Алькор машина жасау зауыты» ЖШС



Азақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Жаратылыстану ғылымдар факультеті 5В060900 “География” мамандығының 3 курс Гг– 31 тобы студенттерінің өндірістік практикасының

ЕСЕБІ

04.06.2018– 17.06.2018 уақыт аралығы

                                                                                   

Практика жетекшілері: п.ғ.к., доцент Тұрсынова Т.Т.   

                                                                                             оқытушы Оспан Г.Т.

Астана 2018 ж.

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

І. Алматы қаласының экономикалық-географиялық және физикалық-географиялық сипаттамасы

ІІ. Алматы қаласының физикалық-географиялық сипаттамасы

2.1. Түрген шатқалы

2.2. Медеу мұз айдыны

2.3. Шымбұлақ шаңғы базасы

2.4. Үлкен Алматы көлі

2.5. Қазақстан Республикасының геологиялық мұражайы

ІІІ. Алматы қаласының экономикалық-географиялық сипаттамасы

3.1. «Алькор машина жасау зауыты» ЖШС

3.2. С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты

3.3. Форель (алабалық) шаруашылығы

3.4. «Кока-Кола Алматы Боттлерс» ЖШС

3.5. «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС

3.6. «Айналайын» өндірістік компаниясы

3.7. LG Electronics Алматы кәсіпорны

3.8. «Бахус» АҚ

3.9. «Caspian Beverage Holding» АҚ

3.10. «Жиһаз. Интерьер. Ағаш өңдеу» көрмесі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Оқу жоспарына сәйкес, 5В060900 – География мамандығы, Гг-31 тобының студенттері, 2018 жылдың 4 маусым мен 16 маусым аралығында Алматы облысы, Алматы қаласында өндірістік практикасын өткізді. Практика базасы ретінде Алматы облысы, Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті таңдалып алынды. Осы жылғы біздің өндірістік практикамыздың маршруттары: Үлкен Алматы көлі, «Алькор машина жасау зауыты» ЖШС, С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты, Форель (алабалық) шаруашылығы, «Кока-Кола Алматы Боттлерс» ЖШС, «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС, «Айналайын» өндірістік компаниясы, LG Electronics Алматы кәсіпорны болып белгіленді. Өндірістік практиканың мақсаты жоғары оқу орнында оқу үрдісінде «Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы», «Өндірістің техникалық негіздері» атты пәндер негізінде алған теориялық білімді бекіту, тәжірибелік дағдылар мен құзірет алу және алдыңғы қатарлы тәжірибені игеру болып табылады. Өндірістік практиканың негізгі міндеттері:
- кәсіпорындардың сыртқы ортасымен және соңғы 2-3 жылдардағы қызметінің ұйымдастырылуымен танысу;
- кәсіпорындардың (ұйымдардың, мекемелердің) ережесімен танысу;
- кәсіпорындарда (ұйымдарда, мекемелерде) қолданылатын қаржылық менеджменттің түрлері мен әдістерін шетелдік және алдыңғы қатарлы отандық тәжірибемен салыстыру жұмыстарын өткізуге арналған материалдарды жинау;
- зерттелетін мәселе шеңберінде кәсіпорындардың (ұйымдардың, мекемелердің) қызметін дамыту мен жетілдіруге бағытталған нақты шараларды жасап шығару.

 

Негізгі бөлім

І. Алматы қаласының физикалық-географиялық және экономикалық сипаттамасы

Алматы Қазақстанның ең ірі мегаполисі. Ғылыми, білім беру, мәдени, тарихи, экономикалық, қаржылық, банктік және елдің индустриялық орталығы болып табылады. Қаланың аты, Алматы, «алма қаласы» деп аударылады. (сурет 1.)

 

сурет 1. Алматы қаласы

Алматы қаласының экономикасын өнеркәсіп, қызмет көрсету аясы мен ауылшаруашылық салалары құрайды. Өнеркәсіптегі негізгі салалары өндіріс орындары, электр қуатын тарату, су, көгілдір отын және өңдеуші кәсіпорындар болып табылады. Бұларға қоса, химиялық, азық-түлік, металлургиялық және халық шарушылығының басқа да түрлері даму үстінде. Өңдеу өнеркәсібінің еншісіне қаладағы барлық өнеркәсіп өнімдерінің 85 пайыздан астамы тиюде. Соңғы жылдары ағаш өнімдері мен қортқы көмір (кокс) біршама азайды. Есесіне тігін және тоқыма өнімдері, химиялық өнеркәсіп, сондай-ақ транспорттық құралдар мен оларға жабдықтар шығару артты.

Өсімдік шарушылығының басты көзі – дәнді дақыл, картоп, көкөніс, жеміс-жидек пен жүзім. Ал мал шаруашылығында өсіріліп жатқан малдардан негізінен ет, сүт, жұмыртқа және жүн алынуда.

Мемлекеттің жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ)1/5 бөлігі немесе 2 триллион 273 миллиард теңгесі Алматының еншісіне тиюде, яғни Алматы қаласының әрбір тұрғынына 15 мың доллардан келеді. Бұл республика бойынша айтсақ, 2,7 есеге көп. Елдегі салықтың 30 пайызы осы қаладан жиналса, мемлекеттің сыртқы тауар айналымының ішкі 50 пайызы және 1/6 бөлігі Алматыда жүзеге асуда. Барлық банк жүйесі операцияларының 70 пайызы да осы мегаполисте атқарылып жатады. Сонымен қатар, барлық инвестициялардың 18 пайызы, пайдалануға беріліп жатқан баспаналардың 12 пайызы және тауарлардың жеке және көтерме саудасы операцияларының барлығының 50 пайызы Алматының үлесінде.

