ІІ. «ЗЕРДЕ» интеллектуалды ойын -сайысы

Сабақ жоспары Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________                                                                                                       

Сыныбы : 6     

Мерзімі :

Тақырыбы: Кіріспе. Физикалық география – Жер табиғаты жайындағы ғылым.

Мақсаты:

Білімділік: «География» терминін енгізу. География пәнінің мақсатын түсіндіру. Жердің зерттелуі, жалпы географиялық мәліметтердің жинақталу тарихын меңгерту.

Дамытушылық: оқушылардың өткен тәжірибелерінде ұйренген икемділіктері мен дағдыларын қолдана отырып, интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімдері мен көзқарастарын кеңейту.

Тәрбиелік: география ғылымының зерттелуін, зерттеушілердің, ғалымдардың еңбектерін оқып, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақты ұйымдастыру формасы: аралас

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Көрнекіліктері: дүние жүзінің физикалық картасы

Ұйымдастыру кезеңі                                                                               

  1. Білім мен іскерліктерін жан-жақты тексеру кезеңі
  2. Жаңа материалға көшуге дайындық кезеңі
  3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
  4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
  5. Сабақты қорытындылау кезеңі
  6. Бағалау кезеңі
  7. Үйге тапсырма беру кезеңі

Сабақтың барысы

Сабақ-тың кезеңде-рі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1. Ұйым-дастыру кезеңі (2 мин) Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. 
2. Білім мен іс-керліктерін жан-жақты тексеру кезеңі. (10 мин) 1. Өткен жаратылыстану курсын қалай меңгергендігін тексеру үшін сол курс бойынша сұрақтар қояды: 1) Жер туралы не білесіңдер? 2) Жерді зерттеген қандай ғалымдарды білесіңдер? Олардың қандай еңбектері бар? 3) Жұлдыз дегеніміз не? Басқа да аспан денелерін атаңдар. 4) Галактика дегеніміз не? Біздің галактикамызды атаңдар. 5) Күн жүйесі дегеніміз не? Онда қанша планета бар?   2. Іскерліктері мен дағдыларын тексеру сұрақтары: 1) Жер жүзінде қанша материк бар? Оларды ата. Картадан көрсет. 2) Қанша мұхит бар? Оларды ата және картадан көрсет. 1. Оқушылар өткен курсты естеріне түсіріп, сұрақтарға жауап береді: 1) Жер – күн жүйесіндегі планета. Оның пішіні шар тәрізді. Ол Күнді айнала және өз білігі арқылы қозғалады. 2) әл-Фараби, Әбу-Райхан-әл-Бируни, Николай Коперник... 3) Жұлдыз дегеніміз – бірнеше мың градус температураға дейін қызып тұрған аспанның жарық денесі. Кометалар. 4) жеке жұлдыздардың тобын Галактика деп атайды. Құс жолы. 5) Күн және оның айналасындағы орбиталар бойымен айнала қозғалып жүретін планеталарды бірігіп күн жүйесі деп атайды. 9 планета бар. 2. 1) 6 материк – Еуразия, Оңт. және Солт. Америка, Африка, Аустралия, Антарктида. 2) 4 – Тынық, Атлант, Үнді, СММ Аталған атауларды картадан көрсетеді.  
3. Жаңа материалға көшу кезеңі (2 мин) География түсінігін енгізеді: 6-сыныпта жаратылыстану пәнінен география пәні бөлініп шығады. Ол өз ішінде екі салаға бөлінеді – физикалық және экономикалық және әлеуметтік география. 6-сыныпта физикалық географияның бастапқы курсы өтіледі. Оның мақсаттары мен міндеттері айтылады.                География           ФГ                    ЭӘГ   Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарын қояды. 
4. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі. (15 мин) 1. Физикалық география – Жер табиғаты жайындағы ғылым.  География ғылымы және оның салалары. Физикалық география. Г сөзіне анықтама беру. Географияның қалыптасу тарихынан. Оның салаларға бөлінуі туралы.  Г-ның алдына қойған ғылыми мақсаттарының тарихи кезеңдерде өзгеруі. Ежелгі кезеңнен бері географиялық ғылыми көзқарастардың, теориялардың өзгеруі салдарынан география өз мәнінің өзгеруі туралы. 2. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?  Ежелгі дүние халықтары Жер туралы не білген? Географиялық мәліметтердің жинақталуы 5 кезеңнен өткен. Ежелгі дәуірлерде өркениеті орталықтары – Қытай, Үнді, Персия, Мысыр мемлекеттері өкілдерінің еңбектері. Алғашқы карталар. Интреактивті тақтамен жұмыс жасайды. 1-слайд. Ежелгі заман саяхатшылары.    Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтада көрсетілген картадан саяхатшылардың жасаған саяхаттары мен маршруттарын қарап, анализ жасайды. Қолдарындағы атластарынан қарап, салыстырып, сәйкестендіреді. Мұғалімнің көмегімен палнеталарды сипаттайды, оларды салыстыру, айырмашылықтарын табады. Жер пішіні жөнінде ой толғап, оның өлшемдеріне назар аударады. Радиустарының айырмашылықтарын анықтайды, орташа радиусын табады.
5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі (9 мин) Күн жүйесінің суретін салдырып, ондағы Жердің орнын анықтау тапсырмасын беру. Оқушылар өз немесе мұғалімнің қалауынша тақтаға шығып, тапсырманы орындайды.
6. Сабақты қорытындылау кезеңі (5 мин) Сабақты бүгінгі тақырыптар бойынша фронтальді немесе жеке сұрақтар қою арқылы қорытындылау: 1. География ғылымы нені зерттейді? 2. Физикалық география немен шұғылданады? 3. Жер туралы мәліметтердің жинақталу кезеңдерін ата, ежелгі кезеңде қандай зерттеушілердің географиялық құралдары болған?   Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
7. Бағалау кезеңі (1 мин) Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды. Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
8. Үйге тапсырма беру кезеңі (1 мин) 1- параграфтарды оқу, Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.

 

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________                                                                                                        

Сыныбы: 6      

Мерзімі:

Тақырыбы: Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?

Мақсаты:

Білімділік: «География» терминін енгізу. География пәнінің мақсатын түсіндіру. Жердің зерттелуі, жалпы географиялық мәліметтердің жинақталу тарихын меңгерту. Күн жүйесіндегі Жердің орны, пішіні мен өлшемдерін түсіндіру.

Дамытушылық: оқушылардың өткен тәжірибелерінде ұйренген икемділіктері мен дағдыларын қолдана отырып, интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімдері мен көзқарастарын кеңейту.

Тәрбиелік: география ғылымының зерттелуін, зерттеушілердің, ғалымдардың еңбектерін оқып, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Көрнекіліктері: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактивті тақта.

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Білім мен іскерліктерін жан-жақты тексеру кезеңі

3. Жаңа материалға көшуге дайындық кезеңі

4. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі

5. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

6. Сабақты қорытындылау кезеңі

7. Бағалау кезеңі

8. Үйге тапсырма беру кезеңі

Сабақтың барысы

Сабақ-тың кезеңде-рі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1. Ұйым-дастыру кезеңі (2 мин) Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2. Білім мен іс-керліктерін жан-жақты тексеру кезеңі. (10 мин) 1. Өткен жаратылыстану курсын қалай меігергендігін тексеру үшін сол курс бойынша сұрақтар қояды: 1) Жер туралы не білесіңдер? 2) Жерді зерттеген қандай ғалымдарды білесіңдер? Олардың қандай еңбектері бар? 3) Жұлдыз дегеніміз не? Басқа да аспан денелерін атаңдар. 4) Галактика дегеніміз не? Біздің галактикамызды атаңдар. 5) Күн жүйесі дегеніміз не? Онда қанша планета бар?   2. Іскерліктері мен дағдыларын тексеру сұрақтары: 1) Жер жүзінде қанша материк бар? Оларды ата. Картадан көрсет. 2) Қанша мұхит бар? Оларды ата және картадан көрсет. 1. Оқушылар өткен курсты естеріне түсіріп, сұрақтарға жауап береді: 1) Жер – күн жүйесіндегі планета. Оның пішіні шар тәрізді. Ол Күнді айнала және өз білігі арқылы қозғалады. 2) әл-Фараби, Әбу-Райхан-әл-Бируни, Николай Коперник... 3) Жұлдыз дегеніміз – бірнеше мың градус температураға дейін қызып тұрған аспанның жарық денесі. Кометалар. 4) жеке жұлдыздардың тобын Галактика деп атайды. Құс жолы. 5) Күн және оның айналасындағы орбиталар бойымен айнала қозғалып жүретін планеталарды бірігіп күн жүйесі деп атайды. 9 планета бар. 2. 1) 6 материк – Еуразия, Оңт. және Солт. Америка, Африка, Аустралия, Антарктида. 2) 4 – Тынық, Атлант, Үнді, СММ Аталған атауларды картадан көрсетеді.  
3. Жаңа материалға көшу кезеңі (2 мин) География түсінігін енгізеді: 6-сыныпта жаратылыстану пәнінен география пәні бөлініп шығады. Ол өз ішінде екі салаға бөлінеді – физикалық және экономикалық және әлеуметтік география. 6-сыныпта физикалық географияның бастапқы курсы өтіледі. Оның мақсаттары мен міндеттері айтылады. География   ФГ ЭӘГ   Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарын қояды.
4. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі. (15 мин) 1. Физикалық география – Жер табиғаты жайындағы ғылым. География ғылымы және оның салалары. Физикалық география. Г сөзіне анықтама беру. Географияның қалыптасу тарихынан. Оның салаларға бөлінуі туралы. Г-ның алдына қойған ғылыми мақсаттарының тарихи кезеңдерде өзгеруі. Ежелгі кезеңнен бері географиялық ғылыми көзқарастардың, теориялардың өзгеруі салдарынан география өз мәнінің өзгеруі туралы. 2. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды? Ежелгі дүние халықтары Жер туралы не білген?Географиялық мәліметтердің жинақталуы 5 кезеңнен өткен. Ежелгі дәуірлерде өркениеті орталықтары – Қытай, Үнді, Персия, Мысыр мемлекеттері өкілдерінің еңбектері. Алғашқы карталар. Интреактивті тақтамен жұмыс жасайды. 1-слайд. Ежелгі заман саяхатшылары. Орта ғасырлардағы географиялық түсініктер. Ұлы географиялық ашулардың басталуы. XVғ. соңы мен XVII ғ. ортасының аралығындағы болған жаңалықтар. Христофор Колумбтың саяхаты туралы әңгімелеу, сұрау. Интерактивті тақта. 2-слайд. Ортағасырлардағы саяхатшылар мен олардың маршруттары. Ф. Магелланның дүние жүзін айналу саяхаты.1519-1522 жж. Испаниядан шыққан ФМ-ның түңғыш рет дж-ін айнала жүзуі туралы мәлімет беру. 2-слайд. Материктердің ішкі бөліктерін зерттеу. Ш. Уалиханов. XIX ғ. бас кезінде Жер шарындағы материктердің ашылып, оның ішкі бөліктерінің зерттеле басталуы және Ш. Уалихановтың қосқан үлесі туралы әңгімелеу, оқушылардан білгендерін сұрау. Жаңа замандағы географиялық зерттеулер. Ғарышты игерудің басталуы. XX ғ. 2-жартысында Антарктиданың ашылуы, мұхиттар мен атмосфераның зерттелуі басталды. Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтада көрсетілген картадан саяхатшылардың жасаған саяхаттары мен маршруттарын қарап, анализ жасайды. Қолдарындағы атластарынан қарап, салыстырып, сәйкестендіреді. Мұғалімнің көмегімен палнеталарды сипаттайды, оларды салыстыру, айырмашылықтарын табады. Жер пішіні жөнінде ой толғап, оның өлшемдеріне назар аударады. Радиустарының айырмашылықтарын анықтайды, орташа радиусын табады.
5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі (9 мин) Суретке қарап, картадан саяхатшылардың жүрген жолдарын көрсету, Күн жүйесінің суретін салдырып, ондағы Жердің орнын анықтау тапсырмасын беру. Оқушылар өз немесе мұғалімнің қалауынша тақтаға шығып, тапсырманы орындайды.
6. Сабақты қорытындылау кезеңі (5 мин) Сабақты бүгінгі тақырыптар бойынша фронтальді немесе жеке сұрақтар қою арқылы қорытындылау: 1. География ғылымы нені зерттейді? 2. Физикалық география немен шұғылданады? 3. Жер туралы мәліметтердің жинақталу кезеңдерін ата, ежелгі кезеңде қандай зерттеушілердің географиялық құралдары болған? 4. Ең алғаш жер шарын айнала жүзген саяхатшы, оның саяхат жылдары? 5. Планеталар не себепті Күн төңірегінде тұйық сызық жасап айналатынын түсіндіру. 6. Жер шарының ауданы, радиусы, экватор ұзындығы? Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
7. Бағалау кезеңі (1 мин) Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды. Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
8. Үйге тапсырма беру кезеңі (1 мин) 1-2 параграфтарды оқу, кескін картаға саяхатшылардың маршруттарын салу және олар туралы баяндама жазу. Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.

 

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________                                                                                                       

Сыныбы: 6 

Мерзімі:

Тақырыбы: Жер –Күн жүйесінің ғаламшары

Мақсаты:

Білімділік: Жердің Күн жүйесіндегі орнының, пішіні мен мөлшерінің, қозғалыстарының тіршілік үшін маңыздылығын көрсету. Жердің шар тәріздес екендігі жөніндегі ертедегі және қазіргі заманғы дәлелдеулерді негізге ала отырып, географиялық заңдылықтарды ашу. Жердің тартылыс күші туралы ұғым қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың өткен тәжірибелерінде үйренген икемділіктері мен дағдыларын, интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімдері мен географиялық көзқарастарын кеңейту.

Тәрбиелік: География ғылымының зерттелуін, зерттеушілердің, ғалымдардың еңбектерін оқып, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Көрнекіліктері: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактвті тақта , глобус 

Сабақтың кезеңдері:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
  3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
  4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
  5. Сабақты қорытындылау кезеңі
  6. Бағалау кезеңі
  7. Үйге тапсырма беру кезеңі

 

Сабақтың барысы

Сабақ-тың кезеңде-рі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. 
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. (15 мин) Өткен тақырып бойынша фронтальді сұрақтар қою арқылы және рефераттарын қабылдау арқылы үй тапсырмасын тексереді. Кескін карталарды тексере отырып, тақтаға шығарып оқушылардан саяхатшылардың жүзген, жүрген жолдары туралы сұрақтар қою. Мұғалімнің үйге берілген тапсырмаларына дайындалып, сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап беру. Картадан саяхатшылардың жолдарын көрсету, түсіндіру.
3. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі. (10 мин) Жердің Күн жүйесіндегі орны. 1. Жер – Күн жүйесінің планетасы. Жердің орбита бойымен қозғалысы. Бұрынғы білімдерін толықтыру. Күнді айнала қозғалысы және оның себебі, салдары туралы түсінік беріп, бірге талқылау. Интерактивті тақта арқылы суреттерді көрсету, оларды талдау. 2. Жердің Күн жүйесіндегі орны және оның мәні. Жердің күн жүйесіндегі орнының тіршілік үшін маңыздылығы және оның себептерін түсіндіру. Басқа планеталармен салыстыру, оның айрмашылықтары мен ұқсастықтарын табуға талпындыру. 3. Жердің пішіні мен мөлшеріОқушыларды Жер – шар тәріздес дене екенін дәлелдеуге сұрақтар қою арқылы талпындыру. Оның радиустарының өлшемдерін салыстырып, қорытындылату. Жер пішінінің маңызын сұрау, олардың жауабын салыстырып, толықтыру. «Геоид» ғылыми түсінігін енгізу. 4. Аристотель, Эратосфеннің меридиан ұзыныдығы қалай анықтағанын, Х.Колумбтың Америкаға саяхаты, Ф.Магелланның Жерді айналып шығу саяхаттары туралы слайд көрсетіп, жүрген жолдарын көрсету. Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.
4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі (10) Интерактивті тақтада берілген суреттерді талқылап, бүгінгі өткен жердің пішіні мен құрылысын еске түсіріп, оны бекіту. Бүгінгі өткен тақырыпты бекіту, суреттерді талқылау, ортаға салу, түсіндіру.
5. Сабақты қорытындылау кезеңі (5 мин) Сабақты бүгінгі тақырыптар бойынша фронтальді немесе жеке сұрақтар қою арқылы қорытындылау: 1. Жер нешінші планета? 2. Жердің Күн жүйесіндегі орнын анықта. 3. Жер қандай дене? 4. Жердің қандай өлшемдерін білесіңдер?   Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
6. Бағалау кезеңі (2 мин) Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды. Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
7. Үйге тапсырма беру кезеңі (1 мин) § 3-4 оқу, 6 суретті салып келу. Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.

 

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________                                                                                                       

Сыныбы: 6      

Мерзімі:

Тақырыбы:  Жергілікті жерді бағдарлау.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жерді компоспен қалай бағдарлау керек екендігін түсіндіру. Азимут туралы түсінік қалыптастыру және азимут арқылы жол табуды, анықтау туралы білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, өткен тақырыптардағы алған дағдыларын одан әрі дамыту.

Тәрбиелік: Жергілікті жерді бағдарлау кезінде оқушылардың география пәніне деген қызығушылықтарын тудыру.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: тұсбағар 

Сабақтың кезеңдері:

 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Жаңа материалды меңгерту кезеңі

3. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

4. Сабақты қорытындылау кезеңі

5. Бағалау кезеңі

6. Үйге тапсырмасын беру кезеңі

Сабақтың барысы

Сабақ-тың кезеңде-рі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. 
2. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі (20 мин) Азимут (арабша ас-сумут -жол)- деп белгілі бір затқа қарай жүргізілген бағыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрышты айтады.                                     С 0º           Б 270º                  Ш 90º                                        О 180º Азимут бойынша жүру дегеніміз- алдын- ала тағайындалған деректер бойынша бағдарды тұсбағдармен белгілейді де, жүрген қашықтықты өлшеп отырады. Осындай жолды айтады. Азимут бойынша жүру үшін қажетті деректер алдын-ала дайындалып алынады. Мұндағы алға қойылатын шарт- жергілікті жерде қажетті бағытты таба білу, тұсбағдардың көмегімен сол бағыттан айнымай жүріп отыру, соның нәтижесінде белгіленген жерден тура шығу. Бұл әдісті жол жүруші бір бағдармен екінші бағдарға дейін жетіп отырады. Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.  
3. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі  (10 мин) Оқушылармен класта орналасқан кез-келген заттың азимутын анықтау, дәптерге сызып алу.   Мұғалім көмегімен кез-келген заттың азимутын анықтау. Оны дәптерге сызып алу.
4. Сабақты қорытындылау кезеңі (10 мин) Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою: 1. Сонымен азимут дегеніміз не? 2. Азимут не үшін қажет? 3. Азимут арқылы бағдарлау үшін не істеу керек? 4. Азимуттың сызбасын градуспен тақтаға сызып, түсіндір. Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
5. Бағалау кезеңі (2 мин) Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды. Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
6. Үйге тапсырма беру кезеңі (1 мин) § 7 оқу. Анықтамаларды жаттау. Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.

 

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________                                                                                                       

Сыныбы: 6       

Мерзімі:

Тақырыбы: Жер бетінде қашықтықты өлшеу. Қашықтықты қағаз бетіне белгілеу. Масштаб

 Сабақтың  мақсаты:

Білімділік: масштаб, оның түрлерін білу.
Дамытушылық: қашықтықты өлшеуде картадан масштабты пайдалана білу.
Тәрбиелік:  

Құрал-жабдықтар:оқулық, топогр. Картада, атлас

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын сұрау

3.Жаңа сабақ

4.Бекіту кезеңі

5.Үй тапсырмасын беру

6.Бағалау


1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

1. Бағдарлау
2. Азимут
3. Азимутталды немесе полярлы съемка /бір нүктеден/
4. Азимут бойынша жүріп отырып бағдарлау
5. 3, 4, 5 тапсырмаларды орындау

3.Жаңа сабақ
Жер бетінде қашықтықты таспамен, өлшеуіш ашамен өлшенеді. Қадаммен өлшегенде әр адам өз қадамының орташа ұзындығын анықтаған жөн. Оқулықта көз мөлшермен анықтау кестесі көрсетілген.
Масштаб – жер бетінде өлшенген қашықтықты қағаз бетіне түсіру үшін кішірейтілген дәрежесі. Қанша рет кішірейтілгендігін көрсететін бөлшек сан масштаб д. а. алымы әрқашан 1 см - ге тең, бөлімі кішірейту мөлшеріне сәйкес келеді. Неғұрлым бөлшектің бөліміндегі сан көбейген сайын, соғұрлым масштаб ұсақ деп есептеледі. Керісінше бөліміндегі санның мөлшері аз болған сайын, масштаб ірілене түседі. Мәселен, 1: 10 000 масштабы 1: 50 000 масштабқа қарағанда ірі.

Картаның масштабы сөзбен де жазылады 1: 10 000 масштабты сөзбенен 1 см - де 100м. Мұны атаулы масштаб дейді. Мысалды оқыту.
Өзендердің ұзындығын циркуль арқылы өлшейді. Арасын 5мм етіп өлшеп, оның санын 5мм - ге көбейтіп, содан кейін масштабқа көбейтеді.
План – 2 000дейін және одан ірі, топограф. Картада – 1: 10 000 нан 1: 100 000 - ға дейін болады.Дерексіз санмен өрнектелген бұл қатынас сандық Масштаб деп аталады. Жоспар менкарталардың сандық Масштабты бөлшек сан арқылы өрнектеледі, алымы бірге тең болса, бөлімі бейнеленген сызықтың неше есе кішірейтілгенін көрсетеді. Сызбада машиналар мен приборлардың ұсақ бөлшектері, көбінесе үлкейтілген мөлшерде көрсетіледі. Бұл жағдайда сандық Масштаб бірден үлкен санмен өрнектеледі. Жоспар мен картадағы ұзындықты өлшеуде қолданылатын сызықтық Масштаб заттың ұзындығын көрсететін, тең бөліктерге бөлінген, жазуы бар түзу сызықтан құралады.

Масштабтың түрлері

 

 

Жер бетін картаға түсіру үшін таңдап алынатын масштаб әр түрлі. Шағын аумақтардың картасы ірі масштабта жасалады. Ондай карталар күнделікті тұрмыста шаруашылық қажеттерін өтеу мақсатында пайдаланылады. Шағын аумақтар план (масштабы 1:5000, 1:2000, 1:1000 және одан да ірі) және топографиялық картада (1:10 000-нан 1:100 000-ға дейін) бейнеленеді.

 

Масштабты пайдаланып картадан қашықтықты өлшеу

 

Картада маршрут ұзындығын, әдетте, курвиметрмен өлшейді. Қалыпты курвиметрде карта бойынша қашықтықты өлшеу үшін 2шкала болады: бір жағынан – метрлік (0-ден 100см-ге дейін), екінші жағынан –дюймдік (0-ден – 39,4 дюймге дейін) 1дюйм = 2,54см. бұл аспаптың төменгі жағындағы айналдыру дөңгелекшесі тісті берілістер жүйесі арқылы меңзермен жалғанған. Картадағы сызық ұзындығын өлшеу үшін алдымен дөңгелекшені айналдыра отырып меңзерді шкаланың бастапқы (0) бөлінісіне қойып, дөңгелекшені өлшенетін сызық бойымен сырғанату кереке. Курвиметр шкаласы бойынша алынған санды карта масштабының шамасына көбейту керек.


4.Бекіту кезеңі:

 5 тапсырманы орындау
7 тапс. Орындау
5.Үйге тапсырма .6 тапс. орындау, анықт. Мазмұндау

6.Бағалау

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________                                                                                                        

Сыныбы: 6   

Мерзімі:

Тақырыбы: Жергілікті жердің планы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға план дегеніміз не? деген сұраққа жауап беру. Планды түсіру әдіс-тәсілдерімен шартты белгілерімен таныстыру. Планның шаруашылық үшін маңызы туралы айту.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Географиялық мәдениетке баулу, география пәніне деген қызығушылықты ояту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: жергілікті жердің планы картасы, интербелсенді тақта. 

Сабақтың кезеңдері:

 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі

4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

6. Бағалау кезеңі

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

Сабақтың барысы

Сабақ-тың кезеңде-рі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. 
2. Үй тапс-ырмасын тексеру кезеңі. (10 мин) Өткен тақырып бойынша фронтальді сұрақтар қою: 1. Азимут дегеніміз не? 2. Масштаб дегеніміз не? 3. Масштабтың түрлерін атап, оларға мысал келтір. 4. 1: 25.000 масштабын атаулы және сызықтық масштабқа айналдырыңдар? 5. Жерорта теңізінің ұзындығын өлшеу жолдарын айтып, масштабын айналдыр. Мұғалімнің үйге берілген тапсырмаларына дайындалып, сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап беру. Интерактивті тақтадағы суреттерді еске түсіріп, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру.
3. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі (13 мин) План (латынша жалпақ, тегіс)- жер бетінің қағазға кішірейтіліп түсірілген нұсқасын айтады. Жер бедері дегеніміз- жер қыртысының бетіндегі ойлы-қырлы жиынтығын айтады. Абсолют биіктігі дегеніміз (латынша абсолют- толық, сөзсіз)- жер бетіндегі нүктенің мұхит немесе теңіз деңгейінен бастап есептелінетін биіктікті айтады. Салыстырмалы биіктік дегеніміз (латынша)- жер бетіндегі кез- келген нүктенің басқа бір нүктенің биіктік айырмасын айтады. Жер бетінде салыстырмалы биіктіктер деңгейлегіш құралдарымен анықталады. Горизонтальдар (грекше горизонт-шектеуші)- биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтарды айтады. Бергштрих (немісше берг-тау; штрих-сызық). Тақтаға сызып, көрсету. Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.
4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі  (10 мин) Атласта, кітапта орналасқан топографиялық картадағы шартты белгілерді талдау, топографиялық картамен жұмыс істеуді түсіндіріп, төмендегі аулдар мен қала типтес ауылдардың координатасын табу: Оқушылар атластағы топографиялық картамен жұмыс істейді, шартты белгілердің айырмашылығын қарайды, мұғалімнің берген тапсырмасын орындайды. Координаттарды іздейді.
5. Сабақты қорытындылау кезеңі (7 мин) Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою: 1. Сонымен план мен картаның қандай айырмашылығы бар? 2. Жер бедері дегеніміз не? оның қандай түрлері бар? 3. Абсолют биіктік пен салыстырмалы биіктіктің айырмашылығы неде? Олар картада қалай белгіленген? 4. Шартты белгілердің қандай маңызы бар? 5. Топографиялық карталарда координатты қалай табу керек? 6. Бергштрих дегенніміз не? 7. Қандай карталарда бергштрих беріледі? Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
6. Бағалау кезеңі (2 мин) Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды. Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
7. Үйге тапсырма беру кезеңі (1 мин) § 9 оқу, шартты белгілерді сызып, жаттау. Топографиялық картамен жұмыс істеуді үйрену. Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.

 

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________                                                                                                       

Сыныбы: 6       

Мерзімі:

Тақырыбы: Глобустан картаға көшу,географиялық координата

Мақсаты:

Білімділік: Географиялық ендік, бойлық, координаталық тор деген түсініктерді қалыптастыру. Географиялық координаттарды анықтау жолдарын, әдіс-тәсілдерін үйрету. Глобус, оның маңызы мен глобустан картаға көшіру тәсілдері туралы білім беру.

Дамытушылық: Интербелсенді тақтамен, глобуспен жұмыс істеуді дамыту.

Тәрбиелік: География пәніне деген қызығушылықты ояту, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: жергілікті жердің планы картасы, интербелсенді тақта, глобус, дүниежүзінің физикалық картасы.

Сабақтың кезеңдері:

 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі

4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

6. Бағалау кезеңі

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

Сабақтың барысы

Сабақ-тың кезеңде-рі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. 
2. Үй тапс-ырмасын тексеру кезеңі. (10 мин) Шартты белгілерді пайдалана отырып, географиялық диктант алу: Мұғалімнің үйге берілген тапсырмаларына дайындалып, сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап беру. Интерактивті тақтадағы суреттерді еске түсіріп, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру.
3. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі (13 мин) 1. Глобус Жердің нақты үлгісі екендігіне оқушылардың көзін жеткізу. 2. Глобустан қажетті нүктелерді табу және өлшеу жұмыстарын жүргізу. Меридиандар, параллельдерді табу. 3. Жер шары бетіндегі географиялық объектілер карта бетіне бұрмаланусыз түспейтіндігі. Ендік, бойлықпен жұмыс істеуді, географиялық координаттарды анықтау жолдарын үйрету.   Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.
4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі  (10 мин) Төмендегі тапсырмаларды орындау: - Қазақстан Репсубликасы қандай жарты шарда және қай ендікте орналасқан? - Африка материгінің төрт шеткі нүктесін тауып, олардың 4 бағытта орналасуына көз жеткізу. Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында атласты, жарты шарлар картасын және дүниежүзінің физикалық картасын пайдаланады.
5. Сабақты қорытындылау кезеңі (7 мин) Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою: 1. Глобус дегеніміз не? 2. Глобустан картаға көшіру жолдары қандай? 3. Ендік, бойлықытң сызбасын тақтаға сызып көрсет. 4. Меридиан, параллель, экватор сызығын глобустан тауып көрсет. 5. Географиялық координаттарды білудің қандай маңызы бар? Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
6. Бағалау кезеңі (2 мин) Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды. Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
7. Үйге тапсырма беру кезеңі (1 мин) § 11-12 оқу. 29 суретті салып келу.Анықтамаларды жаттау. Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.

 

 

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________                                                                                                        

Сыныбы ]qer6 0]x : 6г,в       

Мерзімі:

Тақырыбы: Түрлі карталарда меридиандар мен параллельдердің бейнелену ерекшеліктері. «План және карта» бөлімін қайталау.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға алдыңғы сабақта алған географиялық координаттар, оларды анықтау, оның әдіс-тәсілдерін, анықтау жолдарын қарастырып, оны тәжірибе жүзінде қолдана алуды үйрету, білім беру.

Дамытушылық: Интербелсенді тақтамен, глобуспен жұмыс істеуді дамыту.

Тәрбиелік: География пәніне деген қызығушылықты ояту, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, глобус, дүниежүзінің физикалық картасы.

