құралы, ал олардың әртүрлілігі және өнімділігі еңбек қарқынын арттырып қана қоймай, шаруашылықтың экономикасын көтеріп, ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсаруын қамтамасыз етеді.

Соңғы жылдардағы ауыл шаруашылығын өзгертудегі келеңсіз жағдайлар мал шаруашылығына да әсерін тигізбей қойған жоқ. Бұл еліміздегі сапалы, әрі жоғары өнім беретін асыл тұқымды мал басының күрт азаюына, асылдандыру жұмысының қарқынсыздануына әкеп соқтырды. Мұндай жағдайда селекциялық жолмен тез арада мал басын сақтап қалудың немесе оларды өз төлінен көбейтудің мүмкіншілігі шектеулі, әрі ұзақ уақытты қажет етеді. Ауыл шаруашылығы малдарын эмбриондарды трансплантациялау тәсілі арқылы көбейтуде ғалымдардың назарын аударған негізгі мәселелердің бірі - көптік суперовуляцияны гормоналдық жолмен болдыру болды.

Эмбриондарды трансплантациялау технологиясында барынша қажетті кезең - донорларда суперовуляцияны тудыру болып табылатындықтан, ауыл шаруашылығы малдарын өсіруде оны енгізбесе, бұл әдістің мәні болмайды.

Көптік овуляцияны болдырудың гормоналдық әдісінің теориялық негізін М.М.Завадовский [40] қалаған.                    

Генетикалық тұрғыдан құнды болып келетін донор-саулықтардың репродукциялық мүмкіншілігін барынша тиімді пайдалану үшін суперовуля-цияны гонадотропты гормондардың көмегімен күшейту қажет екендігін ескере отырып, алғаш рет L.E.Casida мен R.K.Megr [41] 1943 жылы сиыр-ларда көптік овуляцияны болдыру мақсатында буаз бие қан сары суын (ББС) қолданды. Гонадотропиннің ББС эстрадиолмен, хориондық гонадотропин-мен және простогландиндерді витаминдермен бірге қолданған полиовуля-цияны тудыру бір үлгіде өтпейтіні байқалды. Ол шет елдік және отандық ғалымдардың жұмыстарында өте жақсы сипатталған [42, 43].

В.В.Анганов, Т.О.Амагырова, А.В.Муруев [44] тәжірибелерінде сиыр-ларда овуляцияны жылдамдату және ұрықтандыруды жоғарылыту мақса-тында простагландиннің аналогы эстрофанды және рилизинг – гормонның аналогы сурфагонды, сонымен қатар суда ерігіш кешенді витамин «Нитамин», нуклеиндерді иммуно ықпалдаушы полирибонатты пайдаланған. Нәтижесінде тәжірибедегі малдардың 81,8% күйге келіп, оның 88,8% ұрықтанған.

Осы зерттеулердің қорытындылары бойынша ауылшаруашылық малдарының аналықтарында полиовуляция деңгейіне әсер ететін негізгі факторлардың бірі - енгізілген гормоналдық препараттардың мөлшері екені дәлелденген. J.Gordon, G.Williams және J.Edwods [45] мәліметтері бойынша енгізілетін ББС 1000 - 2000 ИЕ мөлшерінен 3000 - 5000 ИЕ дейін жоғары-ласа, онда сиырларда овуляция саны көбейеді. Дегенмен, ББС өте көп мөлшерін қолдану овуляция санын аздап қана арттырады.

Осыны P.C.Sanwal, J.K.Dandc және басқалар [46] енгізілетін ББС мөлшерін 500 МЕ ден 1000 МЕ жоғарылатқанда ешкілерде овуляция саны азғана көбейеді деп көрсетеді.

Донорлардың күйітін полиовуляцияны күшейтумен үйлестіру үшін әр түрлі тәсілдер қолданылады. Мысалы R.P.Elsden, J.F.Hasler және G.E.Seidel [47] донор сиырларда полиовуляция күшейтудің екі тәсілін қолданған. Бірінші тәсіл - жыныстық циклдің 10-шы күні бұлшықетке 1800 ИЕ ББС және 12-ші күні 45 мг простогландинді енгізу. Екінші тәсілде фолликула жандандырушы гормон (ФЖГ), лютейндеуші гормондарын (ЛГ) 5:1 қатынаста бірнеше рет салу негізделген. Жыныстық циклдің 10-шы күнінен бастап, әрбір келесі күнде тиісінше 5,5; 4,4; 3,3; 2,2 мг мөлшерінде күніне екі рет салынады. Простогландинді жыныстық циклдің 12-ші күнінде 45 мг мөлшерде енгізілу ұсынған.