Алматы экономикасы негізінен қалада жұмыс істеп жатқан банктер мен шағын және орта бизнестің есебінен дамуда. Мәселен, барлық салықтың 60 пайызын қаладағы саны 78 мыңға жетіп отырған бизнес орындары түсіруде. Сонымен қатар, қалада 33 екінші деңгейлі банк тіркелген. Бұл жалпы санның 95 пайызы.

Транспорт саласы бойынша жұмыс істеп жатқан мекемелер саны 517. Соңғы жылдары жолаушы тасымалы да, жүк тасымалы да едәуір өсті. Әуедегі транспортты жылына 20 мың жолаушы пайдалануда. Ал олардың көмегімен тасымалданатын жүк салмағы жылына 7 мың тоннаны құрап отыр. (сурет 2.)

Автомобиль транспортымен негізінен түрлі-түсті меттал, құрылыс заттары, басқа да жүктер тасымалданып жатады.

 

сурет 2. Алматы әуежайы

 

Алматының тауар мен туризм саласын дамытуға мүмкіндігі мол. Қазір қаладағы туристік ұйымдар саны 500-ге жуық. Туризм саласының жақсаруының арқасында соңғы жылдары туристер саны айтарлықтай өсті. Туристік фирмалар саны да өсіп келеді.

Алматы қаласының халық саны 1 703 500 адамды құрайды. Тығыздығы 1 шаршы км-ге 2346 адамнан келеді.

Қала тұрғындарының жартысынан көбін қазақтар құрайды. Қазақтардан басқа орыстар, ұйғырлар, татарлар, украиндар және т.б. тұрады. Шетелдіктердің ішінде ең көбі түріктер. Нақтырақ тоқталатын болсақ, қазақтар – 57, 18%, орыстар – 28, 47%, ұйғырлар – 5, 41%, корейлер – 1, 85%, татарлар – 1, 41%, басқалары – 5, 68%-ды құрайды.

Қазіргі таңда Алматы қаласында 18 театр, 45 мұражай мен сурет галереялары бар. Мұнда музыканың түрлі салаларындағы көптеген фестивальдар өтуде: джаз, рок фестивальдар, ретро фестивальдар.

Алматыда қаланың ерекше мәртебесін көтеретін Қазақстандағы ірі банктердің бөлімшелері, көп ұлтты қаржы институттар және еншілес компаниялар орналасқан. Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы, Орталық Азия географиялық қоғамы, «Каменское плато» обсерваториясы, сондай-ақ көптеген жетекші университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары бар.

Қаланың сыртында Медеу және Шымбұлақ тау шаңғысы орталығы секілді көптеген спорт кешендері, альпинистік туристік лагерлер, шипажайлар, демалыс орталықтары және кемпингтер салынған. (сурет 3, 4.)

 

              

сурет 3. Шымбұлақ шаңғы базасы          сурет 4. Медеу мұз айдыны

Қаланың аумағы — 682 шаршы км. Іле бойы жазығының оңтүстігінде, Тянь-Шань тау сілемдерінің солтүстігінде орналасқан. Республика жерінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Іле Алатауының солтүстік беткей баурайында, теңіз деңгейінен 700-1000 м биіктікте, Үлкен және Кіші Алматы өзендері аңғарларында орналасқан.

Қаланың ауа-райы құбылмалы, температурасы әдеттегідей жыл мезгілдерінде ғана емес, тіпті күн сайын өзгеріп отырады. 500 млік биіктіктен қала үстіне қараса, көшелері солтүстікке қарай ыстық Қаскелең маңындағы Мойынқұмына бағыт алып тіреледі. Алматыда континенттік климат қалыптасқан. Климаттық жағдайы — желсіз ауа-райы және ауа қабаттарының тау аңғарлары арқылы төмен қарай ығысумен ерекшеленеді. Ең ыстық айлар — шілде мен тамыз. Ең суық ай — қаңтар. Орташа жылдық температурасы шамамен 10 °С кұрайды, қаңтардың орташа температурасы шамамен – 4,7 °С, ал шілдеде +23,8 С°. Аяз қараша айында басталып, сәуірде аяқталады. Қатты аяз 67 күн болады — желтоқсаның 19-ы басталып, ақпанның 23-і аяқталады. Ыстық күндер температурасы 30 С°-қа дейін — 36 күн болады. Жылы мезгілде шамамен 600-650 мм жауын-шашын жауады.