Сабақтың кезеңдері:

 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі

4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

6. Бағалау кезеңі

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

Сабақтың барысы

Сабақ-тың кезеңде-рі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. 
2. Үй тапс-ырмасын тексеру кезеңі. (10 мин) Үй жұмысы бойынша сұрақтар қою: 1. Географиялық координаттар дегеніміз не? 2. Географиялық ендік дегеніміз не? 3. Географиялық бойлық дегеніміз не? 4. Глобустан қашықтықты қалай өлшеуге болады? 5. Неге жер бетінен картаға еш бұрмаланусыз түсіруге болмайды? Мұғалімнің үйге берілген тапсырмаларына дайындалып, сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап беру. Интерактивті тақтадағы суреттерді еске түсіріп, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру.
3. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі (13 мин) Сонымен өткен сабақта біз географиялық координаттарды, оларды ендік және бойлық бойынша анықтауды үйрендік. Сонымен қатар глобустан меридиандар мен параллельдердің орналасу ретін, Гринвич меридианы туралы білдік. Бүгін біз өткен тақырыпты бекіту үшін географиялық координатты анықтайтын арнайы формулалармен танысамыз. Градус торы дегеніміз- меридиан мен параллель сызықтарының қиылысында пайда болған торды айтады. Картада географиялық координатты анықтайтын формула: Мысалы: нүкте 40º пен 45º солтүстік ендіктердің, 70º пен 75º шығыс бойлықтардың аралығында жатыр. Ендікті дәлірек анықтау үшін сызғыш пен екі параллельдің ара қашықтығын (АВ) және төменгі параллельден нүктеге дейінгі қашықтықты (АН) өлшейміз. Картада АВ 5º тең. АВ-5º                       АН-х                                              х= АН*5º/ АВ АН қашықтығының градус мөлшерін 40º-қа қосамыз. Егер картадан АН қашықтығын орнына ВН қашықтығын өлшесек, табылған шаманы 45º-тан алып тастар едік. Бәрібір нәтижесі бірдей. Бойлықтарды да осы әдіспен есептеп табамыз. Сызғышпен СД және СН қашықтықтарын өлшейміз: СД-5º СН-х               х= СН*5º/ СД Шыққан нүкте 70º қосамыз Н нүктенің бойлығы шығады.   Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.
4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі  (10 мин) Төмендегі тапсырмаларды орындау:
географиялық объектінің координатасы Географиялық объектінің аты
6º ш.б. 46º с.е. 72º ш.б. 48º с.е. 72º б.б. 32º о.е. 60º б.б. 66º о.е.  

 

Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында атласты, жарты шарлар картасын және дүниежүзінің физикалық картасын пайдаланады. Берілген координаттар арқылы географиялық объектіні табады.
5. Сабақты қорытындылау кезеңі (7 мин) Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою: - Географиялық координаттарды анықтаудың қандай тәсілдері бар? - Градус торы дегеніміз не? - Тақтадан ендік пен бойлықты сызып көрсет. - Гринвич меридианнын тап. Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
6. Бағалау кезеңі (2 мин) Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды. Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
7. Үйге тапсырма беру кезеңі (1 мин) § 13 оқу. Өздерің тұрған мемлекеттің, облысты, қаланың координатасын анықту. Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.

 

 

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________

Пәні: география

Сыныбы: 6г,в

Мерзімі:

 

Сабақтың тақырыбы: Жердің  құрылысы

 

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

1. Білімділік мақсаты- оқушыларға Жердің ішкі құрылысы жер қыртысы, мантия, ядро жайында білім беру;

2. Дамытушылық мақсаты - оқушылардың ойлау, сөйлеу, картамен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік мақсаты- оқушыларды табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру

 

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ

 

Сабақтың әдіс- тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап

 

Сабақтың көрнекілігі: дүние жүзі физикалық картасы

 

Сабақтың кезеңдері

  1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгендеу, сабаққа оқушылардың назарын аудару , сыныптың тазалығы.
  2. Үй тапсырмасын тексеру
  1. Жерді ғарыштан зерттеу қалай жүзеге асырылады?
  2. Ғарыштан Жерді зерттеу нәтижесінде құрлықтың көлемі көп пе әлде су ма?
  3. Ғарыштан мұхитты зерттеу жұмыстары қалай жүргізілуде?
  4. Климатты ғарыштан зерттеуге болады ма?

3. Жаңа сабақ

Жердің ішкі құрылысы

Жердің ішкі құрылысы туралы мәліметтер әлі жете зерттелмеген аса күрделі ғылыми мәселе болып табылады.

Жердің құрамы, құрылысы, қасиеттері жөніндегі мәліметтер — жер қыртысының үстіңгі қабаттарын тікелей бақылау, серпінді толқындардың таралу жылдамдығына негізделген сейсмикалық әдістер арқылы алынған жанама деректер. Осы деректерге байланысты Жер негізгі 3 геосферадан тұрады:

  1. жер қыртысы,
  2. мантия,
  3. ядро

 Жер қыртысы

Жер бетінен оның ядросының ортасына дейінгі орташа радиусы 6371 км. Зерттеу барысында жер қыртысының бар болғаны 15 км-ге дейінгі тереңдігі ғана бұрғыланып ( Кола түбегіндегі ұңғыма), оны құрайтын жыныстардың нақты үлгілері алынған. Жердің бұдан тереңде жатқан бөліктері, оны құрайтын жыныстардың құрамы мен қасиеттері жайлы түсшік, негізінен, жерсілкіну кезінде пайда болатын толқындардың қозғалу жылдамдығын, арнайы геофизикалық және сейсмикалық барлау нәтижелерін саралау мен талдау негізінде қалыптасады.

Жердің ең беткі жұқа қатты қабығы — жер қыртысы. Оның орташа қалыңдығы мұхиттар астында 5 — 10 км, материктерде 35 — 40 км, ал биік таулы аудандарда 70 км-ге дейін жетеді.

Жердің мантиясы

Жердің келесі қабаты — мантия ( гр. mantion—жамылғы). Ол жер қыртысынан жұқа Мохоровичич қабаты арқылы бөлініп жатыр, оны 1909 жылы югославиялық сейсмолог А. Мохоровичич анықтаған. Мантия жоғарғы (900 км-ге дейін) және төменгі (900—2900 км) мантияға бөлінеді. Мантия жер көлемінің 83%-ын, жалпы салмағының 67%-ын құрайды.

Жоғарғы мантияның 250—300 км тереңдігінде қаттылығы мен беріктігі төмендеу,тұтқыр қабат орналасқан,оны астеносфера деп атайды. Астеносфераны құрайтын жыныстар онша тығыз емес, тұтқыр әрі майысқақ болып келеді; сол себепті жер қыртысында болатын қозғалыстарды және магматизм мен метаморфизм құбылыстарын күшейтеді. Астеносферадан жоғары орналасқан жоғарғы мантия мен жер қыртысы литосфераны құрайды. Литосфера қабығы жекелеген литосфералық тақталар жиынтығынан құралады. Олар неміс геофизигі А. Вегенердің литосфералық тақталар теориясына сәйкес, үнемі қозғалыста болады; бұл қозғалыс астеносфераның тұтқыр бетінде сырғу нәтижесінде жүзеге асады.

Жердің ядросы

Мантиядан төмендегі, 2900-ден 6371 км аралығында орналасқан Жердің ішкі өзегін ядро деп атайды. Құрылымы жағынан ядро бірін-бірі көмкере орналасқан екі бөліктен тұрады. Күшті жерсілкінулер нәтижесінде Жердің ішкі өзегі арқылы өтетін сейсмикалық толқындардың таралу сипатын зерттеген америкалық геофизиктер Р. Кохе мен Л. Штихруде ішкі ядроның біртұтас қатты темір шар екендігі туралы болжам жасады. Электрөткізгіштігі жоғары болатын темір, температураның күрт айырмашылығы әсерінен сыртқы ядроны да жылдам айналымға түсіреді. Соның нәтижесінде құйынды магнит өрісі пайда болады. Бұл магниттік өріс Жер шары шеңберінен шығып, ғарыш кеңістігіне де таралады, тіпті Күннен келетін зарядталған бөлшектерді кері тебеді.

Құрамы мен қасиеттері түрліше болатын Жер қабаттарының жіктелуі — бастапқы "салқын" заттың ұзақ геологиялық уақыт аралығында біртіндеп күшті қызуы мен балқуы нәтижесінде жүрді. Яғни, неғұрлым ауыр элементтер (темір, никель және т.б.) төмен шөгіп, ядроны құрады, ал салыстырмалы түрде жеңіл элементтер (кремний, алюминий) қалқып шығып, жер қыртысын түзді. Балқу нәтижесінде бөлініп шыққан газдар мен су булары атмосфера мен гидросфераның негізін құрады.

4. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары

1. Жердің ішкі құрылысын ата

2. Жердің орташа радиусы қанша?

3. Жердің ең беткі қабаты не деп аталады?

4. Жер қыртысының қалыңдығы барлық жерде бірдей ме?

5. Вегенер қандай жаңалық енгізді?

6. Мантия мен жер қыртысын қандай қабат бөліп жатыр?

7. 2900 км-ден 6371 км- ге дейін қандай қабат орнадасқан?

8. Ядро қаншаға бөлінеді?

5.Рефлексия «Мен нені білдім» шағын ой толғау

6. Үй тапсырмасы

 § 15 оқу, жұмыс дәптерін толтыру

7.бағалау

 

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________

Пәні: география

Сыныбы: 6г,в

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы : Литосфералық тақталар туралы ұғым

Сабақтың мақсаты :

Дамытушылық :Литосфераның ылғи даму үрдісінде болғандығы жайлы дүние танымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып,картамен жұмыс дағдыларын,ойлау қабілеттерін арттыру.

Білімділік: Оқушыларға литосфералық тақталар жайлы ұғым беру.

Тәрбиелік: Дүние танымдық көзқарастарын қалыптастыру.

 

Әдіс тәсілдері :Сұрақ-жауап,түсіндіру,топпен жұмыс,өз бетімен жұмыс
Көрнекілігі:Глобус,оқулық,карта

Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың типі : аралас

 

Сабақтың барысы :
I-кезең.Ұйымдастыру
II –кезеңҮй тапсырмасын сұрау
1.Күн жүйесіне кіретін планеталардың пішіні қандай ?
2.Жерді пішіні қандай ?
3.Жер радиусының мөлшері қанша ?
I-ші топ: Атмосфера,гидросфера және биосфера неоіктен Жер қабықтары деп аталады ?
II –ші топ :Жердің өзі қандай қабаттардан тұрады ? (олар қандай күйде ?)

III –ші топ: :Жер құрылысының сызбасын сызу.

III-кезең :Жаңа тақырыпты түсіндіру
Жоспар
1.Жер қыртысы орасан зор тақталардан тұрады (ауызша баяндау)
2. Литосфералық тақталар (топпен жұмыс)
I-ші топ: Литосфералық тақталардың шекарасын анықтау.
II –ші топ : Литосфералық тақталар қозғалысы
Литосфералық тақталар -Жер литосферасының мейілінше ауқымды бөліктері. Литосфералық тақталар тектоникасы, немесе жаңа жаһандык тектоника деп аталатын геотектоникалық тұжырымдамаға сәйкес, жердің литосфералық қабаты он бес шамалы ірі-ірі дербес литосфералық тақталарға дараланған; бұл тақталардың әрқайсысы астеносфера бетімен көлбеу бағытта ұдайы жылжып отырады (континенттер ығуы, мұхит түбінің спредингі). Әрбір литосфералық тақта мүхиттық орталық жоталардың нақ орта тұсына сәйкес келетін мұхиттық рифтер түрінде көрініс беретін созылу аймағынан Беньофф-Заварицкий-Вадати белдемі деп аталатын сығымдалу белдеміне қарай жылжиды. Аталған белдем екі қозғалмалы тақтаның бір-бірімен соқтығысу аймағы болып табылады, бұл соқтығысу жұқа мұхиттық литосфераның біршама қалың континенттік литосфера астына қарай сұғынуы (субдукция) немесе екі континенттің соқтығысуы (коллизия) нәтижесінде туындайды. Литосфералық тақталардың созылу не бір-бірінен ажырау шекаралары "дивергенттік шекаралар" деп аталса, олардың соқтығысу аймақтары "конвергенттік шекара" деп аталады. Литосфералық тақталар тектоникасы тұжырымдамасына сәйкес, Жер шарындағы тектоникалык белсенділік (жерсілкінулер, жанартаулар әрекеті, жылу ағымдарының жоғары мөлшері, цунами толқындары және т.б.) тек қана осы литосфера шекараларына шоғырланған (бұл өңірлер. Жекелеген Л.т-лардың көлбеу бағытта жылжу жылдамдығы орта есеппен жылына 1—2 см-ден 10—12 см-ге дейін жететіндігі анықталған.

III-кезең : Тақталар қақтығысы әсерінен пайда болған мұхит орта жоталарын анықтау.

3.Кескін картаға литосфералық тақталар шекарасын бекіту.

 

IV –кезең.Бекіту.

1. Литосфералық тақталар деген не ?
2. Литосфералық тақталардың атын атаңдар .
3. Литосфералық тақталардың соқтығысы қандай аймақтарға сәйкес келеді ?
4. Материктік және мұхиттық тақталардаң соқтығысыуы калай өтеді ?
5. Анд таулары қандай тақталардың қақтығысыунан пайда болады ?

 

V-кезең Қорытынды

 

VI –ші кезең.Оқушыларды бағалау.

 

VII –ші кезең Үйге тапсырма беру:§16 оқу

 

 

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________

Пәні: география

Сыныбы: 6г,в

Мерзімі:

Тақырыбы: §40 Мұхиттар мен теңіздердің адам өміріндегі маңызы.Мұхиттар мен теңіздерді қорғау.

Сабақ мақсаты:

1.Білімдік:Оқушыларға мұхит жануарлары мен өсімдіктерінің алуан түрлілігі мен оларға тән қасиеттер,мұхит қорлары туралы мағлұматтар беру.

2.Дамытушылық: Физикалық және саяси-әкімшілік карталарын пайдалана отырып,тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,таным қабілеттерін дамыту.Жоспар арқылы білімді өздігінен игеруге бағыттау.

3.Тәрбиелік: Оқушыларға мұхит байлықтарын білуге және оны қорғауға бағыт беру.

Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ

Сабақ әдісі: сөз,сұрақ-жауап,ауызша,картамен жұмыс,кітаппен жұмыс, жеке жұмыс, қатармен жұмыс, кеспемен жұмыс;

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзі физикалық картасы, дүние жүзі саяси-әкімшілік картасы, мектеп атласы, кескін карта, кестелер;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезең. Топқа бөліну.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

« Географиялық диктант»

  1. Мұхит суының басты қасиеттері............
  2. Экватор маңында мұхит суының үстіңгі қабатының температурасы............
  3. Мұхит бетіндегі ең жоғары температура.............
  4. Бір литр судағы еріген заттардың граммен алынған мөлшері.....деп аталады.
  5. Дүниежүзілік мұхиттың орташа тұздылығы.....
  6. Қызыл теңіз суының тұздылығы........
  7. Судың орташа температурасы..................тең
  8. .........................тереңдікте судың тұрақты температурасы 2-3ºС-ты көрсетеді
  9. Тұщы су деп құрамында.......................
  10. Судың тұздылығын өлшеу бірлігі..................болып табылады
  11. Дүние жүзілік мұхиттың суында..................бар

 

ІІІ.Актуалдау:

-Қандай теңіз жануарлары мен өсімдіктерін білесіңдер?

ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  1. Мұхиттардың өсімдіктері мен жануарлар дүниесі және оларды пайдалану.

Жер бетіндегі адамзат тіршілігі теңіздермен,мұхиттармен тығыз байланысты.

Мұхит суында

 


Беткі қабатында терең қабатында   дене құрылысында ерекшелік

 жануарлар       балдырлар

150 мыңнан         10 мыңдай

астам

Флорасы мен фаунасының пайдаланылуы

Табиғат байлығының иайдаланылуы
Теңіз сүтқоректілері 119 түрі
Минералдар мен шикізаттар
Теңіз балдырлары

 

 


     Кит                                                                                     мұнай, газ                                           

     Итбалық                                  Жасыл                           ас тұзы

     Морж                                      Қоңыр                            темір кені 

     Кашалот                                 Қызыл                           магний

     Калан                                                                                 бром                        

     Сивуч                        Тамаққа пайдаланылады,       калий

    Теңіз мысығы            иод ,бояу алынады

                                                                                                Химиялық элементтер

Майы, еті,кит мұртынан

Сабын,глицерин,дәрі-дәрмек

 

2. Мұхит байлықтары.Мұхиттарды қорғау.

      

                           Мұхит қорлары

       Биологиялық қор (балықтар,сүтқоректілер,балдырлар).                                            

        Арзан көлік жолдары                                                       

        Демалу және денсаулық түзеу орындары                      

        Толқынның қуаты

        Мұхит суының толысуы мен қайтуының қуаты

       Минералдық қор

Су асты фермалары:

Ò Теңіз ұлулары

Ò Балдырлар

Ò Таңқы шаяндар

Судың ластануының негізгі көзі:

v Мұнай

v Ядролық жарылыстар

v Өндірістің радиоактивті қалдықтары

v Теңіз қатынасы

Мұхит ластануы, Дүниежүзілік мұхиттың ластануы – адамдардың әрекеті нәтижесінде мұхит суларындағы табиғи процестердің бұзылуы. Ластаушы заттардың өте көп мөлшерде жиналуы салдарынан жылдан-жылға мұхиттың өзін-өзі тазарту мүмкіншілігінің төмендеуі – онда тіршілік ететін организмдердің құрып кетуіне алып келеді. Мысалы, теңіз жұлдызының тым көбейіп кетуінен Австралия жағалауындағы Үлкен Барьерлі рифтің түбінде “тікенді шеңбер” қалыптасуда. Сондай-ақ Дүниежүзілік мұхиттың, әсіресе мұнай өнімдерімен ластануы әлемдік мұхит пен атмосфера арасындағы газ алмасу процесіне кері ықпал етеді. Бұл жағдай тірі организмдер мен адамның денсаулығына қауіп төндіреді.

 

Географиялық сөздік

Ø Пайдалануға жарамды өзен

Ø Көл

Ø Теңіз

Ø Мұхит

Ø Жасанды су айдыны

Ø Жер асты сулары

Ø Топырақтағы ылғал

Ø Тау және полюстік өңірдің мұздықтары

Ø Атмосферадағы су булары

Су ресурстарын қорғау – адамзаттың жер бетіндегі табиғи су қорларының жай-күйін жақсартуға,қалпына келтіруге және оларды сақтауға бағытталған қызметі.Дүние жүзі су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатуда.Мысалы,дүние жүзі мұхит суын мұнай қалдықтары,ауыр металдар,пестицидтер, т.б.улы заттар ластайды.Жыл сайын мұхит арқылы жүздеген млн тонна мұнай тасылып,апатқа ұшыраған танкерлерден 400 мың тонна мұнай шикізаты мен мазут төгіледі.

Мұхит суларында Д.Менделеев кестесінің 70-тен астам элементі еріген күйінде кездеседі; . Мұхит қойнауында әр түрлі қатты, сұйық, газ тәрізді минералды шикізат қорлары, мұнай мен газ, сирек металдар, қалайы, алтын, алмас шашылымдары, темір,марганец, сульфид, фосфорит және құрылыс материалдары алабы тараған. Мұнай мен газдың қоры 300 – 350 млрд. АҚШ жағалауы мен Мексика шығанағында, Солтүстік Парсы шығанағы және оңтүстік-Шығыс Азия, Баренц, Беринг теңіздерінің қайраңдары дүние жүзінің аса ірі мұнайлы-газды аудандары саналады. Мұхит мұнайын 40 шақты ел өндіріп, 40-тай ел барлау жұмыстарымен айналысуда. Теңіздегі элементтер (алтын, платина, алмас, касситерит, циркон, монацит, титан, ильменит, рутил, т.б.) жағалық қайраңда шөгінділердің толқындармен қарқынды шайылуынан қалыптасады. Индонезия, Таиланд, Малайзия жағалауларында қалайы, Аляска және Солтүстік АмериканыңТынықмұхиттық жағалауында алтын, оңтүстік-Батыс Африка (Намибия) жағалауында құрамында алмас бар шөгінділер, сирек металды шашылымдар Австралия, Үндістан, Бразилия жағалауында кездеседі. Дүние жүзінің көптеген елдерінің жағалауларында құрылыс материалдары – құм, қиыршықтас,маржанды әктас, моллюскалар, бақалшақтар өндіріледі.

Судың ластану көздері

Ластағыш заттар Ластану көздері Тигізетін зардаптары
Азот,фосфор,т.б. химиялық қосылыстар Топыраққа қажетті тыңайтқыштар,қышқыл жауындар,тұрмыстық ақаба сулар Түрлі аурулар,өнімнің төмендеуі,экожүйелердің бүлінуі,генетикалық қорлардың азаюы, т.б.
Пестицидтер, т.б.улы заттар Ақаба сулар,техникалық тұрмыстық сулар,химиялық заттар Улану,жүрек,қан тамырлары аурулары
Қоқыстар мен қалдық заттар Мұхит суына қоқыстардың тасталуы,су көлігі апаты Аурулар,азық-түлік сапасының бұзылуы
Ауыр металдар Өндіріс қалдықтары,ауадан зиянды заттардың түсуі,автокөліктер Фауна мен флораның сиреп,азаюы, аурулар
Радиоактивті қалдықтар Радионуклидтер, атом қаруларын сынау Қауіпті ісік аурулары

Дамыту: І топ «Мұхиттардың флорасы мен фаунасы» тапсырмалары:

Мектеп атласын пайдалана отырып, мұхиттардың флорасы мен фаунасын анықтау.Адамның оларды пайдалануы.Мұхиттың кез-келген бір жануарына сипаттама беру. Картадан ірі жануарлары мен өсімдіктері басым мұхиттарды көрсету.

ІІ топ «Мұхит байлықтары» тапсырмалары:

Мұхит байлықтарының шаруашылықта пайдалану жолдары.Мұхит байлықтарының біріне сипаттама беру.Картадан АҚШ жағалауы мен Мексика шығанағын, Солтүстік Парсы шығанағы және оңтүстік-Шығыс Азия, Баренц, Беринг,Индонезия, Таиланд, Малайзия жағалауларын,Аляска және Солтүстік Американың Тынықмұхиттық жағалауын,Оңтүстік-Батыс Африка (Намибия) жағалауын, Австралия, Үндістан, Бразилия жағалауын көрсету.

ІІІ топ «Мұхиттар экологиясы» тапсырмалары:

Мұхиттар мен теңіздердің жол қатынасы үшін маңызын ата.Порттар не үшін керек? Олар немен жабдықталынады? Мұхиттар мен теңіз жағалауында орналасқан елдерді және портты қалаларды анықтау, аса маңызды су жолдарын картадан көрсету.

V. Бекіту: І топ «Мұхиттардың флорасы мен фаунасы» тапсырмалары:

Қазақстандағы Каспий және Арал теңіздерінің флорасы мен фаунасын анықтау.

ІІ топ «Мұхит байлықтары» тапсырмалары:

Каспий және Арал теңіздерінің байлықтарына мысалдар келтіру және олардың игерілуі.

ІІІ топ «Мұхиттар экологиясы» тапсырмалары:

Каспий және Арал теңіздерінің экологиясы.Мұхит қорғау шараларын ата.Өздерің тұратын жердегі өзен-көлдерді ластанудан сақтау үшін қандай шаралар ұйымдастырылуда?

VI. Үйге тапсырма: §31.Мұхиттар мен теңіздердің маңызы.Мұхиттар мен теңіздерді қорғау.

Жак Ив Кустоның мұхитты зерттеулері туралы баяндама жазып келу.

VII. Бағалау

 

 

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________

Пәні: география

Сыныбы: 6г,в

Мерзімі:

Сабақ тақырыбы: Өзендер

Сабақтың мақсаты:

Дамытушылық: Оқушылардың өзен және оның бөліктері, өзендердің қоректенуі, шаруашылықта пайдаланы туралы түсінік беру.
Білімділік: Өзен бөліктерін, пайда болу заңдылығын, өзендердің суға молығуы мен су режимімен, кәсіптік маңызымен танысады.

Тәрбиелік: Топпен жұмыс жасау арқылы бір - бірінің идеясын толықтырады және өзара бірін - бірі бағалайды. Суды қорғауға, таза ұстауға, үнемдеуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: Баяндау, суреттеу, сұрақ – жауап.
Сабақтың көрнекілігі: дүние жүзінің физикалық картасы, электронды оқулық,
Ұйымдастыру формасы: жеке оқушымен жұмыс, топпен жұмыс

Сабақтың барысы
І. Қызығушылықты ояту.

Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау
1. Мұздықтар, жер асты суы туралы жауап алу
- Табиғатта су қандай күйде кездеседі?
- Мұздықтың өзен, көл немесе теңіз бетінде қатқан мұздан қандай айырмашылығы бар?
- Антарктида материгі мен Гренландия аралында мұздық не себепті теңіз деңгейіне дейін түседі?
- Жер асты суларының қандай түрлері бар?
- Біз тұратын жерде жер асты суы пайдаланыла ма? Қалай?
2. Бүгінгі сабақ тақырыбымен таныстыру. Дәптерге күннің жады мен сабақ тақырыбын жазу.
Оқушылар дәптерге өзенге байланысты сөздер жазу. Жазылған сөздерді топ бір мүшесі оқып шығады, топтастырылады.

ІІ. Жаңа сабақ

Өзен дегеніміз – табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су. Біздің ғаламшарымызда миллионнан астам өзендер бар болса, ал Қазақстанда 85 мың өзен бар.
Бастау - өзеннің басталар жерін айтады. Әдетте өзендер басын таулардан алып көл, теңіз, мұхиттарға құяды. Өзеннің басталар жерінен құяр жеріне дейінгі аралықты өзен алабы деп атайды.
Өзен аңғары - өзен алқабындағы, ұдайы ағып жатқан судың әсерінен төмен түскен жері.
Өзеннің жайылмасы - өзеннің толысып, тасу кезеңінде жағалауларын екі жағына да уақытша жиналатн сулы алап.
Саға - өзеннің теңізге немесе көлге, мұхитқа барып құятын жерін айтады.

Мысалы, Шу өзенін Ілияс Жансүгіров былай деп сипаттайды:
Шу әне, тауды тарпып, шыққан тулап,
Ойнақтап, ырғи, жосып таудан тулап.
Асқардың ақтарылған ағы емес пе,
Қарқ болған қырғыз-қазақ суын сулап.

Адамдар үшін өзендердің шаруашылықтағы маңызы өте зор. Ерте замандардағы өркениеттің өзі Ніл, Тигр, Евфрат, Ганг, Хуанхэ, Янцзы өзендері бойында дамығандығы тарихтан белгілі. Құлап аққан өзен суынан электр қуатын өндіреді. Өзен кемелері жолаушы мен жүк тасымалдайды. Өзен суын фабрикалар мен зауыттар көп пайдаланады.
«Ең ерекше»
Ніл – дүние жүзіндегі ең ұзын өзен. (6671 км). Африка материгінде орналасқан.
Амазонка – дүние жүзіндегі ең суы мол өзен.Оңтүстік Америкада орналасқан.
Конго – экватор сызығын екі рет кесіп өтетін өзен. Африкада орналасқан
Ертіс – Қазақстандағы ең ірі өзен.
- Өзен арнайы бойлап бір бағытта өтетін су ағыны;
- Өзен бастауы деп басталатын жері аталады;
- Оң жақтан құятын – оң сала деп аталады;
- Өзен деңгейі жыл ішінде өзгереді деп ойлаймын;
- Суайырық екі өзен алабын бір – бірінен бөлетін сызық;
- Өзендер таулардан басталуы мүмкін;
- Жер бедері өзен ағысына әсер етуі мүмкін;
- Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен – Ніл болуы ықтимал;
- Экватор сызығын Канго (Зайр) өзені екі рет кесіп өтеді;
- Өзен арнасын жартас кесе көлденең бөгеп жатса сарқырама пайда болуы мүмкін;
- Шоңғалдар мен сарқырамаларда айырмашылық жоқ;
- Анхель сарқырамасы 1054 м биіктіктен құлап ағады;
- Ежелгі мәдениет ошақтары өзен бойында қалыптасты.

ІII. Қорытынды.
Берілген кесте бойынша өзенге сипаттама беру, кескін картаға белгілеу.
І топ
Өзеннің аты ------ Қай материкте ----- Қайдан басталады?----- Қайда құяды?----- Ағысының сипаты
Ніл
Дунай
Іле
ІІ топ
Өзеннің аты ----- Қай материкте ----- Қайдан басталады?------- Қайда құяды?----- Ағысының сипаты
Амазонка
Енесей
Ертіс
ІІІ топ
Өзеннің аты ------ Қай материкте ------ Қайдан басталады?------ Қайда құяды?------ Ағысының сипаты
Конго
Объ
Жайық

IV. Үйге тапсырма
1. § 28 оқу.
2. Ірі өзендерді кескін картаға түсіру.
3. Жергілікті өзендерге қысқаша сипаттама беру

V. Бағалау.

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________

Пәні: география

Сыныбы: 6г,в

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Көлдер

 

Сабақтың мақсаты:
Дамытушылық: Жаңа мағлұматтарды беру арқылы географиялық ойлау қабілетін дамытуға, географиялық объектілерді картадан таба білу дағдысын дамытуға жағдай жасау;

Білімділік: Оқушыларға көл туралы түсінік, оның маңызы мен түрлері жөнінде білім беру.Оқушылардың көл туралы және оның пайда болуы жайлы түсінік беру;
Тәрбиелік: Жер бетіндегі суларды, соның ішінде көлдерді қорғауға және өз Отанына деген, оның табиғатына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Көрнекілігі: Дүние жүзінің және Қазақстанның физикалық картасы, атлас және кескін карталар.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Географиялық диктант
А. Сөйлемді аяқта:
1) Өзеннің құяр жері оның...
2) Аңғардың өзен тасығанда су басатын бөлігі...
3) Негізгі өзенге жолда қосылатын өзендер...
4) Өзен барлық салаларымен бірігіп... құрайды.
5) Өзенге және оның салаларына су ағып келетін жердің бәрі...

Ә. Географиялық шынжыр:
6) 1054
7) 120
Б. Бұл не?
8) Су тасуы –
9) Тасқын –
10) Өзеннің режимі

Өзара тексеру. Жауаптары
1. Саға;
2. Жайылма;
3. Сала;
4. өзен жүйесі;
5. Өзен алабы;
6. Анхель сарқырамасы;
7. Виктория сарқырамасы;
8. Жыл сайын белгілі бір маусымда қайталанып отыратын өзендегі су мөлшерінің едәуір көбеюі;
9. Өзендегі су деңгейінің кенет көтерілуі;
10. Өзен суы мөлшерінің жыл ішінде өзгеру ерекшелігі.

