Цитология ж2не гистология адистемеси.

Оқыту әдістері ұғымы. Дидактиканың негізгі мәсәлелері. Әдіс  (метод) — «methodos» деген грек сөзінен шындыққа жету жолы, тәсілі деп аударылады. Оқыту әдісі ұғымы дидактикалық мақсаттарға сәйкес оқыту үдерісінде мұғалімнің оқу жұмысы мен оқушылардың танымдық іс-әрекеті жолдары байланыстырыла шешілетін оқу іс-әрекеті міндеттерін бейнелейді. Демек, оқыту әдістері — оқыту міндеттерін, яғни дидактикалық міндеттерді шешуге бағытталған мұғалімдер мен окушылардың біріккен іс -әрекеті жолдары болып табылады. Сонымен бірге дидактикада оқыту «тәсілдері» ұғымы кеңінен қолданылады. Тәсіл — әдіс элементі, оның кұрамды бөлігі, бір реттік әрекет. Оқыту үдерісінде әдістер мен тәсілдер әр түрлі құрамда қолданылуы мүмкін. Дидактиканың  қарастыратын негізгі мәселелері:1.Оқыту процесінің мәні мен оның заңдылықтарын ашу.2.Оқытудың білімділік мазмұнын анықтау.3.Оқытудың негізгі қағидалары, яғни принциптерін белгілеу.4.Оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтап, олардың түрлерін жасау. 2. Аудиториялық сабақ – биологиядан оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі формасы. Аудиториялық сабақтарын өткізуге қойылатын талаптарКіріспеде тақырып, мақсат айтылып, қызығушылығын тудырып, негізгі тірек идеялары құрастырылады, алдыңғы және соңғы білімдермен байланыстырады. Ең күрделісі дәрісті бастау. Бірінші айтылған сөз тыңдаушылардың назарын аударуы тиіс. Негізгі бөлімде барлық анықтамалар мен негізгі теориялық сұрақтар нақты, қысқа ашылады. Әр теориялық көзқарасқа дәлелдемелер, суреттер таңдап алынады. Дәріс сұрақтары 2 – 4-ке дейін. Дәріс мәтіні өте үлкен болмауы керек. Аудиториямен байланыста лектордың сыртқы бейнесі, өзін-өзі ұстау, жест, сөйлеуі, тілі маңызды роль атқарады.Қорытынды. Дәрістің негізгі идеяларын жинақтап қорытындылайды. Тақырыпқа сай ұсыныстар беріліп, қиындықтарды жою жолдары көрсетіледі. Дәріс жағымды эмоционалды көңіл күймен аяқталуы тиіс. 3. Студенттердің жауаптарына қойылатын талаптардың түрлері.Студенттің білімін бағалау балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады.Баға (А-, А «өте жақсы», В-, В, В+ «жақсы», Д- , Д+, С-, С, С+ «қанағаттанарлық») оқу пәні бойынша емтихан ведомосы мен студенттің сынақ кітапшасына алынған кредиттер саны көрсетіліп жазылады. «Қанағаттанарлықсыз» F бағасы тек емтихан ведомосына ғана жазылады.Әр пән бойынша емтихан аяқталған соң студентке оның оқу жетістіктерінің бағасы болып табылатын қорытынды баға қойылады. Пәннің қорытынды бағасының құрамына жіберу рейтингінің бағасы мен қорытынды бақылау бағалары кіреді. Үлгерімді ағымдық бақылаудың бағасы (жіберілу рейтингі) пән бойынша қорытынды бағаның кемінде 60 %-ын құрайды және емтихан бағасы пән бойынша қорытынды бағаның кемінде 30 %-ын құрайды.Студенттердің оқудағы жетістіктерін бағалау рейтинг жүйесі бойынша: ағымдағы, аралық және қорытынды бақылаулар арқылы есептелінеді. Ағымдағы бақылау – пәннің оқу бағдарламаларына сәйкес оқытушылардың күнделікті жүргізетін сабақтарын студенттің меңгеруін тексеру. 4. Кредиттік оқыту технологиясында қолданылатын негізгі ұғымдар мен анықтамалар. Кредиттік  оқыту технологиясы - білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын дербес жоспарлауы негізінде оқыту; эдвайзер (Аdvisor) - тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы; элективтік пәндер - белгіленген кредит шеңберінде және білім беру ұйымы енгізетін таңдау бойынша, білім алушылардың жеке дайындығын көрсететін әлеуметтік-экономикалық дамытудың ерекшеліктерін және нақты өңірдің, жоғары оқу орындарында ғылыми мектеп пайда болатын қажеттіліктерін есепке алатын компонентке кіретін оқу пәндері. постреквизиттер (Роstreguisite) - аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер; пререквизиттер (Рrereguisite) - оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер; транскрипт (Тrаnsсrірt) - білімді бағалаудың сандық және әріптік жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар құжат;компьютор- студенттің нақты пәнді игеруі бойынша академиялық кеңесші рөлін атқаратын оқытушы; 5. Омыртқалылар зоологиясы пәнін оқытудың әдістемесі.Омыртқалылар зоологиясы» хордалы жануарларды, олардың шығу тегін, дамуын, және қазіргі жағдайын жанжақты зерттейді. Омыртқалылар зоологиясы пәнінің міндеті – хордалы жануарлардың көптүрлілігін, олардың шығу тегін, жануарлардың көп түрлілігімен, олардың сыртқы және ішкі құрылыстарымен, тіршілік ету ортасымен, ол ортаға белімделуімен, таралуымен, тарихи даму заңдылықтарымен, экологиялық топтарымен, шығу тегімен, дамуымен, биосферадағы және адам өміріндегі маңызымен таныстыру. Типті және оның кластарын қазіргі системаға сәйкес, төменгі сатыларынан жоғарыларына дейін зерттеу әрбір топтардың ерекшеліктері туралы түсінік беріп қана қоймай, сонымен қатар олардың пайда болуы мен туыстық ара-қатынастарын, құрылысы мен органдар жүйесінің эволюциясын және олардың функционалдық байланыстарын қадағалауға да мүмкіндік береді. 6. Биология оқыту әдістерінің сипаттамасы. Биологияны оқыту әдістемесі - пән ерекшеліктеріне негізделген, оқыту мен тәрбиелеу үрдісі элементтсрінің жиынтығын беретін ғылым. Әдістеме -педогогикалық ғылым, сондыктан ол элеуметтік сұраныс және педогогикамен  анықталған жалпы білім беру мен тәрбиелеудің мақсат, міндеттеріне сәйкес құрылады. 7. Зертханалық жұмыстардың ғылымы ұйымдастырылуы. Ғылыми – зерттеу әрекеті барысында зертханалық жұмыстар теориялық - әдістемелік білімдер мен тәжірибелік дағдыларды біріктіруге мүмкіндік береді. Зерт.сабақтарда студенттер өздігінен эксперименттер қояды, бақылайды, табиғи құбылыстарды немесе технологиялық процесстерді зерттейді, құрал-жабдықтармен танысады,олардың жұмыс істеу принциптерін игереді. Зерт. сабақтар жеке және топта жұмыс істей білу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастырады, есеп шығару, тәжірибе қою, эксперимент жасау, жаттығулар орындау барысында ойлау операцияларын белсендіреді. Зертханалық сабақтар төмендегідей формада ұйымдастырылады: фронтальды (барлық студенттер бір тақырып бойынша бір жұмысты бірге орындайды) немесе, әртүрлі жұмыстар тәсілімен (бір сабақта студенттер әр түрлі жұмыстар орындайды).Жекелеген жағдайларда циклдер бойынша 2-4 сабақтың зертханалық жұмыстары орындалады. Бір циклді өткенде лектор екінші циклдің материалдарын есепке алады. 8. Көрнекі әдістердің түрлері, оларды биология сабақтарында пайдаланудың ерекшеліктері. Көрнекілік әдістероқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіңдік береді.Бұған демонстрация, иллюстрация және бақылау тәсілдері жатады.Демонстрация(көрсету) оқушыларды құбылыстар, процестер және заттардың нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Әдістің бұл түрі оқылып отырған құбылыстың қозғалысын анықтау, заттың ішкі құрылысы және сыртқы көрінісімен немесе бірыңғай заттардьщ орналасу жағдайымен таныстыруды көздейді. Иллюстрация  мысалмен сипаттау; суретпен сипаттау. 9. Білім алушылардың өздік жұмысы.Студенттің өзіндік жұмысы – бұл студенттің дидактикалық тапсырмаларды өзінше орындауға, танымдық әрекеттерге қызғушылығының қалыптасуына және нақты бір ғылым саласында білім жинақтауына бағытталған студенттің оқу әрекетінің ерекше түрі. Өзіндік жұмыс студенттердің шығармашылық қабілеті мен біліктерін дамытуда олардың барысында тиімді, әрі өнімді еңбек етуіне мол мүмкіндіктер жасайды. Өзіндік жұмысты оңтайлы ұйымдастыру елеулі практикалық міндет және маңызды ғылыми проблема болып табылады. 10. Биология кабинеті оның ұйымдастырылуы және жабдықталуы. Мектеп жабдықтарын үш бөлімге бөлуге болады:1. Оқу жабдықтары; 2. Жиһаз; 3. Ғылыми оқулық процесінің ұйымдастыруы үшін арнайы құралдар және оларды  пайдалану. Биология кабинетіне үш орнықтыру қажет етіледі: сынып- лаборатория, препараторлық бөлме және тірі табиғат бұрышы. Негізгі оқушылардың және мұғалімнің оқулық іскерлік сынып- лабораторияда өтеді. Препараторлық бөлме оқулық жабдықтарын сақтайтын орын болып табылады және сабаққа керек жабдықтарын дайындау үшін. Кабинет санитарлы-гигиеналық нормаға сәйкес болу қажет. Оқушылардың үстелдері үш қатар ретімен қойылады. Демонстрациялық үстелдің шетінен тақтаға дейін 1 м кем болмау керек. Мұғалімнің жұмыс орны демонстрациялық үстелден, сынып тақтасынан, магнитті тақтадан, экраннан тұрады.     11. Биологияны оқыту технологиясы пәнінен оқытудың әдістемесі. Қазіргі уақытта практикаға мынандай инновациялық технологиялар ендірілген: дифференциация және жекешелендіру технологиялары; жобалық технологиялар, оқу материалын өз бетінше жобалауға арналған және белгілі бір формада: графикалық, белгілік немесе символдық түрде модельденетін және ары қарай құрылымға енетін сабақты ұйымдастыру тәсілі; проблемалық оқыту технологиялары; интербелсенді технологиялар; ақпараттық технологиялар: мультимедиялық сабақтар, компьютерлік оқыту бағарламалары негізінде жүргізілетін сабақтар; электрондық оқу құралдары, презентациялар негізінде құрылған сабақтар. 13. Зертханалық жұмыстарды өткізудің ерекшеліктері. Зертханалық сабақтар өзінің міндеттері бойынша бірнеше категорияларға бөлінеді: а) кіріспе немесе таныстыру сабақты химия,физика пәндері бойынша жүргізіледі. Мақсаты студенттерді эксперимент техникасымен танысу эксперименттік мәліметтерді өңдеу және жуықтау теориясымен, жиі кездесетін құрал-жабдықтардың құрлысымен жұмыс істеу принциптерімен танысу;б) жалпы ғылыми курстар практикумдары бойынша студенттермен зерттелетін құбылыстардың мәні және заңдылықтары негізіне жататын экспериментті қоюды түсіндіру;в) тереңдетілен практикумдар жалпы курста игерілген және жинақталған тәжірибелер арнайы курстарды өтуде және ғылыми зерттеулерді жүргізудегі ауыспалы кезеңі болып табылады ;г) арнайы пәндер бойынша практикумдар мамандарды даярлаудың белгілі бір ғылым аймағындағы ғылыми эксперименттік зерттеулерді жүргізу дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін соңғы кезеңі болып табылады.Зертханалық сабақтың құрылымы:Зертханалық сабақтың құрылымы жұмыстың түріне байланыссыз төмендегідей болып келеді. а) бастапқы кезеңі – сабаққа рұқсат беру, студенттің дайындығы, жұмыс барысының дәптерде болуы, кестелердің, графиктердің дайындығы т.с.с тексеріледі;б) студенттермен сұрау жұмыстарын өткізу және экспериментке мәліметтер жинақтау 14.Аудиториялық сабақ – биологиядан оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі формасыКіріспеде тақырып, мақсат айтылып, қызығушылығын тудырып, негізгі тірек идеялары құрастырылады, алдыңғы және соңғы білімдермен байланыстырады. Ең күрделісі дәрісті бастау. Бірінші айтылған сөз тыңдаушылардың назарын аударуы тиіс. Негізгі бөлімде барлық анықтамалар мен негізгі теориялық сұрақтар нақты, қысқа ашылады. Әр теориялық көзқарасқа дәлелдемелер, суреттер таңдап алынады. Дәріс сұрақтары 2 – 4-ке дейін. Дәріс мәтіні өте үлкен болмауы керек. Аудиториямен байланыста лектордың сыртқы бейнесі, өзін-өзі ұстау, жест, сөйлеуі, тілі маңызды роль атқарады.Қорытынды. Дәрістің негізгі идеяларын жинақтап қорытындылайды. Тақырыпқа сай ұсыныстар беріліп, қиындықтарды жою жолдары көрсетіледі. Дәріс жағымды эмоционалды көңіл күймен аяқталуы тиіс. 16. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы пәнінен оқыту әдістемесі Жасқа сай физиология және гигиена пәні ғылымның екі саласын қамтиды: адам организмінің организмінің жеке мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерінің жас ерекшеліктерінің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жасқа байланысты физиология және адамның денсаулығын сақтауғаф қажетті жағдайларды қарастырып, анықтап, түрлі ұсыныстар жасайтын гигиена ғылымдары. Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы- жоғары оқу орындарында жеке оқылатын пән, мұның оқытатыны балалар мен жас өспірімдердің физиологиялық ерекшеліктері, олардың жекеше дамуының қалыптасу заңдылықтары және тәрбие жұмысының әсерінен пайда болатын физиологиялық функцияларының ерекшеліктері. Бұл пәннің негіздері адам мен жануарлар анатомиясы және физиологиясы, жалпы гигена мен медициналық гигиена, биохимия, психология, педагогика, цитология, генетика т.б. биологиялық және табиғат тану ғылымдарының табыстарына сүйенеді. 17. Практикалық сабақтарды ұйымдастыру.Практикалық сабақтардың басты мақсаты: а) курстың теориялық қағидаларының мәнін ашу, дәріс материалдарымен жұмыс және оны бекіту; б) студенттерді дәрістің негізгі материалдарын талдау әдісіне үйрету, практикалық мәліметтерді теориялық мәліметтермен салыстыру және талдау ; в)студенттерге өзбеттерімен жұмыс жасау дағдысын, ұсынылған мәліметтермен талдау жүргізу және оған сәйкес қорытынды жасату; г)           студенттерді теориялық курсты практиканың әр түрлі таспсырмаларында қолдана білуге үйрету; д) студенттерді техникалық оқыту құралдарымен жұмыс жасай білуге үйрету. 18. Бақылау, обьектілерді анықтау, эксперимент және т.б. Бақылау әдісі – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады. Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера, т.б.) жазбалардың түрлері(стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.). Психологияның негізгі әдістерінің бірі – эксперимент. Эксперимент әдісі. Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттеушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады. Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын өзгерте алады. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-тәрбие үрдісінде тәсілдерді табуға мүмкіндік береді.Психологиялық зерттеулерде негізінен екі түрлі эксперимент қолданылады. Олар зертханалық (лабораториялық) және табиғи деп аталады. 19. Аудиториялық сабақтардың типтері, олардың құрылымы Аудиториялық сабақтардың көп бөлігін лабораториялық-практикалық жұмыстар алады. Тапсырманы дербес орындауына қарай оларды репродуктивтік (рындалған тапсырманы еске түсіру) және шығармашылық (білім мен іскерлікті жаңартуды, қайта құруды,жинақтауды қажет ету) деп бөлінеді. Практикалық сабақтарда есеп-жаттығулар, ғылыми тілді қалыптастыру жұмыстары т.б. орындалады. Практикалық сабақтардың басты мақсаты:   А), дәріс материалдарымен жұмыс және оны бекіту;  б) студенттерді дәрістің негізгі материалдарын талдау әдісіне үйрету, практикалық мәліметтерді теориялық мәліметтермен салыстыру және талдау ; в)  студенттерге өзбеттерімен жұмыс жасау дағдысын, ұсынылған мәліметтермен талдау жүргізу және оған сәйкес қорытынды жасату; г) студенттерді теориялық курсты практиканың әр түрлі таспсырмаларында қолдана білуге үйрету; д) студенттерді техникалық оқыту құралдарымен жұмыс жасай білуге үйрету. Семинар сабағының бірден-бір мақсаты: - лекцияда алған білімді терең ұғыну, мәселелерді шешу, проблемалық ситуациялар мен есептерді ойластыру, құрастыру, талдау, өз позицияларын айқыңдап, анықтау. 20. СӨЖ орындауға жетекшілік ету жолдары.Уақытты тиімді пайдаланып, оқушының өз бетімен тапсырманы орындауына ұдайы жағдай жасалуы қажет. Ол үшін мынадай міндеттер орындалу керек: Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар: 1. Оқытушының нақты тапсырмалар беруі; 2. Жұмысты орындаудың және аяқтаудың дербестігінің өзара байланысы; 3. Жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеу; 4. Олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі. Студенттердің өзіндік ұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор. Өйткені, сол арқылы студенттердің іс-әрекетінің дербестігі артады. Сонымен қатар, студенттердің өіндік жұмыстарының тәрбиелік мағынасы өте зор. Өйткені, бұл жұмыс-студенттің білім алудағы жеке жұмысын ғана емес, қазіргі заманғы жоғарғы кәсіби маманды тұлға рентінде қаплыптасуына мүмкіндік береді. 