 

2.1. Түрген шатқалы

Түрген шатқалы – Іле Алатауының ең ұзын әрі кең шатқалы, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи саябақта орналасқан.Шатқал Іле Алатауының Басты жотасының теріскей бөктерлерінен басталады. Түрген шатқалымен оңтүстіктен Іле Алатауының Басты жотасы шектеседі. Аманжол өткелінен кейін Басты жота қатты еңістейді, оны Сарытау деп атайды. Батыстан Есік сілемі Түрген мен Есікті бөліп жатыр. Түрген шатқалының солтүстік-шығыс шекарасы Сарытау жотасынан басталып, шатқалды Асы үстіртінен бөліп жатқан қырқаларға ұласады. Қырқалар Қараш жотасынан солтүстікке қарай, жотаның оңтүстік-батыс және батыс бөктерлерін бойлай Іле аңғарына дейін созылады. Шатқалдың Теріскенсу өзенінен бастап Батан шатқалына дейінгі бөлігі тар әрі терең, оның тереңдігі кейбір жерлерінде бір жарым км-ге жетеді. Басты жотаның Түрген шатқалындағы ұзындығы - 34 км, ал Түрген шатқалының өзі 49 км-ге созылып жатыр. Биік таулы аймақтағы Түрген өзенінің үш тармағы бар. Ойқарағай шатқалынан Таулы Институт мұздығынан келіп құйылатын тармағында Қайрақ сарқырамасы бар, ал Дөңжайлау шатқалынан келетін Бартоғай тармағында шатқал тарылып, «Царские ворота» деп аталады. Түргеннің негізгі шатқалында екі ірі өзен тармағы бар: Батан қонысындағы Шыңтүрген және Кіші Түрген. Шатқалдың ортаңғы бөлігінің оң жағына өзенннің атауы жоқ бір тармағы келіп құяды, сонымен қатар онда Аюлы сарқырамасы орналасқан, ал одан төменірек сол жағында Теріскенсу өзенінің тармағы жатыр. Қызыл балық шаруашылығынан жоғары, сол жағында шағын атаусыз өзен тармағы бар. Түрген шатқалына тас жолмен қатынау оңай. Аңғар сағасында Алматыдан 59 км қашықтықта үлкен Түрген ауылы орналасқан. Түрген шатқалы 40-тан астам км-ге тереңге кетеді. Түрген шатқалында 7 сарқырама бар, олардың ең атақтылары – Қайрақ, Батан және Аюлы сарқырамалары. (сурет 5.) Аюлы сарқырамасы – туристік фирмалар үшін саяхат өткізетін сүйікті орын болып табылады. Бұл сарқырама Алматы қаласынан 78 км қашықтықта орналасқан. Оған апаратын жол оңай әрі қысқа, жақсы жабдықталған соқпақпен, бұлақтардың үстінен өтетін көптеген жаяу көпірлермен және сарқырамаға шығаберістегі жарминералдарға орнатылған ағаш сатымен 1 км-ді құрайды. Шатқалдағы жарминералдар жер сілкінісінен жарылған және мұздыққа дейінгі кезең іздерін сақтап қалған. Сарқырама терең жартастың қуысында, Қараш жотасының күнгей бөктерінде орналасқан, одан Жамбас өткелінің астынан Медвежий бұлағы ағады. Бұл бұлақ 300 м биіктікте орналасқан, және оны «сұлулық бұлағы» деп те атайды. Сарқыраманың биіктігі 30 м. Сарқыраманның жасы 2 миллион жылға жетеді. Бұл жерді бұрындары аю тұқымдастарының мекендеуіне байланысты «Аюлы» деп атаған. (сурет 6, 7, 8.)

 

сурет 5. Түрген шатқалындағы           сурет 6. Ұлттық паркте жүру

                бағдарлар                                                 ережелері                                                    

 

сурет 7. Аюлы сарқырамасы

 

сурет 8. Практика жетекшісі Оспан Гаухар Тәшімқызымен

География-31 студенттері Аюлы сарқырамасы маңында

2.2. Медеу мұз айдыны

Медеу - Алматының төңірегінде, Кіші Алматы өзенінің жағасында жататын мұз айдыны. Медеу спорт кешені – жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691, 2 м биіктікте орналасқан. (сурет 9, 10.)

 

сурет 9. Медеу мұз айдыны

 

Шатқалдағы жұмсақ климат, күн радиациясының оңтайлы деңгейі, атмосфералық қысымның төмендігі, әлсіз жел және таза мұзды су - мұның бәрі биік таулы мұз айдынының кең танымалдылығын арттырады. Жоғары таулы мұз айдыны кез-келген ауа-райында әдемі. Оның сұлулығын Мохнатка тауының баурайында салынған танымал көтерілу баспалдақтарынан тамашалауға болады. Қаладан қалың ағаштармен жабылған беткей сияқты көрінеді. (сурет 10.)

 

сурет 10. Медеуге көтерілу баспалдақтары

 

 

сурет 11. Практика жетекшілерімен География мамандығының студенттері

 