ІІІ. Жаңа сабақ:
«Қызығушылықты ояту»
Армысың сәлем бердім ана Балқаш.
Өзіңсің нәр сыйлаған санаға алғаш.
Суың бал, пана болған барша жанға,
Толқындап жатырсың ба дара Балқаш. (С. Сұлтанғазин)
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

Көл (түркі тілді басқа халықтарда кель, гель, куль)тікелей теңізбен қосылмаған құрлықтар өңіріндегі суға толы дербес ойыстар. Ауқымды кеңістікті қамтитын, суы ащы көл түрлері теңіз деп аталып жүр (Каспий, Арал теңіздері). [1] Жер шарындағы көлдердің жалпы ауданы 2,1 млн. км2 (құрлық ауданының шамамен 1,4%-ы). Ондағы жинақталған судың көлемі 176 мың км3, оның 52%-ы тұщы су, 48%-ы ащы су. Көлде эндемик түрлер, кейде реликт түрлер тіршілік етеді. Жер шарының ең ірі көлі – Каспий теңізі, ең терең көлі – Байкал. Қазақстанда Каспий мен Аралды қоспағанда, 48262 көл бар, олардың жалпы ауданы 45032 км2 .

Көл ойыстарының қалыптасуына қарай: бөгелген, ойысты және аралас болып жіктеледі.

· Бөгелген көл өзен аңғарын тау көшкіндері, сырғымалары, мұздықтар және т.б. басып қалған жағдайда пайда болады. Бөгелген көлге бөгендер мен әуіттер де жатады.

· Ойысты көлдің мореналық, тектоникалық, жанартаулық, эолдық және карстық деп аталатын түрлері бар. Көлдер ағынды көл (ағатын өзендері бар) және тұйық көл болып ажыратылады.

Режіміне қарай:

· Ағынды – өзен ағып шығатын көлдер

· Ағынсыз – өзендер келіп құйғанымен, ағып шықпайды

Өзендермен салыстырғанда көлдердің суы едәуір ащы болады. Ағынды көлдердің суы, негізінен тұщы болады, ал ағынсыз тұйық көлдер көбінесе ащы келеді. Тіпті бір көлдің өзінің жеке бөліктерінің суы тұздылығы жөнінен айырмашылық жасауы мүмкін. Мысалы, Балқаш көлінің батыс бөлігіне қарағанда 5 есе көп, сондықтан батысы түщы болады.

Қазақстанның кең-байтақ аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көлдер және 3 мыңға жуық бөгендер бар. Климат жағдайына байланысты көлдердің көбі Қазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан. Олардың ішінде Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Жайсан, Алакөл сияқты ірі көлдерден басқа, көбі (94%) көлемі бір шаршы километрден кем шағын көлдер. Көлдердің барлығы дерлік тұйық көлдер. Олардың деңгейі ауық-ауық өзгеріп отырады. Көбінің суы тұзды, сондықтан тұнба тұзды болады, олардан тұз өндіріледі. Қазақстанда ауданы 100 шаршы километрден астам 22 көл бар. Олар республикадағы көлдердің бүкіл ауданының 60%-ын алып жатыр.

Көлдің теңізден айырмашылығы мұхиттың бөлігі болып табылмайды, ал өзеннен айырмашылығы суы арна арқылы ақпайды.Жер шарындағы ең ірі көл – Каспий. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай 1000 км қашықтыққа созылып жатыр. Каспийдің ең терең жері 1025м.

Дүние жүзіндегі ең терең көл – Байкал. Оның ең терең жері 1620 м.

 

IV. Бекіту: «Ой қозғау»: Балалар көлді кім көрді? Ендеше көзімізді бір сәтке жұмып көлді көз алдымызға елестетейік. Енді көзімізді ашып көргенімізді айтайық. Сонымен көл дегеніміз не?
Біздің елімізге қай бөлігі кіреді? Каспий туралы не білесіңдер?
«Мағынаны ажырату». Топпен жұмысқа арналған тапсырмалар.
№1 тапсырма. Мәтінде аталған көлдерді картадан табу.
№2 тапсырма. Жоспар бойынша қалаған бір көлге сипаттама беру және оны қорғау.
Оқулықпен жұмыс. №3 тапсырма. Мәтіннен ағынды көл, ағынсыз көл, тұнба көл анықтамасын тауып, мысалдар келтіру.
Кескін картамен жұмыс. №4 тапсырма. Мәтінде аталған көлдерді кескін картаға түсіру.

V. Үйге тапсырма.
Өтілген тақырыпты оқу. Әлемнің таңғажайып көлдері туралы хабарлама дайындау.
VI .Бағалау.

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________

Пәні: география

Сыныбы: 6г,в

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Практикалық сабақ №4

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өзен және оның бөліктері, өзендердің қоректенуі, шаруашылықта пайдаланы туралы түсінік беру.
Күтілетін нәтиже:
1. Өзен бөліктерін, пайда болу заңдылығын біледі;
2. Сарқырама мен шоңғалды ажырата біледі
3. Өзендердің суға молығуы мен су режимімен, кәсіптік маңызымен танысады.
4. Өзендерді картадан көрсете алады және кескін картамен жұмыс жасауға дағдыланады.
5. Топпен жұмыс жасау арқылы бір - бірінің идеясын толықтырады және өзара бірін - бірі бағалайды.
6. Суды қорғауға, таза ұстауға, үнемдеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактивті тақта, электронды оқулық,

 

Ұйымдастыру формасы: жеке оқушымен жұмыс, топпен жұмыс

Сабақтың барысы
І. Қызығушылықты ояту.
Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау
1. Мұздықтар, жер асты суы туралы жауап алу
- Табиғатта су қандай күйде кездеседі?
- Мұздықтың өзен, көл немесе теңіз бетінде қатқан мұздан қандай айырмашылығы бар?
- Антарктида материгі мен Гренландия аралында мұздық не себепті теңіз деңгейіне дейін түседі?
- Жер асты суларының қандай түрлері бар?
- Біз тұратын жерде жер асты суы пайдаланыла ма? Қалай?
2. Бүгінгі сабақ тақырыбымен таныстыру. Дәптерге күннің жады мен сабақ тақырыбын жазу.
Оқушылар дәптерге өзенге байланысты сөздер жазу. Жазылған сөздерді топ бір мүшесі оқып шығады, топтастырылады.

ІІ. Мағынаны тану
1. Өзен құрылысымен танысу.
2. Өзендерді картадан көрсету.
3 Өзендердің пайда болу заңдылықтарын, суға молығуын, қоректену режимін зерттеу.
5. Жергілікті жер өзендеріне қысқаша сипаттама беру.
Арнайы бойлап бір бағытта өтетін су ағыны өзен деп аталады.
Өзен және оның салалары өзен жүйесіне бірігеді
Өзендер жазықтық және тау өзендері болып бөлінеді.

Түрлі сулардың келіп қосылуын өзеннің суға молығуы дейді.
Өзен деңгейінің жыл ішіндегі өзгерісі өзеннің су режимі деп аталады.
Жыл сайын су деңгейінің біршама уақыт көтерілуі тасу деп аталады.
Өзен суының күптеген жерден кенет және қысқа мерзімде көтерілуі тасқын деп аталады.

1. Оқулықтағы тақырыпты пайдалана отырып көрсетілген 4 сұраққа жауап беру.
2. Берілген тапсырмалар бойынша плакаттарға орындалады..
3. Әр топ бастапқы өз сұрақтары бойынша тапсырмаларын қорғайды.
4. Өз тапсырмасын қорғаған әр топтан кейін барлық оқушыға тапсырма үлгілері беріледі, оқушылар соның ішінен айтылмағандарын табады, сәйкестендіреді, сәйкес келмейтінін анықтайды және картадан көрсетеді
Тапсырма үлгілері:
- Өзен арнайы бойлап бір бағытта өтетін су ағыны;
- Өзен бастауы деп басталатын жері аталады;
- Оң жақтан құятын – оң сала деп аталады;
- Өзен деңгейі жыл ішінде өзгереді деп ойлаймын;
- Суайырық екі өзен алабын бір – бірінен бөлетін сызық;
- Өзендер таулардан басталуы мүмкін;
- Жер бедері өзен ағысына әсер етуі мүмкін;
- Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен – Ніл болуы ықтимал;
- Экватор сызығын Канго (Зайр) өзені екі рет кесіп өтеді;
- Өзен арнасын жартас кесе көлденең бөгеп жатса сарқырама пайда болуы мүмкін;
- Шоңғалдар мен сарқырамаларда айырмашылық жоқ;
- Анхель сарқырамасы 1054 м биіктіктен құлап ағады;
- Ежелгі мәдениет ошақтары өзен бойында қалыптасты.

ІІІ. Қорытынды.
Берілген кесте бойынша өзенге сипаттама беру, кескін картаға белгілеу.
І топ
Өзеннің аты ------ Қай материкте ----- Қайдан басталады?----- Қайда құяды?----- Ағысының сипаты
Ніл
Дунай
Іле
ІІ топ
Өзеннің аты ----- Қай материкте ----- Қайдан басталады?------- Қайда құяды?----- Ағысының сипаты
Амазонка
Енесей
Ертіс
ІІІ топ
Өзеннің аты ------ Қай материкте ------ Қайдан басталады?------ Қайда құяды?------ Ағысының сипаты
Конго
Объ
Жайық

ІҮ. Бағалау. Топ жетекшісіне берілген кесте арқылы оқушылар өздерінің сабаққа қатысымына байланысты бағалап шығады.
Ү. Үйге тапсырма: Қайталау

 

 

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________

Пәні: география

Сыныбы: 6г,в

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Жер қыртысын түзетін тау жыныстары.

 

Сабақтың мақсаты:
Дамытушылық: Жаңа мағлұматтарды беру арқылы географиялық ойлау қабілетін дамытуға, географиялық заңдылықтармен таныстыру арқылы дамытуға жағдай жасау;

Білімділік: Оқушыларға жер қыртысы,тау жыныстары  туралы түсінік, оның маңызы мен түрлері жөнінде білім беру.Оқушылардың тау жыныстарының  пайда болуы жайлы түсінік беру;
Тәрбиелік: Жер қыртысының күштері туралы түсінік беру арқылы қызығушылығын ояту.  Отанына деген, оның табиғатына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: Дүние жүзінің картасы, атлас және кескін карталар.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ – жауап.

 1. Литосфералық тақталар деген не ?
2. Литосфералық тақталардың атын атаңдар .
3. Литосфералық тақталардың соқтығысы қандай аймақтарға сәйкес келеді ?
4. Материктік және мұхиттық тақталардаң соқтығысыуы калай өтеді ?
5. Анд таулары қандай тақталардың қақтығысыунан пайда болады ?

ІІІ. Жаңа сабақ

Жер қыртысын құраушы минералдық бір тектес заттарды тау жынысы деп атайды. Жердің сыртқы қыртыс қабаттары көбінесе қатты тастардан тұрады. Сол себепті тау жыныстарын анайы түсінікпен атағанда тастар деуге болады. Тастардың жер бетіне шыққан айқын күрделі түрлері тауларда кездеседі. Тау жыныстары деген сөздің өзі сол тастардың тауда кездесу түсінігінен шыққан. Олай болса тау жыныстарының орнына тастaр деген түсініктің өзін алуға да болар еді. Расында петрография деген сөздің өзі де сонан шыққан болатын (грекшепетро — тас деген сез). Бірақ ерте кезде осылай алынғанымен қазіргі түсінікке ол дәл келе қоймайды. Өйткені жер кабаттарын құраушы минералдық бір тектес зат қатарына, яғни тау жынысы қатарына су, мұнай, көмір, топырақ, сияқты заттар да жатады. Бірақ бұларды тас деуге болмайды. Сондықтан тау жынысы деген түсініктің тастан көрі мағынасы кеңірек. Сонымен, петрография тау жыныстарын зерттеуші ғылым.

Тау жыныстарының шығу тегіне жалпы шолу жасап көрейік. Жердің үстіңгі қабатындағы тас қабықты құраған тау жыныстары алғашқыда балқыған тұтқыр заттан қатайып пайда болған. Демек, ол тау жыныстарын құраған минералдар мен кристалдар да алғашқыда сол балқыған заттан пайда болған. Онан кейінгі замандарда, жердің қатты тас қабығы құрыла бастасымен ондай тау жыныстары, күннің шағу, желдің қағу, судың шаю әсерінен бұзылып, бөлшектерге жіктеліп, ажырап үгітіле бастаған.

Тау жыныстарының үгітіліп ұсақталған түйіршіктері суға еріп, химиялық әр түрлі қосындыларға айналып, тұнып, тығыздалып, бірігіп, басқа түрлі минералдарға және тау жыныстарына айналған. Мұнан кейін олар екінші рет қайта өзгеріп, тағы басқа тау жыныстарының түріне айналған. Жердің жүздеген миллиондаған ұзақ тарихы бойында осы әрекет көп қайталанып отырған. Сонымен қатар бертін келе-келе тау жыныстары мен минералдардың бұзылып өзгеруіне және жиналып құралуына тіршілік дүниесі де көп әсерін тигізген. Жердің тереңдегі ішкі ыстық қабаттарынан балқыған заттар қосындысы да (магма) анда-санда жер бетіне көтеріліп шығуын тоқтатқан жоқ . Олардың қатаюынан жаңа тау жыныстары пайда болады. Бұрын және жаңадан пайда болған тау жыныстары қайта өзгеріп, басқа минералдар мен тау жыныстарының түріне айналып отырады. Осы ретпен жер қыртысында пайда болған тау жыныстары мен минералдардың түрлері өте көп. Олардың бірсыпырасы адам баласының керегіне жұмсалады. Ондай минералдарды пайдалы қазындылар дейді немесе кен минералдары, кен тасы немесе руда дейді. Пайдалы қазындылардың жер қойнауынан шығатын орнын кен дейді. Жердің кен қазынасы таусылмас мол. Барлық асыл заттар, өнеркәсіпорындарының барлық керегі сол қазынадан табылады. «Асыл тастан шығады» дейтін халық мәтелі рас. Сол тастан шығатын асылды алмақ болып қарманудың арқасында адам баласы зор табыстарға жетті. Неше түрлі минералдар мен тау жыныстарының сырын ашып, түрлерін тапты. Қазіргі белгілі минералдардың түрі 3000 шамасында. Тау жыныстарының түрлері де1000-ға қаралас. Бұлардың барлығын тізіп көрсетіп, жаттап алу мүмкін емес. Табиғаттың бүл сияқ ты көп түрлі заттарын тануда ғылымның тауып алған жеңіл әдісі бар. Ол әдіс — осы заттарды өзінің жаратылысына қарай белгілі топтарға бөлу, солардың әрқайсысына тән белгі қасиеттерін білу және әрқайсысының белгілі бір өкілдерін тани білу. Ботаника, зоологияғылымдарында, мысалы, өсімдіктер мен жануарларды топтарға, руларға, тұқымдарға, түрлерге бөледі, мұны систематика әдісі дейді. Сол сияқты минералдар мен тау жыныстарын да таптарға, топтарға, түрлерге бөледі. Сондай бөлінудің арқасында оларды тану, түсіну оңай болады. Тау жыныстарының негізгі топтарына тоқталайық.

Жер қабаттарын құрайтын барлық тау жыныстары үлкен үш түрлі топқа бөлінеді:

1. магмалық тaужыныстaры,

2. шөгінді тау жыныстары

3. метаморфтық тау жыныстaры.

Жер астынан балқып шыққан тас заттардан, яғни магмадан қатайып пайда болған тау жыныстарын магмалық деп атайды. Мысалы, бұған жоғарыда айтылған гранит т. б. жатады. Тау жыныстарының ұсақ кесек, қиыршық құмдарынан, саздарынан, судағы химиялық ерітінділер тұнбасынан, жануарлар мен өсімдіктер қалдығынан құралған тау жыныстарын шөгінді (тұнба) тау жыныстары дейді. Бұлай аталу себебі осы айтылған ұсақ кесектер мен қиыршық құмдар сумен ағып келіп, желмен ұшып келіп, өздерінің салмақтарына қарай тұнады. Мысалы, кұм, құмтас, тұздар, саздар, т. б. Метаморфоза — өзгеру деген сез. Тау жынысы өзгеріп, бір түрден екінші түрге айналса, оны метаморфтық тау жынысы дейді. Мысалы, бор(элемент емес) жер астының қысым күшіне және ыстық температурасына ұшыраса, ол тығыздалып кристалды ізбестасқа немесе мраморға айналады. Мрамор метаморфтық жыныс. Бұл айтылған үш түрлі тау жыныстарының ішінен ең көп кездесетіні қайсысы деген сұраққ а екі түрлі жауап беруге болады. Жердің ең үстіңгі қыртысын алатын болсақ , онда шөгінді тау жыныстары басымырақ : мұнда 75% шөгінді жыныстар, қалған 25% магмалық және метаморфтық жыныстар. Егерде жердің 16 километрлік қалың қабатын алатын болсақ , ондағы басым көпшілігі магмалық тау жыныстары, яғни онда магмалық тау жынысы 95% шамасында, қалған 5% шөгінді және магмалық тау жыныстары. Жердің онан арғы терең қабаттарындағы жыныстардың барлығы дерлік магмалық жыныстар. Тау жыныстарын зерттеуші петрография ғылымының негізгі маңызы мен мақсатына және зерттеу әдісіне келетін болсақ , ол мынадай. Петрография ғылымы — тау жыныстарының минералдық және химиялық (элементтік) кұрамын, құрылысын, жаратылысын, сырт бейнесін, геологиялық және географиялық таралуын, өз ара қарым-қатыстарын, осыларға байланысты кен байлықтарын зерттеуші ғылым. Демек, бұл аса күрделі және пайдалы ғылым. Осы аталған мақсаттарына қарай петрографияның өзіне тән әдістері бар. Осы әдістердің бірсыпырасы жоғарыда айтылған минералдарды зерттеу әдістерімен бірдей немесе соларға ұқсас. Өйткені петрография зерттейтін тау жыныстары минералдардан тұрады ғой. Сонымен қатар петрографияның өзгешелік әдістері де бар. Солардың ішінде, әсіресе, көбірек тарағаны — оптикалық (микроскоптық ) , минералдық , эксперименттік және геологиялық әдістер. Оптикалық әдіс минералогия бөлімінде айтылған минералдық әдістер арқылы тау жыныстарының құрамы мен құрылысын ажыратады. Қандай заттың болса да құрамы мен құрылысы оның жаратылыс жағдайына байланысты, сондықтан тау жыныстарының да жаратылысын білуге болады. Эксперимент жасағанда тау жыныстарын кептіру, қыздыру, еріту, балқыту, ұсату-жаншу сияқты әр түрлі термодинамикалық , физикалық және химиялық әдістер қолданылады. Бұл әдістердің арқасында, бірінші жағынан, тау жыныстарының қандай жағдайларда құрылғандығы айқындалса, екінші жағынан, оларды қалай пайдалануға болатындығы көрсетіледі, үшінші жағынан, техникалық петрография әдістеріне жол ашылады. Техникалық петрография ғылымның жаңа тарауы.

IV . Қорытынды

1. Жер қыртысы дегеніміз не?

2. Тау жыныстары нешеге бөлінеді?

3. Тау жыныстарын зерттеуші ғылым?

 

V.Үйге тапсырма:§17 оқу

VI. Бағалау.

 

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________

Пәні: география

Сыныбы: 6г,в

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Мұздықтар және олардың маңызы

Мақсаты:

Білімділік: Гидросфера жайлы алған білімдерін тереңдету және кеңейту, «мұздықтар», «қар жиегі», «тау мұздықтары»,«жабынды мұздықтар» ұғымдарын қалыптастыру, Олардың пайда болуы және маңызын анықтау.

Дамытушылық: Құзреттілікке бағытталған және қызығушылығын арттыруға арналған өздік жұмыстарын орындау барысында танымдылық қажеттілігін туғызу және логикалық ойлау дағдысын қалыптастыру;

Тәрбиелік: Экологиялық сананы қалыптастыру, өз жеріміздің суларына жауапкершілікпен қатынас жасау, адамгершілік сезімдері мен қасиеттерін ояту жолдарын қарастыру.

Сабақты жабдықтау: Жарты шарлардың физикалық картасы, интербелсенді тақта, кестелер, сызбалар.

Сабақ типі: аралас

І. Ұйымдастыру формасы: жұппен, жекелей

Сабақ барысы:

ІІ. Үй тапсырмасы:

Гипотезалық сұрақ: Дүниежүзінің көп бөлігін неге су алып жатыр? / оқушылар ойы /

Диаграмманы көрсету арқылы гидросфераның бөліктеріне сипаттама жасау

Гидросфера деген не?

Диаграмманы сипаттау арқылы, Гидросфераны құрайтын компоненттерді атаңдар.

Интербелсенді тақтада ғаламшарларды көрсету.

- Бұл ғаламшарларда су қандай күйде кездеседі?

Қорытынды: Бұдан судың үш күйде болатындығын білдік, яғни қатты, сұйық, газ.

Проблемалық сұрақ:

- Мұздықтар қайда болады, неліктен, қандай заңдылыққа байланысты?

- Оларды қандай мұздықтар дейміз?

- Гренландия қандай арал, неге оның бетін мұз басып жатыр?

- Таулардағы және құрлықтағы мұздықтарда айырмашылық бар ма?

- Сонымен алдымызға қандай мақсат қоямыз?

 

ІІІ. Жаңа сабақ

Мұздық— ұзақ уақыттар бойына сақталатын ұдайы қозғалыстарда болатын негізінен жауын-шашындар, әсіресе қар есебінен қалыптасатын ірі мөлшерлі кристалды мұз шоғыры; таулы өлкелерде, қарлы деңгейден жоғары аймақтарда қалыптасқан М. өз салмағымен төмен қарай жылжи отырып, қарлы деңгейден төмен аймақтарда абляцияға ұшырайды.[1] Мұздық - ауқымды су қоймасы. Достастықтағы мұздықтардың мұз массасының өзi 7 мың текше шақырым су құрайды екен. Бұл бұрынғы Кеңес Одағы территориясының өн бойын шарлаған өзендердiң төрт жылғы ағын суы. Ал осы мұздықтар ерiген күнде Әлемдiк мұхит атаулы 5 сантиметрге көтерiледi.

Мұздықтар - ғажайып тiршiлiк, мәселен, бiр қарағанда мұздықтар жылжиды дегенге сену қиын-ақ. Соның әсерi ме, ұзақ жылдар бойына бұл жағдайға онша мән берiлмей келедi.

Тұйықсу ғылымда 1902 жылдан белгiлi. Оның пiшiн-болмысы жайында алғаш хабарлаған С. Дмитриев едi. Жазды күнгi қысқа мерзiмдi сапары дәйектi зерттеуге мүмкiндiк бермейдi. Көрген-бiлгенi нәтижесiнде анықтағандарын жалпылама түсiндiредi. Ал, ғылымға керегi мәлiметке толы нақты деректер. Сол себептi де барлық жайт белгiсiз қалпында қала бердi.Кейiннен екiншi рет Тұйықсуға өзге бiр өлкетанушы В.Городецкийдiң жолы түседi. Осы сапардың қорытындысында ол Тұйықсу мұздығының жай-жапсары жөнiнде хабарламалық мақала жазды.Араға алты жыл салып, 1922-1923 жылдары Тұйықсу Н.Пальговтың назарын аударды. Сонан соң барып 13 жыл мерзiм өткенде мұздық құпиясына қызыққан қазақ гидрометеорологиялық қызмет басқармасының мамандары болды.Тұйықсу мұздығына жүргiзген көптеген бақылау нәтижесi ауа райына байланысты маңызды деген сауалдарға жауап алуға мүмкiндiк бердi. Сонымен қатар оның өткенiне барлау жасап, өзгеге тосын жұмбақ жайттардың сырына қаныға түсуге жетеледi. Бұның бәрiне бағыт сiлтегендей болған Алматының ауа райын 1879 жылдан бақылауға алынғандығын айғақтайтын деректер едi.

Термин сөздер:

Гидрология - табиғи суларды және оларда болатын құбылыстар мен үрдістерді зерттейтін ғылым.

Мұхиттану- мұхитты және мұхит бөліктерін зерттейді

құрлық гидрологиясы – құрлықтағы гидросфера бөліктерін көреді.

глетчер- таудағы мұздықтардың швейцарлықтарша атауы

нунатак –Антарктидадағы мұз бетінен көтеріліп шығып тұрған ең биік шыңдар.

трог - «астау» мұздықтың әрекетінен өңделген, кеңейтілген түзетілген таулық эрозиялық аңғар.

 

ІV. Қорытынды.

1. Географиялық диктант.

Су - жер бетінде кең таралған зат. Ол түрлі сұйық , газ, қатты күйде болады. Судың қатты күйдегі бөлігін мұздықтар дейді. Мұздықтар тау және жабынды болып екіге бөлінеді. Қазақстандағы ең ірі тау мұздығы Іле Алатауындағы Корженевскии мұздығы, оның биіктігі 12 км. Таудағы қардың жыл бойы ерімейтін биіктігін белгілейтін шартты сызықты қар жиегі деп атаймыз.

2. Жабық тест

1. Табиғи суларды және оларда болатын құбылыстар мен үрдістерді зерттейтін ғылым:

2. Гидрология бөлінеді:

3. Айсберг –

4. Антарктидадағы мұз бетінен көтеріліп шығып тұрған ең биік шыңдар:

5. таудағы мұздықтардың швейцарлықтарша атауы:

6. «астау» мұздықтың әрекетінен өңделген, кеңейтілген түзетілген таулық эрозиялық аңғар:

7. Корженевский –

V. Үй тапсырмасы: §44 оқу. Дүние жүзі бойынша мұздықтарды тауып, жазып келу.

VI.Бағалау

 

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________

Пәні: география

Сыныбы: 6г,в

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Мұздықтар және олардың маңызы

Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық қысым

Сабақтың мақсаты:
а)Білімділік мақсаты:
Атмосфералық қысымның пайда болу себебін, атмосфералық қысымның ашылу тарихын, Торричелли тәжірибесінің мәнін түсіндіру, оны өлшейтін құралмен таныстыру.
ә)Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды танымдық және практикалық іс-әрекетте дұрыс әдіс-тәсіл жасауға үйрету. Еңбекке ынталылыққа және қиындықтарды жеңуде ұқыптылыққа , табандылыққа, үйрету.
б) Дамытушылық мақсаты: Физикалық теориялардың, олардың элементтерінің, ұғымдардың модельдерін, заңдарын қолдану, шекаралары туралы білімді қалыптастыру. Эксперименттер жүргізуге икемдерін дамыту.

 

Сабақтың өту барысы: Ұйымдастыру

Үй тапсырмасы.

1.Ауаның жер бетінен жылынуы?

2. Температураның тәуліктік амплитудасы дегеніміз не?

3. Орташа жылдық амплитудасы дегеніміз не?

4.Ауаның температурасын немен өлшейді?

 

Жаңа сабақ

Атмосфералық қысымды қалай өлшеу керектігін ең алағаш итальян ғалымыЭ. Торричелли ойлап тапты. Оның ұсынған тәжірибесін 1643 ж. Г. Галилейдің шәкірті В. Вивиани жүзеге асырды. Бұл тәжірибеде бір ұшы бекітілген ұзындығы 1м-ге жуық шыны түтік қолданылды. Оны сынаппен толтырып саусақпен жауып, (сынап төгілмеу үшін) төңкеріп сынабы бар ыдысқа саламыз. Түтіктен саусақты алсақ, біраз сынап бөлігі ағып, жоғары жағында ауасыз кеңістік — “торичелли бостығы” пайда болады. Мұндағы сынап бағанының биіктігі (ыдыстағы сынап деңгейі) 760 мм еді. Егер бұл қысымдар тең болмаса, сынап тепе-теңдікте болмас еді. pсынап>pатмболғанда сынап түтікшеден табаққа төгілер еді, ал pатм>pсынап болғанда түтікше бойымен жоғары көтеріледі.Сондықтан ауа қысымын сынап бағанының сәйкес биіктігімен (әдетте мм арқылы берілген) өлшеуге болады. Мысалы, егер қандай да бір Жерде атмосфералық қысымы 760 мм сын. бағ тең десе, онда бұл жердің ауа қысымы биіктігі 760 мм вертикаль сынап бағаны түсіретін қысымына сәйкес келеді. Сынап бағанының биіктігі үлкен болса атмосфералық қысым үлкен, ал биіктігі аз болса қысым да аз болады.Егер, Торричелли тәжірибесіндегі сынабы бар түтікшеге вертикаль шкала бекітсек атмосфералық қысымды өлшеу құралы — сынап барометрі(грек сөзі “барос” — ауырлық) пайда болады. 1648 ж. Паскальдың тапсырмасымен, Ф. Перье Пюи-де-Дом тауының етегі мен төбесіндегі барометрдің сынап бағанының биіктігін өлшеп, Паскальдің атмосфералық қысым биіктікке байланысты деген болжамын дәлелдеді: тау төбесіндегі сынап бағаны84,4 мм аз болып шықты. Жер бетінен биіктеген сайын атмосфералық қысымның азаятынына ешқандай күмән қалмас үшін Паскаль тағы да бірнеше тәжірибелерін, бұл жолы Парижде, Нотр-Дам соборының етегі мен төбесінде, Сен-Жак мұнарасында, сондай-ақ 90 баспалдақты биік үйде жасады. Өзінің нәтижелерін ол “сұйықтардың тепе-теңдігінің ұлы тәжірибесі туралы” еңбегінде жариялады.

Барометр-анероид

ХІХ ғасырдың ортасына дейін атмосфералық қысымды өлшеу үшін Э. Торричелли ойлап тапқан сұйық барометрлер (негізінен сынапты) қолданылды. 1844 ж. Л. Види жаңа сұйықсыз барометр жасап шығарды, олбарометр-анероид деп аталды (“анерос” — грек сөзі — сұйықсыз). Сынапты барометрлермен салыстырғанда барометр-анероидтар аса берік, сенімді емес, өйткені ондағы серіппе мен мембранасы уақыт өтуімен өзінің серпімділігін өзгертеді. Дегенмен, ол әрі портативті және сұйығы жоқ, қолдануға ыңғайлы болғандықтан іс жүзінде жиі пайдаланады. Барометрлер метерологиялық зерттеулерде ең қажетті құралдар болып саналады, өйткені атмосфралық қысымды білу, жақын күндердегі ауа райын болжауға қажет.

 

1-деңгейлік тапсырма. Сөзжұмбақ.