21. Қазақстан биоресурстары пәнін оқытудың әдістемесі.«Қазақстан биоресурстары» пәні «Биология» мамандығы бойынша бакалаврлар дайындауда биологиялық пәндер ішіндегі негізгі пәндердің бірі. Студенттерді Қазақстан өсімдіктері және жануарлары ресурстарының алуан түрлілігімен, пайдалы өсімдіктер және жануарлардың жеке топтарын және түрлерін зерттеу тарихының кезеңдерімен, сонымен қатар шикізат алу тәсілдерімен және оларды қолдану жолдарымен таныстыру. Қазақстан табиғи байлықтарын (жануарлар әлемі,өсімдіктер әлемі және т.б.) туралы видеофильмдерді пайдалану. Оқу бағдарламасына сәйкес диапозитивтер (слайдтар) көрсету. Оқу бағдарламасына сәйкес мезгіл-мезгіл бақылау жұмыстарын, коллоквиумдар, тест жұмыстарын жүргізу. 22. Практикалық сабақтарды өткізудің ерекшеліктер.ПС бұл мұғалімнің ұйымдастыруы мен бағыттауының нәтижесінде оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын сөздік көрнекілік және практикалық жұмыстардың күрделі байланысы болып табылады. Оқу тәрбиелеу жұмысын іске асыруға практикалық жұмыстарды орындау өте құнды. Оқушылар бұрынғы алған блімдерін іс – жүзінде практикалық тапсырманы орындау нәтижесінде жүзеге асырады, дағдылары қалыптасады. Практикалық жұмыс 6-7 сыныптарда мұғалімнің нұсқауымен жүргізіледі, әрбір тапсырманы оқушылар бірігіп орындайды, ал жоғары сыныптарда практикалық жұмыстар өз бетімен жүргізіледі. Практикалық жұмыстардың түрлері:Табиғи обеъктілерді танып білу және анықтау; құбылысты бақылап есепке алу; экспериммент жасау. Практиклық жұмыстың басында қойылған мәселе мен сұрақты практикалық жұмыстың көрсеткіші мен оқушылар дәлелдеулері керек.Практикалық бақылау кезінде оқушылар өз бетінше жұмыс жүргізеді, өлшейді, есептейді, кептіреді т.б. 23. Биологияны оқыту әдістерін таңдау және олардың дамуы.Биологияны оқыту әдістері: Сөздік: сұрақ- жауап, әңгімелеу, түсіндіру, лекция, нұсқау беру , пікірталас т.б. Көрнекілік: бейнелеу көрнекіліктерін демонстрациялау, тірі табиғи объектілер, тәжрибелер, кинофильмдер, таблитца сызба- нұсқалар арқылы білім беру. Практикалық: объектілерді танып білу, өз бетінше тәжрибе жүргізу, эксперимент қою, оқу өндірістік еңбек т.б. Оқулық пен жұмыс: оқулыққа шолу жасау, қарап шығу , оқу, зерттеу, мазмұндау, конспект, реферат жазу. Техникалық құралдармен жұмыс: компьютермен жұмыс жасау, техникалық құралдармен жаттығу, көру, зерттеу, қортындылау т.б. Әр әдістің өзіне тән қолдану ерекшеліктері бар. Сөздік әдістері қолдануда оқушылардың білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады. Мұғалім әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ жауап, лекция түрінде білім береді, ал оқушылардың іс- әрекеті тыңдау. Тақырыпты өтіп болған соң, оқушылар ауызша немесе жазбаша есеп беру барысында алған білімдері мен түсініктері қортындылады, бекітеді. Көрнекілік әдісін пайдаланған кезде мұғалімнің сөзі басқа мағына алады да, оқушылардың алатын білім көзі мұғалімнің заттар мен құбылыстарды көрсету, демонстрациялау болып табылады. Оқушылар көрген фактіларін ой елегінен өткізіп, белгілі бір қорытындыға келіп жаңа білім қалыптастырады. Бұл жағдайда оқушылардың бақылаған, көрген құбылыстары білім көзі болып есептелінеді. Практикалық әдіс қолдануда мұғалімнің сөзі нұсқау беру үшін және орындалатын жұмыстың мақсатымен таныстыру үшін қажет. Оқушылардың алатын білім көзі, өздерінің орындайтын практикалық жұмысы. Бірқатар жағдайларда мұғалімнің нұсқауымен білім алу үшін кітаппен жұмыс жүргізледі. Оқушылар білімді кітаптың мазмұнынан алады. Кітаппен жұмыс алуан түрлі әдістерді қолдану барысында да жүргізіледі мұғалімнің қандайда бір әдістерді қолдануының негізгі мақсаты, оқушыларды белсенді түрде сабаққа қатыстыру. 24. Білім берудегі инновациялық технологиялар және инновациялар.Білім беру жүйесіндегі инновация туралы ХХ ғасырдың 80жылдары сөз қозғалды. «Инновация » латын тілінен аударғанда «жаңару, жаңашылдық немесе өзгеру» деген мағыналарды береді. Сонымен, жаңалық – бұл құрал (жаңа әдіс, әдістеме, технология, бағдарлама және т.б.), ал инновация – бұл осы құралды меңгеру үрдісі. 25. Биология кабинетіне қойылатын талаптар. Мектеп жабдықтарын үш бөлімге бөлуге болады:1. Оқу жабдықтары; 2. Жиһаз; 3. Ғылыми оқулық процесінің ұйымдастыруы үшін арнайы құралдар және оларды пайдалану. Техникалық талаптар жұмыс кезінде ыңғайлығын және қарапайымдылығын қолдануда көпке дейін төзімділігін қалайды. Жиһаз қымбат болмауы керек. Эстетикалық талаптаржиһаздың пішіні және бояулары, заманға сәйкес беттердің өңдеуі, ашық түстерге боялуы. Экономикалық талаптар жабдықтарды дұрыс орналастыру және дұрыс сабақта қолдануға мүмкіндік береді. Биологиялық кабинеттің ішкі көрінісіне бірнеше талаптар қойылады. Педагогикалық талаптар оқу процесін жақсартады, негізгі ғылыми заңдылықтарды зерттеуге көмектеседі. Психологиялық талаптарорналастыру бөлмеде түрлі түстігамма іріктеп алу және оның дайындауы оқушылардың көңіл-күйіне әсер ететіндей болуы керек. Гигиеналық талаптар биология кабинетінің дайындау кезінде кабинеттің жұмыс ерекшелігін, жарықталғандық дәрежесін еске алу керек. Экономикалық талаптар орта білім беретін мектептерде кабинет дайындықтары қымбат емес және оңайға керек. 26. Эволюциялық ілім пәнін оқытудың әдістемесі. Мақсаты:Қазіргі эволюциялық тұжырымдардың «теория» ұғымына сәйкес келмейтіндігіне көңіл қоя отырып, эволюциялық теорияның қалыптасуының мүмкін жолдарымен таныстыру. · Пәннің қысқаша мазмұны:Кіріспе. Эволюцияны зерттеу əдістері. Тіршіліктің жүйелік ұйымдасуы. Табиғи сұрыпталу концепциясының табиғаты. Көбеюдің эволюциялық тәсілдері. Түр туралы қозқарастардың қазіргі кездегі жағдайы. Түр критерийлері. Турлердің пайда болуының қазіргі заманғы концепциялары. Прогрессивті эволюцияның молекулалық және гентикалық механизмдері. Әлемнің дамуындағы негізгі этаптар. Материяның дамуы мен күрделенуі, ұйымдасу деңгейлерінің жоғарлауы, сонымен қатар даму процессіндегі параллелизм және т.б. сияқты күрделі процесстерді терең түсінуге түрткі болатын биология және басқа жаратылыстану ғылымдарындағы жетістіктермен танысу. 27. Инновациялық әдістер арқылы студенттердің коммуникативті құзыреттіліктерін қалыптастыру. Болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ақпараттық технологияларды пайдалану, ол-ң білімді меңгерудегі ізденімпаздығын білімге қызығушылығын арттырып, технология құралдарын пайдалану арқылы оқыту үрдісін шығармашылықпен ұйымдастыру қажет, сонда ғана әрбір білім алушының ақпараттық технологияларды пайдаланудағы кәсіби өсуіне мүмкіндік тығыздалады. Комму-к құзырет-к: өз пікірін айта білуге, жанжалдық ахуалдарды шешуді жүзеге асыруға, әдіскер ғалымдардың анықтамаларын, идеяларын талдауға мүмкіндік береді. 28. СӨЖ орындауға жетекшілік ету жолдары.Уақытты тиімді пайдаланып, оқушының өз бетімен тапсырманы орындауына ұдайы жағдай жасалуы қажет. Ол үшін мынадай міндеттер орындалу керек: Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар: 1. Оқытушының нақты тапсырмалар беруі; 2. Жұмысты орындаудың және аяқтаудың дербестігінің өзара байланысы; 3. Жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеу; 4. Олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі. Студенттердің өзіндік ұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор. Өйткені, сол арқылы студенттердің іс-әрекетінің дербестігі артады. Сонымен қатар, студенттердің өіндік жұмыстарының тәрбиелік мағынасы өте зор. Өйткені, бұл жұмыс-студенттің білім алудағы жеке жұмысын ғана емес, қазіргі заманғы жоғарғы кәсіби маманды тұлға рентінде қаплыптасуына мүмкіндік береді. 29. Биологиядан далалық оқу тәжірибесінде фенологиялық бақылауды ұйымдастыру.«Фенология — табиғаттың маусымдық құбылыстарының заңдылығын зерттейтін білім саласы» деп анықтама беріледі. 1840 жылы белгиялық ботаник Ш.Морран жыл мезгілерінің ауысуынан болатын органикалық табиғаттың маусымдық дамуы жөніндегі білімдер жүйесін анықтап, оны «Фенология» терминімен атауды ұсынған. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін, әсіресе егін шаруашылығында табиғатта болатын маусымдық өзгерістерді бақылау қажеттілігі туындаған. Фенология жалпылама және жекелік болып екіге бөлінеді. Біріншісі өзендердің еруі мен қатуы, жапырақтардың шығуы мен түсуі, өсімдіктердің гүлденуі мен дәнденуі және тағы басқалар) мәліметтер жазылған жинақтағыш табиғи календарь жасалады. Ал жекелік фенология немесе биофенология, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің даму фазаларын (мыс.: гүлдеу, ұрықтану фазаларын және тағы басқаларды) зерттейді. 30. Көрнекі құралдарды таңдау принциптері және оларды сақтау.Көрнекілік әдіс-сабақ түсіндіру барысында дидактикалық құралдарды,үлестірме материалдарды,сызба нұсқалар,таблицалар,кестелерді т.б.қолдану түрі.Көрнекі әдісі- Бұл әдістердің ішінде ең басты роль атқаратындығы – бақылау әдісі. Бақылау әдісі сабақта нақты заттар мен көрнекі техникалық құралдарын демонстрациялау кезінде , сондай ақ топсеруен, лабороториялық жұмыстарда ерекше орын алады.Дұрыс бақылау әдісі студенттердің байқағыштық, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Техникалық құралдармен сабақ өткізу тәжірибесінде 1.Сабаққа берілетін уақытты тиімді пайдаланылады. 3.Студенттердің өз бетімен шығармашлық жұмыс істеп ой өрісін дамытуға мүмкіндік туады. 4.Студенттердің сабаққа қызығуы артады. 5.Студенттердің білімі толық бағаланады. Демонстрация әдісі – тәжірибелерді, приборларды, препараттарды, табиғи объектілерді, кинофильмдер көрсетуге байланысты. Демонстрация биолгия сабақтарында түрлі приборларды табиғи объектілерді демонстрациялау үшін қолданылады. Иллюстрация әдісінің көмегімен студенттерге иллюстративті құралдарды яғни, плакаттар, карталар, суреттер порттреттер көрсетуге болады. 31. Қолданбалы биология және топырақтану негіздері пәнін оқытудың әдістемесі.Ауыл шаруашылық өнімінін өндіруді ұлғайту алда тұрған мақсаттардың бастысы. Студенттерді ауылщаруашылық өндірісіне лайықты білім мен іскерлігі дағдылы, тектен өміріне қажетті оқу тәжірбиелік зертханалық практикалық жұмыстар жүргізу, оқушыларды еңбекке мамандық алуға тәрбиелеу щеберлігі болуы қажет. Бағдарлама студенттердің қазіргі кездегі ғылыми негіздегі ауылшаруашылық өндіріс системасына үйретеді. Топырақтану, жер тану, агрохимия өсімдік шаруашылығы, химия, экономика т.б. ғылымдардың байланысымен таныстырады. Ауыл шаруашылық туралы білім студенттер үшін мектепте оқушыларды еңбекке тәрбиелеуге, мектеп жанындағы участоктерде ғылыми негізде тәжірибе жүргізуде, факультативтік сабақтар өткізуге, биология, химия сабақтарын өткізуде қолданбалы биология және топырақтану негіздері пәні туралы білімнің маңызы зор.Қолданбалы биология және топырақтану негіздері>> - 3 кредит.Курс бойынша 50 минуттық дәріс, 50 минуттық зертханалық сабақ және 50 минуттық ОСӨЖ аптасына 1 рет болады. 32.Аудиториялық сабақ – биологиядан оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі формасыКіріспеде тақырып, мақсат айтылып, қызығушылығын тудырып, негізгі тірек идеялары құрастырылады, алдыңғы және соңғы білімдермен байланыстырады. Ең күрделісі дәрісті бастау. Бірінші айтылған сөз тыңдаушылардың назарын аударуы тиіс. Негізгі бөлімде барлық анықтамалар мен негізгі теориялық сұрақтар нақты, қысқа ашылады. Әр теориялық көзқарасқа дәлелдемелер, суреттер таңдап алынады. Дәріс сұрақтары 2 – 4-ке дейін. Дәріс мәтіні өте үлкен болмауы керек. Аудиториямен байланыста лектордың сыртқы бейнесі, өзін-өзі ұстау, жест, сөйлеуі, тілі маңызды роль атқарады.Қорытынды. Дәрістің негізгі идеяларын жинақтап қорытындылайды. Тақырыпқа сай ұсыныстар беріліп, қиындықтарды жою жолдары көрсетіледі. Дәріс жағымды эмоционалды көңіл күймен аяқталуы тиіс.   33. Сырттай оқу формасы бойынша биологиядан оқытудың ерекшеліктері.Сырттай оқыту формасының студенттері үшін қашықтықтан білім беру жүзеге асады.Сырттай оқыту белгілі бір даярланған оқу жоспары бойынша мамандық алуды көздейді және сырттай оқуда білім алушы өзгелермен бірге кіріспе лекцияларға қатысып, зертханалық жұмыстар жүргізеді, сынақ, емтихан тапсырады, яғни дәрісханаларға келіп оқуды жоспарлайды. Ерекшеліктері: дәрістер мен семинарларға қатыспай-ақ, ыңғайлы уақытта және ыңғайлы орында жұмыс істеуге мүмкіндік береді және білім беру жүйесінің орта бағасы 50 %-ке арзан. 34. Үлескінің негізгі бөлімдері.Мектеп оқу тәжірибе учаскісін оқушылардың еңбекке тәрбиелеудің негізгі көзі ретінде қарастырылады. Мектеп оқу тәжірибе участіктегіндегі мынадай 2 жүйе жүзеге асады:1.операциялық жүйеде мұғалімнің түсіндіруі және көрсетуінен кейін оқушылар топен кең жұмыс істейді; 2.пәндік жүйеде оқушылар бөлінген тақырып бойынша топпен немесе жеке жұмыс істейді. Мектептің оқу-тәжірибе үлескісінің жұмысын ұйымдастыруда ең бірінші алаңның топырағына көңіл аударған абзал. Себебі, топырақ құрамы мен құрылымы өсімдіктің өсуі мен гүлдеу мерзіміне, алынатын өнім түсіміне тікелей әсер етеді. Сондықтан оқу-тәжірибе үлескісінің алаңын топырақпен қамтамасыз ету мен оны танаптарға орналастыруға мұқият қарау қажет. Мектептің оқу-тәжірибе үлескісіндегі барлық мәлімет мынадай құжаттар арқылы жүргізіледі:1)    Күнделік дәптері. 2)Тіркеу журналы.Күнделікке оқушылардың күнделікті бақылаған мәліметі жазылады. Онда күнделікті болған өзгерістер (өскіннің өсуі, гүлдеуі т.б.) ауа райында болған құбылыстар (фенологиялық бақылау), жасалған күтім (суару, түптеу, шөптеу, т.б.) жазылады. Тіркеу журналыңда жер аумағы, өсімдік тарихы, топырақ сипаттамасы тәжірибе алаңының сызбасы, ауданы, тәжірибе жұмысының жоспары, аудан бұрынғы дақыл жөнінде мәліметтер. 36. Оқу нәтижесін бақылау – бағалауға қойылатын талаптар. 37. Қазіргі білім берудің мақсаты мен міндеттері.Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі, жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті, бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. 38. ЖОО – да кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы.Пәннің әрбір тақырыбына кететін 100 % уақыттың шамамен, 10 %-ы тақырыпқа байланысты кіріспе-кеңес беруге кетеді, 20 % уақыт тақырып бойынша даярлануға қажетті материалдар мен дерек көздерін қайдан табуға болатындығын түсіндіруге жұмсалады. Ал қалған 70 % уақыт студенттің өздіндік жұмысына кетеді екен. Қорытынды бақылау - емтихан түріндегі аралық аттестаттау кезеңінен, межелік бақылау, академиялық мобильдік, академиялық кезең (Теrm) - үш нысанның біреуін таңдайтын өз білім беру ұйымының еркімен белгіленетін теоретикалық кезең: семестр, триместр, тоқсан; білім алушылардың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - БӨЖ) - өз бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде ақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыстарынан тұрады. 39. Сабақтың белсенді формалары.Сабақ – биологиядан оқу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі формасы: биология сабақтарына қойылатын талаптар. Биология сабақтарының типтері, құрылымы. Тәжірибеде биология сабақтарының көптеген түрін атап жүрміз.