Табиғи мұз айдыны ретінде 1951 жылы пайдаланыла бастады. Тау аңғарын өткен ғасырда өмір сүрген осы жерге өз ауылын қалыптастырған Медеу есімді көшпендінің есімімен аталған. Медеу Спорт Кешені 1972 жылы 28 желтоқсаннан бастап екі жыл бойы тұрғызылды. Құрылысқа қатысқан архитекторлар: В.З. Кацевке, А.С. Қайнарбаевқа, инженер С.Б. Матвеевке, т.б. 1975 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Конькишілерге арналған жасанды мұз айдынының ауданы 10,5 мың км². Жарыс жолының ені 5 м, айналымы 400 м. Айдынның ортаңғы бөлігі — хоккей ойынына және мәнерлеп сырғанауға арналған. 12,5 мың орындық кешенде 2 жүзу бассейні, спорт залы, мейманхана, асхана, кинозал, кітапхана және баспасөз орталығы орналасқан. Жасанды мұз айдынының астыңғы жағындағы биіктігі 2,3 м 20 түрлі материалдар қабаты орасан зор темір бетон тақтаның үстіне орналастырылған. Мұнда ұзындығы 170 млік салқындатқыш темір құбырлар тартылған. Айдынның жарықтануын 8 тұғырға орнатылған 1600 қуатты шамдар қамтамасыз етеді. Ортадағы фотофинишпен байланыстырылған жылдам жазатын электронды таблоның 30 мыңнан астам шамы 1 мин ішінде 6 мың түрлі бейнені көрсете алады. Жасанды мұздың қалыңдығы — жазда 3-4 см, қыста 10-15 см-ге дейін жетеді. Медеу Спорт Кешені құрамына Медеу қонақ үйі кіреді. Медеу қонақ үйінің бір, екі орындықты және люкс бөлмелері бір мезгілде 376, ал жылына 10 мыңға жуық адамдарды қабылдай алады. Сенбі, жексенбі күндері — Медеу мұз айдыны 9 мыңға жуық әуесқой конкишілерді қабылдай алады. Медеу мұз айдынында спринтерлік және классикалық көпсайыстан, т.б. спорт түрлерінен әр түрлі халықаралық жарыстар өткізіліп, дүниежүзілік, еуразиялық және ұлттық рекордтар жасалды. Мұнда атақты спортшылар 120-дан астам әлемдік рекорд орнатқан. Медеу Спорт Кешені — тек спорт жарыстары үшін ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары мен қала қонақтарының әсем табиғат аясында демалатын орны. Бірнеше жыл қатарынан бұл мұз айдынында танымал халықаралық музыкалық фестиваль «Азия Дауысы» өткізілді. Онда қазақстандық орындаушылар ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемнің эстрада жұлдыздары қатысқан.

 

сурет 12. География-31 тобының студенттері Медеу мұз айдынын тамашалауда

 

Медеудің селге қарсы бөгеті Алматы қаласынан 25 км жерде, теңіз деңгейінен 1733 м биіктікте орналасқан. Қаланы Батыс Тянь-Шань шыңында қалыптасатын селден қорғау үшін салынған болатын. Бөгет биіктігінің 3 қатарлы деңгейлері бар. Арнайы су қоймасы 6 миллион м³ суды ұстауға мүмкіндік береді. Бөгет қаланың тұрғындары мен 842 қадамнан тұратын туристердің баспалдақтарын жақсы танымал етеді.

Жаңартылған «Медеу» әлемдегі ең үздік мұз айдыны деп танылып, осы атаққа шамамен екі онжылдық бойы ие болды. Қазір мұндай мұз айдындары әлемнің көптеген дамыған елдерінде бар.

 

2.3. Шымбұлақ шаңғы базасы.

Шымбұлақ — Алматы маңындағы Іле Алатауы шатқалының 2260 м биіктігінде орналасқан Орталық Азиядағы ең заманауи, ең қолайлы және ең керемет тау-шаңғылық курорттарының бірі. (сурет 13.) Талғар асуының бөктеріндегі бұл спорттық кешен 1954 жылдан бастап тау шаңғысы спортшыларының сүйікті орнына айналған. 1956 жылдан тау шаңғысынан республикалық чемпионаттар өткізіліп тұрады. Алғашқыда бұл кешен кеңес тау шаңғышыларының олимпиадаға дайындық базасы ретінде құрылған. Жарыс жолының ені 25 м, еңістігі 11-29 градустардың аралығында, сондықтан шаңғышылардың ең жақсы жылдамдық көрсетуіне қолайлы. Техникалық сипаттамасы жағынан Еуропаның ең жақсы жарыс жолдарынан кем емес, көп жағдайда олардан артық. Кешенді жөндеу бойынша жалпы ұзындығы 6 км-ден екі есеге ұзартылды. Ал ені ең негізгі бөліктерінде 10-20 есеге кеңейтілген. Тау шаңғы трассаларының бойына қар зеңбіректері орнатылған, аспалы жолдардың болат арқандары жаңартылған. Болашақта жоспарланған іс-шаралар іске асқаннан кейін шаңғы трассасының ұзындығы бойынша Шымбұлақ әлемдік жетекші курорттарымен теңесетін болады. Сондай-ақ, қонақ үйлер қайта жасақталып, мейрамханалар мен дүңгіршектер, боулинг, спа-орталықтар құрылуда. Шаңғымен шапшаң түсу жолдарының параметрлері халықаралық талаптарға сай. Шымбұлақ шаңғы базасында спортшылар жылына 7-8 ай жаттығады. Шуақты күндері Шымбұлаққа мыңдаған демалушылар ағылып келіп жатады. Отырғышы бар көтермелермен Талғар асуына (теңіз деңгейінен 3163 м биіктіктегі) шығуға болады. Бұл кәсіби шаңғышылардың ұнататын жері, өйткені мұнда асудан түсетін жер өте тік. Талғар асуындағы шыңдарды альпинистер бағындырады.