1.Анероид қандай мағынаны білдіреді?(Сұйықсыз)
2.Барос қандай мағынаны білдіреді?(ауырлық)
3.Жердің бетін ауа қабатын не қоршап тұр?(атмосфера)
4.Торричелли тәжірибесінде шынының ішінде не құяды?(сынап)
5.Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрылғы?(барометр)

 

1 Қ
2 Ы
3 С
4 Ы
5 М
                       

2-деңгейлік тапсырма: Практикалық жұмыс, есептер шығару.

3-деңгейлік тапсырма: Оқулықтан тест орындау /24 сұрақ/.

Сабақты қорыту.

Бағалау.

Үйге тапсырма: §25 оқу.

 

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________

Пәні: география

Сыныбы: 6г,в

Мерзімі:

Сабақ тақырыбы: Ауаның температурасы.

Мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға ауаның жер бетінен жылынуы,ауа температурасының тәуліктік өзгерісі,айлық орташа температуралар,көп жылдық орташа температуралар өзгерісі туралы түсіндіру.

2.Дамытушылық: Ұжымшылдыққа,табиғатты сүюге,қорғауға тәрбиелеу.

3.Тәрбиелік: Түрлі тапсырамалар орындау арқылы оқушыларды сабаққа белсенді қатыстырып,ойлау қабілетін дамыту.

Сабақ типі:Жаңа сабақ

Сабақ түрі:аралас

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру: Оқушыларды тексеру.

II.Үй тапсырмасы.

1.Тест тапырмалары.

1.Жер бетінің ауа қабаты:

а)атмосфера ә)стратосфера б)тропосфера

2.Атмосфераның төменгі қабаты:

а) стратосфера ә )ионосфера б)тропосфера

3,Ауа құрамындағы ең көп кедесетін газ:

а)Оттек ә )азот б)CO2

4.Тәулік ішіндегі ең жоғарғы және төменгі ауа температурасы арасындағы айырмашылық

а ) Тәуліктік амплитуда ә)климат б) ауа температурасы

5.Тәуліктік ең төменгі температурасы қай уақытта болады?

а) Таң алдында ә)түсте б)кеште

6.Барометр құралымен не өлшейміз?

а)Жылуды ә)ылғалдылықты б)қысымды

2.Адасқан объектіні табу.

Муссон-құрал Желбағдар-құрал

Сайқан-ауа термометр-ауа

Барометр-жел тропосфера-аспан

Стратосфера-ауаның төменгі қабаты атмосфера-жел

 

I.

1.Жердің ауа қабаты А-Метеостанция

Б-Атмосфера

2.Ауа райын бақылайтын жер В-Азот

Г-Оттегі

3.Атмосфераның 21% құрайды Д-Сейсмостанция

Е-Метеостанция

II.

1.Атмосфераның төменгі қабаты А-Термометр

Б-Барометр

2.Атмосфералық қысымды өлшейтін аспап В-артады

Г-Стратосфера

3. Атмосфералық қысым биіктеген сайын... Д-Тропосфера

Е-кемиді

III.

1.Атмосфераның ортаңғы қабаты А-Радиозонд

Б-Оттегі

2.Атмосфераның 78% құрайды В-Барометр

Г-Тропосфера

3.Атмосфераның жоғарғы қабатын зерттейді Д-Азот

Е-Стратосфера

IV.

1.Тропосфераның орташа қалыңдығы А-50-55км

Б-100-150км

2.Стратосфераның шекарасы В-азот және оттегі

Г-оттегі және СО2

3.Атмосфераның құрамындағы Д-11км

негізгі газдар Е-25км

Дұрыс жауаптары:

I II III IV

1 - Б 1 - Д 1 - Е 1 - Д

2 - А 2 - Б 2 - Д 2 - А

3 - Г 3 - Е 3 - А 3 - В

 

 

III. Жаңа сабақ түсіндіру:

Жоспар:

1. Ауаның жер бетінен жылынуы

2. Ауа температурасының тәуліктік өзгерісі

3. Тәуліктік және айлық орташа температура.

4. Ауа температурасының жылдық өзгерісі.Көпжылдық орташа температура

5. Ауа температурасын өлшеу.

6. Ауа райының халық болжамдары.

 

Жер бетіндегі жылудың негізгі көзі-күн.Әрбір 100 м биікке көтерілгенде температура орта есеппен 0,6 cтөмендейді.Ауа райын бақылайтын стансаларда ауаның температурасы тәулік ішінде төрт рет өлшенеді.Мысалы:сәуірдің 20-сы күні ауаның температурасын бақылау нәтижелері:1-де +5,7-де -2,13-те +10,19-да +9.

Тәуліктік жиынтығы 5-2+10+9=22

Тәуліктік бойынша орташа температура +22/4=+5,5

 

Айлар жылдық орташа температурасы.

I XII II   III IV V VI VII VIII IX X XI
-14 -12 -11 +3,8 -3 2 10 18 22 20 12 6 -5

Әр айдың көп жылдық орташа температурасы негізінде жылдық орташа температуралар есептеп шығарылады.Ол үшін айлық орташа температураның жиынтығы ай сайына бөлінеді.Оң (+) температуралар жиынтығы +90.Теріс (-) температуралар жиынтығы -45.Сонда орташа жылдық температура (90-45)/12=+3,8

Ауаның температурасы термометрмен өлшенеді.Термометрге күн сәулелері тікелей түспеуі керек.

-Бекіту сұрақтары:

Теңіз деңгеінде ауаның температурасы +24.3км биіктіктегі температура қандай болады?

Температураның тәуліктік амплитудасы деген не?

Мына келтірілген мысалдан тәуліктік орташа температураны шығарыңдар.Ауаның температурасы сағат 1-де -4,7-де -56 13-те 4,19-да 07

Мына кесте бойынша орташа жылдық температура мен жылдық амплитуданы есептеңдер.

Айлар I XII   II   III   VI   V   VI   VII   VIII   IX   X     XI  
-16 1 -14 -7 -6   -13 0 6 15 18 16   8

Жылдық орташа температура:

Орындайтын тапсырмалар:

-Әрбір км биіктеген сайын температура орта есеппен 6-ға төмендейді.

Таудың етегінен жоғарылаған сайын температурасы төмен болатынын білесіздер.Африкадағы Килиманджаро тауының басында мұздық ,қар болады ма,егер таудың етегіне +25 температура болғанда?

Есептеу жолы:

a)Килиманджаро тауының абсолюттік биіктігін анықтау.(5895м, оны 5900м деп дөңгелектеп алуға болады.)

ә)Температура неше рет төмендейді?5900/1000=5,9 рет.

б)Биіктеген сайын ауа температурасы неше градус төмендейді?6*5,9=-10,47жауабы: -10,4 температурада Килиманджаро тауының шыңында қар да, мұздықта болады.

I.Ауа температурасына мысалдар:

1.Жер бетіндегі ауа температурасы 20 болғанда,болғанда, 3 км биіктіктегі ұшақ бортының сыртындағы ауа температурасы нешеге тең екенін есептеу.

Жауабы:3*6=18

Ұшақ бортындағы ауа температурасы +8 болса,660 м тереңдікте температура қандай?

Жауабы : 660м/33тең 20+8 тең 28.

Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сжүрмейсің. (Ауа)

"Ауа-өмір тынысы" - деп бекер айтылмаған. Ауаның маңызын біздер алдыңғы сабақтарымызда да әңгіме қылғанбыз. Бүгінгі сабақта біздер ауаның температурасымен танысатынымыз айтылып, оқушылар сабақтың мақсатымен таныстырылады. Тақырыптың атын дәптерлеріне жазып алады. Қазақ халқы ауа температурасын өлшейтін аспаптары болмаса да ауа райын болжай алғандығы туралы айтылып кетіп, халық қағидаларынан мысалдар айтылады:

- Торғайлар топталып, қайта-қайта ұшып-қонып, бүрісіп, сілкіне берсе, күн суытады.

- Бақа кешқұрым көп бақылдаса, ертеңіне күн ашық болады.

- Егер бұлт ортасынан ыдыраса, ауа райы бұзылайын дегені, ал, егер бұлт шетінен тараса, ауа райы оңалуға бет алғаны.

- Егер жаңа туған ай шалқалап туса, ауа райы малға жайсыз болады.

- Егер қойлар қыстың күні қораға еркін кірсе, ауа райы жақсы болады және т.б.

Оқушылар өздері әрі қарай толықтырады.

IV.Қорытынды. Тақырыптың жаңа ұғымдары (терминдер): тәуліктік минимум, тәуліктік максимум, амплитуда, тәуліктік орташа температура, айлық орташа температура, жылдық орташа температура, айлық амплитуда, тәуліктік амплитуда, жылдық амплитуда, термометр, изотерма .

 

V. Үй тапсырма беру: 26, түсінік айту

VI. Оқушылар білімін бағалау.

 

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________

Пәні: география

Сыныбы: 6г,в

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Жел

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға жер бетінің ауаны жылытуы және жел туралы ұғымдарды түсіндіріп, дүниетанымын кеңейту. Бақылау арқылы адам қоршаған дүниені танып білу. Қоршаған дүниені танып білудегі тәжірибенің атқаратын ролін түсіндіру. Ауаның адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Жер бетіндегі ауаны жылытуы. Жер бетіндегі ауаның қозғалысын желдің қалыптасуы туралы түсінік беру. Желдің маңызы туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Қосымша тапсырмалар, сөзжұмбақ орындату арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелігі: Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, табиғатқа деген қызығушылығын туғызу және оны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, интерактивті тақтаны қолдану.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулықтағы № 1, 2 суреттер. көрсетілетін табиғи құбылыстар суреті. Сөзжұмбақ, компас т/б.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Ұйымдастыру кезеңі

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
  3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
  4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
  5. Сабақты қорытындылау кезеңі
  6. Бағалау кезеңі
  7. Үйге тапсырма беру кезеңі

 

1.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен амандасып,түгелдеу.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен сабақтар бойынша білім - білік дағдыларын тексеру:
Топтық жұмыс
1 - топ
1. Жер бетінде ауа қалай таралады?
2. Ауа температурасын қандай құралмен өлшейді?
2 - топ
1. Тіршілік үшін ауаның қандай маңызы бар?
2. Ауаның температурасы қалай өзгереді?
3 - топ
1. Географиялық карта деп нені айтамыз?
2. Ауа ластауға бола ма?

 

3.Жаңа сабақ

Жел қалай пайда болады? Осы сұрақтың төңірегінде қаншама адамның бас ауыртары сөзсіз. Өйткені, жел атаулы бір немесе екі күннің еншісіндегі дүние емес. Күні-түні далада жүрсек те, үйде жүрсек те жел атаулының жақын екенін сезінеміз. Біз өмір сүріп жатқан жер оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс болып бөлінеді. Оны біз бала жастан мектеп қабырғаларынан оқып үйрендік. Ал енді картадан жер бетінің өзендеріне қарап көрдіңіз бе? Міне, осы жерден сауал туындайды. Өйткені, солтүстіктен бастау алатын өзендер оңтүстікке, оңтүстіктен ағатын өзендер солтүстікке қарай бағыт-бағдарларын бұрғысы келіп тұрады. Бұл жерде бәрімізге түсінікті жердің айналу заңдылығының орындалатынын көреміз.

Біздің басты сұрағымыз: жел неге соғады? Жел де су сияқты, яғникез келген толмай тұрған ортаға барып жиналады. Сол сияқты жел де ауа қысымы жоғары жерден ауа қысымы төмен жерге қарай соғады. Ол дегеніміз, температурасы жоғары жер мен төмен жердің ортасында жел пайда болады. Ал неге бір бағытта соқпайды деп сұрасаңыз, оның да жауабы аса қиын емес. Жердің үнемі айналып тұратынын ескерсек, онда жел де өздігінен осы тартылысқа бағынатынын ескеріңіз.

Ең алғаш рет осы заңдылықтарды орыстың атақты ғалымы Бэр ашқан болатын. Ол су мен желді бөліп алып қарастыруға келіспеген және ізденіс үстінде жүріп, қысым туралы өзінің ғылыми жұмыстарын жазып қалдырған.

Жел ағысы – мұхит пен теңіз суының жоғарғы қабатында (үйкеліс қабаттары деп аталатын 100 м, кейде 200 м тереңдік) жел мен судың арасындағы үйкелістен пайда болатын ағыс. Бір бағытта ұзақ соғатын желдің әсерінен пайда болған жел ағысын дрейфтік (ықпа) ағыс (мысалы, Солтүстік және Оңтүстік пассаттық ағыстар, Батыс желдердің ағысы, т.б.) деп те атайды.

Жел энергетикасы – жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын энергетиканың саласы. Ол жел энергиясын халық шаруашылығына ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады. Қазақстанда жел күшімен алынатын электр энергия-сы қуатын кеңінен және мол өндіруге болады. Республикамыздың барлық өңірлерінде жел қуаты жеткілікті. Жел энергиясының басқа энергия көздерінен экологиялық және экономикалық артықшылықтары көп. Жел энергетикасы қондырғыларының технологиясын жетілдіру арқылы оның тиімділігін арттыруға болады. Жел энергиясын тұрақты пайдалану үшін жел энергетикасы қондырғыларын басқа энергия көздерімен кешенді түрде ұштастыру қажет. Республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік аймақтарында су электр стансалары мен жел электр стансаларын біріктіріп электр энергиясын өндіру өте тиімді. Қыс айларында жел күші көбейсе, жаз айларында азаяды, ал су керісінше, қыс айларында азайса, жаз айларында көбейеді. Сөйтіп, энергия өндіруді біршама тұрақтандыруға болады.

Алматы облысының Қытаймен шекаралас аймағындағы 40ендікте, Еуразия мегабассейніндегі орасан зор ауа массасының көлемі ауысатын — Орталық Азиядағы «жел полюсі» деп аталатын Жетісу қақпасындағы желдің қуаты мол. Ол екі таудың ең тар жеріндегі (ені 10 – 12 км, ұзындығы 80 км) табиғи «аэродинамикалық құбыр» болып табылады. Қақпа Қазақстанның Балқаш – Алакөл ойпатын Қытайдың Ебінұр ойпатымен жалғастырады. Осы жердегі жел ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде оның электр энергиясын өндіруге өте тиімді екені анықталды. Қыс кезінде желдің соғатын бағыты оңтүстік, оңтүстік-шығыстан болса, жаз айларында солтүстік, солтүстік-батыстан соғады. Желдің орташа жылдамдығы 6,8 – 7,8 м/с, ал жел электр стансалары 4 – 5 м/с-тен бастап энергия бере бастайды. Желдің қарама-қарсы бағытқа өзгеруі сирек болуына байланысты мұнда турбиналы ротор типті жел қондырғысын орнату тиімді. Желдің жалпы қуаты 5000 МВт-тан астам деп болжануда. Бұл өте зор энергия көзі, әрі көмір мен мұнайды, газды үнемдеуге, сонымен қатар қоршаған ортаны ластанудан сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Жел өрнегі — көп жылдық бақылаулар нәтижесінде белгілі бір аймақтағы желдің басым бағытын көрнекі түрде көрсететін векторлық диаграмма. Әдетте, айлық, маусымдық жәнежылдық болып бөлінеді. Диаграмманың ортасынан түрлі бағытқа қарай тарайтын сәуле-сызық жүргізіледі. Сәуле-сызықтың ұзындығы желдің қайталану мөлшеріне пропорционал келеді. Әр кесіндінің ұштары түзу сызықтармен қосылады. Кейде, арнаулы жел өрнегі жасалады, мыс., сәуле-сызық бойына желмен бірге ауаның температурасы (термиялық жел өрнегі),жауын-шашын мөлшері түсіріледі.

Жел өрнегі, әдетте, көп жылдық деректер негізінде айлық, маусымдық немесе жылдық кезеңге арналып жасалады. Шеңбер ортасындағы нүктеден, көкжиектің негізгі тұстарына шашырай бағытталған сәулелерден тұрады. Сәулелердің ұзындығы берілген бағытта соғатын желдердің қайталану жиілігіне пропорционал болады. Сәулелердің ұштары түзу сызықтармен қосылады.

 

4.Жаңа сабақты бекіту.

1.Жел қалай пайда болады?

2.Бриз бен муссонның қандай ұқсастығы бар?

3.Айырмасы неде?

4.Мектеп алаңындағы желбағарды пайдаланып,желдің бағыты мен жылдамдығын өлшендер?

5.Бағалау

6.Үйге тапсырма: §30 оқу

 

 

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________

Пәні: география

Сыныбы: 6г,в

Мерзімі:

Тақырыбы:  Ауадағы су буы

Мақсаттары:
Білімділік: Ауадағы су буы мен тұман, бұлт туралы түсінік қалыптастыру .
Дамытушылық: Өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа, бірлікке тәрбиелеу .

 

Сабақ түрі: Аралас
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
1.Оқушылармен амандасу.
2.Сыныпты түгендеу.
3.Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
І. «Кім жылдам?» ойыны ойналады.
Сұрақтары:
1.Атмосфералық қысым дегеніміз не?
2.Қалыпты атмосфералық қысым дегеніміз не?
3.Қысымды қандай құралмен өлшейді?
4.Барометрдің неше түрі бар?
5.Анероид барометрне сипаттама беріңдер?
6.Сынап барометрне сипаттама беріңдер?
ІІ «Зымыран» ойыны
1) Күн жүйесіндегі күнге жақын орналасқан ғаламшар (Меркурий)
2) Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал қалай аталады? (шаш гигрометрі)
3) Жердің тас қабаты (литосфера)
4) Тіршілік қабаты (биосфера)
5) Жер серігі (ай)
6) Жаздағы таңертеңгілік байқалатын су тамшысы (шық)
7) Күн жүйесінде үшінші орналасқан ғаламшар (Жер)
8) Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал атауы? (барометр анероид)
9) Жер бетіндегі ауа қабаты (атмосфера)
10) Таулар қандай түспен боялады? (қоңыр)
11) Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен (Ніл)
12) Су қабаты (гидросфера)


Жаңа сабақ
І.Қызығушылығын ояту.
Құйып жауған жаңбырдан кейін көшеде қақ тұрып қалғанын көресіңдер. Үйдің шатыры, ағаштың жапырағы, шалғын –бәрі суға малшынған.Күн шыққаннан кейін су тиген заттардың бәрі құрғайды. Жаңбыр суы жоғалып кетті. Қалай ойлайсыңдар, қайда кетті? (Буға айналып, ауаға тарады).
ІІ. Мағынаны тану
Жер бетіндегі буланудан атмосфера құрамындағы су буы пайда болады. Мұхиттар мен теңіздерден, өзендер мен көлдерден, батпақтардан, ылғалды топырақтардан да буланып, атмосферадағы су буына айналады.
Ылғалдылық:

1. Абсолют ылғалдылық - 1м3 ауадағы су буының граммен алынған мөлшері
2.Салыстырмалы ылғалдылық - 1м3 ауадағы су буының граммен алынған мөлшері

Ауаның салыстырма ылғалдығы шаш гигрометрі деп аталатын құралмен өлшенеді.
1м3 ауада түрлі температурада болатын су буының мөлшері:
Температура (С) Су буы (грамм)
- 30º 0,5
- 20º 1
- 10º 2
0º 5
+10º 9
+20º 17
+30º 30
Жер бетінен біршама биіктікте атмосферада жиналған
ұсақ су тамшылары мен мұз кристалдарының шоғыры .

Ауа ылғалдылығы – ауа райы мен климаттық ерекшеліктерді сипаттайтын негізгі метеорол. өлшемдердің бірі; ауадағы су буының мөлшері. Атмосфераға су буы топырақтан, өсімдіктерден және су бетінен булану арқылы таралады. Су буы негізінен тропосфера қабатына жиналады. Мұхит үстінде А. ы. құрлықтағыдан жоғары, шөлді аймақтарда төмен болады. Әр жердің А. ы. атмосфера айналымына тәуелді. Метеорологияда А. ы-ның абс. ылғалдылық (г/м3), салыстырмалы ылғалдық (%), меншікті ылғалдық (г/кг), су буының нақты қысымы(гПа), қанығу қысымы (гПа), ылғалдық тапшылығы (гПа) және шық нүктесі (с) сияқты жеті сипаттамасы бар. Олар негізінде психрометрлік әдіспен, яғни құрғақ термометрлердің темп-расын салыстыру арқылы анықталады. Ал ауа темп-расы –10°С төмен болған жағдайда гигрометрлік әдістер қолданылады. Жыл бойында қоңыржай белдеуде А. ы. қаңтарда жоғары, шілдеде төмен болады.

Жауын-шашындар. Ауада су буы болады. Ол атмосфераға құрлық бетiнен, су қоймасынан су буланғанда бөлiнедi. Су буы түссiз, бiз оны байқамаймыз. Бiрақ ауа суытқан кезде су буы конденсацияланады – газды күйден сұйық күйге ауысып, су тамшыларына айналады. Ауадағы су буының мөлшерi ауаның ылғалдығын анықтайды. Ауа ылғалдығының маңызы үлкен. Ауаның ылғалдығы төмен болса, денелер бетiнен судың булануы артады. Мысалы, құрғақ ауада көкөнiстер ылғалдығын жоғалтады, пайдалануға жарамсыз болып қалады. Ауа ылғалдығы бұлттар түзiлiсi және жауын-шашынның түсу мөлшерiне байланысты. Аспандағы бұлттарға қарап, олардың түрiне, мөлшерiне көңiл аударыңыздар.


Оқулықпен жұмыс. Сәйкестігін тап:
1.Будақ бұлттар А.Ұзаққа созылған ақ жаңбыр жауады.
2.Шарбы бұлттар Ә. Түтіліп үйіліп жатқан жүнге, мақтаға ұқсайды
3.Қабат бұлттар Б.Малдың ішкі шарбы майына ұқсайды
Жауабы: 1- Ә, 2-Б, 3-А.

ІІІ.Ой – толғаныс.
1. Ауадағы су буы қайдан таралады?
2. Абсолют және салыстырма ылғалдылық.

 3.Су буының конденсациясы .                                                                                                               
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: § 27 Ауадағы су буы. Оқу

 

 

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________

Пәні: география

Сыныбы: 6г,в

Мерзімі:

Тақырыбы: Атмосфералық жауын-шашын.

Мақсаты:

Білімділік: Жауын-шашын түрлерімен таныса отырып, олардың пайда болуы мен сипатына тоқталу нәтижесінде атмосфералық жауын-шашын туралы түсінікті қалыптастыру. Өткен сабақтардың негізінде желдің пайда болу себептері мен оның мазмұнын, маңыздылығын ұғындыру, желдің физикалық заңдылықтар негізінде пайда болатын құбылыс екендігін түсіндіру.

Дамытушылық: Жнл өрнегін салу, атмосфералық жауын -шашынды өлшеу, есептеу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың жұмыс істеу біліктілігін арттыру.

Тәрбиелік: Атмосфераның құбылыстарымен танысу арықылы , оны қорғау мәселелерін қарастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы:  аралас сабақ

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас

Негізгі ұғымдар: 

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі                                                                        

 2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі                                                       

3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі                                                 

4.Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

 6. Бағалау кезеңі

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

Сабақтың барысы

Кезеңдер Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1 Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. 
2 Дәптерлерінен салған суреттерін, анықтамаларын тексереді. Кейін өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қояды: 1) Ауа температурасының орташа жылдық амплитудасы дегеніміз не? 2) Су буымен қаныққан ауа деп нені атайды? 3) Салыстырма ылғалдылық дегеніміз не? 4) Конденсация дегеніміз не? 5) Бұлт деген не? 6) Тұман деген не? 7) Күннің немесе Айдың қоралануы деген не? 8) Бұлттылық деген не?     Дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын мұғалімге тексертеді. Ескертулері болса, мұғалімге айтып, түсінбегендерін сұрайды. Сұрақтарға жауаптары: 1) Ең жылы ай мен ең суық айдың орташа температураларының айырмасы ауа температурасының орташа жылдық амплитудасы деп аталады. 2) Егер ауаға сол температурада ұстап тұра алатын су буы жинақталса, оны су буымен қаныққан ауа деп атайды. 3) Салыстырма ылғалдылық – 1 м3 ауадағы су буының нақты мөлшерінің сол температурадағы ауаны қанықтыратын су буы мөлшеріне қатынасы (%) 4) Белгілі бір жағдайда су буларының сұйық күйге (су тамшыларына) айналуын конденсация д.а. 5) Бұлт – жер бетінен біраз биікте, атмосферада жинақталған ұсақ су тамшылары мен мұз түйіршіктерінің шоғыры. 6) Ауаның жер бетіне жақын қабатындағы булар су тамшыларына айналғанда тұман түседі. 7) Өте биікте қабат-шарбы бұлт түзіледі. Күннің немесе айдың төңірегіндегі жарық шеңберді Күннің немесе Айдың қоралануы деп атайды. 8) Аспанды бұлттың торлау дәрежесін бұлттылық деп атайды. Ол 0-10 бал аралығында белгіленеді.
3   Ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды: 1) Бұлт қалай пайда болады? 2) Жауын-шашынның қандай түрлерін білесіңдер? 3) Жел қалай пайда болады деп ойлайсыңдар? Кейін бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтап, келесі жоспар бойынша жаңа тақырыпты меңгере бастайды:  1. Жауын-шашынның түрлері. 2. Ауаның жер бетіне таяу қабатынан түсетін ылғал. 3. Жауын-шашынды өлшеу. 4. Жауын-шашынды есептеу. 5. Булану және буланушылық   Мұғалімнің сұрақтарына жауаптары: 1) Ауаның құрамындағы су буының биіктіктерде салқындап, су тамшыларына айналуынан пайда болады. 2) жауын-шашынның жаңбыр, қар, бұршақ түрлері болады. 3) Ауаның қозғалуынан пайда болады. Кейін мұғалімнің бағыттауы бойынша тақырыпты меңгеруге кіріседі: 1. мына анықтамаларды жазып алады: Бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты күйдегі ылғалды атмосфералық ж-ш немесе ж-ш д.а. Жауын-шаынның түрлері: жаңбыр, қар, бұршақ, шық, қырау, қылау. Бұлтты құрайтын су тамшылары өте майда келеді. Олардың диаметрі әдетте 0,01 мм болады. 2. Мыналарды жазып алады: Шық – түнде салқындаған жер бетіне, өсімдікке және түрлі заттарға жанасқан ауадан бөлініп, тұрып қалатын ылғал. Қылау – қыста аязды түндерде ағаштың бұтақтарына, тартылған сымға, тағы басқа желдің өтіндегі заттарға тұрып қалатын, қарға ұқсас, өте майда мұз кристалдары. Қырау – күзгі желсіз түнде, қыста кейде күндіздің өзінде жер бетіне, шөпке, түрлі заттардың үстіне олардың температурасы ауаның температурасынан гөрі төмендеп кеткен жағдайда тұратын, ақ ұлпа кристалл мұз қабаты.   3. Мыналарды анықтап жазып алады: Жер бетіне түсетін жауын-шашын мөлшері мм есебімен есептеледі. Ауа райын бақылайтын стансаларда арнайы ж-ш өлшеуіш қолданылады (59- -суретті дәптерлеріне салып алады). Қар жамылғысының қалыңдығы қар өлшеуіш сырықпен анықталады (59- -суретті дәптерлеріне салып алады). 4. Мыналарды анықтап еске сақтайды: Ж-ш-ның тәулік, ай, жыл ішіндегі мөлшері сепетеледі. Ауаның температурсы сияқты ж-ш-ның да көп жылдық орта мөлшері шығарылады. Мыналарды анықтап жазып алады: Жыл ішінде бүкіл жер бетінде түсетін ж-ш-ның жартысына жуығы 20°с.е. пен 20°о.е. аралығында түседі. Экватордан тропиктьерге қарай ж-ш мөлшері азаяды да қоңыржай белдеуінде қайтадан көбейеді. Полярлық аймақтарда жер бетіне түсетін ж-ш-ның 4%-ы ғана түседі. Жауын-шашынның ең көп түсетін жері – Тынық мұхитындағы Гавай аралдары және Гималай тауының етегі (12000 мм-ден астам)    бағытта бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атайды. Желдің пайда болуының неізгі себебі – ауа қысымының жер бетінде әркелкі таралуы. Ауа райын бақылайтын стансаларда желдің жылдамдығы мен бағытын анықтайтын құрал желбағар (флюгер) деп аталады. Мынаны еске сақтайды: Жер бетінің кез-келген бір бөлігінде қысым жоғарыласа, ол жердегі ауа қысымы төмен жаққа қарай ауыса бастайды, яғни жел соғады. Өз кезегінде қысым айырмасы жер бетінің әркелкі жылынуынан туады. Жел көкжиектің өай тұсынан соқса, сол бағыттың атымен аталады: солтүстік желі, солтүстік-батыс желі, шығыс желі... Желбағардың құрылысын еске сақтап, оның суретін дәптерлеріне салады.  7. Мыналарды анықтап жазып алады: Жергілікті желдердің негізгілері – бриздер мен муссондар. Бриз (французша – жеңілнемесе самал жел) – теңіздердің ірі көлдердің жағасында түнде құрлықтан Мынаны еске сақтайды: Бриз желінің бір тәулікте бағытын екі рет өзгертуі су мен құрлықтың жылыну жылдамдығына байланысты болады. Муссон желінің жылына бағытын өзгертуі қыс пен жазда құрлық пен теңіздің әр түрлі жылынуына байланысты. Муссондар Еуразияның Тынық мұхитпен жапсарлас өңіріне тән. 3. Мыналарды анықтап жазып алады: Жел өрнегі – алынған пункттегі белгілі бір мерзімде (ай, маусым, жыл) соғатын желдердің басым бағыттарын көрнекі түрде бейнелейтін сызба. Мыналарды еске сақтайды: 65-суреттегі жел өрнегі қалай жасалғанын еске сақтап суретін дәптерлеріне салып алады. 4. Мыналарды анықтап жазып алады: Жел – сарқылмайтын ұуат көзі, жер бетіндегі су айналымының негізгі қозғаушы күші.   Мыналарды еске сақтайды: Желдің шаруашылықта пайдаланылуы мен табиғаттағы маңызын еске сақтайды. Бірақ Жер шарының түрлі аймақтарында жыл сайын көптеген сұрапыл апатты дауылдар өтіп жатады. Олар үйлерді қиратып, су тасқынын тудырады, көптеген адамдардың өмірін қиып кеткен. Мұндай апаттардан сақтану үшін алдын ала зерттеу жұмыстарын жүргізіп отыру қажет.          
     