Дидактикалық мақсатына қарай білімді меңгеру сабағы, бекіту сабағы, тексеру және сынау сабағы, аралас сабақ, оқыту әдістеріне сай әңгіме сабақ, лекция, кино сабақ, кіріспе сабақ, топсеруен сабақ, қорытынды сабақ деп бөлеміз. Осылардың ішіндегі ең негізгісі - сабақ. ХVII ғасырда сынып – сабақ жүйесі ене бастады. Оның контурын неміс педагогі Штурм, теориялық негізін қалаушы және практикалық технологиясын құрушы Я.А. Коменский болды. Сонымен 1930 жылдан бастап совет мектебінде оқытуды ұйымдастырудың формасы сабақ болды. Сабақ – оқушылардың топқа ұйымдасқан, класс (сынып) деп аталатын тұрақты құрамымен, мұғалім басшылығымен жүргізілетін оқу жұмысы. Сабақта оқыту мен тәрбие мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады, оқушылардың ой-өрісі кеңиді, қабілеті дамиды, көзқарасы адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Биология сабақтарына қойылатын талаптар: 1. Балалардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу. Оқытудың әдістері мен оқу материалдарын қиындау және жеңіл дәрежесін дұрыс айқындау. .Сабақтың құрылымын айқындау, мақсат, міндет, әдіс-тәсіл, мазмұнға сәйкестендіру, тиімді пайдалану, уақытты үнемдеу. 3.Сөз бен көрнекілікті үйлестіру, техникалық құралдарды қолдану. 4.Оқушылардың білім деңгейін терең ұғынуын бақылап, есепке алу. 5.Білімнің қоғамдағы дәрежесін көтеру үшін дарынды балаларды аңықтау, бейімділігін, қабілетін дамытуға жағдай жасау. Аралас сабақ құрылымы: 1. Ұйымдастыру кезеңі; 2. Мақсат, міндеті; 3. Үй тапсырмасын сұрау; 4. Жаңа сабақты хабарлау; 5. Бекіту; 6. Қорыту; 7. Үйге тапсырма. Қорыту және жүйелеу сабағы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Сабақтың мақсаты, міндеттері. 3.Оқу материалын қайталау, жүйелеу және жинақтау. 4. Сабақтың қорытындысы Оқытуды ұйымдастыру формалары: 1.көпшілік (олимпиада, оқу конференциясы); 2.топтық (сабақ, саяхат, зерт.жұмыс,экскурсия); 3.жеке-дара (үй жұмысы,қосымша жұмыс, емтихан). 40. Студенттердің оқу – дала практикасын ұйымдастыру және қорытындылау.Биологиялық пәндер бойынша кешенді далалық оқу тәжірибесі студенттердің өзбеттерінше танып білулері, зерттеулері іске асатын оқыту үдерісінің формасы.  Әрбір жүргізілген тәжірибе аяғына дейін жеткізілуі қажет. Бұл негізгі педагогикалық қатаң ережені сақтау керек. Яғни, кешенді тапсырмалар: - табиғи үдерістердің мазмұнының, құралдары мен нәтижелерінiң бiрлiгiн; студенттердiң репродуктивтi әрекеттерін шығармашылық iс-әрекетке бағыттайтын пәнаралық бiлiмдері мен iскерлiктерін; -жүйелі күрделенген биологиялық тәжірибелерді жасап, оларды шешу тәсілдерін моделдей отырып далалық оқу практикасы барысында теория мен практиканы интеграциялаудың тұтас жүйесін ұйымдастырады. Сол арқылы студенттер табиғи құбылыстардың мәні мен мазмұнының тетіктерін меңгереді. 41. Өсімдіктер анатомиясы және морфологиясы пәнін оқыту әдістемесі Биология мамандығы бойынша студенттер 2 ,4- ші семестрлерде өсімдіктер анатомиясы және морфологиясы мен оның үлкен практикумын өтеді. Өсімдіктер анатомиясы және морфологиясының үлкен практикум бағдарламасы мынандай жоспар арқылы кұрылған:1. Өсімдік анатомиясы және морфологиясының ұлкен практикумы пәнін окыту мақсаты. 2. Зертханалық жұмыстар, олардың мазмұны. 4. Қолданылатын оқулықтар. 5. Өсімдік анатомиясы және морфологиясының үлкен практикумы пәнінен өтетін студенттердің өздік жұмыстары.Пәннің мақсаты: Студент санасында біртұтас өсімдік ағзасы, оның ішкі жəне сыртқы құрылысы, макро жəне микроқұрлымы, бейімделу ерекшелігі, онтогенез барысындағы өзгерістері, көбею жолдары туралы нақты білім жүйелерін құру. Олардың тіршілік ету формалары жəне биосферадағы маңызы туралы ұғым қалыптастыру Міндеттері: - өсімдіктің біртұтас ағза ретінде қарастыру; - өсімдік мүшелерінің ішкі жəне сыртқы құрылысының алуан түрлілігін жан-жақты талдау; - өсімдіктердің тіршілік əрекеті жəне жер шарындағы таралуы туралы ұғым қалыптастыру; - өсімдіктердің бейімделу ерекшеліктері жəне қоршаған ортамен қарым –қатынасын анықтау; - өсімдіктердің көбею жəне таралу жолдарын талдау. 42.Зоология сабақтарында студентердің танымдық қызығушылығын арттыру Студенттердің танымдық іс-әрекеті оқу үрдісіне негізделе отырып дамиды. Яғни бұл іс-әрекеттер қарым-қатынас арқылы қалыптасады. Олардың ішінде ең маңыздысы – оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас. Яғни студенттердің танымдық іс-әрекетінің дамуы оқытушының оқытуына да байланысты болып келеді екен. Дидактар бұны педагогикалық жағдай, оқу-тәрбие үрдісі жағынан қарастырған. Пән бойынша өтілетін материалдарды игеруге қатысты танымдық іс-әрекеттерді нақты жағдайда зоология курсын негізге ала отырып қарастырып көрейік. Биология мамандықтағы студенттерге зоология курсын үйретуде қолданылатын басты оқыту формаларын төмендегідей жинақтауға болады. Ø дәріске байланысты әдебиеттер мен қажетті оқу құралдарын өз бетінше оқып талдау, ой елегінен өткізу; Ø арнайы жаттығулар мен тапсырмаларды орындау; Ø оқу-әдістемелік құралдармен жұмыс жасау; Ø рефераттарды дайындап талдау; Ø өзіндік жұмыстарды дайындау; Ø ғылыми бағыттағы жұмыстарға қатысу, ғылыми зерттеулер жүргізу. Оқытушы осы аталып өтілген факторлардың барлығын ой елегінен өткізіп, әр қайсысының тиімді пайдалану жолдарын білуі шарт. 43.Сабақ типтерінің мақсаты мен міндеттері, өткізу әдістері мен мазмұны Сабақ типтері 1. Жаңа білім беру сабақтары(дәріс сабағы, (қос)үштік сабағы); 2. Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабақтары(практикалық сабақ, семинар сабақ); 3. Қайталау сабақтары (конференция, дебат, пікірталас сабағы т.б.); 4. Білімді тексеру сабақтары (емтихан, коллоквиум, есеп-сынақ сабақтары); Жоғары оқу орнындағы дәріс сабақтары студенттердің шығармашылық ізденісте білімді меңгеру арқылы, ғылыми әдебиеттермен өзіндік жұмыс формаларын, стилін таңдауға мүмкіндік береді. Зертханалық сабақтарда студенттер өздігінен эксперименттер қояды, бақылайды, табиғи құбылыстарды немесе технологиялық процесстерді зерттейді, құрал-жабдықтармен танысады,олардың жұмыс істеу принциптерін игереді. Практикалық сабақтарда есеп-жаттығулар, ғылыми тілді қалыптастыру жұмыстары т.б. орындалады. Жоғары оқу орындарында студенттердің үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізіледі Пән бойынша дәріс оқу әдістемесі. - тақырып бойынша негізгі түсініктерді аудиторияға жеткізу; - мазмұнды дәлелдеу; - материал мазмұның ақпараттығы; - материалдың проблемалылығы.   44. Студенттердің білімін бекіту, қайталау және тексеру барысында оқыту әдістерін пайдалану Студенттердің оқудағы жетістіктерін бағалау рейтинг жүйесі бойынша: ағымдағы, аралық және қорытынды бақылаулар арқылы есептелінеді. Ағымдағы бақылау – пәннің оқу бағдарламаларына сәйкес оқытушылардың күнделікті жүргізетін сабақтарын студенттің меңгеруін тексеру. Студенттің пәнді игеру дәрежесін және білімін бекіту, қайталау, ттексеру үшін күнделікті бақылаудың келесі түрлері қолданылуы мүмкін: ü бақылаудың ауызша түрі, (тараудың бір немесе бірнеше тақырыптарын өткен соң, оның меңгерілуін тексеру мақсатында сұрақтарға жауап немесе ситуациялық талдау түрінде өткізілуі мүмкін); ü жазбаша бақылау, (курстың белгілі бір тарауын өткен соң, оның меңгерілуін тексеру мақсатында есеп шығару, ситуацияны талдау, практикалык тапсырманы орындау немесе бақылау сұрақтарына жазбаша түрде жауап беру арқылы жүргізіледі); ü ауызша және жазбаша бақылау (бір немесе бірнеше модуль бойынша ауызша және жазбаша түрде жауап беру түрінде жүргізіледі); ü үй тапсырмасын қорғау және презентациялау (үй тапсырмасының меңгерілуінің дұрыстығын, өткізілген тақырыптарды қорыта алуын, олардың арасындағы логикалық байланыстарды анықтап, оны көпшілік алдында дәлелдей алуын тексеру мақсатында жеке не топ болып орындау); ü дискуссия, тренинг, дөңгелек стол т.б. (студенттің жеке көпшілік жағдайында немесе ойын түрінде проблемалық сұрақтарды талдай, ойлай және шешім қабылдай алуын, сонымен қатар, оның меңгерген дағдыларын тексеру мақсатында өткізіледі); ü тест (пәннің жеке не бірнеше немесе бүкіл тарауы бойынша тест сұрақтары түрінде құралған тапсырмаға берген жауабы арқылы білімін тексеру және бағалау) 45. Зертханалық жұмыстарды ұйымдастырудың тиімді жолдары Зертханалық сабақтарда студенттер өздігінен эксперименттер қояды, бақылайды, табиғи құбылыстарды немесе технологиялық процесстерді зерттейді, құрал-жабдықтармен танысады,олардың жұмыс істеу принциптерін игереді. Зертханалық сабақтар жеке және топта жұмыс істей білу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастырады, есеп шығару, тәжірибе қою, эксперимент жасау, жаттығулар орындау барысында ойлау операцияларын белсендіреді Зертханалық сабақтың міндеттеріне кіреді:  1) Теориямен практиканың байланысын жүзеге асыруды ықпал ету; 2)  Студенттерді құрал – жабдықтармен таныстыру,олардың жұмыс істеу принциптерін үйрету, қазіргі заманғы техникамен,техникалық оқыту құралдарымен жұмыс істей білу дағдысын ; 3)  Ғылыми эксперименттерді жүргізу әдістерін, эксперименттік мәліметтерді жинақтап оны өңдей білу әдістеріне үйрету; 4)  Ғылыми-зерттеу жұмыстарының дағдысын, өз бетерімен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру, студенттердің шығармашылық әрекеттерін белсендіру. Зертханалық сабақтар төмендегідей формада ұйымдастырылады: фронтальды (барлық студенттер бір тақырып бойынша бір жұмысты бірге орындайды) немесе, әртүрлі жұмыстар тәсілімен (бір сабақта студенттер әр түрлі жұмыстар орындайды).Жекелеген жағдайларда циклдер бойынша 2-4 сабақтың зертханалық жұмыстары орындалады. Бір циклді өткенде лектор екінші циклдің материалдарын есепке алады.    46. Өсімдіктер систематикасы пәнін оқытудың әдістемесі Өсімдіктер систематикасы — осы кезде өскен және қазбадан табылған өсімдіктерді туыстық жақындығына қарай систематикалық топтарға бөлетін ботаника ғылымының бір саласы. Өсімдіктер систематикасысының алдына қоятын мақсатына сай флористикалық немесе классификациялық, систематикалық, филогенетикалық зерттеу салалары бар. Өсімдіктер систематикасы пәні теориялық курсының құрамдас негізгі бір бөлігі оның зертханалық – практикалық сабақтар болып табылады. Зертханалық – практикалық сабақ лекциялық курста өтілген материалдарды толықтырып жеке заңдылықтарды нақты материалдардың негізінде дәлелдеп, тұжырымдап отырады. Мұнда өсімдіктер әлемінің құрылысы, систематикалық топтарының өкілдері мүмкіндігінше тірі күйінде немесе кеппешөптер күйінде зерттеледі. Лекциялық курста берілген жеке өсімдіктер түрлерінің құрылысы олардың жеке систематикалық топтары өсімдіктердің морфологиялық белгілеріне қарап анықталады. Сонымен қатар болашақ биологтар бүгінгі студенттер практикалық сабақ барысында өсімдіктердің құрылыстарын олардың систематикалық бірліктерін үйрену, өсімдіктерден жеке дара гербарийлер дайындау, оларды анықтағыштар жәрдемінде анықтау тәсілдерін үйренеді. 47. Зоологиядан және ботаникадан көрнекі құралдарды пайдалану тәсілдері 5В011300-Биология мамандығы бойынша болашақ мұғалімдерде қалыптастырылуы керек арнайы құзыреттіліктің бірі — биологиялық мазмұндағы көрнекі құралдарды дайындай алу және оны оқушыларға үйрету, дайындалған көрнекі құралдармен жасалатын жұмыс түрін ұйымдастыру. Студенттер болашақта биология сабақтарында көрнекі құралдарды дұрыс пайдалана ал үшін, материалдарды жинау, сақтау және табиғи обьектілерді жасау сияқты дағдылықтарға ие болулары қажет. Көрнекі құралдардың арасында коллекция мен кесте схемалар ерекше орын алады. Бағдарлама оқушылар жануарлармен, өсімдіктермен танысады. Ал бұлардың бәрі биология пәнінде оқылатын биологиялық нысандардың қатарына жатады. Биология пәнін оқытуда түрлі тақырыптарға сәйкес табиғат коллекцияларын, сол сияқты ауыл шаруашылық және өнеркәсіп өнімдері үлгілері және соларды бектіп салтын картоннан жасалған үлкенді, кішілі қорапшалар керек. Қорапшаның ішіне салынған коллекциялық заттар нөмірленіп, астына аттары жазылады, немесе әрбірі белгілі бір жерге орнықтырылып, астына аты бірден жазылады. Қорапша ыдыстың беті шынымен немесе целофанмен немесе картонмен жабылады. Мысалы, өнеркәсіп өнімдері мен ауылшаруашылық өнімдерін қорапшаға салып, табиғи объектілердің суретін тұсына жапсыруға болады. Мысалы: 1. Кептірілген өсімдіктерді: сексеуіл, жиде, арша, терек тағы басқа. 2. Дәрі-дәрмектік өсімдіктерді: тасшөп, мелисса, шүйгіншөп, шайқурай, жұпаргүл, жалбызтікенек, шырғанақ тағы басқалары.. «Тері, жүн, мех» схемасы — тері қой, түйе жүндері, т.б.       48.5В011300 Биология мамандығы бойынша типтік жоспарды құрылымы 49.Студенттердің жауаптарына қойылатын талаптардың түрлері Студенттің білім алушының үлгерімі білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады. Баға (А-, А «өте жақсы», В-, В, В+ «жақсы», Д- , Д+, С-, С, С+ «қанағаттанарлық») оқу пәні бойынша емтихан ведомосы мен студенттің сынақ кітапшасына алынған кредиттер саны көрсетіліп жазылады. «Қанағаттанарлықсыз» F бағасы тек емтихан ведомосына ғана жазылады.       Әр пән бойынша емтихан аяқталған соң студентке оның оқу жетістіктерінің бағасы болып табылатын қорытынды баға қойылады. Пәннің қорытынды бағасының құрамына жіберу рейтингінің бағасы мен қорытынды бақылау бағалары кіреді. Үлгерімді ағымдық бақылаудың бағасы (жіберілу рейтингі) пән бойынша қорытынды бағаның кемінде 60 %-ын құрайды және емтихан бағасы пән бойынша қорытынды бағаның кемінде 30 %-ын құрайды. Студенттердің оқудағы жетістіктерін бағалау рейтинг жүйесі бойынша: ағымдағы, аралық және қорытынды бақылаулар арқылы есептелінеді. Ағымдағы бақылау – пәннің оқу бағдарламаларына сәйкес оқытушылардың күнделікті жүргізетін сабақтарын студенттің меңгеруін тексеру. 50. Биология кабинеті. Ұйымдастыруы, жабдықталуы, қойылатын талаптары. Биология кабинеті сабақ өтетін негізгі бөлме болып табылады.Кабинет құралдары арнайы жүйе бойынша белгілі талаптарға сай орналасуы керек.Ең бастысы мұғалім мен оқушының арасындағы жұмыс орнын қалыптастыру керек. Кабинетте су краны болу керек. Суөсімдіктерді күту үшін,сарамандық жұмыс үшін және күнделікті жағдайда қажет.Егер,су краны жоқ болса су құюға болатын үлкен ыдыс қоюға болады.Мұғалімнің жұмыс орны және артындағы көрнекіліктерді демонстрацияға ол көрн-ді қолдануға болатын талаптардың орындалуы керек.   51.Дәрілік өсімдіктер пәнін оқыту әдістемесі     Дәрілік өсімдіктер пәні студенттерге дәрілік өсімдіктердің ботаникалық сипатын, өсетін жерлерін, химиялық құрамын, фармакологиялық қасиеттерін үйрету болып табылады. Студенттерге дәрілік өсімдіктерді өсіріп- өндірудің озат технологияларын қазіргі жаңа оқу түріне негіздеп зертханалық жұмыстарды, өзбетінше орындайтын тапсырмаларды, тест сұрақтарын үйрету қажет болғандықтан көптеген жаңа материалдаренгізу барысында бұл пәннің мазмұны ашылады. «Дәрілік өсімдіктер» пәнінің мақсаты мен міндеттеріне келетін болсақ, ол биологиялық білім саласындағы пәннің қазіргі замандағы жағдайын көрсету. Студенттер мен магистранттарды теориялық курста, семинар сабақтарында негізгі дәрілік өсімдіктермен, олардың таралу ерекшеліктерімен, медицинада пайдаланумен таныстыру. Бұл пәнді оқығанда сіздер мына мәселелер туралы хабардар болуларыңыз керек. 1. Әртүрлі систематикалық топтардың негізгі дәрілік өсімдіктері және олардың биологиялық белсенді заттары туралы; 2. Арнайы танылған – мойындалған қолдануға ресми рұқсат етілген яғни фармакопеялық тізімдегі өсімдіктер туралы; 3. Қазақстанның жалпы белгілі дәрілік өсімдіктері туралы; 4. Дәрілік өсімдіктердің жалпы және Қазақстанда таралуы туралы; 5. Дәрілік өсімдіктерді пайдалану туралы.   52.Биология мамандығы бойынша элективті пәндер