 

сурет 13. Шымбұлақ шаңғы базасы

Мұнда түнгі қаланың шамдарын көруге, парапланмен ұшуға, жазда велосипедпен арнайы велосипедке арналған жолдар бойымен жүруге болады. Жыл сайын ақпан айының басында атлеттер жергілікті атақты тау шаңғышы «Александра Артеменконың жүлдесін» ойнайды. Мұнда 2011 жылғы Қысқы Азиада, 2017 жылғы Қысқы Универсиада және тау шаңғысы бойынша жарыстар (жоғары жылдамдықты және техникалық) болды.

Сонымен бірге мұнда соңғы үлгідегі уақыт өлшейтін құралдар, әлемдік жоғары деңгейдегі жарыстарды өткізуге лайықты ақпараттық көрсеткіштер қойылған. Тау шаңғысы мен сноубордтың халықаралық мектептері бой көтерген. 2000 автокөлікке арналған жерасты автопаркингтер, Медеу мен Шымбұлақ арасында жүретін 4,5 км-лік аспалы жолдар салынған. Осы жолдар арқылы тау шаңғысы кешеніне он бес минутта көтерілуге болады. Болат арқандарға секундына 5 м жылдамдықпен жүретін 115 кабина орнатылған, яғни, олар бір сағатта 2000 адамды тауға көтере алады. (сурет 14.) Курортқа балаларын алып келетін туристерге ыңғайлы болу үшін, «бэби-лифт» - көтергіші бар балалар алаңы да жасалып қойылған. 2510 м биіктікке орналасқан бұл кешеннен таудың кереметтей көріністері, жұмсақ климаты мен шуағы мол күндерінің көп болуы, қар қабатының ұзақ уақыт жатуы (желтоқсан мен сәуір аралығында) – бұл жерге туристер мен тау шаңғы спорты әуесқойларын өзіне тартады. Сөйтіп, Шымбұлақ қараша – мамыр аралығында шаңғы жарыстарын өткізетін, шаңғы тебетін мекенге айналса, жаз айларында қар жамылғысы бар тауларды тамашалайтын, туристер көп келетін, қалалықтар дем алатын тамаша орынға айналған.

 

сурет 14. Шымбұлақ шаңғы базасына көтерілетін аспа жолдар

Шымбұлаққа жетудің ең оңай жолы - «Қазақстан» қонақ үйінен № 6 және № 12 автобустар аркылы жету. Тау шаңғы трассалары Медеуден бастап Шымбұлақ базалық станциясына дейін жеткізеді, ұзындығы 4,5 км-лік әлемде үшінші болып табылады.

 

2.4. Үлкен Алматы көлі

Үлкен Алматы көлі – Іле өзенінің саласының бірін жанай өтетін оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 154 км-ге созылған, Іле Алатауындағы көл. Үлкен Алматы көлі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 28, 5 км қашықтықта, теңіз деңгейінен 2497 м биіктікте Үлкен Алматы өзенінің аңғарында орналасқан. Мұздық суымен қоректенетін көл 500 м ендікте 1 км ұзындыққа созылады. Көл кең алқаптың соңына орналасқан және алқаптың ежелгі мұздығының шеткі үйінділерінен құралған. Үлкен Алматы көлі – Тянь-Шань көлдерінің басым көпшілігі сияқты, жер сілкінісі нәтижесінде пайда болды. Оңтүстік-шығысында Озерный шыңы (4110 м), оңтүстікте және көлдің оңтүстік-батысындағы Туристік шыңы (3954 м), ең жоғарғы шыңы Севетов (4317 м) орналасқан. Климаты қоңыржай континентік, жазы салқын, көп жаңбыр жауады. Ал, қыста суық және көл қатады. Орташа жауын-шашын мөлшері 1500 мм. Орташа су температурасы + 4,7° С. Ең жоғарғы температурасы 12,8°С-қа жетеді. Ауа райының салқын болуына байланысты бұл жерде тау беткейлеріндегі адамдар мен жануарларды мазалайтын шыбын да, маса да жоқ. Бұл жерде арша, Тянь-Шань шыршасы, қарағай өседі. (сурет 15, 16.)

 

сурет 15. Үлкен Алматы көлі

 

сурет 16. Практика жетекшілерімен География мамандығының студенттері

 

Үлкен Алматы көліне барар алдында ескеретін шарттар:

1. Үлкен Алматы көлі - Алматы үшін ауыз судың негізгі көздерінің бірі. Сондықтан көлге жүзу қатаң тыйым салынады.

2. Сонымен қатар Үлкен Алматы көлі- «режим» нысаны болып табылғандықтан шекарашылар қызмет етеді және сол себепті келушілердің жеке куәлігінің болуы маңызды. Шатқалды көтеру немесе көлдің бөгетінің артқы жағасында демалу үшін сізге ҚР ҰҚК-не берілген жол парағы қажет. Сондай-ақ туристік агенттікте берілген ваучерге де жарамды.

3. Үлкен Алматы көлінің аумағында қонақ үйлер мен тамақтанатын мекемелер жоқ, бірақ тамақты сырттан әкелуге болады.

4. Үлкен Алматы көліне бара отырып, температура айырмашылығын ескеру керек, себебі тауларда биіктеген сайын температура төмендейді.