4 Тақрыптарды бекіту тапсырмалары мен сұрақтары: 1) Бұршақ қалай пайда болады? 2) Мектеп алаңында жауын-шашынды қалай өлшер едіңдер? 3) Картадан Гавай аралдары және Гималай тауын тауып алыңдар. Оқушылардың жауаптары: 1) Жазғы уақытта жаңбыр бұлты ауаның жоғары өрлеген күшті ағындарының әсерінен өте үлкен биіктікке көтеріліп, ондағы су тамшылары қатып, мұз түйіршіктеріне айналады.
5 Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды. Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады.
6 Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды. Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады.
7 Үй тапсырмасына §29. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.   Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

 

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________

Пәні: география

Сыныбы: 6г,в

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Тұман және бұлт

 

 Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Cудың сұйық немесе қатты күйден газға (буға) айналу процесі, сұйықтықтан қоршаған кеңістікке өткен молекулалар саны мен беттің қайтадан жұтқан молекулалар саны арасындағы айырмашылықты ажырата білу
Дамытушылық: Оқушылардың ойын жан - жақты дамыту, сабақ барысында түрлі мысалдар келтіріп еркін сөйлеуге дағдыландыру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, әдептілікке жан-жақтылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі
: аралас
Сабақтың әдіс тәсілдері: Түсіндіру, мысалдар келтіру

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Оқушылар назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Қатты дене деп нені атаймыз?
2. Қатты денелерді қалай балқытамыз?
3. Балқытып суыту арқылы қатты денелер қалай өзгереді.
4. Қанадай қатта денелер жақсы дамиды және қатаяды?

 

ІІІ. Жаңа сабақ:

Cуқойманың су беті ылғалының булану арқылы атмосфераға көтеріліп, одан жауын - шашын түрінде қайта түсуі. Ылғалы мол аймақтардағы жауын - шашын қабаты булану қабатынан артып кетеді, сондықтан атмосферамен ылғал алмасу теңдестігінің оң (болымды), ал ылғал жетіспейтін аймақтардағы бұған керісінше жағдай; ылғал алмасу теңдестігінің теріс (болымсыз) құбылысы деп аталады;

Cудың сұйық немесе қатты күйден газға (буға) айналу процесі, сұйықтықтан қоршаған кеңістікке өткен молекулалар саны мен беттің қайтадан жұтқан молекулалар саны арасындағы айырма. Кері жағдай, яғни бетте қайта жұтылған сұйықтық молекулаларының саны одан бөлінген молекулалар санынан көп болса, онда оны конденсация дейді. Қар мен мұз бетінен булануды немесе қатты фазадан сұйық фазаны айналып газ күйіне өтуді төте булану десе, ал қар бетіндегі сұйық фазаны айналып өтетін конденсацияны — сублимация дейді. Су беті немесе топырақтан булануды физикалық булану, ал өсімдіктер транспирациясын биологиялық булану деп бөледі.

Қатты дененің Булануы сублимация деп аталады. Булану процесі кез келген температурада жүруі мүмкін, бірақ ол температура жоғарылаған сайын тезірек өтеді. Жабық ыдыстағы Булану процесі сұйықтықтың не қатты дененің үстіндегі кеңістік қаныққан буға толғанша тұрақты температурада жүреді. Қаныққан будың қысымы тек температураға ғана тәуелді және ол температура жоғарылаған сайын артып отырады. Егер қаныққан будың қысымы сыртқы қысымға тең не артық болса, онда Булану қайнау процесіне айналады. Қайнаудың ең жоғары температурасы берілген заттың алмағайып температурасы болып есептеледі.[2] Одан жоғары температурада сұйықтық пен будың арасындағы тепе - теңдік күй сақталмайды. Сұйықтық буға айналуы үшін оның құрамындағы молекулалар ілініс күшін жеңуі керек. Осы күшті жеңуге (шығу жұмысы) және түзілген сыртқы будың қысымын жеңуге жұмсалатын жұмыс молекулалардың жылулық қозғалысының кинетикалық энергиясы есебінен атқарылады. Булану салдарынан сұйықтықтың температурасы төмендеп, салқындайды, сондықтан Булану процесі тұрақты температурада жүруі үшін оған үнемі жылу беріп отыру керек. Заттың бірлік массасын тұрақты температурада буға айналдыруға қажетті жылу мөлшері булану жылуы деп аталады. Булану процесі техникада (іштен жанатын қозғалтқышта, салқындатқыш қондырғыларда, т. б.) кеңінен қолданылады. Булану табиғаттағы ылғал алмасудың негізі болып табылады. Конденсация (газдың сұйыққа айналуы; лат. condensatio — тығыздалу, қоюлану) — заттың газ қалпынан сұйыққа айналуы немесе қатаюы. Конденсация белгілі бір шектеулі температурадан төмен жағдайда ғана болуы мүмкін. Мысалы, будың суға айналуы ылғалдылық молайып, температура төмендегенде, буға қаныққан ауаның қозғалысы температурасы жоғары жақтан төменге қарай ығысуынан болады.

Конденсация тұман және бұлт қалыптасуы түрінде білінеді. Конденсация температураның төмендеуінен немесе қысымының өзгеруінен болады. Булануға қарама - қарсы процессБуланғыштық (Испаряемость) - белгілі бір метеорологиялық жағдайда жеткілікті ылғалданған, төселген беттен мүмкін болатын ең көп булану (буландыру бетіне су беру жылдамдығы қанша үлкен болса да) шамасы. Әдетте, Буланғыштық шамасы ретінде су бетінен булану мөлшерін немесе тұрақты толық ылғалданған топырақ бетінен булану шамасын алады. Суқойма бетінен буланған су қабатының қалыңдығымен (мм) өлшенеді. Топырақ пен өсімдік бетінен (әсіресе шөлдерде) буланудан айтарлықтай дәрежеде ерекшеленуі мүмкін.

Буланғыштық — жердің бетінен және су айдынынан белгілі бір ауа райы жағдайында судың барынша булану мөлшерін сипаттайтын шартты өлшем. Буланғыштық мм - мен өлшенеді. Судың бетіндегі Буланғыштық әрқашан нақты буланған су мөлшеріне тең. Құрлықта топырақ суға толық қаныққанда ғана нақты буланған су мөлшеріне тең болады. Буланғыштық өлшемі және оның жанама сипаттамалары жер бетіндегі ылғалдылық мөлшерін анықтайтын көрсеткіштердің бәріне кіреді.

IV. Сабақты бекіту:
1. 1. Булану дегеніміз не?
2. Конденсация дегенімізі не?
3. Булану мен конденсацияны бір мезгілде қайдан бақылауға болады.
4. Табиғатта булану қай кезде көп болады?

V. Үй тапсырмасы:
1. Әртүрлі булану және конденсация түрлеріне бақылау жүргізу
2. Қосымша мәліметтер оқу, Дәптерде жазылған терминдерді қайталау.

VI. Бағалау

 

 

 

 

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________

Пәні: география

Сыныбы: 6г,в

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Ауа райы

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тақырыптың мазмұнын меңгерту, алған білімдерін жүйелі жұмыс істеуге қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту. Тәжірибе арқылы ауаның қасиетін, қайда болатынын оның түссіз және мөлдір болатынын біледі және ауа райын зерттеу туралы мағлұмат алады.
Тәрбиелеу: Табиғатты қорғауға оны аялауға,ауаны ластанудан сақтауға және оны жақын тани білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, тәжірибе көрсету,сұрақ-жауап,топтастыру әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Схемалар, интерактивті тақта, тәжірибе құралдары, термометр т.б

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,оқушыларды түгелдеу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
1. Ауа қабаты деген не?
2.Оның жерге әсері яғни қорғаныш болу себебі?
3.Аққан жұлдыз деген не?
4.Таудың басы мен етегіндегі ауа өзгерісі?
5.Ауа мен тіршілік иесі арасындағы байланыс туралы не айтасың?
6.Айдағы температура мөлшерін айт, себебі не?
Олай болса біз сусыз тіршілік жоқ десек те,судан да маңызды ауа тұр екен.Сусыз адам бірер апта тіршілік ете алса, ауасыз бірнеше минут қана тіршілік ете алады екенбіз.
Біз ауаның қандай қасиеттерін білеміз?
Топтастыру.
сығылады
көрінбейді
серпімді
жануды қолдайды
түссіз
мөлдір

ІІІ. Жаңа сабақ.

 Адам өміріне ең қажетті ауа дедік. Сондай – ақ ауа физикалық дене.Сондықтан ол құбылыста болып отырады.Сол себепті оны арнайы мамандар күнделікті алдын ала бақылап зерттеп отыратын орталық бар. Оны метеорологиялық орталық дейміз.Ауа райы ғылымы өз атауын гректің «метеоро» деген яғни «аспандағы әлдене» деген мағынаны білдіретін сөзден шыққан. Ал климат –бұл ауа қысымының құбылысы. Біздің еліміздің ауа райы континентті деп аталады. Оның себебі оңтүстік тропиктен жылы ауа келеді, солтүстіктен мұзды мұхиттың суық ауасы әсер етеді.Сондықтан құбылмалы болып келеді.
Ауа райын алдын ала болжау барлық жүргіншілер үшін (ұшақ, теңізші,көлік түрлері) және ауыл шаруашылығының еңбекшілері үшін өте маңызды. Тіпті сен сабаққа келуің үшін де аса қажет.
Кітаппен жұмыс.
- Тізбектей оқыту.
- Іштерінен оқып шығу
Ауа райын болжау түрлері.
Кедендік аудандық аумақтарда -
- 12 сағаттан 7 тәулікке дейін болжау,
- бір айлық ауа райын болжау,
- он күндік ауа райын болжау,
- бір маусымға болжау.
Дәптермен жұмыс.(жазып алады)
Тіпті ертеректе ғылым мен техника дамымай тұрғанда ауа райын қалай болжайтын болған?
ü Қарлығаштар жер бауырлап ұшса, жаңбыр жауады.
ü Қоян жатар орнын бұрынғыдан жоғарырақ салса, қыс cуы болды.
ü Қарға тұмсығын қанатының астына тықса, күн суытады.
ü Түтін жер бауырлап ұшса, қар жауады.
ü Ай қораланса, алда жылы болатынды білдіреді деген екен.

IV. Сабақты қорыту.

- Ауа райы деген ен?
- Ауа райының көрсеткіштерін санамалап айтып бер?
- Ауа райын бақылау не үшін қажет?
- Ауа райының қандай құбылыстарын білесің?

V. Үй жұмысы: Тақырыпты әңгімелеу,екі күндік ауа райын біліп,салыстырмалы түрде айту.
Алған ұпай саны бойынша бағалау.

VI. Бағалау

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________

Пәні: география

Сыныбы: 6г,в

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Жердің Күнді айнала қозғалысының Жер бетіне жарық пен жылу таралуына әсері.Жылу белдеулері.

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік беру міндеті: Оқушыларға Жердің Күнді айнала қозғалысы , жер бетіне жарық пен жылудың таралу заңдылықтарына тоқталу.

Күн тоқырауы, күн мен түннің теңелуі, поляр күні, поляр түні, жылулық белдеулер туралы түсініктер қалыптастыру.

Дамытушылық міндеті: - оқулықтың мәтінімен берілген жоспар бойынша, өз бетінше кесте толтырту, атластан кескін картаға түсірту, тірек-конспект жазып, ауызша сипаттама жасауға дағды қалыптастыру,. Қосымша материалдар арқылы интеллектуалдық деңгейін көтеріп, оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, тілін дамыту.

Тәрбиелік міндеті: - саяси-идеялылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, табиғатты сүйе білуге, мамандық таңдауға, экономикалық және экологиялық көзқарасқа, эстетикалық талғамын арттыруға, патриоттық сезімге, дүниетанымдылыққа, т.б. баулу

 

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі - проблемалық, көрнекілік, тірек-конспектілік, эвристикалық, дамыта оқыту, саралап оқыту, сын тұрғысынан ойлау,

Сабақтың көрнекілігі: Глобус, жарты шарлар дың физикалық картасы, Суреттер, сызба-кесте, сөзжұмбақ, дидактикалық тапсырмалар, оқулық, плакаттар, т.б.

Сабақтың барысы  

І . Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ

 IV. Сергіту минуты

 V. Бекіту

 VI. Бағалау

VII.Үйге тапсырма беру

І. Ұйымдастыру

1. Амандасу, түгендеу;

2. Сыныпты екі топқа бөліп тиімді орналастыру

3. Сабақ барысымен таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1. «Ойлан тап» сөзжұмбақ

  1. Белгілі бір жерде қандай да бір уақыт аралығындағы тропосферадағы күйі
  2. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал
  3. Жоғары және төменгі температура көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылық қалай аталады ?
  4.  Атмосфераның жайын зерделейтін маман ?
  5. Жылына 3 рет бағытын ауыстыратын жел
  6. Атмосфера қалыңдығы 8-ден 18 шқ-ға дейін алып жатқан төменгі ауа қабаты
  7. Желдің бағытын анықтайтын құрал
  8. Тәулігіне бағытын 2 рет ауыстыратын жел
  9. Қандай да бір жерге тән көпжылдық ауа райының режимі

 

 

2. «Ашық күн» (сұрақтарға тез жауап беру арқылы тақтадағы күнді жасырып тұрған бұлттарды тазарту. Әр бұлттың артында сұрақтар бар)

  1. Ауа райы деген не ?
  2. Ауа райы неліктен өзгереді ?
  3. Ауа массасы деген не ?
  4. Ауа массаларының қандай түрлері бар ?
  5. Ау райын зерттеу не үшін қажет ?
  6. Ауа райын қалай болжайды ?

3 . «Шығармашылық жұмыс»    

а) Оқушылар, әр топ дайындап келген ауа райы болжамдарымен таныстыру.

б) Мақал-мәтелдер (әр топ қарсы топқа мақал жартысын жасыру)

4. Шартты белгілер

Ауа райынның элементтерін білдіретін шартты белгідер мағынасын ашу.

 

 

ІІІ. Жаңа сабақ

           

 Жаңа сабақ жоспары:

1. Жерге келетін жарық пен жылу мөлшерінің Күннің көкжиектен биіктігіне және түсу уақытының ұзақтығына байланыстылығы.

2. Жазғы күн тоқырау

3. Күзгі күн теңелуі

4. Қысқы күн тоқырауы

5. Көктемгі күн теңелуі

6. Жылу белдеулері

 

Жер Күнді қанша уақытта 1 рет айналып шығады ? Жыл мезгілдері не себепті ауысады ? Жер білігінің орбита кеңістігіне көлбеулігі қандай ?

Жерге келетін жарық пен жылу мөлшерінің Күннің көкжиектен биіктігіне және түсу уақытының ұзақтығына байланыстылығы. «Жер – Күн жүйесі планетасы» тарауынан Жердің жыл ішіндегі Күнді айнала қозғалысын естеріңе түсіріңдер. Жер білігінің орбита кеңістігіне көлбеулігіне байланысты жыл ішінде күн сәулесінің жер бетіне түсу бұрышы өзгеріп тұратынын білесіңдер. Мектеп алаңында гномонмен жүргізілген бақылау нәтижелері неғұрлым Күн көкжиектен жоғары тұрса, соғұрлым күн сәулелерінің түсу бұрышы үлкейе беретіндігін және түсу уақытының ұзара беретіндігін көрсетеді. Соған орай Күннен келетін жылу мөлшері де өзгереді. Күн сәулелері көлбеу түссе, жер бетін аз жылытады. Бұл Күннен ертеңгілік және кешке қарай келетін жылу мөлшерінің аздығынан айқын көрінеді. Күн сәулесі тіктеу түссе жер бетін көп қыздырады. Мұны түс кезіндегі жылу мөлшерінен-ақ байқауға болады.

             

Жердің Күнді айнала қозғалысы кезіндегі әр түрлі жағдайлар

 

Жердің Күнді айнала қозғалысы кезіндегі әр түрлі жағдайлары
Күзгі күн теңелу
Көктемгі күн теңелуі
Қысқы күн тоқырау
Жазғы күн теңелу

 

 


Жер шарының жазғы және қысқы күн тоқырау кезіндегі орны

 

Жылу белдеулері

Жер шарында 5 жылу белдеулері бар
2 қоңыржай белдеу
1 ыстық белдеу
Солтүстік тропиктен солтүстік поляр шеңберіне дейін солтүстік қоңыржай белдеулері жатады.
2 суық белдеу
Оңтүстік тропиктен оңтүстік поляр шеңберіне дейін оңтүстік қоңыржай белдеулер жатады
Оңтүстік солтүстік тропиктер аралығы жатады
Поляр шеңберінен полюстерге дейін солтүстік және оңтүстік суық белдеулер жатады
        

 

 

 

Жер шарының жылулық белдеулері

 

 

IV. Сергіту минуты

Оқушыларға 4 түсті үлестірлемі қағаз таратып, аталған мезгілге байланысты оларды көтеріп отыру тапсырылады:

1. 22 маусым - қызыл

2. 23 қырқүйек – көк

3. 22 желтоқсан - ақ

4. 21 наурыз - сары

V. Бекіту

1. Кесте толтыру

күндер өздерің тұрған жерде қай жыл мезгілі Күн қай жерде дәл төбеде тұрады Қай ауданда поляр түні
22 маусым 23 қыркүйек 22 желтоқсан 21 наурыз      

 

2. Кестені толтырыңдаар

Ең ұзақ күн 22 маусым Жазғы күн тоқырау
Ең қысқа күн    
Күн мен түннің теңелуі    

 

3. Географиялық диктант: Дұрыс жауабын рет санымен көрсет

1. бұлттар                                              6. абсолют ылғалдылық

2. жауаын-шашын                                7. салыстырмалы ылғалдылық

3. шық                                                    8. қар

4.гигрометр                                            9. тұман

5. қырау                                                  10. жаңбыр

VI . Бағалау

Оқушыларды бағалау.

VII. Үйге тапсырма беру

1. Тақырыпты оқып келу

2. Тапсырма –сұрақтар,

 

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________

Пәні: география

Сыныбы: 6г,в

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: §24 Атмосфераның құрамы және құрылысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға таныс жер қабықтарын еске ала отырып, ауа қабаты, құрылысы, маңызы, зерттелуі туралы мағлұмат беру.Атмосфераның жер қабықтары ішіндегі ерекшелігі туралы ұғым қалыптастыру.
Дамытушылық: Халықтық педагогика элементтерін пайдаланып ауақабықтары туралы танымын дамыту.
Тәрбиелік: Табиғат – ананың сиы таза ауаны қорғауға, қастерлеугетәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндірме, сұрақ – жауап
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, оқу құралдарын әзірлету, сабаққа назарларын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасы: §45 Жер беті суларын қорғау.
ІІІ. Жаңа сабақ

Жоспары:

1. Атмосфераның құрамы.

2. Атмосфера қабаттары.

3. Атмосфераның маңызы.

4. Атмосфераны зерттеу жолдары.

5. Атмосфераны қорғау.

 

Атмосфера – ауа қабаты деп аталады. Атмосфера гректің «атмос» және «сфера» дейтін сөздерінен құралған қазақша «ауа қабаты» деген мағынаны білдіреді.
Атмосфераның құрамы. Жер шарын жан-жағынан атмосфера деп аталатын ауа қабығы қоршап жатыр. Ол жердің ішкі қабығы. Ауа дегенеміз әр түрлі газдардың қосындысы. Олардың ішіндегі ең көбі азот – N 78 % . Оттегі - O 21 % құрайды. Ауада азот көп болғанымен, тіршілік үшін ең маңыздысы -оттегі. Адам мен жануарлар оттегімен тыныстайды. Ол – кез келген организмнің тіршілігі үшін қажетті зат. Өсімдік те, жануарлар да оны ауадан алады. Бұдан басқа ауа құрамында көмірқышқыл газы бар. Ол жанудан және жануарлардың тыныс алуынан түзеледі. Бұл газдың ауа құрамындағы үлесі аз болғанмен (0,03 %), жердегі тіршілік үшін маңызы зор. Өсімдіктердің өсіп жетілуі (тіршілік) үшін қажет. Ауаның құрамына газдардан басқа су буы, түрлі шаң – тозаңдар кіреді. Атмосфераның төменгі шекарасы айқын, ол жер немесе су беті. Биіктік артқан сайын ауа сирей береді де, ақыр соңында ғаламдық кеңістікке ұласып кетеді.
Сондықтан да жоғарғы шекараны дәл белгілеп айту қиын, шамамен 2-3 мың км шамасында бітеді. Төменгі қабатта ауа тығыз әрі ауыр болады. Ауа көзге көрінбейді, қолға ұстауға келмейді. Бірақ қайда барсақ та бізді қоршап тұр. Ол орын алады. Оны мына қарапайым тәжірибеден көруге болады.
Тәжірибе. Су құйылған ыдысқа түбін жоғары қаратып стаканды батырамыз стаканға су кірмейді. Стаканды екінші рет суға батырып жайлап қисайтсақ, ішіндегі ауа көпіршік түрінде шығады да, орнына су толады. Ауаның қасиеттері жайында 5 – сыныпта алған білімдеріңді еске түсіріңдер. Ауа жылуды нашар өткізеді, серпімді, салмағы бар, орын алады.
Ауаның құрамы, температурасы, тығыздығы және т б. бір жерден екінші жерге барғанда және биіктік бойынша өзгереді. Атмосфераның бұл қасиеттері, әсіресе биіктік бойынша үлкен өзгеріске ұшырайды. Температураның және газ құрамының өзгерісіне қарай атмосфера биіктік бойынша үш қабаттан тұрады. Ең төменгі қабат тропосфера (грекше тропос-бұрылыс, өзгеріс) деп аталады. Бұл жер бетінен 8 – 9 км ал экватордан 18 км –ге созылады. температура 55° С – қа дейін төмендейді. Тропосфера ауасы күн сәулесі қыздырған жер бетінен жылу алады. Сондықтан неғұрлым жоғарылаған сайын соғұрлым суық болады. Әрбір км – ге биіктеген сайын температура орта есеппен 6 С –ге төмендейді. Оның үлесіне бүкіл ауаның 80 % –ы тиеді. Су буы да бұлттар, жауын- шашын, жел яғни бұл сферада ауа райы қалыптасады. Тропосфераның жоғарғы жағында стротосфера (грекше стратум – қабатталған ) қабаты жатады. Оның жоғарғы шекарасы 50 – 55 км биіктікке дейін барады. Мұнда су буы жоққа тән. Оның төменгі бөлігінде біраз биіктікке дейін температура біршама тұрақты, ал жоғарғы жағында айтарлықтай тез өзгереді. Стротосфераның 20 км ден 30 км –ге дейінгі биіктік аралығында озон шоғырланған. Жұқа озон ауаның қызып кетуін тудыратын ультракүлгін күн сәулесін жұтады. Атмосфераның жоғарғы қабатын мезосфера және термосфера қабаттары құрайды. Ауаның температурасы алдымен 80-90 км биіктікке дейін қайтадан төмендейді. Одан әрі температура тез көтеріліп 1000 -2000 С –қа өседі. Мұнда күннен атмосфераның төменгі қабаттарына дейін жетпейтін ерекше зарядтар таралады да, газ бөлшектерін электрлендіреді. Олар күн сәулесін жақсы жұтып алатындықтан, қатты қызады. Күннен таралған электр зарядтары атмосфераның биік қабаттарында поляр шұғыласы құбылысын тудырады.
Атмосфераның маңызы. Жер бетіндегі өтіп жатқан түрлі құбылыстар, өзгерістер, тіршілік атаулы ауамен байланысты. Атмосфера күн сәулесін шашыратып түсіреді. Сондықтан жер беті күндіз күн сәулесінен қатты қызбайды, түнде, өте қатты суымайды. Ол жылылықты ұстап тұрады. Сонымен қатар атмосфера ғаламшарды метеориттерден қорғайды метеориттер жерге жетпей-ақ жанып кетеді. Ауа – тіршілік көзі. «Ауа – өмір тынысы» деп халық бекер айтпаған. Тыныс алу тоқтаса, өмір де тоқтайды. Ең қымбат, қасиетті нәрсені «ауадай қажет» деп, ауаны ерекше бағалаймыз. «Ауаны қылышпен кеспе» деген ырым бар. Тіршіліктің төрт тірегін қастерлеу халық салты, өмір заңы. Біздің планетамыздағы тіршілік атмосфера қабатына тығыз байланысты. Ауаның құрамындағы оттегімен тыныс аламыз. Ауа болмаса жер бетін айдағы сияқты құлазыған қу шөл алып жатар еді.
Атмосфераны зерттеу. Атмосферадағы түрлі құбылыс, өзгерістерді зерттеудің зор маңызы бар. Атмосфераны зерттейтін ғылымды метеорология деп атайды. Жер бетіндегі көптеген метеорологиялық станциялар тәулігіне кемінде 4 рет арнаулы аспап-тар көмегімен атмосферадағы өзгерістерді бақылап отырады. Адам аяғы жетуі қиын жерлерде автоматты радиометеостанциялар жұмыс істейді. Жердің жасанды серіктері, ғарышкерлердің ұзақ мерзімді орбиталық станцияларда жүргізген мәліметтердің де маңызы зор.
Атмосфераны қорғау. Адамның шаруашылық әрекетінің дамуына байланысты отын көп жағылатындықтан, ауа барған сайын ластанып, ондағы көмірқышқыл газының (СО2) мөлшері артуда. Ауаны табиғаттағы апатты құбылыстар, өрт, машина, зауыт, фабрикадан, т.б шыққан түтіндер ластайды. Ауаны тазарту үшін елді мекендерді көгалдандыру және ірі кәсіпорындарда тұтқыштар орнату қажет.

 

Дәптермен жұмыс:Жаңа термин сөздерді жазып алу.

IV. Қорытынды
: Сәйкестендіру тесті: 1. Тропосфера ----- жауын – шашын қабаты
2. Көмірқышқыл газы ---- 21 %
3. Оттегі газы ---- 0,03 %
4. Метеорология ---- ауа қабаты
5. Ауа қабаты ---- атмосфераны зерттейтін ғылым .

 

Жұмбақ: Ол бар жерде бар ма, жоқ па, білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)

 

V. Бекіту: Оқушылар ауаға ойша саяхат жасайды.
Ауаға байланысты мақал – мәтел, тыйым сөздер айту.
VI. Үйге тапсырма: §24 оқу.
VII. Оқушыларды бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мақтау сөздермен марапаттап бағалаймын.

 

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________

Пәні: география

Сыныбы: 6г,в

Мерзімі:

Тақырыбы: Климат

Мақсаты:

Білімділік: Климат туралы түсінік беру. Климаттың алуан түрлілігіне сипаттама беру. Жергілікті жерді климатын талдау.

Дамытушылық: Физикалық және климат картасымен жұмыс істеу арқылы оқушылардың жұмыс істеу біліктілігін арттыру.

Тәрбиелік: Атмосфераның құбылыстарымен танысу арықылы, оны қорғау мәселелерін қарастыру. Жауын-шашынды өлшеу тәсілдерін қарастыру және диаграмма құрастыру арқылы икемділіктері мен іскерліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас, климат картасы

Негізгі ұғымдар:

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі

3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үйге тапсырма беру кезеңі

6. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

 

Сабақтың барысы

Кезеңдер Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1 Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2 Дәптерлерінен салған суреттерін, анықтамаларын тексереді. Кейін өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қояды: 1) Абсолют және салыстырма ылғалдылық дегеніміз не? 2) Жел деген не? Қандай жергілікті желдерді білесіңдер? 3) Күзгі күн теңелуі деген не? 4) Тропиктік шеңбер деген не? Дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын мұғалімге тексертеді. Ескертулері болса, мұғалімге айтып, түсінбегендерін сұрайды. Сұрақтарға жауаптары: 1) Абсолют ылғалдылық – 1 м3ауадағы су буының нақты мөлшері, ол граммен есептеледі (г/м3). Салыстырма ылғалдылық – 1 м3ауадағы су буының нақты мөлшерінің сол температурадағы ауаны қанықтыратын су буы мөлшеріне қатынасы (%) 2) Жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атайды. Жергілікті желдерге бриз және муссон жатады. 3) 23 қыркүйекте тал түстегі Күн экваторда тас төбеден түсіп, солтүстік және оңтүстік жартышарларда жарық пен жылу тең бөлініп бүкіл планетада күн мен түн теңеледеі. 4) Жер шарындағы 23,5°солтүстік және оңтүстік ендіктер арқылы жүргізілген параллельдер. Жазғы күн тоқырауда сорлтүстік тропикте, қысқы күн тоқырауда оңтүстік тропикте тал түсте күн тас төбеден түседі.
3   Ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды: 1) 2) 3) Кейін бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтап, келесі жоспар бойынша жаңа тақырыпты меңгере бастайды: 1. Климат деген не? 2. Климаттың ендікке байланыстылығы. Климатқа мұхит пен теңізінің әсері. 3. Климатқа жер бедерінің әсері. Климатқа адамның әсері. 4. Жердің климаттық белдеулері. 5. Өздерің тұрған жердің климаты.   - Оқулықты, карта,суретті пайдалана отырып, тақырыпты меңгеру. - Оқулықтағы суреттерге қарап температураны өлшейтін аспаптрдың құрылысын сипаттайды.   Мұғалімнің сұрақтарына жауаптары: 1) 2) 3) Кейін оқушылар мұғалімнің бағыттауы бойынша жаңа тақырыпты меңгере бастайды: 1. Мыналарды анықтап жазып алады: Климат (грекше клима – еңкіш) – белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық орташа жай-күйі. Климат элементтері – атмосфера қысымы, температура, жауын-шашын, жел, бұлттылық, ылғалдылық және басқа да көрсеткіштер. Мыналарды анықтап еске сақтайды: Ауа райы мен климат түсініктері бір-бірімен тығыз байланысты. Кез келген жердің климат жағдайларынан оның ауа райының сипатты ерекшеліктері көрініп тұр. 2. Мыналарды анықтап жазып алады: Теңіздік климат ауа температурасының тәуліктік және жылдық амплитудасы аз, ылғалды, жауын-шашынды, бұлтты және тұманды ауа райының басым болуымен ерекшеленеді. Мысалы, Ұлыбритания аралдары. Континенттік климат жағдайында ауа температурасының тәуліктік және жылдық амплитудасы үлкен (қысы суық, жазы ыстық,) болады, жауын-шашын аз түседі. Оған материктердің ішкі бөліктерінің (мысалы, Қазақстанның) климаты. Мыналарды анықтап еске сақтайды: Түрлі ендіктерде Күннің көкжиектен әр түрлі биіктікке көтерілуі және түсу уақытының өзгеруі одан келетін жылу мөлшерінің әр түрлілігін тудырады. Бұл өзгеріс Жер шарын жылу белдеулеріне (5 жылу белдеуін еске түсіріңдер) бөлуге негіз етіп алынған. Жылу белдеулері бір-бірінен температура мөлшеріне байланысты ерекшеленеді. 3. Мыналарды анықтап жазып алады: Мыналарды анықтап еске сақтайды: Биіктеген сайын ауа температурасы да, қысым да азаяды. Яғни климат тау беткейінде биіктік беткейінде биіктік бойынша өзгереді. Таулы өлкенің өзіндік ерекше климаты қалыптасады. Мыналарды анықтап еске сақтайды: адамның климатқа әсерлері: орманды кесуден ылғал азаяды, ал су қоймалары ылғалды көбейтеді, отынды көп жағудан атмосферада көмірқышқыл газының мөлшері артады. 4. Мыналарды анықтап жазып алады: Климат белдеулерінің 4 негізгі 3 өтпелі түрі бар: экваторлық – ауа температурасы жыл бойы тұрақты 24-28°С, жауын-шашын3000 мм; солтүстік және оңтүстік жарты шарлардағы тропиктік – теңіздік және континенттік болып бөлінеді, қоңыржай белдеуінің жазы жылы, қысы суық, ол теңіздік және континенттік климат болып екіге бөлінеді. Полярлық. Климат белдеуі 70°с.е-тен солтүстікке және 65° о.е-тен оңтүстікке қарай орын алады, оның жазы салқын, қысы суық, жауын-шашын аз түседі. Негізгі климат белдеулерінің араларын өтпелі белдеулері бөледі: субэкваторлық, субтропиктік және субполярлық (латынша суб – таяу) белдеулер. 5.Мыналарды анықтап еске сақтайды: Өздерің тұрған жердің климатының сипаттамасы 2 бөлімінен тұрады: І. Климатты қалыптастыратын себептер: 1) Географиялық ендік; 2) Жергілікті жердің мұхиттарға алыс-жақындығы; 3) Жер бедерінің жазық немесе таулы болуы; 4) Ауа массаларының әсері. ІІ. Өздерің тұрған жер климатының сипаттамасы: 1) Климаттың жалпы ерекшеліктері. Теңіздік және континенттік климат; 2) Ауаның температурасы; 3) Оташа жылдық жауын-шашын; 4) Жыл ішінде соғатын желдердің басым бағыттары; 4) Ауа райының қайталанатын түрлері; 5) Климаттың шаруашылық маңызы; 5) Климат сипаттамасына қосымшалар.
4 Тақрыптарды бекіту тапсырмалары мен сұрақтары: оқулықтың «Атмосфера» тақырыбын қайталауға арналған сұрақтардың №3, №5, №8, №11, №23 тапсырмаларды орындау.     Оқушылардың жауаптары: №3 – 1000 м, №5 – 5000 м, №8 – 11%, №23 – 1,5%.
5 Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды. Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады.
6 Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды. Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады.
7 Үй тапсырмасына §§36, 37. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.   Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________

Пәні: география

Сыныбы: 6г,в

Мерзімі:

Сабақ тақырыбы: : жердің климаттық белдеулері

Мақсаты:

Білімділік: Климат туралы түсінік беру. Климаттық белдеулерге сипаттама беру. Жергілікті жерді климатын талдау.