         

53.Сөздік әдістердің әртүрлілігі

Сөздік әдістерге, сұрақ-жауап «сұхбат», түсіндіру, мұғалімнің ауызша баяндауы, әңгіме, лекция, пікірталас, кітаппен жұмыс жатады. Ең кең тараған оқыту әдісі-мұғалімнің ауыша баяндауы. Мұғалімнің ауызша баяндауы сұрақтарды анық және түсінікті етіп қояды, проблемалы сұрақтарды проблемалы ситуация тудыратындай етіп қоюды, баяндайтын материалды ең маңызды жерлерін айырып беруді, хабарлаудың жүйелі және дәлелді болуын керек. Әңгіме әдісібиологияны оқытудың түрлі міндеттерін орындауға бағытталады: өткен материалды жаңамен байланыстыру, жаңа білімді хабарлау, өткенді қайталау, оны тексеру және бағалау үшін қолданады. Түсіндіру әдісі пән мұғалімі түсіндіруде әрқашанда көп пайымдаулар, ақыл ой қортындылары, дәлелдеулер болады. Түсіндіру әдісінің неғұрлым маңызды түрлер студенттердің алдында жаңа мәселені айқын, ашық етіп қою болып табылады және материлды дәйекті етіп айта білу керек. Әңгімелесу әдісі әңгімелескен кезде мұғалім студенттерге бар білімі мен практика негізінде сұрақтарды пайдалана отырып, студенттерді жаңа білімді түсініп, игеруге жетелейді. Кітаппен жұмысбиологияны оқу жұмысында қолданылатын құралдардың бірі – оқулықтар. Олар білімді терең игеру үшін пайдаланылады. Лекция әдісі басқа әдістерге қарағанда лекцияның көлемі, күрделілігі, логикалық құрылысы жағынан өзгешілігі бар. Сондықтан лекцияны бастар алдында студенттерге нақты сұрақтардан тұратын оның жоспары ұсынылады. Лекция сұрақтар бойынша логикалық бірізділікпен баяндалады. Әрбір сұрақтан қорытынды жасалады.

 

54. Зертханалық жұмыстарды ұйымдастырғанда қауіпсіздік техникасы ережелерінің маңызы

Зертханалық жұмыстарды ұйымдастырғанда қауіпсіздік техникасы ережелерін білу маңызды. Зерханалық жұмыстарды ұйымдастыру ережесі мен техника қауіпсіздігі.

1. Кабинетте оқытушының рұқсатынсыз электірлі техника құралдарын токқа қосуға, орнынан қозғалтуға болмайды.

2. Техникамен жұмысты тек қана оқытушының рұқсатымен бастау керек.

3. Айырғыштарды өз қажеттілігіңе ғана қолдану керек.

4. Кабинеттегі өсімдіктердің орналасу тәртібі

5. Зертханалық жұмыс барысында оқытушының рұқсатынсыз микроскопты бір орынна екінші орынға қозғауға болмайды

6. Техникалық қауіпсіздік пен санитарлы-гигиеналық тәртіптің номативтік талаптарын сақтау.

Кабинетте техникалық қауіпсіздік нұсқаулығы, оқушылардың техникалық қауіпсіздік нормаларын сақтау бойынша нұсқаулық журналының болуы.

1. Дәрі сауыты, өртке қарсы құралдарының болуы.

2. Кабинет жарығының деңгейі (шамдар, жабық плафондар, тақта үстіндегі қосымша жарық).

3. Гимараттың тазалығы, жиһаздары, қосымша бөлме.

4. Бөлменің, перденің болуы және дұрыс орналасуы.

5.Оқушылардың кабинетке сыйымдылығын санитарлы-гигиеналық нормаға сәйкес ұстау.

 

55. Дала өсімдіктерін ботаникада оқу тәжірибе объектісі ретінде қолдану

56. ЖОО-дағы оқулықтар оқытудің маңызды құралы ретінде

ЖОО-дағы оқулықтар оқытудің маңызды құралы Білімдік оқу материалының нақты мазмұны оқулықтар мен оқу құралдарында ашылады.

Оқулық ЖОО-да білім ақпаратының көзі əрі оқу жабдығы, білімдену мақсаттары мен мазмұнын айқындайды.

Оқулықтың басты көрінісі –мəтінде. Мəтін келесі бірліктерден құралады:

- негізгі (тұғыр терминдер, олардың анықтамалары, негізгі деректер, құбылыстар, оқиғалар; заңдар, теориялар жəне жетекші идеялар жəне т.б. баяны);

- қосымша (құжаттар, хрестоматиялық жəне анықтамалық материалдар, өмірнама деректері, статистика мəліметтері ж.т.б.);

- түсініктеме (кіріспе, ескертулер, сөздіктер, көрсетпелер ж.т.б.)