Үлкен Алматы көлі туристер арасындар өте танымал нысан. Туристер Үлкен Алматы көлінен баратын жолда эко-посттан өтеді, мұнда қоршаған ортаны қорғау мақсатында ақы төленеді, құны – 440 теңге. Үлкен Алматы көліне маусымдық туризм тән. Яғни, қыс мезгілінде тау беткейлерінде шаңғы туризмі мен альпинизм танымал болса, жаз маусымында таулы велосипед туризмі басым болып келеді. Бірақ қазіргі кезде бұл аймақ Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқандықтан шекарашылардың қатаң бақылауында, соның нәтижесінде туризмнің дамуына бұл жағдай кедергі жасайды.

2.5. Қазақстан Республикасының геологиялық мұражайы

Қазақстан Республикасының геологиялық мұражайы – Қазақстандағы ең ірі мұражайлардың бірі болып табылады. Бұл мұражай екінші дүниежүзілік соғыстың кезінде Ұлы геолог Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың арқасында геологиялық мұражай ашылған болатын. Соғыстан кейін бұл мұражай жылдан-жылға жаңа пайдалы қазбаларға толығып келеді.1997 жылы  26 тамыз күні мұражай жаңарып, Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және Татарстан Республикасының президенті Минтимир Шарипұлы Шаймиевтің келісімімен Қазақстан мемлекеттік геологиялық мұражайы ашылды. (сурет 17.)

 

сурет 17. Қазақстан Республикасының геологиялық мұражайы

 

Мұражай шахталық клеткадан жасалған лифтісімен ерекшеленеді. Лифтіден түскен кезде, өзіңді нағыз шахтаға кіргендей сезінесіз. Түрлі дыбыстар мен қағыстар мұражайдың көркін келтіреді, неше түрлі минералдар, минералдардан жасалған әшекейлер назар аудартпай қоймайды. Ал дыбыстық эффектілер, рельстердің қозғалысы мұражайға кіргенде-ақ байқалады. (сурет 18.)

 

сурет 18. Мұражай шахталық клеткадан жасалған лифтісі

 

Мұражайдың бастапқы кіші бөлмесінде Қазақстанның жер бедері картасын көруге болады. Картада Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі пайдалы қазбалардың орналасуын электронды батырмалардың көмегімен анықтауға болады. Ал картаның сол жағында ұлы геолог Қаныш Имантайұлының ескерткіші бар. (сурет 19.)

 

сурет 19. Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ескерткіші

 

Мұражайда кіші бөлмеден кейін, басты үлкен бөлмесінде минералдық галерея орналасқан. Минералдар классификацияларының қатарын байқауға болады. Оның ішінде сульфидттер, алтын, күміс минералдар және Қазақстандық алмаздарды көруге болады. (сурет 20.)

 

сурет 20. Минералдық галерея

 

Малахит минералдарында түрлі мозаикалы суреттердің, гипс минералдардың арқасында табиғи тас гүлдері қалыптасқан. Кейбір минералдардың өзіндік тарихы бар. Мысалы, ұлы француз минералогы Гаюидің 1780 жылы тапқан ерекше жаңа минералға көптеген ғалымдар неше түрлі атаулар берген. Санкт-Петербургта ерекше ықыласқа бөленген бұл минералдарға Үндістанда Ашэр есімді саудагер «изумруд» атауын берген, аңыз бойынша бұл саудагерді кейін дарға асқан. Содан кейін бұл минералдардың екі атауы пайда болды. Бірінші атауы саудагерге қандай да бір байланыс болғандықтан «аширид» деп атаған, ал екінші атауы құрылысына байланысты «диаптас» делінген.

Өзіндік әдемілігімен ерекшеленетін жарқыраған жасыл қазақстандық изумруд минералдарына да назар аударған жөн. Сондай-ақ асбест, нефрит, яшма, агат минералдарын байқауға болады. (сурет 21.)

 

сурет 21. Әр түрлі елдерден әкелінген минерал түрлері

 

Бөлменің сол қанатында кішігірім кинозал және ежелгі заманғы кезеңді көрсететін панорамалық бұрыш орналасқан. (сурет 22.)

 

сурет 22. Ежелгі заманғы кезеңді бейнелейтін панорамалық бұрыш

ІІІ. Алматы қаласының экономикалық-географиялық сипаттамасы

Алькор машина жасау зауыты» ЖШС

Alcor» ЖШС машина жасау зауыты 1996 жылы құрылды. Негізгі бағыттары мұнай өндіру, металл конструкцияларын өндіру болып табылады. (сурет 23.)

 

сурет 23. Алькор машина жасау зауытының ішкі көрінісі

 

- Машина жасау өнімдерін өндіру;
- Металлоконструкциялық және теxнологиялық желілерге жөндеу жасау өндірісі;
- Мұнай-газ өндіру және тау-кен өнеркәсібіне қажетті құрал-жабдықтар өндіру;
- Химия өнеркәсібіне қажетті құрал-жабдықтар өндіру;
- Шойын, түсті, қара және тот баспайтын болат құю;
- Спорттық құрал-жабдықтар өндіру;
- Жобалау-конструкциялау өндірісі;
- Өндірістік және азаматтық құрылыс;
- Медициналық қызмет көрсету;
- Медицинаға қажетті электронды құрал-жабдықтар өндіру;
- Ауыл шаруашылығы теxникаларына қызмет көрсету және қосалқы бөлшектерін өндіру;
- Полимерлік жамылғысы бар қорғаныстық және антикоррозиялық жұмыстар;
- Металл және түтік өнімдері;
- Бөлшектерді өңдеу;
- Мұнай-газ саласы үшін жабдықтар мен қосалқы бөлшектер;
- Кіші механикаландыру құралдары.