Дамытушылық: Физикалық және климат картасымен жұмыс істеу арқылы оқушылардың жұмыс істеу біліктілігін арттыру.

Тәрбиелік: Атмосфераның құбылыстарымен танысу арықылы, оны қорғау мәселелерін қарастыру. Жауын-шашынды өлшеу тәсілдерін қарастыру және диаграмма құрастыру арқылы икемділіктері мен іскерліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас, климат картасы

Сабақтың кезеңдері:

І. Ұйымдастыру. Амандасау,оқушыларды түгелдеу.

ІІ. Үй тапсырмасы:

1. Климат деген не?

2. Климаттың ендікке байланыстылығы. Климатқа мұхит пен теңізінің әсері.

3. Климатқа жер бедерінің әсері. Климатқа адамның әсері.

4. Жердің климаттық белдеулері.

5. Өздерің тұрған жердің климаты.

 

ІІІ. Жаңа сабақ

Климат (гр. κλίμα (klimatos) — еңкейіс) — белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі, яғни осы жерде болуға тиісті ауа райы жағдайларының жиынтығы мен оның бір ізбен өзгеріп отыруы.

Ол физикалық (климат жасайтын) процестердің, күн радиациясының, атмосфералық циркуляцияның, жер беті бедерінің туындысы. Белгілі бір жердің климатын толық білу, оның басқа жердің климатымен салыстырғандағы ерекшеліктерін айыру, сонымен қатар берілген жердің климатының өзгеруін байқау тек көп жылдар бойы жүргізілген байқауларды жүйелеу, қорыту негізінде айқындалады. Жер шарының әр нүктесіндегі климаттың әр түрлі болуы — климат құрайтын факторлардың, ягни осы процестерді жасайтын географиялық жағдайлардың айырмашылығынан туады.

Планетаның беткі жазықтығын климаттык өзгешеліктері тұрғысынан бірнеше белдемдерге бөлу ұстанымы. Жер шарын тұтасымен орап өтетін осы белдемдердің жиектері ендік сызықтармен (параллелдермен) орайлас бағытталған. Әрбір климаттық белдем құрамында бірнеше климаттық атыраптар оқшаулануы мүмкін. Климаттық белдем деген ұғым аймақтық түсінік ретінде де қолданылады. Мысалы, таулы өңірлерге тән түрлі биіктік деңгейлерінің тек өздеріне ғана тән климаттык жағдайлармен сипатталуы осы деңгейлерді дербес климаттық белдемдер ретінде даралауға мүмкіндік береді.

Климаттық белдеулер - Жер шарының ендік немесе субендік бағытта тұтаса немесе бөлініп созылып жатқан, климатқа қатысы жағынан айтарлықтай біртекті өңірлері. Климаттық белдемділік - планетаның беткі жазықтығын климаттық өзгешеліктері тұрғысынан бірнеше белдемдерге болу принципі. Жер шарын тұтасымен орап өтетін осы белдемдердің жиектеріендік сызықтармен (параллелдермен) орайлас бағышталған.[1]

Әрбір климаттық белдем құрамында бірнеше климаттық облыстар оқшаулануы мүмкін. Климаттық белдем деген ұғым аймақтық түсінік ретінде де қолданылады. Мәселен, таулы өңірлерге тән түрлі биіктік деңгейлерінін, тек өздеріне ғана тән климаттық жағдайлармен сипатталуы осы деңгейлерді дербес климаттық белдемдер ретінде даралауға мүмкіндік береді. Климаттық белдеулер климаттық аудандаудың ең ірі бірлігі ретінде қарастырылады. Климаттық белдеулер

· экваторлық,

· субэкваторлық,

· екеуден (Солтүстік және Оңтүстік жарты шарларда) тропиктік,

· субтропиктік,

· қоңыржай белдеулер деп,

· биік ендіктерде — субарктикалық,

· арктикалық,

· субантарктикалық және антарктикалық деп бөлінеді.

Оларды бөлу радиациялық баланс пен ауа температурасы мәндерінің полюстерден экваторға карай өсуіне, әр ендіктердегі ылғалдылық ерекшелікгеріне және атмосфераның жалпыциркуляциясының жүйесінде ауа массаларының ендік және субендік алмасуында басым болуына негізделген.

IV . Қорытынды

1.Климаттық белдеу дегеніміз не?

2.Климаттық белдеу нешеге бөлінеді?

3.Климаттық белдеулерге сипаттама беріңдер?

4.Қазақстандағы климаттық белдеулер.

 

V. Үйге тапсырма: §33 оқу

 

VI. Бағалау

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________

Пәні: география

Сыныбы: 6г,в

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс №5

Мақсаты.

1. Білімділік:Оқушыларды топпен жұмыс істеуге ұйымдастыру. Атмосфера жағдайлары туралы ғылыми түсінік қалыптастыру.

2. Дамытушылық: Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды дамыту. Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеп шығармашылық ойларын өсіру. Өз ойларын еркін айтып қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік:Климаттың ерекшеліктерін түсіндіре отырып, өз жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі.

1. Климаттық карта.                     4. Сөзжұмбақтар.

2. Үлестірмелер.                                        5. Асықтар, қоржын.

3. Атлас.

Сабақ типі: Жарыс сабағы,қайталау

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру. Кабинеттің, сынып оқушыларының сабаққа дйындықтарын тексеріп, сабақты бастау.

Білім сайысы.

І бөлім. Бұрынғы өткен материалдарды қайталау жұмыстары.

1. Атмосфера қандай қабат және оның құрамы?

2. Атмосфера қандай қабаттардан тұрады?

3. Атмосфералық қысым дегеніміз не?

4. Атмосфералық қысымды немен өлшейміз?

5. Тәуліктік, айлық, жылдық орташа температураларды қалай өлшейміз?

6. Қаныққан және қанықпаған ауа дегеніміз не?

7. Су буының конденсациясы дегеніміз не?

8. Тұман қалай пайда болады?

9. Бұлт дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?

10. Жауын-шашын қандай бұлттардан жауады?

11. Шық пен қырау қай жыл мезгілдерінде түседі?

12. Жел дегеніміз не? Қандай түрлері бар?

13. Бриз бен муссон желдерінің ұқсастығы.

14. Ауа райы дегеніміз не?

15. Климаттың ауа райынан айырмашылығы.

16. Жазғы күн тоқырау кашан болады?

17. Күн мен түннің теңелуі.

18. Қысқы күн тоқырау қашан болады?

19. Атмосфералцқ жауын-шашын дегеніміз не?

20. Қар жамылғысының қалындығын немен өлшейді?

2.1. Желдің жылдамдығын және бағытын кандай құрал арқылы анықтайды?

22. Шаш гигрометрмен не өлшейді?

ІІ бөлім

1. Табиғат құбылыстары туралы жұмбақтар шешу.

2. Оқушылардың өздері құраған сөзжұмбақтарын шешу.

3. Адасқан обьектіні табу.

4. Картамен жұмыс.

5. Қазақтың ауа райы туралы болжамдарынан мысалдар келтіру.

6. Мақал-мәтел жарысы.

7. Тест тапсыру.

8. Toп басшыларының жарысы. "Жорға."

3. Қорытынды: Оқушылар білімін бағалау.

4. Үйге тапсырма: Қайталау

5. Бағалау

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________

Пәні: география

Сыныбы: 6г,в

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: «Атмосфера» тарауын қайталау

Мақсаты.

1. Білімділік:Оқушыларды топпен жұмыс істеуге ұйымдастыру. Атмосфера жағдайлары туралы ғылыми түсінік қалыптастыру.

2. Дамытушылық: Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды дамыту. Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеп шығармашылық ойларын өсіру. Өз ойларын еркін айтып қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік:Климаттың ерекшеліктерін түсіндіре отырып, өз жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабак типі: кайталау.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру. Сыныпты 3 топқа бөлу.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

І кезең. Миға шабуыл.

1. Атмосфера дегеніміз не?

2. Атмосфераның төменгі кабаты калай аталады?

3. Французша «зонд» дегеніміз не?

4. Атмосфералық кысымды өлшейтін кұрал.

5. Атмосфералық жауын-шашынға нелер жатады ?

6. Кектемгі күн теңелу кай уақытта болады?

7. Жер бетіндегі жылудың негізгі көзі.

8. Түріне карай бұлттар қалай бөлінеді?

9. Желді немен өлшейді?

10. Ауа райының белгілі бір жердегі сипатын не

деп атайды?

ІІ кезең. Жұмбақшылар сайысы.

Жұмбақшылар сайысы.

1.Тарсылдап түседі,

Жер бетіне түетеді.

Жер бетіне жеткен соң,

Ғайып болып кетеді.

(Бұршак)

2. Қолы жоқ, сурет салады ,

Тісі жоқ, тістеп алады .

(А я з )

3.Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ желеді

Аузы жоқ уілдейді

(Боран)

4.Қара аспанның тауында

Киік кетіп барады

Қол аяғын баурына

Жиып кетіп барады

(Бұлт)

ІІІ кезең «Жас математиктер» сайысы.

I топ.

I ) 4000 м биіктікте термометр ОС-ді көрсетті. Б р

кезде тау бетіңде қавдай ауа температурасы болады?

4000:1000 — 4

4 • 6°С = 24° С

II топ.

1 ) Жер бетінде ауа температурасы 20°С болс^ 2 км

биіктіктегі үшақтың бортынын сыртында ауа

температурасы нешеге тең екенін есептеу.

2-6= 12 20 - 12 = 8°С

III топ.

1) Егер ауа температурасы жер бетінде - 20°С, ұшьш

бара жаткан үшақтың сыртьпща - 10;Х>ка тен болса,

үшақтың қаіщай биіктікте ұшып баім жатканын табу.

20+10 — 30 30:6 = 5 /

5 • 1000м = 5000м = 5 км

IV кезең

Географиялық тест.

1. Жердін ауа кабығы.

а) Тропосфера с) Биосфера

в) Атмосфера д) Г идросфера

2. Ауаның кұрамында

а) 78% азот, 21 % оттегі, 1% басқа газдар

в) 1% оттегі, 78% азот, 21% басқа газдар

с) 21% оттегі, 1% азот, 78% басқа газдар

д) 78%оттегі, 1% азот, 21% басқа газдар

3. Атмосфера қысымын анықтайтын кұрал.

а) Сейсмограф с) Термометр

в) Барометр д) Манометр

4. Ауаның температурасын өлшейтін аспап.

а) Термометр с) Термостат

в) Барометр д) Гигрометр

5. Жер бетінде ауаның горизонталь бағытта орын

ауыстыруы.

а) Ағыс с) Ауа массалары

в) Азимут д) Жел

6. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін аспап.

а) Барометр с) Гигрометр

в) Термометр д) Флюгер

7. Егер желдің бағыты солтүстік-шығысқа қарай

болса, ол қайдан соғып тұр?

а) Онгүстік-батыс с) Солтүстік-шығыс

в) Солтүстік д) Онтүстік

8. Французша «жеңіл жел».

а) Муссон с) Бриз

в) Пассат д) Т ұман

9. Ауаның температурасы әрбір км-ге көтерілген

сайын қанша градусқа төмендейді?

А) 2°С в) 6°С с) 9°С д) 15°С

10. 1м3 ауа кұрамындағы су буының мөлшері, ол

граммен көрсетіледі.

а) Салыстырмалы биіктік

в) Салыстырма ылғалдық

с) Атмосфералық жауын-шашын

д) Абсолютті ылғалдык.

3. Қорытынды.

Сонымен, «Атмосфера» тарауы бойынша ауа райын,

бұлт түрлерін, желдін қалай пайда болатының білдіңдер.

1. Атмосфера дегеніміз не?

2. Температураны немен өлшейді?

3. Қысымды елшейтін кұрал.

4. Грекше жер.

5. Жердің солтүстігі мен онтүстігінде не бар?

6. Желдің бағытын өлшейтін құрал.

7.21% ауада болады.

8. Күн мен түн қай айда теңеледі?

9.78% ауада болады.

4. Үйге тапсырма: Қайталау.

 

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________

Пәні: география

Сыныбы: 6г,в

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Биосфера туралы ұғым

Мақсаты:

Білімділік мақсаты – Биосфера тіршілік ортасы екендігін дәлелдей отырып, табиғаттағы тіршіліктің бір-бірімен байланыстылығын анықтау. Дүниетану пәні бойынша табиғат туралы байланысты еске түсіру. Неліктен әр жерде әр түрлі тірі ағзалар таралған, оның басты себептерін түсіндіру. Қоршаған ортаға бейімдеушілік қасиеттеріне тоқталу. Ағзалар мен жер қабықтары арасындағы байланысты ашу. Биосфера туралы түсінікті дамыту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін жоғарылату, таным белсенділіктерін арттыру, тірек білімдерді есте сақтауға үйрету, жер қабықтарының арасындағы байланысты сипаттай алу, жаңа ұғымдарды түсіндіре алу қабілеттерін және қызуғышылықтарын дамыту, экологиялық білімдерін жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушыларды ынтымақтастыққа, дербестікке, шығармашылық ойлауға тәрбиелеу. Өз ойлары мен пікірлерін еркін жеткізе алуға, тапқырлыққа, ізденушілікке үйрету. Экологиялық тәрбие.

                    

Оқу құралдары: Оқулық, 6 сынып Атлас, дүние жүзінің жарты шарлар физикалық картасы, Қазақстанның физикалық картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру. Амандасу,оқушыларды түгелдеу.

2. Үй тапсырмасы: Өткен тарауды қайталау.

3. Жаңа сабақ

Биосфера (гр. биос—тіршілік, өмір, гр. сфера — шар) — бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады.

Биосфера — тірі азғалар өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10—15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2— 3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде азғалар тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50% -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.

Биосфераның бөлімдері:

1. Тропосфера

2. Гидросфера

3. Литосфера

4. Ноосфера

 

ТРОПОСФЕРА (грек. τροπόσ – бұрылыс, өзгеріс және σφαιρα – шар) – атмосфераның жер бетімен тығыз әрекетте болатын ең төменгі қабаты. Қалыңдығы жер бетінен қызған ауаның жоғары өрлеген ағындарының көтерілетін биіктігімен анықталады. Экваторлық ендіктерде ауа 16 – 17 км, қоңыржай белдеуде 10 – 11 км, полюстік аймақтарда 7 – 8 км биіктікке көтеріледі. Осы биіктіктер Тропосфераның жоғарғы шекарасын белгілейді. Орташа қалыңдығы 10 – 11 км. Үстіндегістратосферадан жұқа тропопауза өтпелі қабатымен бөлінген. Атмосфераның жер бетіне таяу қабатында ауа Жердің тартылыс күшіне және газдардың сығылуына байланысты барынша тығыз орналасады. Атмосфераның бүкіл массасының 80%-ы және су буы түгелдей Тропосферада шоғырланған. Әр 100 м-ге биіктеген сайын ауаның температурасы орта есеппен 0,6С-қа төмендейді. Осы қабатта ауа райы мен климат түзуші процестер өтеді. Жерге іргелес ең төменгі қабатында ауаның температурасы тәулік ішінде және жыл бойы өзгеріп отырады. Тропосфера түгелдей Жердің географиялық қабығының құрамына кіреді.

Гидросфера (гр. һуdor — су, spһаіrа — шар) — 1) жер ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі, топырақтағы, жер бетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы. Оны мұхиттар мен теңіздердің суы, құрлық сулары — өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды. Гидросфера жер бетінің шамамен 71%-ын алып жатыр. Гидросфераның шамамен 94%-ын мұхиттар мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының, шамамен 2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика, Антарктида мен Гренландия), 0,4%-құрлықтардағы жер үсті суларының (өзен, көл, батпақ) үлесіне тиеді. Оның жалпы көлемі 1370,3 млн км3, бұл планета көлемінің 1/800 бөлігін ғана құрайды. Шөгінді (тұнба) таужыныстардың басым көпшілігі Гидросфера мен литосфераның жапсарында қалыптасады.

Литосфера — жер қабығы (грек. lithos- тас, sphaira — шар) — жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосферамен шектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі — шөгінді қабық; ол шөгінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның кқалыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Шөгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық немесе «базальттық» аса тығыз жыныстар қабаты жатады

Ноосфера ( гр. νόος – сана және σφαῖρα – орта, шар) немесе Антропосфера (грек. antһropos — адам, spera — қабық) — биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор;ғаламдағы адамзаттың мекендейтін аясы. Адам баласы уақыт пен кеңістікке қатысты биосфера шегінде және ғарышта өмір сүре алады. Бірақ адамзаттың тұрақты мекені — Жер. Ноосфера – ақыл-ой сферасы деген түсінікті алғаш 1927 жылы француз ғалымдары Э.Леруа (1870 – 1954) енгізген.
XX ғасырдың 30 – 40-жылдары ноосфераны материалистік тұрғыдан сипаттап жазған В.И. Вернадский болды. Ол ноосфераны биосфера мен қоғамның өзара қарым-қатынасынан туындайтын тіршіліктің жаңа формасы, бұл саналы, ақыл-ойы жетілген адамзаттың бағыттауымен қалыптасатын биосфераның жаңа эволюциялық жағдайы деп түсіндірді.
4.Бекіту.

1.Биосфера қабаты деп?

2.Биосфера қабаттары?

3.Биосфера қабатының ерекшеліктері?

4.Биосфера қабаттарына сипаттама беріңдер?

5. Үйге тапсырма: §46

6.Бағалау

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________

Пәні: география

Сыныбы: 6г,в

Мерзімі:

Сабақ тақырыбы: Тірі ағзалардың алуан түрлілігі және таралу заңдылықтары.

Мақсаты:

Білімділік мақсаты – Биосфера тіршілік ортасы екендігін дәлелдей отырып, табиғаттағы тіршіліктің бір-бірімен байланыстылығын анықтау. Дүниетану пәні бойынша табиғат туралы байланысты еске түсіру. Неліктен әр жерде әр түрлі тірі ағзалар таралған, оның басты себептерін түсіндіру. Қоршаған ортаға бейімдеушілік қасиеттеріне тоқталу. Ағзалар мен жер қабықтары арасындағы байланысты ашу. Биосфера туралы түсінікті дамыту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін жоғарылату, таным белсенділіктерін арттыру, тірек білімдерді есте сақтауға үйрету, жер қабықтарының арасындағы байланысты сипаттай алу, жаңа ұғымдарды түсіндіре алу қабілеттерін және қызуғышылықтарын дамыту, экологиялық білімдерін жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушыларды ынтымақтастыққа, дербестікке, шығармашылық ойлауға тәрбиелеу. Өз ойлары мен пікірлерін еркін жеткізе алуға, тапқырлыққа, ізденушілікке үйрету. Экологиялық тәрбие.

Оқу құралдары: Оқулық, 6 сынып Атлас, дүние жүзінің жарты шарлар физикалық картасы, Қазақстанның физикалық картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс

 

Сабақ жоспары:

І кезең – ұйымдастыру (3мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (15 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (10 мин)

ІV кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

V кезең – үй тапсырмасын беру (2 мин)

VІ кезеңқорытынды кезеңі (2 мин)

 

Сабақ барысы:

Кезең Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
І Мұғалім оқушылармен амандасып, сабақта кім бар-жоғын тексереді. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Оқушылар мұғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Бүгінгі сабақта кім жоқ екенін тексереді.
ІІ Мұғалім Жер шары қабықтарын сұрай отырып жаңа тақырыпты түсіндіруді бастайды. Жер планетасындағы биосфера географиялық қабықтың тірі ағзалар мекен ететін, қоныстанған және өзгерткен бөлігі. Биосфера атмосфера қабығының төменгі бөлігін, гидросфераны толықтай, литосфера қабығының беткі бөлігін қамтиды. Тірі ағзалардың жер бетінде таралу заңдылығын талқылай отырып, биогеография ұғымымен таныстырады. Кейін тірі ағзалардың географиялық қабықтарға әсерін қарастырады. Осыдан топырақтың түзілуіне тоқталады. Топырақ құнарлығы туралы айтып кетеді. Оқушылар Жер қабықтарын еске түсіріп, биосфера Жердің тіршілік қабығы екенін айтады. Оқушылар «тіршілік қабығы», «тірі ағзалар» ұғымдарын ашып, өз ойларын айтады. Табиғат – қоғам – адам арасындағы байланысты түсіндіреді. Тіршілік бірлестігі, биоценоз ұғымдарымен танысып, анықтамаларын дәптерлеріне жазып алады. Кейін мұғаліммен бірлесе өсімдіктер мен жануарлар карталарын талқылай отырып, биогеография ұғымына анықтама береді. Оқушылар тірі ағзалардың атмосфераға, гидросфераға, литосфераға әсерін мысалдар келтіре отырып сипаттайды. Осыдан шығып, топырақтың түзілу процесін сипаттайды. Мұғалімнің айтуымен топырақ түрлерінің ішіндегі ең құнарлысы – қара топырақ екенін анықтайды. Топырақтың қарашіріндісі қалай түзілетінін сипаттайды. Оның маңызын ашып түсіндіреді.
ІІІ Тақырыпты бекіту үшін «биосфера» түсінігін ашатын сызбанұсқа салу тапсырмасын береді. Кейін жаңа ұғымдардың анықтамаларын сұрайды. Сабақтың соңында тест тапсырмаларын береді. Оқушылар «биосфера» тақырыбына байланысты сызбанұсқа салады. әрбір сурет салған оқушы өз сызбасын түсіндіреді. Олар өз сызбаларының негізінде Атмосфера – гидросфера – жануарлар дүниесі – биосфера - өсімдіктер дүниесі – литосфера – сызбасы шығу керек. Кейін жаңа тақырып бойынша танысқан ұғымдардың анықтамаларын айтып, мазмұнын ашады. Ең соңында тест тапсырмаларын орындайды.
ІV Оқушыларды сабақта көрсеткен белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды. Тақырыптық карталармен жұмыс істеу икемділіктерін және шығармашылық деңгейлерін ескереді. Оқушылар алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.
V Үй тапсырмасына «Биосфера» тақырыбын қайталауға арналған тапсырмаларды береді. Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап, анықтап алады.
Сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін оқушылармен бірге анықтай отырып, сабақты қорытындылайды. Оқушылар мұғаліммен бірге сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтай отырып, сабақты қорытындылайды.

 

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________

Пәні: география

Сыныбы: 6г,в

Мерзімі:

Сабақ тақырыбы: Тірі ағзалардың жер қабықтарына әсері

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік.Тірі ағзалардың алуан түрлілігі,тірі ағзалардың таралу заңдылықтары,ағзалардың атмосфераға әсері,ағзалардың гидросфераға әсері, ағзалардың биосфераға әсері, ағзалардың әрекетінен топырақтың пайда болуы деген ұғымдарды ашу.

2. Дамытушылық. Тір табиғаттың қалыптасуына әсер ететін факторлармен танысу, толықтыру,дамуты.

3. Тәрбиелік. Табиғатты сүюге баулу.

 

Сабақтың өтілу әдісі: Сөздік (түсіндіру, баяндау,сұрақ-жауап), Көрнекілік (картаны, оқулықты, атласты,электронды оқулықты пайдалану), Практикалық (көрсету, жоспарлау)

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, атлас, физикалық карта

 

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру бөлімі

2. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Тірі ағзаларды өлі табиғаттан ерекшелендіріп тұратын басты белгілер қандай?

2. Биосфераның жоғары жағының озон қабатымен шектелуі қандай жағдайға байланысты?

3. Тірі табиғат пен өлі табиғаттың арасындағы байланыста өсімдік қандай орын алады?

 4. Тірі ағзалардың бір-бірімен байланысы қалай жүреді?

5. Ағзалардың бірлестігі – биоценоздардың түзілуінде табиғи ортаның қандай мәні бар? 6.Ағзалардың тіршілік формасы деген не?

7.Тірі ағзалар таралуының зоналық заңдылығы немен байланысты?

8.Тірі ағзалардың атмосфераға әсері неден байқалады?

9.Мұхит суының тұз құрамы неліктен бірқалыпты жағдайда тұрады?

 10. Ағзалар қандай тау жыныстарын түзеді? Олар қалай пайда болады?

11. Топырақ түзілуіне ағзалардың қатысы қандай?

12.Ағзалардың жер қабықтарына әсері туралы өз жерлерінен мысалдар келтіріңдер.

3. Жаңа сабақ.

 Сабақтың жоспары:

1. Жер қабықтарының өзара әрекеттесуі.Географиялық қабық.

2. Табиғат компонеттері.

Табиғат кешені. - Жердің сыртқы қабықтарында бір-бірімен зат алмасуы қалай жүреді? Деген сұраққа жауап берейікші. 1. Жердің сыртын қоршаған қабықтары, яғни, атмосфера, гидросфера, литосфера және боисфера өзара тығыз байланыста дамитындығын байқадық. Оларды құрайтын газ, сұйық және қатты күйдегі заттар бірінен біріне өтіп, араласып жатады. Соның нәтижесінде Жер қабықтары жанасатын өңірінде бір-бірімен үздіксіз әрекетте болады. Мәселен, атмосфера мен биосфераның арақатынасын зер салып байқайық. Ауадағы оттегімен жануарлар тыныстайды, көмірқышқыл газын өсімдіктер бойына сіңіріп, зат түзеді. Екінші жақтан, атмосфераның газ құрамы ағзалардың тіршілігімен тікелей байланысты (ауадағы оттегі қалай пайда болатынын естеріңе түсіріңдер). Тірі ағзалар литосфераның беткі қабатын күрделі өзгерістерге ұшыратады. Олар тау жыныстарының үгілуіне қатынасады. Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары жер қыртысындағы органикалық тау жыныстарын түзеді. Өз кезегінде литосфералық заттар ағзалардың денесін құрайды. Ағзалар үшін литосфераның беткі қабаты тіршілік ортасы болып табылады. Атмосфера мен литосфера тығыз байланысты жағдайда болады. Атмосфера жер бетіне түскен күн сәулелерінен жылынатынын білесіңдер. Одан тропосферадағы ауа температурасының биіктік бойынша өзгеру заңдылығы туады. Жер бетінен көтерілген шаң-тозаң ауаның мөлдірлігіне, сол арқылы атмосфераның жер бетіне таяу қабатының жылыну жағдайына ықпал жасайды. Ауаға көтерілген ұсақ түйіршіктердің төңірегіне су булары қоюланып, бұлт үйіріледі, т.с.с. Біз жоғарыда әр түрлі жер қабықтарының арасындағы әрекеттестікті саралап қарастырдық. Шынында мұндай байланыстар тек екі жақты ғана емес, көп жақты түрде жүреді.

Атмосфера, литосфера және гидросфераның тоғысын, бір-біріне әсер етуінің нәтижесінде Жердің ерекше қабығы – географиялық қабық түзілді. Географиялық қабық Жерде тіршіліктің пайда болуына және дамуына қажетті жағдай тудырды. Жердің дамуының қазіргі кезеңінде тіршілік жеке биосфера қабығын құрайтын дәрежеге жетті. Сонымен, географиялық қабыққа литосфераның басқа қабықтардың әсерінен өзгерген жоғары бөлігі, атмосфераның төменгі қабаты, бүкіл гидросфера және биосфера жатады.

 Географиялық қабыққа тән болып келетін бірнеше ерекшелік бар. Олар төмендегіше:

1. Жер қабықтарының әрқайсысы бір ғана заттан (атмосфера-ауадан, гидросфера-судан, литосфера-тау жыныстарынан, биосфера-тірі ағзалардан) тұрады. Ал географиялық қабықтың заттық құрамы күрделі. Оған аталған заттардың бәрі де кіреді. Сондықтан ол кешенді сипатқа ие болады.