Оқулықтарға қосымша оқу құралдары дайындалады. Мұнда оқулық материалдарының кейбірі мазмұн тұрғысынан тереңдей түседі, кеңейеді. Оқу құралдары – бұлар хрестоматиялар, есеп жинақтары, атластар, жаттығу жинақтары жəне с.с.

 

57.Оқутушының аудиториялық сабаққа дайындалу кезінде оқу тәрбие жұмысының ,ғылыми ұйымдастырылуы

Аудиториялық сабаққа дайындық:

- мақсат қалыптастыру;

- аталған нақты дәрістің тақырып және бөлім бойынша өткізілу орны айқындалады;

- студенттердің даярлық деңгейін анықтау;

- теориялық және нақты материалдар таңдап алынады.

Бұл кезеңде дәріс мазмұны ерекшеліктерінің ішінде ғылымилық, беріктілігін лектор ескеруі керек.

Ғылымилық. Дәріс қазіргі ғылыми білімдерге сүйенуі тиіс. Ол түрлі теориялық материалдар және тәжірибелік материалдарды салыстырудан көрінеді. Отандық және шетелдік зерттеушілер, ғылыми эксперименттер нәтижесі, жаңа идеялар мен концепциялар, зерттеу әдістерінің сипаттамасынан тұрады.

Дәріс арқылы тек ақпарат берілмейді, студенттердің ғылыми ойлауы қалыптастырылады.

Беріктілігі. Студенттердің негізгі түсінік, заңдылық, зерттеу әдістерімен түсінуін, қамтамасыз етеді. Әсіресе терминдер жүйесіне үлкен көңіл бөлу қажетті.

58. Студенттердің оқытушымен өздік жұмысының түрлері

Студентің өзіндік жұмысы - болашақ мамандарды даярлаудың және білім сапасын арттырады. Осыған орай жоғары оқу орындарында әр білім алушыдан ой еңбегінің ұтымды әдістерін білуі, яғни аз уақыт кетіріп қажетті ақпаратты іздеп және меңгеріуді, фактілер, теорияны, тұжырымдамаларды жүйелеп және жіктей білуді, өз көзқарасын нақты айтып және дәлелдей білуді үйренуі талап етіледі.

Студенттің өзіндік жұмысы – бұл студенттің дидактикалық тапсырмаларды өзінше орындауға, танымдық әрекеттерге қызғушылығының қалыптасуына және нақты бір ғылым саласында білім жинақтауына бағытталған студенттің оқу әрекетінің ерекше түрі.

Оқытудың мақсат міндеттеріне және пәннің мазмұнына, оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне, студенттің даму дәрежесіне қарай өзіндік жұмыстарды бірнеше топқа бөлуге болады. Оның негізгі жиі кездесетін бір тобы - сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыстың түрлері. Олар мыналар:

-жаңа білімді меңгеруі;

-жаңа білімді бекіту;

-білім мен дағдыларды қайталау, бақылау және тексеру.

59. Аудиториялық сабақтардың типтері, олардың құрылымы

Аудиториялық сабақтардың көп бөлігін лабораториялық-практикалық жұмыстар алады. Тпсырманы дербес орындауына қарай оларды репродуктивтік (рындалған тапсырманы еске түсіру) және шығармашылық (білім мен іскерлікті жаңартуды, қайта құруды,жинақтауды қажет ету) деп бөлінеді. Практикалық сабақтарда есеп-жаттығулар, ғылыми тілді қалыптастыру жұмыстары т.б. орындалады.

Практикалық сабақтардың басты мақсаты:  

а) курстың теориялық қағидаларының мәнін ашу, дәріс материалдарымен жұмыс және оны бекіту; 

б) студенттерді дәрістің негізгі материалдарын талдау әдісіне үйрету, практикалық мәліметтерді теориялық мәліметтермен салыстыру және талдау ;

в) студенттерге өзбеттерімен жұмыс жасау дағдысын, ұсынылған мәліметтермен талдау жүргізу және оған сәйкес қорытынды жасату;

г) студенттерді теориялық курсты практиканың әр түрлі таспсырмаларында қолдана білуге үйрету;

д) студенттерді техникалық оқыту құралдарымен жұмыс жасай білуге үйрету.

Семинар сабағының бірден-бір мақсаты: - лекцияда алған білімді терең ұғыну, мәселелерді шешу, проблемалық ситуациялар мен есептерді ойластыру, құрастыру, талдау, өз позицияларын айқыңдап, анықтау.

60.Тест әдісі – студенттердің білімін анықтайтын негізгі әдістердің бірі

Тест - оқытудың белгілі бір бөлігін меңгеру дәрежесін өлшеуге бағытталған тапсырмалар жиынтығы. Олар уақытты көп жолғалтпас үшін көлемінің шағын болуы, тестік тапсырманы өз бетінше қалай болса, солай түсінік беруге жібермеуді, жауапта дәлсіздік немесе көп сипаттылықты болдырмауды, оның әрі қысқа әрі жинақы болуын, тестік тапсырманы орындау мен сандық бағалау арақатынасының мүмкіндігінің жариялылығын, тапсырма мен жауаптағы дәлдік пен айқындықты қамтамасыз етуді т.б. талап етеді. Бақылауда рейтинг-тестік жүйесін қолдану ерек-шелігі, оқу материалдары логикалық тұрғыдан аяқталған бөлік, немесе тарау болып саналатын модульдерге (блоктарға) біріктіріледі. Модульдердің саны оқу пәндерінің мазмұнының көлеміне байланысты белгіленеді. Модульдердің құрылымы оқу материалының белгілі бір бөліктерінен (порция) тұрады. Әрбір модуль нақтылы міндеттерден және өзбетінше тереңдетіп оқу тақырыптары мен тапсырмаларынан құрылады.

Көбіне тестілік тапсырмалардың келесі түрлері жиі қолданылады:

— бірнеше жауаптан дұрысын табу;

— толықтыру;

— ретімен орналастыру;

— сәйкестендіру;

— тақырыптық.

Қорытынды бақылауда дұрыс жауабын табу тестілері қолданылады. Тестілік тапсырмаларды білімді бекіту, қайталау, жүйелеу, яғни білім беру әдісі ретінде пайдалану да тиімді.

61. Аудиториялық сабақтарда студенттердің кітаппен жұмыс жасауын ұйымдастыру

Аудиториялық сабақтардың көп бөлігін лабораториялық-практикалық жұмыстар алады. Тапсырманы дербес орындауына қарай оларды репродуктивтік және шығармашылық деп бөлінеді.Репродуктивтік оқыту әдісі: репродуктивті ойлау мұғалім берген және басқа материалдан алған мәліметтерді белсенді қабылдау мен және есте сақтаумен сипатталады. Бұл әдісті қолдану ауызша түсіндіру, көрнекілік және практикалық оқыту әдістері мен амалдарын қолдануынсыз мүмкін емес, бұлар оның материалды негізі ретінде болады. Әсіресе, оқыту материалының мазмұны ақпараттық сипаттама болса репродуктивтік әдіс тиімді қолданылады, практикалық істердің тәсілдерін жазатынын көрсетеді, оқушылар өз бетімен ғылыми ізденіс жасауы үшін өте күрделі немесе мүлдем жаңа болып табылады.

62. «Оқыту әдістері» ұғымы. Дидактиканың негізгі мәселелері.

Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады. Әдіс деген сөз гректің «metodos» деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шыңдыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. Оқыту әдістері туралы әрбір автор өз анықтамасын береді. Оқыту әдісі — оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым-қатынасының тәсіл-амалдары — деген де пікір айтылады. Оқыту әдістері — оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады. Олай болса оқыту әдістері— оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады.

63. Инновациялық технологиялардың жалпы сипаттамасы.«Инновация » латын тілінен аударғанда «жаңару, жаңашылдық немесе өзгеру» деген мағыналарды береді. Жаңашылдық немесе инновация адамның кез-келген кәсіби қызметіне тән, сондықтан да оны үйренуді, оған анализ жасауды және қолданысқа енгізуді талап етеді. С.И.Ожеговтың сөздігі «жаңа» деген сөзге мынадай анықтама береді: жаңа – ол алғаш құрылған немесе жасалған, жақында пайда болған, алдыңғысының орнын алмастырған, жаңа ашылған, жақында өткен немесе келер шаққа қатысты, атағы онша жайылмаған, көпке танымал емес деген мағынаны білдіреді. Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол: «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» - деген анықтаманы ұсынады.

 64. Биология пәні бойынша дәріс оқудың ерекшеліктері.Жоғары оқу орнындағы дәріс сабақтары студенттердің шығармашылық ізденісте білімді меңгеру арқылы, ғылыми әдебиеттермен өзіндік жұмыс формаларын, стилін таңдауға мүмкіндік береді. Лектор тыңдаушыларынобъективті түрде ғана ақпараттандырып қоймауы тиісті. Дәрістегі ғылыми ақпарат сенімді түрде жеткізіліп, әдебиеттермен өзіндік істеуге бағыт берілуі тиіс. Лектордың дәрісі мынадай функциялар атқарады: Бағдарлаушы; Түсіндіру; Сендіру. Бағдарлаушы қызметінде дәріс ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып ғылыми теория негіздерін қашан және қандай авторлармен тұжырымдалған, қандай объективті өмірлік қажеттіліктерге тәуелді екенін, қандай ғылыми әдебиеттерге сүйеніп бұл туралы терең оқуға болатындығына бағыт беріледі. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі де дәрістің бағдарлау қызметіне жатады. Түсіндіру қызметі арқылы ғылыми түсініктер, түсіндірілетін теория немесе гипотеза айқындалады. Сендіру қызметі арқылы лектор тұжырымдарын дәлелдемелер негізінде жасауы тиіс. Міндетті түрде фактіні дәлелдей білу қажет. Сендіру функциясы оқу дәрісінде өте маңызды. Студент ғылыми тұжырымдарды өзіндік сенім арқылы меңгеріледі.

65. Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы ОБСӨЖ ұйымдастылылуы.

Студенттің оқытушымен жүргізілетін өзіндік жұмысы (СОӨЖ- Office hours) - кредиттік оқыту жүйесіндегі аудиториялық сабақ түрінде жүргізілетін, оқу жұмысы түрлерінің бірі.

- СОӨЖ – оқу сабақтары диалогтық (сұхбат) режімде өткізілетіндіктен, ол студент пен оқытушының бірлескен жұмысы, мысалы тренинг, пікірталас, іскерлік және дидактикалық ойындар, презентациялар, кейсті құрастыру, жеке, топтық жобаларды жасау және т.б.

- Әрбір СОӨЖ бойынша кейбір сұрақтарды талдауға, оларды кеңейтуге, болған немесе болатын жағдайларға талдау дағдысын меңгертуге, міндеттерді шешуге және т.б. мүмкіндік беретін материалдар (кейстер, рольдік ойындар, тестер, кроссвордтар және т.б.) дайындалуы керек.

- СОӨЖ кеңес беру және бақылау қызметтерін атқарады.

- СОӨЖ бойынша жоспардың құрылымы:

- тақырып атауы;

- сабақ мақсаты;

- өткізу түрі;

- тапсырмалар, сұрақтар;

- әдістемелік нұсқаулар, таратпа материалдар;

- әдебиет.

66. Биология мамандығы бойынша міндетті пәндері

- Биологияға кіріспе. Цитология және гистология. Биотехнология. Биология және микро организмдер. Биометрия.Биологиялық химия.Биофизика. Ботаника.Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы.Өсімдікер биотехнологиясы . Өсімдіктер систематикасы.Өсімдіктер экологиясы. Зоология. Омыртқасыздар зоологиясы

- Жануарлар систематикасы.Омыртқалылар зоологиясы.Жануарлар систематикасы мен эволюциясы.Адам және жануарлар.Адам анатомиясы. Жүйке жүйесінің анатомиясы және эволюциясы.Адам және жануарлар физиологиясы.Өсімдіктер физиологиясы

- Микробиология және вирусология,гидробиология негіздері.Иммунология

67. Сабақ – биологиядан оқу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі формасы.Тәжірибеде биология сабақтарының көптеген түрін атап жүрміз.Дидактикалық мақсатына қарай білімді меңгеру сабағы, бекіту сабағы, тексеру және сынау сабағы, аралас сабақ, оқыту әдістеріне сай әңгіме сабақ, лекция, кино сабақ, кіріспе сабақ, топсеруен сабақ, қорытынды сабақ деп бөлеміз. Осылардың ішіндегі ең негізгісі - сабақ. ХVII ғасырда сынып – сабақ жүйесі ене бастады. Оның контурын неміс педагогі Штурм, теориялық негізін қалаушы және практикалық технологиясын құрушы Я.А. Коменский болды. Сонымен 1930 жылдан бастап совет мектебінде оқытуды ұйымдастырудың формасы сабақ болды. Сабақ – оқушылардың топқа ұйымдасқан, класс (сынып) деп аталатын тұрақты құрамымен, мұғалім басшылығымен жүргізілетін оқу жұмысы. Сабақта оқыту мен тәрбие мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады, оқушылардың ой-өрісі кеңиді, қабілеті дамиды, көзқарасы адамгершілік қасиеттері қалыптасады.

68. Зертханалық сабақ – оқыту формасының бірі.

Ғылыми – зерттеу әрекеті барысында зертханалық жұмыстар теориялық - әдістемелік білімдер мен тәжірибелік дағдыларды біріктіруге мүмкіндік береді. Зертханалық сабақтарда студенттер өздігінен эксперименттер қояды, бақылайды, табиғи құбылыстарды немесе технологиялық процесстерді зерттейді, құрал-жабдықтармен танысады,олардың жұмыс істеу принциптерін игереді. Зертханалық сабақтар жеке және топта жұмыс істей білу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастырады, есеп шығару, тәжірибе қою, эксперимент жасау, жаттығулар орындау барысында ойлау операцияларын белсендіреді.

69. МЖБС, білім беру мазмұны, білім беру деңгейі ұғымдарының арақатынасы.

 Білім беру мазмұны - оқушылардың меңгеруі, олардың жан-жақты дамуы үшін негіз қамтамасыз ететін, олардың ойлауын, танымдық қызығушылығы мен еңбек іс-әрекетіне дайындығын қамтамасыз ететін білім, іс-әрекет тәсілдері, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі, әлемге эмоциялы құнды қатынас жүйесі. Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

70. Мектеп дәрісі биологияны оқыту формасы, оның түрлері мен белгілері.