«ALKOR GROUP» ЖШС өндірістік кәсіпорны - ISO 9000-2000 TUV CERT сапа стандартының халықаралық менеджмент жүйесіне сәйкес мұнай-газ өнеркәсібінің қосалқы бөлшектерін өндіруде дәл машина жасау компаниясы болып табылады. (сурет 24.)

сурет 24. Алькор машина жасау зауытындағы заманауи автоматтандырылған құрал-жабдықтар

 

Қазіргі уақытта жаңа бағыттары дамуда, Қазақстандағы Маңғыстау облысында және Алматы қаласында, сонымен қатар БАӘ-нің Дубай қаласында филиалдары бар.

 

3.2. С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты

 «С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ - Алматыдағы ірі машина жасау зауыты болып табылады. 1942 жылы Махачкаладан көшірілген 182 (қазіргі Дагдизель зауыты) зауытының базасында С.М.Киров атындағы Токмак зауытымен біріктірілді. Кеңестік дәуірде ол КСРО-дағы жетекші дизель-құрылыс және торпедоқұрылыс зауыттарының бірі болды. Қазір ол 2003 жылы құрылған «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының құрамына кіреді.ТМД аумағында жылу қозғалтқышы бар торпедалардың жалғыз өндірушісі, атап айтқанда, 65-72 және 65-76 типті 650 мм торпедалар өндірілді. Бұрынғы КСРО-ның бірқатар кәсіпорындарымен, мысалы, «Гидроприбор» Орталық ғылыми-зерттеу институты, «Аймақ» ҮЕҰ, Крылов атындағы Орталық ғылыми-зерттеу институты 20 типтегі теңіз торпедаларын өндіруді және модификацияларды меңгерді. Сондай-ақ, мұнай-газ және тау-кен өнеркәсібі үшін кеме-гидравликалық жабдықтар мен жабдықтарды өндіру, құю жұмыстары жүргізілуде.Ұлы Отан соғысы уақытында №175-шi С.М.Киров атындағы көлік жасау зауыты Махачкаладан Алматыға көшкен болатын. Дагестаннан Қазақстанға 12 мың қызметкерлер көштi. Бірнеше айдан соң Киров зауыты эвакуациядан кейiн майдан үшiн өнiмнiң өндiрiсiн бастады. Дәл осында 1942 жылдың соңында Кеңес Одағында жалғыз жылулық қозғағыш қоюлары бар торпедалардың шығарылымы бойынша құрылыс базасы құрылған болатын. Өркендеу кезінде, 1950-ден 1980 жылға дейiн, зауыт қорғаныс өнеркәсiбiнiң құпия кәсiпорындары, торпедалардың ең iрi өндiрушiсі тек КСРО-да ғана емес, әлем бойынша болды. Дәл Алматы КСРО соғыс-теңiз флоты үшiн қару-жарақтың бас жабдықтаушысы болды. Кәсiпорын 1978 жылы "Жасау және арнайы техниканың өндiрiсiнiң игеруiндегi зор еңбекте" Еңбек Қызыл Белгісінің Орденiн алды. Зауыттың аумағы 34 гектарды құрайды. 26 цех құрастырылған және 2, 5 мың бiрлiк жабдықтары орнатылған. (сурет 25, 26.)

сурет 25. С.М. Киров атындағы машина жасау зауытының аэрофототүсірілімі

сурет 26. С.М. Киров атындағы машина жасау зауытының ішкі көрінісі

Зауыт әскери өнiмдерден басқа, халық тұтынатын тауарларды да шығарған: үтіктер, керогаздар, столға қоятын газды тақталар, ет тартқыш, шәйнектер, сейфтер, орындықтар және т.б. КСРО таралғаннан кейін зауыт 8 мемлекет кірген Варшавалық келісімнен айырылды, оған кіргендер: КСРО, Румыния, Болгария, Польша, ГДР, Чехословакия, Венгрия және Албания. 90-жылдары С.М. Киров атындағы зауыттың қиын кезеңдері басталды. Бiрақ зауыт жұмысы қиын жылдарда да тоқтамады. С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты торпедалар және қорғаныс үшін әскери жабдықтар өндiрiсімен қатар, бiр уақытта азаматтық өнiмдi меңгере бастады. 2003 жылы С.М.Киров атындағы көлік жасау зауытының мемлекеттiк акциялар пакетi "ҰК Қазақстан инжиниринг" серіктестігіне тапсырылды.Заманауи қазiргi дағдыларды игеру мен жаңа тапсырыстар зауыттың өмір сүруіне мүмкіншілік берді. 10 мың жұмысшылардан тек 600 адам қалды. Олардың iшiндегі көпшілігі зейнет алдындағы жас шамасындағылар. Зауытта жас мамандар да бар, бiрақ олардың саны көп емес. 80-жылдардағымен салыстырғанда жастар зауытқа келуге асықпайды. 26 цехтан тек 6-ы жұмыс жасайды.Зауыттың бас мәселесi - өндiрiстiк жабдықтың тозушылығы. Соңғы жаңғырту өткен ғасырдың 80-жылдарында болған болатын.Зауыттың кейбір аумақтарында кеңес уақытының рухы сақталған орындар бар. Тіпті тәуелсiздiктің жиырма жылы болмаған да секілді.