Касымов К.Т. және тағы басқалар [22, 12б] донорларды өңдеу үшін сарысу гонадотропинін пайдаланған. Препараттың мөлшері 1 басқа 1600-1800 ИЕ құраған, ал басқа топқа 250-300 ИЕ мөлшерде граффолон қолданған. Сарысу гонадотропині аналық-донорлардың көптік овуляциясын 56-93% белсендірген, бұл кезде бір донордан 5,48 дана қалыпты эмбрион алынған. Графоллон саулықтарда полиовуляция дәрежесін жоғарылата отырып, бір донордан 6,14-7,33 эмбрион алуды қамтамасыз етеді.

И.Н.Малмаков [23, 12б] қазақтың биязы жүнді тұқымының суперовуля-циясын 1000-1200 МЕ мөлшерде ББС енгізу арқылы келтірген. Ол 61 донордан 600 овуляция немесе 1 донорға шаққанда бір ұядан 0-ден 31-ге дейін немесе орта есеппен 9,8 овуляция алған.

Ж.Утесинов [48] қазақтың биязы жүнді тұқымының саулықтарын 1000 МЕ мөлшерде ББС гонодотропинімен өңдегенде әр донор орта есеппен 6,7, ал құрамында микроэлементтер және витаминдер болғанда 7,6 овуляцияны құраған.

Гормоналдық препараттарды пайдаланудың нәтижесі олардың енгізу уақытына да байланысты болатындығы туралы мәліметтер бар [49]. Мәселен, P.Scanlon, J.Srenan, I.Gordon [50] сиырларда овуляция санының артуы оларды жыныстық қозу байқалар алдында 4-7 күн алдын, ал қойларды 4-5 тәулік бұрын гонадотропинмен өңдегенде байқалады дейді.

Ал, К.Джанабеков [51] қазақы биязы жүнді тұқымды саулықтарға жыныстық циклдің 13-14 тәулігінде ББС пайдаланып, екі аналық безден 6 овуляцияға дейін алған.

Ф.М.Мухамедгалиев, М.М.Тойшибеков, Р.Б.Абильдинов және басқалар [20, 11б] ББС препаратын қолданғанда, үш донор-саулықтан әр түрлі даму сатысында болған 19 эмбрион алған.

Б.Даминов, Ш.Сартаев және М.М.Тойшибеков [52] жүргізген зерттеулер эстралды циклдің 10-12 –тәулігінде ББС 1200-1450 МЕ мөлшерде енгізу қойлардан салыстырмалы түрде көп мөлшерде овуляция алу үшін қолайлы жағдай екенін көрсетеді.

Б.А.Буралхиев [53] донор мегежіндерді гормоналдық өңдеудің келесі үлгісін ұсынады: жыныстық циклдің 13-ші күні простагландин F препаратын және 14-ші күні 1000-12000 ИЕ мөлшерінде ГББС, ал 72-80 сағаттан кейін 750-1000 ИЕ адамның хориондық гонадотропинін (АХГ) енгізеді де, АХГ- дан соң 40-42 сағатта ұрықтандырады. Автор, осы тәсілді қолдануда донор –мегежіндерде эмбриондар 22,9%, ал зигота 25% жоғарылайды деп пайымдайды.

Бірқатар зеттеулер ББС мөлшерін донордың тірілей салмағына байла-нысты анықтауға бағытталған. Мысалы, А.-Ш.М. Амарбаев [54] пікірінше, гормоналдық сарысудың физиологиялық орташа отарлық мөлшері етті-майлы қойлар үшін - 1300 МЕ, ал қаракөл қойлары үшін 1200 МЕ құрайды. Препараттың мөлшерін саулықтың тірілей салмағына байланысты есепте-генде 1кг тірі салмаққа тиісінше 23-26 және 22-25 м.е. сәйкес деп есептеледі. Автордың ойынша бұл мөлшерлер барынша қажетті нәтиже береді.

Қазіргі уақытта полиовуляцияны келтіруге қолданылатын әдістер биологиялық ғылымның талаптарына сай емес. Бұл мәселені шешу үшін, отандық гормоналдық препараттарды пайдаланумен суперовуляцияны келтіретін жаңа әдісті жасау немесе бұрынғы белгілі әдістерді жетілдіру қажет.