Биологияны оқыту формалары: сабақ, экскурсиялар (топсеруендер), үй жұмыстары, сабақтан тыс жұмыстар, сыныптан тыс жұмыстар (жеке, топпен, көпшілік). Экскурсиялар, үй жұмыстары және сабақтан тыс жұмыстары міндетті түрде өткізілуі керек. Биологияны оқытудың ұйымдастыру формалары.
Биологиядан оқу процесінің негізгі формасы сабақ болып табылады. Ол белгілі бір ұйымдастыру белгілерімен сипатталады: оны мұғалім тұрақты оқу кестесі бойынша құрамы тұрақты оқушылар тобымен арнайы жабдықталған биология кабинетінде немесе класс бөлмесінде өткізеді.
Жылдық (перспективті) жоспарда сабақ сағаттары тақырып бойынша және күнтізбелік мерзімі бойынша белгіленеді. Жоспарда мейрам және каникул күндерін шығарып тастап, нақты сағат саны тақырыпқа бөлінеді және өту мерзімі белгіленеді. Сонымен қатар қайталау сұрақтары белгіленеді, экскурсия мен сыныптан тыс жұмыстар жоспарланады. Перспективті жоспар негізінде оқытушы тақырыптық жоспар жасайды.

71. Қазақстан биоресурстары пәнін оқытудың әдістемесі.«Қазақстан биоресурстары» пәні «Биология» мамандығы бойынша бакалаврлар дайындауда биологиялық пәндер ішіндегі негізгі пәндердің бірі. Студенттерді Қазақстан өсімдіктері және жануарлары ресурстарының алуан түрлілігімен, пайдалы өсімдіктер және жануарлардың жеке топтарын және түрлерін зерттеу тарихының кезеңдерімен, сонымен қатар шикізат алу тәсілдерімен және оларды қолдану жолдарымен таныстыру. Қазақстан табиғи байлықтарын (жануарлар әлемі,өсімдіктер әлемі және т.б.) туралы видеофильмдерді пайдалану. Оқу бағдарламасына сәйкес диапозитивтер (слайдтар) көрсету. Оқу бағдарламасына сәйкес мезгіл-мезгіл бақылау жұмыстарын, коллоквиумдар, тест жұмыстарын жүргізу.

72. Биологияны оқытудың негізгі теориялары

- Биологияны оқыту әдістемесі – мектепте өтілетін пәндерді оқыту және тәрбиелеу процесі туралы ғылым.Методика – оқу пәнінің мазмұнын оқыту мен тәрбиелеудің формасын, әдісін қарастырады. Методика – оқу жұмысына керекті құрал-жабдықтарды анықтайды.Биология пәндерін дұрыс оқыту үшін жақсы жабдықталған бөлме, тірі табиғат бұрышы, мектеп жанындағы оқу –тәжірибе алаңы керек.

73. Обьект, пән ұғымдарының арақатынасы.

74. Кредиттік оқыту технологиясы.

- Қазіргі кредиттік технология бойынша сабақ беру құрылымын уақыт тұрғысынан зерттеушілердің тұжырымы бойынша, пәннің әрбір тақырыбына кететін 100 % уақыттың, шамамен, 10 %-ы тақырыпқа байланысты кіріспе-кеңес беруге кетеді, 20 % уақыт тақырып бойынша даярлануға қажетті материалдар мен дерек көздерін қайдан табуға болатындығын түсіндіруге жұмсалады. Ал қалған 70 % уақыт студенттің өздіндік жұмысына кетеді екен. Бұл қатынастардан көретініміз ‒ негізгі уақыт, яғни 70 % уақыт жоғарыда келтірілген төрт модульдің екіншісіне арналады. Сондықтан, бір жағынан, оқытушы студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыруға баса назар аударуы керек. Ал, екінші жағынан, студенттің өзі өзіндік даярлық жұмысына мұқият қарауы қажет. Кредиттік оқыту технологиясы білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде жүзеге асырылады.
    Кредиттік оқыту технологиясы кезінде оқу жұмысының еңбек сыйымдылығының есебі кредит арқылы өлшенетін оқытылатын материалдың көлемі бойынша жүзеге асырылады. Кредиттік оқыту технологиясы білім берудің барлық деңгейлері бойынша бұрын меңгерілген кредиттердің өспелі есебін білдіретін жинақтаушы болып табылады.

 

75. ЖОО да үлескі аландардын уйымд.

Мектеп оқу тәжірибе учаскісін оқушылардың еңбекке тәрбиелеудің негізгі көзі ретінде қарастырылады. Мектеп оқу тәжірибе участіктегіндегі мынадай 2 жүйе жүзеге асады:1.операциялық жүйеде мұғалімнің түсіндіруі және көрсетуінен кейін оқушылар топен кең жұмыс істейді; 2.пәндік жүйеде оқушылар бөлінген тақырып бойынша топпен немесе жеке жұмыс істейді. Мектептің оқу-тәжірибе үлескісінің жұмысын ұйымдастыруда ең бірінші алаңның топырағына көңіл аударған абзал. Себебі, топырақ құрамы мен құрылымы өсімдіктің өсуі мен гүлдеу мерзіміне, алынатын өнім түсіміне тікелей әсер етеді. Сондықтан оқу-тәжірибе үлескісінің алаңын топырақпен қамтамасыз ету мен оны танаптарға орналастыруға мұқият қарау қажет. Мектептің оқу-тәжірибе үлескісіндегі барлық мәлімет мынадай құжаттар арқылы жүргізіледі:1)       Күнделік дәптері. 2)Тіркеу журналы.Күнделікке оқушылардың күнделікті бақылаған мәліметі жазылады. Онда күнделікті болған өзгерістер (өскіннің өсуі, гүлдеуі т.б.) ауа райында болған құбылыстар (фенологиялық бақылау), жасалған күтім (суару, түптеу, шөптеу, т.б.) жазылады. Тіркеу журналыңда жер аумағы, өсімдік тарихы, топырақ сипаттамасы тәжірибе алаңының сызбасы, ауданы, тәжірибе жұмысының жоспары, аудан бұрынғы дақыл жөнінде мәліметтер.

76. Биология кабинеті. Ұйымдастыруы, жабдықталуы, қойылатын талаптары. Биология кабинеті сабақ өтетін негізгі бөлме болып табылады.Кабинет құралдары арнайы жүйе бойынша белгілі талаптарға сай орналасуы керек.Ең бастысы мұғалім мен оқушының арасындағы жұмыс орнын қалыптастыру керек. Кабинетте су краны болу керек. Суөсімдіктерді күту үшін,сарамандық жұмыс үшін және күнделікті жағдайда қажет.Егер,су краны жоқ болса су құюға болатын үлкен ыдыс қоюға болады.Мұғалімнің жұмыс орны және артындағы көрнекіліктерді демонстрацияға ол көрн-ді қолдануға болатын талаптардың орындалуы керек.

77. Білім алушылардың өзіндік жұмысы.Студентің өзіндік жұмысы - болашақ мамандарды даярлаудың және білім сапасын арттырады. Осыған орай жоғары оқу орындарында әр білім алушыдан ой еңбегінің ұтымды әдістерін білуі, яғни аз уақыт кетіріп қажетті ақпаратты іздеп және меңгеріуді, фактілер, теорияны, тұжырымдамаларды жүйелеп және жіктей білуді, өз көзқарасын нақты айтып және дәлелдей білуді үйренуі талап етіледі. Студенттің өзіндік жұмысы – бұл студенттің дидактикалық тапсырмаларды өзінше орындауға, танымдық әрекеттерге қызғушылығының қалыптасуына және нақты бір ғылым саласында білім жинақтауына бағытталған студенттің оқу әрекетінің ерекше түрі. Өзіндік жұмыс студенттердің шығармашылық қабілеті мен біліктерін дамытуда олардың барысында тиімді, әрі өнімді еңбек етуіне мол мүмкіндіктер жасайды. Өзіндік жұмысты оңтайлы ұйымдастыру елеулі практикалық міндет және маңызды ғылыми проблема болып табылады.

78. Өсімдіктер анатомиясы және морфологиясы пәні оқытудың әдістемесі.Өсімдік анатомиясы және морфологиясы пәні және әдісі. Өсімдіктердің құрылымдық деңгейі құрлыққа шығуына байланысты ұлпалар мен мүшелердің пайда болуы. Өсімдік жасушасының құрылымы. Жасуша қабығы. Плазмалемма.Ұлпалар туралы жалпы түсінік. Ұлпалардың жіктелуі және олардың сипаттамасы. Жабын ұлпасы. Өткізгіш ұлпа. Өсімдіктің вегетативтік мүшелерінің сыртқы және ішкі құрылысы. Өркен морфологиясы. Өркендер жүйесі. Сүректі өсімдіктер сабағының құрылысы. Жапырақ. Мүшелердің метаморфозы. Өсімдіктер көбеюі туралы.

79. ЖОО – да кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы.Пәннің әрбір тақырыбына кететін 100 % уақыттың шамамен, 10 %-ы тақырыпқа байланысты кіріспе-кеңес беруге кетеді, 20 % уақыт тақырып бойынша даярлануға қажетті материалдар мен дерек көздерін қайдан табуға болатындығын түсіндіруге жұмсалады. Ал қалған 70 % уақыт студенттің өздіндік жұмысына кетеді екен. Қорытынды бақылау - емтихан түріндегі аралық аттестаттау кезеңінен, межелік бақылау, академиялық мобильдік, академиялық кезең (Теrm) - үш нысанның біреуін таңдайтын өз білім беру ұйымының еркімен белгіленетін теоретикалық кезең: семестр, триместр, тоқсан; білім алушылардың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - БӨЖ) - өз бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде ақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыстарынан тұрады

80. Биология пәні бойынша ОӘК құрылымы.ОӘК-і пәнді қамтитын әдістемелік құжаттардың ішіндегі ең негізгісі болып табылады.

- Пәннің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК) дәстүрлі оқу-шығармашылық үрдісті қамтамасыз ететін әдістемелік-ұйымдастырудың негізі болып табылады.

- ПОӘК жинақтау жауапкершілігі пәнді жүргізетін оқытушылар мен лекторларға жүктеледі.

- ПОӘК мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады.

- ПОӘКпәнді оқытудан бастап бір жыл көлемінде міндетті құрылымдық элементтерімен жинақталуы керек.

81.Көрнекі құралдарды таңдау принциптері және оларды сақтау.Көрнекілік әдіс-сабақ түсіндіру барысында дидактикалық құралдарды,үлестірме материалдарды,сызба нұсқалар,таблицалар,кестелерді т.б.қолдану түрі.Көрнекі әдісі- Бұл әдістердің ішінде ең басты роль атқаратындығы – бақылау әдісі. Бақылау әдісі сабақта нақты заттар мен көрнекі техникалық құралдарын демонстрациялау кезінде , сондай ақ топсеруен, лабороториялық жұмыстарда ерекше орын алады.Дұрыс бақылау әдісі студенттердің байқағыштық, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Техникалық құралдармен сабақ өткізу тәжірибесінде 1.Сабаққа берілетін уақытты тиімді пайдаланылады. 3.Студенттердің өз бетімен шығармашлық жұмыс істеп ой өрісін дамытуға мүмкіндік туады. 4.Студенттердің сабаққа қызығуы артады. 5.Студенттердің білімі толық бағаланады. Демонстрация әдісі – тәжірибелерді, приборларды, препараттарды, табиғи объектілерді, кинофильмдер көрсетуге байланысты. Демонстрация биолгия сабақтарында түрлі приборларды табиғи объектілерді демонстрациялау үшін қолданылады. Иллюстрация әдісінің көмегімен студенттерге иллюстративті құралдарды яғни, плакаттар, карталар, суреттер порттреттер көрсетуге болады.

82. Студенттердің өздік жұмыстарының ұйымдастырылуы.

83. Өсімдіктер систематикасы пәнін оқытудың әдістемесі.Мақсаты: студенттерді өсімдіктердің құрылыс ерекшеліктері, төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктердің морфологиясы мен систематикасы, өсімдіктер систематикасының даму тарихы, организмнің өсуі және дамуы, көбею заңдылықтары, өсімдіктерді қорғау, сақтау және зерделеу ерекшеліктерімен таныстыру. Міндеті: өсімдіктердің морфологиялық және анатомиялық құрылыс ерекшеліктері, сонымен қатар төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктердің систематикалық орнын анықтауды үйрету. Пәннің қысқаша мазмұны: «Өсімдіктер систематикасы» пәнінде негізгі систематикалық ұғымдар, гүлді өсімдіктердің шығу тегі, дамуы және сан алуандылығы туралы баяндалып, олардың биосферадағы және адам өміріндегі рөліне көп көңіл бөлінген.

84 Қазіргі білім берудің мақсаты мен міндеттері.Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі, жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті, бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

85. Студенттердің оқу – дала практикасын ұйымдастыру және қорытындылау.Биологиялық пәндер бойынша кешенді далалық оқу тәжірибесі студенттердің өзбеттерінше танып білулері, зерттеулері іске асатын оқыту үдерісінің формасы.  Әрбір жүргізілген тәжірибе аяғына дейін жеткізілуі қажет. Бұл негізгі педагогикалық қатаң ережені сақтау керек. Яғни, кешенді тапсырмалар: - табиғи үдерістердің мазмұнының, құралдары мен нәтижелерінiң бiрлiгiн; студенттердiң репродуктивтi әрекеттерін шығармашылық iс-әрекетке бағыттайтын пәнаралық бiлiмдері мен iскерлiктерін; -жүйелі күрделенген биологиялық тәжірибелерді жасап, оларды шешу тәсілдерін моделдей отырып далалық оқу практикасы барысында теория мен практиканы интеграциялаудың тұтас жүйесін ұйымдастырады. Сол арқылы студенттер табиғи құбылыстардың мәні мен мазмұнының тетіктерін меңгереді.

86. Биология кабинетіне қойылатын талаптар. Мектеп жабдықтарын үш бөлімге бөлуге болады:1. Оқу жабдықтары; 2. Жиһаз; 3. Ғылыми оқулық процесінің ұйымдастыруы үшін арнайы құралдар және оларды пайдалану. Техникалық талаптар жұмыс кезінде ыңғайлығын және қарапайымдылығын қолдануда көпке дейін төзімділігін қалайды. Жиһаз қымбат болмауы керек. Эстетикалық талаптаржиһаздың пішіні және бояулары, заманға сәйкес беттердің өңдеуі, ашық түстерге боялуы. Экономикалық талаптар жабдықтарды дұрыс орналастыру және дұрыс сабақта қолдануға мүмкіндік береді. Биологиялық кабинеттің ішкі көрінісіне бірнеше талаптар қойылады. Педагогикалық талаптар оқу процесін жақсартады, негізгі ғылыми заңдылықтарды зерттеуге көмектеседі. Психологиялық талаптарорналастыру бөлмеде түрлі түстігамма іріктеп алу және оның дайындауы оқушылардың көңіл-күйіне әсер ететіндей болуы керек. Гигиеналық талаптар биология кабинетінің дайындау кезінде кабинеттің жұмыс ерекшелігін, жарықталғандық дәрежесін еске алу керек. Экономикалық талаптар орта білім беретін мектептерде кабинет дайындықтары қымбат емес және оңайға керек.