2. Ағзалар тек қана географиялық қабықта тіршілік етеді. Атмосфераның жоғарғы қабаты мен литосфераның терең қойнауына тіршілік таралмайды.

3. Жерге күн сәулесімен келетін жылу түгелдей дерлік географиялық қабыққа шоғырланады. Оған жылу мөлшерінің белдеулер түрінде таралуы сипатты. Атмосфераның жоғарғы қабатында немесе литосфераның терең бөлігінде жылу бұлайша белдеулік заңдылықпен таралмайды.

 4. Географиялық қабық құрамды болғанымен, біртұтас дүние. Оның құрамына кіретін Жер қабықтарының бірінің өзгерісі басқаларының да өзгерісін тудырады. Мысалы, жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және дамуы атмосфера, гидросфера және литосфераға қандай өзгерістер енгізгенін сендер білесіңдер. Табиғат компоненттерінің арасындағы байланыс 2.Географиялық қабық тау жыныстарынан, ауадан, судан, топырақтан, өсімдіктер мен жануарлардан тұрады. Географиялық қабықтың бұл құрамдас бөліктері табиғат компоненттері немесе географиялық компоненттер деп аталады (латынша компонент-құраушы). Кез келген аумақтың табиғат компоненттерінің жиынтығы біртұтас жүйе құрайды. Ол жүйе табиғат кешені немесе географиялық кешен деп аталады.

Табиғат кешенін құрайтын жеке компоненттер бір-бірімен тығыз байланысты. Олардың біреуінің өзгерісі міндетті түрде басқаларының өзгерісін туғызады. Мысал үшін құмды шөл табиғат кешенін көөз алдарыңа келтіріңдер. Сусыған құм, тікенекті сирек өсімдік, құмға бейімделген жануарлар. Енді осы табиғат кешенінің өзен суын бұрып, канал жүргізгеннен кейінгі өзгерісін байқайық. Каналдың сіңген суы маңайындағы жер асты суының деңгейін көтергендіктен, сор және көлшіктер пайда болады. Каналдың жағалауында, көлшіктердің төңірегінде қамыс, қоға, талдан тұратын тоғайлар өседі. Түрлі құмды шөл жануарларының орнын тоғай жануарлары басады. Ылғал және өсімдік сипатының өзгерісіне сәйкес сусыма құмның орнына жайылма топорағы қалыптасады. Жергілікті климат жағдайларында да өзгеріс байқалады. Сулы жерде ауаның ылғалы көбейіп, аптап ыстық бәсеңдейді. Жер шарындағы ең үлкен табиғат кешені (ең күрделі жүйе) – географиялық қабық. Географиялық қабық бірінен-бірі туындайтын табиғат кешендері жүйесінен тұрады.Жер бетіндегі географиялық қабықтан кейінгі табиғат кешені- материк пен мұхит. Мұхитқа қарағанда құрлық бетіндегі табиғат кешендері айқын көрінеді.

4.Қорыту.

Сонымен бүгінгі сабақтан жер қабықтарының өзара әрекеттесуі , географиялық қабық, табиғат кешені мен табиғат компоненттері туралы әңгімеледік. Кімде қандай түсінбеген сұрақ бар. Оқулықтағы сұрақтарды шолып шығу.

5.Үйге тапсырма беру  §48 оқу

6.Бағалау

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________

Пәні: география

Сыныбы: 6г,в

Мерзімі:

Сабақ тақырыбы: Географиялық қабық. Географиялық қабық – Жердің ерекше, кешенді қабығы.

Мақсаты:

Білімділік мақсаты – Географиялық қабық пен оның бөліктері арасындағы байланысты анықтау. Табиғат кешені туралы ұғымды қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін жоғарлату, таным белсенділіктерін арттыру, тірек білімдерді есте сақтауға үйрету, картадан көлдерді көрсете білу және сипаттай алу, жаңа ұғымдарды түсіндіре алу қабілеттерін және қызуғышылықтарын дамыту, экологиялық білімдерін жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты – табиғат кешендерінің өзіндік ерекшеліктеріне тоқтала отырып, оны қорғау жолдарын қарастыру. Экологиялық білім, тәрбие беру.

Оқу құралдары: Оқулық, 6 сынып Атлас, дүние жүзінің жарты шарлар физикалық картасы, өсімдіктер, зоогеографиялық карталар, суреттер.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс

 

Сабақ жоспары:

І кезең – ұйымдастыру (3мин)

 ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (15 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (10 мин)

ІV кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

V кезең – үй тапсырмасын беру (2 мин)

VІ кезеңқорытынды кезеңі (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
І Оқушыларды түгендейді. Оқушылардың сабаққа дайыдығын тексереді. Оқушылар құрал-жабдықтарын түгендеп, сабаққа дайындалады.
ІІ Жаңа сабақты түсіндіру барысында географиялық қабық, биосфера туралы оқушылардың түсінігін тексереді. Өткен тақырыпты еске түсіреді. Нәтижесінде географифялық қабық туралы түсінік береді. Ендігі мақсат географиялық қабық пен табиғат компоненттері, табиғат кешендері арасындағы байланысты ашу. «Табиғат компоненттері деген не?» деген сұраққа жауап бере отырып тау жыныстары, топырақғ өсімдік, жануарлар, ауа, су географиялық қабықтың құрамдас бөлігі екендігін дәлелдейді. Географиялық Қабық, ландшафттық қабық, эпигеосфера — атмосфера, литосфера, гидросфера және биосфера қабаттарының бір-бірімен тығыз байланыста болатын ортасы, яғни адамзаттың іс-әрекеті өтетін Жердің беткі (жоғарғы) қабығы. Географиялық Қабықтың негізгі ерекшелігі — мұнда заттар үш агрегаттық күйде (қатты, сұйық және газ) болады. Екінші ерекшелігі — Географиялық Қабықтың бір-бірімен тығыз байланыста болатын орталығында (ядросында) органик. өмір пайда болуы. Бүкіл органик. өмір өзінің әр алуан көрінісі арқылы литосфераның бірнеше жүздеген метрінен бастап, 4 — 5 км тереңдікке дейін (гипергенез қабатына дейін) және ауа ағындары арқылы стратосфераның төм. қабатына (озоносферақабатына дейін) дейін таралады. Құрлықтағы Географиялық Қабықтың төм. шекарасы жер бетінен 30 — 40 км тереңдікте, ал тау сілемдерінде 70 — 80 км тереңдікке жетеді. Дүниежүз. мұхиттардағы Географиялық Қабықтың төм. шекарасы 5—8 км тереңдікте, яғни жер бетіне жақын орналасқан. Географиялық қабықты түзуші компоненттерге (құрамдарына) тау жыныстары, ауа массасы, топырақ жамылғысы, су көзі және биоценоздар, полюстік ендіктердегі мұздықтар жатады; негізгі энергет. құраушыларына гравитациялық энергия, планетаның ішкі (эндогенді) жылуы, Күннің сәулелі (радиациялық) энергиясы және ғарыштық энергия жатады. Географиялық Қабықтың негізгі ерекшелігі — оның біртұтастығы. Қабықтың құрамдас бөліктері арасында үнемі зат пен энергия айналымы болатындықтан, біреуінің өзгеруі міндетті түрде басқаларын да өзгеріске ұшыратады. Екінші ерекшелігі — зат және сонымен байланысты энергия айналымы, табиғи процестер мен құбылыстардың қайталанып отыруы. Құрлықтағы жіктелудің салдарынан геогр. белдемдер пайда болады. Кеңістікте геогр. құрылымның өзгеруінен ландшафттар мен геокешендер түзіледі. Географиялық Қабық ұғымын алғаш рет 1910 ж. орыс метеорологы П.И. Броунов, ал Г. қ. терминін 1932 ж. орыс географы, акад. А.А. Григорьев енгізді. Оқушылар өткен тақырыпты еске түсіре отырып, географиялық қабық түсінігін түсіну керек. Кейін географиялық қабықтың компеонеттері деген не екенін анықтап, олардың арасындағы байланысты өздері түсіндіруге тырысу керек. Табиғат компоненттері қандай факторларға байланысты таралғандығы туралы оқушылар өз ойларын айтады. Ойларын түсіндіру барысында климат ұғымын пайдалану керек. Шөл және шөлейт аймағындағы өсімдіктердің табиғи ортаға бейімділушілігін мысалдар келтіру арқылы түсіндіреді.
ІІІ Тақырыпты бекіту үшін келесі сұрақтар мен тапсырмаларды береді: 1. Табиғат кешені деп ені түсінесіңдер? 2. Табиғат компоненті деп нені айтады. 3. табиғат кешендеріндегі табиғат компоненттерінің өзара байланысын ашып көрсетіңдер. 1. табиғат кешендерінің өзгеруі неге байланысты? 2. адамның табиғат кешеніне тигізетін әсері қандай? 3. ауа табиғат компоненті ретінде басқа компоненттерімен қандай байланыста болуы мүмкін? 1. өсімдік жамылғысының табиғат кешеніндегі орны қандай? 2. белгілі бір табиғат кешеніне жалпы сипаттама беріңдер. 3. биосфера мен гоидросфера арасында қандай байланыс бар? 4. ауа, топырақ, өсімдіктердің арасындағы байланыстарды түсіндіріңдер. 1. табиғат кешендерінің шаруашылық маңызы қандай? 2. Қазақстан жерінде қандай табиғат кешендері таралған? 3. табиғат кешендері таралуының климатқа байланыстылығын дәлелдеп бер. Оқушылар мұғалімнің бекіту сұрақтарына жауап береді: 1. тау жыныстары, ауа, су, топырақ, өсімдіктер мен жануарлардың біртұтас жүйесі табиғат кешені деп аталады. 2. географиялық қабықтың құрамдас бөліктері – ауа, су, топырақ, өсімдіктер мен жануарлар – табиғат компоненттері 3. жер бетіндегі ең үлкен табиғат кешені – географиялық қабық. Оның атмосфера – гидросфера – литосфера – биосфера арасындағы байланысты түсіндіреді. 4. табиғат кешенін құрайтын жеке компоненттер бір-бірімен тығыз байланысты. Олардың біреуінің өзгерісі міндетті түрде басқаларының өзгерісін тудырады. 5. мысалы құмды шөл арқылы канал жүргізілсе, сол жердегі өсімдіктер мен жануарлар дүниесі өзгереді. 6. өсімдіктер мен жаунарлардың тыныс алуы, атмосфера күн сәулесінен жылынады, ауаның құрамындағы су булары қоюланып, бұлт түзіледі, жер бетіне жауын-шашын түседі. 7. жылу мен ылғалдың таралуына байланысты өсімдіктер таралады. Ал өсімдіктер дүниесі мен жануарлар дүниесі тығыз байланысты. Өсімдіктер оттегін түзеді. Олар арқылы фотосинтез процесі жүреді. 8. белгілі бір табиғат кешеніне сипаттама береді. 9. тіршілік үшін судың, ылғалдың маңызы зор. тіршілік ауада да, топырақта да, суда да бар. Дүниежүзілік мұхитттың тіршілік дүниесі алуан түрлі. 10. өсімдік ауаны тамыры арқылы топырақтан сіңіреді. 11. табиғат кешендерінің адамдардың тіршілігі үшін қолайлылығы оны шаруашылық үшін пайдалануына мүмкіндік береді. Адамдар өздерінің іс-әрекетімен табиғат кешеніне кері әсерін тигізуі мүмкін. 12. Қазақстан жерінде Батыс Сібір жазығы, Тянь-Шань, Сарыарқа табиғат кешендері бар. 13. климат экватордан полюстерге қарай жылу мен ылғалдың таралуына байланысты өзгереді. Дәл осындай заңдылық қсімдіктер мен жануарлар дүниесінде байқалады. Климатқа байланысты табиғат кешені қалыптасады.
ІV Оқушыларды сабақта көрсеткен белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды. Тақырыптық карталармен жұмыс істеу икемділіктерін және шығармашылық деңгейлерін ескереді. Оқушылар алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.
V Үй тапсырмасына мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды береді. Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап, анықтап алады.
Сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін оқушылармен бірге анықтай отырып, сабақты қорытындылайды. Оқушылар мұғаліммен бірге сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтай отырып, сабақты қорытындылайды.

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________

Пәні: география

Сыныбы: 6г,в

Мерзімі:

Сабақ тақырыбы: Жер шарының табиғат зоналары

Мақсаты:

Білімділік мақсаты – Географиялық белдеулер мен зоналар туралы түсінік беру, таралу заңдылықтарын түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты – Картамен, кескін карталармен, атласпен жұмыс істеу арқылы икемділітктері мен дағдыларын дамыту. Климат белдеулері картасына қарап, географиялық белдеулер мен зоналарды айыруға үйрену.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушыларды ынтымақтастыққа, дербестікке, шығармашылық ойлауға тәрбиелеу. Өз ойлары мен пікірлерін еркін жеткізе алуға, тапқырлыққа, ізденушілікке үйрету. Экологиялық тәрбие.

Оқу құралдары: Климаттық белдеулер картасы, кесте, суреттер.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс

 

Сабақ жоспары:

І кезең – ұйымдастыру (3мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (15 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (10 мин)

ІV кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

V кезең – үй тапсырмасын беру (2 мин)

VІ кезеңқорытынды кезеңі (2 мин)

Сабақ барысы:

 

Кезең Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
І Оқушылармен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын тексереді. Сабаққа дайындығын тексереді. Оқушылар мұғаліммен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды. Сабаққа дайындалады.
ІІ Біріншіден, карта бойынша географиялық белдеулердің жер бетінде таралуын, қай материкте оның шекаралары қалай өтетіндігін картамен жұмыс істеу барысында түсіндіреді. Климаттық белдеулердің зоналарға бөліну себептерін аша отырып әр табиғат зонасына сипаттама береді. Оқушылар географиялық белдеулердің климат белдеулерімен сәйкес келетінін байқап, анықтайды. Негізгі географиялық белдеу және өтпелі «суб» белдеулерді кесте ретімен дәптерге жаза отырып картадан көрсету жұмыстары ұйымдастырылады.
ІІІ Тақырыпты бекіту үшін жоғарыда айтылған гегографиялық белдеулер кестесімен жұмыс істеуді тапсырады. Кестемен жұмыс істеу барысында табиғат белдеулері мен табиғат зоналарын оқып үйрену тәсілдері қарастырылады. Кестенің мазмұны: Географиялық белдеулер: полярлық белдеу (арктикалық), қоңыржай, тропиктік, субэкваторлық, экваторлық, тропиктік, қоңыржай, полярлық (антарктикалық) белдеу. Табиғат зоналары, климаты, өсімдігі, жануарлар дүниесі, табиғатты қорғау. Кезең соңында қорытынды сұрақтар экваторлық, субэкваторлық белдеулер бойынша қойылады: 1. Неліктен жер бетінде жеті географиялық белдеу таралған? Себебін ашып түсіндіру. 2. Неліктен құрлық пен мұхит бетіндегі географиялық белдеу шекарасы параллель бағытына сәйкес келмейді? 3. Солтүстік және Оңтүстік жарты шардың географиялық белдеулерінің ұқсастығы неде, неліктен? Оқушылар оқулық мәтінімен, картамен жұмыс істейді. Инетрактивті тақтаның көмегімен өсімдік, жануарлар туралы суреттер көрсетіледі. Кестемен жұмыс істеу барысында экваторлық, субэкваторлық белдеулер туралы мәліметтер толығымен қамтылады. Ол мәліметтерге климаты, топырағы, өсімдігі, жануарлар дүниесі, т.б. жатады. Картамен жұмыс істеу нәтижесінде оқушылар бұл белдеулердің таралу аймақтарын қай материктерикте, қай жерлерді алып жатқандығын біліп, анықтайды. Оқушылар мұғалімнің қорытынды сұрақтарына жауап береді: 1. Табиғат кешендерінің ендік бойынша өзгеруінен географиялық қабық белдеулер мен зоналарға бөлінеді. Олар климат белдеулеріне сәйкес келеді.
ІV Үйге тапсырма: Жер шарының табиғат зоналары Күнделіктеріне жазу.
V Бағалау  

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________

Пәні: география

Сыныбы: 6г,в

Мерзімі:

Сабақ тақырыбы: Практикалық жұмыс №6

Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Табиғат кешендерін қорғау қажеттілігін негізге ала отырып экологиялық білімін бекіту, тереңдету;
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, өзара тексеруге, ұйымшылдыққа, белсенділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру, экологиялық сауаттылыққа баулу;
Дамытушылық: Жаңа технологияны меңгерту және қосымша тапсырмалар беру негізінде, логикалық ой-өрісті дамыту, білім деңгейін тереңдету, техникалық құралдар арқылы қызығушылығын арттыру;

Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, топтастыру әдісі, терминдер
Экологиялық есептер шығару, картамен жұмыс, географиялық диктант, сөзжұмбақ.
Көрнекілігі: Оқулық, жарты шарлар картасы, марапаттаулар, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: география, экология, математика, жаратылыстану

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Сабақ мақсатын жүзеге асыру үшін сыныпты үш топқа бөлеміз.
1топ - «Жасыл желек»
2топ - «Самал жел»
3топ - «Мөлдір бұлақ»

Әр топтың топ басшылары болады. Олар оқушылардың білімін бағалайды.
1-тапсырма «Кім көп біледі?»
2- тапсырма «Экологиялық есеп» сайысы
3- тапсырма «Тез жауап»
4- тапсырма «Картамен саяхат»
5- тапсырма «Бұл не?»
6- тапсырма «Білгір географ»

ІІІ. Қорытындылау
ІV. Бағалау. Марапаттау
V. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу. Оқу-құрал жабдықтарын қадағалай отырып, түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1-тапсырма. Оқушылардың назарын үй тапсырмасына аударамын да, төменгі сұрақтарды қоямын:
1. Табиғат кешені дегеніміз не?
2. Жер шарындағы ең үлкен табиғат кешені?
3. Адам жер беті табиғат кешендерінің жалпы көлемінің қанша пайызын игерген?
4. Адамдардың шаруашылық әрекетінен табиғаттың өзгеруін неден байқауға болады?
5. Үлкен қалалардың шоғырлануы табиғи ортаға қандай әсерін тигізді?
6. Жер шарындағы адам санының күрт көбею неге әкеп соқты?
7. Табиғи жүйенің түпкілікті өзгеруінен қандай проблемалар туындауы мүмкін?
8. Өз жеріңде табиғат кешендерінің өзгеруі байқала ма?

2- тапсырма. «Экологиялық есеп» сайысы
1. Шошқа өсіретін кешендерден тәулігіне 350метр куб лас заттар өзенге құйылады. Жылына қанша мөлшерде өзендерге лас зат құйылады?
Шешуі: 365*350=127 750м(куб)
2. Бір автомобиль тәулігіне 20кг газ бөліп шығарса, 6 автомобиль 1айда қанша газ бөліп шығарады?
Шешуі: 6*20=120; 120*30=3 600(кг)
3. Әр адам 1жылда 3 ағаштан жасалған қағазды пайдаланады. 1жылда 5 адамнан тұратын отбасына қанша қағаз керек?
Шешуі:3*5=15(ағаш)

3- тапсырма. «Тез жауап» Оқушылар иә немесе жоқ арқылы жауап береді.
1. Табиғат кешендерін мүлде тиіспей, алғашқы қалпында сақтауға бола ма? (жоқ)
2. Планета халқының 1/3 бөлігіне су жетіспейді ме? (иә)
3. Табиғат кешендерінің өзгерісі адам әрекетінен болды ма?(иә)
4. Табиғатты қорғау – күнделікті жай проблемаға жатады ма? (жоқ)
5. Қоршаған ортаны қорғау біздің заңымызда қаралған ба?(иә)
6. Атмосфераның жылынуы біздің Қазақстанға тән құбылыс па? (жоқ)

4- тапсырма. «Картамен саяхат»
1. Теңіздің су айдыны 2/3-ге қысқарды. Судың тұздылығы 2, 5 еседей артуы салдарынан балық түрлері жойылуда. Табиғи ортаның жағымсыз өзгерісі халық шаруашылығына зиянын мықтап тигізуде. Кеме қатынасы, балық аулау мүлде тоқтатылды. Бұл қай жер туралы айтылып отыр, картадан көрсет.
2. Адам қоныстанбаған уақытта қалың ну орман болатын. Кейін португал теңізшілер ешкі әкеліп, тастап кеткен. Кейін 200жыл өткен соң олжер құр шөлге айналған. Бұл әңгіме қай жер туралы, картадан тап.
3. Осы өңірде жарылған 500-ге жуық...сойқаны, адамдарды ақырзаман індетіне шалдықтырып, Жер-Ананы осьінен тайдырып жібере жаздады. Улы тозаң мен аждаһа ошағы жарты әлемді ойрандап, Орта Азияны тозаңға тұншықтырды. Өйткені, осы жердің маңындағы қазақтардың көбі, дәрігерлердің өзі анықтай алмайтын аурулардан қырылғаны белгілі. Осы аймақта тұратын 1,5 миллионға жуық адам жазылмайтын дертке шалдығып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын кеселге душар болғаны жасырын емес. Бұл қай жер? Картадан тап.

5- тапсырма. «Бұл не?»
ХТҚО- Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағы. (125елден 800адам мүше)
ХЭЭҚ- Халықаралық экологиялық экономика қоғамы. (49 елден 500 мүше)
ВВФ - Ғаламшар тоғайларын қорғаудың халықаралық интернационалды жастар қоры; Даниядағы жастардың «жасылдар қозғалысы»
Гринпис («Жасыл әлем») - Бүкіл дүниежүзілік табиғат қорғау ұйымы. 1970 жылы құрылған. 17 мемлекетте топтары бар, 2,5 млн адам мүше
МСОП - Халықаралық табиғатты қорғау және табиғат ресурстары ұйымы.
ВФОП - Бүкіл дүниежүзілік табиғатты қорғау қоры. (ДЖ фауна мен экожүйені сақтау проблемасымен айналысады; халықаралық жастар курсын, лагерлер мен табиғат қорғау клубтарын және т. б. шараларды ұйымдастырады)

6- тапсырма. «Білгір географ»

Экология - адамның табиғатқа әсерін зерттейтін ғылым.
Эколог - табиғаттың ластануын зерттейтін адам.
Экология түрлері - адам экологиясы, ауа экологиясы, су экологиясы, топырақ экологиясы.

ІІІ. Қорытындылау. Топтастыру әдісі бойынша
Оқушылармен бірігіп мынадай қорытынды жасаймын.
1. Өндіріс орындарында біртіндеп тазалаушы қондырғыларды орнату.
2. Зияны аз деген отын түрлерін пайдалану.
3. Қалдықсыз технологияға көшу.
4. Табиғи байлықты тиімді пайдалану.
5. Флора мен фаунаның жойылып кетуінен сақтайтын іс-шараларды жедел түрде ұйымдастыру.
6. Ағаштар егу.
7. Табиғат тазалығын сақтау.

СӨЗЖҰМБАҚ СҰРАҚТАРЫ:
1. Қоршаған орта туралы ғылым
2. Жердің су қабаты
3. Атмосфераны негізгі ластаушы көздер
4. Семей полигонын да қандай сынақтар жүргізілді
5. Жердің ауа қабаты
6. Зауыттардан, автокөліктерден шығатын зиянды зат
1) Экология, 2) Гидросфера, 3)Автомобил, 4)Ядролық, 5)Атмосфера, 6) Түтін

ІV. Бағалау. Марапаттау. Әр топтың ұпай санын шығарып, бағалау. Топтағы белсенділік көрсеткен топты атап, марапаттау.
V. Үйге тапсырма. «Елім бай болсын десең, жеріңнің бабын тап» немесе «Табиғат кешендерін қорғау» тақырыбына мазмұн жазу.

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________

Пәні: география

Сыныбы: 6г,в

Мерзімі:

Сабақ тақырыбы: Табиғат кешендерін қорғау

Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Табиғат кешендерін қорғау қажеттілігін негізге ала отырып экологиялық білімін бекіту, тереңдету;
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, өзара тексеруге, ұйымшылдыққа, белсенділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру, экологиялық сауаттылыққа баулу;
Дамытушылық: Жаңа технологияны меңгерту және қосымша тапсырмалар беру негізінде, логикалық ой-өрісті дамыту, білім деңгейін тереңдету, техникалық құралдар арқылы қызығушылығын арттыру;

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру. Амандасу,оқушыларды түгелдеу.

2. Үй тапсырмасы:

1. Неліктен жер бетінде жеті географиялық белдеу таралған? Себебін ашып түсіндіру.

 2. Неліктен құрлық пен мұхит бетіндегі географиялық белдеу шекарасы параллель бағытына сәйкес келмейді?

 3. Солтүстік және Оңтүстік жарты шардың географиялық белдеулерінің ұқсастығы неде, неліктен?

3. Жаңа сабақ

Табиғатты қорғау - қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.

Табиғатты қорғау - бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әкімшілік-шаруашылық, техникалық-өндірістік, экономикалық және заңды шаралар жүйесі. Қазақстанның табиғи ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану. Қазақстан Республикасының Мәжілісі және Үкіметінде табиғатты қорғауды күшейтуге, республикамыздың табиғи ресурстарын ұдайы өсіруге бағытталған бірқатар заңнамалық актілер қабылданып, пайдаланылуда. Әрбір облыстардың жанында осы актілердің орындалуын бақылайтын арнаулы мекемелер бар. Республикада табиғат қорғау прокуратурасы құрылды. Ол Қазақстан Республикасының табиғат қорғау туралы заңдарының орындалуын қатаң кадағалайды. Қазақстанда мемлекеттік ұйымдар торабы құрылған, олардың қызметі бірегей құрамды флоралар мен фауналары бар үлкен аумақты барынша ұзақ сақтауға арнайы бағытталған. Бұл ұйымдар - қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар және ерекше қорғалатын аумақтар. Қазақстан Республикасында 2003 жылы ерекше қорғалатын 25 аумақ бар деп есептеледі, олардың қорықтары 10, табиғи ұлттық саябақтары - 10. Бұл табиғат қорғау мекемелері шамамен 3 млн гектар ауданға орналасқан.

Мына қорықтар әлемге әйгілі:
Наурызым қорығы - дала флоралары мен фауналарын қорғау үшін 1934 жылы құрылды. Мұнда бірегей дала қарағайлы орманы бар.
Қорғалжын қорығы - дүниежүзілік маңызы бар суда жүзетін құстардың мекен орны ретінде Теңіз-Қорғалжын көлдерінің табиғи кешенін қорғау үшін 1968 жылы құрылды. Бұл жылыстайтын құстар мен әлемде өте көп ұя салатын қоқиқаздардың тынығу орны болып табылады. Бұл екі қорық әлемдегі жалғыз ғана бірегей үлгі өлшемді (эталон) аумақ болып табылады. Онда сан алуан дала келбеті сақталған. БҰҰ-ЮНЕСКО жанындағы білім, ғылым және мәдениет жөніндегі дүниежүзілік ұйым оларға Дүниежүзілік мұра нысан мәртебесін берді.
Ақсу-Жабағылы қорығы - Батыс Тәңіртаудың солтүстік аудандарының табиғи кешендерін қорғау үшін 1926 жылы құрылған. Қорықта марал, елік, арқар, сібірлік таутеке, ақтырнақ аю,ілбіс, доңыз, жайра, ұлар өмір сүреді.
Барсакелмес қорығы - бұл шөл кешенін қорғау және соған тән жануарлардың санын қалпына келтіру үшін Арал теңізіндегі аралда 1939 жылы құрылды. Аралда құлан, бөкен, қарақұйрық өмір сүреді;
Алматы қорығы - бұл Іле Алатауының табиғи кешенін қорғау үшін 1964 жылы құрылды. Қорықта марал, ілбіс, арқар, сібірлік таутеке, ақтырнақ аю, ұлар, қырғауыл, кекілік, құр өмір сүреді.
Марқакөл қорығы - бұл Марқакөл көлімен қоса Оңтүстік Алтайдың табиғи кешенін қорғау үшін 1976 жылы құрылды. Мұнда сүтқоректілердің 40 түрі өмір сүреді. Олардың ішінде қоңыр аю, бұлғын, марал, құстардың 200-ге жуық түрлері және жергілікті түр - эндомик осқы балығы бар болатын

Ұлттық саябақтар да табиғат қорғауда үлкен қызмет атқарады, оларда орасан зор шектеулі шаруашылық әрекеттер шешімін тапқан және таныстыруға арналған танымжорықтары өткізіледі. Мұнда тынығып, денсаулықты қалпына келтіруге, туризм және спортпен шұғылдануға болады. Солардың ішінде Іле Алатауы, Баянауыл, Қарқаралы және Көкшетаумемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар кеңінен таныс. Ұлттық саябақтарда өсімдіктер мен жануарлар әлемі қатаң қорғауға алынған. Республикада мейірімсіздікпен аулаудан саны кеміген дала киігі - ақбөкендерді ұдайы өсіруге, Каспий және Жайық өзені алабындағы бекіре тұқымдас балықтарды қорғау және тездетіп ұдайы өсіру бойынша шұғыл шаралар қабылданды.

4. Қорытынды

1.Табиғат кешені дегеніміз?

2.Қазақстанда қорғауға алынған табиғи қорықтар

3.Елімізде қанша қорық бар?

4.Елімізде қанша ұлттық саябақтар бар?

5. Үйге тапсырма: §50 оқу

6. Бағалау

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________

Пәні: география

Сыныбы: 6г,в

Мерзімі:

Сабақ тақырыбы: «Жер қабықтары бөлімін» қайталау.

 

Мақсаты:

Білімділік мақсаты – Географиялық қабық пен оның бөліктері арасындағы байланысты анықтау. Табиғат кешені туралы ұғымды қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін жоғарлату, таным белсенділіктерін арттыру, тірек білімдерді есте сақтауға үйрету, картадан көлдерді көрсете білу және сипаттай алу, жаңа ұғымдарды түсіндіре алу қабілеттерін және қызуғышылықтарын дамыту, экологиялық білімдерін жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты – табиғат кешендерінің өзіндік ерекшеліктеріне тоқтала отырып, оны қорғау жолдарын қарастыру. Экологиялық білім, тәрбие беру.

Оқу құралдары: Оқулық, 6 сынып Атлас, дүние жүзінің жарты шарлар физикалық картасы, өсімдіктер, зоогеографиялық карталар, суреттер.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

 

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру. Амандасу,оқушыларды түгелдеу.