Осы орайда «Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» РМК қаракөл қойларының эмбриондарын трансплантациялау зертханасында Н.Алибаев О.Бекетауов Н.Адилбековтермен [55] даралық гормоналдық деңгейді анықтай отырып, олардың эмбриондарын трансплантациялауда қаракөл қойларының жоғары овуляциясының гормоналдық индукциясының тиімді үлгісі жасалды. Ол бірқалыпты суперовуляция жасауға және өміршеңділігі қалыпты эмбриондарды көптеп алуға мүмкіндік береді. Олар донор саулықтардың және дайындалған препараттың гормоналдық деңгейіне байланысты үш топқа біріктірді: I топқа ФЖГ/ЛГ ара-қатынасы 1:1; II топқа- 2:1 және III топқа- 3:1. Бірінші топтағы донорларға (1:1) жыныс циклінің 10 және 11 күндері ФЖГ мен ЛГ-ның ара-қатынасы 3:1, ал 12 күні-2:1 ББС препаратын еккен. Екінші топтағы донорларға (2:1) жыныс циклінің 10-күні гормондар арақатынасы 3:1, ал 11-ші күні 2:1 және 12-күні 1:1 препаратын ендіріп, үшінші топтағы донорларға тиісінше (3:1) күйіті келгеннен кейінгі 10 күні 3:1, ал 11 және 12 күндері гормондардың ара-қатынасы 1:1 ББС қолданған. Барлық донор саулықтарға жыныс циклінің 13 күні ФЖГ мен ЛГ ара қатынасы 1:1 препаратын әр тірілей салмағына 12 МЕ/кг мөлшерінде қайта енгізілді. Сонымен қазіргі қолданып жүрген трансплантациялау технологиясына бір күндік суперовуляцияны индукциялаудың орнына ББС препаратындағы және донор қанындағы ФЖГ мен ЛГ-ның әр түрлі ара-қатынасын есепке ала отырып үйлестіріп салудың 4 күндік схемасын ұсынды. Бұл биотехнологияның жаңа әдістері, асыл тұқымды қой шаруашылығының одан әрі дамуына өте тиімді әсерін тигізеді.

Жоғарыда көрсетілген тәсілдердің әрбірі отандық ауыл шаруашылығы малдары тұқымдарының гендік қорын сақтау оны қалпына келтіру және тиімді пайдалану жұмыстарында аса қажетті. Дегенмен, қазіргі уақытта эмбриондарды ауыстырып отырғызу және криоконсервациялау барынша жетілдірілген және тиімді әдістер болып саналады.

Осыған байлансты, жоғарыда айтылған әдеби шолудағы мәлімет ауыл шаруашылығы малдарының гендік қорын сақтау маңызды мәселе екендігін мойындауға мәжбүр етеді, өйткені бір субпопуляция ішінде бір генотиптің жоғалып кетуінің өзі бүкіл популяцияның гендік қорына орны толмайтын шығын әкеледі. Сондықтан да, гендік қор популяциясы санының тұрақтандыруын көтермелеу үшін қолда барды сақтау және жоғалып бара жатқан фенотиптерді қалпына келтіру қажет [56].

Бұл мәселені шешудің және селекциялық дәстүрлі әдістердің көмегімен шешу мүмкін емес, себебі оны іске асыру үшін ұзақ уақыт қажет.

 Препаратпен өңделген ұрғашы малдарды қолдан ұрықтандыру, оларда бірден бірнеше ұрықтың дамуына әкеп соқтырады. Ал, сиырлар мен қойлардың жыныс жолдары бір, екі, сирек жағдайда үш ұрықтың дамуын қамтамасыз еткенмен, буаздықтың табиғи жалғасуында артық ұрықтар сорылып, жойылып кетеді. Сондықтан эмбриондарды трансплантациялауда пайда болған ұрықтанған сапалық жасушалар донордың жыныстық жолдарынан жуылып алынып, донордың жыныстық циклінің сатысына үйлестірілген реципиенттің жыныс жолдарына ауыстырылады. Осылай жануарлар популяциясында аса құнды генетикалық белгілері бар донордың саны көбейеді [57].

Сонымен қорыта айтқанда, малдарды гормоналды препараттармен өңдегенде олардың жыныс мүшелері үлкен өзгеріске ұшырайтындығын жоғарыдағы келтірілген ғалымдардың жұмыстарынан байқауға болады. Сондықтан ауыл шаруашылық малдарда гормоналды препараттар арқылы суперовуляция жасау эмбриондарды трансплантациялау тәсілінің негізгі бөлігі болатындығын ескере отырып, оған ерекше мән беру керек.

63. Эмбриондарды трансплантациялау кезеңдерін талдап көрсетіңіз.

Эмбрионды трансплантациялау биотехнологиясы келесі кезеңдерден тұрады:


Дата добавления: 2019-07-15; просмотров: 420; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!