87. СӨЖ орындауға жетекшілік ету жолдары.Уақытты тиімді пайдаланып, оқушының өз бетімен тапсырманы орындауына ұдайы жағдай жасалуы қажет. Ол үшін мынадай міндеттер орындалу керек:

Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:

1. Оқытушының нақты тапсырмалар беруі;

2. Жұмысты орындаудың және аяқтаудың дербестігінің өзара байланысы;

3. Жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеу;

4. Олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі. Студенттердің өзіндік ұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор. Өйткені, сол арқылы студенттердің іс-әрекетінің дербестігі артады. Сонымен қатар, студенттердің өіндік жұмыстарының тәрбиелік мағынасы өте зор. Өйткені, бұл жұмыс-студенттің білім алудағы жеке жұмысын ғана емес, қазіргі заманғы жоғарғы кәсіби маманды тұлға рентінде қаплыптасуына мүмкіндік береді.

88. Омыртқасыздар зоологиясы пәнін оқытудың әдістемесі.Пәнді оқытудың мақсаты: омыртқасыз жануарлардың көп түрлілігімен, олардың сыртқы және ішкі құрылыстарымен, тіршілік ету ортасымен, ол ортаға белімделуімен, таралуымен, тарихи даму заңдылықтарымен, экологиялық топтарымен, шығу тегімен, дамуымен, биосферадағы және адам өміріндегі маңызымен таныстыру, эмбриональдық даму ерекшеліктерімен танысып олардың ұрықтану, бөліну,гаструляция, негізгі мүшелердің қалыптасуын білулері қажет.Пәнді оқып үйренудің міндеті:
Әртүрлі отрядқа жататын жануарлардың систематикалық белгілерін білу қажет. Жәндіктерді анықтау әдістерімен таныстыру. Ылғалды препараттар мен уақытша микропрепараттар дайындау әдістерін меңгеру.Жануарларды лабораториялық жағдайда ұстау әдістерін меңгеру.

89.Қазіргі биологияны оқыту және тәрбие теориясына жалпы сипаттамаБиологияны оқыту әдістемесі осы пән бойынша білім беру үрдісінің мазмұны мен биологиялық материалдың меңгерілу заңдылықтарын зерттейді. Технология жалпы білім мен тәрбие беру мақсаттары мен міндеттеріне сай құрылып, жалпы педагогика негіздеріне сүйене отырып, биологияны және экологияны оқытудың ерекшеліктерін анықтап, биологиялық пәндерді оқытумен байланысты оқыту мен тәрбиелеу теорияларын қарастырады. Биологияны оқыту әдістемесі –пән ерекшеліктеріне сай оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің жүйесі туралы ғылым. Ғылым –пәндер мен құбылыстар туралы жаңа білім алуға бағытталған зерттеушілік іс-әрекет саласы. Ғылымға зерттеу пәні туралы білім кіреді, оның негізгі міндеті –оны толық та терең танып-білу. Ғылымның негізгі қызметі –зерттеу. Биологияны оқыту әдістемесінің зерттеу пәні –биологиялық пәндер бойынша үйрету, оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен практикасы

90. Биологиялық білім жүйесі: теориялар,заңдар,заңдылықтар мен фактілер.Теорияғылымипринциптержүйесі        Оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылық-тарды меңгеру негізінде жүзеге асады. Құбылыстар мен процестер арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайтала-натын өзара байланыс заңдылық деп аталады. өзара байла-нысы бар объектілер, байланыстың түрі, сипаты, қызмет аясы анықталған кезде заңдылықты заң деп білеміз.
Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Оқыту заңдылықтары сыртқы және ішкі, жалпы және жеке деп бөлінеді. Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси-әлеуметтік жағдайлардан тәуелділігін сипаттайды. Ішкі заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдістері, құралдары, түрлері арасындағы бай-ланыстарды сипаттайд. Жалпы заңдылықтар бүкіл оқыту жүйесін қамтыса, жеке заңдылықтар оқыту жүйесінің нақты, жеке бөліктерін қамтиды. Фактілер – шындық ,ақиқат, қорытынды дегенді білдіреді; шындығы дәлелденген білім.

91. Педагогикалық эксперименттің алатын орны.Практикалық әдіс ретінде эксперимент көбінесе физиологиялық немесе экологиялық материалӛтілгенде қолданылады. Эксперименттік бақылаулар сияқтықысқамерзімді(мысалы,препараттыаздапқыздырғандаэлодеяжапырағындағыклеткалардағыжылдамдығының артуы) немесе ұзақ мерзімді болып бӛлінеді. Ұзақ мерзімді қажет ететін эксперимент зертханалық жағдайда жүргізіледі.Ұзақ мерзімді сынаулар барысында үрдісті бақылау, суреттеу, өлшеу үрдістерініңнәтижелері сызба, кесте, диаграмма, есеп түрінде беріледі.Педагогикалық эксперимент - бұл дәл ескерілген жағдайларда педагогикалық үдерісті өзгеріске келтіруге арналып,ғылыми ұйымдастырылған тәжірибе.Педагогикалық эксперименттің негізгі міндеті педагогикалық ықпал мен оның нәтижелері арасында байланыс орнату.

92.Биология сабақтарына қойылатын талаптар:1. Балалардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу. Оқытудың әдістері мен оқу материалдарын қиындау және жеңіл дәрежесін дұрыс айқындау. 2.Сабақтың құрылымын айқындау, мақсат, міндет, әдіс-тәсіл, мазмұнға сәйкестендіру, тиімді пайдалану, уақытты үнемдеу. 3.Сөз бен көрнекілікті үйлестіру, техникалық құралдарды қолдану. 4.Оқушылардың білім деңгейін терең ұғынуын бақылап, есепке алу. 5.Білімнің қоғамдағы дәрежесін көтеру үшін дарынды балаларды аңықтау, бейімділігін, қабілетін дамытуға жағдай жасау. Аралас сабақ құрылымы: 1. Ұйымдастыру кезеңі; 2. Мақсат, міндеті; 3. Үй тапсырмасын сұрау; 4. Жаңа сабақты хабарлау; 5. Бекіту; 6. Қорыту; 7. Үйге тапсырма. Қорыту және жүйелеу сабағы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Сабақтың мақсаты, міндеттері. 3.Оқу материалын қайталау, жүйелеу және жинақтау. 4. Сабақтың қорытындысы Оқытуды ұйымдастыру формалары: 1.көпшілік (олимпиада, оқу конференциясы); 2.топтық (сабақ, саяхат, зерт.жұмыс,экскурсия); 3.жеке-дара (үй жұмысы,қосымша жұмыс, емтихан).

93. Бағдарламап оқыту технологияларыДӘстүрлі оқытудың кейбір кемшілікжақтарын бағдарламалап оқыту технологиясытолтырады. Бұл технология ХХ-ғ. 60-шы жылдары педагогика, психология, кибернетика ғылымдарының тоғысында пайда болды. Оның негізіне оқыту туралы үш ұғым - 1) оқыту - басқару процесі ретінде; 2) ақпараттық процесс; 3) жекелендірілген процесс ретінде алынған.Бағдарламалап оқыту - оқыту бағдарламасына негізделген. Бұл бағдарламада 1) оқу материалының өзі; 2) оны меңгерудегі оқушының іс-Әрекеті; 3)меңгеруді бакылау формасы катаң жүйеге келтірілген. Оқу материалы бірнеше шағын бөліктерге бөлінеді, Әр бөлік логикалық тұрғыдан аяқталған. Студент бір бөлікті меңгергеннен кейін бірнешевариантта құрастырылған бақылау сұрақтарына жауап береді. Жауап дұрыс берілсе, тапсырманың келесі бөліміне көшіріледі, дұрыс берілмесе материал кайталанып беріледі.

94. Заманауи сабақ жоспары сабақтың технологиялық картасын жасау.

95. Педагогикалық жобалау негіздеріЖобалау әрекетінің ұйымдастырылу логикасы қазіргі кезде білім тәжіриблерімізде өте жиі кездесетін жобалаудың ерекшеліктеріне тоқталайық. Microsott компаниясының мамандарымен дайындалған. Жоспарлы түрде ұйымдастырылған анықтамаларға сәйкес, жобалаудың аяқталған оқу тақырыбын немесе оқу бөлімін меңгеруге бағытталған жұмыстың ұйымдастырылған формасы және стандартты оқу курсын немесе бірнеше курстарды құрайтын бөлшек болып табылады. Мұндай жобалаулы серіктестік сипатқа ие және жоба қатысушыларына маңызды мәслелерді шешуге бағытталған қатысушылардың бірлескен (оқу-танымдық, зерттемелік, ойын) әрекеттерінде жүйеленеді.

 96. Мақсат міндет және ғылыми болжам ұғымдарының арақатынасы.Мақсат жалпы ғылыми мағынада мінез-құлық элементтерінің бірі, санада, ойлауда іс-әрекеттің нәтижесі, оған жетудің жолдары, әдістерін алдын сүйсіндіретін сипатталатын саналы іс-әрекеттің тікелей мотиві. Биологияны оқыту әдістемесі кӛрсеткендей, биологиялық білім берудің маңызды мақсаттарының бірі – білім алушылардың (оқушыныың) табиғаттың тұтастығы мен бүтіндігі, оның деңгейлік және жүйелік құрылымы, алуан түрлілігі, адам мен табиғаттың біртұтастығы туралы ғылыми кӛзқарасының қалыптасуы. Сондай-ақ биология табиғат пен қоғамның ӛзара әрекеттесінің тұрақты дамуы, биожүйелердің құрылымы мен қызметі туралы білімді қалыптастыруға тиісті. Кәсіби педагогикалық міндет – педагогикалық әдептің ең маңызды санаттарының бірі. Педагогика ғылымының алдында тұрған мiндеттердің күрделiлiгi бiздің қоғамымыздың барлық саласында жүрiп жатқан қайта құру процесiнен туындайды. Ғылыми болжам - теориялық және тәжірибелік деректерді тұжырымдауға және дамудың объективті заңдылықтарына сүйене отырып, табиғат пен қоғамның, зерттелмеген немесе тәжірибеде әлі де болса анықталмаған құбылыстарын болжау.

97. Биологиялық оқытуды технологияландыруға бағытталған отандық ғалымдар.Советтік жаратылыстану әдістемесінің тууы. Мектеп жаратылыстануына қойылған жаңа талаптар. Оқушыларда коммунистік тәрбие мен материалістік көзқарасты қалыптастыру, атеистік тәрбие. Мектептегі биология курсының негізі. Оқытудағы өлкетану принципі. Биологияны оқутыдағы оқушыларды политехникалық принципте оқыту және еңбекке тәрбиелеу. Биологияны оқыту әдістемесінің одан әрі дамуындағы М.М.Беляев, П.П.Боровицкий, В.В. Всесвятский; М:М. Мельников, В.Ф.Нотали, И.П.Полянский, Б.Е.Райков,М.Я.Цузмердің және т.б. еңбектері, маңызы.50-ші жылдардағы биологияны оқыту әдістемесінің дамуы, Н.М.Верзилиннің, Н.А.Райковтың, В.М.Корсунская және т.б. еңбектері. Пәнаралық байланысты жетілдіру. 1960-1980-ші жылдар.

98. Биологиялық білім беру жүйесіндегі тәрбие теориясы.Тәрбиелеу – тәрбиешінің тәрбиеленушіге мақсатты және арнайы ұйымдастырылған түрдеәсер етуі. Бұл адамды қалыптастырудың (жасаудың) немесе қайта жасаудың түрлерінің бірі.Тәрбиелеудің мәні дегеніміз –тәрбиеленушінің санасын, қарым-қатынастарын, психикалықжағдайын, білімін, іс-әрекет түрін, басқа да тұлғалық жақтарын ӛзгертуге бағытталғанпрактикалық-ӛзгерту жұмысы. Әдетте тәрбие әлеуметтік тәжірибе мен жалпы адамимәдениетті беруге, ӛнімді еңбек пен салауатты ӛмір салтын ұйымдастыруға, тұлғаны дамытушарттарын орындауға, қарым-қатынас жасау мен оқуда қиналғандарға кӛмек ұйымдастырубағытында жүреді

99. Зерттеу нәтижелерін жазбаша рәсімдеуде қолданылатын cтандарт

100. Биологиялық ұғымдарды дамыту теориясы.Тікелей қабылдау – байқауға негізделіп зерттелген зат немесе құбылыс туралы нақты және анық түсінік пайда болған жағдайда ғана биологиялық ұғым дұрыс меңгеріледі.Ұғымдардың алғаш құрылуында табиғи обьекттер мен көрнекі құралдардың маңызы зор (таблица,схема,сурет,кино).
Ұғымдардың дамуы ойлау қабілетінің дамуысыз мүмкін емес. Ұғымдардың дамуы ойлау қабілетінің дамуысыз мүмкін емес.

102. Студенттердіңтанымдықәс-әрекетінарттыру

ҚазақстанРеспубликасыныңбілім беру жүйесісаясатындағымақсаттыңбірі – жан-жақты, білімді, шығармашылыққабілетті, танымдықіс-әрекеті мен белсенділігіжоғарыжекетұлғанықалыптастыру. Білім беру мен оқытутеориясыныңәдіснамалықнегізі – танымтеориясыжәне студент тұлғасынжан-жақтыжәнеүйлесімдіқалыптастырутуралыіліміболыптабылады. Ендешежоғарыоқуорындарындастуденттердіңтанымдықбелсенділігінқалыптастырудыарнайыұйымдастыруоқуүрдісінжетілдірудіңнегізгішартыболыпсаналады.

Цитология ж2не гистология адистемеси.

Цитология (гр. κύτος — «қойма», бұл жерде: «жасуша» и гр. λόγος — «оқу», «ғылым») - жасуша

туралы ғылым. Цитология ғылымы біржасушалы, көпжасушалы ағзалар жасушасының құрылысын,құрамын және қызметін зерттейді.Ал жасуша бүкіл тірі денелердің ең қарапайым құрылысын,қызметін және дамуын сипаттайды. Сондықтан да цитологияның зерттейтін құрылыстары мен заңдылықтары цитология,тәнтану,эмбриология,физиология,генетика,биохимия,молекулалық биология және т.б. ғылым негіздерінің қалануына жол ашты. Цитология бөлімі -цитохимия пәні жасушаның химиялық құрамының құрылысын,олардың түзілуін, жасушадағы таралуы мен белсенділігін және оның қызметінің өзгеруіне байланысты химиялық қосылыстардың өзгеріп отыруын зерттейді. Цитохимияның негізгі жетістіктерінің бірі - нуклеин қышқылдарының ақуыз молекуласын синтездеудегі генетикалық рөлін анықтау.Гистология (грекше histes — ұлпа, logos — ілім, ғылым) жануарлар ұлпаларының құрылысын, қызметін, дамуын зерттейтін ғылым. Жалпы организмді ұлпаларға бөлу жөніндегі алғашқы пайымдаулар Аристотельдің, Галеннің, Ибн Синаның, Везалийдің, Фаллопийдің, тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Гистология ұлпаларды зерттейтін ғылым саласы ретінде микроскопты зерттеулердің негізінде әр түрлі ұлпалар мен құрылымдарды бір топқа топтастырып қарау қате еді.