ІІ. Практикалық жұмыс

1.кезең

1-нұсқа
1. ..... литосфераның жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі, гидросфера, биосфераның өзара әрекеттесуіне қалыптасқан ерекше қабық.
2. Географиялық қабық...... ерекшелігімен анықталады.
3. Географиялық қабықтың құрамдас бөліктері..... деп аталады.
4. Географиялық қабық құраушыларына .......... жатады.
5. Жер беті аумағының табиғат компоненттерінің жиынтығы..... деп аталады.
6. Географиялық қабық Жер шарының...... болып табылады.
7. Негізгі географиялық белдеулерге....... жатады.
8. Экватордың екі жағында орналасқан, ауа температурасы біркелкі, жыл маусымдары бөлінбейтін белдеу......
9. Арктикалық және антарктикалық белдеулерді..... алып жатыр.
10. Жер шарының ең үлкен Сахара шөлі орналасқан белдеу.
2-нұсқа
1. Тропиктік белдеуде Жер шарының ең үлкен шөлі........ орналасқан.
2. Мқзды шөл зонасы алып жатқан белдеулер.......
3. Аралық географиялық белдеулерге..... жатады.
4. Тау жыныстары, ауа, су, топырақ, тірі ағзалар географиялық қабық..... жатады.
5. Экваторлық белдеу алып жатқан аймақ......
6. Экваторлық, тропиктік, қоңыржай, полярлық белдеулер..... жатады.
7. Жер шарының ең ірі табиғат кешені...... болып саналады.
8. Географиялық қабықтан кейінгі табиғат кешендеріне..... жатады.
9. ......тек географиялық қабыққа тән.
10. Экваторлық белдеуде .......таралған.
Дұрыс жауаптары
1-нұсқа
1. Географиялық қабық
2. Төрт
3. Табиғат компоненттері
4. Тау жыныстары, ауа, су, топырақ, тірі ағзалар
5. Табиғат кешені
6. Ең үлкен табиғат кешені
7. Экваторлық, тропиктік, қоңыржай, полярлық белдеулер
8. Экваторлық белдеу
9. Мұзды шөл зонасы
10. Тропиктік белдеу
2-нұсқа
1. Сахара
2. Арктикалық және антарктикалық белдеулер
3. Субэкваторлық, субтропиктік, субполярлық
4. Құраушыларына
5. Экватордың екі жағы
6. Негізгі географиялық белдеулерге жатады
7. Географиялық қабық
8. Материктер мен мұхиттар
9. Тірі ағзалар 10. Ылғалды мәңгі жасыл ормандар зонасы

2.кезең. Тест


І нұсқа

1.Биосфера географиялық қабықтыз ... бөлігі боп саналады.
А) Мантия, ядро, жер қыртысынан құралған
В) Тау жыныстары мен табиғат компонеттерініз
С) Адамдар мекен ететін
D) Мантия мен ауа
Е) Литосфера, стратосфера, мұхиттардан тұратын
Дұрыс жауап: С

2.Барлық қабаттарды қосатын жер қабығы
А) Литосфера
В) Биосфера
С) Атмосфера
D) Гидросфера
Е) Тропосфера
Дұрыс жауап: В

3.Жердіз тіршілік үшін мазызы зор қабаты
А) Ионосфера
В) Мезосфера
С) Тропосфера
D) Стратосфера
Е) Экзосфера
Дұрыс жауап: С

4.Бір текті жағдайлы аумақта тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлардыз жиынтығы
А) Геоценоз
В) Биоценоз
С) Зооценоз
D) Агроценоз
Е) Нооценоз
Дұрыс жауап: В

5.«Экология» ұғымын енгізген
А) Ж. Ламарк
В) Э. Геккель
С) В. Докучаев
D) Ч. Дарвин
Е) М. Ломоносов
Дұрыс жауап: В

6.Құнарлы топырағымен ерекшеленетін табиғат зонасы
А) Тайга
В) Тундра
С) Тропиктік орман
D) Дала
Е) Саванна
Дұрыс жауап: D

7.Тізеден келетін ормандар кездесетін зона
А) Тайга
В) Арктикалық шөл
С) Тундра
D) Орманды тундра
Е) Орманды дала
Дұрыс жауап: С

8.Қалпына келмейтін табиғат ресурсы
А) Минералды
В) Жер
С) Биологиялық
D) Су
Е) Күн энергиясы
Дұрыс жауап: А

9.Кез келген аумақтың табиғат компоненттерінің жиынтығының біртұтас жүйесі:
A) Географиялық белдеу
B) Географиялық кешен
C) Географиялық орта
D) Климаттық белдеу
E) Географиялық зона
Дұрыс жауап: B

10.Өтпелі географиялық белдеу:
A) Полярлық
B) Субэкваторлық
C) Экваторлық
D) Қоңыржай
E) Тропиктік
Дұрыс жауап: B

ІІ нұсқа

1.Табиғи күйінде ағаш өсімдігі негізгі орын алатын табиғат зона:
A) Дала
B) Шөл
C) Шөлейт
D) Тундра
E) Орман
Дұрыс жауап: E

2.Солтүстік және оңтүстік полюстер төңірегіндегі географиялық белдеу:
A) Қоңыржай
B) Полярлық
C) Экваторлық
D) Тропиктік
E) Субэкваторлық
Дұрыс жауап: B

3.Қоңыржай белдеудің қылқан жапырақты ормандары:
A) Тундра
B) Дала
C) Шөлейт
D) Тайга
E) Орман
Дұрыс жауап: D

4.20º және 30º еңдіктер аралығында орналасқан табиғат белдеуі:
A) Қоңыржай
B) Экваторлық
C) Тропиктік
D) Субэкваторлық
E) Субтропиктік
Дұрыс жауап: C

5.Мүк пен қына, бұта өсетін мәңгі тоң таралған жерлер:
A) Тайга
B) Тундра
C) Шөлейт
D) Орман
E) Дала
Дұрыс жауап: B

6.Климаты өте құрғақ, өсімдігі әрі жұтаң, әрі сирек аумақтар:
A) Шөлейт
B) Дала
C) Тундра
D) Шөл
E) Орман
Дұрыс жауап: D

7.Қоңыржай белдеудегі дала мен шөлдің аралығындағы өтпелі зона:
A) Дала
B) Шөлейт
C) Шөл
D) Тундра
E) Орман
Дұрыс жауап: B

8.Тундраның өсімдіктері:
A) Шырша, майқарағай
B) Емен, жөке ағашы
C) Мүк, қына
D) Шәмшат, балқарағай
E) Селеу, бетеге
Дұрыс жауап: C

9.Дала зонасының өсімдіктері:
A) Шырша, майқарағай
B) Емен, жөке ағашы
C) Селеу, бетеге
D) Шәмшат, балқарағай
E) Мүк, қына
Дұрыс жауап: C

10.Табиғат компоненттерініз жиынтығы
А) Геграфиялық қабық
В) Жер бедері
С) Табиғат кешені
D) Геграфиялық белдеу
Е) Табиғат зонасы
Дұрыс жауап: С


ІІІ. Үйге тапсырма: қайталау

IV. Бағалау

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________

Пәні: география

Сыныбы: 6г,в

Мерзімі:

Сабақ тақырыбы: Жер бетіндегі адамзат.Жер бетіндегі халықтар мен нәсілдер

Сабақтың мақсаты:

 Білімділік мақсаты: Оқушыларға жер бетіндегі халықар мен нәсілдер жайлы                                       түсінік бере отырып, олардың таралу ерекшеліктеріне түсінік беру.

Дамытыушылық мақсаты: Оқушыларды ізденіске,еңбекқорлыққа,іскерлікке,қиындықты ойлана отырып шешуге,логикалық ойлауын дамыту,география пәніне танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты:сабақты қайталау арқылы еске сақтау;тез ойлауға,білімді болуға тәрбиелеу ,сынып оқушыларының алдында мәнерлі сөйлей білуге баулу, өзінің көзқарасын қорғай білуге ,шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеу болды.

 

Сабақтың типі:  Жаңа сабақты меңгерту

 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

 

Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап , Баяндау, түсіндірмелі

 

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы,Дүние жүзінің физикалық картасы, кескін карта, кесте.

 

Сабақтың барысы:

 

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу

2. Оқушыларды түгендеу

3. Оқушыларды сабаққа икемдеу

 

II. Үй тапсырмасын сұрау. /Үй тапсырмасын бірнеше оқушы баяндайды/

                                                  

  1. «Жер қабықтары» бөлімін қайталау
  2. Кескін картаны тексеру

III . Уй тапсырмасын қорыту.

1. Сұрақ -жауап

• Жер шарында неше географиялық белдеу бар?

•                           /4 негізгі 3 аралы/

•       Қоңыржай белдеуде қандай зоналар тараған?

•                         /Шөл,Дала,Орман/

•           Шөл зонасы қай материктерде таралған?

•        /Азияда,Солтүстік Америка,Оңтүстік Америка/

•      Шөл зонасында жылдық шауын –шашын мөлшері?

•                          / 200мм-ден кем/

•         Мұзды шөл зонасы қай белдеуде орналасқан?

•                             / Полярлық /

 

 

•       Субполярлық белдеуде жылдық жауын-шашынның
                         орташа мөлшері?

•                              / 100-300мм./

 

IV. Жаңа сабақты меңгерту

  Жер шары халқының саны мен өсуі.Жер шары халқы алғашқы табиғатқа тәуелді кезеңдерінде баяу өскен.

  Халық санының баяу өсуіне табиғи апаттар,түрлі соғыстар мен жұұпалы аурулардың таралуы әсер еткен.Біздің заманымыздың басында Жер шарындағы халық саны 230 миллион ғана болған.

 

Халық санының қарқынды өсуі

Жылы Халық саны
1930 1960 1975 1987 1999   2 млрд 3 млрд 4млрд 5млрд 6млрд

 

 

Жер шары халқының орташа тығыздығы

Жылы Тығыздығы 1км ²
1920 1950 1987 Қазіргі кезде 13 18 34 40

 

Нәсілдер.

 

   Еуропоидтық нәсіл өкілдерінің терісінің түсі ақ қыр мұрынды,шашы

толқынды не біркелкі,ерні жұқа болып келеді.Бұл нәсіл өкілдері Еуропа,

Солтүстік ,Оңтүстік Америкада,Аустралияда, Азияның біраз аймақтарында

қоныстанған.

Маңғолоидтық нәсіл өкілдерінің терісінің түсі сары шашы қайратты, көздері қысыңқы, жақ сүйегі шығыңқы келеді.Маңғолоидтық нәсіл

өкілдері Азияның көп бөлігіне, Америкада таралған.

Негроидтық нәсіл өкілдерінің терісі қара , шаштары бұйра ,мұрны жалпақ жақ сүйегі шығынқы келеді, ерні қалың болып келеді.

олар негізінен Африкада, Аустралиядан қоныстанған.

2.Дәптермен жұмыс

I.Анықтаманы толтырыңдар.

Халық санының өсуін реттеу мақсатында..........жургізіледі.

         /демографиялқ саясат/

II.Демографиялық саясат қандай бағыттарда жүргізіледі?

1. Адамдар қандай ерекшеліктері бойынша нәсілдерге топтастырылады?

2. Мәтінді пайдаланып кестені толтырыңдар.

Нәсілдер Сыртқы ерекшеліктері Қоныстанған аймақтары
Еуропоидтық    Еуропоидтық нәсіл өкілдерінің терісінің түсі ақ қыр мұрынды,шашы толқынды не біркелкі,ерні жұқа болып келеді. Бұл нәсіл өкілдері Еуропа, Солтүстік ,Оңтүстік Америкада,Аустралияда, Азияның біраз аймақтарында қоныстанған.
Моңғолоидтық Маңғолоидтық нәсіл өкілдерінің терісінің түсі сары шашы қайратты, көздері қысыңқы, жақ сүйегі шығыңқы келеді. Маңғолоидтық нәсіл өкілдері Азияның көп бөлігіне, Америкада таралған.
Негроидтық Негроидтық нәсіл өкілдерінің терісі қара , шаштары бұйра ,мұрны жалпақ жақ сүйегі шығынқы келеді, ерні қалың болып келеді.   Африкада, Аустралиядан қоныстанған.  

V. Жаңа сабақты бекіту

• I.Сұрақтарға жауап беріңдер.

•  1.Алғашқы кезеңде жер бетінде халық санының баяу өсуінің себебі не?

•            /табиғи апаттар.түрлі соғыстар мен жұқпалы аурулар/

•  2.Демографиялық жарылыс деп нені айтады?

•             /Халық санының қарқынды өсуі/

• II.Тест тапсырмаларын орындаңдар.

•    1.Халықтың ұдайы өсуін зерттейтін ғылым.

•       а) География ә) Биология б) Демография

•    2.Жер шары халқының саны қашан 6 млрд-қа жетті?

•       а) 1987        ә)1999        б) 1991ж

•    3.Қазақстанда соңғы халық санағы қай жылы жүргізілді?

•       а)1991ж       ә)1999ж       б) 2009ж

•    4. Жер шары халқының орташа тығыздығы қанша?

•       а) Бір шаршы шақырымға 25 адамнан келеді.

•       ә) Бір шаршы шақырымға 37 адамнан келеді.

      б) Бір шаршы шақырымға 40 адамнан келеді.

VI. Бағалау.

 

VII. Үйге тапсырма .

 

1.§42 Жер бетіндегі халықтар мен нәсілдер.

2. Жер бетіндегі халықтар тақырыбына реферат жазу.    

 

 

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________

Пәні: география

Сыныбы: 6г,в

Мерзімі:

Сабақ тақырыбы: Практикалық жұмыс №7

Мақсаты:     

Білімділік: Оқушылардың географиялық білімдерін дамыту.

Дамытушылық: Оқушыларға дүние жүзінің саяси картасындағы мемлекеттер     

                       туралы әңгімелеу.

Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

                   

 

Әдісі: Үш өлшемді әдістемелік жүйе.

 

Көрнеклігі: Сызбалар, карта.

 

І кезең

Ұйымдастыру кезеңі

                              1.Сендер тұрған жерде қандай ұлт өкілдері бар?

                              2.Нәсілдердің теңдігін қалай түсінесіңдер?

                              3.Жер шарындағы қандай ірі мемлекеттерді білесіңдер?

 

ІІ кезең

Теориясы:    Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру  

                            кезеңі.

 

«Білу»               1.Саяси картадан не көруге болады? Дұрыс жауап таңда

(кім? не?           - мемлекеттердің орны мен шекараларын

қашан?             - жер бедерін

қайда? не істеді? - климаттық белдеулерді

 

                             2. Мәтінмен жұмыс: Толықтыр

                             а) Дүние жүзінде ___________________ мемлекет бар?

                         ә) Аумағының үлкендігі жөнінен ________________ елі көзге түседі?

                   б) Дүние жүзінде халқының саны 100млн. асатын______________

                                 мемлекет бар.

                             в) Халқының саны жөнінен дүние жүзінде І орында ______________

                             г) Қазақстанның жер көлемі ______________

                             д)Еліміздің шекарасы _________________

                             е) ________________ Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады

                            ж) Қазақстан БҰҰ __________ мүше болды

 

«Түсіну»             3. Қазақстан халқының саны 16 млн. адам. Олар ______________

( Неліктен?          _______________ ұлт өкілдері

 себебі?               4. 1994 ж. 6-шілдеде ҚР астанасы Алматыда Ақмолаға көшірілді не    

 үшін?                     неліктен ?

 неге?                  5. 1997 ж. 20 қазанда Президент Н.Ә. қандай құжатқа қол қойды?

                            6. Ақмолаға қаласы 1998 ж. 6-мамырда неліктен Астана қаласы болып  

                                аталды.

Талдау                7. Даму дәрежесіне қарай мемлекеттерді салыстыр.

(салыстыр,

ерекшелігі неде? 

 

  дамыған Дамушы
Саны 20 шағын ел Сан жағы көп
Қай жерді алып жатыр Еуропа Бүкіл құрлықтың жартысынан көбі
Өнеркәсібі өркендеген Біршама дамыған

 

                         

 

 

                                   8. Анықтама бер

                                   ТМД –

                                    БҰҰ –

 

Жаңа сабақты бекіту жұмыстары

Практика                   9. Әлемдегі ең ірі 7 мемлекетті атаңдар

«қолдану»

(қарапайым

тапсырмалар)

 

 

«Баға беру»                 10. Халқының саны жағынан ең үлкен 2 мемлекетті атаңдар?

( сен қалай                   Картадан табыңдар? Сен қалай ойлайсың, оларда қандай

ойлайсың                     саясат жүргізілуде?

не істер едің?)

                                                

                                            ІІІ кезең Деңгейлік тапсырмалар

 

 

                                                        І деңгей (5 балл)

Теориясы                    1. Саяси карта дегеніміз не?

«Білу»                          2. Қазақстан БҰҰ қашан мүше болды?

(кім? не?)                     3. Соңғы халық санағы Қазақстанда қашан жүргізілді?

қашан?                         4. Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіздігін жариялады?

қайда?

не істеді?

 

Практика                      5. Әлемдегі 7 ірі мемлекеттерді картадан табуды үйрен.

«қолдану»

(ІІ кезеңдегі

қолдану үлгісі

бойынша)

 

Теориясы                    ІІ деңгей (5 балл + 4 балл = 9 балл)

 

«түсіну»                      1. Еліміздің орталығы Алматыдан Астанаға неліктен көшірілді (неліктен?                       деп ойлайсыңдар?

себебі?                        2. Халық саны Қазақстанда соңғы кезде 16 млн. адамға жетті.   

                                         себебі?

Не үшін, неге?

 

«талдау»                     3. Берілген ұлттар мен ұлыстардың өкілдері, аттары ішінен

(салыстыру,                    Қазақстанда тұратын және тұрмайтынын бөліп жазыңдар?

Ерекшелігі неде?)          Орыстар, шведтер, өзбектер, француздар, ағылшындар, 

                                         татарлар, норвегтер, ұйғырлар, португалдар.

 

 

                                І баған                                              ІІ баған

 

 

Практикасы:               4. Оқулықтағы 101 суретке қарап анықта:

«қолдану»                   а) Маңғыстау облысымен Солт.Қазақстан облысы арасында (өзгертілген                қандай облыстар бар?

жағдай)                       ә) Солт.Қазақстан облысы мен Оңтүстік Қазақстан аралығында 

                                     ше?

                                    б) Атырау облысы мен Шығыс Қазақстан облысы аралығында 

                                    неше облыс жатыр?

 

 

                                     ІІІ деңгей (9 балл + 3 балл = 12 балл)

                                                 

 

Теориясы:                                           1. Кестені толтыр

«жинақтау»                                               Мемлекеттер

(қорытынды                   

шығар, анықтама бер.

Мазмұнды

жүйеле, кесте,

сызба, ребус                              Аумағы                        халқының саны

т.б. түрінде)

                                       

 

 

                            үлкен              шағын                    көп                аз

 

 

                                                      Мемлекеттердің даму дәрежесі

 

 

 


                                                  дамыған                   дамушы

 

                                                     Қазақстан республикасы                            облыс саны

          жер көлемі

 

                             шекарасы                                                               Астанасы

                                                         Халық саны Тәуелсіздік

                                                                                  алған жылы

 

Проблемасы:      2. «Қазақстан» сөзін қатыстырып сен қандай тілек жазар едің?

«Баға беру»        3. Сен Қазақстан Республикасының азаматы болғаныңды мақтан

( сен қалай              етесің бе?

ойлайсың?

не істер едің?)

 

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________

Пәні: география

Сыныбы: 6г,в

Мерзімі:

Сабақ тақырыбы: Дүние жүзінің саяси картасындағы мемлекеттер.Қазақстан – әлем картасында.

Мақсаты:     

Білімділік: Оқушылардың географиялық білімдерін дамыту.

Дамытушылық: Оқушыларға дүние жүзінің саяси картасындағы мемлекеттер     

                       туралы әңгімелеу.

Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі:  Жаңа сабақты меңгерту

 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

 

Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап , Баяндау, түсіндірмелі

 

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы,Дүние жүзінің физикалық картасы, кескін карта, кесте.

 

Сабақтың барысы:

 

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу

2. Оқушыларды түгендеу

3. Оқушыларды сабаққа икемдеу

 

II. Үй тапсырмасын сұрау. /Үй тапсырмасын бірнеше оқушы баяндайды/

ІІІ.Жаңа сабақ

               Жоспар :
1. Саяси картаның мазмұны.
2. Саяси картаның қалыптасу кезеңдері.
3. Дүние жүзінің саяси картасының объектілері.

1) Саяси картаның мазмұны. Дүние жүзінің саяси картасында елдің әлемдегі орны, саяси – әкімшілік құрылымы бейнеледі. Сонымен қатар саяси картада басты саяси – географиялық өзгерістер : жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, елдердің саяси мәртебесінің ауысуы, шекаралары мен аумағының, ел атауы мен астанасының өзгеруі және т.б. көрініс табады. Дүние жүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді географияның саяси география деп аталатын саласы зерттейді. Мазмұны жағынан бір қарағанда қарапайым болып көрінетін саяси картада, әдетте, мемлекеттер мен олардың шекаралары, әкімшілік – аумақтық жіктелуі, астанасы мен ірі қалалары бейнеленеді. Мұның негізінде дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылымы мен басқару үлгілерінің таралу заңдылықтарына, мемлекеттер арасындағы өзара қарым – қатынастарға, сондай – ақ мемлекеттік шекараларды анықтау мен халықтың қоныстануына байланысты болатын аумақтық қақтығыстарға қатысты күрделі мәселелер жатыр. Дүние жүзінің саяси картасы тарихи кезеңдерде ұдайы өзгеріске түсуде. Оған әрі түрлі факторлар ықпал етеді.

2) Саяси картаның қалыптасу кезеңдері. Дүние жүзінің қазіргі заманғы саяси картасының қалыптасуына қатысты оқиғаларды шартты түрде Жаңа (XVII ғасырдан Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін) және Ең жаңа кезең (Бірінші дүниежүзілік соғыстан бүгінгі күнге дейін) деп аталатын екі дәуірге топтастырады. Еуропалықтардың отарлау әрекеттері XV ғасырда португалдардың Солтүстік Африкадағы аса маңызды сауда және көлік қатынасы орталықтары болып табылатын Сеута және Мелилья қалаларын жаулап алуынан басталды. Еуропалық отарлау кезеңі Жаңа Дүние мен Ескі Дүниенің көптеген аумақтарын қамтыды.. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында Польша, Югославия, Грекия аумақтары бөліске түсіп, Германия Еуропаның көптеген елдерін басып алды. Соғыста жеңіліске ұшыраған Германияның, сондай – ақ Италияның, Югослаияның Польша мен КСРО – ның мемлекеттік шекаралары өзгеріп, саяси картада Югославия Федеративтік Республикалар Одағы (ЮФРО), ГФР мен ГДР мемлекеттері пайда болды. Румыния, Болгария, Венгрия, Финляндияның соғысқа дейінгі шекаралары қалпына келтірілді. Шығыс Еуропада пайда болған социалистік мемлекеттер біртұтас блокқа бірікті. Еуропада осы жылдары басталған шекараларды қалпына келтіру жұмысы қазірге дейін жалғасын табуда.

3) Дүние жүзінің саяси картасының обьектілері. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасының обьектілері қатарына мемлекеттік мәртебесі жарияланған және жарияланбаған 267 ел мен аумақ жатады. Оларды басты екі топқа : 1) мемлекет мәртебесі жарияланған, халықаралық деңгейде танылған тәуелсіз мемлекеттер ; 2) дербес басқару мәртебесіне ие болмаған тәуелді аумақтар деп екіге бөледі. Олар бір – бірінен жерінің ауданы, халық саны, әлеуметтік – экономикалық даму деңгейіне қарай айырмашылық жасайды.

IV. Қорытынды:

1.Саяси картаның қалыптасу кезеңдері

2.Саяси карта дегеніміз ?

3.Саяси картаның обьектілері

V.Үйге тапсырма: §52 оқу
VI.Бағалау

Сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________________________________

Пәні: география

Сыныбы: 6г,в

Мерзімі:

Сабақ тақырыбы: Курсты қайталау

Мақсаты:     

Білімділік: Оқушылардың географиялық білімдерін дамыту.

Дамытыушылық мақсаты: Оқушыларды ізденіске,еңбекқорлыққа,іскерлікке,қиындықты ойлана отырып шешуге,логикалық ойлауын дамыту,география пәніне танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты:сабақты қайталау арқылы еске сақтау;тез ойлауға,білімді болуға тәрбиелеу,сынып оқушыларының алдында мәнерлі сөйлей білуге баулу, өзінің көзқарасын қорғай білуге ,шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеу болды.

 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

 

Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап , жарыс түрінде.

 

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы,Дүние жүзінің физикалық картасы, кескін карта, кесте.

 

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу

2. Оқушыларды түгендеу

3. Оқушыларды сабаққа икемдеу

ІІ. «ЗЕРДЕ» интеллектуалды ойын -сайысы

І тур «Алтын қоржын»

ІІ тур «Алтын қорапша»

ІІІ тур «Алтын сандық»

ІҮ тур «Алтын таға»

Ү тур «Алтын жұлдыз»

І тур «Алтын қоржын»

 «Иә,жоқ» ойынын ойнау.  

І топ

1. Жер өз білігін 24 сағатта айналып өтеді .

2. Жер Күннен 5-ші болып орналасқан.

3. Атмосфера ауа қабаты.

4. Жер шарында 5 материк бар.

5. Дүние жүзіндегі ең үлкен көл- Каспий.
6.Қазақстанда Памир таулары бар.

7.Африка ең ыстық материк.

8. Жайықта анаконда мекен етеді.

9. Атлант мұхиты ең үлкен.

10. География пәнін қызығып оқимыз.

 ІІ топ

1.Жер өз білігін 24 сағаттан кейін айналып өтеді

2. Жер Күннен 3-ші болып орналасқан.

3. Гидросфера ауа қабаты.

4. Жер шарында 6 материк бар.

5. Дүние жүзіндегі ең үлкен көл-Байкал.
6.Қазақстанда Анд таулары бар.

7.Еуразия ең ыстық материк.

8. Ертісте қолтырауын мекен етеді.

9. Үнді мұхиты ең үлкен емес.

10. География пәнін асыға күтеміз.

«Мүмкін, мүмкін емес.» ойыны І топ

1.Африкада қазақтар мекен етуі мүмкін ба?

2.Алматыда «Эйфель» мұнарасының көшірмесі болуы мүмкін ба?

3. Қазақстан әлемде жер көлемі жағынан 6-шы орын алуы мүмкін ба?

4.Гольфстрим ағысы Каспида болуы мүмкін ба?.

5.Адамдар маймылдан жаратылуы мүмкін ба?
6. Сарқырамадан теңіз ағуы мүмкін ба?

7.Еліміз 2050 жылы 30 елдің ішіне кіруі мүмкін ба?

8. Аустралия астанасы Сидней болуы мүмкін ба?

9. Глобус Жердің дәл үлгісі болуы мүмкін ба?

10. Сендердің топтарың бүгін жеңіске жетуі мүмкін ба?

ІІтоп

1.Аустралияда қазақтар мекен етуі мүмкін ба?

2.Түркияда «Бәйтерек» мұнарасының көшірмесі болуы мүмкін ба?

3. Қазақстан әлемде жер көлемі жағынан 9-шы орын алуы мүмкін ба?

4.Қуатты батыс ағысы Алакөлде болуы мүмкін ба?.

5.Адамдар делфиннен жаратылуы мүмкін ба?
6. Сарқырамадан балық ағуы мүмкін ба?

7.Еліміз 2030 жылы 50 елдің ішіне кіруі мүмкін ба?

8.Жапония астанасы Пекин болуы мүмкін ба?

9. Жер глобустың дәл үлгісі болуы мүмкін ба?

10. Қарсылас топтарың бүгін жеңіске жетуі мүмкін ба?

ІІ тур «Алтын қорапша»

1. «Адасқан материктер» - матириктерді өздерінің географиялық дәлдіктеріне орналастыру.

2. «Адасқан тулар» - Туларды картадағы өз мемлекеттерінің үстіне орналастыру.

ІІІ тур «Алтын сандық»

Географиялық диктант І топ

1.Біз Африка табиғатын тамашалап жүріп марабу құсын көрдік.

2.1497-1499 жылдары Васка да Гама португал саяхатшысы            Африка жағалауын айналып өтті .

3.Аустралияда саяхатшы талы немесе Равенал ағаштары көптеп өседі.

4.Африка құрылығында Алжир, Египет, Конго, Мадагаскар және т.б елдер бар.

 

Географиялық диктант ІІ топ

  1. Африка құрылығында көптеген жануарлар, өсімдіктер бар.
  2. Тек осы құрылықта коала, кенгуру, эму кездеседі.  
  3. Африканың ішкі аудандарын Давит Ливенстон                   толық зерттеді.
  4. Аустралида өткен олимпиядада Қазақстан, Германия, Түркия, Жапония және тағыда басқа елдер бақ сынасты.

ІҮ тур «Алтын таға» Слайд бойынша сүрақтар

Ү тур «Алтын жұлдыз»

1.Топ басшылар сайысы. І топ басшы

1. Ең ұзын өзен?
2. Ең жүйрік аң?
3. Ең алып құс?
4. Ең суыққа төзімді құс?
5. Ең үлкен мұхит?
6. Ең үлкен арал?
7. Ең терең көл?
8. Ең биік шың?

1.Топ басшылар сайысы. ІІ топ басшы.

9. Ең биік сарқырама?
10. Ең үлкен шөл?
11. Ең құрғақ жер?

12. Ең төмен теңіз?
13. Ең биік тау көлі?
14. Ең тұзды теңіз?
15. Ең үлкен архипелаг?
16. Ең терең шұңғыма?

2.Географиялық жұмбақтар

Ø Бөлінген екі елге,
Халық бар азиялық шетелде. (Солтүстік, оңтүстік Көрея)

Ø Жер бетінде халқы көп,
Кім айтады елді дөп. (Қытай)

Ø Өзі - қала, ел - өзі,

дамыған үлгі үрдісі.
Азиялық болса да,

Еуропалық тұрмысы. (Жапония)

Ø Мұсылман үшін қасиетті,

  дінінің туған жері еді.
Мұнайдан халқы байыған,

бұл әлемнің қай елі? ( Араб Әмірлігі)

 

Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білімнің шыңына.
Дарындылық пен тапқырлық,
Жеткізеді сіздерді - география сырына

ІІІ. Қорытындылау, жеңімпапздарды марапаттау .


Дата добавления: 2018-10-27; просмотров: 1162; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!