сурет 27. Зауытта кездесетін Лениннің суреттері

1990 жылдары Кеңес Одағының және Варшава келісімі құрылуының аяқталуымен қорғаныс тапсырыстары күрт төмендеді. Зауыт азаматтық өнімдерді дамытуға кірісті, бірақ торпедалар мен әскери техниканың өндірісін тоқтатпады. 2017 жылы зауыт шамамен 600 адамды жұмыспен қамтыды (1960 жылдары шамамен 14 мың адам). Өнімнің 90% таза әскери мағынада немесе екі жақты мақсаттарға ие, яғни қорғаныс ведомстволарының қажеттілігіне де, азаматтық қажеттіліктерге де қолданыла алады. Жалпы өнеркәсіптік өндірістің машина жасау өнімдері өндірістің 10% құрайды. Атап айтқанда, зауыт тиімділігі, сенімділігі мен қызмет ету мерзімін арттыру мақсатында 53-65 жж. торпеданы жетілдіруде. (сурет 28.)

 

сурет 28. Торпедалар

 

Өнімдері

Гидравликалық өнімдер:

Гидролокаторлар жұмыс қысымы мен шығындардың кең ауқымын қамтиды және қолмен және қашықтан (электромагнитті) бақылаумен (кернеу 12-ден 380 вольт) дайындалуы мүмкін. (сурет 29.)

сурет 29. Гидравликалық өнімдер

 

Гидроцилиндрлар:

Гидравликалық цилиндрлер кеме гидравликасының күштік элементтері болып табылады және әртүрлі модификацияда шығарылады. Гидравликалық цилиндрдің ең үлкен диаметрі 200 мм-ге дейін, ал дамыған күші - 100 000 кг-ға дейін. (сурет 30.)

сурет 30. Гидравликалық цилиндр

Гидромашиналар:

Гидравликалық машиналар жетекші бөлім болып табылады және 10000 кгс дейін күш шығара алады. (сурет 31.)

сурет 31. Гидравликалық машиналар

Пневмопотоптар:

Қысыммен жұмыс істейтін гидравликалық жүйелер мен басқа жүйелерді сынау және басып шығару үшін, зауыт 3 кгс / см² дейін жұмыс қысымы бар 1000 кгс / см² дейін қысым жасайтын пневматикалық сорғылар шығарады. (сурет 32.)

сурет 32. Пневмопотоп

С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты халық тұтынатын өнімдерді де өндіреді. Мәселен, ұн илеу машинасы, электрлі ет тартқыш, механикалық ет тартқыш. (сурет 33.)         

сурет 33. Халық тұтынатын өнімдер

3.3. Форель (алабалық) шаруашылығы

Фoрeль (aлaбaлық) шaрyaшылығы – Тaлғaр қaлacының eң әдeмі жeрлeрінің бірі болып табылады. Бұл шаруашылық тay eтeгінің өзeн жaғacындa oрнaлacқaн. (сурет 34.)

 сурет 34. Форель шаруашылығы

Бұл жeрдe тaбиғaт aяcындa тaзa ayамeн дeмaлып жәнe өзіңіз ayлaғaн фoрeль бaлығының 2 түрінің: aлтын форeль жәнe құбылмaлы форeль дәмін тaтуға болады, сондай-ақ бекіре балығын да аулауға болады. (сурет 35.) Әceм тaбиғaтты дeмaлыc oрнындa мeйрaмxaнa, бaнкeт зaлы, 2 жaзғы cпoрт aлaңы, бaлaлaр aлaңы, тaпчaндaр, киіз үйлeр, бaлық ayлayға арналған бacceйндeр жәнe үлкeн көлік тұрaғы бaр. (сурет 36.)

                                            сурет 35. Бекіре балығы

сурет 36. Келушілерге арналған демалыс орындары

Талғар қаласының маңындағы тау өзенінің жағасында, ең әдемі жерлердің бірінде «Talgar Trout» форель фермасы бар. Сондай-ақ, келушілерге квадрациклдерді жалға алу мүмкіндігі бар. Жанында шағын зоопарк бар. Және де тағы басты маңыз аударатын жайт Форель шаруашылығында бекіре тұқымдасы өсіріледі. Бұл аймақтағы бекіре тұқымдасы аса ерекше күтімді қажет етеді. Форельдер жеке бассейнде бапталатын болса, бекіре тұқымдасы арнайы бассейінде бапталып, арнайы жемі беріліп, өсіріледі. Әр бассейннің жеке баптаушысы болады. (сурет 37.) Форель шаруашылығында туристер үшін барлық жағдай жасалған. 1 кг құбылмалы форельдің бағасы 2800 теңге, бекіре балығы 4900 теңге, 1 дана қармақты жалға алу 200 теңге. (сурет 38.)

сурет 37. Бекіре балығы өсірілетін арнайы бассейн

                                                              сурет 38. Форель шаруашылығының бағалар анықтамалығы


Дата добавления: 2018-09-20; просмотров: 804; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!