Бар

106. Биологиялық білім берудің негізгі принципі. Білім беру құрылымын жетілдіру, жалпы білім, еңбек және кәсіптік даярлық сапасын арттыру, оқытудың белсенді формалары мен әдістерін, техникалық құралдарды кеңінен қолдану бүгінгі күннің талабы.

107. Студенттерді тәрбиелік оқытудың жүйесі. Университетте және кафедрадағы тәрбиелік жұмыстың негізгі мақсаты болып ұйымдастырушылық қызметке мақсатты түрде студенттерді тарту, студенттің кешенді дамуы мен гармоникалық жеке тұлға ретінде қалыптасуына жәрдемдесу,шығармашылықа баулу, ғылыми дүниетанымын кеңейтуге ықпал жасау, жоғары мәдениеттілік пен азаматтық жауапкершілікті болуға үйрету табылады.

Тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру үрдісіне білікті келіс оқу-тәрбиелік үрдістің барлық қатысушыларының позитивтік белсендіру және «адам-қоғам-табиғат» жүйесінде құндылықтарды қалыптастыруды қамтамасыз ететін, жеке жұмыстың жоғары деңгейінің қалыптасуына бағытталған.

ЖОО-ның түлегінің құзіреттілік үлгісі өзіне кәсіби шеберлікті, әлеуметтік-мәдени құзіреттілікті, жеке тұлғаның кәсіби және әлеуметтік ерекше сапаларының болуыан қосады.

Тәрбиенің жалпы мақсаты тәрбиелік құрылымдарының жүйесінің дайындалуы мен өзекті мәселелердің шешілуі арқылы жүзеге асырылады:

• студенттерде маңызды әлеуметтік мәселелерді қоғамдық жұмыстарға қатыстыру арқылы қалыптастыру;

• студенттердің өзіндік ойлау қабілетін қалыптастыру және шығармашылық өзіндік дайындау үшін жағдайлар жасау;

• студенттік бірлестікте денсаулықты сақтау және денсаулыққа қатысты құндылықтарды сақтауды қалыптастыру;

• әлеуметтік – мәдени белсенділікті, патриоттылықты, заңды және құқықты сыйлауды қалыптастыру;

• студенттерде ұнамшылдық құндылықтарды, рухани мәдениетті құру оны әрі қарай арттыруды қалыптастыру;

• кәсіби салада мақсаттылықты, жігерлілікті, бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыру.

108. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері

Студент бағдарламалық материалды толық игеріп, қатесіз орындағанда, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақтылы, әрі дұрыс орындап өзіндік бірегей ойлау танытқанда, ғылыми — зерттеу жұмыстарымен айналысып, бағдарламалық материалдарды өз бетінше иегере білген жағдайда, студенттің білімі 95-100% (4,0), А және 90-94 (3,67) А- бойынша бағаланады.

Студент бағдарламалық материалдарды 75%-дан кем игермесе, жауаптарында айтарлықтай қателіктер жіберілмесе, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақтылы орындап, оқытушының нұсқауымен қосымша әдебиеттер пайдаланып, ескертулер мен қателіктерін өз бетінше түзей алғанда, студенттің білімі 85-89% (3,33) В+; 80-84% (3,0) В; 75-79% (2,67) В- бойынша бағаланады.

Студент бағдарламалық материалдарды 50%-дан кем игермесе зертханалық және бақылау жұмыстарын оқытушының көмегімен орындап, жауаптары толық болмағанда, бағдарламалық материалдарды жүйелі игере алмағанда, студенттің білімі 70-74% (2,33) С+; 65-69% (2,0) С; 60-67% (1,67) С-; 55-59 % (1,33) Д+ және 50-54% (1,0) Д бойынша бағаланады.

Студент бағдарламалық материалдардың 50%-ын игермесе, ағымдағы аралық бақылау тапсырмаларын орындамаса, студенттің білімі 0-49% (0) Ғ бойынша бағаланады.

109. Адам анатомиясы оқыту әдістемесі.

Адам анатомиясы (латынша anatome – кесу, бөлшектеу деген ұғымды білдіреді) – адам денесінің құрылысын, пішінін, қимылдарын, мүшелердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін жаратылыстану ғылымының бір саласы.

110. Кредиттік оқыту технологиясындағы білім берудің оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары

- Модульдік білім беру бағдарламасы - білім алушылардың қандай да бір академиялық дәреже және/немесе біліктілік алуы үшін қажетті негізгі құзыреттіліктерді меңгеруге бағытталған оқу модульдерінің жиынтығын қамтитын оқыту бағдарламасы;

- оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі - ОЖЖ) - мамандықтың ҮОЖ және білім алушының жеке оқу жоспары негізінде білім беру ұйымдары дербес әзірлейтін құжат;
111. Іс – Әрекет биол білім беру мазмұны комп ретінде.

Білім мазмұнының тәжірибелік бөлігінде нақты іс-әрекет жасауға мүмкіндік беретін, жастардың мәдениетті сақтау қабілетін жетілдіретін көркемөнер, еңбек, қарым-қатынас, іс-әрекеті түрлері бар.

112. Сабақ тип-ң мақсаттары мен міндеттері, өткізу әдістері мен мазмұны. Кез-келген сабақ мақсаты, мазмұны, типі, құрылымы, құралдары және әдістері арқылы ерекшеленеді. Оқытудың мақсаты дегеніміз−жорамал нәтижесі, ол оқытудың міндеттері арқылы жүзеге асады. міндеті−жаратылыстану ғылымдарының арасындағы алатын орнын көрсету.

113. Зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру

- 1. Ғылыми – зерттеу әрекеті барысында зертханалық жұмыстар теориялық - әдістемелік білімдер мен тәжірибелік дағдыларды біріктіруге мүмкіндік береді.

- Зертханалық сабақтарда студенттер өздігінен эксперименттер қояды, бақылайды, табиғи құбылыстарды немесе технологиялық процесстерді зерттейді, құрал-жабдықтармен танысады,олардың жұмыс істеу принциптерін игереді.

114. Адам және жануарлар физиологиясы м.

Адам мен жануарлар физиологиясы (гр. φύσιςтабиғат, гр. λόγοςілім) — жануарлар организмінің, оның жеке клеткалары, тіндері мен органдарының, қызмет жүйелерінің тіршілігі туралы ғылым. Оның негізгі мақсаты – адамның мұқтажына, талабына сәйкес үй хайуанаттарының тіршілік әрекеттерін зерттеп, олардың өнімділігін, өнімінің сапасын арттыру. Пәнді оқыту мақсаты (лекциялық, практикалық, лабораторлык):

организмнің, жүйелердің, мүшелердің қызметтерінің физиологиялық механизмдерімен таныстыру;

физиология ғылымының жаңа жетістіктерімен таныстыру және даму болашағын көрсету; білім беріп,физиологиялык ой қалыптастыру.

Пәнді оқытудың міндеттері:физиологиялык жүйелердің атқару қызметтерін анықтап олардың реттелу механизмдерін толық білу, игерген білімдерін практикалық сабақтарда және эксперименталды жүмыста пайдалана білу. Физиологиялық классикалық әдістермен танысып оларды қолданатын жай туғызу.

115. Биология пәні бойынша дәріс оқудың ерекшеліктері

Жоғары оқу орнындағы дәріс сабақтары студенттердің шығармашылық ізденісте білімді меңгеру арқылы, ғылыми әдебиеттермен өзіндік жұмыс формаларын, стилін таңдауға мүмкіндік береді.

Лектор тыңдаушыларын объективті түрде ғана ақпараттандырып қоймауы тиісті. Дәрістегі ғылыми ақпарат сенімді түрде жеткізіліп, әдебиеттермен өзіндік істеуге бағыт берілуі тиіс.

Лектордың дәрісі мынадай функциялар атқарады:

- Бағдарлаушы;

- Түсіндіру;

- сендіру

Бағдарлаушы қызметінде дәріс ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып ғылыми теория негіздерін қашан және қандай авторлармен тұжырымдалған, қандай объективті өмірлік қажеттіліктерге тәуелді екенін, қандай ғылыми әдебиеттерге сүйеніп бұл туралы терең оқуға болатындығына бағыт беріледі. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі де дәрістің бағдарлау қызметіне жатады.

Түсіндіру қызметі арқылы ғылыми түсініктер, түсіндірілетін теория немесе гипотеза айқындалады.

Сендіру қызметі арқылы лектор тұжырымдарын дәлелдемелер негізінде жасауы тиіс. Міндетті түрде фактіні дәлелдей білу қажет. Сендіру функциясы оқу дәрісінде өте маңызды. Студент ғылыми тұжырымдарды өзіндік сенім арқылы меңгеріледі.

Лектор дәрісі қызықты өту үшін төмендегі психологиялық шарттар қажет;

- аталған ғылыми жүйесінде білімдерді меңгеру;

- дәріске деген студент қызығушылығын туғызу;

- студенттер түсіндірілген материал жаңалығын сезінуге тиіс;

- студенттердің жұмыс істеуге ынталандыруын туғызу.

116 оздерин айтасындар

117 бар

- 118. Зертханалық жұмыстарды өткізудің ерекшеліктері

- 2. Зертханалық сабақтың құрылымы:

- Зертханалық сабақтың құрылымы жұмыстың түріне байланыссыз төмендегідей болып келеді. :

- а) бастапқы кезеңі – сабаққа рұқсат беру, студенттің дайындығы, жұмыс барысының дәптерде болуы, кестелердің, графиктердің дайындығы т.с.с тексеріледі;

- б)  студенттермен сұрау жұмыстарын өткізу және экспериментке мәліметтер жинақтау ;

- в)  экспериментті жүргізу және есепті өңдеу ;

- г)  оқытушыға жұмыстың есебін өткізу.

-

119. Өсімдіктер физиологиясы пін оқыту әдістемесі.

Өсімдіктер физиологиясының ғылымдар системасындағы орны.

Биология ғылымындағы екі бағыт – анатомо – морфологиялық және физиологиялық. Құрылым (структура) мен қызметінің арасындағы өзара байланыс физиология экспериментальдық ғылым екендігі.Жануарлар физиологиясы және өсімдіктер физиологиясы. Органикалық дүниенің бірлігі. Негізге алынатын тіршіліктік процестердің ортақтығы. Өсімдік организмінің ерекшеліктері.Өсмімдіктердің космостық ролі. Өсімдіктер физиологиясы - өсімдіктер организмінде жүретін процестер туралы ғылым.

Өсімдіктер физиологиясының мақсаты.Өсімдіктер физиологиясының теориялық және практикалық мәнділігі. Өсімдіктер физиологиясы егіншіліктің ғылыми негізі екендігі. Биология ғылымдарының жетістіктері және олардың өсімдіктер физиологиясында орын тебуі.Диалектикалық тәсіл- өсімдік организмінің физиологиясын дұрыс түсіну негізі. Организмдегі барлық физиологиялық процестердің өзара байланыстылығы. Организм мен ортаның бірлігі.

Пәнді оқытудың міндеті.

Тарихи әдістің өсімдіктер физиологиясы үшін маңызы. Химиялық , биохимиялық және биологиялық эволюция.

Өсімдіктер организмін зерттеу физикалық және химиялық тұрғыда қарау мен әдістердің маңызы. Әр түрлі деңгейде ұйымдасқан өсімдік организмін зерттеу : молекулалық субклеткалық , клеткалық, органдық организмдік, биоценологиялық.. Организмнің физиологиялық ерекшеліктерін зерттеуде күрделіден өте қарапайымға көшу. Организм құрылысының химиялық және физикалық негізін анықтау.

 

- 120. Биологиядан оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формалары

- Сабақ – биологиядан оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формалары. Биология сабақтарына қойылатын талаптар. Биология сабақтарының түрлері, олардың құрылымы.

-    Оқыту формасы дегеніміз – мұғалімнің әртүрлі жағдайда өткізілетін оқушылардың оқу – танымдық қызметтерін ұйымдастыру.

- Биологияны оқыту формалары: сабақ, экскурсиялар (топсеруендер), үй жұмыстары, сабақтан тыс жұмыстар, сыныптан тыс жұмыстар (жеке, топпен, көпшілік).

Экскурсиялар, үй жұмыстары және сабақтан тыс жұмыстары міндетті түрде өткізілуі керек.

121.

122.

 

123. Топсеруен биологияны оқыту жүйесіндегі орны. Мектеп топ серуені мұғалімнің бағдарламаға сай тақырып таңдап табиғи немесе жасанды жағдайда танымдық мақсатта класпен немесе оқушылар тобымен өткізілетін оқу тәрбиесін жұмыс түрі.Топ серуен сабақ жүиесіне кіреді негізі көктемде, күзде өсімдіктанк, жануартану, тіршіліктану курсы бойынша жүргізіледі. Топ серуеннің мазмұны өткен сабақ материалымен өте тығыз байланысты және алынған мәліметтер бақылау және жиналған материалдар нәтижелері келесі көптеген сабақтарда қолданылады. Мұғалім алдын ала жылдық жоспарда топ серуеннің өтілу мерзімін анықтап топ серуеннің тақырыбына сай табиғи құбылыстар мен оқушыларды таныстырады. Бұдан сұрақ туындайды. Ол сұраққа жауап беру үшін қайталауға тапсырма береді, алдын ала матнриалдармен танысады. Топ серуеннің танымдық, тәрбиелік мәні зор. Оқушылардың білімін тереңдетіп шындайды. Оқушылар өсімдіктер мен жануарларды табиғи ортада көреді. Өсімдік топырақпен байытылған, жануар өсімдікпен байланыстылығын, биоценоз туралы жалпы мәлімет алады. Топ серуенде бұрыннан таныс ағзалар және құбылыстар ұғымын кеңейген түрде қарай топ серуенде оқушылар эстетикалық эмоция сезеді. Табиғаттың әсемдігін көріп, қабылдау олардың отан қабілетін сүюге бастама береді. Топ серуенді өткізу әдістемелерден оқушылар жергілікті жерді бағдарлау, бақылау салыстыру құбылыстарын байланысын білу, керекті обьектті табуға, табиғатын зерттеуге үйретеді. Топ серуенде материалды жинақтап өңдеп оларды алдағы

 

124. Генетика пәнінің оқыту әдістемесі. Генетика — бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Ағзалардың тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы ғылымды генетика деп атайды (грекше “genetіkos” — шығу тегіне тән). Бұл атауды 1906 жылы ағылшын биологы У.Бэтсон ұсынды.Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып, оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика ғылымы зор үлес қосты. Сондықтан, биология ғылымының басқа салаларының арасында маңызды орын алады. Жер бетіндегі тірі материяның дамуы олардың үздіксіз ұрпақ алмастыруымен қатар жүріп отырады. Тіршілік организмдердің көбеюімен тікелей байланысты. Сол арқылы белгілі бір биологиялық түрге тән белгілер мен қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Басқаша айтқанда, ұрпақтар белгілі дәрежеде өзінің ата-анасына ұқсас болып туады.

 


Дата добавления: 2018-08-06; просмотров: 469; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!